Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Заңгерлік кəсіби қызметтің ақпараттық-технологиялық даярлығының мəні

 Қазіргі кезде индустриялық қоғамнан ақпараттық өркениетке, ашық жəне құқықтық мемлекет құру барысында, қоғамның даму факторы жүйелі түрде өзгеріп, қоғамның ақпараттық- коммуникацияға бет бұруына байланысты біздің саясатымызға, экономика мен əлеуметке, ғаламдық экономика жəне қоғамдағы қатынастарға өзгерістер енді.

Құқық саласындағы болашақ мамандарын жаңа өрлеу заманында ақпараттандыру негіздерімен қаруландыру — бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мəселелерінің бірі. Себебі біздің қазіргі өмір сүріп отырған кезең — ұланғайыр əлеуметтік өзгерістердің дəуірі, ақпарат, техника жəне технология тасқыны кəсіпқой мамандарға жоғары кəсіби даярлық алуға мүмкіндік береді.

Осыған орай  Қазақстан Республикасының Президенті    Н.Ə.Назарбаевтың   Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту жəне осы заманға сай білім алуға жəне озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды аяқтау екендігі айтылған [1]. Қазіргі заманда ақпараттық жəне бағдарламалық білім беруді қамтамасыз ету жетістіктері негізінде білім алудың ауқымды мүмкіндіктері туып отыр. Соның ішінде үздіксіз білім алу мəселесі де тұр. Кез келген адам білім алу барысында білімнің сапалы болғанын қалайды. Бұл жерде ақпараттық технологияның атқарар ролі ерекше. Осы негізде болашақ заңгерлерді даярлауда ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығын саралап көрсетуге болады:

  • ақпараттық технология арқылы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-ді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде жəне адамдар арасында ақпараттарды кеңінен тарату заңдары мен тəсілдері туралы түсініктер береді;
  • ақпараттық технологияларды пайдалану болашақ заңгерлердің белгілі бір ақпаратты жинау, дайындау жəне өңдеу жұмыстарын жеңілдетіп, жобалау жəне ғылыми-зерттеу жұмыстарын жылдам жүргізуге мүмкіндік береді;
  • ақпараттық технологияларды пайдалану белгілі бір мəдениет иесі болуды талап етеді, яғни ол мəдениеттіліктің белгісі болып саналады. Ол үшін ЭЕМ-нің негізгі мүмкіндіктерін жақсы білу қажет, олар — мəселелерді айқын түрде қоя білу, оларды шешудің жоспарын жасау жəне түсінікті түрде жазу, қажетті мəліметтерді айқындай білу мен алынған нəтижелерді талдау мəселелерін əрбір адамның жетік меңгеруі болып табылады. Мұндай мəдениеттілікті игеру логика мен ақпарат заңдарын білуді көздейді.

Соңғы жылдардың ішінде көптеген ғалымдар ақпараттық процестің талабына жауап беретін мамандарды даярлау мəселесіне назар аударған. Зерттеу тақырыбына сəйкес ғылыми-педагогикалық жұмыстарды талдау негізінде көптеген ғалымдардың жұмысын қарастырдық:

  • кəсіби білім беру мəселесін зерттеу (Б.Əбдікəрімұлы, В.В.Егоров, С.Т.Каргин, Л.А.Шкутина жəне тағы басқалардың) [2–5];
  • білім беруді ақпараттандыру, компьютерлік техниканы оқу процесінде пайдалану, оны қолдану (Д.А.Қазимова, М.С.Мəлібекова, Ж.З.Қосыбаев жəне тағы басқалардың) [6–8];
  • құқық қорғау органдары қызметкерлерінің даярлығын арттыру (А.В.Баширов, Р.Д.Оқашев жəне тағы басқалардың) [9, 10].

Жоғарыдағы еңбектерді талдау зерттеудің көкейкестілігінің болашақ заңгерлердің кəсіби ақпараттық-технологиялық даярлығын жетілдіру бағытында жұмыс істей алатын, ақпараттарды өңдеп, жұмыс барысында дұрыс шешім қабылдай алатын қызметкерді даярлауда екендігін көрсетеді. Заңгер кəсібінің сипаттамасына байланысты ол тек қана заңгерлік білімді терең біліп қана қоймай, жоғары құқықты мəдениет пен кəсіби ақпараттық технологияларды да білуге міндетті.

Заңгер дегеніміз — заң саласындағы, заңгерлік қызметтегі, заңдық істерді (құқықтық нормаларға сəйкес қарастыру мен шешім қабылдауды талап ететін жəне қылмыстық істер мен азаматтық дауларды, қақтығыстарды) жүзеге асыратын маман. Жоғары оқу орындарында заңгерлік даярлық қазіргі заман талабына сəйкес жүргізіліп, оқыту процесінің негізгі мазмұнын құрайды жəне оның маңызды мəселелеріне жауап береді.

