Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ж.Əбдіраш эпиграммаларының стильдік ерекшеліктері

 Қазіргі қазақ поэзиясындағы эпиграмма жанры Ж.Əбдірашевтың есімімен тығыз байланысты. Себебі бұл жанрдың ұлттық əдебиетімізде жанр ретінде тамыр жаюына ақынның үлесі зор. Поэзияда қайталанбас даралығымен мойындалған ақынның эпиграмма жанрындағы шеберлігі де жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Біз мақалада ақынның стильдік ерекшеліктерін айқындау мақсатында назар аударатынымыз — ақын эпиграммаларының құрылымдық, мазмұндық, тілдік ерекшеліктері.

Ж.Əбдірашев эпиграммалары «Əзілің жарасса» деген атпен жарық көрді. Кейіннен 2001 жылы шыққан «Құлпытас» жинағына енді. Жинақтың құрылымдық сипатының өзі жүйелі түрде түзілген. Əдеби қауымдағы алдыңғы буын, кейінгі буын өкілдерінің мінезі мен болмысын, əрқайсысының ерекшелігін қалтықсыз аңғарып, қапысыз бейнелеген ақын эпиграммалары жанрдың барлық талаптарына жауап берумен бірге, тілдік құнары, көркемдігі, өткірлігі жағынан 70–80-жылдар поэзиясындағы үлкен жетістікті, ұлттық поэзиямыздың зор мүмкіндіктерін танытады. Əрине, бұл жанрдағы туындыларынан ұлттық сипат та айқын көрінеді. Ең əуелі ақын өзі сөз арнайтын адамның жас ерешеліктерін ескереді. Осыған орай эпиграммаларын «Əкелерге — наз», «Ағаларға — уəж», «Он жас — о да құрдас», «Бес жас — бел құрдас», «Құлын-тайдай тебіскен» деп жүйелеген. Бұл эпиграммалар, ақын өзі айтқандай, «автордың əдебиетшілермен көп жыл қоян-қолтық араласуының, олардың қаламгерлік те, қарапайым пенделік те мінез-құлықтарын қаламдас һəм замандас көзімен байқап-бақылауының, оны, «аялда, тоқта, қас-қағым» деп Гете айтқандай, қалт жібермей қағазға түсіруге талпыныс жасауының жемісі» [1].

Ақын эпиграммаларында қаламдастар болмысы мен мінезі кейде уытты əзіл, кейде ащылау сықақ арқылы өрнектеледі. Жарасқан Əбдірашев қазақ əдебиетінде эпиграмма жанрын тың өріске шығарып, жаңа биіктерге көтерген ақын. Бұл туралы Қалтай Мұхамеджанов былай дейді:

«Жарасқанда ақындардың көпшілігіне біте бермейтін тағы бір қасиеті бар. Ол сатира жанрында да қаламын еркін сілтейді. Əр эпиграммасында ақын алып отырған объектісінің өмірдегі орнын, мінез- құлқын дəлме-дəл көрсетіп, керемет минипортрет, миниобраздар жасайды. Бұл — көрінген ақынның маңдайына жазыла бермейтін байлық» [2].

1989 жылы Жарасқан Əбдірашевтің қазақ əдебиетінде тұңғыш «Əзілің жарасса» деп аталатын кітабы жарық көрді. Бұл жинақты шығаруда Жарасқан Əбдірашевтің көп еңбектенгені байқалады. Ең алдымен, оның өз ортасына, бірге жүрген үлкен-кіші, құрбы-құрдас қаламгерлеріне байыппен, сыни көзбен қарайтыны, олардың əрқайсысының бітім-пішімін, пендешілік əдет-дағдысын аңғара жүретіні байқалады. Соның нəтижесінде ол көптеген ақын, жазушылардың игі істері мен ізгі мінездерін тап басып түсірген. Қалам иелерінің шығармашылықтарындағы, мінез-құлықтарындағы кейбір ерекшеліктерді де дөп басып, көрсете білген тұстары баршылық [3].

Жіліктеп-ақ береді,

Жырдың түрлі жанрын.

