Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Этнотанымдық мəтіндердің лингвокоммуникативтік ерекшеліктері

Заман талабына сай қоғам өзгеріп, уақыт озса да, тілімізде ұлтымыздың жалпы адамзаттық құндылықтарын сақтаған асыл мұраларымыз бар. Олар қазақ дүниетанымының, рухани əрекетінің, мəдениетінің тілдегі көрінісін айқындайды. Ғасырлар бойғы тəжірибенің нəтижесінде сұрыпталған ұлттық мəдениеттің, ұлттық парасаттың, ұлттық тұжырымның тілдегі жиынтығын құрайды. Халықтың өткенімен өзектес тауып жатқан дəстүр мен мəдениеттің сабақтастығын танытады. Халықтың ұлттық рухын, салт-дəстүрін, қарым-қатынас əдебін ұрпақтан ұрпаққа жеткізеді, кумулятивті қызмет атқарады. Кумулятивті қызмет дегеніміз — сөздің ұлт өмірінің айнасы, тұрмысы мен мəдениетінің куəсі болу қызметі [1]. Мұндай мəтіндерді этнотанымдық бірліктер деп атаған орынды. Оларды өз ішінде ұлттық рухани дүниетанымды қамтитын тілдік кодтар; танымдық- тəрбиелік дүниетанымды қамтитын тілдік кодтар; мəдени-эстетикалық дүниетанымды қамтитын тілдік кодтар; қарым-қатынас əдебін қамтитын тілдік кодтар түрінде жіктеуге болады.

Рухани дүниетанымды қамтитын тілдік кодтар қазақтың ақыл-ойының көкжиегін танытуға арқау болады. Ол айтыстан, шешендік сөздерден айқын көрініс табады. Ынта-жігердің, күшті қажыр- қайраттың, терең ақыл-ойдың нəтижесін көрсететін шешендік сөздер мен айтыстан мынадай рухани дүниетанымдық белгілерді айқындауға болады: күтпеген жерден туындаған мəселенің шешімін сол мезетте табу; тілдік құбылыстың жаңа үлгісін жасау; жалпы қабылданған ұқсас сұрақтарға «сирек идеялар» құра білу, қабылдай алу, «ерекше нəрселерге сезімталдық таныту, бір идеядан екіншісіне жылдам, əрі икемді түрде ауыса алу, болжамды өңдей алу т.б. Бұл қазақ халқының креативті ойлау қабілетінің мейлінше жетілгенін көрсетеді. Рухани құндылықтың жоғарғы көрсеткішіне жатады. Рухани құндылық — халықтың танымы. Ш. Уəлиханов атап кеткендей, «халықтың ақыл-ой жетістігі» [2]. Көрген-білгенді ой елегінен өткізіп, оны сарапқа салу, миға тоқу, одан тұжырым шығару, оны тың мəселені шешуде пайдалану, тілге жеңіл, жүрекке жылы сөз орамдарын қолдану – шешендік сөздерге, айтысқа қойылатын үлкен талап. Сапарғали мен Нұржанның жұмбақ айтысындағы: «Бəрін де көргеніңнің жұмбақ қылдың, Көңілге бар ма өнердің қонбағаны» деген Нұржанның сөзі «қазақ көргенін көңілге тоқи білетін халық» екенін, «сөз өнері қазақ танымының жемісі» екенін дəлелдейді. Мысалы:

Сапарғали:

Тəңірінің бар бір құсы,

Қанаты алтын, түгі жоқ.

Жерде де жоқ мекені,

Көкте десем міні жоқ.

Мекенінен шықса өледі,

Оған қылар емі жоқ, — десе,

Нұржан:

 Бұл сөзіңіз анық-ты,

Үйір қылдың жұмбақпен

Бұл жердегі халықты.

Қанаты алтын, түгі жоқ

Суда да жүзіп жүреді,

Далаға шықса өледі,

Сапеке, мұның балық-ты, —деген жауап береді. Тілден ойдың нəтижесі көрінеді. Айтыста ақындар тың мəселені көтеріп, оның шешімін тауып қана қоймай, көтеріліп отырған мəселенің мазмұнын бейнелі сөзбен, ұйқаспен ашады. Тілді мейлінше тиімді қолданып, сөз саптау – ұлттық логиканың жемісі. Сондықтан да халқымыз терең ойлы сөз өнерін ерекше құрмет тұтады.

