Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Кəсіби оқыту» мамандығының студенттерін технологиялық даярлауда пəнаралық байланыстың орны мен ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының білім беру саласы динамикалық жүйе ретінде үнемі даму үстінде. Ел Президенті Н.Ə.Назарбаев егемен елдің болашағы — білімді ұрпақтың қолында екендігін айта отырып, осы саланың дамуының негізгі бағыттарын айқындады [1].

2007 жылы қабылданған ҚР «Білім туралы» Заңда көрсетілгендей, білім беру жүйесінің негізгі міндеттері жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың жəне еңбек нарығының қажеттері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін жəне əркімге өзінің білімге негізделген жеке əлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін өмір бойы дамыту, білімнің, ғылымның жəне өндірістің интеграциясы, білім алушылардың кəсіптік бағдарлануын қамтамасыз ету, жұмыс берушілермен жəне басқа да əлеуметтік əріптестермен белсенді өзара іс-қимыл арқылы техникалық жəне кəсіптік білім берудің озық қарқынмен дамытылуын қамтамасыз ету болып табылады [2].

Жалпы орта білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарының жалпы білім беру міндеті экономиканың тиісті бір саласында саналы түрде шығармашылықпен жəне өзін-өзі дамыта алатын мамандарды дайындау мəселесін бірігіп шешумен байланысты. Егер жоғары мектепте нақты осы мəселе шешілетін болса, жалпы білім беретін орта мектепте аталған мəселені шешудің алғы шарттары жасалады. Осы мəселелер педагогика теориясы мен практикасындағы өзектілігін жоймайтын мəселелер болып табылады, сондықтан бірқатар отандық жəне шетелдік ғалымдар өз зерттеулерінде білім берудің жалпы дидактикалық (М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, В.С.Леднев, тағы басқалар), болашақ педагог мамандар даярлау (Н.Д.Хмель, А.И.Пискунов, О.А.Абдуллина, А.А.Орлов, Г.К.Ахметова жəне тағы басқалар), жоғары мектеп дидактикасы мəселелерін (С.Т.Каргин, Е.Жұматаева, Т.Т.Ғалиев, Қ.М.Арынғазин, Ш.А.Əбдіраман, тағы басқалар) қарастырды.

Осыдан кəсіби білім беру процесін жалпы білім беретін мектептерге бағыттау қажеттілігі туындайды. Оқушылар өмірге қажетті білімдер мен іскерліктерді жəне дағдыларды игеріп қана қоймай, сондай-ақ өндірістік іс-əрекетке қатысуы, одан əрі білімін жетілдіре алуы, оның ішінде жоғары оқу орындарында да білімін жетілдіре алуына мүмкіндік алуы тиіс.

Бұл мəселе қазіргі заманғы үздіксіз білім беру тұжырымдамасын іске асыру барысында өзекті болып отыр.

Демек, жоғары педагогикалық мектептер үшін білім берудің сабақтастығының маңыздылығы көкейкесті мəселеге айналып, орта мектепте алған жеке бір саладағы білімді тереңдету мен кеңейту, жоғары оқу орнында психологиялық-педагогикалық, əдістемелік түрде түсіндірілуіне назар аударылып отыр. Бұл мəселенің кейбір аспектілері Б.Əбдікəрімұлы, С.Қоқанбаев, Ə.Усманов, тағы басқалар зерттеді.

Білім беру саласының «Технология» пəнін сапалы оқыту мəселесі тек қана кəсіби оқыту маманын дайындаумен ғана емес, сонымен қатар алған білімді басқа жоғары оқу орындарында, орта кəсіптік білім беру мекемелерінде жəне өмірде қолдануға мүмкіндік берумен байланысты. С.Я.Батышев, А.П.Сейтешов, Б.К.Момынбаев, К.А.Дүйсенбаев, В.В.Егоров, Л.А.Шкутина, С.М.Мəлібекова, Г.Ш.Əлназарова, Н.Б.Рахметова, тағы басқалардың зерттеулерінде кəсіби оқыту мамандығы студенттерін даярлаудың əр қырлары ашылған.

