Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Əбу Насыр əл-Фараби: өмірі, шығармалары, жаһандық ғылым мен мəдениетке қосқан үлесі

 Кіріспе

Қазақ топырағының көкірегі ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтары бүкіл араб-парсы мəдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты əлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі – бəрімізге танымал ұлы жерлесіміз, Батыс пен Шығысты терең білімімен бас идірген Əбу Насыр əл-Фараби.

Ол Отырар қаласында 870 ж. дүниеге келген. Ежелгі Ұлы Жібек жолында, Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жерінде бой көтерген Отырар қаласын арабтар Фараб, Барба-Фараб деп атаған. Осында əл-Фараби жастық шағын өткізген. Нақты айтқанда, əл-Фараби Фарабтың өзінде емес, соның маңындағы Весиж қалашығында туған. Весиж — Сырдарияның сол жағалауында орналасқан қала. Археологтар Весиж қалашығы Отырардан солтүстік-батысқа қарай шамамен 20 шақырымдағы Ақжар сайында орналасқан Оксус қалашығына сəйкес келетінін анықтады. Қалашық ішкі қамалдан, қабырғамен қоршалған шахристаннан жəне рабаттан тұрады. Қалашықтың VІІІ–ХV ғасырларда өмір сүргені анықталды. Уақыт өте келе Весиж ұмытылып, асқан ақыл ой иесінің Отаны Фараб қаласы саналып кетті [1].

Фарабидің толық аты-жөні — Əбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ əл-Фараби ат Түрки. Ат Түрки — шыққан тегі түркі дегенді, əл-Фараби — Фараб қаласынан шыққан дегенді білдіреді. Өзінің азан шақырып қойған аты — Мұхаммед, əкесінің де аты — Мұхаммед, атасының аты — Тархан, бабасы — Ұзлағ. Кейде оны жай ғана «Тархани» деп те атаған. Əл-Фараби түркі тайпасының дəулетті отбасында дүниеге келген, əкесі əскербасы болған. Бір нұсқада руы қаңлы-қыпшақ делінген. Əкесінің əскербасы болғанын «тархан» деген атаудан да байқауға болады. Біздің жерімізде мекендеген ежелгі түркі тайпалары «тархан» деп əскери лауазымды кісілерді айтатын болған. Яғни Фараби əскери ортадан шықты деп жорамалдауға əбден болады. Оған қоса тарихи еңбектерде «əл-Фараби мықты, күшті жəне ержүрек болған. Ол жебені жақсы тартқан, атқан оғы нысанаға дəл тиетін», — деп жазылған. Осыған қарағанда əкесі əскербасы болғандықтан, жас Мұхаммедтің те жауынгерлік, соғыс өнерінен хабары болған сияқты. Екіншіден, ежелден Сыр, Отырар бойын жайлаған, тарихқа ертеден мəлім қаңлы тайпасында тархан (кейде дархан деп те атайды) атты ру болған, қазір де бар. Сондықтан Фараби қаңлы-қыпшақ руынан шықты деп айтуға толық негіз бар. Тағы бір деректерде «Фарабидің əкесі Весиж қаласының əміршісі болған» деп те айтылады [2; 6].

Сол тұста өмір сүрген зерттеушілердің қалдырған еңбектеріне қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мəдениет орталығы болған. Отырардағы кітапхана, ел аузындағы аңызға қарағанда, кітабының саны жағынан атақты Александрия кітапханасынан соң екінші орында болған. Əл-Фарабидің ғылымға деген ынтасы осы

Отырар кітапханасында пайда болған сияқты. Осы аймақты мекендеген тайпалардың сонау арғы заманнан қалыптасқан өнері, ғылымы, түркі тілдес жазуы болған.

Бала Мұхаммед қала медреселерінің бірінде сауатын ашып, хат танып, Отырар кітапханасының мол қорынан сусындап өскен. Тіл үйренуге жастай көңіл қойған тəрізді. Өйткені араб тарихшысы ибн Халликан «əл-Фараби 70-ке жуық тіл білген» деп жазып қалдырған. Ғалымдардың бір тобы: «Бұл шындыққа жанаспайды» десе, біраз ғалымдар ибн Халликанның жазғандарын мақұлдап, қайталап та жүр. Яғни бала Мұхаммед өз кезіндегі ұлы ғұламалардың еңбектерін оқу үшін жастайынан тіл үйренуге ден қойғандай.

Ұлы ойшылдың өмірбаянына қатысты кейбір деректер

Зерттеуші-ғалымдар əл-Фарабидің балалық, жастық шақтары туралы мардымды əңгіме айтпайды. Себебі ұлы ғалымның өмірінің бұл кезеңі туралы мағлұматтар жоқтың қасы. Сондықтан да зерттеушілер ұлы ойшылдың өмірбаянын оның елуден асқан шағында Бағдад шаһарына қоныс аударуынан ғана бастайды. Оның ғылым жолындағы ізденістері мен ұзақ сапарлары нақ осы кезден басталса керек.

Əл-Фараби жастайынан түрлі ғылымды оқып үйренді. Оның ақыл-ойының ұшқырлығы мен білімінің молдығына тəнті болған талай жан еріксіз таңдай қаққан. Ол араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгерді.

Ол кезде мұсылман дүниесінің рухани орталығы Месопотамия болғандықтан, жас Əбу Насырды (Нəсірді) ата-анасы Таяу жəне Орта шығыс елдеріне сапарға дайындайды. Бірақ ол Бағдадқа бармас бұрын жолай Шаш пен Самарқан, Бұхара шаһарларына соғып, білімін молықтырған секілді. Əйтсе де Əбудің мұнда қанша болғаны жайлы араб шежілері ештеңе айтпайды. Кейін ол жолай Иран еліндегі Мешһед, Нишапур, Рей, Исфаһан қалаларына келеді. Иран халқының мəдениетімен танысады. Содан соң əрі қарай Бағдадқа аттанады [3].

Əбу Насырдың Бағдадқа баруының өзіндік себептері бартын. Сол уақытта Бағдад шаһары ғылым мен өнерге ден қойған адамдарға қақпасын кең ашып, оларға ғылыммен айналысу үшін бар жағдайды жасаған. Бағдадта «Байт əл-Хакма» атты ғалымдар үйі жəне əлемдегі ең бай кітапхана болған. Екіншіден, сол кездері Бағдад халифатын басқарған Аббас əулетінің сенімді уəзірлері негізінен түркістандық Фараб қаласынан болыпты.

Бағдад шаһарында əл-Фараби логиканы Əбу Бишр Матта ибн Юнустан үйреніп, кейін өзі ұстазынан да асып түседі. Лингвистикалық ғылымдарды жетік меңгеруді қалап, грамматика саласының маманы Əбу Бəкір ибн əс Сирадждан грамматикадан дəріс алады. Əли Юхан ибн Хайланнан тəуіптік өнер (медицина) мен логика саласынан дəріс алған.

Сонымен, ұлы ойшыл біраз жылдар Бағдад шаһарында ғылыми ізденістермен айналысады. Содан кейін Шам аймағына қоныс аударады да, сексен жасқа жетіп, өмірден өткенше сол өлкеде қалады.

Шам аймағына келгеннен кейін əл-Фараби алғашында Дамаск қаласындағы бір бақта бағбан болып жұмыс істейді. Мұнда ол жеміс ағаштарын баптай жүріп ғылыммен айналысуын əрі қарай жалғастырады. Ол, əсіресе, логика ғылымын терең зерттейді. Осы салада бұрын-соңды жазылған еңбектердің бəрін парақтап оқып шығады. Тұрмысының жұпынылығына қарамастан, қолындағы бар қаражатын кітап сатып алуға жұмсап, күні-түні ғылыммен айналысады. Ол бақ қарауылшысы ретінде берілетін май шамның жарығымен талай томдарды оқып тауысады. Өзінің еңбектерін де жазып шығады.

Еңбектері шартарапқа тараған соң есімі дүниеге əйгілі болады. Уақыт өте келе оны білім иелері мойындап, өз заманының бірегей ғұламасына, біртуар дара тұлғасына айналады. Əл-Фарабидің аса парасаттылығы туралы естіген Халеб қаласының əкімі Сəйф əд-Дəулə (Сайф ад-Дəула) əл-Хамдани оны басқа да мұсылман ғалымдарымен бірге сарайына шақырып, құрметтеп, қонақ қылады. Ұлы данышпанның даналық сөздерін ден қойып тыңдаған əмірші оны өзіне жақындатуды ойлайды. Оны қазылыққа тағайындайды.

