Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Эпикалық шығармалардағы бейнелеу құралдарының рөлі

Эпикалық мол мұраларымыздың жинақталуы, жариялануы, басқа да халықтар тіліне аударылып, олардың шығу тегі мен дамуы, тарихи негіздері мен көп нұсқалы болу себептері, көркемдік болмыс- бітімі туралы тереңдей зерделене басталғанына екі ғасырға жуық уақыт болыпты. Бұл — қазақ фольклортану ғылымындағы эпостың зерттелу тарихының өзіндік жеткен жетістігін көрсете аларлық меже екендігі рас.

Қазақ қауымының ру-тайпалық кезеңдерден бастап, оның халық болып құралған дəуірлерінен мол хабардар ететін, сондай-ақ ұлттық даму межесін айқындайтын елдік пен ерлік шежірелерін бір ғасырлық шеңберінде танып, білу мүмкін емес. Сан ғасырлық тарихы бар, миллиондаған адамдарға қызмет ететін батырлық жырлардың тұтас табиғатын тану бір ғана уақыттың ісі де емес. Бұл туралы ғылымда айтылатын келелі-келелі тың ізденістер мен ашылатын ғылыми мəні бар жаңалықтар əлі де айтыла бермек.

Бүгінгі таңдағы еліміздің егемендік алған нəтижесімен келген оң істеріміз, батыл бастамалар бұны дəлелдей түсетіндей. Қазақтың батырлық жырларының тарихи негіздері мен жанрлық жіктелісіне қатысты ғылымда біршама пікірлер нақтыланған. Сонымен коса эпикалық шығарманың сюжеті ондағы қаһармандар əлемі, ұнамды образдардың жасалу ерекшеліктерімен батыр бейнесімен салыстырыла берілетін ұнамсыз бейнелердің салыстырмалы əдіс-тəсілдер арқылы түсіндіріліп келе жатқандығы мəлім.

Алайда соншалықты тартымды жасалған қаһармандар образының құдірет-күші не себептен, адам жанын бірден тербеп алатын сиқырлылығы неден? деген сұрақтарға толық жауап берілді деуге негіз жоқ. Өйткені зерттеу еңбектерде негізінен жырдағы бейнелі сөздерге қатысты азды-көпті пікірлер айтылғанымен, кең көлемде тоқталып, бейнелі сөздердің образды жан-жақты ашудағы қызметіне байланысты тексерулер жасалмағандығы белгілі жайт.

Эпостың шығу тегі мен дамуын білу қандай керек болса, онда ондағы сөз өнерінің күш-қуатын тану да ауадай қажет болады. Өзге де эпикалық шығармаларымыз тəрізді, батырлық жырлар да тұтас бір дəуірлердің тарихын, соның ішінде халықтың ой-арман, қиялын білдіре алатын қымбатты қазынамыз. Оның белгілі бір кезеңдердегі елдің тұрмыс-тіршілігін сипаттайтыны, сөз өнерін орынды қолдана алатын хас шеберлердің болғанын жəне жырды айтушылардың аймақтық стильдерінің пайда болып, əрі қарай дəстүрге сай қалыптасқандығын зерттеу аса пайдалы іс болатындығы сөзсіз.

Қай халықтың болмасын асыл сөз өнері басқа халықтардың əдебиетінен, ең басты айырмашылығы — өзінің образдар жүйесімен, сөз бейнелеу тəсілдерімен ерекшеленді. Əдебиеттегі образдар жүйесі жəне сөз бейнелеу тəсілдері ұлттық болмыс-бітімімізді анықтайтындығы рас. Халқымыздың ғажайып ескерткіштері болып табылатын эпостағы ғаламат кейіпкерлердің сөз өнерінің құдіреті арқылы танылғандығына ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда сандаған ғасырлар мен жылдар бойы ұрпақтан ұрпаққа ауызша жетіп, жанды баурап, сананы арбайтын қазақтың қасиетті сөз өнерінің ұлттық негізі — ауыз əдебиетінде қалыптасқан деудің реті бар. Сөз өнеріндегі ұлттық негіз дегеніміздің өзі — сол рухани мұраны жасаған халықтың тілі. Онсыз образды сөз, көркем сөз дегенді айта алмаймыз. Тіл — əдебиеттің құрылыс материалы, жер бетіне ауа тіршілік үшін қандай керек болса, əдебиетке тіл де сондай қажет екендігі баршаға түсінікті.

