Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

2000 жылдардағы қазақ əдеби сынындағы полемикалық мақалалар

Қоғамдық өмірдегі тəуелсіздік рухындағы күрделі өзгерістер тоталитарлық жүйе қалыптастырған қасаң ұғымдарға деген жаңаша танымдағы əдеби-эстетикалық көзқарастарды алға тартты. Əдеби даму үрдісінің көркемдік-эстетикалық сипаты, жанрлық түрленулердегі жаңашыл қадамдар, тарихи шындық пен көркемдік шындық ара қатынасы жəне қаламгердің азаматтық ұстанымдары сынды өзекті тақырыптар қазақ əдеби сынының соны сипаттағы бағытын көрсетті. Кеңестік идеологияның санаға күштеп сіңірген догмаларынан арылу жолында эстетикалық талғам мен көркемдік əлемімізді тазарту мейлінше қажет етеді. Бұл ретте екі мыңыншы жылдардың басындағы қазақ əдеби сынының жанрлық табиғатындағы күрделі өзгерістер полемикалық мақалалардан айқын танылды.

Əдеби сынның дамуына қажетті полемикалық мақалалар мақсаты əдеби жəне рухани өмірде қордаланған түйткілдерді байыпты жəне парасат пайымында зерделеуден туындайды. Сын этикасы, сыншы эстетикасы полемикалық мақалалардың басты принципі болуы тиіс. Ал осы «ғылыми қағидалар, яғни əдеби сынның ажырағысыз ғылыми жəне əдіснамалық табиғаты екі мыңыншы жылдар басындағы қазақ əдеби сынында қандай сипатта болды?» деген заңды сұрақ туындайды. Оған төмендегі полемикалық мақалаларды қарастыру барысында жауап табуға тырысамыз.

«Қазақ əдебиеті» газетінде екі мыңыншы жылдар басында ұлттық руханияттың түрлі мəселелерін полемикалық сипатта қарастырған Ə.Меңдекенің «Əдебиет! Əдебиет? Əдебиет...» (2000.№ 21.), Ə.Бөпежанова мен Ə.Қодардың «Өнер — өмір, өнер — көркем текст, немесе таным тайталастары» (14.07.2000), А.Əлімнің «Модернизм...Постмодернизм...Одан кейін қандай... Изм?!» (21.7.2000), «Жетеудің» «Мен» мен «Ол»-дың арасы» (29.03.2002), М.Мағауиннің «Мен»-нен «Ол»-ға дұғай сəлем» (05.04.2002), М.Шашкина мен Ө.Əбдіраманның «Қаламгер тағдыры — атақ шығаратын алаң емес» (1.03.2002), Х.Əдібаевтың «Жазушы З.Шашкинді өлтірген кім?» (22.02.2002), «Отырар ойраны» шайпауға көнетін шығарма емес» (1.02.2002), С.Дауымовтың «Некрасовшыл сыншының аузын білеміз… Ал, беті қандай?» (21.11.2003), М.Есмағамбетовтің «Əдебиетті Алдамжаровша ревизиялау» (28.11.2003), М.Шахановтың «Құлдық сана формуласы, немесе Шыңғыс ханды пір тұтушылар əлегі» (05.01.2002), «Шыңғыс хан төңірегіндегі пенделіктер» (01.02.2002) деген мақалалар жарық көрді. Оларға көркемдік даму үрдісі, шығармашылық ізденістегі жаңашыл қадамдар, тарихи шындық пен көркемдік шындық ара қатынасы, қаламгердің азаматтық ұстанымдары, айтулы сөз зергерлері өмірінің беймəлім қырлары, шығармашылық зертханасы сынды өзекті тақырыптар арқау болды. Аталған өзекті мəселелер əдебиет мүддесіне деген адалдықтан туындап жатқынымен, кейбір үстірт те біржақты көзқарастар орын алғанын байқаймыз.

«Қазақ əдебиеті» (2000. № 17) газетінде жарияланған 1999 жылдың əдеби қорытындысында жазушы Ж.Шаштайұлы проза жайлы сөйлеген сөзінде қаламгер Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романының соңғы уақыттарда жазылған назар аударарлық үлкен еңбек екенін айта отырып, романда жиналған материалдың тым көп, тіпті шығарманы кернеп тұрғанын, барлығын қамту үшін автор хабарламалық жасандылыққа ұрынатындығына көңіл аударады. М.Əуезовтің «Абай жолы» роман- эпопеясымен салыстыра келе, Р.Тоқтаров шығармасының кейбір тұстарының поэтикасы осал деген полемикалық пікір айтады. Бұған қатысты жазушы Р.Тоқтаров сыншыға бірден жауап қайтарып, «Маған келген «сыншының» бəрі осылай, біржақты сөйлейтіні бар. Жұмабай, жалпы, жаман жігіт емес. Жақсы жазушы. Бірақ маған ақыл үйретудің керегі жоқ. Мен қалай жазуды білем. Ақыл айтатын жастан кеткем» [1] деп сыншы пікірін терістейді.

