Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Болашақ мұғалімдердің деонтологиялық даярлығын қалыптастыруда халық педагогикасы құралдарын пайдалану

Ата-бабаларымыз ежелден өз ұрпағын жақсы адам, абзал азамат етіп тəрбиелеуді ерекше қастерлеп, мақсат тұтқан. Қай заманда болмасын жас ұрпақтың өнеге тұтар тəлім-тəрбиесі болатыны хақ. Егеменді қазақ мемлекетінің болашақ ұрпақтарының сана-сезімін сонау ерте замандағы ата- бабалар жолымен сабақтастыра тəрбиелеу — қазіргі күннің ең өзекті мəселесі.

Қоғам талабына сай білім мен тəрбие беру деңгейін көтеру, жеке тұлғаны тəрбиелеу, кəсіби біліктілігі жоғары мамандар даярлауда халықтық педагогика мұраларын пайдалану мəселелері жоғары мемлекеттік құжаттарда арнайы бірнеше рет қаралып, жан-жақты сөз болды. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «... жеке тұлғаның ұлттық жəне жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы жəне кəсіби тұрғыда жетілуі үшін жағдайлар жасау» [1] қажеттілігі айтылса, ал Қазақстан Республикасы Заңы I-бөлімінің 2-ші бабында «Қазақ халқының мəдениеті мен дəстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасалуы қажет» [2], — деп атап көрсетіліп, халықтық тəрбиенің маңызына ерекше көңіл бөлінді.

Қазақ халқының тəлім-тəрбиелік мұрасы — халықтық педагогикалық ой-пікірлерді жинақтап зерттеу, жүйелеу, оның алдыңғы қатарлы үлгілерін болашақ мұғалім-мамандарға ұсыну — қазіргі өмір талабынан туындаған көкейкесті мəселелердің бірі.

Қазақтың халықтық педагогикасын бүгінгі күннің проблемасы деп қарауға болмайды. Бұған түрлі тарихи кезеңдерде ұрпақ тəрбиесінің құралы ретінде ерекше мəн берілген. Ұлы ойшылдар Əл- Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари [3–5], қазақ зиялылары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, ағартушылар Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, тағы басқалардың еңбектерінен де халықтың бала тəрбиесі жөніндегі тəлім-тəрбиелік тəжірибелерін, ауызекі халық шығармашылығын, салт-дəстүрлері мен əдет-ғұрыптарын ұрпақ тəрбиесінде пайдалану туралы айтқан идеяларынан көруге болады [6–11].

к е с т е Ғұлама ойшылдар мен ағартушы-педагогтар еңбектеріндегі болашақ мұғалімдерді басты адами қасиеттерге тəрбиелейтін негіздер

 к е с т е Ғұлама ойшылдар мен ағартушы-педагогтар еңбектеріндегі болашақ мұғалімдерді басты адами қасиеттерге тəрбиелейтін негіздер к е с т е Ғұлама ойшылдар мен ағартушы-педагогтар еңбектеріндегі болашақ мұғалімдерді басты адами қасиеттерге тəрбиелейтін негіздер  к е с т е Заманауи ғалым-педагогтар еңбектеріндегі болашақ мұғалімдерді деонтологиялық қасиеттерге тəрбиелейтін негіздер

Педагогика ғылымы саласының бірқатар ғалымдары Ж.Асанов, Қ.Бөлеев, Қ.Б.Жарықбаев, Р.Төлеубекова, Е.Ө.Жұматаева, Ғ.М.Кертаева, Ж.Ж.Наурызбай, С.А.Ұзақбаева, тағы басқалар өз еңбектерінде халық педагогикасы құралдарын болашақ мұғалімдер тəрбиесінде пайдалануға даярлау проблемасын зерттеді [12–18].

Халық педагогикасының «Адамдықтың нұры бол, адалдықтың құлы бол» дегені педагогикалық деонтологияның мұғалімнің адамдығы мен ары ғана оның қызмет барысындағы іс-əрекеттерінің бақылаушысы бола алатындығына сəйкес келеді.