Өнерді тану мен білу туралы ғибраттарға мəн берсек, көркем əдебиет деген ұғымның сыр- сипаты образды сөз, көркем сөз атты терең түсінікке тіреледі. «Сөз — адамның ой-сезімін жеткізудегі бірден бір күшті құрал». Ал, көркем ойлау жүйесі шексіз. Көркем əдебиеттің бүкіл болмысы, шынайы табиғаты түр мен мазмұнның бірлігі арқылы жасалған. Түрдің өмір сүру заңдылығы, өзгеріп дамуы, өзінің көріну тəсілдеріне байланысты. Əдебиеттегі түрдің көріну тəсілдерінің бірі бейнелеу құралдары. «Бейнелеу құралдары — əдебиетте көбінесе бұл ұғым сөз қолдану тəсілдері, бейнелі сөздер, мысалы, жалпы түрде құбылту деп аталатын метафора, метонимия, əсерлеу, тұспалдау, астарлау, теңеу, эпитет жəне стильдік айшықтар, дыбыстық қайталамалар деген мағынада қолданылады» [1].

Шындығына жүгінсек, бейнелеу тəсілдерінің мəн-мағынасы бұдан да кең, мол екендігі белгілі. Анықтай түссек, көркем шығармадағы бүкіл тіл байлығы — түгелдей бейнелеу құралы. Бұның басты ерекшелігі халықтың айналадағы дүниені өзінше түсініп, көркемдік ой-сезімімен қабылдауында жатыр. Сондықтан бейнелеу құралдары қай ұлттың əдебиетінде болса да сөздік қорға, тіл байлығына байланысты қалыптасады.

Көркем əдебиеттің өзіне тəн даму заңдылықтары, қоғамдағы алатын өзіндік орны туралы пікірлер ерте заманнан айтылып келеді. Бұл жайында ғалымдар алғашқы жазылған еңбек ретінде, ежелгі грек елінің біздің жыл санауымызға дейінгі IV ғасырда өмір сүрген ғұлама ойшыл Аристотельдің «Поэтика» атты кітабын атайды. Əйгілі ғұлама бабамыз Əбунасыр əл-Фараби (870– 950 жж.) Аристотель ізіндегі екінші ұстаз атанып, философия, поэтика жəне т.б. арналған трактаттар жазғаны белгілі. Содан бері сөз өнері туралы Леонардо да Винчи, Буало, Шеллинг, Чернышевский, Белинский, қазақ халқының даңқты перзенті Ш.Уəлихановтар талай-талай зерттеулер жазды. Көшпелі қазақ халқының өлең мен əнге деген құмарлығын, ақындық таланты туралы Ш.Уəлиханов мынадай аңызды арнайы дəлел ретінде келтіріпті: «Аңыздың айтары өлең, өнер аспаннан, əуеден келіпті-мыс [2]. Өлең туралы қызғылықты ойлар мен пікірлер қазақтың ақын-жыраулары, сал- серілерінің шығармаларында да айтылған. Ұлы Абайдың «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» деуі қай уақытта да дəлелді екендігіне көз жеткіземіз.