«Қазақ əдебиеті» (2000. № 21) газетінде «Əдебиет! Əдебиет? Əдебиет...» атты мақалада Ə.Меңдеке қазақ əдебиетінде соңғы жылдары жазылған романдарға талдау жасаған болатын. Мақалада автор Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романын саралай отырып сынаған еді. Газеттің келесі нөміріне тағы да Р.Тоқтаровтың қарсы «Мен ешкіммен конгениалды емеспін» мақаласы жарық көрді. Сыншы Ə.Меңдеке мақаласындағы М.Əуезов пен Абай өзара конгениалды тұлғалар, рухани жақын, ал Р.Тоқтаров пен Абай конгениалды емес деген пікірін құптау қиын. Сондықтан Р.Тоқтаровтың «Əмірханның ойынша, ұлы адам туралы тек қана ұлы адам, яғни конгениалды ерекше тұлға ғана жазуы керек екен. Басқа, орта жаралған дарын иесі жазса, ол батпаққа белшесінен батады» [2], — деп жазуы орынды болатын.

Конгениалды — терминдік ұғым. Мағынасы да аса ауқымды əрі терең. Осы ретте Р.Тоқтаровтың ғана емес, сыншылардың «конгениалды» сөзінің мəн-мағынасын тұлғаны тұлғаға қарсы қоя отырып ұғындырудағы қадамдары сəтті деп ата алмаймыз. Осы бір келеңсіз дау-дамайдың барлығы дерлік қаламгер Рамазан Тоқтаровтың сырқат меңдеген, өмірінің ең ақтық, қалжыраған шақтарында жазылғаны, сыншылардың «Абайдың жұмбағы» романына қатысты ауыр сындар айтып, жазғандарының ішінен артық-кем кеткендерін іздестіріп, шу шығарып жатқаны көңілсіз ойларға жетелейді.

Əдеби сынның негізгі мақсаты көркем шығармалардағы кемшіліктерді объективті де принципті түрде ашып көрсете көзін жеткізу болса, оған ешкімнің жөнсіз таласпасы анық. Сондай-ақ полемикалық мақалалардың негізгі эстетикалық ұстанымы — қарсыластың жеке басына деген этикалық құрмет болса керек. Ал енді сынды жазушының сан жылғы тынымсыз еңбегінің жемісі көркем туындыларын емес, оның жеке басын орынсыз сынауға, мұқату мен кекетуге пайдаланса, бұл — əдеби айтыстың парасат пайымындағы кісілік ережелерінен, жалпы əдебиеттанудың басты қағидаларынан хабары жоқтықтың көрінісі.

«Қазақ əдебиеті» (14.07.2000) газетінің жиырма сегізінші нөмірінде сыншы Ə.Бөпежанова мен мəдениеттанушы Ə.Қодардың «Өнер — өмір, өнер — көркем текст немесе таным тайталастары» деген сұхбаты басылды. Əдебиет пен өнер мəселелерін ашық сын талқысына салған олар əдебиеттің өте маңызды проблемаларын сөз етумен қатар Ə.Меңдекенің жазушы Д.Амантай шығармашылығын орынсыз сынағандығын айта кетеді. Сұхбаттасушылар «гипертекст», «интертекст», «көркем авангард» деген сияқты көптеген терминдерді қолдана отырып, біздің сыншыларымыздың осалдықтарын көрсетуге тырысады. Сұхбаттың сыншылар арасында наразылық тудырғаны сонша, газеттің келесі нөміріне А.Əлім мен Ə.Меңдеке жарыса жазысты.