Бірақ өзі келеді,

Тап баса алмай тамырын [4; 45].

Бұл — ақын С.Баймолдинге арналған эпиграмма. Мұнда Сəбит ақынның көп білетіндігі, бірақ əлі өз жанрын тауып, айтарлықтай табысқа жете алмай келе жатқандығы мегзеліп тұр. Ал, Т.Молдағалиевке мынадай эпиграмма арнаған:

Жиырмасында «жетіммін» деп жылаған,

«Жыладың» деп талай сыншы сынаған…

Отызда да «жетіммін!» деп жылаған,

Ол кезде де талай сыншы сынаған…

Қырықта да «жетіммін» деп жылаған,

«Қойсаңшы» деп талай сыншы сынаған.

Ақ «Волгамен» аңыратып жүрсе де,

«Жетілдім» деп айтпай қойды-ау, Тұмағаң [4; 59].

Автор Тұманбай ақынның лирикасында өзінің қиын жылдардағы ауыр балалық шағын жырға қосудың, жалпы өз тағдырын жырлаудың көп кездесетіндігін оқырманға əшкере қып, ылғи осылайша жырлау жөн болар ма екен дегенді аңғартып отыр.

Садықбек Адамбековке

Бұл Сəкең бурыл шашты бала кісі,

Келмейді жасын əсте санағысы.

Ойнайды Жұбағаңмен жиеніндей,

Сырағаң сияқты бір нағашысы…

Жұрнақтай қалып қойған сал-серіден,

Қыздарды қытықтайды таңсəріден.

Тоғышар қарын көрсе қалтарыста

Тіледі сатираның семсерімен!...

Ақтарып дала жайлы қалаға сыр, —

Төрінде Шығайбайдың салады асыр.

Түкіріп аузына Алдаркөсе,

Бергендей ақ батасын Қожанасыр! [4; 140] —

деп Жарасқан Əбдірашев Садықбек Адамбековтың адамгершілік, азаматтық тұлғасын сатиралық шумақтар арқылы ашып көрсетеді. Ақын Садықбектің сатирадағы өткір сыншы екенін айтады да, дархан даланың сан-алуан құпиясын қала халқына ашып көрсететіні жайлы, Шығайбайдай сараң берместерді сынға алатынын да бір Адамбековтың бойында Алдаркөсенің айласы, Қожанасырдың сыртқа аңқау көрінгенмен, іштегі шебер тапқырлығы үйлесіп жатқандығын шебер көрсете білген.

Тахауи Ахтановқа

«Қаһарлы жылдар» қалды артта,

«Сөнбесін, — дейді шырағың!»

«Ант» беріп адал болмаққа,

Тастайды сосын ұранын!

Жүзінен ыстық от ұрып,

Жүзесің асқақ сезімге!

Өзгені мақтап отырып,

Ұмытпайды əсте Өзін де.

Саңқылдап даусы қуатты,

Мінбеге шықса атып кіл,

Ақтөбе қысы сияқты

Алады «борандатып» бір!

Жасындай соғар сөздері,

Жан дейсің неткен діні тік.

Сынаған кезде өзгені —

Кетеді Өзін ұмытып [4; 138], —

деп ақын жазушы Тахауи Ахтановтың болмыс-қасиетін барынша ашып көрсетеді. Сонымен қатар Ахтановтың бойындағы бірнеше жақсылық жəне өзімшілдік қасиеттерін айтып, реалистік шумақтар өреді. Атап айтар болсақ, Тахауидың отаншылдық жəне елжандылық, өзгені батыл сынайтын қасиеттерін мадақтаса, ақын өзгені мақтай отырып, өзін де ұмытпайтын өзімшілдік жəне өзгені сынаған кезде өзін əсте ауызға алмайтынын кездерін ашып көрсетеді.

Сырбай Мəуленовке

Бұл күнде біздің Сырағаң –

Молладан бетер бір адам.

«Ақырған ащы су» түгіл,

Татпайды тіпті сырадан.

Зауқы жоқ мүлде сусынға,

Өзінің өзі уысында…

Жырының, бірақ, қызуы Баяғы градусында! — деп [4; 142].

