Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Болашақ кəсіби оқыту педагогының инновациялық-технологиялық даярлығын жетілдіруге қойылатын талаптар

 Бүгінгі таңда қоғамның білім деңгейі мен санаткерлік əлеуеті ұлттық байлықты құрайтын маңызды сипатқа ие болып отыр, ал адамның білімділігі, кəсіби біліктілігі, шығармашылыққа талпынысы жəне кəсіби даярлығын жетілдіруге бейімділігі еліміздің дамуына, тұрақтылығына жəне қауіпсіздігіне негіз бола алады.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нəтижесінде «кəсіби міндеттерін дербес əрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кəсіби қызметтің тұлғалық жəне қоғамдық маңызын түсінуге, оның нəтижелері үшін жауап беруге қабілетті кəсіби құзыретті жеке тұлғаны, бəсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатыны» көзделіп отыр [1], мұның өзі жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды даярлаудың сапасын əлемдік білім беру кеңістігінің дамуымен байланыста арттыруды қажет етеді. Еңбек нарығының даму серпіні мен келешегіне сəйкес келетін сапалы жоғары білім беру, əлемдік стандарттар деңгейінде кəсіби даярлықты қамтамасыз ету еліміздің бүгінгі əлемдегі бəсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін экономикалық жəне əлеуметтік дамуының маңызды факторы ретінде негізгі алғы шарт болып табылады.

Əлемдік білім беру кеңістігінде бəсекеге қабілетті жəне экономиканы индустриялық- инновациялық дамытудың қазіргі заманғы талаптарына жауап беретін тиімділігі жоғары білім беру жүйесін қалыптастыру мақсаты «Қазақстан–2030» ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында қарастырылған [2].

Осыған орай қазіргі кезде қоғамның ақпараттануы жағдайында шаруашылық пен өндірістің əр түрлі саласында еңбек ететін жұмысшылар мен мамандардың кəсіби біліктіліктерін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жəне кəсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға аса мəн беріліп отыр.

«Білім беру реформасы табысының басты өлшемі тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы əлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады», — делінген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауында [3]. Бұл мəселенің шешімін табу кəсіби оқыту педагогын инновациялық технологиялар мен ақпараттандырудың талабына сай даярлау міндетін қояды. Мұның өзі оларды жаңа ғылыми идеяларды шығармашылықпен қабылдай алатын, оқытудың жаңа технологияларын игерген жəне қазіргі заманғы технологиялық процесті басқара алатын, кəсіби-педагогикалық құзыреттіліктің жоғары деңгейін игерген маман ретінде даярлау мəселесін тудырады.

Қазақстанда кəсіби-техникалық білім беруді жетілдіру, инженер-педагог жəне кəсіби оқыту педагогы мамандарын даярлаудың сапасын арттыру жəне олардың кəсіби біліктіліктерін жетілдіру мəселелері Б.Əбдікəрімұлы, Ш.Ə.Əбдіраман, Б.З.Батталханов, С.Я.Батышев, И.Б.Васильев, В.В.Егоров, К.Ə.Дүйсенбаев, С.З.Қоқанбаев, Б.К.Момынбаев, К.Өстеміров, А.П.Сейтешев, Ə.Ə.Усманов жəне тағы басқалардың еңбектерінде терең зерттеледі.

Болашақ мұғалімдердің инновациялық іс-əрекетке даярлығын қалыптастыру, жоғары оқу орындарының оқу процесінде жаңа білім беру технологияларын пайдалану мəселесімен В.П.Беспалько, Д.М.Жүсібалиева, Ж.А.Қараев, Г.А.Карпова, М.В.Кларин, А.Қ.Құсайынов, М.С.Мəлібекова, В.М.Монахов, Г.К.Нұрғалиева, Қ.А.Сарбасова, Г.К.Селевко, Ш.Т.Таубаева, Г.О.Тəжіғұлова, Л.А.Шкутина, тағы басқа ғалымдар айналысады.