Өлеңнің теориясы, құрылысы, техникасы жайында классикалық еңбектердің бар екендігі əдебиетшілер қауымына жақсы таныс. Аристотель, əл-Фараби, В.Г.Белинский, А.А.Потебня, А.Н.Веселовский, одан кейінгі В.Брюсов, Б.Томашевский, В.Жирмунский жəне тағы басқалар алдымен еске түссе, қазақ поэзиясына байланысты Ш.Уəлиханов, А.Байтұрсынов, М.О.Əуезов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайлов, З.Қабдолов, З.Ахметов, М.Базарбаев деп, бұдан əрі де жалғастыра беруге болады. Аталған ғалымдардың еңбектерінде өлеңнің теориялық мəселелері, айрықша атасақ, поэзияның тілі, құрылымы, түзілісі, бейнелеу құралдары жайлы тамтұмдай түсіндірілген. Алайда осымен іс біткен, ендігі қалғаны сол зерттеулердің нəтижесімен шектелуге тиіс дейтін ғылымда қағида жоқ. Қайта осы бағытта сандаған ізденістерімізбен қатар, өлең теориясына қатысты көркем шығарманы талдауда іркілістеріміз де бар екендігі қисынсыз емес.

Сөз өнеріндегі бейнелеу құралдарының бір парасы — ажарлау, бұған қатысты ой-пікірлердің ертеден айтылып келе жатқандығын жоғарыдағы аталған еңбектер де анықтайды. Қазақ əдебиеттану ғылымында Ахмет Байтұрсыновтан бастап енген терминдер өз алдына бірнеше сала болып қалыптасты. Солардың ішінен Ахмет Байтұрсыновтың «Əдебиет танытқыш» атты кітабында бар, ғылыми тілімізде орын тепкен бір алуан терминдерді атасақ та болады.

Мысалы, теңеу, кейіптеу, тұспалдау, əсерлеу, шеңдестіру, арнау, сөз өнері, шығарма, ауыз əдебиеті, мазмұн, тармақ, шумақ, бунақ т.б. Бұлардың аса мəнді терминдер екенін атай отырып, Байтұрсынов осы табында қолданған басқадай бір қыдыру терминдердің еленбей, ескерілмей қалғанын да айта кеткен жөн. «Олардың ішінен əлі де мəнділігін сақтаған, қолдануға қолайлыларын сұрыптап алып, ғылыми тілімізде ретін тауып орнықтыру алдағы уақытта атқарылуға тиісті міндет», — дейді академик З.Ахметов [3]. Анығына келсек, көркем əдебиеттің тіліне байланысты келелі сөз қозғап, байыпты бағыт пен бағдарды көрсеткен З.Қабдоловтың еңбегі еді. Өзінің «Əдебиет теориясының негіздері» атты еңбегінде ғалым сөз өнеріндегі тіл көркемдігін ажарлау, құбылту, айшықтау, машықтауды жекелей саралай көрсеткен. Мұндағы ажарлау негізгі сөздегі дауыс ырғағынан басталып, дыбыстық қайталаулар арқылы ерекшелетіндігіне алдымен көңіл бөлінген. «Əдеби тілге дауыс ырғағы емес-ау, тіпті дыбыс қайталаулар арқылы да əжептəуір ажар бітіруге болады.

Бұл тəсіл екі түрлі аллитерация (лат. дыбыстас) — бірыңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау жəне ассонанс (фр. үндес) — бірыңғай дауысты дыбыстарды қайталау. Бұлар поэзияда да, прозада да кездесіп отырады» [4].

Сөзді ажарлаудың ендігі бір көрсеткіші болып табылатын — айқындау (эпитет), теңеу екендігі осы еңбекте айтылады. Жалпы бүкіл бейнелеу кұралдарын кез келген шығармадан тауып, жүйелеп шығудың өзі қыруар жұмыс екендігі сөзсіз. Алайда бейнелеу құралдарын ішіндегі ажарлау, кұбылту, айшықтау                   көркем   шығармалардан  талдап   көрсеткен   еңбектердң   сандық   көрсеткіші   көңіл қуантпайтындығы тағы белгілі. Рас, жазба əдебиетіне қатысты поэтикалық тұрғыдан Қ.Жұмалиев, З.Ахметов, З.Қабдолов, Р.Нұрғалиев, М.Атымов, Т.Əбдрахмановалардың еңбектері алдымен аталады. Ал қазақ фольклорының поэтикасына қатысты көріністер енді ғана басталды десек те болғандай.