Жарасқан Əбдірашев ХХ ғасырдың сыршыл ақыны Сырбай Мəуленовтың бір сəттілік көңіл- күйін бейнелейді. Бұнда ақын бір кездері шарапты судай сіміріп жүрген Сырағаңның аяқ астынан молданың шапанын кие қалғанына таңырқайды да, сосын жаман ащы суды тастаған ағасына риза болып, өлеңдегі шабытының əлі баяғы градусынан қайтпағандығына тəнті екенін айтады.

 Сафуан Шаймерденовке

Жалғыз роман,

Жалғыз қыз «Инеш» еді,

Жалғыздықпен қанша жыл күй кешеді?

Битабарды өзіне тең санамай,

Кемпір болды сарғайған кимешегі…

Жазғаныңнан,

Жазбағың көп қой əлі…

Бойыңдағы оянып от баяғы, —

Инешіңіз оқыған қыз емес пе:

«Интеллигент шал керек!» деп қояды…[4; 139].

Ақын, жазушы Сафуан Шаймерденовтің біраз жасқа келсе де жалғыз романнан басқа көлемді шығарманы өмірге əкеле алмай жүргенін сынға алады. Сыншы жазушыны сынға ала отырып, оның бойындағы үлкен талант пен білімнің алда əлі талай жақсы дүниелерді өмірге əкелетініне сенім білдіреді.

 Тұрсынхан Əбдірахмановаға

Алдымен əнші болған,

Атын сол шығарған.

Содан соң əкім болды

Одан соң ақын болды

Ақыры ғалым болды,

Атағы мəлім болды…

Өзінен сұрап білмекпіз:

танысақ екен «Кім?» деп біз [4; 141].

Сатирик Жарасқан Əбдірашев Тұрсынхан Əбдірахманованың бойындағы көп қырлылық қасиеттерін сатиралық өткір теңеулер арқылы аша білген. Тұрсынханның өмір жолын əншіліктен бастағанын, əрбір дүниенің басын бір шалып, соңынан ғалымдыққа талаптанғанын құптаған сияқты айтқанымен, астыртын кекесін-мысқыл жатқандығын аңғару қиын емес.

 Темірбек Қожакеевке

«Генерал не болар?»

«Сатира жаз!» Өкірт тегі…–

деп берсе де бұйрық көп.

Даярлаған шəкірттері,

Шығып жатыр «Лирик» боп.

Алдын алар амал қайда,

Арты мұның не болар?!

Сонда Темкең саналмай ма,

Сарбазы жоқ Генерал?! [4; 320].

Сыншы-ғалым Темірбек Қожакеевтің қазақ əдебиетінің сатира жанрын зерттеудегі үлкен еңбегіне ақын риза екендігін айтқанмен, осы жанрда жазатын жəне зерттейтін шəкірттер тəрбиелей алмай келе жатқандығын жыр шумақтары арқылы ескертеді. Қожакеевті «сарбазсыз Генералға» теңеуі «Шəкіртсіз — ұстаз тұл» деген мақалға сайып келеді.

Жарасқан Əбдірашев бұл жинағында сонымен қатар елі үшін еңбек етіп жүрген, тарихи-мəдени өмірде өзгеше серпіліс жасап, əдебиет, өнер қайраткерлеріне айрықша қамқорлық көрсетіп, түсінік- түйсік, пайым-парасатын сезінгендіктен, Иманғали Тасмағамбетовке:

 Бітірем деп ұлы іс бір, Болған əкім,

Министр –Білем талай Ғалиды!…

Біледі… Жұрт таниды!…

Сен де оларды танисың! Бірақ….

Сен солардың ішінде –

Иманы бар Ғалисың!… [4; 255] —

деп эпиграмма жазған. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа да мынадай эпиграмма арнаған:

 Жер бетінде — Бір сұлтан!

Жалғыз сұлтан — Нұрсұлтан!

Жасамайық тым тарлық,

Аздық қылар — сұлтандық!

Сол ғой қазір — төбе би,

Деген лəзім — «Төле би!»

Керек еді бір шын хан!