Кəсіби оқыту педагогын технологиялық-ақпараттық негізде даярлау, шығармашылық іс-əрекетке баулу, оның кəсіби құзыреттілігі мен кəсіби маңызды сапаларын қалыптастыру мəселелері А.Ш.Манабаева, М.К.Танасейчук, С.М.Ударцева, Н.Р.Шаметов, Г.С.Шрайманова жəне тағы басқалардың еңбектері негіз болды.

Дегенмен, жоғарыда айтылған зерттеулерді теориялық-əдістемелік тұрғыдан талдау кəсіби оқыту педагогын даярлау мəселесінің кəсіби білім беру теориясы мен əдістемесі саласында инновациялық-технологиялық жағынан əлі де болса шешімін таппай отырғандығын дəлелдейді. Сондықтан да жоғары оқу орындарында білім беру процесін ақпараттандыру мен үнемі жаңашылдықпен қамтамасыз ету жағдайында болашақ кəсіби оқыту педагогының инновациялық- технологиялық даярлығын жетілдіру мəселесі зерттеуді қажет етеді.

Қазіргі таңда адам іс-əрекетінің барлық саласына жаңа технологияларды ендіру басты мақсат болып отырған жағдайда мамандарды даярлау мазмұнына, ұйымдастыру формаларына жəне оның сапасын басқаруға қойылатын талаптар да артып отыр. Өндірістің технологиялық тұрғыдан дамуы кəсіби оқыту педагогының даярлығына ерекше мəн беруді қажет етеді. Себебі өндіріске жұмысшылардан бастап əкімшілік-басқару қызметкерлерін даярлау сапасы тікелей кəсіби оқыту педагогының даярлық деңгейіне байланысты. Сондықтан бүгінгі таңда кəсіби оқыту педагогының даярлығын инновациялық-технологиялық даярлық дəрежесіне жеткізіп, жетілдірудің мəні ерекше.

Кəсіби оқыту педагогтарын даярлау мəселесі зерттеу пəні ретінде ғалымдардың еңбектеріне арқау болып, ұйымдастыру, əдістемелік жəне технологиялық даярлық тұрғысынан қарастырылды.

Бірінші бағыт өкілдері кəсіби оқыту педагогын даярлаудың ұйымдастырушылық-педагогикалық жəне психологиялық негіздерін зерттеді. Бұл еңбектерде жаңа типті кəсіби оқыту педагогының үлгісін жасау көзделіп, оған қажетті теориялық бiлiм мен кəсіби білiктерiнің, дағдыларының мазмұны анықталған. Сонымен бірге үздіксіз білім беру жүйесінде кəсіби оқыту педагогтарын даярлаудың жағдайына талдау жасау арқылы кəсіби-техникалық жəне педагогикалық сапалары үйлесетін маман даярлау қажеттілігін негіздейді.

Екінші бағыт өкілдері кəсіби оқыту педагогының дидактикалық, əдістемелік жəне технологиялық даярлығын жетілдіруге бағытталған. Дидактикалық-əдістемелік тұрғыдан орындалған зерттеулерде бейін бойынша кəсіби оқыту педагогын даярлаудың əдістемелік негіздері қарастырылды, кəсіби-техникалық мектептердегі оқу процесінің мəні ашылып көрсетілді, теориялық жəне өндірістік оқытудың мазмұны, ұйымдастыру формалары, əдістері қарастырылды. Сонымен бірге «колледж–жоо» үздіксіз білім беру жүйесінде кəсіби оқыту педагогының құзыреттілігін қалыптастыру теориялық тұрғыдан негізделіп, практикалық тұрғыдан оқу-əдістемелік кешенмен қамтамасыз етілді.

