Қазақстан қоғамының қазіргі заманғы даму кезеңінде ғылымның жəне білім берудің дамуы əлеуметтік-экономикалық жүйенің бəсекелі маманды даярлау жағдайында алдыңғы қатарлы мемлекеттің қатарына енді. Қазақстан Республикасында 2005–2010 жылдарға арналған білім беру дамуының мемлекеттік бағдарламасына сəйкес прогрессивті технологияларды жəне оқыту жүйелерін жасау жəне енгізу жоғары білім берудің даму шарттарының ажырамас бөлігі болып табылады.
Қоғамның барлық саласында іс қағаздарын сауатты жүргізу мəселесі өзекті болып отырған қазіргі кезде жоғары оқу орындарында мамандар даярлаудың осы бағытында ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндігі жоғары нəтижеге қол жеткізуге ықпал етері сөзсіз. Сондықтан студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытуды жетілдірудің бірден-бір жолы ол кəсіби даярлау процесінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.
Ақпараттық технологияны қолдану арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқыту жоғары оқу орны жағдайында жүзеге асыру идеяларын қанағаттандыру мақсатында іс қағаздарын жүргізуге оқытудың теориялық мəнін айқындау, жинақтау үшін педагогикалық шарттар жүйесін жасау қажеттілігі туындап отыр.
Бізде «педагогикалық шарттар жүйесі» деп алынған, сол себептен төменде «педагогикалық шарттар» дегеніміз не жəне «жүйе» ұғымын қарастырып өтеміз.
Ғылыми əдебиеттер бойынша, педагогикалық шарттар дегеніміз — ішкі талаптардың қажетті жиынтығы. Олардың қанағаттандырылуы өзімізге қажетті нəтижеге жетуді қамтамасыз етеді [1]. Біздің зерттеуімізде сол педагогикалық нəтиже — ол ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттарын анықтау.
Педагогикалық шарттарды таңдау кезіндегі тиімділік жəне оңтайлы критерийі соңғы нəтиже болып табылады [2], біздің жағдайда студенттерді ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқыту деп алынған.
Педагогикалық шарттардың тиімділігін анықтау кезінде біз бірқатар мамандықтардың мемлекеттік жалпыға білім беретін стандарттарына, жұмыс оқу жоспарларына, жұмыс оқу бағдарламаларына талдау жасадық. Жасалған талдау нəтижесі бойынша жалпы аталған курстың мазмұны, көлемі толыққанды ақпараттық технология көмегімен студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытуды қамтамасыз етпейтіні анықталды, яғни сағат санының аздығы, курс мазмұны пəн мазмұнын толық ашпайтындығы. Жасалған талдау бойынша студенттер іс қағаздарын жүргізу пəніне төменгі даярлықпен жəне қажетті білімдері, біліктері жəне дағдыларының төменгі дəрежеде келетіндіктері анықталды, сол себептен пəндерге (Қазақстан тарихы, қазақ тілі, информатика) қосымшалар енгізу қажеттігі туындады, ал кейбір мамандықтарда сағат саны көлемінің аздығы анықталды, яғни арнайы курсты меңгеруге жеткіліксіз.
Педагогикалық теоретиктер мен практиктердің педагогикалық лексикасында əр қилы контексте «жүйе» (оқыту, тəрбиелеу жүйесі, əдістер, тəсілдер жүйесі т.б.) ұғымы қолданылады.
Жүйе — жалпы қызмет ету жəне бірізділік басқару мақсатында біріктірілген жəне тұтас құбылыс тəрізді ортамен өзара əрекеттесетін бір-бірімен нақты қасиеттері бойынша өзара байланысты ерекшеленген элементтер [3].
Ал келесі авторлардың пайымдауынша, жүйе дегеніміз — өзара əрекеттесетін, мақсатты бағытталған, жаңа қасиеттері бар элементтер кешені, ол сол элементтерде жоқ жəне сыртқы ортамен байланысты [4].
Жалпы іс қағаздарын жүргізуге оқытуда ақпараттық технологияның мəнін ашу мақсатында біз қарастырып отырған ұғым бес анықтаушы сөзден құралған: іс қағаздарын жүргізу, ақпарат, технология, ақпараттық технология, оқыту. Сол анықтаушы ұғымдарға талдау жасай келе, ақпараттық технологиялар арқылы «іс қағаздарын жүргізуге оқыту» ұғымына авторлық анықтама бердік, яғни іс қағаздарын жүргізуге оқытудағы ақпараттық технологиялар дегеніміз — құжаттармен жұмыс істеу барысында ақпараттық технологиялар арқылы мəліметтерді жүйеге келтіру (құрастыру, өңдеу, жинау, тарату жəне т.с.с.) бойынша білім беру құралы.