Орта жəне жоғары білім берудің бірнеше негізгі принциптерін бөліп алуға болады:

1) мектептен алған білімдерін жоғары оқу орындарындағы білімге жалғастыруға қолайлы жағдай туғызатын əдістемелік жүйе құру;

2) оқушыларды қазіргі заманғы жəне тиімді түрде кəсіби бағыттау, оқушылардың білімін жоғары оқу орындарында жалғастыруына қызығушылығын тудыру, оны арттыру;

3) оқушылардың əр түрлі категорияларына олардың білім деңгейіне қарай, қызығушылығы мен дайындықтарына қарай саралық түрде қарау (қажеттілігі мен мүмкіндігінің оңтайлы түрде үйлесуі);

4) жалпы орта білім беретін мектептер жəне жоғары білім беру орындарының өзара əрекетінің үйлесімін қамтамасыз ету.

Алайда осы мəселені қарастыра отырып, орта мектептің жалпы білім беру жүйесіне енетінін ұмытпаған жөн жəне оның оқушыларды тек жоғары оқу орындарына түсуге ғана дайындамайтындығын ескерген дұрыс. Ол қоғамдық өмірдегі өзгерістерді реттейді жəне қоғамның дамуына нақты əсер ететін идеяларды белсенді түрде өндіреді, жеке тұлғаның қоғам өміріне ғылыми техникалық шығармашылықты ескере отырып, одан əрі қатысуының іргетасын қалайды.

Бұл жерде орта мектепке жоғары оқу орнымен белсенді түрде əрекет ету процесіне қатысушы ретіндегі рөл де тиесілі. Бұл өзара əрекеттестік екі жақты жəне балансты түрде болу керек. Қандайда бір жақтың тепе-теңдікті бұзуы екі жақтың да білім беру компонентіне қатты əсер етеді.

Кəсіби оқыту мамандығының студенттерін пəнаралық байланыс арқылы технологиялық даярлаудың ғылыми негіздерін анықтауда біз педагогиканың келесі əдіснамалық қағидаларына сүйендік: біртұтас педагогикалық процесс теориясы, кəсіби даярлау теориясы, білім беру мазмұнының теориясы, педагогикадағы пəнаралық байланыс туралы классикалық идея.

Арнайы əдебиеттерді талдаудың бірінші нəтижесі ретінде «пəнаралық байланыс» маңызды дидактикалық ұғым ретінде бұрынғы алынған білім мен кейінгі білім арасындағы байланыс болып табылатын қорытындыға келдік.

Зерттеушілердің пəнаралық байланыстың мəніне көзқарастары бірдей емес.

Ю.А.Самарин ақыл-ой психологиясын диалектикалық тұрғыдан зерттей келе, тұлғаның ойлау іс- əрекетін қалыптастыруда пəнаралық байланыстың мағынасын əр құбылыстың басқаларымен байланысы көп, түрлі фактілердің өзара ықпалы, қайшылықтармен дамуы, күрделі екендігіне көз жеткізу деп ашады. Психолог-ғалымның айтуы бойынша, пəнаралық байланысты диалектикалық заңдылық деп түсіну керек [3].

Кейбір ғалым-зерттеушілер пəнаралық байланысты дидактикалық шарттар, оқыту мазмұнының арнайы құрылымы десе, келесі бір ғалымдар оны дидактикалық қағидалар деп есептейді. Бұл пікірлерді А.А.Бейсенбаева сын тұрғыдан талдай келе, пəнаралық байланыстың мəн-мағынасын білімнің мазмұнына ғана емес, ол оқыту процесінің барлық құрамды бөліктеріне қатысты деген оймен толықтырады. Ғалым пəнаралық байланысты дидактикалық қағида деп қараудың қажеттілігі жоқ деп пайымдайды, себебі оның педагогикалық мақсаттылығы оқытудың жүйелілік қағидасынан туындайды, білімнің тұтастай жүйесінің негізгі бөліктерінің, атап айтқанда, табиғат, қоғам жəне адам туралы нақтылы айқын түсініктердің өзара байланысын білдіреді [4].

