Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Өлеңдегі сезім мен өрлік тоғысы

Мақала атауындағы тақырыпты ашуға біз Фариза ақын лирикасын алдық. Олай болса, ақын өлеңдерінің басты ерекшелігі неде деген де — оқырманға жан сырын нəзік жеткізіп, ағынан жарылуы мен ойын ашық айтар өткірлігінде дер едік. Сыр мен сезім тоғысқан сыршыл да шыншыл өлең жаза алатын ақын, керек сəтінде əр жолынан от шашқан, өршіл өлең тудырып, алмас жырдың кесіп айтар мінезінде таныта алды. Фариза өлеңіндегі өзіне ғана тəн стильдік өрнекті де осыдан байқауға болады. Ол қазақ өлең үлгісіндегі байсалды жазылып, бір сыдырғылау келетін өлең нұсқасына арынды толғаудың адуынды мінезін танытар жаңашыл кестесін қосты.

Фаризаның өлең жырлары өзіндік өрнегі, өзіндік бағыт-бағдары, өзіндік жазу стилі бар дарынды ақынды поэзия əлемінің көгіне көтерді. Өйткені академик С.Қирабаев айтқандай: «Ақ өлеңнің арындылығы мен өлшемді поэзияның тоғысында туғандай көрінген толғамдар еркін оқылып, санаға тез сіңіп, жетеге жедел жетіп жатты» [1].

Ақын лирикасында өзіндік мінез көрініс таппай тұра алмайды. Өйткені лирикалық қаһарманның мінездік бейнесі ақынның жекелік мінез болмысымен тығыз байланысты.

… Арылып мына тойда дерт күдіктен,

Көңілім от алғандай тектіліктен.

Алыппын қан қысымын жуасытып,

Қастерлі топырағыңнан шет жүріп мен

. Екпіні рухтардың ес жиғызып,

Бір серпіп тамырымды тепті үмітпен.

Мен тұрдым өзіңе ұқсап өтсем-ау деп,

Өмірде жалтаңдамас беттілікпен.

Осы өлең жолдарының өршіл екпінімен, құрылымдық бітімінен, ішкі тебіренісінен Фаризаның ақындық болмысын танытар өткір мінез, əділетке тақ тұрған бірегей шыншылдық көрініс тауып, санаға ой салып, жүреке жылылық ұялатқандай.

Фариза ақын өлеңдерінің тақырыбы əр алуан. Ол бірде азаматтық үнмен қоғамдық-əлеуметтік ойға қозғау салса, енді бірде сыршыл сезіммен ішкі жан дүниенің сырын жаяды. Сондықтан да оның поэзиясында махаббат, табиғат, азаматтық лирика сынды дүниелер қат-қабат келіп, айқұшақ табысып жатады. Алайда ақын поэзиясының өнбойына алтын арқау, үзілмес желі болып керіліп жатқан, суалмас асыл арна — тылсым сыр мен тұмса сезім серттескен махаббат лирикасы.

Махаббат тақырыбы — сезімнің нəзік қылын сыршылдықпен шертіп, сұлу саздың сиқырына елітетін Фариза музасының тұнығы. Ақын осы тақырып арқылы əйел жан жүйесіндегі тебіреністің, оның көңіл түкпіріндегі сартап болған бұйығылық пен жүрегінде от боп жанған бұлқыныстың сырын ой бесікте тербей отырып, əйел ғана тəн өзіндік ішкі əлемді ашуды мақсат тұтады. Сөйтіп, өлең- жырдың мəңгілік тақырыбын жаңа биіктерге көтеріп, поэзиядағы қыз сезімі, əйелге əлемі, ана бақыты атты бұрын бұйығылау жатқан тылсым дүниені бүлыңғыр бұлттан аршып, жарқ еткізіп, күн көзіне шығарады. Бұл туралы ақын өзі: «Адам деген жаратылыс қой. Оның ішінде əйел халқының жан дүниесі — өз алдына бір əлем. Мен өз жырларымды сол əйел жанының сан түрін мүмкіндігім жеткенше жеткізгім келеді,» — деп жазған еді. Ендеше, əйел ақынның жан сырын терең түсінген ғалым Сəуле Ержанованың: «...оның (Фариза Оңғарсынованың. — Ө.Ə.) шығармашылығын тұтас алып қарасақ, олардың арасындағы ортақ нəрсе сол, бұл əйел жанына, қыз жүрегінің сырларына үңіле білу жəне оның құпияларын, құдірет сезімдерін ашуға құмарлық, дүниедегі əйел ұлылығын дəлелдеп, олардың шынайы көркем образдарын жасау екендігін байқауға болады» [2], — деген пікірімен толығынан келісуге болады.