Сол шын хан кім? Нұрсұлтан! [4; 243] —

деп Елбасының асыл қасиеттерін ашып айта отырып, сан ғасыр отаршылдықты басынан кешірген, өз басшысынсыз, өз биінсіз күн кешкен елдің тəуелсіздік алған тұсындағы ақыл берер, болашаққа ақжол нұсқар бір сұлтаны, қазіргі заманның Төле биі елдің ханы керек екенін айтады жəне сол ханның, сол сұлтанның, сол бидің Нұрсұлтан Назарбаев екенін даусыз ашып көрсетеді.

Жарасқан Əбдірашев көбінесе эпиграммаларын ақын, жазушылардың сырттай байқалған əдет- дағды, мінез-құлықтары туралы жазады. Мысалы, Б.Ысқақовтың жинақ құрастырумен көп айналысатынын, Қ.Қайсеновтың алып қашпа сөзге көп елеңдемейтінін, Ғ.Қайырбековтың енбекқорлығын, Н.Ғабдуллиннің Одақтан қол үзіп кеткенін, А.Шамкеновтың дастанға ойысып, лирикадан сырттағанын, Ə.Əшімовтың Одаққа қайта оралғанын, Т.Тобағыловтың саяқ жүретінін, М.Əбдіхалықовтың «Жұлдыздан» кетіп қалғанын, С.Оспановтың даукестігін, А.Мекебаевтың артық адамсынуын, Қ.Ілиясовтің ұрыншақтығын, С.Əшімбаевтың замандас, қаламгер туралы пікір айтпайтынын, С.Байқонов пен С.Асылбековтың əдебиетке келгенін хабарлайды.

Ж.Əбдірашевтің «Жаппар Өмірбеков пен Саттар Сейітқазинге», «Сейіт Кенжеахметов пен Көпен Əмірбековке», «Серік Байқонов пен Серік Асылбековке», сондай-ақ бір топтап жазған Мұзафар Əлімбаев, Қастек Баянбаев, Құрманбай Толыбаев, Əдібай Табылдиев, Ермек Өтетілеуов, Сұлтан Қалиевке арналған эпиграммалары бар.

Ж.Əбдірашевтің М.Қаратаевқа, С.Сматаевқа, К.Ахметбековке, К.Сегізбаевқа арналған эпиграммалары негізінен монологке негізделсе, М.Шахановқа, К.Ахметоваға, Е.Елубаевқа, А.Асылбековқа жазғандары диалогке құрылған. Эпиграммаларда халық əдебиетінің де үлгілері қолданыла береді. Мысалы, К.Əмірбековтың К.Ахметоваға арнаған эпиграммасы ауыз əдебиетіндегі бесік жырын еске түсіреді.

Жанрдың аса ықшам, қысқа болуы эпиграммадағы жеке сөз, жеке көркемдік детальге үлкен мазмұн, зор эмоционалдық салмақ беруді, аз сөзбен бай пікір, мол мағына айтуды талап етеді. Соны дəл жеткізе алатын, тиімді де орынды тіл құралдарын таба қою үшін мол тəжірибе, үлкен шеберлік қажет. Бұл орайда Ж.Əбдірашевтің бірсыпыра ізденістері бар. Мысалы, «Нысаналин Аян — аты жұртқа аян», «Əкім де (Əшімов) бір кездері əкім болған», «Медеу аға (Сəрсекеев) Қанышты медеу көріп келеді», «Қайраттың (Жұмағалиев) қалам сілтесі — ойыны сынды «Қайраттың», «Момышұлы атанғанның емес бəрі тегіс ұлы», «Қайдасың сен Надежда (Лушникова), Қасиет қой ғажайып, болашаққа надежда, бара жатыр азайып», «Көп зерттеп Шығысты, ақындармен шығысты», «Төлеу (Шаханов) керек болады, ақы-пұлын қолма-қол төлеу керек болады» деген ұйқастар табылған каламбур. Ал Қалижан «От шашады мұртынан», Хамит — құрыққа алдырмаған Ақжал асау, Жұбанмен əзілдесу «мұртымен арыстанның ойнағандай» дегендері — бейнелі сөздер, сəтті де əсерлі теңеулер.

