Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қос шығармадағы ортақ ой, ортақ образдар

 Көркем əдебиеттің көлемді бір аумағын тарихи шығармалар алып жатқандығы анық. Тарих пен əдебиет — құстың қос қанатындай егіз дүние. Кез келген көркем туындының өзінде тарихи детальдар мен элементтер кездеседі. Осы жөнінде ғалым Ж.Дəдебаевтың зерттеу еңбегінде мынадай ой- тұжырымдар айтылады: «...Тарихтағы кейбір ірі оқиғалар белгілі бір дəуірдің бетін, мазмұнын анықтайтындай мазмұн-мəнімен бөлектеніп тұрады. Сондықтан белгілі бір тарихи кезең туралы шығарма жазғанда, сол дəуірдің ең басты, типтік бетін, сипатын белгілейтін оқиғаларды ескермеуге болмайды. Онсыз дəуір тынысын толық жеткізу қиын.

Адамзат тарихы тек ірі, аса маңызды оқиғалардан ғана тұрмайды. Тарихта ірі, маңызды оқиғаларды іштей дайындайтын, сол ірі, маңызды оқиғалардың алғашқы алғышарттарын дайындай- тын, жүзеге асыратын, бірақ сырттай бірсыдырғы кезеңдер де кездеседі. Мұндай кезеңдер шындығы туралы жазылған шығармаларды тарихи тақырыпқа жазылған деп, ал осы кезең дайындап, пісіріп- жетілдірген, халық өмірінде ереше мəні бар ірі оқиғалар туралы жазылған шығармаларды тарихи шығармалар деп бөліп атау бірден-бір дұрыс тұжырым бола алмайды. Халықтың тарихи өткенінің ірі немесе ірі еместігі бұл тақырыпқа жазылған шығармалардың жанрын анықтайтын өлшем қызметін атқара алмайды. Тарихтың аты — тарих. Халықтың тарихи өміріндегі болған, өткен оқиғалар, мазмұны жағынан қандай дəрежеде болғанымен, бəрібір тарихи оқиға, тарих болып табылады. Тарихтағы ірі я ұсақ оқиғалар жазушы үшін дара екі түрлі объект емес, бір ғана объект. Бұлай деген- де тарихи шығарма өзегінде, оның басты желісінде тарихи-тұрмыстық (лироэпикалық) оқиғалар емес, тарихи-əлеуметтік құбылыстар жатуы тиіс екендігін есте берік ұстауға тура келеді.

Тарихи шығарма табиғатын шығарманың жазылу сəті мен суреттелген кезең арасындағы уақыт жылдар мөлшері емес, көркем шығармада сол жылдар ағынының арғы жағынан көрсетілетін тарихи кезеңнің əлеуметтік даралығын суреттеудің ерекшелігі анықтайды» [1]. Яғни, тарихи кезең үшін та- рихи тұлға қандай рөл атқарса, оны жазып, кейінгіге жеткізер адам да сондай салмақты əрі жауапкершілікті болуға тиіс.

Сондықтан да, тарихи я болмаса көркем туындыда əрбір қаламгер қаһармандар əлемін ашуда өзіндік ізденіс арқылы өзіне тəн жол тапса — ол шығарманың құны артары даусыз. Шығармадағы кейіпкер — өмірдегі адам. Бұл тұрғыда ғалым М.Қаратаев: «Адам — əдебиеттің жүрегі, адам өмірін бейнелеу — əдебиеттің түбегейлі мақсаты. Дүние жүзі əдебиетінің бұрын-соңды жасалған оңды үлгілерінен реалистік көркем туындыға үнемі өзек болған адам өмірін, адам образын көреміз. Сондықтан əдебиеттің дүние танытқыш жəне тəрбиелік құны адам өміріне қаншалықты толық, терең, нəзік суреттеуімен өлшенбек» [2], — деген түйінді ойын айтады.

