Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ə.Сатыбалдиевтің аудармашылық шеберлігі

Тікелей аударма болсын, сатылы аударма болсын Ə. Сатыбалдиевтің интерпретациялық ұстанымы — түпнұсқаны барынша дəл жеткізу. «Аудармашының түпнұсқа шеңберінен шығып кетуге қақысы жоқ. Түпнұсқа мəтіні қандай аудармашыға болмасын бұлжымас заң. Ал, аударма үдерісінде кейбір еркіндіктер, мəселен, бір сөзді немесе бір ұғымды басқа сөзбен беру кейде түпнұсқа əрпінен аулақтау — бұлар ауытқу емес, сапалы аударма жасаудағы əдіс-амалдар болып табылады» [1; 214], — дей отырып, Ə. Сатыбалдиев түпнұсқа мəтіннің коммуникативтік ақпаратын дəл жеткізеді. Аудармашының аудармашылық тəжірибесінің нəтижесінде бірнеше тақырыпта көркем аудармалары жарыққа шықты. Атап айтсақ, орыс тілінен: Б. Полевойдың «Нағыз адам туралы аңыз», Е. Мальцевтің «Шын жүректен», Ф. Гладковтың «Балалық шақ туралы əңгіме», И. Гончаровтың «Жар», М.Твеннің «Əңгімелері», В.Железниковтың «Жүгі бар жолаушы», З.Фобианның «Үш айқай», өзбек тілінен: Ш. Рашидовтың «Дауылдан да күшті», «Кашмир жыры», А. Қаххардың «Қыштақ», Ф. Насыровтың «Жүрек əмірі» атты шығармаларын қазақ тіліне еркін сөйлете отырып, ел мен елдің əдебиетін байланыстырудың нағыз дəнекері бола білді.

«Аудармашылық — нағыз шығармашылық өнер. Аудармашы екі тілді де тең дəрежеде білумен қатар, əрі жазушы, əрі ғалым болуға тиіс» [1; 365], — дей отырып, өзі де осы қасиеттерді бойына сіңіре білген.

Академик М. Қаратаев көркем аудармамен суреткерлік қабілеті бар адам ғана айналысу керек екенін алға тартады. Бұл тұрғыдан келгенде қаламгер, əрі аудармашы Ə. Сатыбалдиевтің аудармаларының сəтті шыққанына риясыз иланасыз.

Ə. Сатыбалдиев өзбек жазушыларының шығармаларын аудару барысында: «Аударма деген сөзбе-сөз көшіру емес, мағынасын түсініп, өзбекше сөйлету, сөйлеткенде оқырман қақалып-шашалып қалмайтындай, рахаттанып, қызығып оқитындай етіп беру керек екенін түсіне бастадым» [1; 41], — деп, А. Қаххар, Ш. Рашидов, Н. Фазылов шығармаларын қазақ тіліне еркін сөйлете отырып, екі елдің əдебиетін байланыстырудың нағыз дəнекері бола білді.

«Басы Абайдан бастап қазақ əдебиетінің азды-көпті елеулі шығармаларынан өзбек тіліне аударылмағаны жоқ деуге болады. Солардың бəрі қазақ тілінен өзбекшеге тікелей аударылған. Ташкенттіктер өздерінің көркем аударма мəселесіне арналған кеңесінде тілдері түбірлес халықтардың əдебиетін тек қана түпнұсқаларынан тікелей аударудың тиімді екенін дəлелдеген. Өйткені бұл тілдердің бір-бірінен ұқсастық жақтары көп. Біріншіден, екі тілдің де синтаксистік құрылыстары негізінен бір-біріне сай келіп отырады, жеке атаулардың да ұқсастығы көп, мақал- мəтелдердің де көбі екі елге ортақ жəне басқа да толып жатқан үйлесімді жақындықтары бар. Осылардың бəрі екі елдің əдебиетіне тікелей түпнұсқадан аударғанда ол шығармалардың көркемдік сапасы толық сақталуға мүмкіндік береді» [1; 41], — деп, өзбек тілінен қазақ тіліне, қазақ тілінен өзбек тіліне аударудың соншалықты қиын емес екендігіне назар аудартады. Əрине, өзбектің тілін, дəстүрін жақсы білетіндіктен, оның аудармаларының тілі жатық, ұғымға жеңіл болып келеді. Мəселен, өзбек жазушысы Ш. Рашидовтың «Дауылдан да күшті» романын аудару барысында еркіндік пен дəлдікті шебер ұштастыра отырып, қазақ тіліне жатық жеткізеді.

