Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ тілін оқытуда функционалдық сауаттылықты дамыту негіздері

Қазақстан Республикасының орта білім беру саласындағы басым бағыттарын əлемдік білім беруді дамыту үдерістерімен сəйкестендіру мақсатында оқушылардың функционалдық сауаттылығын (ОФС) дамыту өзекті мəселе ретінде күн тəртібіне қойылып отыр.

Қазақ тілін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың теориялық негіздері оқушылардың қазақ тілін меңгеруі барысында жүйелі ойлауын дамытып, мектепте алған білімінің өмірдің қай саласында да тірек болуын қамтамасыз ететін тиімді əдістемелік жүйе жасауға жəне қолдануға мүмкіндік береді.

Қазақ тілін оқыту барысында қалыптастырылуы тиіс деп күтілетін «функционалдық сауаттылықтың» белгілерін төмендегі модельден көруге болады (1-сызба).

 1-сызба. Қазақ тілінен функционалдық сауаттылықтың (ФС) белгілері   

Бұл белгілерді бір аяға жинақтап модель ретінде көрсетуде функционалдық сауаттылыққа берілген анықтаманың құрамындағы белгілер негізге алынып отыр.

Функционалдық сауаттылыққа қол жеткізген оқушы дегеніміз мектепте білім алуы барысында өмірдің қалыпты жағдайларында кездесетін түрлі жағдаяттардың шешімдерін таба алатын қабілетке ие болған, негізінен, қолданбалы білімін жүзеге асыра алатын деңгейдегі білім иесі болып табылады. Жинақтай алғанда, функционалдық сауаттылық оқушының жеке тұлғасының əлеуметтенуіне игі ықпал ететін басты тірек болып табылады.

Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негіздері жүйесінің моделі төменде көрсетілді (2-сызба).

  2-сызба. Қазақ тілінен функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың теориялық негіздері

Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негіздеріне психология жəне педагогика ілімдері, жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамытуға бағдарланған жаңа оқыту технологиялары, қазақ тілінің функционалдық грамматикасы, мектепте қазақ тілін оқытуды ұйымдастыру тəсілдері, мектеп оқушыларының білімін құзыреттілік негізде бағалау жүйесі алынып отыр.

Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың психологиялық негіздері. Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту — олардың психологиялық қырынан даму мəселесін де қарастыруды қажет етеді. Оқушының дамуы дегеніміз — оның өмірлік күш-қуаты мүмкіндіктерінің жүзеге асырылуы. Сондықтан сол дамытатын қабілеттерді жəне олардың оқу-танымдық процестегі қызметі ерекше қажет. Ал оқушыны белгілі бір психикалық алғышарттарға ие болып келетін, танып-білу мүмкіншіліктері мол жеке тұлға деп қарастыру — теориялық ұғым жасаушы субъектінің болмысын анықтау болып табылады.

Психологияда баланың дамуы туралы екі түрлі бағыттағы көзқарас бар: бірі — баланың дамуын жеделдетуге болады деген болса, екіншісі — баланың дамуын табиғи күйінде қалдыру керек, тіпті мүмкін болса, тежеңкіреу керек. Өйткені қоғам баланы ертерек есейтуге əрдайым бейім тұратындықтан, оның өмірлік күшінің толық пісіп-жетілмеуі мүмкін.

Қоғам дамуы барысында балаға əсер ететін ықпалы зор күштер болады. Бала соның негізінде белгілі бір даму жетістіктеріне ие болып, қалыптасады. Бірақ оқу-танымдық процесс білім беру мен тəрбиелеуді бір тізгінде ұстайтын болғандықтан, баланың сыртқы жəне ішкі даму барысындағы тепе- теңдікті бұзып алмау жағына сақ болу керек.

Ол үшін оқушы тіл туралы алған білімін интериоризациялауы тиіс. Бұл жерде қазақ тілін функционалдық мақсатта оқыту маңызды рөл атқарады. Əрине, оқушылар тілдің грамматикалық ережелерін есте сақтап, жатқа қайталап айта алады. Осы тілдік құбылыстар туралы білімін коммуникативтік мақсатта еркін пайдалану қабілеті болмайды, кейбір кездері тілдің грамматикасын игермеген оқушы сабақтан тыс кездерде сол тілде жақсы сөйлей алуы мүмкін.