Əл-Фараби киетін киімі мен тұрмысына аса көп назар аудармайтын. Оның қарапайым тіршілік кешкені сондай, кейде тіпті, тек қана қара сумен күнелткен кездері де болған.

Ұлы ойшыл қазылық қызмет атқарып жүрген тұсында да ғылымнан қол үзген емес. Бірде таным өрісін одан əрі кеңейтіп, білімін молайта түсуді көздеген данышпан қазылық мансаптан бас тартады. Одан кейінгі өмірінде ғылымның алуан түрлерімен, өнермен шұғылданады.

Ол өз дəуірінің материалдық жəне рухани мəдениет жетістіктерін жинақтаумен қатар, озық философиялық жүйені жасады. Сол арқылы əлеуметтік-философиялық, этика-эстетикалық, жаратылыстану-ғылыми ой қазыналарына бағалы үлес қосты.

Ұлы данышпанның ғылыми еңбектері туралы қысқаша мəліметтер

Əбу Насыр əл-Фарабидің өзінен: Сіз қандай ғылымдар саласында еңбек еттіңіз? — деп сұрай қалсақ, ол не дер еді? Біздің ойымызша, ол былай дер еді: Менің айналысқаным бір-ақ түрлі ғылым, оның аты — «Табиғат пен адамзат» деп аталады. Оп-оңай, екі-ақ ауыз сөз. Бірақ осы екі сөздің шеңберінен тыс ғылым қайда, ондайды естіген жан бар ма? Олай болса, Фараби қамтыған ғылым мен өнер жоқ деуге болады.

Ол жаратылыстану, философия, астрономия, математика, медицина, логика, этика, метафизика, жағрафия, əдебиеттану, тіл білімі, музыка сияқты ғылым салаларынан 164 трактат жазғаны мəлім [4; 192, 193].

Бір қызығы, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш. Штейшнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы А. Атеш — 160, ал тəжік ғалымы Б. Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді [5; 111].

Келтірілген еңбектер санының өзі Фарабиден бізге көп мұра қалғанын байқатады. Мың жылдан асса да осынша рухани мол дүниесінің қолдан қолға өтіп бізге аман жетуі Фарабидің ұлылығының, данышпан білімпаздығының тағы бір айғағы болса керек. Ендігі парыз осы еңбектердің барлығын жинап, екшеп-талдап ұрпақтар кəдесіне жарату болып отыр.

Əл-Фарабидің мұрасын зерттеуге жол ашқан немістің атақты ғалымы Дитерици болды. Осынау зерделі зерттеушінің бағалауынша, əл-Фараби ғылымдағы ержүрек қаһармандар санатына қосылады. Ол «соқыр сенім кесапатына қарсы, өзінің тарихын қанмен жазған, рухани бостандық пен гуманизмнің қасиетті заңдарын таптау үшін бар зұлымдығын жасап баққан баққұмар мансапқорлыққа қарсы аянбай күресті» [6].

Əбу Насыр əл-Фараби өзінің барлық жұмыстарын адамға арнады. Арабтілді философтар шешкен басты мəселелер – білім, таным, дүниедегі Ақиқатты іздеу мəселелері болды.

Ол үшін əл-Фараби ежелгі грек ғалымдарының еңбектерін өз бетінше оқып, талдап, түсіндірмелер жазып, ары қарай дамытқан, трактаттар жазған. Ол шамамен Аристотельдің барлық кітаптарына түсініктеме берген. Птоломейдің «Алмагесіне» жəне Порфирийдің «Эйсогесіне» түсініктеме жазған. Эфклидтің геометрия жайындағы кітаптарын терең зерттеген. Платонның күллі кітаптарын оқыған [7].

Өкінішке орай, ұлы ғалымның ұшан-теңіз еңбектерінен біздің заманымызға дейін сақталып, бүгінгі ұрпақтың қолына тигені қырыққа жуық ғылыми еңбек деуге болады. Осы шығармалардың ежелден бері-ақ жұртшылыққа танымал болып, философиялық жəне ғылыми ойдың одан кейінгі дамуына тигізген əсері толассыз.

«Фарабидің энциклопедиясы»

Ғылымның даму тарихында жинақталған білім қорларын сұрыптап, реттеп белгілі бір жүйеге салу тəртібі ежелден бар.

Бабамыз Фараби бұл тұрғыда да қарап қалмай, өзінің ең атақты шығармаларының бірі «Ғылымдар энциклопедиясы» деп аталатын трактатын жазған. Бұл еңбектің ғылым тарихында алатын орны ерекше үлкен. Осы трактат «Ғылымдар энциклопедиясы», «Ғылымдар реті», «Ғылымдар классификациясы», т.б. аттармен Шығыс пен Батыс елдерінде өте ертеде-ақ мəлім болып, одан көп ғұламалар тəлім алды.

Бұл кітап мындай бес тараудан тұрады: 1. Тіл білімі жəне оның тараулары; 2. Логика жəне оның тараулары; 3. Математика, яғни арифметика, геометрия, оптика, математикалық астрономия, музыка, статистика, айла-əрекет жөніндегі ғылым (механика); 4. Физика мен метафизика жəне олардың тараулары; 5. Азаматтық ғылым жəне оның тараулары, заң ғылымы жəне кəлəм (дін ғылымы) [8].

Тіл білімі. Фараби тіл білімін 7 тарауға бөледі: дербес жəне қарапайым сөздер мен сөйлемдер туралы; мəнерлеп оқу ережелері; тілдің заңы мен ережелері жайлы ғылым; дұрыс оқу ережелері; өлең жазу; шайырлық туралы ғылым немесе поэтика. Кейінгінің өзі ырғақ, ұйқас жəне поэзия болып үшке бөлінеді.

Логика. Фарабидің анықтауы бойынша, логика — ойлаудың заңдары мен ережелері туралы ғылым. Бұл ғылымның арқасында адам өзінің ойлау əрекетін тəрбиелей алады; өзінің ойын анықтап айқын, жүйелі түрге келтіреді; ой қорыту, талқылау барысында логикалық қателер жіберуден аулақ болады.

Математика. Фарабидің энциклопедиясында математика ғылымдарына көп орын берілген. Ол математиканы үлкен-үлкен жеті тарауға бөлген. Арифметика, яғни, сан туралы ғылым. Оған практикалық жəне теориялық арифметика деп айрықша мəн берді. Фарабидің түсіндіруі бойынша, сан объективті ақиқат нəрселердің сезіп-түйсінуге болатын, яғни «көзбен көріп, қолмен ұстауға» болатын жақтарын елеусіз қалдырып, тек саналуға, есептеуге тиісті қырларын бейнелейді. Бұл өте дұрыс материалистік түсінік.

Геометрия. Бұл ғылымның мазмұны мен мəнін ғалым төмендегіше тұжырымдайды. Геометрия екі ғылымды біріктіреді: біріншісі — практикалық геометрия; екіншісі — теориялық геометрия. Практикалық геометрия сызықтар мен беттерді, ағаш ұстасы, темірші, тас қалаушы, жер өлшеушілердің ыңғайына лайық ағаш, темір, тас денелердің бетінде қарастырылады. Теориялық геометрия сызықтардың, жазық фигуралардың, геометриялық денелердің формасы мен мөлшерін, теңдігі мен теңсіздігін, олардың түрлері, реті жəне басқа осыларға байланысты барлық нəрселерді зерттейді.

Оптика. Фарабидің жіктеуі бойынша, математикаға оптиканы да жатқызған. Бұл туралы ол былай дейді: «Оптикада геометрия тəріздес форма, шама, рет, тəртіп, орын, теңдік, теңсіздік, т.б. нəрселерді қарастырады». Оптиканың мəні мен ақиқаты, анық пен оның алдамшы көрінісінің парқы ажыратылады, қатаң дəлелдеу жолымен мұның себебі айқындалады, көзбен көруде кездесуі мүмкін болатын қателердің барлығы ескеріледі, одан құтылуға көмектесетін, яғни қарастырылып отырған нəрсенің мөлшері, формасы, орны, құрылысы, т.б. туралы ақиқатқа жеткізілетін əдіс, айлалардың түрлері көрсетіледі.

Астрономия. «Астрономия деген бір атпен екі ғылымды түсінеміз, — дейді ғалым. Олардың біреуі — жұлдызнама. Бұл ғылым жұлдыздарға қарап болашақта не болатынын, кейде қазіргі кезде болып жатқан жəне өткенде болған оқиғаларды болжауға арналған. Екіншісі — математикалық астрономия. Астрономияның осы бөлігі ғана математикалық ғылымдардың қатарына жатады, ал қабілет — өнердің бір түрі; ол арқылы не болатынын адам болжамдай алады; мəселен, түс жору, құстың ұшуы бойынша жорамалдау, бал ашу, т.б. қабілеттер».