Жалпы көркем прозадағы тұлғалар табиғатын түсіну үшін əуелі сол суреткердің алып отырған дəуірін, дəуіріне лайықты тарихи шындығын һəм содан ауытқымайтын көркемдік шешімге зер салған жөн. Осы орайда қазақтың белгілі жазушылары Сəуірбек Бақбергенов пен Əбіш Кекілбаевтың Шыңғысхан жайындағы шығармаларына тоқталған едік. «Бөрте — Шыңғысханның жұбайы» жəне «Ханша-дария хикаясы» атты қос повестің негізгі өзегінде қаһарлы қағанның əлемді жаулап алмақ болған іс-əрекеті тұтастай тұрғанымен, осынау дүлей күш пен сұрқия амал-айлаға қарсы нəзік жандылардың наразылығы да бір сəтке тоқтамайды. Осы қарсылық арқылы ізгілікті іздеген екі автор Шыңғысханға қарама-қарсы əйелдер образын көлденең тартады. Айталық, С.Бақбергеновтің «Бөрте — Шыңғысханның жұбайы» деп аталатын туындысында негізгі нысана — қазақ қызы Бөртенің сұлулығы мен жан жүрегінің жылулығын, ақыл-парасатының молдығын көрсету, сондай-ақ ұлтымыздың тағы басқа қарлығаштары: Оөлен, Ақтоты, Күлшелердің ғаламат іс-қимылдарын, салиқалы да салмақты сөздері арқылы асыл бейнелерін таныту болса керек.

Бұл арада Шыңғысхан тұлғасы осы əйелдерден аса алмай, екінші орынға ығыстырылғандай əсер береді. Рас, əуелі оқиға жылқы бағып жүрген Теміршын деген жігіттің өз еліне қайтқысы келетінінен басталып, əрі қарай қалыңдығына аяқ астынан кездесіп, еліне алып қайтуымен өрбиді.

Жазушы қатыгездік пен жауыздықтың символы ретінде көрсетпек болған Шыңғысханды бастапқыда Теміршын деген атпен тəрбиелі, салмақты, ақыл-парасатты, ойлы жас қылып көрсетеді. Оған дəлел, өзінің досы Сенгеленің мына ойынан байқалады: «Бала жігіт ойланып қалды. Көз алдына жылқышы баланың тұлғасын əкелді. Шегір көз, жирен сары, жасына жетпей кеуделі, иығы тік, тұтас жауырынды жігіт ол. Күреске түсетіндей, ертең-ақ палуан, батыр болатындай сымбатты еді. Мұнысымен қатар достыққа, сертке берік көрінеді, сөзге үйірлігі аз. Бірақ барынша қайсар, намысқой. Ол мінезін сыртқа осынша шығара бермейтін бала» [3; 3, 4].

Жас Сенгеленің бұл ойын ақсақал Менлеке бидің де көзқарасы расқа айналдырғандай. Баланың сəлеміне, əрбір қимылы мен сөзіне зер сала қараған бидің бірінші байқағаны оның көз жанары тым жалынды, отты екен, дей келіп: «...Менлеке Теміршынге бір кездесудің өзінде осымен төрт-бес мəрте аң-таң боп қарады. Талай-талай дау-дамайды, шешен мен батырды көрген ақсақалдың мұнысы ал- дында отырған жас азаматтың не бір, осы менмін деген кісіге тəн, көптен ерендеу екенін танытатын- дай еді» [3; 6].

Ешкімге зияны жоқ, өз бетімен жылқы бағып жүрген қарапайым жігіттің алғашқы көзге түсуі осылай. Яғни, көздеген кейіпкер келбеті, нысанадағы қаһарман бейнесі жап-жақсы ашыларына сене бастайсың.

Осыдан екі жастың қыз жұртынан бата алып, өз елдеріне қарай аттанғаны жəне жігіт анасының келінді қалай қарсы алғандығы һəм Оөлен ананың аспандағы Айға алақанын жайып екі баласына Тəңірден тілек тілегені де шығарманың шырайын кіргізіп, бүкіл адамзат баласын ақ жолға, жақсылық пен ізгілікке бастайтындай.