А.Əлім («ҚƏ». 21.07.2000) «Модернизм...Постмодернизм...Одан кейін қандай... Изм?!» мақаласында сұхбаттың, біріншіден, басқа тілден аударылғандай əсер қалдыратынын, екі əдебиетшінің басты кемшіліктері олардың көтерген мəселелеріне өздерінің қансіңді ойлау жүйесімен емес, бойсіңді болған сырттан телінген пікір-пайымдарымен келеді дегенді айтты. Сондай-ақ сыншы сұхбаттың əңгімеге мүлде ұқсамайтынын, оның тек үздіксіз монолог тəрізді екенін баса көрсетті. Ə.Қодар мен Ə.Бөпежанова расында да бірін-бірі тыңдап отырмағандай, əркім өз ойын үзілген жерінен жалғастыра беруі «постмодернизм» жайлы ой қозғаудың екі мыңыншы жылдары ертелеу болғандығын да атап көрсетті. «Қазақ əдебиеті» (29.03.2002) газетінде «Мен» мен «Ол»-дың арасы» деген тақырыппен «Жетеудің» — А.Əшімовтің, К.Ахметбекұлының, Қ.Салғараұлының, К.Сегізбаевтың, Қ.Құрманғалидың, С.Əбдірайымұлының, Ж.Əбдіхалықтың «Жұлдыз» журналының бас редакторы Мұхтар Мағауинге ашық хаты жарияланды. Мұнда «Жетеу» «Жұлдыз» журналының соңғы жылдары басқаша сипат ала бастауына, дəлірек айтсақ, «жеке бастың пендешіл пиғыл-ниетін жүзеге асыратын трибунаға айналып бара жатқанына», əсіресе қазақ зиялыларының арасына іріткі салатын, сөйтіп коғамдық-ұлттық пəтуа-бірлікке зиян келтіру қаупін тудырып отырған жəне мұндай жағымсыз үрдіске Сіздің тікелей мұрындық болып отырғаныңызға үлкен өкінішпен алаңдаушылық білдіреміз» — делініп, осы журнал беттерінде Əз-Тəуке хан, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Ж.Молдағалиев, Ə.Нұрпейісов, Т.Ахтанов, Қ.Жұмалиев, Ш.Мұртаза, М.Базарбаев, С.Мұратбеков, Н.Жанділдин, С.Имашев, Қ.Закирьянов, А.Сейдімбек хакында жағымсыз пікірлердің айтылып жатқанына наразылық білдіреді. Ашық хат «Қысқасы, Мұхтар Мағауин мырза, ұдайы «Мен!», «Мен!» деп кеуде қаға бергеннен гөрі бір мезгіл «Ол!», «Ол!» деп, тым болмаса, «Біз!» деп, өлі-тірімен де санасып отыру əрі əділдік, əрі имандылықтың жөні, əрі былайғы жұртқа үлгі-өнеге болады демекпіз» («ҚƏ». 29.03.2002), — деген жолдармен аяқталған.

М.Мағауин жауабын кешіктірген жоқ. Осы газеттің келесі санында «Мен»-нен «Ол»-ға дұғай сəлем» (ҚƏ. 05.04.2002) деген «Мұхтар Мағауиннің жетеуге жауап хаты» жарық көрді. М.Мағауин өзіне айтылған сындармен келісе қоймайды. Ол «Өтірік пе, Сейфуллиннің кызыл белсенді болғаны? Жанділдиннің қазақ рухын қудалағаны? Мұқановтың Алаш қайраткерлерін айыптағаны?.. Əр жерден үзіп алған, зорлықпен тіркелген жарым сөзбен ақты қараға айналдыра беріпсіз. Əз-Тəуке… Менің белгілі кітабымда тұтас бір тарау арналған, ірілігін айта отырып, хандық билікте жіберген ғапыл істерін де жасырмадық сонда. Сіздіңше, «Колбиннің көреген саясаты» деп, сыпырта беру керек пе еді? Сіз Əз-Тəуке ханмен қатар қойып отырған Əбдіжəміл Нұрпейісов… Мен үшін ортадан төмен ғана жазушы. Басқаны былай қойғанда, қарапайым оқырман, қатардағы қазақ ретінде өз пікірімізді айтуға болмай ма?.. Баяғы бала кезімізде Мені ұлтшыл деп, айыптаушы еді. Сіз жікшіл деп, қорқытқыңыз келеді… Мені тайғақ кешулі қанды-терлі большевизм жолына түсіре алмайсыз» — деп, өз көзқарастарын тағы да нығырлай түсіп, алған бағытынан кайтпайтындығын ашық айтқан.

«Жетеудің» жасы үлкені, əрі тізімде бірінші тұрған А.Əшімовке бағышталып жазылған жауап хатта Асанəліні «бауырым», «қазақтағы бір тұлғасыз», кейін «жақсылап тұрып бір шай ішейікші» дей отырып, оның өзін де желтоқсан оқиғалары, демократиялық таңдау қозғалыстары кездерінде тайғақтық көрсеттіңіз деп, қағыта кеткен.