Жаратылыстану мен метафизика. Фарабидің анықтауы бойынша, физика, яғни жаратылыстану,— табиғат туралы, оның негізгі принциптері мен бөліктері жайлы, табиғи денелерге тəн акциденциялар туралы, табиғи деректер мен элементтердің өзара əсері жайлы ғылым. Ал метафизика болмыстың жалпы принциптері мен категорияларын зерттейді.

Қала, заң жөніндегі ғылымдар жəне дін ғылымы (кəлəм). Ғылымдардың бұл салалары этика, тəрбие, мемлекет басқару мəселелерімен айналысады.

«Фарабидің энциклопедиясы» ХІІ ғасырда арабшадан латын тіліне екі рет аударылған. Одан кейінгі ғасырларда бұл еңбек толық немесе үзінді түрінде ескі еврей, неміс, ағылшын, француз, түркі, т.б. тілдерге тəржімаланған. Роджер Бэкон, атақты Əбу Əли ибн Сина (980–1037) жəне басқалар тікелей соның əсерімен өздерінің көпке мəлім энциклопедиялық еңбектерін жазған [9].

Ұлы ғұламаның бұл еңбегінің құндылығы, оны басқа халықтардың өз қажетіне жаратып, оның еңбек заңдарына, еңбек адамдарының өз жұмысына саналылықпен, ұқыптылықпен қарап, өндірісті дамыту, еңбек өнімін, жеке адамның еңбекке құштарлығын, ьнта-жігерін арттыру мақсаты көзделгендігінде.

«Ғылымдар энциклопедиясында» ойшыл ғалым Аристотельден өзіне дейінгі 1300 жылдай уақыт ішінде өркендеген ғылымдарға талдау жасаған, пəнін тағайындаған, мазмұнын анықтаған, үйрену жəне үйрету жолдарын белгілеген. Бұл еңбек Фарабиден кейін де 500 жыл бойы Шығыс, Батыс оқымыстыларының қолынан түспес кітабына айналды. Жоғары мектептерге ғылым негіздері жөніндегі басты оқулық болды.

Ұлы ойшылдың еңбектерінің бəрін де философиялық тұрғыдан қарауы

Араб мəдениетінің философиялық екі тарауы болған деп саналады. Оның бірі ертеден келе жатқан теологиялық-мистикалық, дүниеден безуші — аскеттік-дəруіштік ағым; екіншісі дүние кілтін табиғатты зерттеуші адам ақылынан іздейтін ақли (рационалдық) ағым.

Ғылым мен білімнің өркендеуіне ақли ағымның зор əсер еткені мəлім. Осы айтылған ақли —рационалдық ағымның негізін салушы ретінде көбіне үш адамның — əл-Кинди, əл-Фараби, Əбу Əли Ибн Синалардың есімдері аталады. Араб мəдениетінің негізін салушы осы үш философ. Фараби алғашқы жаңа талап кезінде əл-Кинди еңбегімен танысып, содан əрмен қарай өрлей бастаған болса, кейінгі Əбу Əли ибн Сина да өзінің философиялық бағытын Фараби еңбегінен бастаған. Фарабидің атағы философ ретінде Аристотель, Платон сияқты ірі философтардың еңбектерін талдаумен əйгілі болады.

Əл-Фараби өзінің «Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат» атты еңбегінде Аристотельдің философиясын меңгеру үшін қажет болатын тоғыз шарты жайлы өз пікірлерін ортаға салған. Оның пікірінше, тұңғыш рет грек философы Пифагор философиялық бағыттың алғаш негізін құрастырған.

Фараби    философия   саласы    бойынша    грек    ойшылы    Аристотельдің   «Категориялар»,«Метафизика», «Герменевтика», «Риторика», «Поэтика», бірінші жəне екінші «Аналитика»,«Топикасы» мен «Софистикасына» түсініктемелер жазды. Ол еңбектері күні бүгінге дейін де маңызын жоғалтқан жоқ. Сөйтіп, Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мəдениетін таныстыруда үлкен рөл атқарды [10; 31].

Фараби Аристотельдің философиясына түсініктемелер жаза отырып, өз тарапынан да «Ғылымдардың шығуы», «Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбегі», «Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Музыканың үлкен кітабы», «Философияны аңсап үйрену үшін алдын ала не білу қажеттігі жайлы», «Ақылдың мəні туралы», «Əлеуметтік-этикалық трактаттар», «Философиялық трактаттар», т.б. сол сияқты көптеген философиялық еңбектер жазған.

Əл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы трактат» деген еңбегінде адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларында «өсімдік жаны», «хайуан жаны», «адам жаны» деп жүйелейді.

Осы трактатында «Қайрат», «Ақыл» жəне «Жүрек» сияқты ұғымдарға түсінік бере келіп:

«Жүрек — басты мүше, мұны тəннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес» [11], — деп жүрекке шешуші мəн береді.

Əл-Фарабидің «қайрат», «ақыл» жəне «жүрек» жайындағы философиялық ой-пікірлерін Абай өзінің «Əсемпаз болма əрнеге»... атты өлеңінде де əрі ойшыл-кемеңгер, əрі аса дарынды сөз зергері ретінде оқырманға зор шеберлікпен жеткізген [12]:

Əсемпаз болма əр неге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де — бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан!

Қайрат пен ақыл жол табар,

Қашқанға да, қуғанға.

Əділет, шапқат кімде бар,

Сол жарасар туғанға

Бастапқы екеу соңғысыз,

Біте қалса қазаққа,

Алдың — жалын, артың — мұз,

Барар едің қай жаққа?

Пайданы көрсең бас ұрып,

Мақтанды іздеп, қайғы алма.

Мініңді ұрлап жасырып,

Майданға түспей бəйгі алма.

Өзіңде бармен көзге ұрып,

Артылам деме өзгеден.

Күндестігін қоздырып,

Азапқа қалма езбеден.

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас

Үйретуден балаға.

Абай ақыл мен қайраттың иесі болған адамды «жарты адам» дейді. Өйткені ондай адам тек «суық ақыл» мен «жүгенсіз қайраттың» ғана өкілі болып табылады. Ал бойына осы екі қасиетпен қоса қабат əділет-шапқат (жүрек) біткен адам ғана «толық адам», яғни ол енді «нұрлы ақылдың» өкілі деп танылады.

Əл-Фараби өзінің «Интеллект (сөзінің) мағынасы жайында» деп аталатын зерттеуінде [13] адамның ақыл-парасат мүмкіндігіне жан-жақты талдау жасай келіп, оны «потенциалды интеллект», «актуалды интеллект», «жүре келе дарыған интеллект», «əрекетшіл интеллект» сияқты философиялық категорияларға бөліп-бөліп талдайды. Əл-Фараби «жүре келе дарыған интеллект» туралы айта келіп, адам туғаннан ақылды, білімді болып тумайтынын, интеллекттің өзі жүре келе, есітіп, көріп барып қана дамитынын ескертеді.

Ғұламаның интеллект жөніндегі философиялық ой-тұжырымын араға тоғыз ғасырдай уақыт салып барып, қазақ қауымының жаңа тарихи жағдайында Абай Құнанбайұлы зор білгірлікпен жалғастыра түскен [13].

Фарабидің философиялық еңбегін талдау деген сөз — оның барлық ғылыми табыстарының қорытындысын шығару деген сөз. Ол өзінің еңбектерінің бəрін де философиялық тұрғыдан қарайды. Кейбір табиғи құбылыстарды талдаған қағидаларында оның табиғат зерттеуші ғалымдығы мен ойшыл философтығы арасын айыру өте қиын.

Философия жөнінен алғанда Фарабиді Аристотельдің шəкірті дейді. Оның шындығына біз де таласпаймыз. Фараби Аристотельді (Арстулаизды) аса жоғары бағалаған. Əсіресе, оның логикасын жақсы көріп: «Бұл кітапты жүз мəртебе оқыдым, тағы оқысам деген ойым бар» деп жазады ол.