Ақын кейде шығармалардың атын, авторларының фамилиясын ұйқастырады. Мысалы, Тілегенов — дүреленіп — міне келіп, Бас əріпті — аса мықты — Асановты, Төлепберген — бөлек төрден — елеп көрген, дауы түк те — жауы тіп те — Дəуітовке, Сырағаң — бір адам — сырадан, Төлеген — көреген — елеген, шағын етіп — Нығыметов, алған үйіп — Серғалиев деген сияқты.

Ж.Əбдірашев көбіне жеке ақын, жазушыларға қайырымды қабақ танытып, қош көңіл білдіріп отырады. Сондықтан оның үнінің ауаны негізінен əшкерелеу емес, əзілге сүйеп наз айту, қалжыңға қарай қисайтып, «қытықтау», достық рəуіште іш тарту болып келеді.

Эпиграмманың өзегі — сөзді ойната білу, тапқырлық, қысқа да болса нұсқалық болса, осы шарттар толығымен Жарасқан поэзиясында сəтімен үйлескен. Əр қаламгердің мінезін, қасиетін дөп басып, дəл тану эпиграмма жазушыдан үлкен шеберлікті қажет етеді. «Бірде тауып, бірде қауып» айту да абырой əпермейді. Сондықтан үнемі шеберлік шеңберінен шықпай нысанға алынған кейіпкерді жете тану үшін де қырағылық пен сезімталдық қажет.

Жарасқан Əбдірашевтың эпиграммаларының «теп-тегіс, жұмыр» болып келуі ақынның тіл ме ойға жүйріктігін дəлелдей түсетін мысал. Эпиграммалардағы мінездеулер де көркем əдебиет талабына сай эстетикалық-этикалық қарым-қатынастарды естен шығармайды. Сондай-ақ əр қаламгердің өзгеден бөлекше мінезі, іс-əрекеті туралы айтыла отырып, кейбірінің айрықша қастерлер, кейбірінің өзгеге ұнай қоймас əрекеттері де көркем тіркестермен көрініс табады. Мысалы, Ə.Əбішевті

Жай уақытта — жайдары,

Жиналыста — ашулы,

Серттен тайса, хас мықты

Семсер сөзбен тіледі.

Күні жеткен «бастықты»

Күні бұрын біледі [4; 134], — деп сипаттаса, Ə.Сəрсенбаевқа

Айналасы тұрған соң сыйға тұнып,

Атақ үшін жатпайды ми қатырып.

Шамырқанған шабыттың қызуынан

Шаштың өзі қалғандай ширатылып [4; 135], —

деген жолдарды арнайды. Бұл тұста Жарасқан тапқырлығы кейіпкерінің сырт бейнесіндегі ерекшелікті мінезіндегі ерекшелікпен байланыстырып бере білуінде. Белгілі ақын Қ.Бекқожин туралы:

Асыл болса — сыртынан мақтасады

Қалекең Ашуланса — мұртынан от шашады

Қалекең! Ұнадың ба — соңыра ұмытпайды Қалекең!

Сынадың ба — оны да ұмытпайды Қалекең! [4; 135], —

деп кезекті қайталау үлгісі арқылы кейіпкерінің мінезін танытады. Ақынның үлкендерге қарата жазылған эпиграммаларына кішілік ізет тəн болса, құрдастарына келгенде əзілдің уыттысы мен өткірін қару қылып жұмсайды, міні болса, оны да айналып өтпейді. Темірхан Медетбековке арналған эпиграммасында оның ақындық қасиеті тайға таңба басқандай анық, дəл сипатталған:

Зымыран деген бір құс бар

Жұмыртқасы темірден».

Темірхан деген «білгіш» бар,

Темірден өлең «кемірген».

Табатын тосын түрді не,

Уақыттан, рас, ұста жоқ.

Қаламы — құрыш сүргі де,

Ал, өзі — бейне станок.

Жатқанмен өнім алынып,

Аңдаған көзге қырағы:

Тұрады көзге шалынып,

Жонылмай кеткен «брагы» [4; 216].