Романда «Тың жəне тыңайған жерлерді игеру» науқанына байланысты, шұрайлы да, жазық жерлерді игеріп, гүлстанға айналдыру мақсатындағы күресті күндер сипатталады. Басты кейіпкерлер: Айқыз, Əлімжан, Жорабаев, Погодин, Смирновтар тау мен шөл даладағы жайсыз үйлерде тұратын колхозшыларды жаңа жерлерге, үй салып көшіріп шаруа мен мəдениетті көтеру, мемлекеттің ақ алтынын байыту жөніндегі ұсыныс-тілектері, халықтың тірнектеп жиған табысын өзі ғана иеленіп отырған колхоз басшысы Қадыровқа ұнамайды. Қарсы шығып, кедергі келтіргенімен жеңіліс табады. Жанқиярлық еңбектің нəтижесінде, мидай жазық далаға сəнді үйлер бой көтеріп, дала ақ алтынға толды. Шығармада бірнеше оқиғалар тізбектеліп берілген. Қай жағынан алсақ та, түпнұсқа мен аударма мəтін бір-біріне сəйкес келеді.

Оқырман үшін аударма түпнұсқаның жазылған кезеңінен хабар беріп отыруы керек. Себебі көркем аудармадағы ақпараттарды қабылдау арқылы мəтінмен жеке байланысқа түседі. Яғни, қабылданған мəлімет рецепторға терең ықпал етеді. Оның сезіміне əсер етіп, қандайда бір іске баулуы мүмкін. Демек, оқырман мен мəтін арасында коммуникативті əсер пайда болып, прагматикалық байланыс орнайды.

Көркем туындыны аударған кезде соншалықты көп күрделі сұрақтар туындайды, олардың тамырына үңіліп, түпнұсқаның рухын сезіне отырып, өз көңілін қалағандай аударған дұрыс. Жалпы, аударма теоретигі ретінде Ə. Сатыбалдиевтің бағыты да осы. Аудармада шығармашылық еркіндіктің түпнұсқаның шеңберінен шықпай, автордың бар стилін сақтай отырып, аударманы оқуға жеңіл жəне тартымды етіп шығаруды, сондай-ақ, түпнұсқаның ықпалына түсіп кетпей, оның барлық бояуын, ырғағын, ой астарын ана тілінің заңды жүйесінде жеткізе білу керек екендігін басты орынға қойып, бұл ойын көркем шығармаларды аудару барысында ұстанады. Мəселен, «Қатартал қыстағына көктем ерте шықты. Бірнеше айлар бойы тау баурайын көрпедей қымтап, тұтаса жауып жатқан қалың қар əлдеқашан-ақ еріп кеткен. Жақпар тастар мен төбелердің теріскей жағында, ой- шұқырларда жасырынып қалған қар пəршелері көктем күнінің ыстық лебімен қазанға түскен майдай еріп, сай-жылғаларды қуалай сарқырап ағып жатыр» [2; 3].

Аудармашы романды осылайша Қатартал қыстағын суреттеуден бастаса, түпнұсқада өрік ағашының астындағы биік сəкіде жатқан Мұратəліні таныстырудан басталады. Демек, аудармашы шығармада маңызды орын алатын Қатартал жерін қазақ оқырманына жақынырақ таныстыру үшін, бейнелі түрде еркін жеткізуді мақсат еткен.

Аудармада əрбір сөздің, сөз тіркесінің баламаларын дұрыс тауып, бірі-бірімен сəйкес қиыстырып, түпнұсқадағы мағынаны дəл беру керек.