Сонымен қатар Фараби Аристотель қосымша математика мен табиғат ғылымдарына сүйенуі қажет еді дейді. Ол Аристотель ілімін толықтырды, сынады, талдады, дамытты. Осылардың арқасында өзінің философиялық жүйесін салып кетті. Оның философиясы ертедегі гректердің антикалық философиясы емес, онан басқаша қасиеттері бар. Сол себептен оны философия демей, фалсафа деп өзгеше мəн береді. Бұл кезде Аристотельдің еңбегін талдау, сынау, дамыту түгіл, тіпті оның еңбегін дүние жүзінің көптеген ғалымдары түсініп оқудың өзін арман ететін. Осы жайды ескергенде, Фарабидің Аристотельді сынап, оны толықтырып еңбек жазуы аса зор оқиға еді. Фарабидің философиялық дəрежесіне Батыс елдерінің философтары тек көптеген ғасыр өткеннен кейін ғана жете алды. Ал оның Аристотельдің философиялық іліміне геометриялық-физикалық анализді ғылыми арқау ету керек деген тамаша батыл пікірі — оның асқан даналығының көзі болғанын көрсетеді.

Фараби өзінің «Философияны үйрену үшін қажетті шарттар туралы рисала» деген еңбегінде:

«Айналаңдағы табиғат дүниесін адамдық адал ниетпен зертте, онан тапқаныңды ақыл таразысына салып өлшеп ал, логиканың қисыны мен геометрияның айнымас дəлелдік үлгісіне сал. Осылардың сынынан өткен нəрсе шындық жолға апаратын нысана болмақ. Философия атты ақиқат табуға арналған ұлы ғылымға сол нысаналар алып барады», — дейді.

Өзінің Евклид еңбегіне берген бір сынында ноқат, сызық, жазық деген түсініктердің барлығы денеде болатын, содан алынған түсініктер деп ашық айтады да, соны дəлелдейді. Демек, бұл арада Фараби Платонның дерексіз жайға соғатын көмескі ойларын түзетеді. Сонымен қатар ол Аристотельдің логикалық қағидаларына геометриялық дəлді əдісті жанастыруға тырысады. Аристотель мен Платон арасын жақындастыруға тырысқан ойдың түпкі өзегі осында болу керек деп білеміз. Басқаша айтқанда, материалдық дүниені математикалық логика арқылы тану керек деген қорытынды шығады. Бұл арада Фараби Аристотельге де, Платонға да жүгініп отырған жоқ. Ол Аристотель мен Платонның жəне басқаларының еңбектерін табиғатты акли көзбен тану тұрғысынан қарап, еркін түрде, өзінше саралап отыр. Сонымен бірге Фараби дүние танудың акли тұрғыда түсінуде жаттама (догмалық) жолдың жарамсыз екенін көрсетеді.

...Замана, өмір, тұрмыс, ғылым, мəдениет барлық жерде бірдей емес, өзгермелі. Адамның жеке басында субъектив мінезі тағы бар. Осылардың баршасына бір ғана жаттанды абстракты догма өлшеуімен келуге болмайды. Олардың əрқайсысына өзінің нақтылы қалпына қарай анализ (талдау) жасайтын əдістер ұғымы керек.

«Ғылымдардың шығуы», «Ғылым меруерті» деген еңбектерінде де Фарабидің осындай ойлары айқын көрініп отырады. Ел билеу, саясат жөнінде де ол Аристотель мен Платонның ешқайсысына қосылмайды. Мысалы, Фараби өзінің «Қайырлы шаһардың адамдары» («Арə аһл əл-мадинате əл-фасилате») деген еңбегінде осы тақырыпта жазған Платонға қосылмай, мəселені өзінше шешеді.

Ұлы философ өз заманының дəстүрі бойынша барлық материалдық дүниенің басын жалғыз Жаратушыға апарып тірейді. Осы жағынан алып қарағанда оның философиясында идеализм бар екені рас. Ақиқатында, бұл оның зор жетістігі еді. Өкінішке орай, Кеңес кезінде мұны діншілдік деп түсіндіріп келді. Фараби көптеген мəселелерде дұрыс ғылыми көзқарасқа жетіп отырады. Дүниенің даму жолдарын бірталай еңбектерінде дұрыс түсіндіреді. Осы еңбектерінің арқасында ол адам баласының мəдени өсуіне, рухани дамуына зор атсалысып, Екінші ұстаз атанды.

Фарабидің ұлы ұстаздығын тек Шығыс елдері, араб халықтары ғана танып қойған жоқ. Оны Батыс елдерінің Қайта Өркендеу дəуірінің алғашқы кезеңіндегі ұлы адамдарының бəрі де таныды. Мысалы, Бэкон, Леонардо да Винчи, Коперник, Кеплер, Лейбниц сияқты ғалымдар одан көп үлгі алған.

Еуропалық шығыстанушылар мен тарихшылардың пайымдауынша, əл-Фараби сондай-ақ Шығыс философиясының да негізін қалаушы. Олар ұлы кемеңгердің келелі пікірлерінің астарларына үңіліп, көп зерттеген. Əл-Фарабидің ойшылдығына тəнті болған.

Əсіресе ғұламаның «Жоғары табиғатты тану негізі» еңбегі бүкіл Шығыс философиясының тереңдігін, көне тылсымын қорытқан еңбек болды. Фарабидің осы еңбегін түсіну арқылы Шығыс əдебиетіндегі көптеген аңыз, мифологияны танып-таразылауга болады.

Бұл шығармада келтірілген ғалымның пікірлерінің құндылығы сонда — ол философиялық ой-толғаныстарын ежелгі грек философтары Аристотель, Платондардың пікірлері негізінде өрбіте отырып, сол пікірлерді ислами негіздерге орайластырған.

Əл-Фарабидің діни философиялық туындылары

Философия мен дін, олардың қарым-қатынасы — Əбу Насыр əл-Фарабиді толғандырған күрделі мəселелер. Мəңгілік пен осы дүниелік, өмір мен өлім, адам мəселелері, философия мен діннің ара- қатынасы ойшылды көп толғандырған.

Тəуелсіздік аясындағы Қазақстан ғылымының діни дүниетанымға басымдылық берген тұсында, Фарабидің ғылыми мұраларын, діни философиялық толғауларын ғалымның ұлы тұлғасын пайымдай отырып зерттеудің жаңа бағыттары қолға алына бастады.

Мəселен, ұлы ойшылдың «Дін туралы кітап жəне өзге де мəтіндер» еңбегі ғалымның діндар адам болғандығын нақтылай түсетін бірден бір туындысы болып табылады. Фарабитанушы Ғалым Мухсин Маһдидің басшылығымен Бейрутта 2 рет жарыққа шыққан аталмыш еңбектің (араб тілінде) 89–92- беттерінде кездесетін «Əбу Насыр əл-Фарабидің ұлы дұғасы» атты трактаты ұлы ғалым дүниетанымының мəн-мағынасын аша түседі.

Данышпанның аталмыш еңбегінің алғашқы мəтіні «Дін кітабы» деп аталады жəне ол «Дін анықталған көзқарастар мен іс-əрекеттер тізбегі» деген дінге берген анықтамасымен басталып, кейінгі кезекте осы көзқарастар мен іс-əрекеттерді жіктейді. Іс-əрекеттерді жіктеуде ғалым:

«Алланың құдіреті мен ұлылығын дəріптейтін іс-əрекеттер мен оң пікірлер басты орынға шығады. Одан кейінгі орынды көсемдер мен періштелер иеленеді» дейді. Діндегі іс-əрекеттер, Фараби бойынша, тек қана дене арқылы жүзеге асатын əрекеттер емес, сонымен қатар дұға жасау, зікір ету сияқты тілмен айтылатын құлшылықтардан тұрады. Бұдан, əл-Фарабидің «Алланың құдіреті мен ұлылығын дəріптейтін оң пікірлер ...» деп басталатын дұға жазғандығы анықтала түседі [14].

Əл-Фараби əрдайым пəни дүниелік пендешілік қасиеттерден қалыс қылуын сұрап Алла Тағалаға шынайы түрде жалбарынатын. Ол күндіз-түні дұға қылатын. Жаратқаннан күнə-қателіктерден тазартып, айқындыққа бастайтын таза ақыл нəсіп етуін сұрайтын. Тегінде тылсым дүниенің құпия- сырларын білуге деген зор ынтықтық оны түрлі білімдерге жетеледі, даналық пен хикметтің саф бұлағынан сусындатты.

Алла Тағалаға деген шексіз сенімі мен ықыласын ғұлама дəйім аузынан тастамайтын мына бір мінəжат-дұғаларының бірі арқылы былайша жеткізетін [15]:

«Уа, Алла! Уа, болуы сөзсіз міндетті, һəм болуының ешбір себеп-салдары жоқ, əзəлдəн (басталуы жоқ мəңгіліктен) бар, əзіз Илəһім! Пендеңнен надандық пердесін сыпырып, пəнилік кінəраттардан пəк ете гөр. Өзің разы болатын іс қылуды нəсіп ет!