Г.И.Беленький пəнаралық байланыс пəндердің жалпы мазмұнының құрылымдық бөліктерінің бірлігін көрсетеді десе [5], Н.А.Сорокин пəнаралық байланыстар идеясын дидактикалық қағидаларды жүзеге асырудың қажетті шарты деп есептейді [6].

В.Н.Максимова пəнаралық байланыстарды мазмұн-ақпараттық, операциялық-қажеттік, ұйымдық-əдістемелік топтарға бөліп жіктейді. Автордың пайымы бойынша, бірінші топқа жататын байланыстар ағарту жұмысы міндеттерін тиімді түрде шешуге, екінші — оқушылардың практикалық жұмысын ұйымдастыруға, үшінші топтағы — ұйымдастыру жағынан айқындықты, тиімділікті қамтамасыз етуге бағыт-бағдар ұстауға көмектеседі [7].

М.Л.Зверев пен В.Н.Максимова [8] пəнаралық байланыс мəселесін ғылыми-теориялық тұрғыдан жан-жақты зерттеп, оны əдіснамалық қағидалардың бірі, ақыл-ой қызметінің ерекше түрі деп түсіндіреді.

П.Г.Кулагин пəнаралық байланысқа «мұғалім – оқушылар» жүйесі деген анықтама беріп, оқу бағдарламалардың материалдарын неғұрлым тиянақты меңгеріп алу мақсатында, білімдерді игеру процесінде ұқсас пəндердің мазмұны пайдаланылады дейді [9].

Г.Ф.Федорец пəнаралық байланысты шындық өмірдің объектілері, құбылыстары жəне процестері арасындағы интеграциялауға ұшырайтын қарым-қатынасты бейнелейтін педагогикалық категория ретінде қарастырып, пəнаралық байланыстар оқу-тəрбие процесінің мазмұнын, формалары мен тəсілдерінен көрінеді жəне тəрбиелеу қызметін атқарады дейді [10].

А.А.Бейсенбаеваның айтуынша, пəнаралық байланыс туралы ғылыми əдебиеттерде отыздан астам анықтамалар бар [4]. Мəселен, «Педагогикалық сөздікте» «пəнаралық байланыс — оқу бағдарламаларының өзара үйлесімділігі» деп анықталған [11]. Арнайы əдебиеттерді талдай келе, ғалым пəнаралық байланыс феноменінің үш бөлігін көрсетеді, олар: байланыс құрамы, байланыс амалы, байланыстың бағыттылығы.

Байланыс құрамына олардың негізгі объектілері кіреді: оқу пəндері арасындағы құрамы мен тақырыптары жəне пəндік ақпараттамалардың объектілері.

Байланыс амалы, құралы — бір пəннен екінші пəнге жəне басқаларына ақпарат беру амалдары мен құралдары. Бұл жерде ақпарат кез келген теориялық жаңалық деп түсіндіріледі. Байланыс амалдарын таңдау əр түрлі жағдайлармен шешіледі: білім деңгейімен; көрнекілік, техникалық оқу құралдарымен, əр түрлі жабдықтармен қамтамасыз етумен анықталады.

Байланыстың бағыттылығы ақпараттың, кейбір мəліметтердің бір пəннен екінші пəнге беріп отыруымен айқындалады, яғни оқыту процесінде ғылымдар жүйесін пəнаралық байланыс негізінде қарастыра отырып, əрбір ғылымның арнайы түсініктерімен қатар, бірнеше ғылымға ортақ түсініктер алынады.

Сонымен, пəнаралық байланыс — көпмағыналы педагогикалық мəселенің бірі. Пəнаралық байланыс білім беру мазмұнын, əдістер жүйесін жəне ұйымдастыру жұмыстарының түрлерін сапалық жағынан қайта құруға жетелейді. Сондықтан ол педагогикалық процесте диалектикалық əдісті жүзеге асыра отырып, əдіснамалық қызметті атқарады. Жүргізілген талдаулар пəнаралық байланыс идеясының əдіснамалық мəртебесін дəлелдейді.