Мысалы, – Мен гапнинг туғрисини айтаман, — деди Султанов утирганларларга куз югуртириб. У, одатдагича, табассум билан сузларди. — Халқимизда, туғри гапириб, туғишганинга екмайсан, деган мақол бор. Эхтимолки, мен хам туғри гапни айтиб, айрим кишиларнинг дилига озор берарман [3; 3]. Бұл сөйлемді қазақ тіліндегі аудармасымен салыстырайық:

– Мен сөздің турасын айтамын, — деді Сұлтанов отырғандарға көз жүгіртіп. Өзі əдетінше, жымия күліп қойды. — Халқымызда «тура сөйлеп, туғаныңа жақпайсың» деген мақал бар. Мен де сөздің турасын айтамын деп, кейбір кісілерге ұнамай қалуым ықтимал [2; 8], — деп ешбір сөзді қысқартып, қосуларсыз, мəтінге сəйкес аударады.

Кейде оқырман үшін түпнұсқадағы ойды айқындап беру мақсатында мəтінге кіріспе сөз немесе сөйлемдер қосып ұлғайтылады. Ə. Сатыбалдиевтің өз сөзімен айтқанда, «кейбір сөз ауыстыру, қосарлау, үстемелеу деген сияқты нəрселер шығарманың көркемдік бояуы мен эмоциялық əсерін жеткізе түсу мүддесімен келген» [1; 148]. Бұл ойы келесі мысалдар да аңғарылады. ...Қатартал қыстағының табиғаты да тез-ақ жанданып, күннен күнге құлпыра бастады. Тау бөктерлері мен сай-салалар көктемнің еркетайы болған гүлдер мен көк балаусаға малынып, тамылжи бастады. Күн ысыған сайын өсімдік те қоюлана түсті, бірте-бірте өсіп, ұлғайып, көріктене берді. Сайдың екі бетіндегі сирек біткен ағаштар да енді-енді бүршік ата бастаған еді [2; 3]. Аудармашы ішкі түйсігіне сүйене отырып, мəтінге бір азат жол қосу арқылы дəл нысанаға тиіп, табиғатқа жан бітіреді. Түпнұсқада: Олтинсой чуллари теп-тегис, ерлари қуйруқдай семиз ва серхосил, қуриқ ва буз ер очишнинг харажати оз [3; 16], — деп белгілі бір ойды аяқтап, келесі оқиғаға көшеді. Ал, аудармада: Алтынсай жазығы мидай дала; топырағы шұрайлы да құнарлы, ал мұндағы тың жəне тыңайған жерлерді игерудің шығыны да аз — дей отырып, Соны ойлаған Айқыз, қыстақ советіне қарасты колхоздардың бар мүмкіншіліктерін терең зерттеп, есеп-қысабын алғаннан кейін, диқандармен, ме- ханизаторлармен, басшы қызметкерлермен кең түрде əңгіме жүргізді де, тың жəне тыңайған жерлерді игеру жұмысын осы көктемнің өзінде-ақ бастап жіберген жөн болар деген қорытындыға келді [2; 15], — деп өз жанынан қосып, түпнұсқадағы ойды айқындай түседі.

Себебі романның басты мотиві тың жəне тыңайған жерлерді игеру жолындағы Айқыздың бастамасын беру. Өжеттілігін, еңбекқорлығын көрсету болса, аудармашы оны дəлелдермен нақтылайды.

Олтинсойликлар оммавий чиқишга тайёрланардилар. Хар бир ховлида ва устахонада кетмон ва белкуракларни чархлар эдилар, кийм тиктириб, этик ва ботинка хозирлардилар [3; 44], — деген, сөйлемнің алдына: Өмірде не бір салтанатты кезеңдер болады. Ол кездерде кісінің жүрегі қайрат- жігерге толып, еңбекке деген зауқы, ықылас, ынтасы арта түседі — деп, Алтынсай тұрғындарының тың жəне тыңайған жерлерді игеру үшін қандай көңіл-күйде, қандай дайындықта жүргендерін түсіндіру мақсатында оқиға алдына кіріспе қосады. Мұны, əдебиет теориясының тілімен айтқанда, экспозиция деп атаймыз. Жоғарыдағы сөйлемге Сол сияқты, алтынсайлықтар да тың жəне тыңайған жерлерді игеру жолындағы жаппай жорықтың басталуын ұлы мейрамды күткендей-ақ шыдамсыздана күтіп жүр. Əрбір аула мен шеберханада кетпен мен күректер қайралуда, киім тіктіріліп, етік, ботинкелер сайлануда [2; 42], — деп, аудармашы қандай жорық екені түсінікті болу үшін əсерлеп, көркемдеп ойды ұлғайтып береді де, əрмен қарай тұрғындар дайындығын түпнұсқадағыдай дəл аударып береді. Əрине, өзбек тіліндегідей, Алтынсайлықтар жорыққа шығуға даярлануда деп бірден бастаса, қазақ оқырманына түсініксіз болар еді.