Уа, Алла! Мəртебемді биік ет! Əр ісімнің соңын қайырлы қыл! Мақсат-мұраттарымды асыл қылып, іске асыр! Уа, шығыстар мен батыстардың Иесі!

Уа, Раббым! Бойыма тектілік пен бекзаттықты сіңіргейсің, пайғамбарлардың кереметтерін көрсеткейсің, байлардың бақытын бергейсің, данышпандардың даналығын дарытқайсың, тақуадарлардың тақуалығын танытқайсың!

Уа, Алла! Пəни жалғанның ғапылдығынан сақтап, таза ақылдың иелерінен қылғайсың!

Аспан əлемінің тұрғындарының əулиелігіне, шыншылдар мен шəһидтердің мəртебелеріне жеткізгейсің.

Шын мəнінде Сенен басқа ешбір Құдай жоқ.

Əр нəрсенің себеп-салдары Сенсің, аспан мен жердің нұры Сенсің!

Маған ақиқатты ақ қылып көрсет һəм соның соқпағындағылардан қыл!

Жалғанды жалған етіп көрсет һəм оның жолынан жырақ қыл!

Уа, Алла! Өзіңе деген тақуалығымды адасудан арашалайтын алдаспаным қыл!

Расында, Сен əрбір нəрсені толық Білушісің!

Уа, Алла! Нəпсілік нақұрыс сипаттардан, надандықтан құтқара гөр!

Өзіңнің биік дəрежелеріңе жеткізіп, дəргейіңе жақындат!

Уа, Алла! Өзің сыйлаған рухымды тазартып, сол аркылы жарылқа.

Даналықтың ең биік деңгейіне жеткізіп, пəкизат періштелеріңнің əлеміне жақындат!

Уа, Раббым! Өткінші қызықтарға қарсы күресімде өзіме ыстық қайрат, керемет күш-қуат бер!

Туралыққа бастап, иманымды тақуалықпен берікте!

Жанымды дүниеге деген құштарлықтан құтқарып, пəнилік пенделіктен, ластықтан айықтыр.

Жанымды биік рухтардың əлеміне бастағайсың!

Шынында мені туралыққа бастап, қамқорлыққа алатын, пана болатын тек бір Өзіңсің!».

Əл-Фарабидің ойынша, дүние мəңгілік мекен емес, өткінші, жалған əлем. Сондықтан да əрбір ақылды жан осынау жалған пəни дүниені тəрк етіп, рухани тазалыққа, бекзаттыққа бет бұруы тиіс.

Əл-Фарабидің əлеуметтік-этикалық тақырыптағы шығармалары

Əбу Насыр əл-Фарабидің этикалық трактаттарын, солардың ішінде «Бақыт жолын сілтеу», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері», «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары» атты еңбектерін оқып, талдау барысында байқайтынымыз, ойшыл ғалым қарапайым ұғымдар арқылы адамның бойындағы кез келген мінез-құлықтардың, əдеттер мен түрлі қасиеттердің тумысынан емес, жүре келе, бірте-бірте барып қалыптасатынын логикалық жүйелілікпен баяндап, дəлелдеп берген.

Энциклопедист-ғалымның əлеуметтік-этикалық мəселелерді қозғайтын ой-толғаныстары көп. Мəселен, ол мынадай мəселелерді сөз етеді: адам өмірінде кездесетін жəне онымен тығыз байланыста болатын нəрсе, оны мадақтауға немесе жазғыруға болмайтын жағдайлар жəне мадақтауға немесе жазғыруға болатын жағдайлар. Мадақтауға немесе жазғыруға болмайтын жағдайларда адам бақытқа жете алмайды. Ал əрі мадақтауға, əрі жазғыруға болатын жағдайлардың жиынтығы қосыла келгенде адам бақытқа жетеді. Əрі мадақтауға, əрі жазғыруға жеткізетін жағдайларды ғұлама үшеу дейді. Олар: 1) Əрекеттер. Адам өзінің дене мүшелерін пайдалану үшін керекті əрекеттер. Мысалы, тұру, отыру, көру, есту т.б. 2) Жан аффектілері. Мысалы, рахат, қуаныш, өкініш, ашу, қызғаныш т.б.

  • Ақыл-парасат. Бұл адам өмірінің бүкіл бойында болады немесе кейде болады, кейде болмайды [16].

Əл-Фараби «жақсы немесе жаман ақыл-парасат тудыратын күйдің түрі екеу» дейді. Оның біреуінің арқасында жақсы ақыл-парасат туады жəне мұның өзі ақыл күші деп аталады; екінші түрінің арқасында жаман ақыл-парасат туады, бұл ақыл кемдігі деп аталады.

Əл-Фараби өз зерттеулерінде этика, мораль мəселелеріне ерекше назар аударып отырған. Этиканың зерттеу нысанасы — мораль, мінез-құлық, əдептілік нормалары екенін жан-жақты дəлелдеген. Əл-Фарабидің айтуы бойынша, этиканың ең жоғары категориясы бақыт болып табылады [4; 205].

«Бақыт» — Фарабидің негізгі мəселесі, саяси философиясы.

Ғұлама ғалым «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері» жəне тағы басқа саяси-əлеуметтік трактаттарында қайырымдылық пен бақыт мəселесіне кеңірек тоқталған.

Бақыт дегеніміз — ол абсолюттік игілік. Фарабидің айтуынша, адамдар көп нəрселерді өзінің өмірінің мақсаты мен негізі деп ойлайды. Олар — өзіне ұнайтын, керекті нəрселер, мысалы: ақша, атақ, тағы басқалары. Адам бақытты ешбір жағдайда басқа күш арқылы емес, тек теориялық ақыл- парасат күші арқылы ғана пайымдайды. Бақытты дұрыс түсінетін адамдар — данышпан адамдар [5; 115, 116].

Бақытқа жетудің маңызды шартын, əл-Фараби адамның əрекетті таңдау жəне осы істеген əрекеттің өз ырқына негізделуінде. Əл-Фараби адам ырқының еркіндігіне, жақсы мен жаманды еркін таңдауына көп маңыз артады. Ерік еркіндігі жан парасаттылығымен анықталады жəне ол тек адамға тəн, адамдағы ізгілікті қалыптастыратын жəне күшейтетін қажетті шарт.

Ойшыл данышпан тек бақыт туралы нақты білімі бар, оған жету жолдарын айқын білетін, соған сəйкес əрекет жасайтын қауым ғана қайырымдылыққа икемді екенін ескерткен.

Ғалымның мұрасында əсемдік мəселесі ерекше орын алады. Сұлулықты, үйлесімділікті сұлулық пен сəнділіктің жоғары дəрежесіне ие Алла ғана жасай алады деп дəлелдейтін мұсылман идеологтарына қарағанда, Əбу Насыр ізгі істі іздеуге жəне жасауға тек адам ғана қабілетті деп дəлелдейді: «Адам рухани ізгілігіне байланысты ғана жағымсыз жəне ізгі істерге барады», «Адамға қысқа ғана ғұмыр берілгенмен, ол қас-қағымды көп екен деп есептейді, адамдар бір-біріне азап шектіре отырып бірімен-бірі жауласады, бір-бірімізді қашанға дейін азап шектіре береміз. Табиғатта əсемдік мəңгі өмір сүреді, ал қайталау түрінде пайда болатын өнердегі ізгілік пен сұлулық адамнан ғана шығады».

Əл-Фарабидің эстетикасында əсемдік пен пайдалылық, сұлулық пен пайда бірімен-бірі үйлесімді түрде тұтасып кеткен, бірінен-бірі бөлінбейді.

«Адам ақыл-ойының арқасында ғана адам болды», — дейді ғұлама.

Фарабидің астрономия мен астрология жөніндегі еңбектері

Əл-Фарабидің аса зор нəтижеге жеткен ғылымдары — астрономия мен геометрия. Ол оптикалық аспаптар жасаған. Оның ішінде ойыс парабола айна, уақыт өлшегіш күн сағаты бар. Осы ойыс парабола (арабша: «мухарак», оны еуропалықтар «фокус» деп аударған.) Еуропаға əл-Фарабидің шəкірті ибн Хайтам арқылы Кеплерге жеткен екен. Əл-Фарабидің күн сағатын жасау əдісі осы күнге дейін қолданылады. Ғылымда көлеңке өлшеу əдісі, күн сағаты арқылы жердің меридианын табу əл-Фараби əдісі деп саналады. Сондай-ақ ғалым сфералық тригонометрияға негіз салған.