Аталған жылдардың əдеби сынында зиялы қауымды елең еткізген тағы бір оқиға болды. Жазушы Х.Əдібаев «Қазақ əдебиеті» газетінде жарты құлаш мақала жарияласа да, суреткер З.Шашкиннің алдында кешірім сұрай алмады. Газеттің жетінші нөмірінде жарияланған Д.Досжан мен М.Шахановтың сұхбатында екі қаламгер əдебиет жайлы əңгімелесу барысында З.Шашкиннің «Теміртау» романының алпысыншы жылдардың ортасында сын сойылына ұшырағандығына тоқталады. «60-жылдардың ортасында Зейін Шашкиннің «Теміртау» романы жарық көрді. Сол жылдары марқұм өндіре жазып, қалың жұрттың ерекше құрметіне бөленіп жүрді. Міне, осы тұста Х.Əдібаев «Теміртау» романының оқиғасы В.Овчинников романынан ұрланған деген мақала жариялады», — деген М.Шахановтың пікірін Д.Досжан: «Жазушылар одағының бір жиналысында өзін орнықты дəлелдермен қорғап, көзіне жас алып сөйлеген Зейін ағаға бəріміз аяй қарағанбыз. Көп ұзамай марқұм боп кетті», — деп жалғастырады.

Газеттің сегізінші нөмірінде жарияланған «З.Шашкинді кім өлтірді?» («ҚƏ». 22.02.2002) атты мақаласында Х.Əдібаев көп жылдар бұрын З.Шашкинге таққан айыбы үшін кешірім сұраудың орнына белгілі жазушының шығармасын одан бетер сынап, өзін ақтап алуға тырысады. «Əдебиетші ретінде бір «ауруым» — кітап оқу. Орыс тілінде шыққан, əлем əдебиетінде мен оқымаған шығармалар кемде-кем шығар. Көп жағдайда ағайындар болмашы дүниелікті мақтап, мадақтап жатқандары маған надандықтай көріне береді. Сондықтан да шығар, көпшіліктің байқамаған

«жиендігі» көз алдымнан өтіп жатады», — деп жауап береді [3]. Онымен қоймай автор кезінде жазған сын-мақаласының өте дəлелді екендігін баса айтады. Сондай-ақ автор мақалада З.Шашкиннің сын мақала жазылғаннан кейін үш жылдан кейін қайтыс болғандығын, оның сырқаты ауыр болғандығын ескертуі түсініксіз əсер қалдырады.

З.Шашкиннің жары М.Шашкина мен Ө.Əбдіраман «Қазақ əдебиетінің» тоғызыншы нөміріне «Қаламгер тағдыры — атақ шығаратын алаң емес» деген қатулы мақала жазады. Олар Х.Əдібаевтың жазушыға таққан айыбы орынсыз екенін айта отырып, Х.Əдібаевтың З.Шашкинді өлтірген мен емес деп өз көлеңкесінен өзі шошынып, тарпаң мінез танытқанына таңқалғандықтарын білдірді. Айта кететін жайт: М.Шаханов пен Д.Досжанның сұхбатында З.Шашкинді Х.Əдібаев «өлтірді» деген пікір айтылмаған. Сондай-ақ сұхбатта кездесетін қателік Х.Əдібаев 1965 жылы жазған мақаласында «Теміртау» романының оқиғасы В.Овчинников емес В.Кочетовтан көшіріп алынған деген болатын.

Осы жылдардың əдеби сынында Бегділда Алдамжаров ерекше еңбек етті. Оның қаламынан туған əрбір мақала əдебиет жанашырлары арасында кызу пікірталастар туғызып жатты. «Соңғы парыз» — қай парыз?» («Жұлдыз». 2001. № 4), «Күлдібадам күлше» («Жұлдыз». 2002. № 11), «Евгений Онегинді» Гоголь неге жазбаған?» («Жұлдыз». 2003. № 9), «Өмірге өрелі өлең келетін кез» («Жұлдыз». 2003. № 10), «Жампоз жанр көтерер жүк» («Жұлдыз». 2004. № 1), «Өткінші өлең өрісі: магнит өрісіндегі сол қол заңы» («Жұлдыз». 2004. № 8), т.б. мақалаларын жазып, жалпы қазақ əдебиетіне деген өзінің өзгеше пікірін танытты.

Жалпы, Б.Алдамжаровтың сын мақалаларына тəн басты ерекшелік: катты айтушылық, кейде туралығын батыл айтамын деп, артық кетіп қалушылық. Осындай себептерден автор макалаларының артында дау-дамайлар туындап жатты. Даулылық — оның барлық мақалаларына тəн қасиет десе де болғандай. Мысалы, сыншының бүгінгі қазақ поэзиясы хақындағы «Өмірге өрелі өлең келетін кезінде» сыналмаған ақын, қазіргі қазақ хикаялары жайындағы «Жампоз жанр көтерер жүк» сын зерттеуінде сынға ұшырамаған прозашы жоқтың қасы. Осыны ескергендіктен де болу керек, мақалалардың соңында «пікір алмасу ретінде беріліп отыр», «даулы, таласты пікір болуы мүмкін. Біраз (көпшілік, бірталай) мəселенің жаңсақ айтылуы да ықтимал» дегенді де ескерте кетіпті.