Рухани дүниетанымды айқындайтын тілдік кодтар жайшылықта басын біріктіруге келмейтін құбылыстар мен пікірлерді философиялық тұрғыда тұжырымдай отырып, ақиқатты айтудың көрсеткіші болып табылады. Сондықтан олар өліп қалған көңілді де тірілтеді, адамдардың жанына рахат сыйлайды. Р.Сыздық: «Тыңдаушы да, айтыс сияқты, сөз өнерін тудырушы тұтастықтың бір сыңары болып табылады екен. Мұны, əрине, екінің бірі біліп те жатпайды, айтысқа оның бір иесімін деп бармайды, тыңдаймын, қызықтаймын, сөз шұрайын естимін деп барады. Сөйте тұра, жүрегінің түкпірінде өзінің рухани құбылысқа қатысушы екендігі санадан тыс (подсознательно) орын алады да, айтыстан қалмауға ұмтылады. ... Психологтардың зерттеулеріне қарағанда, əр адамда, демек, тұтас қоғамда «жан-дүниенің толқуы» (эмоциональная насыщенность) деген болады екен, яғни адамның ішкі жан-дүниесін толтырып тұратындай əсерлер, іс-əрекеттер т.б. болуы керек. Жеке адамдарда, əсіресе қоғамда жан-дүние толқуының мұқтаждығы, қаны сезілетін тұстар болады. Мұндай мұқтаждық қоғамның əлеуметтік, саяси-экономикалық, мəдени өмірінде болатын үлкен өзгерістердің дүмпулердің тұсында орын алатындығын айтқан зерттеушілер, яғни, адамның ішкі жан-дүниесінің толығуы, сыртқы дүниеге ілесе алмай жатады да, адам бос вакуумды толтыратын нəрсені іздейді», — дейді [3]. Ендеше, рухани дүниетанымды айқындайтын тілдік кодтар сөйлеушінің ақыл-ой жетістігін айқындаса, тыңдаушының жан-дүниесіне рухани күш сыйлайды. Айтыс тыңдаушылар нағыз қазақы, табиғи иісі аңқып тұрған сөз образдарын қабылдап, олардың мəні мен мазмұнын ой елегінен өткізіп, өмірді тереңірек түсінуге, дүние болмысының елеулі жағына мəн беруге талпынады. Олар да ұлттық құндылықтарымыздың сақталуына, əрі қарай дамуына ерекше үлес қосады. Оған академик Р.Сыздықтың мына сөзі дəлел: «... тіл көркемдігі үшін көптен озған ақынды бас жүлдегер демеске, əддің жоқ: «қоғамның бүгінгі көк тұманында», «қой күзеткен төбеттердің үйден шыққан мысықтың мұртын жалап тойған заман» екенін, «аяғы сау, басы аман кейбіреулердің кең көбісін кие алмай жүргенін», «атандардың өркеші жығылған соң, тайлаққа да шама жоқ тайраңдарға» болғанын, «қиын ғой көлге бірден көндіктіру қолдан жем жеп үйренген үйректерді» деген ойды, бірінің отын бірі көсеп, не өшіріп, не үрлеп жүргендер жайында «көш бастар көсемдерден гөрі бүгінде көсеулер көбейгендей боп тұрғандығын» біз, көрермендер, тек Мұхамеджанның аузынан естіп сүйсіндік» [4].