Қазақ тілін оқыту сабақтарында тілді жылдам жəне сапалы игеру үшін міндетті шынайы түрдегі қарым-қатынастар жағдаяттары ұйымдастырылуы керек. Мұндай сөйлеу тілдік жағдаяттары арқылы оқушылар қазақ тілін саналы түрде меңгере алады.

Тілдің саналы түрде игерілуі баланың танымдық қабілеті мен таным күштерінің бірігуі арқылы іске асып отырады. Баланың дамуға бейім таным күштерін байқаған мұғалім арнайы жұмыс арқылы оны ұштай түсуі тиіс. Мұғалім оқушының қазақ тілінде төселе сөйлеуін, сауатты жазуын қамтамасыз ету барысында міндетті түрде оның танымдық қабілеттерінің де дамуын да ескеріп отырғаны жөн.

Əрине, даму барысы оның физиологиялық даму мүмкіндіктерімен үйлесе келуін де қажет етеді. Мұғалім оқу-танымдық процестің жетекшісі мен ұйымдастырушысы ретінде оқушының биологиялық жəне əлеуметтік дамуын үйлестіріп отыруды баса назарда ұстайды. Жасөспірім кезінде баланың танымдық қызметі ерекше белсенділікпен өтеді [1].

Абайдың 7-қара сөзінде айтылған танымдық қызығушылық енді мектепте жəне орта сыныптарда түрлі салаларды меңгере бастауымен арта түседі. Осы ретте оқушының қазақ тіліндегі коммуникативтік құзыреттілігінің оны белгілі бір шынайы ситуацияларға түсіре отырып, төселдірілуіндегі даму процесі туралы айтып өту керек [2].

Осы кезеңдегі оқушының қабылдауы, зейіні, қиялдауы туралы мəліметтер алуы қиын болғанымен, ес пен жады, сөйлеу мен ойлау сияқты таным процестерін тану мүмкіндіктері мол.

М.Мұқанов білім мағынасының бəрі де ақпараттан тұратынын атап көрсетеді. Сондықтан да ақпараттың шығатын көзі, келетін мекенжайы болады. Ақпарат шығатын жерінен келетін мекенжайына канал байланыстары радио, телеграф немесе хабар адамның рецепторларына берілсе, онда шетке жəне ортаға тебетін нервтер арқылы жіберіледі. Нысандардан рецепторлар арқылы адамға келген ақпарат оның басында сан алуан өзгерістерге ұшырап, белгілі жүйеге келтіріледі де, осының нəтижесінде келген хабарлар əр түрлі білім дəрежесіне айналады [3].

Оқушының білім алу жəне танымдық үдерісі төмендегі суретте көрсетілгендей реттеліп отырады.

Оқушының білім алу жəне танымдық үдерісі

Оқушы тиісті оқу нысандарынан білімдік ақпарат алғанда, көп мағлұматтардың ішінен өзіне керек хабарды іріктеп алады. Адамның басында осындай іріктегіш, селективтік аспап бар. Егер оқушы рецепторларына жеткен мағлұматтарды іріктеп алмай, оған не əсер етсе, соны түгел қабылдаса, мақсатына жете алмас еді. Ол көп хабардың ішінен ненің қажет, ненің қажет емес екендігін ажырата алмай, оқи алмас еді. Сондықтан көп мағлұматтардың ішінен өзіне керегін ғана іріктеп таңдап алу — оқу тапсырмасын орындаудың негізгі шартының бірі.

М.Мұқанов таным үдерісінің элементтерін мыналар деп көрсетеді: қабылдау; зейін; ес пен жады. М.Мұқанов жеткіншектердің таным үдерістерін былайша сипаттайды. Күнделікте оқу материалын ұғыну қабылдаудан басталады. Қабылдау тек бірдеме қарау, не соны тыңдау ғана емес, баста бар бейнелермен объектілерді салыстырып түсіну [3].

