Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Халық ұлы туралы поэма

Халқымыздың даңқты ұлы — Абылайдың тұтастай өмір жолы ауыр да əр салалы. Оның хандық құрған дəуірі қиянкескі тартысқа толы жылдар еді.

Абылай заманында, басқа сөзбен айтқанда, жанжақтан аранын ашқан алпауыттардың андыздай анталап, бойы бекіп, бұғанасы қатпаған аз ғана халықтың бірбіріне қарамақарсы қамқарекетке то лы қилықилы кезең еді. Бір жағы — қаптаған қалың Қытай, бір жағы — азуы алты қарыс орыс пат шалығы, бір жағы — іргелес жатқан, күшқуаты мол Қоқан хандығы. Бұл елдердің қайсысы да сыл тау іздеп, ұрынарға қара таба алмай, аңдысқан аумақты алыптартын. Осылардың арасынан жол тауып халқын апатқа ұрындырмай, əрі суыққа тоңдырмай, таласатартыса тіршілік ету аса епті, əрі ден ойлайтын адамға тəн толағай сын болатын. Оған қоса өз ішінен шыққан дұшпан пиғылдағы жан дарға тойтарыс беріп, елді бірлікке бастау қиынның қиыны екені даусыз.

Абылайдың көрегендігі сол — қасында əрбір қадамын қалт жібермей бақылаған, қиналған тұста ақылкеңесін аямаған Бұқар жырау бастаған көмекшілері болды. Артық, кеміс кеткенін жөндеп, дұ рыс жолға бастап отырды [1]. Бұқар жырау елдің бірлігін, іргесі бекіген аймақты көкседі. Əйтейінше тіршілік ету кішкене жұртшылыққа қиын деп білді. Болмашы нəрсеге өкпелеп, басқа жаққа жол арна ған Садыр атты аз ғана тайпаны бара жатқан жағынан қайтарып алуы куə. Ол:

Садыр, қайда барасың,

Сарысуды көбелеп?

Сен қашсаң да мен қойман,

Арғымағым жебелеп.

Енді алдыңнан шығайын

Қар, жаңбырдай себелеп,

дейді көпті көрген қария. Неде болса шашырамауын, бір орталыққа бағынуын қадағалайды.

... Абылай алдында сен бітсең,

Құдандалы таныспын,

Абылай алдында бітпесең,

Атасын білмес алыспын,

деп, кейде ағайынға күш көрсете сөйлейді.

Бірде:

... Ашулансаң, Абылай,

Көтерермін, көнермін,

Көтеріп қазға салармын.

Өкпеңменен қабынба,

Өтіңменен жарылма,

Орыспенен соғысып,

Басына мұнша көтерген

Жұртыңа жаулық сағынба,

деп, кейде нəтижесі баянсыз, күштіге көз алартпауын жақтайды. Бейбіт күнге үндейді [2].

Абылай жөнінде бір жылдары М.Əуезов роман жазбақшы болды. Ойланаойлана келе ол ұйға рымнан бас тартты. Өйткені елдің саяси ахуалы өте күрделітін. Байманаптар, əкімқаралар туралы андасанда жылы қабақ білдіру аса қауіпті болатын. Ол кездері кішкене халықтар мен ұлыстардың та рихы жоқ, демек елді бастайтын белсенді адамдары да болған емес. Олардың бүгіні мен ертеңі тек большевиктер бастаған орыс халқымен бірге, осының соңынан ерген жағдайда ғана байыпты болаша ғы болуы сөзсіз дегенге саятын үгітнасихат жүріп жатты. Осыған «сенсең де сенесің, сенбесең де се несің» деген қағида басым болды. Ендеше Абылай хан туралы басымды пікір айту қатермен тең. Осындай жағдайда М.Əуезов Абылайды қоя тұрып, Абай жөнінде көлемді шығарма жазуға бекінеді. Ол туралы көңілі ояу, қолынан іс келетіндер болса арнайы кітап жазу ешқайда қашпас деп түйеді.