Танымдық-тəрбиелік дүниетанымды қамтитын тілдік кодтар. Ата-бабамыз адамның мінез- құлқы, таным-түсінігі қоршаған ортаның талаптарына сай болуы керек екенін жақсы білген. Сондықтан бала дүниеге келгеннен бастап, оның ішкі жан-дүниесін белгілі мақсатқа қарай бағыттауды көздеген. Қазақтың əр баласы туған жерін, елін, халқын, ата-анасын, іні-қарындасын, ағайын-туысын ешқашан естен шығармауы, сүюі, құрметтеуі, отанын мақтан етуі, отан үшін еңбектенуі, оны қорғауы тиіс. Осы қасиетті халық өзіндік əдет-ғұрып, салт-дəстүрлері арқылы баланың бойына біртіндеп сіңіріп отырған. Салт-сана арқылы қазақ баласын естігенін қалтықсыз есте сақтайтын қабілеті күшті тұлға деңгейінде тəрбиелеген. Оны жүзеге асырудың ұлттық моделін жасаған. Оны баланың физиологиялық деңгейіне байланысты динамикалық тұрғыда жүзеге асырып отырған. Қазақтың шілдехана, ат қою, бесікке салу, тұсау кесу, сүндетке отырғызу, атқа мінгізу, тоқым қағу т.б. сияқты тойлары мен осы тойда айтылатын бата-тілектер, өлең-жырлар оған дəлел. Қазақ халқы бала дүниеге келіп, кіндігі түскен соң, бес күннен кейін бесікке салып, бесік той жасайды. «Айыр қалпақ киісіп, Ақырып жауға тиісіп, Батыр болар ма екенсің? Қолымызға іс алып, Бақытымызға, жан балам, Бізді бағар ма екенсің?» деп бесік жырын айтса, қаз тұрып, енді ғана жүруге талпынған кезде тұсаукесер тойын жасап, «Қаз-қаз, балам, қаз, балам, Қадам бассаң, мəз болам. Елгезек бол ерінбе, Ілгері бас шегінбе» деп тұсаукесер жырын жырлайды. Бала буыны бекіп, ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатын балдырған жасқа келгенде ашамай ерге отырғызып, атқа мінгізу тойын жасайды. «Бəсіре тойың пыраққа айналсын! Мінген ашамайың таққа айналсын! Айналаң толы қауым болсын! Ылайым жолың болсын! Атқа жақсы шаба біл! Жасыңнан малды баға біл! Оқу-өнер таба біл! Ел жұртыңа жаға біл!» — деп жырлайды. 5–7 жас аралығындағы сəби кезінде сүндетке отырғызып, «ат жалын тартып мінер азамат болдың» деп баланың көңілін өсіріп, дəрежесін көтеріп, сүндет той жасайды. Ересек жасқа жеткенде бірінші рет үйінен шығып, алысқа жолаушылап кетерде «Тоқымқағар» тойын жасап, баланы азамат болып, атқа мініп, ел қорғауға тəрбиелеу мақсатында бата-тілектер айтады. Физиологиялық деңгейдегі организмнің жетілу сатысына қарай адам өмірінде болатын елеулі өзгерістерді ескере отырып, соған орай, той жасап, бата-тілектер мен өлең-жырлар айтып, сол арқылы салт-сананы қалыптастыру қазақтың ұлттық болмысына тəн ерекше қасиет деп тануға болады. Салт-сана салт-дəстүрлерде айтылатын өлең-жырлар мен бата-тілектер арқылы адамның жан-дүниесін белгілі мақсатқа сай тəрбиелеудің көзі болып табылады. Тəрбие берудің, салт-сананы қалыптастырудың айырықша көзі болып табылатын бесік жыры, тұсаукесер жыры, ақ батаның түрлері жақсылықта асып-тасымауды, жамандық көрсе, жабырқап жасымауды, қиыншылықта еңсесі түсіп, езілмеуді есте сақтау мақсатын көздейді. Əдет-ғұрыптарымыз арқылы баланың жан түкпіріне ықпал етіп, оның санасын қоғамның талабына сай тəрбиелеу белгілі бір нəтиже беретіні сөзсіз. Бұл шетелдік зерттеушілердің қарастырып жүрген эпизодтық есте сақтау тəсілінің бір көрінісі сияқты қолданған. Эпизодтық есте сақтау нақты бастан өткен жағдайларды еске алу арқылы орындалады (П.Э.Тулвинг). Бесік жырын, тұсаукесер жырын тыңдап, ақ батаға бөленіп өскен қазақ баласы да бесік тойдан бастап өмірінің əр кезеңіне болатын тойлар арқылы жыр тыңдап, ақ батасын алады. Онда айтылған құдіретті сөз оған əсер етпей қоймайды. Бұл салт-сананы қалыптастырудың тəсілі. Салт-сана тəрбиесімен байланыстырылған дəстүрлерді жүзеге асыру үлкендер үшін де аса маңызды. Үлкендер де өзінің өміріндегі көрген-білген, санасына түйген оқиғаларды есіне түсіріп, өткені мен болашағын сабақтастырып отырады.