Нысанаға ілініп отырған ақынның шығармашылық бітімін берудегі тапқырлыққа талас жоқ. Шындығында, поэзиямызға жаңа түр əкелу жолындағы үлкен ізденісте жүрген Темірхан ақынның бұл саладағы алғашқы барлаулары түгелдей жетістікке толы деп айта алмаймыз. Соңғы жылдары «көктүріктер сарыны» түрінде жазылып жүрген өлеңдері ақынның бұл түрді тереңдей меңгергенінің, стилінің қалыптасып, шынайы шеберлікке жеткендігінің куəсі болғандығын байқаймыз.

Жарасқанның эпиграммаларынан көркемдік құралдардың сан алуанын көреміз. Мысалы, қайталаудың əдемі поэтикалық өрнегін көптеп кездестіреміз. Мұнда қайталау адамның мінез болмы- сын жеткізуде ерекше орынға ие. Фольклордағы дəстүрлі қайталаулар эпиграммаларда сəтті көрініс тапқан. Бұл мақсатты қолданыстан көркемдік мазмұн тереңдеген. М.Қаратаевқа арналған эпиграммадағы:

Қ.Бекхожинге арналған:

- А.С.Пушкин бола алмасаң — саған серт,

Белинский бола алмасам — маған серт!

- М.Əуезов бола алмасаң — саған серт,

Қаратаев бола алмасам — маған серт! [4; 136]

 Асыл болса — сыртынан мақтасады Қалекең!

Ашуланса — мұртынан от шашады Қалекең! [4; 136], —

деген жолдардағы қайталаулар арналған адамның бейнесін танытуда маңызды орынға ие болып тұр. Ғ.Қайырбековке арналған эпиграммада ақын есімінің «Ғафекең» түрінде қайталанып келуі əдемі əзіл мен тұспалды аңғартады:

Теледидарды ашып қалсаң — Ғафекең,

Радионы басып қалсаң — Ғафекең,

Журналдарды парақтасаң — Ғафекең,

Газеттерді қарап қалсаң — Ғафекең,

Дунай бойлап араласаң — Ғафекең,

Думан-тойға бара қалсаң — Ғафекең!

«Мына біреу оңашалау кафе екен»

деп кіріп ем… мұнда да отыр Ғафекең! [4; 152].

Кейіпкер есімін қайталау Ш.Мұртазаға арналған эпиграммасынан да орын алған:

Кей уақытта Шерағаң —

Аш бурадай жараған...

Кей уақытта Шерағаң —

Өңін бермес өр адам...

Кей уақытта Шерағаң —

Қаһарлы қыс бораған.

Кей уақытта Шерағаң —

Жайма-шуақ сері адам... [4; 153].

Қайталау мұнда мінез құбылыстарын əсерлей жеткізу үшін маңызды болып келеді. Эпиграмманың жанрлық ерекшелігі — тапқырлық, сөзді ойнату болса, Ж.Əбдірашев сөз ойнатудың негізгі тəсілін қайталау түрлері арқылы жүзеге асыра білген. Ақынның эпиграммалардағы қайталаулары айшықтаудың бұл түрінің көркемдік жүйедегі зор мүмкіндігін көрсетеді.

Ж.Əбдірашев тілінің шешендігі, нəзік иірімдері мен суреттілігі дыбыстық қайталау, сөз қайталау тəсіліне барынша жақын, үндес келіп жатқандығына басқа да көптеген мысалдар келтіруге болады. Лирикалық қаһарманның мінезі мен болмысы, сезім күйлерін бейнелеп жеткізуде айшықтаудың бұл түрі (қайталау, оның ішінде дыбыстық қайталау) біз талдау нысанына алып отырған ақын шығармашылығының кеңірек қарастырар бір өзегі. Қайталаулармен бірге егіздеу үлгілері де Жарасқан өлеңдерінен көптеп ұшырасады. Синтаксистік параллелизм «ақынның тілі мен стиліне айтарлықтай ажар береді, өрнек төгеді, нəтижесінде өлеңге кəдімгідей кенеулі күй, сүйкімді əуез бітіреді» [5], — деп, академик З.Қабдолов айтқандай, Ж.Əбдірашевтің өлеңдерінен маңызды орын алып, əдемі өрнектерімен көрінген.