Тоғырыл ақсақалдың берген батасынан кейін жас Теміршынның тасы өрге домалағанын мына жолдардан байқауға болады: «... Ең алдымен Алашань мен Гобы арасындағы кең дала, құм мен таулы жерден монғол елінің алғашқы жұмбақ бірлігі басталды. Бастаушы туын мықты ұстады. Дүниеге алғаш келгенде, шар етіп жерге түскенде уысынан қан шеңгелдеп түскен еді. Енді сол шеңгелдің уы- сына өзіне бағынған қауымды алды. Ең алдымен, оларды көршілердің көз түрткісінен, əділетсіз билігінен, қорлық-зомбылығынан құтқарды. Көптен бері басшысы болмаған көген көз, момын елге ең басты керегінің өзі осы еді. Содан да халық оның қимылынан, ісінен, сөзінен, өздерінің келер күндерін, бастаушысын көре бастады. Көптің ниетін, өзіне деген ықыласын көрген ол əрбір ісін ой- ланып, толғанып, кейбірін халқымен ақылдасып, арнаулы кеңес шақырып шешетін болды» [3; 14].

Дəл осылай жұлдызы жанып, айы оңынан туған Теміршын ендігі жерде тарих сахнасына «Шыңғысхан» деген атпен шыға келгені жəне өзінің қатыгездік, зұлымдық əлеміне қалай кіріп кеткенін автор шағын көрініспен-ақ шебер көрсете алған. Мəселен, ... Екі мың, екі жүз елу түйеге жүк артқан үлкен керуен Алатауды бөктерлеп, Таразы, Испинжавтан өтіп, Отырар жетті.

Бұл кездегі Отырар билеушісі Хорезм шахтың туған күйеу баласы Қайырхан болатын. Ол қайын атасы Мұхаммет шахпен келісіп, керуенді Хорезмге өткізбей тонап алды. Жігіттерді, бай жасақты керуеннен бөліп, төрт жүз адамды түгелдей өлім жазасына жіберді. Арада екі-үш ай өткенде, бұл хабар Шыңғысханға жетті.

Міне, бар сұмдық осы керуеннен басталып еді [3; 17], — дей келіп, көркем шығармаға тарихи деректі өзек қылады. Шыңғыстың шеңберден шығып, шексіздікке ұмтылған долы мінезін, жойқын іс- əрекетін осы бір қылтадан лап еткізген.

Туындыдағы толқынды ойлар басынан-аяқ бір желіге тартылғандай. Ол жауыздық пен ізгіліктің жұлқынысы, ақ пен қараның айқасы. Қаһарлы қағанға қарсы қарапайым əйелдердің, аналардың іс- əрекеті, ойлары мен сөздері бір арнада тоғысады. Дегенмен бір кереғар дүние шығармадағы Шыңғысханның тағдыры. Оқиға басталғанда болашақ қағанның байсалды, сабырлы, парасатты кейпін көріп қуанасың. Əр сөзінен, əр ісінен тəуекелшіл, текті азаматтың бейнесін аңғарасың. Бірақ жүре келе осы ғажап ырғақтың бəрі бұзылып, аяқ астынан өзгеріп кетеді. Бұрынғы əділетті, турашыл Теміршын оқиғаның ортасы мен аяғында қаражүрек, қансорғыш, зұлымдық иесі, атаққұмар, шатаққұмар Шыңғысханға айналады. Əрине, адамның өз болмысынан өзгеріп, өзгеше күй кешуі тек көркем шығармаларда ғана емес, нақты өмірде де кездесетін жайт.

Бір ғана мəселе — жазушы бұл жерде жер жүзін жаулап, жалғыз өзі үстемдік жүргізгісі келген Шыңғыстың қанды жорықтарын, ондағы қағанның ерліктері мен жауыздық əрекеттерін көрсетуді мақсат тұтпаған. Қайта сол жөнсіз, жүгенсіз жайларға қарсы бағытталған қазақтың рухы, ұлт азаматы мен əйел-аналардың тектілігін айтқысы келгендігі анық көрінеді. Жəне кейбір тарихи детальдар арқылы көркем шығармадағы өз шешімін беруге тырысқан.