Мəдени-эстетикалық дүниетанымды қамтитын тілдік кодтар. Жаратылыстағы сұлу заттар адамның жанына сұлулық сезімін ұялатып, көңілін толқытады. Көңілдегі толқын сəулет, сурет, мүсін, тіл, би, музыка өнері т.б. арқылы жарыққа шығады. Өнер адамдардың көру, есту сезімдеріне ерекше жағымды əсер беріп, жанына лəззат сыйлайды. Халықты эстетикалық тұрғыда тəрбиелеуге қызмет атқарады. Сондықтан да болар қазақ халқында эстетикалық тəрбие беретін туындылар көптеп қолданылған. Эстетикалық тəрбиенің халық арасына кең таралуына белсенді түрде қызмет атқаратын өнер туындысы тіл өнері екеніне ерекше мəн берген. Себебі адамның өзі жетпеген жерге сөзі жететінін халық жақсы білген. Сондықтан да батырлар жырында, лироэпостық жырларда, ертегілерде суретті сөзді қолдана отырып, өмір шындығын адам жанына əсер ететіндей мейлінше көркем, бейнелі түрде суреттеген.

Эстетикалық тəрбие жақсылыққа ұмтылуға, өмірді сүйе білуге, көркемдік пен сұлулықты бағалай білуге қызмет етеді. Бұл адамдардың биік талғаммен парасатты өмір сүруіне мүмкіндік жасайды.

Эстетикалық тəрбие көркемдік пен сұлулыққа деген халықтық таным арқылы беріледі. Қазақ танымында эстетикалық тəрбие берудің тілдік бейнесін бірнеше жүйеге бөліп қарастыруға болады. Біріншіден, табиғат сұлулығын бейнелеу; əйелдің сұлулығын бейнелеу; жанның сұлулығын бейнелеу.

«Қыз Жібек» жырында қазақ қыздарын бірінен-бірі асқан сұлу етіп көрсетудің астарында үлкен мəн жатыр. Төлегенннің Қыз Жібекті іздеп жүргенде, əрбір көштің алдында кетіп бара жатқан қыздардың сұлулығына тамсануы тектен-тек емес. Мысалы: «Нұрлы көзі күн шапағына шағылысып, мың бұрала сыланған кекілді қыз кетіп барады»; «Таңғы Шолпан жұлдызындай жарқырып, бір бойжеткен кетіп барады»; «Ақсазандай қылықты бойжеткен кетіп барады»; «Танадай көздері жарқылдап, алтын шашбауы жалтылдап, абжыландай бұралып, бір бойжеткен кетіп барады»;

«Алтын шыны кеседей екі көздің шарасы, пейіште жанған шамшырақ көзінің гауһар қарасы. Туған айдай иілген екі қастың арасы, сымға тартқан күмістей он саусақтың саласы» деген сөздер – сұлулықтың тілдегі бейнесі. Мұнда қазақ қыздарына тəн сұлулықтың сыры ашылған. Өзіне жарасымды шаш қоя білу, сыланып жүру, қылықты болу, əшекей бұйымдарды таға білу, бет-келбетті, аяқ-қолды күте білу, жайдарлы жүзбен жарқырап жүру сұлулықтың белгісі екенін көрсетеді. Жібектің «көшпен бірге жүрсем, бетіме шаң қонады» деп ертелеп жолға шығып кетуі, оның нəп-нəзік мақпал даусы да – сұлулыққа берілген баға. Қазақ жырларында жалғастылық тауып келе жатқан «Қара жерге қар жауар, қарды көр де, етім көр. Қар үстіне қан тамар, Қанды көр де бетім көр» деген жыр жолдары сұлулықты табиғи құбылыспен нəрлендіре білген халықтық танымның нəтижесі.