Поэзия ой мен сезімнің бірлігінен туады десек, ақынның махаббат жайлы жырлары əрі ой оятады, əрі сан түрлі сəттік сезім мен мəңгілік тəтті сезімнің шуағына шомылдырады. Фаризаның махаббат жырларының қызуынан ой оятқан оқырман, елтіп алып, ес жинап, бір сəт өз бойында бүлкілдей соққан сезімнен тыңдайды. Өйткені ақын өлеңінен тамыр тартқан терең тебіреніс, ішкі толқу, отты сезім лирикалық қаһарман мен оқырманды ажырамас бірліктегі бүтін бітімге айландырып жібереді. Фариза поэзиясының жəне бір қасиеті — табиғат құбылыстарын адам жан дүниесінің алуан түрлі қырларын ашуға пайдалану.

Бірге өскен құрбы қыздай,

Толқындар сырлас мəңгі.

Ұйқысын тұрды бұзбай,

Құшақтап түнгі аспанды.

Алмайды жел де демін

(Ол да сəл көз ілген бе?).

Мен ояу тербелемін

Жүрек — қыз, сезім — жеңге.

Ақынның махаббат жайлы жырларының басты лирикалық қаһарманы, əрине, Əйел. Өйткені ол — əйел жанының, əйел сезімінің суретшісі.

Қайтсем екен:

Қасіретін сенделіп шексем бе екен,

Əлде өзіңе тап қазір жетсем бе екен.

Тұрғызып ап төсектен жеті түнде

Жаныма ертіп бір жаққа кетсем бе екен?!

Ішкі монолог үлгісіндегі бұл өлеңде Фаризаның лирикалық кейіпкері ерлікке баланар еркіндік танытады. Мұндай өжет мінез тек Фаризаның лирикалық қыз-қаһармандарына ғана тəн. Фариза ақынның махаббат лирикасындағы тағы бір ерекшелік — нəзік жанды ару бойындағы адал да ақ сезімді асқақтата жырлау.

Мен сонда жылап қалғам…

Сен сезбедің. Кеттің ұшып жыраққа арман

Мұның бəрі неліктен?

Білесің сен өзіңді ұнатқаннан.

… Мен сонда жылап қалғам өзіңді жек көргеннен жəне де… ұнатқаннан.

Осы өлеңнің мазмұнынан гөрі, алдымен, формалық құрылысы қызықтырады. Жолдарының əр түрлі буынды болып келуі тектен тек емес. Ақын ауызекі сөйлеу мəнерін жазба поэзияда орынды қолдана білген. Жеті-сегіз буыннан бастап, алуан түрлі өлең өлшемдері, интонацияның өзгеріп отыруы арқылы ақын лирикалық кейіпкердің көңіл-күйінің өзгерістерін толыққанды жеткізген. Ақын кейіпкердің психологиясын ашып, жанкүйзелісін, адал көңілін жайып салады. Мұнда айтарлықтай тың тіркес, образды сурет жоқ. Алайда бұдан өлең қуаты əлсіремейді. Керісінше, ақын лирикалық кейіпкермен бірге күй кешуді ұсынып, нəзік жанды қыз құпиясын ұғындыратын сияқты.

Фариза Оңғарсынова өзінің махаббат тақырыбындағы жырлары арқылы əйелдің жан əлемін өзіндік ой талқысынан өткізе отырып, жаңаша ашты. Оның бұл бағыттағы өлең-жырлары сезімінің еріктен тыс еркіндігін бүкпесіз ашық айтуымен құнды.

Өлең көп деп біреулер жазғыра ма,

Махаббат, сезім жайлы.

Олар, əттең, мендегі назды ұғар ма,

Жолдар келіп тұрғанда өзің жайлы.

 …Өмір — сенсің дүниені ұмыттырып,

Өзіңді құштыратын.

