Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сөйлемнің коммуникативтік типтері жөнінде

Тілдің қарым-қатынас құралы ретіндегі негізгі қызметі синтаксис арқылы жүзеге асады, сондықтан коммуникативті синтаксис сөйлемдерді құрылымдық тұрғыдан емес, олардың мазмұны, семантикасы тұрғысынан зерттейді.

Синтаксис ойлаумен, қарым-қатынас үдерісімен жəне сол коммуникация жүріп жатқан жағдаймен тікелей байланысты болады. Синтаксистік құрылымдардың коммуникативтік қызметі əлем тілдерінің бəрінде бірдей, демек, ол — тілдің əмбебап бөлігі. Сонымен қатар əр тілде синтаксистік қатынас берілуінің өзіндік ерекшеліктері де бар. Функционалдық синтаксис тілде түрлі өтініш, тілек, таң қалу, сүйсіну сияқты сезімдердің берілу амалдарын сипаттауға мүмкіндік береді.

Функционалдық синтаксис байланыстыра сөйлеудегі синтаксистік құралдардың қызметін қарастыратындықтан, түрлі контекстегі, яғни сөйлеу үдерісіндегі, сөйлемдердің типтері де нақты- лануы тиіс.

Орыс тіл білімінде контекстегі сөйлем немесе қарым-қатынас бірлігі высказывание деп аталады. Қазақша ғылыми айналымда контекстегі сөйлемдерді атауда бірізділік жоқ, олар айтылыс, айтылым, сөйлесім, сөйленім, сөйлемелік деп түрліше аталып жүр.

К.Аханов эмоционалды-экспрессивті қызмет атқаратын құрылымдарды сөйлемдер қатарына жатқызбайды жəне оларды айтылыс деп атайды [1].

Зерттеуші А.Елеуованың: «...Соған орай синтаксистегі сөйлем табиғатын контекстік жəне жағдаяттық тұрғыдан қарастыратын зерттеулерде сөйлем-айтылымның белгілі бір бөліктерінің актуалданбай түсіп қалуы предикативтілік жəне контекстік-психологиялық сипаттағы коммуникативтілік категорияларынан көрінеді» [2], — деген пікірі деактуализация мəселелеріне қатысты айтылғанмен, тікелей қарым-қатынаста қолданылатын сөйлемдердің екі жағын анық аңғартады.

Сөйлеу тілінің прагмалингвистикалық аспектісін зерттеген З.Ерназарова сөйлем мен нақты коммуникацияда қолданылатын синтаксистік құрылымды ажыратады: «... Сөйлем мен сөйлесімнің ең басты айырмашылығы — біреуінің сөйлеу актісінде пайда болатындығында. Сөйлемнің өзі арқылы аяқталған ой берілетін болса, сөйлесімде берілген ойдың түсініктілігі мен мағына толықтығы сөйлеу актілері арасындағы мағыналық байланыс, тақырып ортақтығы арқылы қалыптасады» [3], ал бұл дегеніміз — контекстегі сөйлем.

«Ч.Фриз өзінің жіктемесін дəстүрдегідей сөйлемнің меншікті семантикасынан емес, сөйлемдердің айтылуы барысында оған жауап ретіндегі кері қайтарылатын реакциясынан туындату керек деп ұсынады. Ч.Фриз дəстүрлі жіктемені жоққа шығармайды, бірақ ол жіктемені сөйлемдер түрінде емес, сөйленімдер түріндегі (высказывание) бірліктерге жасаған. Ч.Фриз сөйленімдердің бірнеше түрін айқындайды» [4]. Біздіңше, контекстегі немесе нақты коммуникативті жағдайдағы сөйлемді сөйленім деп атау дұрыс болады.