Сондай-ақ түпнұсқада қайталанып берілетін кейбір ой қайталаулар аударма барысында қысқартылған. Десек те, түпнұсқаның мағынасы сақталған. Мəселен, романның үшінші бөлімі «Хат» деп аталады. Айқыздың қалаға оқуға кеткен жары Əлімжанға ауылдағы жаңа жер ашу турасындағы болған дауды айтып, хат жазуы баяндалады. Автор: Азизим, қадрдоним Олимжон ака! Хозиргина ха- тингизни ва хат билан суратингизни олдим. Қандай мехрибонсиз-а! Сизни жуда-жуда соғинганимни, дийдор куришишга интизор булиб кутганимни узингиз хам билиб тургандирсиз, жоним. Мен сизга янги планимиз райкомда қандай мухокама қилинганини ёзмоқчиман [3; 24]. Аудармасында бұл бөлім

«Хат» деп аталғанымен дəл осылай Айқыздың сағынышынан басталмайды. Алдына көп нүкте жіберіледі де, бірден ...Жорабаевтың кабинетінде аудандық партия комитетінің бюро мəжілісі бо- лып жатыр еді... [2; 20], — деп онда болған жағдайды хатта мəлімдейді. Демек, бұл бөлімнің бас жағы қысқартылып қалған. Себебі, алғашқы «Мөлдір бұлақ» бөлімінің аяғында Айқыз жарынан кел- ген хатты кеудесіне қысып, іштей сағынышын жеткізгендігі суреттелгендіктен, аудармашы келесі бөлімінің бас жағында Айқыздың сезімін қайталауды жөн көрмей қысқартқандай.

Ə.Сатыбалдиев кейіпкерлердің өзара диалогын дəл түпнұсқамен сəйкестендіріп бере білген. Диалог арқылы кейіпкерлердің ішкі сыры аңғарылады. Яғни, əр кейіпкердің сөз саптауынан, оның ой-толғанысынан, сөйлеу өзгешелігінен жан-дүниесі айқын елес береді.

  • Ким курипти?
  • Кім көріпті?
  • Бутун Олтинсой курган. Шамол булмаса, дарахтнинг учи қимирламайди! Майли, шошмай тур, қизинг невара туққанини куриб қоларсан... — Муротали иргиб урнидан турди-ю, қалтироқ бос- ган қулларини столга тираб, захар билан жавоб берди.
  • Бүтін Алтынсай көрген. Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды! Мейлі, сабыр ете тұр, қызыңның немере туып бергенін бір-ақ көресің əлі... — Мұратəлі ұшып орнынан тұрды да, қалтыраған қолдарын столға тіреп, ызғармен жауап берді.
  • Тухмат! Гапнинг пухтаси шуки, қизим ундақлордан эмас. Юзимни ерга қаратмайди. Карим хам...
  • Жала! Сөздің қысқасы, менің қызым ондайлардан емес. Жүзімді жерге қаратпайды. Кəрім де...
  • Карим, — деди раис Муроталининг сузларини юлиб олиб, — у тирранча бошимизга битган бало булди. Мехрини йулдан урган ким? Кучишга кундирган ким? Сенинг устингдан турли-туман ова- за таркатган ким? Авом, нодон, қайсар, деган ким? Карим эмасми! Сен уни «халол йигит» дейсан. У булса, сени хам, мени хам оёк ости қиляпти.
  • Кəрім, — деді председатель, Мұратəлінің сөзін бөліп. — Ол оңбаған басымызға бəле болды. Мехріні жолдан шығарған кім? Көшуге көндірген кім? Сенің үстіңнен түрліше əуезе таратқан кім? Атам надан, қайсар, ожар кісі деп жүрген кім? Кəрім емес пе? Сен оны адал жігіт дейсің. Ол болса. сені де, мені де топырақпен тең етіп жүр.
  • Хой, раис, оғзингизга қараб гапиринг, худонинг қахрига учрайсиз.
  • Қой, председатель, байқап сөйле, құдайдың қаһарына ұшырарсың.