Ішіп-жеген жанарыңда үміт тұнып,

Күттіретін біткенше күш-қуатым.

Ақ боз атты жолаушы.

Біздің үйдің сыртына қырындады.

Көрмеген боп көрсем де үңілмедім,

Маған қарап жеңешем жымыңдады.

Қызарып күлімдедім, — деп, ұялшақ қыздың ұят ұялаған сезімінің гүл жарған, уыз сəтін ұяң үнмен жеткізген ақынның «махаббат дастаны» тылсым сырдың, тұнық сезімнің əлеміне еліте, еліктіре еріксіз ертеді.

Ақын «Əйелдің монологы», «Жанымдасың», «Буынымды босатып», «Сен мені күтпе,» «Іш тартпай», «Кетсе де алдап үміт» жəне т.б. өлең-толғауларында адамдарды бір-біріне ғашық еткен құштарлық құдіреттің, кіршіксіз махаббаттың құпиясын ашуға ұмтылды. Ашты да.

Əдетте Фариза поэзиясы — асқақ рухты, адуын мінезді жəне албырт сезімді жыр болып келеді. Ал енді табиғатты жырлауда Фаризадан асқан сыршыл көңіл, сынық мінез қыз ақынды табу қиын. Оның «Таң сұлу», «Бұлақтар», «Қоңырқай бұлт», «Толқындар», «Далада гүл жүдепті», «Жаз» жəне т.б. өлеңдерінде əсем табиғат бар ажарымен ашылып, сұлу суретке айналады.

Толқындар бұрқанады бірін-бірі тепкілеп, шалып жығып, буралардай тістескен санын жұлып, бейкүнəсіп қараған дүниенің алдамшы жат қылығын — бəрін де ұғып, Жібергісі келгендей қағындырып.

Бұл «Толқындар» өлеңінен алынған үзінді. Ақын өзі байқаған табиғаттың сəттік құбылысына тіршілік тынысын беріп, жансызды жанды заттай бейнелейді. Əрбір қимылға сай теңеу тауып, жарға соққан толқынның сұрапыл сипатынан көркем сурет жасайды. Фариза «Толқыны» — мүлəйім, енжар, жалған тыныштыққа деген қарсылық. Сол қарсылық тегеурінін шымырлаған шыншылдықпен беру үшін нақты да бейнелі, көркем де образды балама, бірін-бірі толықтырып тұрған ырғақ, екпін, ұйқас үйлесімдерін табады. Сөйтіп, жансыз да тілсіз толқынды жанды бейнеге айналдырады. Фариза «Толқыны» Мағжан «Толқынынан» бір де кем емес.

Қазақ поэзиясында жылдың төрт мезгіліне жыр арнамаған ақын жоқ. Алайда əр ақын осыны өзінше көреді, өзінше таниды, өзінше суреттейді. Фариза поэзиясында табиғат құбылысы ақынның жан дүниесімен іштей келісім тауып, айтар ойдың шешіміне бағындырылады. Мəселен, «Тағыда көктем келді», «Жаз» жəне «Күз», тағы басқа өлеңдеріне осы сипат тəн.

Тағыда көктем келді,

Бал сезімдерге, сал сезімдерге ұран сап,

Өткінші ғұмырдай қылықтары мол бұлаң шақ!

Көп көңілдерде өзіңіз боп көлкіп кетіпті-ау,

Ару қыз аңсап, жыр аңсап!

Бұл келістіре бейнелеген көктем келбеті.

Сұлулар барған сайға бұғып,

Қарайды көлдің бетін айна қылып,

Шіркін, жаз жомартсың-ау базарлыққа,

Бересің Жан біткенге жайдарылық.

Бұл жаз айының сұлу суреті.

Қатқақ күз. Дала құнысып, жүзінде қалмай жаз рай. Кимеген адам бұғы ішік, бүрсеңдеген арық тазыдай. Сұлулық қалмай қырда түк Қоңырқай тартып жарқын жер.

Ал бұл сарыала салқын күз суреті.