Сондықтан қабылдау оқу үдерісінде ойлануды талап етеді. Қабылдау дегеніміз — мағлұматтарды тұтастығымен бейнелу. Егер қамтылатын материал қызықты болса, онда оқушылар осыған ғана көңіл бөліп, қиын материалдарды оқығысы келмейтіндігі кездеседі. Нəтижесінде, жеткіншек материалды тұтас қабылдай алмай, ақпараттың қандай да бір кесіндісі сияқты етіп, есінде сақтай алмауы мүмкін.

Жеткіншектің зейіні сабаққа қалыптасса, онда ол назарын бір нысаннан екінші нысанға аударып отыруға толық мүмкіндігі бар. Жеткіншектің жады мен есі едəуір дамыған жəне де білім мазмұнын мағынасына қарай есінде қалдыруды ұнатады. Сонымен қатар ол естігенін көпке дейін есінде сақтап, қажет мезгілде есіне жақсы түсіре алады.

Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері. Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері дегенде, ең алдымен, оқушылар меңгеруі тиіс деп танылған қазақ тілінен берілетін білім мазмұны, қазақ тілін ана тілі ретінде оқуы арқылы оқушылардың тілдің кумулятивтік қызметін меңгеруі арқылы өзін-өзі тануы, тілдік санасы жетіліп, тілдік тұлға ретінде қалыптасуына игі ықпал ететін педагогикалық заңдылықтар қарастырылады.

Қазақ тілінен берілетін білім мазмұны 11-жылдық мектеп бойынша жəне 12-жылдық білім беру моделі бойынша, түптеп келгенде, қазақ тілінің жүйесіне жəне тіл жүйесінен əр сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сəйкес білім мазмұнын іріктеу мен сұрыптаудан өткізу талаптарына жəне білім беру үдерісін сапалы ұйымдастыру заңдылықтарына тығыз байланысты болады.

Қазақ тілін функционалдық сауаттылықты дамыту бағытында оқытуда педагогиканың, дидактиканың жаңашыл идеяларын қолдану керек. Бұл ретте оқу бағдарламасы, оқулық, оқу құралдары мен оқыту формалары, оқушының білімін тексеру мен бағалаудың жаңа формалары, жаңа оқыту технологиялары, білім мазмұнын сұрыптаудағы жаңашыл əдістер т.б. мəселелер аса өзекті болып табылады.

Қазақ тілін функционалдық бағытта оқытуда дəстүрлі дидактикалық жəне қазақ тілін оқыту ұстанымдарының жүйесі қатарында мынадай педагогикалық ұстанымдар басшылыққа алынғаны дұрыс деп санаймыз: когнитивтік ұстаным, креативтік ұстаным, рефлексивтік ұстаным. Көрсетілген ұстанымдардың оқушының ой операцияларының логикалық-сабақтастық желісін құрап, ауызекі сөйлеу мен жазу сауаттылығын қалыптастырып, дамытуда орны ерекше екендігін соңғы жылдардағы көптеген педагогикалық зерттеулер мен еңбектерде дəлелденіп келеді.

Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда жаңа оқыту технологияларын қолдану. Қазақ тілін оқытуда оқушылардың сауаттылығын қалыптастыра отырып, тіл үйрену белсенділігін арттыру үшін интернет-технологияны қазақ тілін оқыту əдістемесінің орнықты бір компонентіне айналдыру керек. Мұндай істің бүгін үшін де, болашақ үшін де маңызы зор. Интернет-технологияны енгізудің қаншалықты маңызды екендігін соңғы 5–7 жылда барлық білім алушылар да, білім берушілер де анық түсінді деп айтуға болады.

Интернет-технологияның қазіргі кездегі даму барысын қадағалай отырып, онда əлеуметтік сервистер мен қызметтердің кең тарап келе жатқанын көре аламыз. Олар: блог, уики, покаст, твиттер, ютюб, қыстырма т.б. Оларды кең арналы жүйеде қолдануға қазақ тілін оқытудың кейс-стади, квест- сабақтар, электрондық-виртуалдық сабақтар, қашықтан оқыту т.б. сияқты заманауи жүйелерді қолдану əдістемелері арнайы зерттелуі керек [4, 5].