Қарым-қатынас əдебін қамтитын тілдік кодтар бата-тілек, ат тергеу (табу) сөздерінен көрініс табады. Бұл мəтіндер тіл арқылы сенім қалыптастыруды жəне оның қарым-қатынас əдебін сақтауда алатын орнын анықтайды. Сенім ұлттың эстетикалық таным-талғамын, ұлттық рухын көтеретін кез келген мəдениетке тəн құбылыс екені баршаға аян. Ол адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеудің де бірден-бір жолы болып табылады. Қазақтың батасы сөзбен адамды сендіріп, иландырып, тіпті ұйытып тастау арқылы жоғары адамдық қасиеттерді қалыптастырудың үлгісін көрсетіп келеді. Батаны əр адамның көңіліндегі мейір шапағатты, ақ пейіл мен ыстық ықыласты екінші бір адамның дəтіне, рухына мият ету мақсатында қолданады. Бұл бата алушының көңіліне қанат бітіріп, болашағынан зор үміт күттіреді. Сондықтан да Х.Досмұхамедұлы атап кеткендей, «... Қазақ қауымы арасында өз ісінің шын шебері, мəселен, би, ақын, зергер т.с.с. табиғат сыйлаған дарын-өнерін басқа біреуге ақ батасы арқылы мирас етіп қалдыра алады деген сенім кең таралған» [5].

Адамдар сенімге ие болғанда ғана көңілі толып қанағаттану, сабырлық таныту, қуану, риза болу, сүйсіну сияқты жай-күйлерді сезінеді. Адамның жан түкпіріндегі сезімдердің барлығы да тіл арқылы жарыққа шығатыны белгілі. Жақсы сезімге бөленген адамның сөзі де жағымды, əсерлі болып нəтижесінде қарым-қатынасқа түсушілер арасында жақсылыққа негізделген логикалық байланыс орнайды. Үлкенге — құрмет, кішіге ізет көрсетудің үлгісі қалыптасады. Батаны халық арасындағы жолы үлкен, ұзақ жасаған абыз, халық қадірлеген хакім, көпті көрген құрметті ақсақалдар мен кемеңгерлер, дуалы ауызды билер, атақты адамдар айтатыны белгілі. Оны «бата беру» дейміз. Мұнда тек жақсы тілек, ізгі ниет қана емес, ақыл-өсиет арқылы бата берушінің бойындағы жақсы қасиеттер кейінгі ұрпаққа мирас болып қалады деген сенім басымырақ қызмет атқарады. Сондықтан бата дастархан басында немесе үлкен топта, той-салтанат төрінде айтылады. Бата мақсатты прагматикаға тəуелді. Себебі ол арнайы сойылған малға, ас-дəмге, үй иесіне, жаңа туған нəрестеге, өмірге жаңа қадам басқан ұл-қыздарға, жас отау тігіп жатқан жастарға, алыс сапарға шығушыларға, үлкен бір істі бастаушыларға, жорыққа, шеруге, сапарға аттанушы сарбаздарға т.б. беріледі. Батада тыңдаушының болашағына бағдар беру міндеті тұрады. Сондықтан бата беру кез келгеннің қолынан келе бермейді. Аузы дуалы, аса қадірлі адамның ақ ниетін, алғысын алған тыңдаушының оған деген құрметі де ерекше болары сөзсіз. Ендеше, бата адамдар арасындағы қарым-қатынас əдебін сақтаудың бірден-бір көрсеткіші болып табылады.

Қарым-қатынас əдебін танытуға табу сөздер де арқау болады. Табу сөздері қазақ келіндерінің қайын атасы, қайын ағасы, қайын інілері мен қайын сіңлілерінің атын атамау дəстүрінен қалыптасқан. Бұл қазақ келіндерінің тапқырлығын, көрегендігін, ой ұшқырлығын айқындаудың бірден-бір көрінісі. Ал бұл бір ғана жылдың жемісі емес, қыз баланың дүниеге келгеннен бастап белгілі бір талап үдесінен шыға білетін аялық білімнің нəтижесі. «Сылдыраманың ар жағында, сарқыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр екен. Жаныманы білемеге білеп-білеп жіберіп, бауыздап келдім» деген қазақ келінінің табу сөздеріне мəн берсек, келіннің қамысқа«сылдырама», өзенге «сарқырама», қойға «маңырама», қасқырға «ұлыма», бəкіге «жаныма», қайраққа«білеме» деп ат қоюы аялық білімнің нəтижесі деп түсінген жөн. Шынына келсек, сылдырау«қамыс», сарқырау «өзен», маңырау «қой», ұлу «қасқыр», жану «бəкі», білеу «қайрау» сөздерінің ішкі мағынасын анықтайтын танымдық (когнитивтік) семантикаға ие сөздер. Сылдырау қамысқа, сарқырау өзенге, маңырау қойға, ұлу қасқырға, жану бəкіге, білеу қайраққа тəн белгі екені рас. Сөздің ішкі семантикасына мəн беру, оны ой елегінен өткізіп, тілде қолдана білу – кез келгеннің қолынан келе бермейтін іс. Ендеше, қазақ келіндері тапқырлығымен өзін қоршаған ортаны мойындата білуге міндетті. Табу сөздер талап пен талғамға сай келсе, келін мен қайын жұрттың арасында қарым-қатынас əдебі де жүйелі түрде орнығатыны сөзсіз.