Ал қаламгер Əбіш Кекілбаевтың «Ханша-дария хикаясы» атты повесінде Шыңғысхан образы жан-жақты ашылған деуге болады. Аңыз түрінде алынған бұл туындыдағы бас кейіпкеріміз басқа та- рихи романдарға, алғашқы қарастырған повесімізге қарағанда өзгеше күй кешіп, ерекше бір қырынан көрінеді. Айталық, Əлемге əмірін жүргізгісі келген қаһарлы қаһанның «табындыруы мен таңқалдыруы» қулығына құрық байламайтын салқынқанды саясаткерді көз алдымызға елестетеді. Сауысқандай сақ болып, тірі жанға сенбеуі де — қаһарманның жан дүниесіндегі жаратылыс жұмбағын алдыға тартады.

Жазушы күрделі кейіпкерінің сыртқы сұсы мен ішкі дүлей дүниесін мынандай жолдармен аңғартады: … Қынаптан суырғанында оқ жыландай ысқырынатын жылмаң қылыштың зəрлі ысы- лын сыбызғының сазынан бетер құныға тыңдайтын сарқаптал, қанды балақ, құзғын көз, қырғи жүрек сарбазға жаутаңдаған жанарлар мен кемсеңдеген иектерді, дірілдеген қолдар мен дірдектеген сирақтарды көргеннен артық лəззат болушы ма еді? Қан жұқпаған қанжардан не пəтуа, қан жұтпаған еркектен не пəтуа, қаймықтырмаған қаһардан не пəтуа!

Əлгі, əншейін, жердің бетін көл-жоса қып көміп кеткен қара қан жеңістің айғағы емес, жеңістің айғағы — жылты қашқан көздер мен сұрқы қашқан сөздер. Дұшпанның һарам қанына белшеден жүзсең де ол мүсəпір болған жауыңның жаутаңдаған көзінен ытқып шыққан бір тамшы ыстық жасты өз көзіңмен көргеніңдей болмайды [4; 295].

Сұрапыл суық сөз, сұрқия ой оқырманның өзін қалтыратып жібергендей. Көз алдымызға қырғын соғыстан гөрі Шыңғысханның қауіпті көзқарасы мен адамға тəн емес жабайы іс-əрекеттері тізбектеліп келетіндей. Қатыгез ханның құпиясын қоюлату үшін автор Касар мергенді оған теліп қойған. Касар мерген көңіл-ниеті түзу жанға ұқсайды. Оның əшекейлі хан сарайын менсінбей дархан даланы аңсауы, өзінің қораш қосын қимауы да көп жайларды аңғартады.

«Аңға шыққанда қашан да Касар мергенді бір елі жырақ жібермей, қасында ұстайды. Мергендердің жақын жүргенінен алыс жүргені қауіпті, мерген еместердің алыс жүргенінен жақын жүргені қауіпті» деп ойлауына қарағанда, жақын досының өзі оған дұшпан сияқты.

«Сөзден бұрын көзбен тергеп алу мұның қашаннан бергі əдеті....Əр істе тамсантып, таңырқатып отырмасаң, айбыныңнан айырыласын, қорқытқанның жөні осы екен деп кіріп-шығып жүрген қызметшілерге оңды-солды бақырып-шақыра берсең, қазір қасың мен қабағыңды бағып, сілтідей тұнып отырған тыныш халқыңды күндердің күнінде сыртыңа шығарып алуың мүмкін» [4; 297–306]. Мұндай сұңғыла ойлар ел басқарған естілердің бəрінде бірдей бола қоймас.

Шығармада шағын детальдар мен штрихтар арқылы Шыңғысханның психологиялық портреті жасалған.

Мəселен, Аспан мен жердің ара-шегі жойылып, төңіректегі тұтасқан қалың мұнар мен жымыңдасқан оттарды көргенде ол жер басып тұрғанын ұмытып, сонау көз ұшында еміс-еміс жымыңдасқан жұлдыздардың ортасындағы хақ тəңірдің өзіне айналып кеткендей сезінеді. Сонау төбесіндегі, мынау іргесіндегі жыбыр-жыбыр көп от бұған тауап етіп жатқан көп ғарыптың жалбарыныш шырағындай; оларды осылай моншақтай тізіп маздататын да, бір түкіріп өшіріп тастайтын да құдірет тек өзі сияқты [4; 299].