Ж.Əбдірашевтің теңеулерді қолданудағы ерекшелігін эпиграммаларынан көруге болады. Тахауи Ахтановқа арналған эпиграммасында кездесетін 

Ақтөбе қысы сияқты

Алады борандатып бір...

Жасындай соғар сөздері,

Жан дейсің неткен діні тік [4; 138], —

түріндегі теңеулер кейіпкер мінезін танытуға қызмет етіп тұр. Сондай-ақ Жұбан Молдағалиевті сипаттағанда ақын

Болатын Жұбағаңмен əзілдесу —

Мұртымен арыстанның ойнағандай [4; 137], —

дейді. Ал, партизан Қасым Қайсеновтің болмысын танытуда төмендегідей теңеу қолданылған:

Аш бурадай жараған

Қайыспас қара нар адам [4; 148].

Бұл — ауыз əдебиеті үлгілерінде көп кездесетін дəстүрлі теңеу түрі. Ақын нысанға алған кейіпкерінің мінез-бітімін ашу үшін теңеудің бұл түрін мақсатты түрде пайдаланған. Осы теңеу Шер- хан Мұртазаға жазылған эпиграммасында пайдаланылған:

Кей уақытта Шерағаң —

Аш бурадай жараған... [4; 153].

Осындай дəстүрлі теңеу Қалтай Мұхаметжановқа арналған эпиграммадан кездеседі:

Қазақтың Қалтай Мұхамеджановы —

(Қалтай Мұхамед сияқты анығы)

Қарағайға қарсы біткен бұтақтай! [4; 150].

«Қарағайға қарсы біткен бұтақ» — ауыз əдебиетінде көп ұшырасатын бейнелі тіркес. Ақын осы тіркесті теңеуге айналдыру арқылы əзіл арнаған кейіпкерінің өзіндік болмысын айғақтайды. Сондай- ақ дəстүрлі тіркеске жалғаса ақын тілінің өрнегіне ғана тəн тың теңеулер де қолданылып, қаламдас ағаның мінезін терең таныта түсу мақсатында жұмсалған:

Көп оқыған кітаптай,

Мұқабасы мыж-мыж болғанымен

Мазмұнын құдай қойған жұтатпай [4; 150].

Бұл келтірілген үш жол тұтастай теңеуге мысал. Кəдімгі сөйлемге айналдырсақ, «мұқабасы мыж-мыж болғанымен мазмұны жұтамаған кітаптай» болып шығады. Яғни өлең жолдарын толығымен ақын стиліне тəн ұлғайған теңеу деген пікірдеміз.

Ұлттық поэзиямыздағы ішкі жанрлық түрлерді дамытуда, соның ішінде эпиграмма жанрының нағыз поэтикалық биіктен көрінуінде Ж.Əбдірашевтің сіңірген еңбегі зор. Жанрдың заңдылықтарын толық сақтай отырып, оны ұлттық ерекшелікке сай туындатуда, зор мүмкіндігін анықтауда ақын əкелген жаңалық мол. Эпиграмма жанрының дамуында өзіндік орны бар Ж.Əбдірашевтің шығармаларынан тың стильдік ізденісті, айқын ұлттық бояуды көруге болады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қожакеев Т. Сатира негіздері. — Алматы: Санат, 1996. — 132-б.
  2. Мұхамеджанов Қ. Таңдамалы шығармалар: 3 томдық. — 2-т. — Алматы: Атамұра,1998. — 33-б.
  3. Ысқақұлы Д. Сын өнері. — Алматы: ҚАЗақпарат, 2001. — 271-б.
  4. Əбдіраштың Жарасқаны. Құлпытас, немесе екі дүние: фəниден бақиға дейін. — Алматы: Атамұра, — 359 б.
  5. Қабдолов З. Сөз өнері. — Алматы: Жалын, 1992. — 142-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.