Қазіргі таңда жаңа экономикалық жəне əлеуметтік-мəдени жағдайларға сəйкес Қазақстанда жоғары білімді дамыту бойынша жүргізіліп жатқан шаралар мамандар даярлау сапасын арттыруды, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамытуды, жоғары оқу орындары зерттеулерінің əлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысын орнатуды, білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіруді, бірыңғай ақпараттық білім ортасын қалыптастыруды, білім беру процесін оқу-əдістемелік жəне ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етуді көздейді. Мұның өзі жаңа ғылыми идеяларды шығармашылықпен қабылдай алатын, оқытудың жаңа технологияларын игерген жəне қазіргі заманғы технологиялық процесті басқара алатын жаңа типті кəсіби оқыту педагогын қалыптастыру мəселесін тудырады. Сондықтан бүгінгі қоғамның мамандарға сұранысын қанағаттандыратын жоғары оқу орындарында инновациялық білім берудің мазмұны мен жолдарын айқындап, болашақ кəсіби оқыту педагогының инновациялық-технологиялық даярлығын үнемі жетілдіріп отыру аса қажет.

Осыған орай кəсіби оқыту педагогының негізгі құзыреттілігіне мынадай талаптар қойылады. Ұғымы болуы тиіс:

  • білім беру мəдениеті ұрпақтан ұрпаққа жеткізуді қамтамасыз етуші əлеуметтік-мəдени іс- тəжірибенің ерекше аумағы ретінде;
  • Көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін модернизациялау туралы ҚР дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарының басымдығы негізінде адам ресурстарын дайындау сапасын арттыруға көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін модернизациялау туралы толық ұғымды меңгеру;
  • дара тұлға мен қоғам қажеттілігін қанағаттандыруы. Білуі тиіс:
  • оқу барысында компьютерлік жəне оргтехниканы пайдалану икемділігі;
  • оқу-тəрбие үрдісінде қазіргі педагогикалық технологияларды қолдану дағдысы;
  • қазіргі технологиялық жабдықтарды тұтынуда 2 разрядты жұмысшы біліктілігі деңгейіндегі дағдыларды;
  • психологиялық-педагогикалық, əлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар ғылыми негіздерін;
  • қазіргі өндірістің, конструкциялық материалдардың, еңбек қарулары мен құралдарының, өндіріс үрдісінің негіздерін;
  • білім беру, өндірістік мекемелердегі жəне қызмет көрсету саласындағы экономика жəне кəсіпкерлік, маркетинг, менеджмент негіздерін;
  • оқу шеберханаларын жарықтандыру талаптарын;
  • өндірісті ұйымдастыру мен оның экономикасының негізгі мəселелерін, конструкторлық жəне технологиялық құжаттардың бірегей жүйесін;
  • қазіргі өндірістегі еңбек мазмұны мен сипатына қойылатын талаптарды;
  • машина жасау мен ауылшаруашылығы өндірісінің, автомобиль көліктерінің, энергетиканың, халық шаруашылығының басқа да салаларындағы түрлерін.

Құзыретті болуы тиіс:

  • кəсіби педагогикада, өндіріс аймақтарында, мамандану саласы бойынша;
  • білім беру үрдісін басқару аймағында;
  • білім беру мен өндіріс салаларында ақпараттық технологияларды қолдану бойынша [4].

Осы талаптарға сəйкес кəсіби-оқыту педагогының инновациялық-технологиялық даярлығын жетілдіру ерекше мəнге ие болып отыр.

Бұл проблеманың көкейкестілігі, əсіресе кəсіби əрекеті тікелей шығармашылықпен байланысты болашақ кəсіби оқыту педагогын даярлау барысында арта түседі.