Ақпараттық технологияны қолдану арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқыту жоғары оқу орны жағдайында жүзеге асыру идеяларын қанағаттандыру мақсатында іс қағаздарын жүргізуге оқытудың теориялық мəнін айқындауы мен жинақтауы педагогикалық шарттар жүйесін құрастыруға жол ашты. Осы шарттар жүйесін құрастыру мақсатында біз тиісті педагогикалық заңдылықтар мен педагогикалық принциптерді анықтадық.
Педагогикалық заңдылықтар. Білім беру толық құбылыс іспеттес, қоғамның мəнді жүйесі, сондықтан оның заңдары қоғамның заңдары іспеттес, яғни сыртқы күштердің нəтижесі емес, олар ішкі өзін-өзі ұйымдастырудың азығы болып табылады [5].
Оқу теориясының негізгі құрылым бірліктері — бұл ғылым тарапынан анықталған заңдар мен заңдылықтар. Заңдар мен заңдылықтар құбылыстар, процестер мен олардың нəтижелері арасындағы жалпы, объективті, тұрақты жəне қайталананып келетін байланыстар мен тəуелділіктердің мəнін ашады.
«Заң» ұғымы «заңдылық» ұғымына қарағанда сирек пайдаланылады. Бірақ философияда заңдылық, «заң» ұғымына қарағанда, əлде қайта мағынасы кең түсінік. Заңдылық бірқатар заңдардың жиынтығы ретінде қарастырылады, сондықтан ол көптеген байланыстарды жəне қарым- қатынастарды білдіреді, яғни осы ретте заң белгілі бір байланысты, қарым-қатынасты бейнелейді. Педагогикалық заң — білім берудің, педагогикалық жүйенің компоненттерінің объективті, мəнді, қажетті, жалпы жəне білім беру құбылыстарының қайталанатын байланыстары арасындағы категория, ол оның өзін-өзі ұйымдастыру механизмін, даму жəне қызмет етуді бейнелейді.
Педагогикада бірқатар заңдылықтар бар, біз оның ішінде өзімізге тиістілерін таңдап алдық, олар [6]:
- оқытудың қоғамның мұқтаждығына жəне жағдайына байланысты заңдылығы;
- оқытудың, білім берудің жəне дамудың өзара байланыс заңдылығы;
- оқыту процесінің міндеттерінің, мазмұнының, формаларының жəне əдістерінің өзара байланыс заңдылығы;
- логикалық тізбектілікте болса, онда қарастырылып отырған байланыс заңдылықтары ақырғы нəтижені қамтамасыз етеді.
Педагогикалық принциптер. Дидактикалық процестің негізін құрайтын аса маңызды жəне негізгі заңдылықтар мен заңдар оқу принциптері немесе дидактикалық принциптер, деп аталады.
Оқытудың принциптерін білу оқу-тəрбие процесін заңдылықтарға сəйкес мақсатын негізді түрде анықтауға жəне оқу материалының мазмұнын іріктеуге, оқытудың формаларын жəне əдістерін таңдауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қоса ол оқытушыға жəне үйретушіге оқыту процесінің тізбектілігін сақтауға мүмкіндік береді. Себебі оқыту принциптері заңдарға жəне заңдылықтарға негізделеді.
Оқыту теориясының жəне практикасының дамуына байланысты жаңа заңдылықтар пайда болып, ескілері өзгеріп отырады, сол себептен олар тарихи өтпелі болып саналады.
Я.А.Коменский өзінің оқытудың табиғи қабілетіне байланысты өз идеясын ұстана, табиғатта барлық өмір көктемнен басталатынын ескерген, сол сияқты адамның оқытуы да өмір көктемінде (бала кезінде) басталуы тиіс; таңертеңгі сабақтар əлдеқайда сəтті, себебі таң көктемге сəйкес келеді жəне т.б., — деп белгілеген [7].
Оқытудың принциптері турасында əлдеқайда толық мəліметтерді К.Д.Ушинский ұсынады [7]: оқыту принциптерінің саны жəне атаулары келесі он жылдықтарда өзгерді (М.А.Данилов, Б.П.Есипов, М.Н.Скаткин жəне тағы басқалар). Олар жөнінде жұмыстар əлі күнге дейін жалғасын табуда [6].