Бұл диалог аудармасынан аудармашының диалогты дəл беріп, екі кейіпкердің қақтығысы арқылы мінез-құлықты түпнұсқадағыдай ашып бергеніне көз жеткіземіз.

Аудармашы аударма барысында белгілі бір ұлт тілінің мəдениетіне, тарихына, дəстүріне, өміріне қатысты сөздерге түсініктеме беріп отыруды да ескерген. Аталған аудармада өзбек ұлтына ғана тəн реалий сөздерге түсініктеме беріп аудару тəсілі де кездеседі. Бұл сөздер өзбек мəдениетіне, тарихына, тұрмысына, дəстүріне, өміріне қатысты түсініктер. Мəселен, сандал — аласа стол. Қыста астына шоқ қойып, үстін көрпемен бүркеп қояды да, үйдегі бар адам аяғын сұғып, айнала отырады. Бұрынғы өзбек тұрмысында бұл пеш орнына жүретін. Мысалы:

Əуіз — шағындау су қоймасы.

Тəлімі — сусыз өсірілген дақыл.

Қозапая — мақта өсімдігінің сабағы.

Айван — терраса, сая деген мағынада.

Құмдан — қыш күйдіретін пеш.

Қоза — мақта өсімдігі.

Осма — қас бояйтын шөп.

Базоз — жібек маталармен сауда жасайтын кісі.

Парварда — қолдан істейтін конфет.

Дутар — өзбек домбырасы.

Бір ескертері, аудармашы түпнұсқадағы «дутар» аспабын кейде домбыра деп береді. Мына мысалда, Алиқул булса, онда-сонда мехмонлар келганда қизининг зехни тезлиги, фикри зурлиги, уқуви куплиги туғрисида мақтаниб, исботи учун дутор чалдириб, ашула айттирарди. Бундай пайтларда эрка қиз буралиб-буралиб келардида, ноз билан сузилиб, дуторга қул юборарди [3; 128].

Аудармасы: Əліқұл болса, оқта-текте бір қонақтар келгенде, қызының зеректігін, ойы ұшқырлығын, көп оқитынын мақтаныш ететін де, онысын дəлелдегісі келгендей, домбыра тартқызып, əн салдыратын. Мұндай кездерде ерке қыз бұрала басып келеді де, жұртқа назбен сүзіле қарап, дутарға қол созады [2; 121]. Сондай-ақ Назокатхон булса, узи қилган гунохлар изини дилидан хам, миясидан хам суғуриб ташлади-ю, яна уйин-кулги, дутор, ашулага берилди, ноз билан сузилган кузлари кимларнидир қидирадиган булиб қолди... [3; 128]. Бұл сөйлем қазақ тілінде:

«Назақатқан болса, істеген күнəсінің ізін ойынан да, миынан да өшіріп, тағы да ойын-күлкіге, домбыра мен əнге беріліп кетті, назбен сүзілген көздері тағы да əлдекімдерді іздей бастады... [2; 121], — деп, оқырман бұл сөйлемдерден өзбек қызы əрі домбыра, əрі дутар тартып əн салады екен деп түсініп қалмауы үшін, аудармашының «домбыра» сөзін енгізудің керегі жоқ еді. Десек те, тек қана бір ұлтқа ғана тəн реалий сөздерді аударылып отырған ұлттың ұғымына сəйкестендіру үшін аудармашы алдымен «Дутар — өзбек домбырасы» деп түсініктеме береді де, əрмен қарай домбыра сөзін қолданып отырады.