Отызыншы жылдары Абайдың басы əлі де дауда еді. Біреулер оны халықтың жыршысы, халық тың қамқоршысы десе, біреулер феодал табының ақыны деді. Енді бірқатар саясатшылар жаңадан ту ып келе жатқан буржуазия тобының өкілі ретінде таныды. М.Əуезов шын мəнінде оның кімнің сойы лын ұстап, таяғын соққанын дəлелдеуге күш салды. Сонымен бірге ол ағартушыдемократ туралы, оның қоғамдағы атқарған қызметі туралы пікір айтумен бірге, əлгіндей аз ғана халықтардың мəдение ті де, əдебиеті де жоқ деген сыңаржақ философиялық пікірге қарсылық білдіру еді. Абайдың кітапта ісі де, сөзі де оң болып шығуы тиіс. Бұл жəне қатал қадағаланды. Егер оның ісінде, атқарған қызме тінде, айтқан пікірінде осы қалай дегенге бастайтын екі ұдай жағдай болса, шығарма шықпаған деп танылады. Өйткені, Абай — үстем таптың өкілі. Ендеше, автордың өзі оған көз көре жел беріп отыр деген сөз.

Абайдың өз қолымен жазғансызғандары жоқтың қасы. Себебі, революция жылдары жыртылып қалды, қолды болды, тозғындады, отқа өртелді. Сондықтан, М.Əуезовтің өзі айтқандай, ел аузындағы аңызəңгімелерге иек артты. Ол туралы айтылған естеліктер өзара салыстырылды, кейбіреуі күмəнді, жай дақпырттың маңында деп танылды. Сондықтан А.Марченко жобалағанындай, оның ауыз əдебие тінің материалдарына сүйеніп жазылған роман деуі, бір жағынан, ақылға сыйымды [3].

«Абай жолы» бүгінде халқымыздың ұлттық мақтанышы, қай жағынан да аса көрнекті шығарма.

Ол жөнінде бірдеңе деу артық...

«Сабалақта» Көкбай ақын қазақтың атақты ханы Абылайдың өмірінің бір үзігін баяндайды. Бас тапқыда Уəлиханның: «Мені хан қоймадыңдар», — деп өкпелеп, Сарыарқадан Орта Азия жаққа, на ғашысы Балаханға ауып барғаны суреттеледі. Кешікпей 1723 жылғы сергелдең басталады. Əркім əр жаққа ауып, əр сайды паналап, қайың сауып кетеді. Осындай алмағайып кезде бір күні Төле бидің ауылына бір бала келеді. Үстібасы жыртықжыртық, кіркір. Жөн сұрағандарға жай қарапайым бі реумін деп жалтарады. Бұқар жыраудың ол туралы:

Ай, Абылай, Абылай,

Сені мен көргенде

Тұрымтайдай ұл едің,

Түркістанда жүр едің.

Əбілмəмбет патшаға

Қызметкер болып тұр едің.

 Қалтақтап жұрт күнелтіп

Үйсін Төле билердің

Түйесін баққан құл едің, —деуі тегін емес.

«Сабалақ — Абылай» туралы сүйекті шығарма жазу ісін Абай өзінің сүйікті шəкірті Көкбайға тапсырады. Ол жөнінде ақын аға алдымен сынескертпесін айтып, тезірек қағаз бетіне түсуін дұрыс көрді. Ол жайында Көкбай былай дейді:

«Бір жылы менің өзіме Абылай хан мен Кенесарының қазаққа істеген еңбектерін ұзақ əңгіме қы лып айтып беріп, осыны өлең қыл деді. «Абылай да, Кенесары да қазақтың мақтан қылатын ерлері. Бұлардың еңбегі де айта қалғандай, ұмытпастық еңбек. Сондықтан, бастарынан кешкен дəуренді жақ сы сөзбен жыр қылып ел ортасына жаю жақсы өлеңшінің міндеті. Сен үйіңе барып орнығып отырып, осыны өлең қылып кел» деді.

Сонан кейін үйге келіп отырысымен өлең қылуға кірісіп, күндізтүні тыным алмай, бесалты күнде бітіріп, Абайға қарай қайта жүрдім. Абай бұл уақытта үлкен ауылынан бауырдағы ауылына, тоқалыныкіне барып, сонда жатыр екен. Кіші ауылы «Аралтөбе» деген жерде, үлкен ауылынан 35 ша қырым жерде, біздің ауылдан 70 шақырымдай жерде еді.