Қорыта келгенде, «пəнаралық байланыс» ұғымы «табиғат — қоғам — адам ойы» жүйесінде білім негізін, пəнішілік қатынастарды жəне ғылымдардың кіріктірілуінде əдіснамалық жəне реттеуші қызметін жүзеге асырады.

Барлық пəнаралық байланыстар 4 түрге жəне олар өз кезегінде түр ішілікке бөлінеді:

  • стационарлық, қатысты қалыпты білімді сипаттайтын (ішкі жəне сыртқы байланыстар, яғни пəнішілік жəне пəнаралық; араласу жəне бірегей; елеулі жəне елеусіз; қажетті жəне аяқ асты);
  • генетикалық, білімнің дамуын көрсетуші (қашықтау мен бір-бірінен алу; концентрация мен жұтып қою); 3) құрылымдық, қарым-қатынастың бағытын көрсетуші (бір пəн екінші пəннің бастапқысы екенін көрсететін; параллельді немесе қарсы бағытты); 4) коррелятивті, бір білім элементтерінің басқа элементтердің өзгеруімен байланыстылығы. Ол өзара əрекеттесу барысында пайда болады (міндетті жəне міндетті емес, аралық пəндерді қолданатын немесе аталған пəн элементтерін қолданатын; тепе-теңдік жəне контрастық, онда жаңа алған білім бұрынғы білімді жоққа шығарады; координация мен субординация; сумматикалық, əр пəн білімін біріктіруші мен синтетикалық).

Пəнаралық байланыстардың ерекшеліктерін біз нақты, яғни «Кəсіби оқыту» мамандығы бойынша студенттерді технологиялық даярлау мəселесі төнірегінде қарастырып отырғандықтан, жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді жою үшін өсіп келе жатқан ұрпақты еңбекпен тəрбиелеу жəне еңбекке баулу пəні мұғалімін дайындау тарихына көз жүгіртейік.

Бүгінгі күні Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық қайта дамуында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Бұл өзгерістер халыққа білім беру жағдайына, оның жасөспірімдерді еңбекке баулу бөлігіне əсер етпей қалмады. Біздің ойымызша, қазіргі заманғы мектептерде еңбекке баулуды оқытуды ұйымдастырудың төмендегі ерекшеліктерін көрсетуге болады: техника мен технологияның өндірістің барлық салаларында жəне əлеуметтік-мəдени салада неғұрлым дамуы жалпы білім беретін мектеп түлектерінен нақты білімді ғана талап етпейді, сондай-ақ нақты бір мамандықты меңгеруін де талап етеді. Еңбек іс-əрекеті түрін неғұрлым толық түрде білуін, өндірістің əр түрлі жағдайына бейім, жаңа мамандыққа қайта даярлануға əзір, политехникалық ой-өрісінің кең болуын талап етеді; алдыңғы тезистің жалғасы үздіксіз білім беру қажеттілігімен байланысты, оқушылардан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға бейім болуын талап етеді. Еңбек нарығындағы бəсекелестік жағдайында жетістікке тек алған білімімен жəне дағдысымен ғана шектелмейтін, үнемі білімін арттырып отыратын жұмысшы ғана қол жеткізе алады; білім берудің вариативтілігі жеке адамның жеке мүмкіндіктерін толық ашуына, оның қалыптасу барысына жағдай жасайды жəне оның жеке өзіндік талпынысына қоғамдық түр береді. Бұл жерде жалпы еңбектік жəне кəсіби дайындықтың ерікті түрде таңдау принципіне негізделген тиімді үйлесуіне қол жеткізу керек; жаңа əлеуметтік-экономикалық жағдай, нарықтық экономиканың дамуы қоғамның əрбір мүшесінен тым болмаса кəсіпкерлік əрекеттің алғашқы экономикалық білімін талап етеді; қазіргі заманғы Қазақстанның тұрғындарының көп бөлігі ауыр əлеуметтік жағдайда өмір сүріп жатыр. Сондықтан өмірге араласқан əрбір жеке адам өз өмірін құруда тəжірибесі болуы керек жəне мектеп оған осы білімді алуда көмек көрсетуі тиіс.