Қазақ тілінің функционалдық-коммуникативтік грамматикасы — оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың негізі. Қазақ тілі жүйесінен білім алу, қазақша тіл мəдениетін қалыптастыру, қазақша тіл жəне сөйлеу сауаттылығын қалыптастыру жəне дамыту арқылы қазақша тілдік тұлға қалыптастыру қазақ тілін оқыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың басты мақсаты болып танылады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда қазақ тілінің функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан меңгертілуі басты орында болуы керек. Қазіргі қазақ мектептеріндегі қазақ тілі əлі де болса, формалдық грамматика логикасы негізінде оқытылып келеді. Оның салдары — меңгертілетін таза грамматикалық ережелер мен сабақта, сабақтан тыс орындалатын жаттығулардағы тілдік талдаулардың оқушылардың күнделікті өмірінде қажетін атқара алмауына əкеліп отыр.

Қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік бағдарда оқытуда «тілден — тілдік форма мен тілдің функциясына» жəне «тілдің функциясынан тілге» қарай жүру логикасы ұсталынады. Тіл жүйесіндегі тіл бірліктерінің қызметі — өзінен жоғары тұрған тіл бірлігін құруға қатысуы, сөйтіп адам сөйлеуінде барлық тіл бірліктерінің қызметінің көрініс табуы тілдің функционалдық ерекшелігі болып табылады.

Осы ретте Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл құралы» мен Құдайберген Жұбановтың «5-класқа арналған қазақ тілі грамматикасы» оқулығындағы тілдің кіші бірліктерінің кірпіш ретінде сипатталып, ең кіші кірпіш дыбыс делініп, одан буын, олардан сөз құралатыны айтылуы қазақ функционалдық грамматикасының бастау көздерінің қалыптасуы екенін көреміз.

Қазақ тілінің коммуникативтік қызметі дегенде, жай сөйлемнің, құрмалас сөйлемнің, мəтіннің адам ойын білдірудегі құрылымдық-жүйелік, мағыналық ерекшеліктері басты назарда болуы туралы айтылып отырғаны белгілі. Сөйлемнің коммуникативтік типі дегеніміз — коммуникациялық актідегісөйлем шегіндегі айтылымның функционалдық қолданыс мақсатын анықтайтын категория. Сөйлемнің ең басты қызметі де, белгісі де — коммуникация бірлігі ретіндегі болмысы. Сондықтан да сөйлемнің басты жіктемесі дəстүрлі тіл білімінде «коммуникацияның мақсаты» леп аталатын коммуникативтік ұстанымға негізделеді. Бұл ретте қазақ тілін қазақ мектебінде оқытудағы жəне қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудағы құзыреттердің басым орны танылады. Қазақ тілін оқытудың басты мақсаты — қазақ тілінің төменде көрсетілген басты қызметтерін теориялық жəне практикалық тұрғыдан меңгерту, өмірлік жағдаяттарда еркін əрі сауатты қолдануға дағдыландыру.

  • Қазақ тілінің қатынас құралы ретіндегі қызметін ұғындыру жəне меңгерту.
  • Қазақ тілінің адамның сезімді білдіру қызметі ерекшелігін меңгерту.
  • Қазақ тілінің танымдық қызметін меңгерту.
  • Қазақ тілінің адам ойын білдіру қызметін меңгерту.
  • Қазақ тілінің кумулятивтік, яғни қазақ халқының тарихы мен мəдениетін жинақтаушы, қызметін меңгерту.

Қазақ тілі жүйесінің барлық ішкі элементтері мен категорияларының қызметі, түптеп келгенде, қазақ тіліндегі мəтінді құруға бағытталады, соған арналады. Қазақ тілінің иегері болып табылатын əрбір адамның танымдық үдерісін санасына тіл арқылы таңбалауы, ішкі сезімін тіл көмегімен сыртқа шығаруы, басқа адаммен тілдік қарым-қатынасқа түсуі — қазақ тілі жүйесіндегі кішісінен бастап ең ірісіне дейінгі элементтердің түрлі грамматикалық байланыстарға түсуі арқылы сөйлеуші адамды«коммуникантқа» айналдыру қызметі деп түсініледі.