Арман-мақсаты асқақ ұлы əміршінің бейнесі əр көріністерден бірте-бірте биіктей түседі. Лирикалық шегіністер арқылы жасалған бас тұлғаның ішкі монологы шығармаға үлкен салмақ қосқан.

Сюжетке арқау болған өзекті мəселе — адамдар тағдыры. Таңғұт елін шапқандағы ойран болған қала, қырылған халықтың аянышты күйі, мұң-зары көз алдымызға Отырарды еріксіз алып келеді. Ержүрек таңғұт халқы да Отырар халқындай өліспей беріспейді. Соңғы үміттері өшкенше қамалды ашпай, қарсыласып бағады. Таңғұттардың қолбасшысы Шидүрге де Қайырхан сияқты ешкімнен тай- салмайтын өжет, қайсар адам. Бұл жерде де тура Отырардың қартинасы қайталанады. Шыңғыстың сұрқия саясатымен қамал алынып, халқы қырылып-жойылады. Ең соңында қалған тұтқын Шидүрге өз өлімін ерлікпен қарсы алады. Қайырхан мен Шидүрге Шыңғысханға қарама-қарсы қойылған об- раздар. Жаулары осал болса, майданда батырдың ерлігі көрінбейді, — деген ой осындайдан шыққандай. Бұл туындыда Шыңғысхан образы — жалпыдан гөрі жалқыға, көптен гөрі жекеге жинақталған. Кейіпкер күні-түн жорықтарда жүрсін, болмаса оңаша ой үстінде отырсын əйтеуір бір əрекетімен көрінеді.

Сыншы, ғалым Төлеген Тоқбергеновтің: «Үлкен образдың жасалуы характердің табиғи ашы- луына байланысты. Типтік тұлғаны тірілтіп, даралап тұрған да сол характер. Сондықтан да бұл екеуі ажырамас жақын туыс егіздер. Бірінсіз бірі жоқ.

Көркем əдебиетте характер жасау ең қиын күрделі міндет болғаны да содан. Характер жан- жақты ашылмайынша, кейіпкерді тани алмайсың.

Адамның əрекеті — характердің жарқ еткен көрінісі. Кейіпкер мінезі томаға-тұйық қалмай, қат- қабат қырымен, алуан айшық сырымен айқара ашылғанда ғана жарқын. Мұндай тұлға тозбайды, дəуірден дəуірге ұзақ сапар шегеді, жарқырап ашыла түседі. Солардың бəрінен де замана рухын, дəстүр-салтын танимыз» [5], — деуінде үлкен шындық жатыр.

Жазушы шығармасында қара түске баса назар аударып, табиғаттың мұңлы шағы — күз айына көп көңіл бөлген сықылды.

...Сеңсең бөрік секілді сеңгір-сеңгір таулардың қап-қара тəнінен шымырлап шыққан қара өзеннің тіп-тіке терістікке бет түзеп, жолында тағы да тауға жолығып, шығысқа қарай күрт аунаған қойнауында мұның қалың қолы жатты...

...Қара өзеннің қағанағы қарқ, сағанағы сарқ. Аңғар бойы сылдыр – сылдыр, сыңғыр – сыңғыр... [4; 307–327]. Тағы бір жерінде ...Тұла бойы түп-түгел қара. Бетін де қара пердемен көлегейлеп алыпты. Мысық табандап мұның төсегіне қарай жақындап келеді. Міне, екі-ақ адым жер қалды. Бейуақтағы бейсауат қонақтың оң иығы қимылдағандай болды. Аяғының басына дейін малынып түсіп тұрған қап-қара киімінің өңірінен алмас қанжар жарқ етті... [4; 303], — деген сөйлемдерде «қара» сөзінің астарында үлкен ой жатыр. Соңғы сөйлемдегі қара киімді қанжар асынған бейтаныс біреу Шыңғысханның түсіндегі өзін-өзі өлтірмек болған өз бейнесі. Жүрегі, жан дүниесі қап-қара адамның өзіне-өзі ұмтылған қызық та тосын қылығы кейіпкерінің психологиялық портретін ашу үшін əдейі қолданған.