Оқыту процесінің заңдылықтары оның принциптерінде бейнеленеді. Принцип — латын сөзі,негізгі, бастапқы деген мағына білдіреді.
Оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін оқыту процесінің принциптері деп аталады. Оқыту процесінің бірқатар принциптері бар, олар оқыту процесінің мақсаттылық, оқытудың ғылымилық, түсініктілік, жүйелілік жəне бірізділік, саналылық пен белсенділік, көрнекілік, педагогикалық процестің бағыттылық принциптері.
Жалпы біз ұсынып отырған педагогикалық шарттар жүйесін бірден ұсынбас бұрын біз бірінші педагогикада белгілі заңдылықтарға сүйене отырып, олардың ішінен тек өзімізге қатыстысын ғана іріктеп алып, содан кейін сол заңдылықтар негізінде педагогикалық принциптерді ажыратуды жөн көрдік. Педагогикалық принциптер белгілі бір жүйеде, бір уақытта, тығыз байланысқан кешен түрінде, параллельді жүзеге асып отырады, оларды белгілі бір ретпен немесе тізбекті түрде пайдалану мүмкін емес. Осы принциптердің арасында негізгісі не екінші дəрежелісі болмайды, ал біз жұмысымызда пайдаланылған принциптердің арасында ең негізгісі деп «пəндердің өзара байланыс принципін» алуды жөн көрдік, себебі студенттер біздің ұсынып отырған арнайы курстарымызды жоғары дəрежеде меңгерту үшін Қазақстан тарихы, қазақ тілі жəне информатика пəндерінің жеткілікті мазмұнда немесе көлемде оқытылу қажеттілігін ерекше атап өттік. Ал педагогикалық шарттарды белгілі бір тізбектілікте, белгілі бір жүйеде келтірдік, себебі жүйелі түрде ұсынылған оқу материалы негізінде ғана студенттердің іс қағаздарын жүргізуге оқыту бойынша білім, білік жəне дағдылары қалыптасады.
Бұл əрекетіміз ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесінің ғылыми дəйектілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік тұғызды. Сонымен қатар зерттеліп отырған мəселе бойынша ғылыми-педагогикалық əдебиеттерді талдау барысында ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытудың жетекші идеясы жəне зерттеуіміздің əдіснамалық негізі ретінде пəнаралық байланыстар принципі таңдалып алынды. Сонымен бірге, нормативті құжаттарды қарастыра келе, студенттерді ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытуда төрт пəннің өзара байланысының ерекше екендігіне көз жеткіздік. Олар — Қазақстан тарихы, қазақ тілі, информатика жəне мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пəндері.
Біз ұсынып отырған жүйе келесі педагогикалық шарттарды қамтиды:
- оқытушыларға арналған «Ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытуды ұйымдастыру» атты арнайы семинар;
- Қазақстан тарихы, қазақ тілі, информатика пəндеріне қосымша тақырыптар;
- «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу», «Құжаттарды өңдеу технологиясы» атты арнайы курстар;
- ақпаратты-дидактикалық кешен;
- «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пəні бойынша студенттер арасында университеттік деңгейде факультетаралық олимпиада.
Жоғарыда көрсетілген ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттарын біртұтас жүйеге келтіру үшін, оларды ортақ мақсатқа бағыттадық. Бірақта əрбір шарт бұл жүйеде өзіндік міндет атқарады. Соған байланысты педагогикалық шарттар жүйесінің мазмұны да, формалары да өзіндік ерекшелігін жəне туелсіздігін сақтайды (сур.).
Педагогикалық шарттар жүйесінің біріншісі — оқытушыларға арналған «Ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытуды ұйымдастыру» атты арнайы семинар. Семинардың мақсаты — оқытушыларға ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізу бойынша білім беру əдістемесін меңгерту. Бұл семинардың мазмұны келесі тақырыптарды қамтиды: Ортағасырлық Қазақстандағы жазудың түрлері: ресми жəне дипломатиялық құжаттар бойынша білім беру; кеңестік кезеңдегі іс қағаздарын жүргізу жолдары; құжат тілі жəне құжат мəтінің жазылу стилінің ерекшеліктері; құжат мəтініне қойылатын талаптарды меңгерту; қызмет бабы бойынша құжаттарды пайдалану жолдары; мəтіндік құжаттармен жұмыс істеу жəне кестелік құжаттарды жасау технологиясы түсінігін қалыптастыру; құжаттарды рəсімдеуде форматтауды пайдалану мүмкіндіктері; құжаттарды компьютерде жəне желіде басып шығару бойынша білім беру.