Ауыз əдебиеті шығармаларының тіл кестесі, өлең құрылысы, құрылымы, образдар жүйесі, сюжет деңгейіндегі қарастырулар С.Қасқабасов, О.Нұрмағамбетова, Ш.Ыбыраев, Б.Əзібаева, Б.Рақышов жəне тағы басқалардың зерттеулерінде жүзеге аса бастады. Аталған ғалымдар фольклорлық мұраларымыздағы сөз көркемдігіне арнайы тоқталып, оны жүйелей көрсеткен. Бұның асығыс айтылған пікір еместігін сөз арасында айта кетейік. Эпосты — əуезе, лириканы — толғау, драманы айтыс деп жүйелеп, сала-салаға жіктеп əкеткен ғалым-теоретик, эстетик-сыншы А.Байтұрсыновтың «Əдебиет танытқыш» атты еңбегінде көріктеу (эпитет) теңеулерге негізгі дəлел батырлық жырлардан алынған еді [5]. Осы бастама Е.Ысмайловтың «Əдебиет теориясының мəселелері», «Ақындар» жəне Қ.Жұмалиевтің «Əдебиет теориясы» атты еңбектерінде жалғасын тапқан. Батырлық жырлардан бейнелеу құралдарына қатысты мысалдар келтірілген. Одан кейінде халық ауыз əдебиетіне байланысты жарық көрген еңбектерде шолу түрінде айтылып, мектеп окулықтарында батырлық жырлардан үзінділер келтіріледі.

Қазақ эпосына байланысты зерттеулер жасаған М.Əуезов жəне Л.Соболев, А.С.Орлов, В.Жирмунский, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Ə.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, С.Садырбаев еңбектерінде де жырдағы дыбыстық кайталаулар, эпитет, теңеулер шолу түрінде айтылып отырған. Осындай зерделі еңбектердің негізінде XX ғасырдың 40-жылдарынан бастап, «Қазақ əдебиетінің тарихы» атты көп томдықтар шығарылу көзделген еді. Алғашқы жарық көрген «Қазақ əдебиеті тарихының» бірінші томында жəне кейінгі басылымдарда да батырлық жырларға қатысты тарауларда жырдың сөз көркемдігі, тіл өрнегіне қатысты мəселелерде ажарлаудың үлгілері қалыс қалмай көптеген мысалдар арқылы түсіндірілген. Сонымен коса, «Қазақ ауыз əдебиетінен» арнайы жоғары оқу орындарына оқулықтар дайындаған М.Ғабдуллин, Ə.Қоңыратбаев, М.Тілеужановтар еңбектерінен де эпостық жырлардан ажарлауға катысты мысалдарды табуға болады. Солай дей тұрсақ та, бұлардың бəрі ажарлауға байланысты арнайы зерттеу емес. Анығына көшсек, мұнда аңдату, аңғарту, бар екендігіне талас жоқ. Осы тұрғыдан алып қарағанда Т.Қоңыровтың ажарлаудың бір түрі теңеулер жөніндегі зерттеу еңбегіндегі мына төмендегі пікірі дəлелді айтылған:

«Қазақ теңеулерін лингвистикалық тұрғыдан зерттеу былай тұрсын, оны əдебиеттану тұрғысынан тексерген арнайы бірде - бір еңбек жоқ» [6].

Шындығына келсек, бұл ажарлаудың бірі теңеуге қатысты XX ғасырдың 70-жылдарынан кейінгі айтылған пікір екендігі даусыз. Бұл арада біздің мақсатымыз теориялық тұрғыдан тұжырымдар жарыстыру емес, қайта көркем шығармаларды негізге алып талдауға байланысты қаншалықты зерттеулер жасалғанын анықтау еді. Нəтижеге жүгінсек, кейбір көлемді шығармалардың көркемдік ерекшеліктеріне қатысты жол-жөнекей əңгіме болып, біркелкі дəлелдемелер болмаса нақтылы бейнелеу құралдарының белгілі шығармалардан тұтастай тексере қараған еңбектер өте аз екендігі көпке мəлім.