Авторлар ұжымы шығарған «Тіл білімі сөздігі» «высказывание» терминіне балама ретінде сөйлемелік сөзін ұсынып, оған мынадай анықтама береді: «Сөйлеу əрекетінің единицасы. Сөйлеммен бірдей болуы мүмкін, бірақ сөйлеу ішінде қарастырылады... С. жағдайға тəуелді, сөйлеушіге белгілі нақты жағдаймен тығыз қарастырылады» [5]. Бұл пікірлерде коммуникативтік мақсаттағы сөйлемдердің басты белгісі олардың сөйлеу барысында туындауы болып табылады. Бұл орайда Ж.А.Жақыповтың пікірін келтіру орынды: «... біз қазақ тіліндегі «сөйлем» аталымынан бас тартпаймыз. Өйткені жалпыға түсінікті бір ақиқат бар: тіл — мəн, сөйлеу — құбылыс. Философияда дəлелденгендей, құбылыс кеңірек, мəн мен құбылыстың бірінсіз-бірі жоқ, бұлар тығыз диалектикалық байланыста тұрады. Сонда, тіл мен ойлау бір нəрсенің екі жағы болып шығады. Тілге — статика, сөйлеуге динамика тəн. Тілде ой берілсе, сөйлеуде ой қозғалысқа, өзгеріске түседі» [6].

Сөйлемдердің түрлі типтерін коммуникативтік тұрғыдан 1960 жылдардың аяғында Дж.Р.Серль «сөйлеу актілері теориясы» аясында қарастыра бастады. Бұл теорияның негізіне Дж.Л.Остиннің философиялық идеялары алынған еді (1955 жылғы лекцияларында айтылған мəселелер 1962 жылы кітап болып шыққан, орыс тіліне аударылған ол лекциялар «Новое в зарубежной лингвистике» сериясының 1986 жылғы жинағына енгізілген) [7].

Сөйлеу актілері теориясының нысаны — сөйлеу актісі, яғни сөйлеушінің тыңдаушымен тікелей қатынасы жағдайында айтылған сөйлемі. Сөйлеу актісін талдау үшін оны зерттеудің түрлі қырына назар аудару қажет. Сөйлеу актілері теориясында сөйлеу əрекетінің объектісі — сан алуан əлеуметтік жəне психологиялық сипатқа ие жеке тұлға.

Сөйлеу актілері теориясы дегеніміз — жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынас формасы ретінде қарастырылатын сөйлеу актісінің қарапайым бірлігінің құрылысы, яғни сөйлемнің актуалдануы туралы ілім.

Коммуникативтік қызмет теориясының бірде-бірі коммуникативтік жағдайды ескермей зерттеу жүргізе алмайды. Сөйлеу актілері теориясында коммуникативтік жағдайдың өз үлгі-моделін қолданады. Бұл үлгі сөйлеуші, тыңдаушы, түрлі жағдайлар, сөйлемдермен қоса сол сөйлеу актісінің мақсаты мен нəтижесін де қамтиды. Сол себепті көптеген лингвистер əлеуметтік іс-əрекетте қарым- қатынасқа түсу барысында туындайтын əр қилы мақсаттарға жету үшін тілді қолдану механизмі қандай деген сұраққа жауап іздеді.

Сөйлеу актілері теориясында сөйлеу актісі үш деңгейлі құрылым ретінде қарастырылады: локутивті акт, иллокутивті акт, перлокутивті акт. Локутивті акт — сөйлеу барысында қолданылатын тілдік құралдар, иллокутивті акт дегеніміз — сөйлеу актісінің мақсаты мен оны жүзеге асыру жағдайларына қатысы, перлокутивті акт — сол сөйлеу актісінің нəтижеге қатысы. Бұл үштаған айтылым мазмұнының бірлігін көрсетеді.

Сөйлеу акті дегеніміз — белгілі бір қоғамда қалыптасқан сөйлеу əрекеттерінің негізгі қағидаттары мен ережелеріне сəйкес пайда болатын мақсатты сөйлеу. Сөйлеу актілерінің негізгі белгілері ретінде зерттеушілер ниет (интенционалдылық), мақсаттылық жəне конвенционалдылықты атайды.