Педагогикалық шарттар жүйесінің келесісі — Қазақстан тарихы, қазақ тілі, информатика пəндеріне қосымша тақырыптар. Оның мақсаты іс қағаздарын жүргізуді тереңдетіп оқытуға бағытталған, оның мазмұны 1-кестеде көрсетілген.
Келесі педагогикалық шарт — студенттерге арналған «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу», «Құжаттарды өңдеу технологиясы» атты арнайы курстар. Бірінші арнайы курстың мақсаты — қазіргі заман талабына сай іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру бойынша терең білім беру жəне басқарма аясында мемлекеттік тіл мəртебесін көтеру. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін студенттерге келесі тақырыптар бойынша оқу материалдары ұсынылады: Қазақстан Республикасында қазақ тiлiнде құжатпен қамтамасыз етудiң мəнi; іс қағаздарын жүргізудің негiзгi ұғымдары жəне терминдері; құжаттың құрылымы; Қазақстан Республикасының құжаттама жүйесi; құжаттарды компьютерде дайындау технологиясы; құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыру жəне т.б.; қызмет бабы бойынша құжаттарға қойылатын талаптар жəне т.б. Аталмыш курс 38 дəріс жəне 38 практикалық сағат көлемін қамтиды. Сол сияқты екінші арнайы курс 51 (24 — дəріс, 27 — лабораториялық жұмыс) сағат көлемінде құрастырылған. Оның мақсаты — бүгінгі заманға сай құжаттарды өңдеу технологиясын меңгерту. Пəннің мазмұны келесі тақырыптарды қамтиды: ақпараттық технологияларды ұйымдастыру негіздері; ақпараттық технологиялар құрылымы; ұйымдастырушылық техника құралдары жəне оның жіктелуі; электронды офис концепциясы; желілік технологиялар негіздері жəне т.б.
Осы педагогикалық шарттар жүйесінің арасында ең маңыздысы — ақпаратты-дидактикалық кешен. Оның құрамы 2-кестеде келтірілген. Мұнда студенттердің іс қағаздарын жүргізу саласы бойынша көзқарастарын кеңейту жəне білімдерін жоғарлату ортақ мақсатына бағытталған оқу материалдары қамтылған.
Ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесінің келесісі — «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пəні бойынша студенттер арасында университеттік деңгейде факультетаралық олимпиада өткізу. Оның мақсаты — студенттердің іс қағаздарын жүргізу бойынша білім деңгейлерін анықтау жəне қызығушылықтарын арттыру.
Қорыта келе, біздің жасаған бұл əрекетіміз — ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесінің ғылыми дəйектілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызатындығының дəлелі.
Зерттеу барысында алынған қорытындылар мамандарды кəсіби даярлау жүйесінде, сонымен қатар мұғалімдер біліктілігін арттыру жəне оларды қайта даярлау жүйесінде қолдануға болады деп айтуға əбден болады.
Бұл мəселе келешекте іс қағаздарын жүргізуге оқытуда жаңа əдістерді жəне формаларды іздестіруде, ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытуда, жоғары оқу орнында студенттерді мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге оқытуда əрқилы пəндік сала мазмұнының интеграциясында өз жалғасын табуы мүмкін.
Əдебиеттер тізімі
- Новоселов С.А., Шкутина Л.А., Егоров В.В. Творческий компонент профессиональной подготовки педагога профессионального обучения. — Киров, 2001. — 303 с.
- Смятских А.Л., Туркина Г.М. Формирование профессиональной компетентности студентов педагогических колледжей.— М.: Издат. центр НОУ ИСОМ, 2003. — 34 с.
- Əбдікəрімов Б., Қалиев Ж.Н. Педагогикалық инновацияларды жəне ақпараттық технологияларды білім беру жүйесінде тиімді пайдалану жолдары // Қарағанды университетінің хабаршысы. — 2005. — № 3. — 121–124-б.
- Егоров В.В., Смирнова Г.М., Жилбаев Ж.О. Профессиональное образование как педагогическая система // Вестн. КарГУ. — 2005. — № 1. — С. 8–13.
- Современный словарь по педагогике / Сост. Е.С. Рапацевич. — М.: Современное слово, 2001. — 928 с.
- Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика: Ун-тер студенттеріне арн. оқу құралы. — Алматы: Эверо, 2004. — 420 б.
- Выготский Л.С. Избранные психологические исследования. — М.: Высш. шк.