Жалпы қазақ фольклорының аса бай саласы болып табылатын эпостық жырлардың көркемдік күш-қуатын таразылау, ондағы бейнелеу құралдарының алатын орны, атқаратын қызметін зерттеудің негізі ғылымдағы үлкен жетістіктердің бірі болатындығына ешкімнің күмəн туғызбайтындыры анық. Өкінішке орай, осы уақытқа дейін мұндай арнайы тоқталып, монографиялық тұрғыдан зерттелмеуі эпостанушы-ғалымдарды ойландыруы тиіс. Сондықтан біздің зерттеуіміздің мақсаты — осы олқылықтың орнын толтыруға біршама үлес қосу: эпикалық жырлардағы ажарлаудың аса пəрменді көркемдеу, бейнелеу құралы екендігіне көңіл бөліп, осы мəселелердің негізінде ажарлаудың ассоциациялық мүмкіндіктері мен тұрақтылық сипатын, дыбыс үндестігі мен бояу үйлесімдігін анықтау, ажарлаудың жоғарыдағы аталған түрлерінің семантикалық құрылымы қандай, стильдік вариациялары мен эмоционалдық-экспрессивті сапасына назар аудару, сөйтіп, нəтижесінде ажарлаудың қолданыс аялары мен функционалдық негіздерінің мүмкіндіктері қандай деген сауалдарға жауап беру. Осы мақсатта ажарлауға қатысты дауыс ырғағы (интонация), дыбыс қайталаулар аллитерация мен ассонанс, эпитет (айқындау) пен теңеу ізденісімізге арқау болып, олардың эпикалық шығармадағы қызметін ерекшелеу алдыңғы орынға шығады.

Жалпы алып қарағанда, қазақ халқының өлеңдік қоры, оның өзіндік ерекшеліктері дейтін мəселелер ерте замандардан айтылып келеді. Қазақтың даңқты перзенті Ш.Уəлихановтың бұл істе елеулі еңбегі бар екендігі əркімге жақсы таныс. Сонымен қатар қазақ жеріне келіп, оның əдет-ғұрып, салт-дəстүрлеріне үңілген көптеген еуропа ғалымдарының аса қызыға қарағаны тағы да халқымыздың поэзиясы екендігі мəлім. Ерте кездің өзінде айтылған академик В.В.Радловтың мына пікірі соның дəлелі: «Қазақтың өз өлеңдерінде бағалы санайтын ертегілердегідей əлдеқандай бір жан түршігерлік жəне ғажайып дүние емес, ол өзінің сезімі мен талап-тілегін, қоғамның əр мүшесі аңсайтын арман-мұратты жыр етеді. Тыңдаушыларды сүйіндіретін қисынсыз ғаламат жайлар, керемет зор нəрселер емес, табиғи жайлар, айналадағы өмірдің ақиқат шындығы» [1–9]. Сөз өнеріндегі көркем бейнелер, тіл шұрайы, көркемдік кестелер дегеннің өзі ұлттық ерекшеліктің ғажайып бір айғағы. Бұл əсіресе эпостық шығармалардан айрықша танылады. Белгілі ғалым, академик З. Ахметов былай дейді: «Тілдің, сөз кестесінің табиғилығы мен қарапайымдылығы дегеніміз — халықтың көркем дүниетанымы, көркем ой-сезімі қоғамдық өмірімен нақтылы əлеуметтік-тарихи жағдайлармен тығыз байланысты қалыптасқандығының белгісі. Міне, сондықтан да тілінің қарапайымдылығы, көркемдігі мен тартымдылығы жағынан халық поэзиясы əрқашан да тамаша үлгі болып қала бермекші.