Астрономия ерте замандардан бастап-ақ барлық ғылымдардың атасы болып саналған. Өзінің еңбектерінде бүкіл ғылымдар саласын түгел қамтыған Фараби заманындағы барлық астрономиялық жəне астрологиялық еңбектерді тегіс оқып шыққан. Мысалы, Фараби Птолемейдің атақты

«Алмагест» кітабын арабша аудармасы бойынша да, өзінің грекше түпнұсқасы бойынша да толық білген. Сонымен қатар өз заманындағы астрономиялық обсерваторияларда болып, бақылау жүргізген деп білуге болады. Оның бұл сияқты істері жөнінде біздің қолымызда қазір анық мəлімет жоқ. Бірақ оның астрономиялық құбылыстар мен астрологиялық жорамалдар туралы жазғандарына қарағанда, оның бұл мəселелер жөніндегі ғалымдар арасындағы беделіне қарағанда, Фараби астрономия ғылымының барлық саласын қолынан өткерген адам екені айқын.

Мысалы, оның «Астрология заңдарының анығы мен танығы туралы» деген рисаласын алайық[17; 21–22].

Бұл еңбек Фарабидің замандасы, атақты ғалымдардың бірі Əбу Исхақ Ибраһим бин Абдулла əл- Бағдадидің алғы сөзімен басталады. Əл-Бағдади астрология ғылымын білуге құмар болған. Қалайда оның сырын ашуға барлық ынтасын қойып, сол жөнінде жазылған барлық кітаптарды қалдырмай тегіс қарап шығады. Мұнымен қатар астрологияға өзінің қатты сенгенін айтып жазады. Ал астрологиядағы жаңсақ пікірлерді, айтқаны келмеушілікті бақылаудан болған кемшіліктен немесе астролог-астрономның білімінің шалалығынан деп түсінетінін айтады. Егер осы кемшіліктер жойылатын болса, ғылым дұрыс жолға қойылып, астрологияны қолдану арқылы табиғаттың жасырын сырлары ашылар, тамаша табысқа қол жететін болар деп сенген едім, — дейді. Əл-Бағдади: барлық математикалық білімім мен астрономиялық өнерімді салып есептеп, түрлі аспаптармен бақылаулар жүргіздім, көптеген мəліметтерді пайдаланып, астрология қағидаларына қолымды жеткіздім-ақ қой деп үміттендім, — дейді. Бірақ ойына алған мақсаты барған сайын алыстап, астрологияға күдіктене бастайды да, астрологияның арғы тегін, ерте замандардағы ғалымдардың, данышпандардың кітаптарын қарастырады. Бірақ олардың ішінен де қазіргі астрологияны ақтайтын ешқандай дəлел таба алмайды. Ол үміті кесіліп, астрологияға сенер-сенбесін білмей қобалжып жүргенде Əбу Насыр Фарабиге жолығады. «Онымен көп сөйлесіп, кеңескеннен кейін мен оған астрология жөніндегі пікірін жазуға сұрадым. Ол жазды, мен оны оқыдым. Сонан кейін ғана жүрегім орнына түсіп тынышталдым, анық пен танықтың арасын айыратын болдым», — дейді.

Фараби астрономия мен астрологияны өте терең білген адам. Орта ғасырдан бастап дүние жүзіне тараған астрологияның бетін ашып, сырын шешкен осы Фараби болып саналады. Бірақ ол астрологияны үйретіп, оны қолдануды көздеп, түзету енгізген емес. Оның шын мағынасында негізі қайдан шыққан, шындығы мен өтірігі қайда, осыны көрсету мақсатын көздеді. Бал ашу кітабы

«Талиғынаме» («Гороскоп») бойынша болашақты білуге болады деушілердің ісін Фараби ашықтан- ашық надандық немесе адам аулаған арамзалық дейді. Осы пікірін ол жалпы астрономиялық, математикалық-логика əдісімен дəлелдейді.

Фараби астрологияны өзінің ақыл елегінен өткізіп, зерттемей тұрып, одан сырттай безген жоқ.

Ол астрологияның жалғандығына əбден өзінің көзін жеткізген соң ғана одан біржола қол үзді.

Астрологияның орта ғасырларда жəне кейінгі замандарда, тіпті осы күнге дейін елдерге көптеген адамдардың басын қатырып келе жатқаны мəлім. Осыған қарап, Фарабидің ғалымдық дəрежесі өз заманынан мың жылдай озық, əрі асқақ тұрған ұлы ойшыл екеніне көзің жетеді.

Жалпы астрология негізін, оның ішінде Фарабидің оған көзқарасын талдау өте қызықты жəне ғылымға аса қажет.

Планеталардың салыстырмалы жүрісін Фараби былай түсіндіреді: Ай шапшаң, Сатурн (Зұхал) баяу жүреді деп саналады. Оның себебі Ай бізге ең жақын планета, Сатурн алыс планета. Сондықтан оның айналыс жолы (орбитасы) қашық, бізге оның жүрісі жай болып көрінеді. Расында, керісінше болуы да мүмкін, бəлки, Сатурнның жүрісі Айдан шапшаң да болар деген пікірді айтады. Осы пікірдің өзі аспан денелерінің қозғалысы жөнінде Фарабидің дұрыс бағытта болғанын көрсетеді [17; 22].

Фарабидің астрономия мен астрология жөніндегі еңбектері өз алдына талдап, зерттеуді керек етеді. Оның астрономия-астрология жөніндегі пікірлері бүтіндей ғылым тарихымен, қала берді Шығыс елдерінің, оның ішінде Орта Азия мен Қазақстанның ертедегі мəдени мұраларымен астасып жатыр. Осы арқылы біздің халқымыздың жыл қайыру, есептеу, аспан «ертегілерін» талдау мəселесінің талай тамаша жұмбақтары шешілмек.

Ғұламаның физика, медицина, биология салаларындағы туындылары

Əл-Фарабидің физика саласындағы көрнекті еңбегі — «Вакуум» туралы деп аталады. Мұнда ол табиғатта вакуум (бостық) жоқ екенін ежелгі грек оқымыстыларында да сирек кездесетін тəжірибелерге (экспериментке) сүйенген логикалық қорытындылар арқылы дəлелдеуге тырысады. Бұл еңбегінде ол вакуум проблемасынан басқа да физиканың əр түрлі мəселелерін қарастырып, сол кездегі ғылымның деңгей-дəрежесіне сай шешімдерін тауып беруге тырысады. Олардың ішінде түсірілген кернеу-күшке, қысымға байланысты ауаның көлемінің ұлғаю немесе кішірею құбылыстарының заңдылықтары, ол күштің жан-жаққа берілуі жəне басқалар бар [10; 54, 55].

Данышпан ойшылдың медицина, биология ғылымдарына да үлкен мəн бергені мəлім болып отыр. Ол, əсіресе, бұл ғылымдарды теориялық философиялық тұрғыда негіздеуге көп күш жұмсаған.

Əл-Фарабидің шығармашылық мұраларындағы медицина сауалдары бойынша шығармасы ғалымдарға осы ғылымның теориялық қайнар көзінің негізгі білімімен жəне оның тарихымен жете таныстығын көрсетеді. Оның дəрігерлік-философиялық ойлары тек соңғы жылдары ғана «Адам [тəнінің] мүшелері туралы» жəне «Галеннің Аристотельмен адам тəніндегі мүшелер жөніндегі оның келіспеушілігі туралы қарсылығы» трактаттарын орыс тіліне аудару жəне оқып-білуге байланысты ғалымдардың зерттеу тақырыбына айналды. Осы еңбектерден басқа əл-Фарабидің медицина мəселесіне арнаған тағы бір шығармасы — «Жануарлар [денесінің] мүшелері, олардың қызметтері мен потенциясы туралы» [18].

Ұлы ғұламаның бұл еңбектерінен — атақты ғалым, Фарабидің шəкірті, медик Əбу Əли ибн Сина (Авиценна) тəлім алған. Мəселен, оның «Медицина негіздері» атты əйгілі шығармасы теориялық- əдіснамалық жағынан ұстазының «Адам ағзалары жайлы» трактатына өте жақын келеді.