Сынағанын сындырмай қоймайтын Б.Алдамжаров атақты ақын Мұхтар Шахановтың шығармашылығын сын сойылымен түйреп, əдебиетпен қаруланбаған қарапайым оқырман назар аудармайтын кемшіліктерін ашуға біраз күш жұмсады. «М.Шахановтың «варианты», немесе механиканың алтын заңы қалайша қара бақырға айналды» («Жұлдыз». 2003. № 2), «Құзға құлар қос мұңлық, немесе Ш.Айтматов не деп аңырайды, М.Шаханов не деп шарылдайды» («Жұлдыз». 2005. № 6), т.б. мақалаларын жазып, ақынның бүкіл шығармашылығынан іске аларлық ештеңе таппады, онымен қоймай, оның жеке басына тиісті. Ол атақты ақын М.Шахановты ғана қоймай, онымен біраз жыл шығармашылық байланыста болған жазушы Ш.Айтматовты бет жүзіне қарамастан, сойып салды.

Б.Алдамжаровтың сынындағы осындай өрескелдіктерді сынаған С.Дауымовтың «Некрасовшыл сыншының аузын білеміз… Ал, беті қандай?» ҚƏ. 21.11.2003), М.Есмағамбетовтің «Əдебиетті Алдамжаровша ревизиялау» (ҚƏ. 28.11.2003) мақалалары жарық көрді. М.Есмағамбетов мақаласында Б.Алдамжаровтың көзі тірі қаламгерлерді қойып, өмірден əлдеқашан өтіп кеткен Алаш арыстары мен ендігі əдебиеттің классиктері деуге ыңғайланып жүрген алыптарымызды күстаналауына қатты реніш білдіреді.

Шындығына келсек, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаевтар орыс жазушылары А.Пушкин, Л.Толстой, А.Чеховтың дəрежесіне жете алмады деп, оларды «алыптар» деп атау əлі ерте, олардың шығармаларын терең зерттеп барып бағалау керек деген ойларды ойланбай айтқан Б.Алдамжаровтың пікірімен келісе алмаймыз. Оқырман қауымның зиялы орта өкілдерінен, сыншылардан, ірі қаламгерлерден не айтады екен деп маңызды мəселелердің саралануын, құнды пікірталастардың туындауын күтетіні белгілі. Б.Алдамжаров секілді əдебиеттің қабырғалы қаламгерлерінің шығармашылығынан кемшілік көре білу де, сынның көрігін қыздыра түсу де əдебиетке керек-ақ. Алайда сол кемшіліктерді тігісін жатқызып, келістіріп айта білу — нағыз ерлік. Осы тұрғыдан келгенде, біз əдейі тоқталып отырған Б.Алдамжаровтың мақалаларында айтысу мəдениеті жетісіңкіремей, оңды-солды сілтенген сөз сойылдан əдебиетке де, оның жанашырларына да пайдадан гөрі зиян көбірек келіп жатқаны байқалады.

М.Мағауиннің «Ешкі жетектеген екеу, немесе Зор мен Шоң ақыл айтады» («Жұлдыз». 2003. № 1), «А.А.» ашуланып жатыр» («Жұлдыз». 2005. № 5) мақалаларында да қазақ ақыны М.Шаханов пен қырғыз жазушысы Ш.Айтматов бірге сыналып, сын қыза түсті. Мұның аяғы екі Мұхтардың Шыңғыс хан туралы ымырасыз айтысына жалғасты.

Еліміз егемендікке қол жеткізгеннен кейін кеңестік кезеңде қалыптасқан рухани қазынамызды қайта қарастыру басталды. Ұлттық мүдде тұрғысынан жүргізілген зерттеулердің барысында бір кездерде əлемді тітіркенткен Шыңғысханның тұлғасы хақында да өзгеше пікірлер айтыла бастады. Бұрындары ол еуроцентристік көзқарас түрғысынан қанішер, басқыншы аталып келсе, енді басқаша көзқарастар бой көрсете бастады. Шыңғысханның қазаққа қатысы, дала тарихындағы орны туралы айтыс қыза түсті. Мысалы, Ə.Балқыбек «Шыңғысхан жайлы шындық неге біржақты бейнеленуге тиіс» («ҚƏ». 25.05.2001), «Шыңғыс хан — далалық тұлға» («ҚƏ». 30.11.2001), Т.Ахметжан «Рухсыздық апатынан сақтандыру» («ҚƏ». 15.06.2001), Х.Əдібаев «Қара күйе жақпайық, Отырарды сақтайық» («ҚƏ». 14.12.2001) сияқты мақалалар пікірталасты қыздыра түсті.