Нағыз поэзиялық көркемдік шеберлікті танытатын халықтың өлең, жырлары болса, халықтық тілдің тұнығынан алынған нелер асыл сөздерді де сол өлең-жырлардан табамыз», — депті [7]. Осы пікірдің жалпы эпостық шығармаларға қатысты айтылғандығын да байыптау қиын іс емес. Бір анығы, өлең-жыр болсын, оның күш-қуаты, сөздік нақышы алдымен айтушы шеберлігіне байланысты екен. Батырлық жырларды жырлаушы шеберлігін анықтау, ондағы сюжеттік ерекшелік пен образ жасаудағы мүмкіншіліктен ғана емес, соны қиыннан-қиыстырудағы сөздік қолданыспен де ерекшеленетіндігін ұмытпайық. Осы қисынның түп негізі көркемдік ойлауға тіреледі. «Көркемдік ойлаудың табиғаты мен мəні — дүниені көркемдік тұрғыдан игерудегі рухани қабілет екендігімен анықталады. Образдық сезімділік тұрғыдан əлемді тану, адам болмысына үңілу, тіршілік-тұрмыс мəнісін бағалау, көңіл-күй құбылыстары жəне қиял ырқымен жүзеге асатын суретті, бейнелі ұғымдар синтезі көркемдік ойлаудың ерекшелігі болып табылады», — дейді ғалым С.Негимов [8].

Эпостағы көркемдік ойлаудың ең көне кезеңінің басты белгісі — ертегілік элементтердің мол ұшырасатындығында. Эпикалық шығармадағы батырлардың «суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтыны», оқ өтіп, қылыш кеспейтін қасиеттері мұны анық дəлелдеп тұрғандай. Батырлардың мінген пырақтары кұстан жылдам, айшылық жерді алты сағатта алатындығы қандай ғажап.

«Көркемдік ойлау жүйелері шежіре (тарих) ретінде бірнеше сатылардан тұрады, ең алғашқысы — ертегілердегі мифтік тотемдік, фетиштік, магиялық ұғымдар (бұлар қазақ фольклористикасында, тіпті зерттелген жоқ), екінші сатысы — бəдік туралы ұғымдармен, ал, үшіншісі — жан-жануарлардың бабасы (жаратушысы) болады деген ұғыммен жалғасады. Күрделене барып, бұлар «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Алпамыс» жырларындағы көркемдік ойлау жүйелерімен жалғасады» [9].

Батырлық жырлар мен ғашықтық жырлардағы негізгі өзекті мəселе — намыс. Міне, осыны биікке көтеру жолында бүкіл адамзат бойындағы күш-жігер, қайрат пен ақыл, адамгершілік асыл сезімдердің барлығы көркемдік ойлау жүйесі арқылы эпостағы негізгі қаһарманның бойына жинақталған. Келе-келе бұл тамаша дəстүрге айналған. Жырды айтушы тыңнан толғап, бейнелеу құралдарының түрлі тəсілдері арқылы образды сомдауды барынша көркемдеген. Осы процестің едəуір ғасырларға созылғаны, жырдың көп нұсқалы болу себептерінен де көрінеді. Батырлық жырлардағы жар таңдау, жауға мінетін керемет пырақ ат таңдау, оның кездесетін жауының да осал болмауы — даралаудың дəлелі. Бұған назар аударған Ш.Ыбыраевтың төмендегі тұжырымы соны аңғартады: «Іс-əрекет əсерлі де ойнақы болу үшін жыр бұл жерде оқиғаны баяндап отырмайды, сол іс-əрекеттің сөз арқылы көзге елестетіп, көңілге ұялатарлықтай көркем суреттемесін жасайды. Осындай суреттеменің бел ортасында қаһарманның тұлғасы тұрады. Оқиға неғұрлым қалыңдаған сайын бас қаһарман да пайдалана түседі. Баяндалып отырған оқиға ұзарып, əрі ұлғайтылып, мыңдаған адам тағдыры түйісіп жатқанымен бəрібір ол батыр тұлғасын көлегейлей алмайды. Керісінше, оның бейнесі халықтың идеалына сəйкес онан сайын асқақтай береді», — дейді [10].