Ақын əрбір жыл мезгілінің өзіне ғана тəн сұлу суретін туған табиғатқа ғашық жанның жүрегіндегі іңкəрлікпен жеткізеді. Табиғаттың тамылжыған көрінісінен поэтикалық образдар жасап, сəт сайын мың құбылар құбылыстың лирикалық кейіпкердің көңіл-күй пернесін шертерлік ілкі мезетін дөп басады. «Адам мен табиғат — күллі өнер туындысының нысаны. Əсіресе сыршыл жанр лирикада уақыттың əрбір сəті түрлі тəсілмен жырланып, өзгеше бітімді көркем бейнеге айналады» [3], — дегенде, өзі де ақын болғандықтан, ақындық құпиясын терең түйсінетін ғалым Жанат Аймұхамбетова осындай шеберлікті мегзеген болған шығар.

Фариза Оңғарсынова поэзиясынан кең орын алатын бір сала — азаматтық лирика. Əрине, бұл ұғымның ауқымы өте кең. Азаматтық лирика ақынның қоғам, адам, Отан, ел, парыз, тағы басқалар туралы таным-түйсігін, ой-толғанысын, түсінік-тұжырымын танытатын өлеңдер тобы.

Фаризаның бұл сипаттағы лирикасының басты ерекшелігі — қоғамның тарихи дамуындағы жеке тұлғаның рухани ұстанымын нақты да айшықты көрсете алуы. Ақын болмысының өзіндік көзқарас тұрақтылығы арқылы айқындалуы. Фариза азаматтық лирикасында қашанда да лирикалық қаһарманнның өз заманына сай тұлғасын сомдауға тырысады. Қоғамдық өмірдің қилы құбылысына ой жібере отырып, əлеуметтік тартыстар, қоғамдық қайшылықтар табиғатына көкірек көзі арқылы үңіледі. Оларға ақындық таным тұрғысынан баға береді.

Дариға күндер өтті де…

Нартəуекелшіл жомарт жандардың қайнатып қайран жігерін,

Кəрілік деген қырқадан бүгін қырға көзімді тігемін:

Сонау кездегі жалын шақтарды көрсем деп жастарда үміт тілегім.

Əлжуаз бозаң бозбалалардан құлазып кетсе көңілім, таба алмай қалам бір емін.

Сұңқарлығым егер шын болса, Менің балапаным қарға болмасы һақ! —

Дəл солай тегі… білемін!

Бұл — əр сөзі ұшқын шашқан «Қыр қазағының қартайғандағы ойы» атты өлеңі. Ой түйіні — қарт адамның ұрпағына деген сенімі. Ол сенімді лирикалық қаһарман өзі өткен өмір мəнінің қорытындысы ретінде əрі қысқа, əрі нұсқа етіп, кесіп айтады. Бұның өзі Фариза өлеңдеріне тəн ақындық мінездің табиғатын танытса керек.

Фаризаның қоғамдық ойды қозғайтын өлеңдерінде жалаң дидактикаға орын жоқ. Онда сезімге эмоциялық əсер беретін көркем образды сөз, ойға өзек, бойға қуат түйінді тұжырым бар. Сөзден образ түзеліп, образдан ой туады.

Мен даланың қызы едім

Жазығында жатпайтын көз ілер қара.

Жазира менің жанымның өзі де дара.

Асқар көрмеген мен, шіркін, биік дегенді

Өлшеуші ем сонау аспанның өзімен ғана.

Осында Фариза ақынның биікке ұмтылған тəкаппар мінезі көркем бейнеленіп, нақты ұғымды тудырып тұр. Дархан даланың кеңдігі мен көк аспанның биіктігін астастырған сұлу сурет, тұмадай тұнық ой бар мұнда.

Менің жырым —

Құштарлық қысқан кеудемнен

Бұрқырап жатқан бір жалын …

— дейтін ақынның имандай шындығы бұл. Оның арманы асқақ, ойы кең, мақсаты биік. Биіктік өлшеміне аспанды алу — тек Фариза поэзиясына сай келетін образ. Лирикалық қаһарман монологы — автордың өмір, уақыт, қоғам туралы толғаныстарының толассыз ағыны. Əрбір өлеңдегі мəн-мағынаны мазмұн ашады. Ал мазмұнының өзі идеядан тамыр тартса, идея ойдан туады.

… О, туған ел, мен өзіңсіз қанатсыз, тұғырсызбын,

Сен болмасаң сөнемін, ғұмырсызбын.

