Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияның қолданылуы

Əр халықтың өзінің ана тілі болады. Сол сияқты қазақ тілі — қазақ халқының ана тілі. Кезінде қазақ тілін зерттеген атақты ресейлік шығыстанушы-ғалым В.В.Радлов өзінің жазбаларында қазақ тілімізге мынадай анықтама беріп кеткен екен: «Қазақтардың тілі жатық та шешен, əрі өткір, көбіне іліп-қағып сұрақпен жауап беруге келгенде таң қалдырарлықтай оралымды сөйлейді. Кез келгені, тіптен, сауатсыздарының өзі, ана тілінде біздің Еуропада байқап жүргенімізден тек француздар мен орыстардың дəрежесінде сөйлей біледі».

Уақыт өтіп жатыр, жаңа заман, заманына қарай жастардың да дүниетанымы өзгерген. Соған орай, қазіргі технология заманында жоғары оқу орындарында, мектептерде сабақтарда, оның ішінде қазақ тілін оқытып-үйрету кезінде технологияны көп қолдану керек, бұл қазіргі уақытта көп сұранысқа ие дүние болып тұр. Білім мекемелерінде оқытылатын пəндер арасында қазақ тілі пəнінен алатын орны ерекше. Қазақ тілі өте бай тіл. Дегенмен де, бір жағынан, өте күрделі тіл. Себебі бір сөзінің өзі сан алуан мағынаны білдіруі мүмкін. Өзге ұлт өкілдерін оқыту барысында ұстаздың оқушыларға осыны түсіндіруде көп қиындықтарға тап болатындығы анық. Қазіргі таңда оқу мекемелерінде қазақ тілін оқыту басты мақсаттардың бірі болып отыр. Оқыту əдістерінде əр түрлі жаңа технологиялардың пайдаланылып жатқаны белгілі. Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты оқушылардың сөздік қорын байыту, сонымен қатар сауатты жаза білуге баулу болып табылады. Сол себептен барлық ұстаздар білім берудің жаңа тəсілдерін білуге міндетті. Қазақ тілін оқытуда қолданылатын басты ақпараттық технологиялар интерактивтік тақта, теледидар, электронды оқулықтар болып табылады.

Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі, сөзсіз, түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нəтижелі пайдалана білу əрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру — міндет.

Жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:

  • əрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-əрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
  • білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дəрежеде тəрбиелеу;
  • өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
  • аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

Инновациялық процестерді енгізу үш өзара байланысты күштер анықталады: енгізілген технологияның ерекшеліктерімен; жаңашылдардың инновациялық əлеуетімен; жаңалықты енгізу жолдарымен [1].

Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кəсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тəжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да, əрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады жəне өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кəсіби бейімделуін қалыптастыру мəселелері — кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сондықтан біз болашақ педагог-психологтардың жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық. Болашақ мамандардың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды.

Əдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тəрбие үрдісінде оқытудың инновациялық əдіс- тəсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:

  • дербес оқыту технологиясы оқу-тəрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның əлеуметтік-психологиялық жауапкершілін арттырады;
  • қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;
  • оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;
  • саралап деңгейлеп оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен əдістері шығармашылық ізденіс іс-əрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады;
  • ақпараттық бағдарламалап оқыту — оқытудың мазмұнын пəнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;
  • иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат» үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мəдениет қалыптасады;
  • ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тəжірибеде «бала — субъект», «бала — объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер «оның тұрмысының əлеуметтік жағдайы мен іс-əрекетінің əлеуметтік нəтижесінің бірлігінде қарастырады.

Жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге білуге болады.

Модификациялық инновация — бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі жəне оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.

Комбинаторлық модификация — бұрын пайдаланылмаған, белгілі əдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пəндерді оқытудың қазіргі кездегі əдістемесі дəлел.

Радикалдық инновация білімге мемлекеттік стандарттарды енгізумен сипатталады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік жəне сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады [2].

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, əлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тəрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым- қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-əрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мəселелердің бірі.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мəліметтер ағыны күшейген заманда ақыл- ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да əрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тəрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі — оқытудың əдіс-тəсілдерін үнемі жетілдіріп отыру жəне қазіргі замаңғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық жəне интерактивтік əдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы əрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған əр түрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация — нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс: «Инновация — арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», — дейді.

Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Əдетте, инновация бірнеше өзекті мəселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. Р. Масырова, Т. Линчевская «жаңару» дегенімізді былай деп түсіндіреді:

«Жаңару — белгілі бір адам үшін əділ түрде жаңа ма, əлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея».

Қазақстанда ең алғаш «инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз — білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану жəне таратуға байланысты бір білек қызметі» деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов «инновация» білімнің мазмұнында, əдістемеде, технологияда, оқу-тəрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жүктемесінде инновацияны, қайта жаңғырту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке- дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке-дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын) [3].