Қазақша сөйлеуші адамның толыққанды коммуникантқа айналуы үшін оның тек сөздің тура мағынасын біліп қоюы, сол тура мағынадағы сөздерді ғана грамматикалық байланыстар мен қатынастар арқылы сөйлем етіп құра алуы тым жеткіліксіз. Бұл мəселе тек қазақ тілін үйренуші өзгетілді адамдарға ғана байланысты деп ойламауымыз керек. Қазақ мектебіндегі, қазақы ортадағы қазақтарға да қазақ тілін коммуникативтік бағдарда оқытудың маңызы тіл дəрежесінің биіктігін ойы мен сана биіктігіне теңдестіре алатындай жүйе жасау жəне тəжірибеде қолдану болып табылады.

«Қазақ тілін ана тілі ретінде оқыту əдістемесі» мен «Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту əдістемесі», «Қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту əдістемесі» салалары зерттелуі күн тəртібінде өзектілігімен қойылып келеді. Бұл əдістемелердің əрқайсысында да қазақ тілінің коммуникативтік құзыретті қалыптастыру міндеті басқы орынға қойылып қарастырылуы керек.

Қазақ тілін оқыту жүйесіндегі сабақ формасы мен түрлерін, əдістерді жетілдіріп отыруға баса назар аударатыны бүгінгі күні көпшілік назарына тегіс танымал болып келеді.

Қазақ тілі сабақтарының тиімділігін арттырып, оқушылардың алған білімінің сапалы болуына не ықпал ете алады? Қазақ тілі сабақтарының тиімділігі, ең алдымен, оқушылардың іші пыспайтын, оқу іс-əрекеттеріне толы, нəтижесі жоғары деңгейде болу белгілерімен танылады. Ол үшін мұғалім сабаққа даярлығын тиімділікті арттыру мақсатында құруы керек. Сөз жоқ, мұғалімнің кəсіби шеберлігі мен білімінің жан-жақтылығы, деңгейі жоғары болуы бұл ретте үлкен орын алады.

Сабақ жоспарын əзірлеу — сабақтың əдістемелік сценарийін жасау — мұғалімнен режиссерлік қабілеттен кем емес таланттылықты қажет етеді. Сабақтың əдістемелік сценарийінде сыныптағы əр оқушының «өзінді ролі» айқын берілуі керек. Сабақтың барлық кезеңдерінде мұғалімнің сабақ берушілік қана емес, басшылық, жетекшілік, қолдаушы, ынтымақшылдық болмысы айқын сезіліп тұруы тиіс. Мұғалім қазақ тілі сабақтарын «грамматикалық ережені айту», «жаттату», «талдаулар жүргізу» сияқты ғана іш пыстыратын əдістермен шектемей, оқушылардың функционалдық сауаттылығын, яғни күнделікті өмір жағдаяттарында керек болатын білім мазмұнын теориялық жəне практикалық бағытта ұйымдастыруы міндетті. Сабақ үстінде оқушылардың «жеке» — «екеу» —«үшеу» — «төртеу» — бесеу немесе «топ» — «команда» — «сынып» — «жеке» түрінде жұмыс істеуін ұйымдастырып, тапсырмалардың осы желіде орындалуын қадағалауы тиіс.

Қазақ тілі сабақтарының «Қызықты грамматика əлемінде», «Квест-сабақтар», «Жоба сабақтар»,«Ойын сабақтар» сияқты оқу іс-əрекеттері белсенді өтетін түрлермен көбірек ұйымдастырылуы арқылы оқушылардың өз бетімен қазақ тілі меңгеру дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік мол болады. Осы айтылғандармен қатар, қазақ тілі сабақтарында оқушылардың «рефлексиялық жаттығулар» орындауына, білімін тексерудің тестілік түрін қолдануына, жаңа ақпараттық технологияларды мұғаліммен жəне өз бетімен қолдануына, жоба жұмыстарын түрлі формада қорғауына, өзара пікірталастар мен семинар-сабақтар ұйымдастыруына жағдайлар жасап, белсенділігін арттыру жолдары көзделеді.