Сондай-ақ табиғаттың əр алуан түр-түсі мен реңктерінің ішінен сұрғылт-сұрқайын болмаса мезгілдер арасынан күз айын алуы да тегін емес.

Күз таңының сұйқылт суық нұры шатырдың ішіне енді-енді жайыла бастағанда ол ұйқыдан оянды.

...Кəрі жүрек көп қуана бермейді [4; 294]. Табиғат құбылысы мен адам жүрегіне ортақ мұңды анық аңғарамыз.

Шығарманың өнбойынан асқақтап көрінетін Шыңғысхан бейнесі ең соңында аласарып қалғандай болады. Өйткені таңғұт тайпасының сұлу əйелі Гүрбелжін ханым оны оңдырмай отырғызып кеткен... Шыңғысханның аяқ астынан ауырып, өліп кетуіне де осы Шидүрге əміршінің сұлу əйелі Гүрбелжін ханымның ойлап тапқан əдісі себепкер болыпты, — дейді бір ойдың өзегі.

Осы арадағы хан мен ханымның арасындағы асау əрекетті жазушы былай суреттейді.

...Құмарлықтың дүлей желігіне біржолата беріліп, құдды бір жағаға шығып қалған балықтай тынысы тарылып, танауын жас тəннің, асау қанның, елден-ерек сұлулықтың хош иістері қосыла аңқыған қос анардың ортасына енді апара бергенде ұлы əмірші оқыс ышқынып, сылқ етіп, сұлу үстінен ауып түсті.

Гүрбелжін ханым төсектің аяқ жағына түсіп қалған желең көйлегін қолына іле-міле сыртқа сып берді.

Ұлы əмірші екі санын жуып бара жатқан қызыл-жоса қанға шошына қарап отырып қалды. Күтушілерін дауыстап шақыруға мынау қалпынан ұялды. Азу тісін сындырып жіберетіндей, шақыр-шұқыр тістеніп, етпетінен гүрс құлады [4; 328].

Айналасы 1–2 минуттың ішінде болған қанды оқиға ұлы əміршіні «мүгедек» қылып, айықпас ауыр қайғыға душар етеді. Ал енді тұқым қалмай тегіс қырылған таңғұт елінің соңғы аруы Гүрбелжін ханым азулы Шыңғысханнан елінің кегін осылай алыпты, — дейді аңыздың аяғында.

Жарты əлемді жаулап алған сұсты хан, ұлы қолбасшының бір əйел алдында айласын асыра ал- мауы, оның көңіл-күйіне, жан дүниесіне қатты əсер еткендей. Оның үстіне еркектік енінен айыры- лып, өз-өзінен мүжіліп, мүсəпір күй кешеді. Бұрындары жандыны көзіне ілмейтін «көсем шал» на- мыстан жарыла жаздап, азапты ауруға шалдығады. Шығарма шеңберінде драмаға бергісіз тартыс пен шиеленіс бар. Шыңғысханның сəтсіздікке ұшырауын, психологиялық дағдарысқа түсуін мына жай- лардан байқаймыз.

Ұлы əмірші табан астында ауырып қалды. Сол күні түнде ұлы əміршінің Қасар мергеннен басқа күтушілерінің бəрінің де басы қырқылды. Əміршіні емдегелі барған емші, балгерлер де сары ала ша- тырдан тірі шықпады.

Манғұл қолы адыра қалған таңғұт астанасынан бір жола үдере көшті. Ұлы əмірші көш жөнекей көңілін сұрай барған ешбір жанды қабылдамады. Тіс жарып ешкімге ештеңе демеді. Екі көзі жұмық, əлде бір ойларға батып, жатып алды [4; 328].

Сыртқы дүниеге қанша білдірмесе де, ішкі əлемі алай-дүлей, қым-қуыт ойлардың астында қалып, психологиялық иірімдер өз тұңғиғына тарта жөнеледі. Автор психологизмді шығарманың кілті сияқты қажетті жерлерінде қозғаушы күш ретінде пайдаланады. Диалогтан гөрі монолог басым. Кейіпкер керемет əрекеттер үстінде ашылады.