Фарабидің жақсы дəрігер болғаны белгілі. Оның пікірінше, дəрігердің медицина өнеріне жетілуі мынадай нəрселерді білуге байланысты. Біріншіден, адам ағзаларының ерекшеліктерін білу — медицина мен табиғат зерттеушілерге ауадай қажет. Екіншіден, саулықтың өлшемін (критерийін), оны дұрыс сақтау жəне қалпына келтіру үшін қолданылатын шараларды білу керек. Үшіншіден, ол аурудың түрлерін білумен қатар, оның себептерін, əсіресе, кеселді жоятын жолдарды білуге, организмдегі аурудың əрекетін бақылауға алуы тиіс. Төртіншіден, дəрігерге сау жəне сырқат мүшелердің айырмашылықтарын айқындау, оның басты белгілерін білу, ішкі мүшелерді зерттеу қажет. Бесіншіден, тамақтану тəртібін, дəрі-дəрмекті (фармакология) қолдану жолын жəне күрделі дəрілердің ерекшеліктерін, олардың əсерлілігін арттыратын барлық құралдарды білу қажет. Алтыншыдан, ауру адамның денсаулығын нығайтуға себепші болатын əсер заңдарын білу жəне қолдану жолдарын меңгеру керек [19].

Қорыта айтарымыз, əл-Фараби сауатсыздық жайлаған заманда жаратылыстану ғылымдары ішіндегі ең сүбелілерінің бірі – медицина туралы қызықты пікірлер айтып, бұл ғылымның деректерін адамның тіршілік қажеттеріне пайдалануды қарастырған. Ұлы ғұлама медициналық мəселелерді психология ғылымымен жақындастыруды ерекше мақсат еткен.

Асыл тастарды, минералдық заттарды Фараби негізінен алғанда су ерітінділерінен пайда болады деп білген. Ол алхимияны да үйренген адам. Бірақ оның астрологияға байланысты, сиқырға сенетін жерін қабыл алмаған.

Бұл ғылымның негізгі мақсаты — «жаман» металдарды алтынға айналдыратын «философиялық тас» табу немесе адамға мəңгі өмір берерліктей «өмір өзегін» жасау болған. Фараби «Алхимия өнерінің қажеттілігі туралы» деп аталатын арнайы трактат жазып, алхимия өнерінде не дұрыс жəне не теріс екендігін ашып беруге тырысқан.

«Музыканың ұлы кітабы» — əл-Фарабиді əлемге танытқан, музыка теориясына арналған шығармаларының бірі

Əл-Фараби музыка саласында да іргелі еңбектер жазып қалдырған. «Музыканың ұлы кітабы» деп аталатын еңбегі жарық көрген соң-ақ, оны дүние жүзінің барша ғалымдары Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» деп таныған.

1200 беттен тұратын бұл кітаптың екі томын француздың белгілі шығыстанушысы Р. Эрланже 1930–1935 жж. өз тіліне аударған.

Ғұлама бұл еңбекте математикалық тəсілдер пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге əкелген. Қазір музыкада жеті нота болса, əл-Фарабидің еңбегінде нота саны — 12. Сол бес нотаны əлі күнге дейін ешкім тапқан жоқ.

Трактат негізгі төрт бөлімнен тұрады. А. Көбесовтің жіктеуінше, олар мыналар: а) «Музыка өнеріне кіріспе»; ə) «Музыка өнерінің теориялық негіздері»; б) «Музыкалық аспаптар»; в) Музыка композициясы [20].

Əл-Фараби «канун» деген музыкалық аспап ойлап тапқан. Цитраға ұқсас құрал да шығарған. Оған интервал бөлімдерін өлшеп, əуендердің кемел түрін анықтайтын кескіндері бар сызғыш қойған.

Ойшыл ғалым музыканың тек теориясын зерттеп қана қоймаған. Ол сондай-ақ тəжірибе жүзінде де қолданып, көптеген аспаптарда тамаша ойнаған. Оның шебер орындаушылығы жөнінде Шығыс халықтары арасында күні бүгінге дейін айтылып жүрген көптеген аңыздар бар.

Үндістанда жүрген бір күні əл-Фараби Патша əскерінің киімінін киіп алып, жай адам ретінде Үндістандағы ең атақты адам Патша Суффиудиннің үлкен соты өтетін бөлмеге кіреді. Патша өзінің бөлмесінен қарапайым адамды көріп таң қалып, ол не істеп жүрген адам деп білгісі келеді.

  • Сіз қайда болуға тиістісіз? — дейді патша.
  • Мен ана сіз отырған тақта отыруға тиістімін, — деп жауап береді. Сөйтіп тақтың қасына барып, оның бір шетіне отырады. Патша қатты ашуланып, күзетшілердің бірін шақырып, оған түсініксіз тілде бір нəрселерді сөйлейді. Ол «мына адамның есі дұрыс емес болуы керек немесе адамды таңдандыратын ғажап адам шығар. Мен бірнеше сұрақтар қойып, қандай адам екенін білейін», дейді. Патша сұрақ қою үшін əл-Фарабиге бұрыла беріп еді, ол аузын ашқанша «Патша сіз неге мазасызданасыз?» деп патша сөйлеген тілде сұрақ береді. Осы мезеттен бастап патша мен əл-Фараби бірнеше сағат бойы үздіксіз философиялық таласқа түседі. Бұл дебатқа Үндістанның ең атақты философ-шешендері қатысады. Олардың бəрі əл-Фарабиді сүріндіре алмай, таласта жеңіліс табады. Ақырында патша жеңілісін шын жүректен мойындап, «не қалайсың, сұрағаныңды үлкен ризалықпен берем» дейді. Əл-Фараби «ештеңе керек емес» деп жауап береді. Содан патша əлемдегі ең мықты музыканттарды жинап, қонақтың құрметіне музыка ойнаңдар деп бұйырады. Музыканттар ойнап жатқандa əл-Фараби оларды тоқтатып, аспаптарының құлақ күйін басқаша келтіреді. Содан музыканы қайта ойнап шығуды сұрайды. Бұл жағдай жиі қайталанады. Ақыры болмаған соң патша өз музыканттарын қуып жібереді де, Фарабиден «менің музыканттарымды жақтырмадың, енді өзіңнің олардан артық екеніңді дəлелде», дейді. Фараби қалтасынан кішкентай үш шек алады да, шат- шадыман музыканы ойнай бастағанда тыңдап отырғандар бірі орындықта, бірі отырған жерінде Фарабиден басқасы шетінен тəтті ұйқыға кетеді. Осы кезде Фараби бөлмеден жaйлап шығып кетеді. Содан кейін оны ешкім көрмепті. Патша оянғаннан кейін қанша іздетсе де, таппапты [21].

Арабтар Фарабидің музыкалық шығармаларын осы уақытқа дейін пайдалануда. Сондықтан да араб музыкасының жалпы тарихын жазған белгілі ғалым Г. Фармер: «Барлық ғылымдар саласында əл-Фараби – «Екінші ұстаз». Ал музыка саласын алатын болсақ, əл-Фараби бір өзі ғана бас король болып табылады. Басқаша айтқанда, музыка саласында əл-Фарабиге үлгі боларлық, бірінші ұстаз боларлық адам болмаған» [2; 8], — деген екен.

Қорыта айтқанда, əл-Фарабидің «Музыканың ұлы кітабы» — музыка өнері хақында толық білім беретін қайнар көз. Оқырман бұл кітаптан музыкалық өнердің тəжірибесі жəне теориясы туралы пайдалы білімдерді табады.

Түйін

Қорыта келе айтарымыз, Ұлы бабамыз — Аристотельдің философиясын дамыта отырып, өз тарапынан көптеген маңызды ғылыми еңбектер жазды. Əл-Фараби ғылымының философиялық- логикалық іргетасын дұрыстап қайта қалап шықты. Ол музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізді. Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, география, этика, т.б. ғылымдар жайлы жазған еңбектерінің мəні ерекше зор.

Дүние жүзі мəдениетінің дамуында із қалдырған қайраткерлер осы заманға дейін адамзат мəдениетінің бірлігін паш етіп келеді. Əл-Фараби осындай дүниежүзілік тарихи тұлғалардың санатына қосылады. Ол туған елінің мəдени байлығын, Иранның, Үндістаннің ежелгі дүние мəдениеттерінің жемістерін бойына дарытты. Дəл сондықтан да ол таяз ұғымдар мен соқыр сенімдерден жоғары көтеріле білді. Өзінің ойлау жүйесін сындарлы да икемді ете білді. Əл-Фараби заманындағы өнер-білімнің ең асылын таңдап ала білді. Өз дəуірінің шынайы энциклопедиясын жасап берді. Оның терең мағыналы пікір айтпаған, жете зер салмаған, данышпандық болжам жасамаған бірден-бір саласы жоқ деуге болады.