Этнотанымдық мəтіндердің ғасырдан ғасырға жалғасып, асыл мұрамыз ретінде бүгінгі күнге дейін жетуіне коммуниканттардың бойындағы ұлттық болмысымызға тəн генетикалық кодтың сақталуы себеп болады. Елбасы Н.Ə.Назарбаев «Қазақстан халқына «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Дəстүр мен мəдениет — ұлттың генетикалық коды», — деп текке айтқан жоқ [6]. Лингвистикалық тұрғыдан алғанда, ұлттың генетикалық кодын сақтау этнотанымдық мəтіндерді халық арасында насихаттап жүрген, айтып жүрген, қолданып жүрген коммуниканттардың қолында. Халық арасында этнотанымдық мəтіндер кеңінен қолданыс тауып, мемлекеттік деңгейде насихатталып жатса, халықымыздың ұлттық рухани бейнесі, мəдениеті, өркениеті, əдеп-нормалары орнығып, олар эволюциялық жолмен дамып отырары сөзсіз. Қоғам қаншалықты өзгерсе де, халықтың ұлттық құндылықтары сақталуы, дамуы тиіс.

«Ұлттық мəдениеті жоғары дамыған ел кез келген өркениетті деген елден оқ бойы озық тұрады» деген қағидаға сүйенсек, ұлттық мəдениетімізді жан-жақты зерделеу — бүгінгі заман талабы.

Этнотанымдық мəтіндер арқылы этностың болмысын айқындаудың бірнеше жолдарын көрсетуге болады. Бұл мақалада лингвокоммуникативтік қырларына назар аударуды жөн көріп отырмыз.

Этноменталды мəтіндердің лингвокоммуникативтік маңызы олардың əр түрлі жағдаяттарға байланысты айтылатын, мазмұны ұқсас болғанмен алуан формада көрініс табатын, психикалық өзгеріс тудырушы əсерлі сөйлеу үлгісі болуымен айқындалады. Олар адамның ішкі жан-дүниесін толықтыратын белгілі бір халықтың рухани азығы болып табылады.

Этноменталды мəтіндерде сөйлеушінің қызметі жай ғана ақпарат жеткізу емес, оның алдында тыңдаушының болашағына бағдар беретін мақсаттық прагматика (прагматика-установка) міндеті тұрады.

Этнотанымдық мəтіндердің қай-қайсысын алсақ та, олардың құрамында тілдік қатынасқа түсушілер (коммуниканттар) айқын көрінеді. Осыған орай, коммуниканттар моделі анықталады. Мəселен, айтыста коммуникантар моделі: ақын мен ақын. Батада: жасы үлкен, сөзі дуалы, қадірлі ер адам мен үй иесі, жас адам т.б. Табу сөздерде: келін мен қайын ата, қайын аға т.б. Бесік жырында: ана мен бала т.б. Олар айтыс, бата, бесік жыры т.б. арқылы тек тілдік қатынасқа түсіп қоймайды, қазақ халқының мəдени-рухани өмірін, тыныс-тіршілігін, шаруашылығын, тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге қызмет атқарады.

Тілдік қатынас тұрғысынан алсақ, айтыс та, шешендік сөздер де, бата да, табу сөздері де ауызша тілдік қатынас құралына жатады. Себебі олар нақты сөйлеу əрекеті үстінде орындалады. Коммуниканттардың ешбір жазу-сызусыз, көзбе көз отырып, ауызба-ауыз тілдік қатынасқа түсу тəсілін көрсетеді.