«Технология» білім беру саласы қазіргі заманғы мектептегі оқушылардың қоғамдағы осы ерекшеліктерін ескере отырып, жеке өмірдегі еңбекке даярлауға бағытталған.

Технологиялық білім берудің дидактикасында технологияның толық мағынасы ретінде адамның қайта білім алу əрекеті жатыр, ол тек материалдық өндірумен байланысты ғана еңбек емес.

Сондықтан «Технология» жаратылыстану пəні білімдерін синтездейтін жəне оны адам əрекетіндегі барлық жақтарын қолдануға мүмкіндік беретін интегративті пəн болуы керек.

Мысалы, оған қалалық мектепте төмендегі негізгі бағыттар арқылы оқытумен қол жеткізіледі: конструкциялық материалдарды жəне машина жасау элементтерін оқыту технологиясы; электрорадиотехнология; ақпараттық технология; графика; тұрмыс мəдениеті, мата өңдеу мен тамақ өнімдері технологиясы; құрылыс жəне жөндеу жүргізу-жабдық жұмыстары; материалды көркем безендіру, техникалық шығармашылық, көркем конструкциялау; қоғамдық өндіріс пен кəсіби анықталу; көліктік техника; тұрмыстағы техника; үй экономикасы жəне кəсіпкерлік негіздері.

Бұл жерде саралап оқытуды іске асыру үшін екі түрлі нұсқа ғана қолданылады: 1 жəне 2-ші бағыттардың немесе 5 бағытының артуымен (ұлдар немесе қыздар). Бұл бөлу жалпы білім беретін мектептің негізгі баспалдағына сəйкес келеді (5–9 сыныптар), бұл жерде политехникалық ой-өріс қалыптасып, өмірге қажетті жалпы еңбектік білім мен іскерліктер мен дағдылар.

Сонымен қатар кəсіби білімі бар педагогты дайындау да қатар жүруі керек. Олар техника саласында жəне конструктивті материалдарды өңдеу немесе ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу, басқасы үй шаруашылығы бойынша дайындалады. Осылардың қайсысы болса да экономика мен кəсіпкерлікті ұйымдастыру негіздерінен бірдей дайындықта болуы керек.

Жүргізілген сараптамалар нəтижесі келесі негізгі қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді:

  1. Кəсіби оқыту сабақтарын жүргізетін педагогты технологиялық оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің құрамдық бөлігі болып табылады жəне орта білім алу орындарын бітірген түлектердің бірінші кезектегі еңбекке баулу процесінде алған білімдері мен іскерліктеріне жəне дағдыларына негізделеді.
  2. Студенттерді кəсіби дайындық бойынша арнайы психологиялық-педагогикалық жəне əдістемелік дайындаудың мазмұны жалпы білім беру мектептерінің оқушыларды еңбекке баулу талаптарына сəйкес келуі керек.
  3. Мұғалімдерді технологиялық дайындаудың міндеттері мен мақсаттары мемлекет пен қоғамның еңбекпен тəрбиелеуге деген көзқарасының өзгеруіне жəне оның мақсаттары мен мазмұнына байланысты күрделі түрде өзгеріске ұшырады.

Бұл талаптар кəсіби оқыту педагогын дайындау кезінде негізге алынуы керек.

«Технология» білім беру саласының қалыптасуына байланысты қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы білім беруде кəсіби оқыту мұғалімдерін даярлауда нақты бір қадамдар жасалып жатыр. Бұл, біріншіден, жалпы білім беретін мектептердегі оқытылатын технологиялардың артуына байланысты. Екіншіден, мектепте графика, көліктік жəне тұрмыстық техника, құрылыс пен жөндеу-жабдықтау жұмыстарымен байланысты.

«Технология» білім беру саласында біріктірілген оқыту пəндерінде қазіргі заманғы жалпы білім беру мектептерінің барлық сыныптары төменгі сыныптан жоғары сыныпқа шейін барлығы қамтылады. Ол бастауыш сыныптар мұғалімдерінің технологиялық дайындығын арттыруды талап етеді.