Пікірталас барысында қаламгерлер екіге жарылды. Бір топ Шыңғысханды бұрынғыша «қанішер», қазаққа қатысы жоқ десе, екінші бір топ ол «ұлы» қайраткер, керек десеңіз, ол — қазақ деп, оның руына дейін таласып жатты. Өкінішке орай, осы бір дабырлы дау-дамайдың барысында екі Мұхтар — Шаханов пен Мағауин қарама-қарсы жақта калды. Осы бір даулы мəселеге орай М.Шаханов «Құлдық сана формуласы, немесе Шыңғыс ханды пір тұтушылар əлегі» («ҚƏ». 05.01.2002), «Шыңғыс хан төңірегіндегі пенделіктер» («ҚƏ». 01.02.2002), т.б. мақалаларын жазып, Шыңғысханды даланың қатыгез, қанішер ханы десе, М.Мағауин «О дүниеден жеткен дабыл» («Жұлдыз». 2005. № 7), «Отырарды «ҚТ»-дан қорғайық» («ҚƏ». 01.07.2005), «Ешқашан бітіспейміз» («Жұлдыз». 2005. № 12), т.б. деп, аттасының пікірлерін теріске шығарып, оны Шығыстың ұлы қайраткері деп бағалады. Қалай дегенмен де Шыңғыс хан сынды ұлы тұлғаларды бағалауға ұлы дала тарихының ақиқатымен келіп, даңқты бабамыздың тарихи қызметін қазақ мүддесімен бағалаудағы М.Мағауин пікірін қостаймыз. Жазушының «Шыңғыс хан» туындысындағы тың тарихи деректер де соған иландырады.

Қаламгер М.Мағауиннің əдеби əлемді ойға тартқан тағы бір айтысы екі мыңыншы жылдардың бас кезінде жарық көрген Қадыр Мырзалиевтің «Жазмыш» (Алматы, 2001), «Иірім» (Алматы, 2004) кітаптары төңірегінде ширықты. Алдымен «Жас алаш» газетінде жариялана бастаған естеліктердегі қазақтың көрнекті қалам кайраткерлері, өнер иелері жайлы боямасыз, ащылау жазылған жағдайларды түсінгендер де, қабылдамағандар да болды. М.Мағауин ең алдымен «Өтірік қостым ішіне…», яғни Қадыр Мырза Əли кейіптеген Ілияс Есенберлин» («Жұлдыз». 2004. № 6) деген атпен көлемді мақала жазды.

Мұхтар Мағауиннің мақаласы хат түрінде жазылып, «Құрметті Қадыр!» деп басталған. Автор «Жазмышты» «мұнда ешқандай жазмыш жоқ, арғы-бергі, əрқилы халық ортасынан шыққан жазармандар туралы деректі-дерексіз, өтірік-шынды, дүмбілез-күмəнді, өсек-аяңды, кайткенде де өзі де қалам ұстаған азаматтың тергіштеп жинақтауы колайсыз, əнтек, шетін жағдайлар жиынтығы ғана… Жалғыз-ақ қорытынды — бұрын-соңғы ақын, жазушы атаулы түгел азған, тозған жұрт екен-ау деген түңіліс емес, жиреніш қана» — деп, бағалаған. Əсіресе «қазақ халқының ұлттық рухының бірден-бір айқын көрінісі, əлемдік деңгейдегі əулие Абай есіміне көлеңке түсірмек былғаныш əрекетіңді қалай бағалау керек?.. Өнері ғана емес, өмірі де мəңгілік үлгі, адамдық пен адалдықтан ғана жаралған, мінезі кесек, болмысы мінсіз ұлы Абайға соншама күйе жағып отырып, артың қуыс, «Жазмыш» деген дерексіз, жалғыз сөзбен құтылып кеткің келеді» — деп, Қадырдың Абай туралы «арағыңды да ішкен», «наша тартса, қайтіп кінə тағасың?» — дегенін «жалалы өтірік» санайды. Осындай жолдарды жазып отырған авторға «Сонда сенің осыншама имансыздығың да «жазмыш» па?» — деп, тікелей сұрақ қояды. «Иірім» туралы «Кітаптың жалпы құрылымы туралы айтар болсақ, мұнда не хронологиялық, не тақырыптық жүйе жоқ, əлденедей композициялық желі де байқалмайды, əйтеуір мыйдай араласып жатқан қойыртпақ», — деген.