Инновациялық технологияларға мультимедиалық сабақтар да жатады. Ағылшын тілінде multimedia, латын тілінде multum — көп жəне media, medium — жинақ дегенді білдіреді, яғни құрамына бірнеше мəтін, сурет, бейне, көрініс, анимация кіреді. Мультимедиалық сабақтарда қойылатын мақсаттар: студенттердің компьютерлік технологиясын қолдану арқылы оқыту, үйрену, танымдық əрекетін жүзеге асыру жəне өз бетінше жұмыс істеу дағдысы мен шығармашылыққа қабілеттерін дамыту. Сабақта келесі қажетті шарттар орындалуы керек:

  • студенттің жеке тұлғасын дайындау;
  • ойлау қабілетін жетілдіру;
  • эстетикалық тəрбие;
  • нақты бір шешім қабылдауға қалыптастыру;
  • пəнаралық байланыстарды тереңдету.

Мультимедиалық сабақ өткізу кезінде студенттер ақпаратты тек қана қабылдаушы ғана емес, сонымен бірге оны өңдеп, жеткізу əрекеттерін орындайды. Бұл кезде оқытушының мақсаты студенттерде қажетті ақпаратты табу, сұрыптап, оны жүйелеу мен жеткізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Ол оқу пəнінің тақырыбын қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстар мен жағдайларды жəне проблемаларды шешумен байланыстыра отырып, студенттерге жобаны дайындау тапсырмасын ұсынады. Бұл тапсырманы орындау мен оны қорғау кезеңі студенттердің топ алдында сөйлеу мəдениетін, ойын жүйелей білу мен өзіндік көзқарастың жəне ой- пікірлерін қорғай білу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай тапсырмаларды қорғау топтың алдында орындалады жəне олардың өзара қарым-қатынасын талап етеді. Сонымен, мультимедиалық жобаны көру студенттерге қажетті теориялық білім мен танымдық қызығушылықты қалыптастыруға мүмкіндік беретін тиімді əдіс болып табылады.

Инновациялық технологияларға бүгінгі кезде электрондық оқулықтар да жиі қолданылуда. Оқытушы бағдарламаға сай өз электрондық оқулығын дайындайды. Білім саласында компьютер студент үшін құрал, ал оқытушы үшін ол күнделікті қолданылатын жұмысшы болып табылады.

Электрондық оқулықтар — ғылыми негізінде дайындалған педагогикалық-ақпараттық өнім. Электрондық оқулық арқылы студенттер тапсырманы қызыға орындайды, кейде қателерін өздері табады. Электрондық оқулықтар — оқытушылар үшін күннен күнге дамытылып отырған ашық түрдегі əдістемелік жүйе. Мұны пайдалану барысында оқытушы ғылыми-əдістемелік электрондық оқулықты пайдаланғанда сабақтың ыңғайына қарай қосымша материалдарды кірістіруге болады. Электрондық оқулық көрнекілік ретінде де, оқу мен компьютер арасындағы байланыс жасауда да студенттерге көп көмек көрсетеді.

Студенттердің тілін дамыта оқытудың нəтижесінде студент қазақ тілінің сөз байлығын толық игеру, тілдің фонетикалық жəне сөзжасам жүйесін жақсы меңгеру, морфологиялық, синтаксистік тəсілдерді игеріп, оларды практикалық тіл жасау дағдысында дұрыс пайдалана білуі тиіс. Сонда ғана студент тілді күнделікті өмірінде дұрыс пайдаланумен қатар, тілдің қатысымдағы стильдік, эмоциялық, көріктеу, көркемдеу қызметтеріне де түсініп қолдана алады. Сондықтан, студенттердің тілін дамыту үшін, ең алдымен, олардың сөздік қорын байыту; əдеби тілдің нормасында сөйлемдерді дұрыс құрауды үйрету; ойларын жүйелі ауызша, жазбаша жеткізе білу дағдылары мен шеберлігін қалыптастыруы қажет.

Қалыптасқан білім беру жүйесін жетілдіру ісінде қазіргі заманғы ақпараттық жəне коммуникациялық технологиялардың маңызы жөніндегі мəселе соңғы екі онжылдық бойына өзекті болып отыр. Əрбір педагогтың, мектеп мұғалімі немесе жоғары оқу орнының оқытушысы болсын, басты мақсаты — білім беру сапасын қамтамасыз ету. Ал ол үшін ақпараттық жəне коммуникациялық технологиялардың қолданылуы үлкен дəрежеде септігін тигізетіні сөзсіз.