Маған сенің сезімің қуат серік,

Саған менің сезімім шуақ беріп — демімізден мөп-мөлдір нұрды жұтып, тірліктегі азап пен мұңды ұмытып.

Қос махаббат алауы жер үстінде бұрқасында өмірді тұр жылытып.

Ақынның осы «Туған ел» атты өлеңіндегі басты идея — туған ел, туған жерге деген махаббат. Туған елдің өз перзентіне деген сезімі мен ұрпақтың елге деген парызын сезінген сезімінің шуақты нұры ақынның айқын идеалын танытады. Осыдан келіп, уақыт сұранысына, ұрпақ ұғымына сай келген Фаризаның лирикалық монолог əдісі айтар идеяны, авторлық көзқарасты оқырман жүрегіне жақындата түсудің ұтымды жолына айналады.

Ф.Оңғарсынованың азаматтық лирикасында көзге ерекше шалынатын, бір тұлға бар. Ол — Махамбет ақын. Фариза поэзиясында ол бірде жау жүрек батыр ретінде азаматтық айбынымен, бірде адуынды ақын ретіндегі өнерпаздық тұлғасымен танылады. Кейде тіпті қос арна қосылып кетіп, тұтас тұлғаның тұғырын заңғар көкке көтеріп кетеді.

Фаризаның Махамбет жайлы туындылары өте көп. Мəселен, «Махамбет аудармашысымен əңгіме» — Махамбет тұлғасын даралай түскен ажарлы жырдың бірі. Ақын:

Махамбет! Махамбет…

Білмеймін жел ме, сел ме?

Жырда онымен бір тұлға теңесер ме…

Əділетсіз дүниенің қабырғасын,

Махамбетше сөгер жан кездесер ме?..

Ондай жыр ем кеселге, —

деп ішкі монолог арқылы шешіле толғанады. Өлеңнің өнбойында өршіл сезім есіліп жатыр. Ақын қолданған интонация, экспрессия, қайталаулар өлеңнің эстетикалық қуатының арта түсуі мен ой ағысының айқындала түсуінде шешуші қызмет атқарып тұр.

Жалпы алғанда, Фариза лирикаларында əйелдердің өзгеше əлемі, олардың сан алуан күйге ерік берер нəзік сезімі, əйел мінезінің көп қатпарлы құпиясы, жан дүниесінің мың сан иірімдері шыншылдықпен ашылып, шынайы жырланады. Осындай əйел жанының тұнығын жырлаған туындының бүгінгі ұрпақ тəрбиесінде зор эстетикалық маңызға ие болары сөзсіз.

Көңілді жайлы күнімді.

Азапты, қайғы-мұңымды

Өзіммен бөліскенің үшін,

Менің мынау қиындау тағдырым болып

О баста көріскенің үшін,

Өлең мен сені аялап өтем! —

деп, өлең өнерін өмір мəніне айналдырған Фариза-ақын қазақ поэзиясына арманы асқақ, танымы терең, рухы ұлттық жыр асылын əкелді. Фариза Оңғарсынова поэзиясы — ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясын өз жаңашылдығымен байытқан, өзіндік дəстүр қалыптастырған жаңа арна, жаңа бағыт. Фариза — қазақ асыл сөзінің айдынын асау толқынды, арналы жырымен толтырған, ақындық əлемі сыршыл сезім, терең ой, азаматтық ұстаным, ақындық өлшем бірлігінен тұратын ұлт ақыны.

«Сөз патшасы — өлең» арқылы сан ұрпақтың санасына сара ойдың дəнін егер, еміренген жүрекке арда сезімнің нəрін берер Фариза поэзиясының қашанда тұғыры биік, жұлдызы жоғары боларына сенім мол.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақ əдебиетінің тарихы: Он томдық. — 9-т. — Алматы: ҚазАқпарат, 2005. — 53-б.
  2. Ержанова С.Б. Қазақ поэзиясы тəуелсіздік тұсында. — Алматы: Білім, 2010. — 110-б.
  3. Аймұхаметова Ж.Ə. Мифтің поэтикадағы қызметі (қазіргі қазақ поэзиясы арқауында). — Алматы: Жазушы, 2010. — 332 б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.