Аудармашы аударма мəтінде түпнұсқа тіліне сай бейнелеу тəсілдерінде сəтті қолданады.

«Əдебиетте көбiнесе бұл ұғым сөз қолдану тəсiлдерi, бейнелi сөздер, мысалы, жалпы түрде құбылту деп аталатын ауыстыру, метонимия, əсiрелеу, тұспалдау, астарлау, теңеу, айқындау жəне стильдiк айшықтар, дыбыстық қайталамалар деген мағынада қолданылады. Бейнелеу тəсiлдерi, əрине, бұдан əлдеқайда кең, мол. Кейiпкерлердi мiнездеу, сөйлету, портрет жасау, табиғат көрiнiстерiн суреттеу — осының бəрiнде бейнелеу тəсiлдерi қолданылады» [4].

Тонг отди. Уфқ лоларанг булди. Аммо сойларнинг тубида, тоғларнинг ораларида энди чиқаəтган қуəшнинг заррин нурлари билан буялган туман куринарди. Баланд-баланд тоғларнинг чуққилари ус- тидаги кумуш қор нур билан товланиб, Бухоро дупписига қадалган зардек ялтирарди [3; 7].

Аудармасы: Таң атты. Көкжиек жауқазын тақілеттеніп қызғылт тартты. Дегенмен, сай- жылғалардың түбінде, тау жақпарларының арасында енді ғана шашырап шығып келе жатқан күннің алтын нұрымен боялған тұман əлі де көрінеді. Асқар-асқар таулардың шоқы шыңдарын жапқан күміс қар, күн шұғыласымен түрлене түсіп, Бұхара тақиясына таққан зердей жылтырайды [2; 8], — деп, мұнда, көктемнің алғашқы күндері түпнұсқадағыдай дəл аударылған. Тау шыңдарында қалған қарды күміс, жылтыраған зерге теңеуі сəтті шыққан.

...Бу пайтда водийдаги ерлар анча исиб қолган эди. Аллақачон қорлар эриб, ерлар қуриб, бахор хиди анқиб турарди. Тоғда булса, эртаюкеч изғирин эсиб турар, совуғи суяк-суякка утиб кетарди. Бироқ, олтинсойликлар аччиқ совуқни хам, изғирин шамолни хам писанд қилмай, ёнбағирларни хай- даб, дон сепишда давом қилардилар [3; 12].

Аудармасы: ...Бұл кезде қырдағы жазық жерлер едəуір қыза бастаған еді. Əлдеқашан-ақ қар еріп, жер құрғап, көктемнің исі аңқып тұрған-ды. Тау жақта болса, ертелі-кешті ызғырық соғып, суығы кісінің сүйек-сүйегіне өтеді. Бірақ алтынсайлықтар жай суықты да, ызғырық желді де еле- мей, тау беткейлерін айдап, егін егуге кірісіп кетті [2; 113]. Автор Алтынсай тұрғындарының еңбекқор екендігін көрсету үшін, сол сəттегі күннің суықтығын суреттеу арқылы ұтымды тəсіл қолданған. Аудармашы да автордың бейнелеу тəсілін сақтап аударғандықтан, аударманың көркемдігі жоғары болып шыққан. Сондай-ақ түпнұсқада жиі кездесетін теңеулерді де дəл аударады.

«Теңеулердi аудару — көркем аударманың аса маңызды, күрделi қыр-қатпарларының санатынан са- налады. Өйткенi теңеулер көркем аудармада көркемдiк қуаты бар құрал екендiгiмен бiрге ұлттық образдық суреттеу көрсеткiштерi болып табылады» [4; 323].

Мəселен, Тікендей қадалған былапыт сөздер [2; 10].

Тикандек қадалувчи бу сузларни чидам билан суради [3; 11].

Бұрадай бұрқырады [2; 10].

Маст туядай букирди [3; 11].

Ойдин кеча, сув ховузининг тепасига келиб таббассум қилаётган тулин ойнинг заррин нурлари чайқалиб турган сувга тегарди-ю, бир парча кумуш тушкандай ялтираб кетарди [3; 45].