Демек, эпостағы батыр бейнесінің жасалуындағы сөз көркемдігінің атқаратын қызметі айрықша екен. Жырдағы жойқын жекпе-жек, батыр астындағы пырағының жекелей алынуы, алынбас аса биік тас қамалдар, терең қазылған орлардың жан түршігерлік суреттері батыр бейнесін ерекшелеуден туған. Осының бəрі өнер тілімен, сөз құдіретімен ғана түсіндірілетін күшке ие. Бірақ мұндағы көркемдік ойлаудың негізі ел қорғанышы болған адамды дəріптеу. Ел қамқоры, қорғаны болатын қаһармандарды жасау ертеден қалыптасқан. Қазақ эпосына елеулі еңбегі сіңген ғалым Р.Бердібаев былай деді: «Эпостың өзіне хас, қалыпты белгілері: онда белгілі бір халықтың эпикалық өткен дəурені суреттеледі, эпопея негізіне жеке бастың емес, ұлттық өмірдің аңызы алынады, мұнда бұрынғы мен қазіргінің арасында ұзақ уақыттық белестер жатады.

Эпос — өмір оқиғаларының нақтылы талдауы емес, естелігі. Ал қандай да болмасын ұлттың эпикалық естелігі қайта өзгертуге, басқаша баяндауға болмастай қасиетті ұғым ғой. Ол жеке адамдардың өңдеуіне, əрлеуіне көнбейді, өйткені эпикалық аңыз өз келбетімен қызық, оның бағасы да беріліп, қорытындысы да шығарылып қойылған» [11; 45, 46]. Осы пікірдің эпостағы көркемдік ойлау, қиялға немесе бейнелеу құралдарына да қатысы бар.

Жырдағы дыбыс ырғағының белгілі үндестігі, дыбыстар заңдылығы, түр-түсті айқындап берулері мен батырдың мінез-құлқын (психологиясын), оның астындағы пырағының өзіне сай келуі, бойына асынған бес қаруының сайма-сайлығы көркемдік тұрғыдан көріктеудің алғашқы озық үлгілерін көрсетеді. Образды сөз жасауға айрықша қызмет етеді екен. Бұларсыз тіптен айтарыңды анықтау мен суреттеліп отырған құбылысты, затты нақтылау қиын. Олай болса ажарлау сөз өнеріндегі бейнелеу құралдарының пəрменді бір үлгісі.

Қысқаша айтқанда, ажарлау — көркемдік ойлау мен қиялдың келісті бір көрсеткіші.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Əдебиеттану терминдерінің сөздігі / Құраст. З.Ахметов. — Алматы: Ана тілі, 1996. — 66-б.
  2. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений: В 5 т. — Т. 2. — Алма-Ата: Наука, 1961. — С.
  3. Қабдолов З. Əдебиет теориясының негіздері. — Алматы: Мектеп, 1970. — 9-б.
  4. Байтұрсынов А. Ақ жол. — Алматы: Жалын, 1991. — 225-б.
  5. Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. — Алматы: Мектеп, 1978. — 353–355-б.
  6. Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских племен. — Т. V. — СПб., 1985. — С.
  7. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. — Алматы: Мектеп, 1973. — 29-б.
  8. Негимов С. Əдебиет терминдерінің сөздігі. — Алматы: Ана тілі, 1996. — 118-б.
  9. Тілеужанов М. Ел əдебиеті. — Алматы: Ана тілі, 1992. — 150-б.
  10. Ыбыраев Ш. Эпос əлемі. Қазақтың батырлық жырларының поэтикасы. — Алматы: Ғылым, 1993. — 274-б.
  11. Бердібаев Р. Қазақ эпосы. Жанрлық жəне стадиялық мəселелер. — Алматы: Ғылым, 1982. — 45, 46-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.