М.Мағауин «Иірімді» талдау барысында аса қатты шүйліккені — автордың І.Есенберлин туралы жазғандары. Ілияс Есенберлин жайлы кітаптың тоғыз жерінде айтылғандарды түгелдей үзінді ретінде келтіре отырып, осыларда артық-кем санайтын тұстарын нақтылы дəлелдермен теріске шығарады. Қ.Мырзалиевке «ең басты қателігің — Ілияс Есенберлин туралы айтылған мынау тоғыз бөлек əңгімең — түгел өтірік... Бұрмаланған, əсіреленген, теріп алынған емес, бастан-аяқ дүмше қиялдан туған қисынсыз өтірік», — дейді [4].

Қ.Мырзаливетің қарсы мақаласы «Əулие Есенберлиніңе адами Есенберлинімді айырбастағым келмейді» («Жас алаш»,19.08.2004) деген тақырыппен жарық көрді. Қ.Мырзалиев те мақаласын «Құрметті Мұхтар!» — деп бастап, бірден «Сен маған өмір бойы өкпе артумен келесің. Қит етсең болды, себепсізден-себепсіз кінə тағасың» — деп, мəселеге тура кіріскен. М.Мағауиннің қойған негізгі кінəсі І.Есенберлинге қатысты болса, Қадыр оған «Ілияс Есенберлин туралы менің пікірлерімнің қалыптасуына ақиқат қана себепкер. Өзің айтқандай, мен ол кісіден ешқандай зиян көрген жоқпын. Бірақ солай екен деп, шындықты қалай айтпай, қалай жазбай тұра аламыз?.. Замандас əріптестерімнің шынайы портретін жасау — негізгі мақсатым. Біржақты болмау, сыңаржақ болмау — принципім. Сөйте тұра көргенімді көрмеген болып, естігенімді естімеген болып, қалай жəдігөйлік істей аламын?! Қалай қабылдасам, солай суреттедім…Мен шындықтан жалтармайтын, сыннан қорқа қоймайтын қазақпын. Тек, дұрысын айт. Ал Сен бұрмалайсың» — дей келіп, «Менің Есенберлинге байланысты каламымнан шыккан əр сөз, əр сөйлем — жүз пайыз ақиқат. Тұнып тұрған шындық. Бұл үзінділердің растығына Құран ұстап тұрып ант-су іше аламын!» — деп, жауап берген. Бұл сөздердің шынайылығына сенгіңіз келеді. Сонда оқырман І.Есенберлин туралы айтылған Мұхтар мен Қадыр пікірлерінің кайсысын қабылдайды? Екеуі де мен ғана шындықты айтып отырмын деп, айтқандарынан қайтпайды. Бұл жердегі шындық осы екі пікірдің арасында жатса керек. М.Мағауин І.Есенберлинді пір тұтса, Қ.Мырза Əли қарапайым, жұмыр басты пенденің бірі ретінде қабылдайды. Бұл турасында Қадыр «Ал, сен ол кісіні пайғамбар тұтады екенсің — тұт! Əулие көреді екенсің — көр! Солай жаз!.. Саған да, маған да өз Есенберлинімізбен қалған дұрыс шығар. Сенің əулие Есенберлиніңе мен өзімнің адами Есенберлинімді айырбастағым келмейді» [5], — депті.

М.Мағауиннің мақаласы бастан-аяқ қатаңдау сөздермен, Қадырды «имансыз» атап, тұқыртумен жазылса, Қ.Мырза Əли де «есесін» жібермейді. І.Есенберлинге қатысты жауабын беріп алған соң, енді оның өзінің жеке басына тиседі. «Жұлдыз» журналына редактор бола отырып, қазақ əдебиеті үшін ештеңе тындырған жоқсың, «тапқаның — жалғыз Бекділда! Оның өзі жаңа дарын емес,«Жұлдыздың» босағасында жүрген əдеби бомж», — дейді. «Жас алаштың» тұтас бір бетін алған «Қарсы мақаланың» жартысы М.Мағауиннің жеке бас кемшіліктерін қазбалауға арналған. Оның ішінде М.Мағауиннің журналы рушылдықты, жікшілдікті қоздырып отырған зиянкес журнал деген пікір айтып, М.Мағауинге хат жазған жетеудің пікіріне қосылатындығын білдіреді.