Жарық түнде су қоймасының дəл төбесінен жарқырай нұрын төккен айдың сəулесі болмашы шайқалған судың бетінде дір-дір етіп, күміс теңгедей жалт-жалт етеді [2; 44].

Ол теректей бойшаң кісі еді [2; 48].

У теракдай новча эди [3; 18].

Басқалардың бəрі гүлдей жасаныр келсе, олардың ішінде Мехрі бір түп қурайдай болып сиықсыз көрінбей ме? [2; 56].

Дугоналари гулдай ясаниб келсалар, уларнин ичида Мехри бир туп шувоқдай куринмайдими, ахир! [3; 171].

Дала бүркітіндей қырағы да жігерлі кісі болатын [2; 59].

Сахро бургутидек сезгир ва жасоратли эди [3; 65].

Айқыздың жүзіне қан жүгірді. Ағы ақ, қызылы қызыл алмадай алабұртып құлпыра бастады [2; 69].

Ойқизнинг юзларига қон югурди, оқи оқ, қизили қизил нақш олмадай қуринарди [3; 209].

Толысудың орнына, шөптей боп қурап барады, гүлдей жайнаудың орнына, сабандай сарғаяды. Назақатхан толысқан терек сияқты болса, Адалат оның алдында сидиып қураған тұт ағашына ұқсайды [2; 264].

...семириш урнига чупдай озади, гулдай очилиш урнига, сомондай сарғаяди. Назокатхон қулф урган терак булса, унинг олдида Адолатхон қуриб қолган хасак тутга ухшарди [3; 240].

Зығыр майын жұтқандай-ақ, жүрегін айнытқан бұл насихат сөздерді əрең-əрең тыңдап келеді[2; 113].

Шөл даланың түрлі-түсті кілемдей боп көзді қаймықтыратынына Айқыздың да сенімі кəміл еді [2; 114].

Бəрі де су сепкендей тына қалысты [2; 116].

Оның жүрегі көкбұлақтай мөлдір таза [2; 116].

Сонымен қатар түпнұсқада адамның бір сəттегі ашу-ызасын суреттеуде табиғат құбылыстарымен салыстыру арқылы сипатталынатын тəсілде жиі кездеседі. Аудармашы да автордың бейнелеу шеберлігін сақтап аударады. Түпнұсқа: Жала-ёмғир ёққан пайтларда сув купайиб ариқлардан тошгани каби, унинг уч-алами хам икки пиёла ичкандан сунг юракларидан тошиб чиқибди-ю, хаммасини захарли сузлар билан баён қилди [3; 11].

Аудармасы: Нөсер жаңбыр жауған кездерде судың көбейіп, арықтарға симай кететіні сияқты, оның ашу-кегі де, екі кесені қағып алғаннан кейін, жүрегіне симай тасып төгілді де, бар білгенін зəрлі сөзбен баян етті [2; 10].

Айқыз өне бойы шөл далаға шығып келіп тұратын, түрлі кəсіптің адамдарымен əңгімелесетін, гүлден-гүлге қонып, бал жинаған ара сияқты, Айқызда халықтың пікірлері мен ойларын, тілек- мақсаттарын жинастырды [2; 116]

Келесі назар аударатынымыз, екі нəрсені қатарластыра бейнелейтін параллелизм тəсілінің аударылуы. Төмендегі мысалда ағаш пен адам жанастырыла суреттелген.