Сөйлеу актілеріне өздеріне тəн, бір-бірімен байланысты əлеуметтік рөлдері бар, сөйлеу дағдылары, əлем туралы түсінік-ұғымдары ортақ сөйлеуші мен адресат қатысады. Сөйлеу актісінің құрамына сөйлеу жағдайы мен оның мазмұнына қатысты болмыстың үзігі кіреді. Дж.Остиннің айтуынша, сөйлеу актісін орындау деген жалпыға түсінікті тілдік таңбамен дыбыстау; сол тілдің сөздерінен сол тіл грамматикасының заңдылықтарына сəйкес сөйлем құрау; сөйлемдегі мағына мен референция (болмысқа қатысы) (локутив); сөйлеуге мақсат қою (иллокутивті акт), яғни сөйлеу барысында қандай да бір коммуникативтік мақсатты білдіру; белгілі бір нəтижеге итермелеу (перлокутив), яғни адресаттың санасына немесе іс-əрекетіне ықпал ету.

Ал Дж.Р.Серль сөйлеу актілерінде мыналарды көрсетеді: дыбыстау актісі; референция мен предикацияны жүзеге асыратын пропозициялы акт; сөйлеушінің мақсатын жүзеге асыратын иллокутивті акт. Сөйлеу актілерінің қызметін Остин иллокутивті күштер, ал оларға сəйкес етістіктерді иллокутивті етістіктер деп атаған (сұрау, өтініш, тыйым салу). «Иллокутивті күштер» ұғымы кешенді түрде түсініледі. Ол сөйлеу актілерін бір топқа біріктіретін иллокутивті мақсатпен қатар, оның қарқынын, мақсатқа жету амалын, тəуелді пропозицияның ерекшеліктерін жəне нақты (бұйыру, талап ету, кеңес беру) сөйлеу актілерінің басқа да даралық шарттарын қамтиды.

Кейбір иллокутивті мақсаттарға ым-ишарамен, кинемалармен жетуге болады, алайда кейбір мақсаттар сөздің көмегінсіз беріле алмайды, мысалы, ант ету, уəде беру, мұндағы етістіктер перформативті. Басқа иллокутивті етістіктер перформатив бола алмайды (мақтану, сес көрсету, жəбірлеу).

Перлокутивті ықпал тікелей сөйлеу актісінен тыс болатындықтан, сөйлеу актілері теориясы иллокутивті күштерді талдауға бағытталған, ал «сөйлеу актісі» мен «иллокутивті акт» терминдері синонимдер ретінде қабылданады. Иллокутивті күштердің жалпыланған түрі сөйлемнің грамматикалық құрылымынан көрінеді (хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдер). Иллокутивті мақсаттар біртұтас мазмұнды диалог құру барысында айрықша маңызға ие, өйткені сұрақ жауапты талап етсе, кінəлау не ақталуды, не кешірім өтінуді қажет етеді.

Сөйлеу актілерін жіктеуде иллокутивті мақсат, сөйлеушінің психологиялық жай-күйі, сөйлеу актісіндегі пропозиционалды мазмұнның нақты болмысқа қатынасы, адресант пен адресат мүдделері ескеріледі.

Сөйлемдер көмегімен сөйлеуші белгілі бір əрекет жасайды. Дж Р.Серль сөйлеушілердің коммуникативтік мақсатына қарай (нақты сөйлеу актілерінің қатысушыларының ерекшеліктері мен жағдайларын ескере отырып) сөйлемдердің прагматикалық типтерінің толық жіктемесін жасады. Негізгі прагматикалық типтер ретінде перформативтер мен констативтер (репрезентативтер хабарламалар) аталды. Перформативтер дегеніміз — сөйлеу нəтижесі белгілі бір əрекетке балама бола алатын сөйлемдер, мысалы, Мен ант етемін; Мен уəде беремін; Конференцияны ашық деп жариялаймын, яғни сөйлеуші  сол  айтып тұрған      əрекетін орындайды.Перформативтер автореферентті, яғни перформативті, сөйлемде етістік І жақта, жекеше түрде, осы шақта болуы керек. Ал констативтер нақты бір нəрсе туралы хабарлайды. Констативтер өз ішінен промисив, экспрессив, менасив, директив, реквестив деп бөлінеді.