Қадыр Мырзалиевтің «Мұхтар! Сен болмысыңмен диктат жігітсің. Өте өзімшілсің! Мен — сөздің жақсы мағынасында кешірімпаз адаммын. Өз болмысыңа байланысты кесіп-пішесің, жұрттың бəрін менің көзіммен көріп, менің кұлағыммен естіп, менің акылыммен қорытынды жасасын деп, талап етесің. Сонда маған көз бен құлақты жəне ақылды Құдай не үшін берді? Екінші Мағауин болу үшін бе? Жоқ, бауырым! Екінші Мағауинді айтамыз, екінші Абай да болғым келмейді. Өйткені екінші болу деген — кайталау, көшірме болу деген сөз. Сондықтан не болса да, өзім боп қалғаным абзал», — деген сөздері оқырманды тіпті қайран қалдырары анық. Қазақ əдебиетінің бетке ұстар, ақсақалдарының біріне айналған М.Мағауин мен Қ.Мырза Əлидің І.Есенберлин туралы пікірталасы осылайша бірін-бірі мұқатуға, бет жыртысуға дейін барып, дөрекілік сипат алғаны тек қана əдебиет жанашырларын ғана емес, жалпы қазақ халқын қынжылтады.

Екі мыңыншы жылдардың əдеби сынында М.Шаханов, М.Мағауин, Ə.Нұрпейісов, Қ.Мырзалиев, Х.Əдібаев сияқты қабырғалы қаламгерлердің баспасөз беттеріне шығармашылықтан гөрі пендешілік сындарды көбірек жариялағандары назар аударады. Тырнақ астынан кір іздегендей, олардың көркем туындыларынан кейбір кемшіліктерді тауып алып, тасты тасқа ұрып, айқайлатып, шу көтеріп, оның аяғын жазушының жеке басына тиісу үшін пайдалану сын мəдениетінің төмендігін көрсетсе керек. «Сынаған дұрыс. Бірақ қалай сынау керек? Мəселе осыған келіп тіреледі. Ол сыншы өресінің биіктігіне, азаматтық болмысына байланысты болса керек» [6].

Ескінің орнын жаңа басып, қалыптасқан өмірдің өзгеріске түсуі адамзатқа қашанда ауыр тиеді, оның үстіне кемшіліксіз де болмайды. Сол сияқты жаңа ғасыр көгіндегі қазақ əдеби сынындағы қызу пікіралысулар барысында пікір айтудың орнына сынампаздыққа ұрынған, көркем шығарманы сынаудың орнына оның авторының жеке басына тиіскен, қыза-қыза келе есе қайтарысып, соттасуға дейін барған жағдайлардың да көрініс табуы, бір жағынан, əдеби өмірге жаңа бір лептің, өзгерістің келгенін, екінші жағынан, əдебиеттің де күрделене түсіп, оны түсіне білудің өзі де қиындай түскенін байқатты. Оның үстіне демократиялық коғамда плюрализм, яғни əр түрлі пікірлердің болуы заңдылық болса, сол көп пікірліліктің қазақ əдеби сынында да орныға бастағаны көрінді. «Атаусыз қалу — атумен тең» деп Асқар Сүлейменов айтпақшы, кез келген қаламгер үшін өзінің шығармасына сыни тұрғыда баға берілуі, шығармалары төңірегінде əдеби айтыстардың туындауы, тіпті жағымсыз күйде болса да, маңызды екені анық. Ол əдебиеттің өсуіне, қаламгерлердің шығармашылық серпілуіне өрісті ықпал етсе сын эстетикасының өз мұратына жеткені. Сондықтан полемикалық мақалалардың сын табиғатының əсемдік үйлесімінде өрістеуі қазақ сөз өнерінің, өнер құдіретін жасаушы қаламгерлердің де жеңісі мен жемісі деп білеміз.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Тоқтаров Р. Əдебиет өлді, əдебиет өлген жоқ. 1999 жылдың əдеби қорытындысы // Қазақ əдебиеті. — 2000. — 28 сəуір.— 5-б.
  2. Тоқтаров Р. Мен ешкіммен конгениалды емеспін // Қазақ əдебиеті. — 2000. — № 22. — 11-б.
  3. Əдібаев Х. З.Шашкинді кім өлтірді? // Қазақ əдебиеті. — 2002. — № 8. — 11-б.
  4. Мағауин М. Өтірік қостым ішіне, яғни Қадыр Мырза Əли кейіптеген Ілияс Есенберлин // Жұлдыз. — — № 8. — 3-б.
  5. Мырзалиев Қ. Əулие Есенберлиніңе адами Есенберлинімді айырбастағым келмейді // Жас алаш. — 2004. — 19 тамыз.
  6. Ысқақұлы Д. Зобалаң, немесе қапасқа қамалған рух // abai.kz.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.