Түпнұсқада: Ойқиз уйчан кузларини узоқ-узоқларға тикиб гапирди: — Тинчилик вақтида яхши ишлаб, уруш вақтида номардлик қилганлар хам бор. — Ойқиз анча узоқда, кум-кук кукариб турган майда-майда, аммо қалин дарахтлар бир-бирига ухшайди. Аммо, уларнинг ичида нимжонлари хам борки, тинч вақтда кукараверади, қаттиқ шамол турдими, синиб кетади, ёки томири билан қупорилади. Албатта иккисидан бири булади. Одамлар хам худди шундай, уста амаки, баьзилар биринчи шамолгача яхши буладилар, холос... [3; 58], — десе, аудармасында Айқыз ойлы пішінмен қиырға қарап тұрып сөйледі: — Ол сонау көз ұшындағы көкпеңбек болып тұрған майда да қалың талға қарап сөйлеп тұр. — Қараңызшы, сонау ағаштар бір-біріне ұқсап тұр ғой. Бірақ олардың ішінде нашарлары да бар. Олар жағымды кезде көгеріп өсе береді де, қатты жел тұрса, не опырылып сынады, немесе тамырымен қопарылып құлайды. Қалайда сол екеуінің бірі болады. Адамдар да дəл солай, ұста аға, кейбіреулер алғашқы екпінге тап болғанынша жақсы болып келеді де, сонымен бітеді [2; 53]. Сөйлеп тұрған Айқыз екендігі белгілі болып тұрғандықтан, аудармашы қыз есімін түпнұсқадағыдай қайталай беруді жөн көрмей «ол» есімдігін қолданады.

Сондай-ақ аудармада кісі, жер-су аттарындағы өзбек тіліне тəн дыбысты қазақ тілінің орфографиялық заңдылығына сəйкестендіріп, транслитерация жасау арқылы беріп отырады. Мəселен, Қатортол — Қатартал, Олтинсой — Алтынсай, Муротали — Мұратəлі, Қодиров — Қадиров, Журабоев — Жорабаев, Ойқиз — Айқыз, Олимжон — Əлімжан, Алиқул — Əліқұл т. б. Ал шығарма ішінде кездесетін орыс кейіпкерлерінің есімдері дыбыстық жағынан өзгеріске түспей, дəл беріледі.

Түпнұсқада кездесетін мақал-мəтелдердің аударылуына да назар аударайық.

Темирни қизиғида ур [3; 85].

Темірді қызған кезде соқ [2; 88].

Алма пиш, оғзимга туш [3; 88].

Алма піс, аузыма түс [2; 94].

Маслахатли ош ачимайди [3; 92].

Ойласып істеген ас ашымайды [3; 97].

Сичқон сиғмас инига, ғалвир боғлар думига [3; 99].

Тышқан ініне сыймайды, оған қарамай құйрығына қалбыр байлайды [2; 110].

Туғри гапириб, туғишганинга екмайсан [3; 142].

Тура сөйлеп, туғаныңа жақпайсың [2; 131].

Юз сум пулинг булмаса хам, юзта дустинг булсин [3; 132].

Жүз сом ақшаң болғанша, жүз досың болсын [2; 130].

Дили очнинг кузи оч [3; 128].

Араны ашылғанның көзі де ашқарақ [2; 136].

Чумчукдан қуруққан тариқ екмас [3; 113].

Шегірткеден қорыққан егін екпес [2; 186].

Уйламай сузлаган, оғримай улар [3; 178].

Аңдамай сөйлеген, аңдамай өледі [2; 785].

Байқап отырғанымыздай, бұл мақал-мəтелдер екі тілде де бір-біріне семантикалық жағынан те- пе-тең келіп тұр. Жалпы, Ə.Сатыбалдиев аударма үдерісі кезінде түпнұсқадағы ақпараттарды толықтай қамтып бере алады. Аударылып отырған ел мəдениетін, тілін, тарихын салт-дəстүрін жақсы білгендіктен, автордың сезімі мен ойын оқырманға жеткізу үшін аударма теориясындағы лексикалық трансформацияларды ұтымды пайдаланады. Аудармашы көркем аударма шарттарын жақсы меңгергендіктен, оның аудармалары оқырманға төл туындыдай əсер етері анық.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Сатыбалдиев Ə. Сөз қазынасының кеншісі. — Астана: Фолиант, 2008. — 212 б.
  2. Рашидов Ш. Дауылдан да күшті. — Алматы: ҚМКƏБ, 1959. — 286 б.
  3. Рашидов Ш. Бурондан кучли. — Тошкент: Ғ. Ғулом номидаги Адабиет ва саньат нашриети, 1979. — 289 б.
  4. Алпысбаев Қ., Қазыбек Г. Қазақ аудармасының теориясы мен практикасы. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 2001. — 91-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.