Құрылымына зер салсақ, құрамындағы сөйлемдер диалогқа негізделеді. Диалог ауызша сөйлесудің басты көрсеткіші екені белгілі. Алайда мұндағы диалог сезімдік танымның көрсеткіші ретінде сөйлеудің ішкі түрімен сəйкестеніп, алдымен, айтылған ойдың мықтылығын, ауыздан шыққан сөздің тыңдаушыға əсерлі болуын талап етеді. Сондықтан этнотанымдық мəтіндердің құрылымындағы диалогта ұйқасты сөздер, мақал-мəтелдер, эпитеттің түрлері, экспрессиялық бояуы қалың тілдік элементтер, теңеулер, метафоралар, ассонанс, аллитерация, паралеллизм сияқты көріктеуіш амалдар қолданылады.

Бір мəжілісте бас қосып, сөйлесіп отырған Шоң биге Мұса Мырза:

Ақ сауыт деп нені айтамыз?

Арғымақ деп нені айтамыз?

Ақылды деп кімді айтамыз?

Ер жігіт деп кімді айтамыз?

деп сұрақ қойыпты. Бұған Шоң:

Ақсауыт деп айтамыз,

Атқанда оқ өтпесе.

Арғымақ деп айтамыз,

Желігенде жылқы жетпесе.

Ақылды деп айтамыз,

Тозған елді септесе.

Ер жігіт деп айтамыз,

Жауға тастап кетпесе!

депті («Қазақтың шешендік сөздері»). Ауызша сөйлеу құралына жататын шешендік сөздерде адресат қойылған сұраққа ешбір кітап оқымай, алдын ала дайындалмай, коммуникативтік жағдаят үстінде поэтикалық тұрғыда бірден жауап табады. Шешендік сөздер ақиқат болмыс туралы танымды тілдік логикамен сабақтастырып, адам танымында орныққан, өмірде аса маңызды мəні бар шындық болмыстағы заттар мен құбылыстар туралы білім аясын қалыптастырады. Құрамындағы сұрақ-жауап диалогы танымдық, философиялық түсінікке негізделеді. Сондықтан шешендік сөздерде ұшқыр ой мен тапқырлықтың сипаты жоғары болады. Қойылған сұраққа тыңдаушысын еріксіз мойындататын жауап тауып, оның поэтикалық образбен жеткізілуі ауызша тілдік қатынас құралына жататын шешендік сөздердің əрі танымдық, əрі коммуникативтік мəнін анықтайды.

Айтыс, шешендік сөздер, бата-тілек, табу сөздері айтушы, тыңдаушы жəне олардың қарым- қатынасын анықтайтын тілдік код ретінде де ерекшеленіп қоймайды, коммуниканттар өз пікірлерін міндетті түрде өлең түрінде жеткізеді. «Өлеңсіз айтыстың аты ерегіс болады» деген А.Байтұрсынұлының сөзін ескерсек [7], ерегіс болған жерде тіл мəдениеті, тілдік норма заңдылықтары сақталмайтыны белгілі. Ендеше, этнотанымдық мəтіндер — қазақ халқының жөн- жоралғысына сіңген мəдениеті мен халықтық психологияның нормалары мен ұстанымдарының көрінісі.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Cағындықұлы Б. Таңдамалы туындылар. — Алматы: Үш қиян баспасы, 2009. — 291-б.
  2. Уəлиханов Ш. Таңдамалы. — Алматы: Жазушы, 1985. — 28-б.
  3. Сыздық Р. Ғылыми таным үзіктері: Мақалалар жин. — Алматы, 2009. — 3-т. — 101, 102-б.
  4. Сыздықова Р. ХVІІІ–ХІХ ғғ. қазақ əдеби тілінің тарихы. — Алматы: Ғылым, 1984. — 105-б.
  5. Досмұхамедұлы Х. Аламан. — Алматы: Ана тілі, 1991. — 21-б.
  6. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Қазақстан халқына Жолдауы.— Астана: Ақорда, 2012. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://www.akorda.kz/
  7. Байтұрсынов А. Сөйлеу əуезділігі // Ақ жол. — Алматы, 1991. — 408-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.