Жоғарыда көрсетілген инновациялық технологиялардың түрлері қазіргі жағдайда жоғары оқу орнының оқу процесінде қолдануға өте тиімді. Білім берудің мемлекеттік стандарттарында анықталған оқытудың мазмұнына ешбір нұқсан келтірмейді, керісінше, оқу пəндерінің бағдарламасында көрсетілген мақсатқа оқытудың бұрыннан қалыптасқан əдістерімен өзара бірлікте қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«Технология» термині сол тəсілдер жүйесі деген мағынаны білдіреді. Бірінші кезеңде білімді көмекші құралсыз берген; екінші кезеңде оқулық арқылы; ал бүгінгі заманда оқыту технологиясы үлкен өзгеріске түсті. Бүгін біз сабақ барысында тірек сызбалардан қалып, ақпараттық технологиялар арқылы (компьютер, электрондық оқулық, Интернет) оқытамыз.

Оқыту технологиясы қалай оқыту керек деген ғылыми тұжырымдамамен тығыз байланысты, яғни қалай сабақты ұйымдастыру керек, қандай принциптер арқылы, қандай факторларды үнемі ескеру қажет деген сұрақтарға жауап іздейді. Сондықтан оқыту технологиясы оқытудың мақсат, мазмұн, принцип, əдіс жəне құралдармен тығыз байланысты.

Қоғам талабына сай инновациялық технологияны меңгеру ғалым В.Максимов өз зерттеулерінде келесі инновациялық технологияларының түрлерін ұсынады:

  • құрылымдық логикалық технология;
  • интеграциялық технология;
  • ойындар технологиясы;
  • тренингтік технологиясы;
  • ақпараттық технология;
  • сұхбаттық технология.

Бүгінгі кезде əдістеме саласында жоғары аталған технологиялар жиі қолданылуда. Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей шарттар қажет:

  • оқу үрдісін белсендіру жəне басшылыққа алу;
  • студенттердің ғылыми-əдістемелік, оқу-əдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарға алу;
  • жаңа пəндік білім стандартымен танысу.

Осы шарттарды үнемі ескеріп жүрсек, педагогика ғылымы жаңа технологияны тиімді пайдаланумен ерекшелінеді. Білім беру барысында оқыту, тəрбиелеу бағыттарын инновациялық технологиямен жетілдіру қажет. Студенттердің өзіндік жұмыстарының орындалуын бақылап, бағалауымыз керек.

Қазіргі инновациялық технологиялардың жиі қолданылатыны — ақпараттық технологиялар. Оларды пайдалану барысында бұрыннан біз көбінесе компьютерді қолданып, сабақты түрлендіріп, студенттердің пəнге деген қызығушылықтарын дамытамыз. Осындай сабақтар өткізгенде оқыту процесін дараландырады жəне студенттердің ойын дербестігі мен белсенділігін арттырады.

Компьютердің əдістемелік жəне дидактикалық мүмкіншіліктерін пайдаланып, ақпараттық технологияларды қолдану студенттердің танымдық жəне өзіндік белсенділігін арттыратын ойын элементтері арқылы үйрету оқыту процесін тұрақтандыруға мүмкіншілік береді. Компьютер арқылы мəтінді теру, берілген қателерді түзету, мəтін бойынша тапсырмалар орындау жəне тағы басқа сабақ түрлерін өткізуге болады. Кейде студентпен де жеке жұмыс жасай аламыз. Оқу барысында студенттердің ақпараттық технологияларды пайдалануы, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзіндік сараптау, жоспарлау мүмкіндіктеріне негізделген оқытылу мүмкіндігін береді.

Студенттің дамуын үйлесімді нəтижеге жеткізу үшін оқу жүйесі ғылыми-педагогикалық негізінде жасалуы қажет. Сабақ кезінде модульдік оқыту технологиясын қолдана отырып, студенттердің жеке дамуына көңіл бөлуге болады. Модульдік оқыту технологиясы жаңа технологиясының əр пəн бойынша ерекше қолдануда. Оқу модулі 3 құрылымдық бөлімнен тұрады: кіріспеден, негізгі бөлімінен жəне қорыту. Əр модульге оқытушы өз уақытын бөліп, қойылған мақсаттарына жетуге тырысады. Оқытушы сабақты ұйымдастыру түрлерін ойластырады. Оқу материалдарын тақырыптың мазмұнына сəйкес деңгейлік тапсыру болуы қажет [4].

Қорыта келгенде, қазіргі кездегі жаңа технологияны қолдана оқыту қазақ тілін оқытуда жақсы нəтиже береді. Ол нəтиже бүгінде көрініп те, айтылып та жүр. Болашақта бұған да жаңаша бір көзқарас, ой қосылады деген ойдамыз. Ал ол жаңаша ойды əрі қарай жалғастырып дамыту болашақтың үлесінде деп ойлаймыз.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Əмірғалина Н. Білім берудің инновациялық технологияларының бірі — тірек конспектілері // Білім. — 2009. — №— 17–19 б.
  2. Амандықова Г. Шет тілін оқыту əдістемесі. — Алматы: РИИЦ Азия, 2007. — 103–105 б.
  3. Садуова Ж. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану // Білім. — — № 5. — 22–24-б.
  4. Такишева Г. Модульдік оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігі // Білім. — 2009. — №

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.