Жоғары мектеп педагогикасының күрделі де маңызды мəселесі — студентті келешек мамандығына жақындату, іскер маман даярлау, оның өзіндік жəне шығармашылық қабілетін арттыру, қажетті біліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Осындай жан-жақты жетілген маман даярлау үшін оқыту, білім беру процесін жетілдіру, жаңа педагогикалық технологияларды, оқытудың жаңа формалары мен əдіс-тəсілдерін енгізу керек. Сонымен бірге оқу процесін қарқындату, белсендіру, ақпараттандыру да көзделді.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан- жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кəсіби,адамгершілік, рухани, азаматтық жəне де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі əсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тəрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Болашақ кəсіби оқыту педагогының инновациялық-технологиялық даярлығының мазмұнын жоғары оқу орындарында педагогикалық инновацияларды ендіру арқылы политехникалық білім беру жəне технологиялық оқыту мен тəрбиелеу құрайды. Педагогикалық инновацияларды ендіру оқыту мазмұнына бүгінгі қоғамда білім беру саласында жүріп жатқан реформаларға сəйкес жаңашылдықты енгізуді, оқу-тəрбиесін оқытудың жаңа технологиялары арқылы ұйымдастыруды, сонымен бірге студенттердің технологиялық біліктері мен дағдыларын қалыптастыруда жаңа техникалық құрал- жабдықтарды пайдалануды қамтамасыз етеді.

Сонымен, болашақ кəсіби оқыту педагогының инновациялық-технологиялық даярлығының құрылымдық компоненттерін келесі түрде көрсетуге болады (сур. қара).

  Сур. Болашақ кəсіби оқыту педагогының инновациялық-технологиялық даярлығының құры- лымдық компоненттері

 Сур. Болашақ кəсіби оқыту педагогының инновациялық-технологиялық даярлығының құры- лымдық компоненттері

Болашақ кəсіби оқыту педагогының инновациялық-технологиялық даярлығын жетілдіруге қойылатын талаптарды былай айқындауға болады:

  • өндірістің ғылыми-техникалық негіздерін терең білу;
  • инновациялық принципті іске асыруға бағытталған жалпы ғылыми, жалпытехникалық білім саласында теориялық даярлықтың жеткілікті деңгейінің болуы;
  • санаткерлік-тəжірибелік, жалпы кəсіби біліктер мен дағдылардың жиынтығы ретінде инновациялық-технологиялық даярлықтың құрылымдық компоненттерін игеру;
  • педагогикалық жəне өндірістік еңбекке жаңалық тұрғысынан қарау;
  • инновациялық технологияларды меңгеру;
  • бірнеше инновациялық технологиялардың ішінен қолайлысын əрі тиімдісін таңдай алу жəне пайдалану білігі т.с.с.

Инновациялық-технологиялық даярлық инновациялық-технологиялық білім, білік, дағды көлемін меңгертуді көздейтін инновациялық-технологиялық оқыту жүйесі болып табылады.

Дегенмен технологиялық білім əр түрлі өнеркəсіптік кəсіпорындардағы өндірістік процестерге тəн жалпы белгілер, өндірістің əр түрлі салаларындағы өндірістік процестердің негізгі кезеңдері, шикізаттарды, материалдарды, алудың, жасаудың жəне қайта өңдеудің, сонымен бірге жартылай шикізаттарды немесе бұйымдарды дайындаудың əдістер мен тəсілдерінің жиынтығы болып табыла- тын технологиялық процесс туралы білімдер жүйесі болып табылады.

Болашақ кəсіби оқыту педагогының инновациялық даярлығы инновациялық білім мазмұны, инновациялық оқыту жəне оқытуды инновациялық тұрғыдан ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. Бірақ болашақ мамандарға инновациялық даярлық беру барысында барлық жаңа нəрсенің үнемі жəне барлық уақытта дұрыс нəтиже бере бермейтінін есепке алу қажет. Сонымен бірге студенттермен қарым-қатынас жасау біліктілігі мен кəсіби шеберлік те ерекше мəнге ие болады. Оқу процесінің жабдықталуы да жаңалықтардың табысты болуына жағдай туғызады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңнама. Заң актілерінің жиынтығы. — Алматы: ЮРИСТ, 2007. — 41-б.
  2. Қазақстан–2030. — Алматы: ЮРИСТ, 2006. — 152-б.
  3. Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан: Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. — Алматы: Жеті жарғы, 2007. — 112-б.
  4. ҚР МЖМБС 3.08.002–2004. 050120 — Кəсіптік білім мамандығы. — Астана, 2005. — 28-б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.