Қазақ   тілін   оқушылардың  функционалдық   сауаттылығын  дамыту   бағытында   оқытуды ұйымдастыруда сабақтың мынадай түрлерін тиімді нəтижеге қол жеткізеді деп ұсынуға болады.

 Қазақ тілі сабақтары

Оқушылар білімін құзыреттілік негізінде бағалау. Қазақ тілін оқытудың сапасын дамытудың басты бағдарларының бірі тіл үйренушілердің білімділік деңгейін бағалау технологиясын жаңашаландыру болып белгіленді. Қазақ тілінен алған білімін бағалау мəселесі өзекті тақырып ретінде көп зерттеліп келеді.

Жалпы, адам баласының еңбегін шынайылықпен бағалау мəселесі адамзат үшін əлі де болса өзекті болып табылатыны белгілі. Соның қатарында оқушының ой еңбегінің бағалану мəселесі де күн өткен сайын ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында адамгершілік талаптарымен шешілу жолдарын іздестіруде.

Қазақ тілінен тіл үйренушілердің білімін шынайылықпен бағалаудың мақсаты:

  • білім алушылардың оқу қызметі нəтижесінде қолы жеткен шынайы ақпарат туралы мəлімет алуы жəне ол табыстарының білім беру стандарттарының талаптарына сəйкес келуі;
  • қазақ тілі мұғалімінің оқыту қызметіндегі жайлы жəне теріс үрдістерді анықтау;
  • білім алушылардың қол жеткен табыстарының жоғары не төмен көрсеткіште болу себептерін нақтылау жəне оларды болашақта түзету амалдарын қарастыру.

Қазақ тілін білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бағытында оқыту барысында білім алу нəтижесін бағалау жəне тексерудің қазіргі жүйесінің пəні негізгі құзыреттер деп аталады.

Қазақ тілін оқыту үдерісін білім алушылардың негізгі құзыреттерін қалыптастыру арнасына қарай бұрудың жалпы білімді тексеру мен бағалау жүйесіне тигізетін əсері үлкен болмақ. Білім алушылардың құзыреттілігінің сипаттамасы оның көпқырлы, көпқұрылымды болмысын көрсетеді. Құзыреттілік пəн бойынша алынған білім мен білік-дағдының жайы жиынтығы емес. Бұл білім алу, оқу барысында оқушының түрлі ақпараттармен жұмыс жасау əдістерінің арқасында жəне ол білімді өмірде қолдануы арқасында топтастырыла жинақталған жаңа бір сапалық қасиеті болып табылады.

Бұл мəселе арнайы қарастырылуы керек. Дегенмен де, атап кететін жайт бар. Ол — білім алушының алған білімін бағалаудың жаңа түрлері олардың репродуктивтік білімін емес, оның өз бетімен болашақта өз өмірінде жəне басқалар үшін қолданбалы маңызы бар өнім тудыра алатын біліктілігін бағалайтын жүйе ретінде қалыптасып келе жатқандығында.

Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары білім алушыны білім алу-білім беру үдерісінің маңызды орталық нүктесі ретінде танып, өз бетімен білім ізденуіне мол уақыт пен мүмкіндіктерді қарастыруда. Осы ретте көп орын білім алушының өз оқу іс-əрекетін өзі бағалай алуына беріледі, ондай жаңа жүйе «білім алушының портфолиосы» деп аталады. Сонымен бірге білім алушылардың білім алу барысында қол жеткен табыстарын рейтингілік бағалау моделі де жетілдіріліп келеді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012–2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы.
  2. Абай. Қара сөздері. — Алматы: Ғылым, 1995. — 306 б.
  3. Мұқанов М. Жас жəне педагогикалық психология. — Алматы: Атамұра, 1982. — 204 б.
  4. Құрман Н., Есенова Г. Қазақ тілінен коммуникативтік жаттығуларды қолдану əдістемесінің ғылыми-əдістемелік негіздері. — Ақтөбе, 2010. — 144 б.
  5. Құрман Н. Қазақ тілін оқытудың əдіснамалық негіздері. — Астана: Таным, 2008. — 162 б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.