Қазіргі қоғамның заңгер маманға деген талабына, дəрежесіне сəйкес келуі — дайындығы кəсіби стандартқа жауап беретін құқықтық жəне заң жұмысының негізін білуі, заңгердің қызметі — құқықтық ақпаратпен жұмыс жасай отыра, оның ішкі мəнін түсіну. Ол дегеніміз — материалдың мазмұнын, құқықты тарату мүмкіндігін бекіту, оның басқару потенциалын көтеру жəне т.б. Аталған жұмыстарды орындау барысында заңгерлер тек құқық көздерін ғана біліп қоймай, құжат мəтіндерін талдай алуы, қайта шыққан заңнамалық құжат актілерін салыстыру, берілген нұсқаның ішінен дұрысын іріктеу жұмыстарын тиімді атқара алады.

Жалпы заңгер кəсібіне қойылатын талаптар: нақты жəне теориялық білімді, қазіргі құқықтық жəне экономикалық қатынастарда ойлау қабілеті дұрыс, мемлекеттік саясат ағымын талқылай алатын маман болу; заңдарды білу; өзінің білімін кəсіби қызметтегі практикада пайдалана білу; мамандығы бойынша практикалық дағдыларды игеру немесе жұмысында қолдана алу қабілетінің барлығы. Заңгерлердің кəсіби мəдениеттілігі дегеніміз — басқару əдістерін білу, адамдарға əсер ету; ел арасында тəрбиелік жəне құқық жұмыстарын жүргізу немесе насихаттау; еңбекті ұйымдастырудың ғылыми əдісін меңгеру, үнемі біліктілігін жетілдіру; нарықтық даму жағдайында өзге адамдармен қарым-қатынас жасай білу қасиеті.

Болашақ заңгерлердің кəсіби қызметінің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін талдау барысында олардың даярлығын жетілдіру жеке тұлғаның өзін-өзі көрсете білу жəне алынған білімді іс жүзінде жүзеге асыра алу дəрежесімен өлшенеді. Демек, бұдан шығатын қорытынды: болашақ заңгерлердің кəсіби ақпараттық-технологиялық даярлығын жетілдіру өз кезегінде заңгерлердің кəсіби мамандығынан туындайтын ұйымдастырушылық, зерттеушілік жəне əлеуметтік-коммуникативтік компоненттерін құрайды. Осының барлығы нақты өлшемдер мен көрсеткіштердің көмегімен шешімін табады (1-кесте).

  Болашақ заңгерлердің кəсіби ақпараттық-технологиялық даярлығын жетілдіру компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері - к е с т е

Төменде «Криминалистикадағы құжаттарды зерттеу технологиясы» арнайы курсының мазмұнын ұсынамыз (2-кесте).

 2 - к е с т е «Криминалистикадағы құжаттарды зерттеу технологиясы» арнайы курсының тақырыптық жоспары

 Арнайы курсқа қосымша ретінде төмендегілерден тұратын оқу-əдістемелік кешен жасалды:

  • «Заңгер жұмысындағы соттық фотографияның мəні» əдістемелік нұсқау, мұны қолдану негізінде болашақ маманның кəсіби практикадағы білімі артады;
  • «Криминалистикадағы құжаттар» электрондық оқулығы оқу процесінің нəтижелі біліктілігін көтереді;
  • болашақ заңгерлердің кəсіби ақпараттық-технологиялық даярлығын жетілдіру мақсатында «Заңгерге арналған электронды ақпараттық анықтамасы» атты бағдарлама жасалды;
  • практикалық сабақтарды өткізуге арналған əдістемелік нұсқау курстары, «Құжаттану», «Қызметкерлерді басқарудағы іскерлік ойындар» жарық көрді;
  • «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» электронды курсы болашақ заңгерлердің оқу процесіндегі теориялық бөліміне демеу жасады.

Осы көрсеткіштердің негізінде зерттелетін қасиеттердің қалыптастыру деңгейлері анықталды.

Олар өлшемдер мен көрсеткіштердің арақатынасын үш деңгейде (төмен, орта, жоғары) бейнелейді.

Төмен деңгей болашақ заңгерлер кəсіби ақпараттық-технологиялық даярлығын жетілдірудің қоғамдық мəнін саналы түрде сезінбейді; кəсіби даярлықты жетілдіруге қажетті білім, іскерлік жəне дағдыларды игеруге қызығушылығы төмен; ақпараттық-технологиялық кəсіби даярлықты жетілдірудің маңыздылығын толық түсінбейді жəне кəсіби білімін шыңдауға ынта-ықыласы төмен.