Мектептегі білім беру стандарттарына сəйкес мектепте техникалық жəне көркем-сəндік шығармашылыққа, жобалауға көп көңіл бөлінеді. Сондықтан мұғалімдерді даярлау кезінде олардың шығармашылықтарын дамытуға көп көңіл бөлу керек.

Еліміздегі экономикалық қайта құрулар жас ұрпақтан жалпы білім беру орта мектептерін бітірген соң өмірдегі жағдайларға жəне нарықтық қатынастарға бейімделе білуді талап етеді. Бұдан келіп кəсіби білім беретін педагогтарды тиісті түрде даярлау талаптары туындайды.

Мұғалімдерді даярлау үшін берілген мерзім ішінде кең көлемдегі пəндерді оқу қажеттілігін олардың əрбіреуінің оқу мерзімін шектейді. Ол əсіресе көп уақытты талап ететін тəжірибелік дайындықта қатты көрінеді. Сондықтан əрбір студенттің жұмысты біліктілігі жоғары деңгейдегі маманнан үйреніп орындауы проблемалы болып отыр. Сонымен қатар бұл деңгей мектепте оқу процесін сапалы түрде қамтамасыз ету үшін неғұрлым кəсіби түрде болуы керек.

Пəнаралық байланыс «білімаралық, іскерлік пен дағдының, құралдар мен əдістердің, мазмұнның жəне оқылып жатқан пəндердің нақты өмірдегі объективті байланыстарының ара қатынастары» жүйесі ретінде қаралады.

Пəнаралық байланысты зерттеу кезінде оларды сараптаудың əр түрлі əдістері ұсынылады: құрылымдық-логикалық кесте, графтар теориясын қолдану, матрицалық пен тораптық жоспарлау.

Алайда осы əдістердің барлығында олардың əрқайсысының тиімділігін салыстыра отырып бағаламай, тек қана байланысының болуы есепке алынады. Шындығында тек қана байланыстардың өзі сарапталып отырған пəнді оқу кезінде оны игеруге үлкен үлес қосады, басқалары сондай маңызды емес жəне қажет болған жағдайда еш шығынсыз қаралудан алынып тасталуы мүмкін. Бұл мəселе одан əрі қайта талдауды талап етеді.

Осы мəселелер «050120 — Кəсіби оқыту» мамандығы бойынша студенттерді технологиялық дайындау мəселелеріне қатысты. Сондықтан «технологиялық дайындық», «технологиялық даярлау» ұғымдарының мағынасын қарастырып ашуды жөн көрдік. «Технология» саласы əр түрлі технологияларды оқуды қамтиды, олардың ішінде жетекші рөлдердің бірі конструкциялық материалды өңдеуге жатады. Оның негіздерін білу жалпы білім беретін мектептерде өтетін пəн бойынша жалпы еңбектік дағдысын алу қандай да бір мамандықтың технология мен кəсіпкерлік пəні мұғаліміне қажет. Одан басқа, мектептің оқу жоспарында оны оқуға көп сағаттар берілген, сондықтан осы мұғалімдер жүктемесін басқа мамандықтар оқытушыларына беруге болады.

Дегенмен, бірнеше ғана мамандығы бар металл-ағаш өңдеу бойынша барлық студенттерді толық дайындау мүмкін болмай отыр, ол уақыт тығыздығына байланысты. Осы қарама-қарсылықты шешу үшін технологиялық даярлаудың екі кезеңдік үлгісі ұсынылуы мүмкін:

  1. Базалық технологиялық дайындық оқытудың алғашқы кезеңінде барлық мамандыққа дайындалып жатқан студенттерге жүргізіледі (1–2 курс).
  2. Техника саласы мен конструкциялық материалды өңдеудің техника жəне технология саласы бойынша дайындалып жатқан студенттерге арнайы тереңдетілген технологиялық дайындық жүргізіледі. Басқа мамандықтар бойынша дайындалып жатқан студенттерге келетін болсақ, олар жоғары оқу орнын бітірген соң өз бетімен немесе қосымша білімі арқылы қажет болған жағдайда өз білімдерін қолда бар базалық технологиялық дайындық бойынша конструктивті материалды өңдеу сабағын мектепте жүргізуге жететін деңгейде толықтыра алады.