Əл-Фараби тек Шығыстың ғана емес, Батыстың да ғылым мен мəдениетінің дамуына зор үлесін қосқан энциклопедиялық білімі бар ғалым. Оны толық растайтын мына деректер:

  • 941–942 жж. ғалым «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері» атты еңбегін Бағдадта бастап, 942–943 жж. Шамда аяқтайды.
  • Фараби трактаттарының əрқайсысы өзіндік бір дүние, қағида теория мен əдіс. Солардың бірі 948 ж. Египетте жазылған «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» болып табылады.
  • ХV–ХVІ ғғ. еңбектері Еуропада басылып шыға бастайды. Əл-Фараби еңбектері алғаш рет еврей тіліне аударылды.
  • 1869 ж. Ресейде «Əл-Фараби, оның өмірі мен шығармалары» атты кітапты М. Штейншнейдер жарыққа шығарды.
  • 1895 ж. Ф. Дитерици «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты еңбегін басып шығарды.
  • 1927 ж. Хайдарабадта «Азаматтық саясат» атты еңбегі жарыққа шығады.
  • Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (ҚазҰУ), осы оқу орнының 80 жылдық мерейтойына байланысты, Фараби мұрасын зерттеу қызу қарқын алды. 2013 ж. 23 желтоқсанында университетте «Al-Farabi universitety smart city» ғылыми-инновациялық жобасы жол тартты. Ол əл- Фараби бабамыздың ізгілік қаласы туралы іліміне негізделген. Жобаны жүзеге асыру мақсатындағы басты шаралардың бірі — əл-Фараби мұрасын қалың көпшілікке жеткізуге бағытталған оқу құралын қазақ жəне орыс тілінде дайындау.
  • 2014 ж. ҚазҰУ-дегі Əлем халықтары əдебиеті институты жəне «Əл-Фараби» орталығы бірлесе отырып, Əбу Насыр əл-Фарабидің «Қайырымды қала» мен «Музыка туралы кітап» атты еңбектерінің екі томын, «Ақыл кітабын» («The Book of Mind» орыс жəне ағылшын тілдерінде) жəне «əл-Фараби туралы кітап» жинағын жарыққа шығарды.
  • 2014 ж. мемлекет Басшысының тапсырмасымен қолға алынған «Халық — тарих толқынында» бағдарламасы аясында тарихшыларымыз Испания музейінен əл-Фарабидің бұзау терісіне жазылған 10 трактатын, Ғұндардың көсемі — Еділ қағанның бейнесін жəне сайын даламыздан шыққан ғалымдардың араб тіліндегі қолжазбаларын тапты. Еуропада сақталып келген бұл аса құнды жəдігерлердің көшірмелері мен СД-дискіге түсірілген нұсқасы елге жеткізілді.
  • Рамазан Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры белгілі ғалым Əбсаттар қажы Дербісəлі сонау Еуропа төрінен ұлтымызға тəн тарихи құжаттардың табылғанына байланысты хабарды жеткізе отырып: «Əбу Насыр əл-Фарабидің 150 беттен тұратын он трактаты ішіндегі керекті сөздердің асты қызыл сиямен сызылыпты. Мұны бабамыздың өзі сызды ма, мүмкін, кейіннен біреу белгіледі ме, білмеймін, зерттеу керек» [22], — деген ұсыныс жасады.

Елімізде фарабитану ғылымымен айналысып жүрген ғалымдардың айтуынша, ғалым өз ажалынан қайтыс болған. Жасы сексеннен аса бергенде хижраның 339 жылы (милад бойынша 950 ж.) реджеб айында Шам шаһарында дүние салған. «Екінші ұстазды» о дүниеге құрметпен жөнелту ісін он бес нөкерін ерткен Сайф ад-Дəула əмір өзі басқарыпты. Қаланың «Кіші қақпа» («Баб ас-Сағир») аталатын жағындағы зиратқа жерлеген. Басына ескерткіш қойған.

Кеңес үкіметі кезінде əл-Фарабиді көптеген адамдар зерттеді. Кемшілігі — оны Ислам өркениетінен алшақтатып көрсетті. Фараби туралы ақиқатты айтқан жоқ. Тəуелсіз Қазақстанда Ұлы бабамызды алдағы уақытта ешқандай шектеусіз зерттеуге толық мүмкіндік бар деп ойлаймыз. Сонау X ғасырда жазылған ғұламаның еңбектері ХХІ ғасырдағы ғалымдардың зерттеу объектісіне айналып отыр.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Шолақова Р. Əл-Фараби — Шығыстың ғұлама ғалымы // Қазақ тарихы. — 2012. — № 5 (116). — 32, 33 б.
  2. Қойлыш Ж. Бала Мұхаммедтен ғұлама ғалым, «Екінші ұстаз», Əбу Насыр əл-Фарабиге дейін (870–950) // Аңыз адам: Жұлдыздар отбасы. — 2011. — № 17 (29). — 5–9-б.
  3. Дербісəлиев Ə. Қазақ даласының жұлдыздары (тарихи-филологиялық зерттеу). — Алматы: Рауан, 1995. — 12-б.
  4. Келімбетов Н. Түркі халықтарының ежелгі əдеби жəдігерліктері. — Алматы: Раритет, 2011. — 432 б.
  5. Қасымжанов А., Əлінов А. Əл-Фараби // Қазақ: Оқу құралы. — Алматы: Білім, 1994. — 176 б.
  6. Қасымжан А. Əл-Фарабидің рөлін ұмытушылық — тарихи əділетсіздік // Аңыз адам: Жұлдыздар отбасы. — 2011. —№ 17 (29). — 39-б.
  7. Бейсенбай Б. Əбу Насыр əл-Фараби өмірбаянына жаңа қисын // Ана тілі. — — № 25 (1073). — 23–29 маус.— 6, 7-б.
  8. Сүлейменов П. Əл-Фарабидің қоғамдық философиялық жəне педагогикалық ғылыми көзқарасы // Ақиқат. —  12. — 67–70-б.
  9. Исахметұлы Ж., Даутбаев М. Фараби трактаттарындағы білім, тəрбие мəселелері // Ақиқат. — — № 6. — 105, 106-б.
  10. Орынбеков М., Алтаев Ж. Əл-Фараби философиясы // Қазақ даласының ойшылдары (ІХ–ХІІ ғғ.). — Алматы: Ғылым, 1995. — 160 б.
  11. Мырзахметұлы М. Абайдың философиялық ойларының бастарын əл-Фарабиден табамыз // Аңыз адам: Жұлдыздар отбасы. — 2011. — № 17 (29). — 19–21-б.
  12. Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының екі томдық жинағы. — І-т. — Алматы: Қазақ ССР-нің «Ғылым»баспасы, 1977. — 205, 206-б.
  13. Екінші ұстаз əл-Фарабидің «Интеллект (сөзінің) мағынасы жайында» пайымдамасы // Қазақ: Оқу құралы. —Алматы: Білім, 1994. — 116–129-б.
  14. Хаван А. Ойшыл Əбу Насыр əл-Фарабидің «Ұлы дұғасы» жайында бірер сөз // Ақиқат. — — № 11. — 118, 119-б.
  15. Ислам ғұламалары / Ауд. С. Ибадуллаев. — Алматы: «Ғибрат» баспа үйі, 2008. — 80-б.
  16. Сағындықов Н. Фарабитану қайта жаңғыру кезеңінде тұр // Аңыз адам: Жұлдыздар отбасы. — 2011. — № 17 (29). — 31, 32-б.
  17. Мұсылман ғалымдары / Баспаға əзірл. Д. Тоқмырза. — Алматы: «Шапағат-Нұр» баспасы, 2006. — 104 б.
  18. Бурабаев М. Ғылым тарихындағы əл-Фараби // Фарабитану: Жиырма томдық. — 16-т. — Астана: Аударма, — 87, 88-б.
  19. Жарықбаев Қ. Əбу Насыр əл-Фарабидің психологиялық көзқарастары // Фарабитану: Жиырма томдық. — 16-т. —Астана: Аударма, 2006. — 360-б.
  20. Көбесов А. Əл-Фараби. — Алматы: Қазақстан, 1971. — 124-б.
  21. Қайбалдина А. Əбу Насыр əл-Фараби // Қазақ тарихы. — 2012. — № 2 (113). — 46-б.
  22. Базар Ж. Испанияда ұлы ұстаздың 10 трактаты табылды // Егемен Қазақстан — 2014. — 18 қазан. — 12-б.

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.