Директив — адресатты белгілі бір əрекетке итермелейтін, оның іс-əрекетіне түрткі болатын сөйлемдер. Бұл сөйлемдердің өзі екі түрлі болуы мүмкін: сөйлем-бұйрық (инъюктив) жəне сөйлем- тілек (реквестив). Бұлардың екеуінің де грамматикалық құрылымы əдеттегі бұйрықты сөйлеммен бірдей болады: Терезені аша салшы, тілек мəні тек -шы жұрнағымен көрсетіліп тұр. Бұл сөйлемдер интонациясымен де ажыратыла алады.

Промисив жəне менасив. Сөйлем — уəде жəне сөйлем — сес көрсету. Констативтер сияқты, промисивтер де қашан да хабарлы сөйлем болғанмен, олардың коммуникативтік-интенционалды мазмұнындағы айырмашылықтардан олардың формалды шектеулері байқалады: промисивтер тек келер шақта ғана болып, сөйлеуші өзі істейтін əрекеттің кепілі ретінде көрінеді: Мен тура уақытында келемін. Менасив сөйлемдердің коммуникативтік-интенционалды мазмұны — сес көрсету, қорқыту: Əлі көрешегіңді көрсетемін! Ал экспрессивтер таза көңіл-күйді, түрлі сезім қалпын білдіретін сөйлемдер.

Таза лингвистикалық тұрғыдан бұл сөйлеу актілері сөйлемдердің коммуникативтік негізгі үш типімен сəйкес келетіні байқалады. Аралас коммуникативтік типтегі сөйлемдер жанама сөйлеу актілері деп түсініле алады, яғни жекелеген жағдайларда олар түрліше интерпретациялана алады.

Кейіннен сөйлеу актілері теориясы тереңдетіле зерттеліп, сөйлемдердің коммуникативтік типтерін анықтауда қосымша грамматикалық ажырату белгісі деп санала бастады.

Барлық сөйлемдер екі қағидат бойынша жіктеле алады:

  • Сөйлемнің коммуникативтік бағалылығы.
  • Сөйлем құрылымы.

Сөйлем дегеніміз — хабарлаудың тұтаса құрылған бірлігі, қатысым барысында сөйлеуші тыңдаушыға белгілі бір ақпарды жеткізеді.

Синтаксистің негізгі нысанының бірі — сөйлем. Сөйлем — сөздерден синтаксистік модель негізінде құрылып, жағдаятқа сəйкес коммуникативтік мақсатқа бағытталған сөйлеу бірлігі. Сөйлем де, сөз сияқты, номинативтік бірлік, алайда сөйлем номинативтілігімен қатар, предикативті де, яғни кеңістік пен мезгілде болатын оқиға дамуын немесе жағдайларды атап, олардың объективті болмыспен байланысын, оның шын-жалғандығын, болымды-болымсыздығын көрсетеді. Сөйлем бір ғана сөзден тұруы мүмкін, алайда бір сөзден тұратын мұндай сөйлем айтылымға айналады, яғни сипатталып отырған құбылыс пен болмыстың арасындағы түрлі қатынастарды көрсетеді: Күн қалай?

— Тамаша. Сөйтіп, предикативті бірлік ретінде сөйлем шындық болмысты бағалау қызметін атқарады. Сөз дайын тілдік бірлік болса, сөйлем əрдайым жаңадан құрылып отырады, сөйлеуде пайда болады. Сөйлем, негізінен, сөйлеу аясына жатады, оны бұрынғы грамматикаларда кездесетін сөйлеушінің аяқталған ойды білдіретін сөздер легі деген анықтама да аңғартады.

Сөйлеу бірлігі болғандықтан, сөйлем белгілі бір интонацияға ие: əрбір сөйлемнің өзіне тəн интонациялық сипаты бар, оған сөйлеу ағынында бір сөйлемді екіншісінен ажырату үшін, сондай-ақ түрлі коммуникативтік-предикативтік мағынаны, мəселен, сұрау мағынасын білдіру үшін қолданылатын екпіннің, тонның өзгеруі жатады. Алайда сөйлеу дегеннің өзі кең мағынасындағы тілдің бір қыры екенін ескерсек, ол жүйе ретінде тіл жəне оның қарым-қатынас барысында жүзеге асырылған өнімі деп түсініледі.