Орта деңгей болашақ заңгерлер кəсіби ақпараттық-технологиялық даярлығын жетілдірудің қоғамдық мəнін саналы түрде сезінеді; ақпараттық-технологиялық кəсіби даярлықты жетілдірудің мақсатын түсінеді; кəсіби даярлықты жетілдіруге қажетті білім, іскерлік жəне дағдыларды игеруге қызығушылығы бар; ақпараттық-технологиялық кəсіби даярлықты жетілдірудің маңыздылығын түсінеді жəне кəсіби білімін шыңдауға ынта-ықыласы бар.

Жоғары деңгей болашақ заңгерлер кəсіби ақпараттық-технологиялық даярлығын жетілдірудің қоғамдық мəнін саналы түрде сезініп, ой елегінен өткізе алады; кəсіби даярлықты жетілдіруге қажетті білім, іскерлік жəне дағдыларды игеруге қызығушылығы жоғары; ақпараттық-технологиялық кəсіби даярлықты жетілдірудің маңыздылығын толық, əрі саналы түсінеді жəне кəсіби білімін шыңдауға ынта-ықыласы жоғары. Алдын ала қойылған зерттеуіміздің міндеттерін тиімді шешу үшін, ақпараттандыру шартын талдау барысында жəне қызметке дайын болу туралы педагогикалық жəне психологиялық ғылымдар қағидаларына жасаған ережесіне сəйкес біз болашақ заңгерлердің кəсіби ақпараттық-технологиялық даярлығын жетілдіру моделі бар.

Модель ақпараттық технологиялар арқылы болашақ заңгерлердің даярлығын жетілдірудің педагогикалық жүйесін жасауға негіз болды. Педагогикалық жүйені жоғары жəне арнайы оқу орындарында заңгерлерді даярлау процесіне пайдалануға болады. Жүйенің негізгі компоненттерін анықтау үшін ең алдымен заңгерлердің құжаттарды өңдеу процесінің технологиясын ұйымдастыру қажеттілігінің білімі, іскерлігі жəне дағдысы айқындалды. «Болашақ заңгерлердің кəсіби ақпараттық- технологиялық даярлығын жетілдіру» атты педагогикалық жүйемізде «Криминалистикадағы құжаттарды зерттеу технологиясы» арнайы курсын дидактикалық құралдар ретінде ұсынамыз.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы// Егемен Қазақстан. — 2004. — № 258. — 16 қазан.
  2. Əбдікəрімұлы Б.Ə., Мəлібекова М.С. Білім берудегі педагогикалық технологиялар // Ізденіс. — — №4. — 200–203-б.
  3. Егоров В.В. Использование ЭВМ для управления учебным процессом в вузе // Совершенствование технологии профес- сионально-художественного обучения. — Караганда: Изд-во КарГУ, 1998 — С.6–10.
  4. Каргин С.Т. Влияние профессионального взаимодействия в вузовском педагогическом процессе на качество подготов- ки будущего учителя: Дис. ... д-ра пед. наук. — Алматы,
  5. Шкутина Л.А. Формирование умений и навыков инженера-педагога швейного профиля / Ред. В.В.Егоров. — Алматы: Ғылым, 2000. — 126 с.
  6. Қазимова Д.А. Компьютерлік оқыту жүйелерді құру жəне оларды қорғау тəсілдері: Оқу құралы. — Қарағанды: Санат, 2005. — 88 с.
  7. Мəлібекова М.С. Студенттердің кəсіптік-ақпараттық бағыттылығын қалыптастыру мəселесі // Абай атындағы ҚазҰПУ хабаршысы. — 2005. — № 1 (9).
  8. Косыбаев Ж.З. Педагогические пути совершенствования изучения слушателями учебных заведений ГСК и МВД компьютерной техники (по материалам Республики Казахстан): Автореф. дис. ... канд. юрид. наук. — М., 1996. — 22 с.
  9. Баширов А.В. Особенности совершенствования системы информационной подготовки сотрудников ОВД: Информационная подготовка в учебных заведениях МВД РК // Использование информационных и инновационных технологий в процессе обучения: Материалы междунар. науч.-практ. конф. / Под ред. Д.Т. Кенжетаева, Н.А.Минжанова. — Караганда: КарЮИ им. Б.Бейсенова МВД РК, 2006. — Вып. 2. — С.
  10. Окашев Р.Д., Жалбуров Е.Т. Пути совершенствования подготовки юридических кадров в системе ведомственного образования // Использование информационных и инновационных технологий в процессе обучения: Материалы междунар. науч.-практ. конф. / Под ред. Д.Т.Кенжетаева, Н.А.Минжанова. — Караганда: КарЮИ им. Б.Бейсенова МВД РК, 2006. — Вып. 2. 
  11.  

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.