Көпшілік деректерде, шежірелерде Шыңғысханның ажалы аттан болған деседі. Біздің пікірімізше, осы аңыз туындының астарында бір құпия жатқан секілді. Бəлкім, күндердің күнінде шындықты бүркеген перде де ашылар...

Біз əдетте көркем шығарма мен аңыз дүниелердегі барлық жағдайларды шындықтан алыс, елес пен сағым күйінде қабылдаймыз. Тарихи деталь, тарихи кішкене элементтерді көзге іле қоймаймыз. Бұл жөнінде ғалым Ə.Тарақовтың мынандай пікірі бар екен: «Қандай да бір дəуірдің тұтастай тарихи картинасын беруде тарихи деталь өзінің үлкен айқындаушы қызметін атқарады. Тарихи деталь сол кезеңдегі қалыптасқан тарихи жағдайлар мен жекелеген характерлерді, құбылыстарды ашуға айрықша ықпал етеді. Детальдар көбінесе көркемдік баяндау жүйесінде, монологтар мен диалогтарда аталған тарихи шығармада бейнеленген дəуірдің тарихи колоритін жасайтын құрал ретінде ерекшеленіп тұрады. Сондықтан да кейде ол колоритті деталь деген атауға да ие. Тарихи деталь характерді ашуда, кейіпкер болмыс-бітімін даралауда жұлдыздай жарқырап дараланып тұрады» [6].

Екі повеске де ортақ түйін: Шыңғысханға қарсы халықтың наразылығы. «Бөрте — Шыңғысханның жұбайында» бас кейіпкер Бөртенің өзі көп жағдайларда қағанға тікелей қарсы шықпаса да, салмақты сөздерімен, пайымды ой-пікірлерімен екінші жақтың мүддесін көздейтіндігі көрінеді. Бөрте — ақыл-парасаттың, сұлулықтың жиынтық бейнесі ретінде шығарманың кез келген жерінде кездеседі. Басқа да əйел-аналар оған қосымша күш беріп, отансүйгіштікке, ізгілікке, жақсылыққа талпыныс жасайды. Осындағы Ақтоты, Күлше сияқты əйелдер образы өздерінің ерекшелігімен қаһарлы қағанға деген қарсылығымен көрінсе, «Ханша — дария хикаясында» таңғұт аруы Гүрбелжін Шыңғысханға өзінің айласымен оның түбіне жетуге тырысады. Жойылып бара жатқан бүкіл бір елдің кегін жалғыз өзі жүзеге асырады.

Аталмыш екі туындының соңында да əлемді қалтыратқан қағанның нəзік жандылардан жеңіліс тапқандығы қаламгерлер тапқырлығы деуге болады.

Алғашқы шығармада Қаракемпір (Ақтоты) атты кейіпкер Шыңғысханның бетіне түкірсе, екінші туындыда Гүрбелжін ару қағанның ажалына себепші болды.

Екі хикаяда да аңыздық желі мен тарихи шындық астасып, сол аңызға айналған адамдарды тари- хи деректермен дəлелдеген қаламгерлер өз көркемдік шешімдерін жасаған.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Дəдебаев Ж. Əдеби шығарма. — Алматы: Ғылым, 1987. — 6, 7 б.
  2. Қаратаев М. Таңдаулы шығармалары. — Алматы: Ғылым, 1974. — 3-т. — 194 б.
  3. Бақбергенов С. Бөрте — Шыңғысханның жұбайы. — Алматы: Жазушы, 1993. — 384-б.
  4. Кекілбаев Ə. Шыңырау. — Алматы: Жазушы. — 1982. — 456-б.
  5. Тоқбергенов Т. Уақыт пен характер // Жұлдыз. — 1967. — № 10. — 117–118-б.
  6. Тарақов Ə. Тарихилық жəне тарихи тұлға // Əдебиет жəне өнер мəселелері: Жин. — Алматы: Ғылым, — 37-б.

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.