Коммуникация бірлігі ретінде сөйлем бір-бірімен тығыз байланыста екі жақты: тіл жүйесінде сөйлемдердің типтік модельдері, жалпыланған үлгілері белгілі жəне сөйлеуші өмірде өз сөйлемдерін осы үлгілермен құрайды. Нақты сөйлеуде пайда болатын сөйлемдер түрлері шексіз, ал тіл жүйесіндегі сөйлемдер үлгілері белгілі болғандықтан, грамматикада сол сөйлемдер зерттеледі. Предикация сөйлем модальділігін білдіре алады.

Сөйлем предикациясының негізі етістік жіктелуінен көрінеді, яғни етістіктің түрлі категориялары арқылы сөйлемдегі негізгі предикаттық мағыналар байқалады.

Лингвистикаға «валенттілік» ұғымын енгізген француз лингвисі Л.Теньер етістік предикатты етістік валенттілігіне сəйкес құрылатын сөйлем құрылымының өзегі деп санаған; ол етістіктің барлық комплементаторы мен суплементаторын сөйлемнің үдеріске қатысушы элементтері, немесе «актанттар», жəне үдеріс жағдайларының элементтері, немесе «сирконстанттар», деп бөледі. Етістік баяндауыштан басқа да компоненттер предикацияны білдіре алады, мысалы, сөз тəртібі, көмекші сөздер, интонация. Предикативті семантика етістік арқылы шақтан басқа коммуникация мақсатын да көрсете алады (хабарлау — сұрау — бұйрық).

Сөйлем дегеніміздің өзі тілдің коммуникативті бірлігі болғандықтан, онда белгілі бір коммуникативтік мақсат болуы тиіс, яғни тыңдаушыға əсер етуді көздеуі тиіс. Қолда бар жазбаша жəне ауызша деректерге сүйене отырып, қазіргі дəстүрлі грамматика сөйлемдерді коммуникативтік үш типке бөледі: хабарлы, сұраулы, бұйрықты, ал лепті сөйлемнің коммуникативтік мəртебесі нақтыланбаған.

Қазіргі кездегі зерттеулер көрсетіп отырғандай, сөйлемнің коммуникативтік типтері тыңдаушының реакциясына қарай сипатталып отыр. Тыңдаушының реакциясын ескеруді Ч.Фриз көрсеткен болатын. Оның пікірінше, сөйлем — айтылымның ең аз көлемі, жəне қарым-қатынасқа түсу үшін айтылатын бұл бірліктер тыңдаушының реакциясына байланысты үш топқа бөлінеді. Бірінші топты тыңдаушының жауап сөзін тудыратын айтылымдар құрайды да, оған сəлемдесу, вокативтер, сұрақтар кіреді. Екінші топқа кіретін айтылымдар тыңдаушының нақты іс-əрекетіне түрткі болады. Ал үшінші топтағы айтылымдар осы ұжымның назарын аударту үшін айтылатын хабар. Ч.Фриздің классификациясы дəстүрлі бөліністі детальді түрде қарастыруға негіз болды.

Сөйлемдердің коммуникативтік типтерін оппозициялық жұптарда (хабарлы сөйлем — бұйрықты сөйлем, хабарлы сөйлем — сұраулы сөйлем) қарастыратын болсақ, сөйлемнің коммуникативтік типтерінің айырым белгілері сөйлемнің актуалды мүшеленуіндегі айырмашылықтармен, яғни айтылымның логикалық предикаттарын білдіретін ремалық компоненттер сипатымен тікелей байланысты екенін байқауға болады. Хабарлы сөйлемнің ремасы белгілі бір оқиға, құбылыс, қасиет, дерек туралы тікелей хабар, ақпар берсе, бұйрықты сөйлемнің ремасында сөйлеушінің талап етіп немесе қалап тұрған іс-əрекетінің мазмұны, яғни тыңдаушыны іс-əрекетке итермелеу болады. Сұраулы сөйлемнің ремасында сұраққа жауап алу көзделген, яғни тыңдаушыны жауап беруге, кері ремаға бағыттайды.