Əдеттегі технологиялық дайындық та екі деңгейде жүргізіледі: жалпы («Материалдарды өңдеу технологиясының практикумы», «Өнеркəсіп өндірісінің негіздері, еңбекті жəне қоршаған ортаны қорғау», «Материалдарды өңдеу») жəне мамандандыру пəндері.

Базалық технологиялық дайындық нəтижесінде студенттер келесіні білуі керек: еңбекті тиімді ұйымдастырудың, қауіпсіздік техникасын жəне өндірістік санитарияның негізгі ережелерін, сондай- ақ металл мен ағаш өңдеу бойынша оқу шеберханаларының өртке қарсы шараларын; құралдың сапасын анықтаудың негізгі принциптерін, жылтыр цилиндрлі біріктірулер мен құру жүйесін жəне бетінің кедір-бұдырын регламенттеу, бөлшектер көлемін бақылауда қолданылатын жан-жақты өлшеу құралдары мен өлшеу əдістерін; жабдықты таңдау жəне құру, құралдар мен қондырғыларды, сондай- ақ оқу шеберханаларындағы материалдарды өңдеу бойынша қолмен жəне механикалық өңдеумен орындалатын жұмыс көлемін анықтау; құралдық материалдардың негізгі топтарымен оларды өз орнымен қолдану жəне өңдеу жағдайларын; бұйымды жасаудың механизациясы мен автоматизациясының негізгі бағыттары мен міндеттерін.

Айтылғандардан шыға келе, технологиялық дайындықтың негізгі міндеттерін құруға болады:

  1. студенттердің өздеріне сəйкес келетін білімдер мен іскерліктерін алуы;
  2. студенттің іскерлігі мен дайындығына байланысты оқытуды жекелеу;
  3. оқытудағы танымдылық қызығушылығын дамыту.

Енді технологиялық дайындықтың құрылымы мен мазмұнын сипаттап берейік. Дəстүрлі технологиялық даярлық келесі пəндерді оқу арқылы жүргізілді:

  1. Технологиялық практика төменгі (1–2) курс студенттеріне арналған. Оның негізгі міндеті — металл жəне металл емес материалдарды өңдеуді қолмен жəне механикалық өңдеу жəне оны орындау бойынша тəжірибе дағдыларын алу.
  2. Өнеркəсіп өндірісінің негіздері, еңбекті жəне қоршаған ортаны қорғау. Бұл курсты технологиялық дайындықтың бір бөлігі ретінде қарастыру өте дұрыс, себебі онда бұйымның регламентациясы мен сапаны бақылауға байланысты мəселелер оқытылады. Берілген сапаға қол жеткізу бұйымды жасау барысындағы қандайда болмасын өңдеудің негізгі мақсаты болып табылады.
  3. Материалдарды өңдеу.
  4. Мамандану пəндері: «Машинатанудың теориялық негіздері», «Металл кесетін станоктар», оларды жоғары оқу орындары өз қараулары бойынша алдарына қойылған міндетке байланысты енгізді. Олардың кейбіреулері арнайы курс ретінде, ал кейбіреулері факультатив түрінде жүргізіледі.

Жоғарыдағыларды қорытындылай отырып, мынадай түйінге келуге болады:

  1. Жоғарғы жəне орта білім беру үнемі бір-бірімен өзара байланыста болып, бір-біріне маңызды əсер ете алады. Бұл əрекеттестік өзара үйлесімді түрде балансталған болуы керек.
  2. Жасөспірімдерді еңбекпен тəрбиелеу мұғалімі кадрларын даярлауды іске асыру ХХ ғасырда көп өзгерістерге ұшырады. Бүгінгі күні жалпы білім беретін мектептерде «Технология» білім беру саласы қалыптасты.
  1. Қазіргі заманғы кəсіби даярлау оқытушысының ой-өрісі кең жəне мобилді, шығармашылық əрекеттерге бағытталған жəне үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыратын болуы керек, жоғары коммуникативті, оқушылармен тəрбие жəне кəсіпкерлік жұмысты жүргізе алатын адам болуы керек, ол кəсіпкерлік негізі мен оны ұйымдастыра білетін болуы тиіс.
  2. Көп профилді оқыту бойынша оқытушыларды даярлаудың тиімділігін арттырудың негізгі бір жолы, пəнаралық байланысты анықтап, оның мазмұны мен пəн кезектілігін, реттілігін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Жоғары оқу орындарындағы оқыту процесі осы талаптарға сəйкес келетін мұғалімді даярлауға бағытталған болу керек.