Ұстаздың кəсіптік парызы оның адамдық борышы, оның қызметі адамды қалыптастыруға тікелей байланысты. Осыған орай қалың жұртшылықтың ұстаздың жеке басына, оның тек кəсіби сапасына ғана емес, сонымен бірге адамгершілік қасиетіне, деонтологиялық дайындығына, оның моральдық бет-бейнесіне ден қойып, көңіл аударуы тіпті де тегін емес.

Өз пайымдауымызша, педагогикалық мамандыққа дайындайтын барлық жоғары оқу орындарында шешімін ойластыратын мынадай мəселелер тұрған сияқты:

  • болашақ мұғалімдердің          деонтологиялық          даярлығының    негізгі       идеяларын         халық педагогикасына сүйене отырып негіздеу;
  • тəрбиеленушінің денсаулығы мен жансаулығына зиян келтірмей, табиғатына үйлесімді əсер ету, болашақ мұғалімдердің сана-сезіміне деонтологиялық тұрғысынан əсер ету;
  • мұғалімдердің мінез-құлықтары мен іс-əрекеттерін сұранысқа сай қалыптастыру, реттеу, бағалау əдіс-тəсілдетін ұсыну, соған жаттықтыру.

Міне, осының барлығын ескеріп, іске асыру үшін аға ұрпақтың парызына сəйкес кəсіби шеберлігін шыңдауға шаршамайтын, үйретуге жалықпайтын, жаңалыққа құштар, ізденімпаз, өз ісіне адал, ұлтжанды мұғалім қажет. Ұстаздың осындай қасиетке ие болуын деонтологиялық дайындығы қамтиды. Сөз соңында, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні дегендей, деонтологиялық сана-сезімді қалыптастыруға өте пайдалы жəне жан-жақты шеңбері кең халық педагогикасының құралдарын тырнақтап теріп, жинақтап жүйеге келтіру — бүгінгі заман педагогикасының басты міндеті.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасы. 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. — Алматы,
  2. Əбілдина С.Қ. Қазақ халқының ауызекі шығармашылығы арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тəрбиелеуге болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру: Пед. ғыл. канд. дис. — Алматы,
  3. Əл-Фараби. Философиялық трактаттар. — Алматы, 1973.
  4. Баласағұни Ж. Құтты білік. — Алматы: Жазушы,
  5. Қашқари М. Түрік тілінің сөздігі: (Диуани лұғат ат-түрк): 3 томдық шығармалар жинағы // Қазақ тіліне ауд. А.Егеубай.— Алматы: ХАНТ, 1993.
  6. Аймауытұлы Ж. Психология. — Алматы: Рауан,
  7. Байтұрсынов А. Шығармалары. — Алматы: Жазушы, 1991.
  8. Жұмабаев М. Педагогика. — Алматы: Ана тілі, 1992.
  9. Құдайбердиев Ш. Үш анық. — Алматы,
  10. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. — Алматы: Ғылым,
  11. Құнанбаев А. Шығармалар жинағы. — Алматы: Жазушы,
  12. Асанов Ж. Тəлім-тəрбиенің ұлттық негіздері: Оқу бағдарламасы // Қазақстан мектебі. — № 6.
  13. Бөлеев Қ. Мұғалім жəне ұлттық тəрбие. — Алматы: Нұрлы əлем,
  14. Жарықбаев Қ.Б. Аталар сөзі — ақылдың көзі. — Алматы: Қазақстан,
  15. Төлеубекова Р., Жұматаева Е.Ө. Этнопедагогика: Оқу құралы. — Павлодар,
  16. Кертаева Ғ.М. «Рахат» мектебі: жаңа ғасырға — жаңа мектеп. — Павлодар,
  17. Наурызбай Ж.Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты. — Алматы: Ана тілі,
  18. Ұзақбаева С.А. Өміршең өнер өрісі. — Алматы: Мектеп.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.