Байқап отырғанымыздай, сұраулы сөйлемнің ремасы басқаларынан өзгеше, себебі онда ашық сұрақты рема да, альтернативті сұрақты рема да кездеседі жəне соған байланысты сұрақтар да орынбасарлық немесе ашық болып келеді.

Тек хабарлы сөйлем ғана нақты ақпаратты көрсетеді, бұны оның тема-ремалық қатынастарының нақты мазмұны көрсетеді.

Коммуникативтік парадигматикада лепті сөйлемдер орнын анықтау үшін оның да ремасына назар аудару керек. Лепті сөйлемнің коммуникативтік-мақсаттық статусы ремадан көрінбейді, демек, лептілік сөйлемнің қосалқы белгісі, сондықтан осы белгі негізінде сөйлемнің коммуникативтік типтерінің əрқайсысы — хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдер екі нұсқада беріле алады. Мысалы:

– Тоқтат, ақымақ! — Ғафу етіңіздер. Меймансыздар, кінə менен. Ал енді... келген іздеріңізбен кері қайтасыздар!

Сөйлемдердің коммуникативтік типтерін қарастыру барысында өз мағынасында аралық коммуникативтік типтерді тоғыстырған сөйлемдерді де байқауға болады.

Хабарлы жəне сұраулы сөйлемдер аралығында хабарлы-сұраулы, сұраулы-хабарлы сөйлемдер кездеседі, яғни сөйлемде жартылай сұрау болып, айтушы өз сөзін тыңдаушы не жоққа шығаруын, не растауын күтеді: Терезе жабық қой. Сұраулы сөйлемде сұрақпен қатар өзін-өзі кінəлау да байқалады: Жоғалтқанда кім ұятын, кім есін, Жылай алмай, жынды адамдай күлесің. Кешірер ме мына бізді келешек, Тонатқанда ұрпақтардың үлесін. Бұл сұрақтың жауабы да кешірім өтіну мəнінде болуы мүмкін.

Сондай-ақ хабарлы жəне бұйрықты сөйлемдер арасында да əрі хабарлау, əрі бұйрықты мəнді сөйлемдер ұшырасады: Терезені жапсаңшы.

Хабарлы, бұйрықты, сұраулы сөйлемдер транспозиция құбылысының əсерімен бірін-бірі алмастырып, лепті сөйлемге айналып, түрлі модальділікті тудыра алатыны байқалады.

Сөйлемдердің түрлі коммуникативтік-прагматикалық типтерін бір-бірінің орнына алмастырып қолдану, əрине, шексіз емес. Соған байланысты нақты қарым-қатынас жағдайында оларды қолдану əлеуметтік негізде жүзеге асады деуге болады, яғни бір типтегі сөйлемді екінші типтегі сөйлеммен алмастыру олардың иллокутивті күшіне байланысты, демек, негізгі мəнге қосалқы мəн үстеу оның түпкі нəтижесіне əсер етеді деген сөз.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. — Алматы: Ана тілі, 2002. — 531,532-б.
  2. Елеуова А. Қазақ тіліндегі актуалсыздану құбылысы жəне оның сөйлем құрылымында алатын орны: Филол. ғыл. канд. ... автореф. — Алматы, 2007. — 3,4-б.
  3. Ерназарова З. Сөйлеу тілінің прагмалингвистикалық аспектісі. — Алматы, 2001. — 98-б.
  4. Құрманова Н., Тұрлыбекова Ж. Ахмет Байтұрсынұлының сөйлемді коммуникативтілік тұрғысынан жіктеуі // Ахмет Байтұрсынұлы: қайраткер аманаты жəне ұлт мұраты: Респ. ғыл.-теор. конф. материалдары. — Алматы, 2012. — 88-б.
  5. Tіл білімі сөздігі. — Алматы, 1998. — 71-б.
  6. Жақыпов Ж.А. Қазақ тілінің функционалдық синтаксисі (контекст проблемасы): Филол. ғыл. д-ры ... автореф. —Алматы, 1999. — 3-б.
  7. Новое в зарубежной лингвистике. — М., 1986. — 424 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.