Сонымен, пəнаралық байланыстың маңызы ғылымдар негізін меңгерудің жəне білім жүйесінің дамуының қажетті шарты болуымен, диалектикалық көзқарастың қалыптасуы білім мазмұнының барлық құрамды бөліктерінің байланысын талап етеуімен, педагогикалық процестің барлық салаларын комплексті жүзеге асыруға жəне оны тиімді ұйымдастырылуына ықпал жасауымен, педагогикалық іс-əрекеттін үйлесімді болуына əсер етумен анықталады. Демек, пəнаралық байланыстар арқылы оқытудың мазмұны, əдістері, оқытудың ұйымдастыру түрлерімен ғана шектеліп қоймайды.

«Кəсіби оқыту» мамандығының студенттерін технологиялық даярлаудағы педагогикалық пəнаралық байланыстың құрылымы жалпы пəнаралық байланыстардың келесі ерекшеліктеріне негізделіп анықталды:

  • біріншіден, білім берудің ғылымның, мəдениеттің, ғылыми-техникалық прогрестің даму деңгейіне сай болуын талап еткендіктен жəне жалпы білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы, өндіріспен қоғамдық дамудың жаңару процесі тəуелді болғандықтан, қазіргі таңда оқыту процесінде пəнаралық байланыс ерекше көкейкесті орын алып отыр жəне жалпы педагогикалық маңызға ие болуда;
  • екіншіден, пəнаралық байланыстың классикалық педагогикадағы қалыптасқан идеясының өзіндік даму тарихы бар, сонда да соңғы кезде «пəнаралық байланыс» ұғымы ғылыми-педагогикалық əдебиеттерде жаңа мəнмен енгізіле бастады;
  • үшіншіден, «пəнаралық байланыс» ұғымы «табиғат — қоғам — адам ойы» жүйесінде білім негізін, пəнішілік қатынастарды жəне ғылымдардың кіріктірілуін əдіснамалық жəне реттеуші қызметін жүзеге асырады;
  • төртіншіден, пəнаралық байланыстың өзіндік құрылымы үш компонентті қамтиды (байланыс құрамы, байланыс амалы, байланыстың бағыттылығы);
  • бесіншіден, «пəнаралық байланыс» маңызды дидактикалық ұғым ретінде бұрынғы алынған біліммен кейінгі білім арасындағы байланыс болып табылады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Назарбаев Н.Ə. Қазақстан — 2030. — Алматы: Білім, 2001. — 93-б.
  2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Егемен Қазақстан. — 2007. — 15 тамыз. — 3–4-б.
  3. Самарин Ю.А. Очерки психологии ума. Особенности умственной деятельности школьников. — М.: АПН РСФСР,
  4. Бейсенбаева А.А. Пəнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру: Оқу құралы. — Алматы: РБК, 1995. — 117-б.
  5. Беленький Г.И. Интеграция // Литература в школе. — 1998. — № 8. — С. 86–90.
  6. Сорокин Н.А. Дипломная работа в педагогических вузах. — М., 1986. — 127 с.
  7. Максимова В.Н. Межпредметные связи в учебно-воспитательном процессе современной школы. — М.,
  8. Зверев М.Л., Максимова В.Н. Межпредметные связи в современной школе. — М.,
  9. Кулагин П.Г. Межпредметные связи в процессе обучения. — М., 1981. — 96 с.
  10. Федорец Г.Ф. Межпредметные связи в процессе обучения. — Л., 1983. — 87 с.
  11. Коджаспирова Г.М., Коджаспиров А.Ю. Педагогический словарь. — М.: Академия, 2001.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.