Осы жолға қасымдағы атшыммен қысты күнгі аязда салт атпен келе жатып жазған өлеңімді ой лап көрсем, жатқа айтуға бір де бірі есімде қалмапты. Абайдың барысымен «айт» дейтіні мəлім. Сон дықтан, жол жүріп келе жатып, өз өлеңімді өзім жаттауға кірістім. Күн суық, қағазды екі жеңіммен ұстап атымның басын жолдасыма жетектетіп қойып, жол бойы жаттадым.

Сонымен кеш болып, ел орынға отыратын кезде кіші ауылға жетіп, Абай отырған үйге сəлем бе ріп кіріп келдім. Үйде кісі көп екен. Алдарына кешкі шайды жаңа алған екен. Кірген жерде сəлемімді алмастан «Абылай» келді ме?» деді.

Тегінде сол жиырма бес жыл жолдас болған уақытымда андасанда қасынан кетіп, қайта келге німде: сəлем алып, малжаның аман ба? — деп амандасып көрген емес. Ылғи жаңа ғана көрісіп шық қан кісідей іліп ала əңгімеге кірісетін, бұл жолы да соны істеді.

Мен сұрағанына «келді» деп едім, «олай болса айт» деді.

Сонан соң мен барлық киімімді шешінбестен, отыра қалып айта бастадым. Өлеңді алғашқы айта бастағанымда тымағымның бауын шешкен жоқ едім. Тегінде «шешінейін, жайланайын» деген сөз Абайдың нашасын кетіріп, ықыласын қайтарып тастайды. Сондықтан өлеңді айта отырып, тымағым ды шешіп бір алып қойып, тағы бір əредікте белдігімді тастап, онан өлеңнің желісін үзбей отырып, сыртқы киімімді тастап, жүгімнен біртебірте барып қана босандым.

Абайдың өмір бойғы əдеті осындай еді. Біреу өзіне келсе, келген жерден жұмысың не деп сұрай ды да, сол арада шаруасын бітіріп, сонан кейін өзінің əңгімесіне кетеді. Алғаш сұраған жерде шапшаң айтып жіберген кісі болса ырза болып қалады. Басында айтпай артынан «пəленім бар еді» дегенге ашуланып қалатын. Кейде бағана неге айтпадың деп ұрысып тыңдамай да қоятын.

Сол əдеті мəлім болғандықтан, өлеңді əнге салып айтсам да шаршағанталғанымды білдірмей, желісін үзбей айтып отырдым. Қағазыма да қарағаным жоқ, ылғи жатқа айттым.

Алдарына келген шай ішілмей қалды. Алғашқы самаурын суып кетіп, оны алып барып, екінші рет қойып тағы əкелді. О да суып қалды. Абай да, басқа ешкім де ішкен жоқ. Сонымен үшінші самау рын келгенде Абылай менен Кенесарының жорығын аяқтатып болып, енді Наурызбайға қарай көшіп едім. Бұған келгенде «Енеңді ұрайын жаман ұры, ханның бағын да осы алып еді. Енді шайыңды іш» деп Наурызбайдың жайын бұл арада тыңдағысы келмеді» [4; 138].

«Сабалакта» айтылмыш баланың портреті былайша сипатталады:

Ұлы жүз Үйсін Төле биге келді,

Сағынып атабаба туған елді.

Бір бала үстібасы далбадұлба,

Төлеге кіріп келіп сəлем берді.

Бір бала үстібасы далбадұлба

Демалар бір күрсініп андасанда.

Жылтыр көз, тікірейген сұрғылт сары,

Жаратқан артықша ғып хақ тағала.

Қой жүні жыртық күпі, сеңсең тымақ,

Көзіне шəші түсіп кеткен дымақ.

Отырысы сұңқардың балапаны,

Көңіліне Төле бидің кетеді ұнап.

Баланы мал бағуға салады.

Бірде би түйелерінің жайкүйін барлап қайту мақсатымен олардың қосына келсе, сыртта қол аяғы жанжаққа жайылып қаннан қаперсіз ұйықтап жатқан Сабалаққа көзі түседі. Бұдан би өзі ой түйіп, тегін бала еместігін, түбінде төрт тарапқа билігін жүргізетін əкім болармысың деп жобалайды.

Сабалақтың жолын ашқан қарт Бөгенбайдың Төле биге келуі. Осы жолы аруақты батыр қалмақ қа барар жолда қасына ерткен Сабалақтың алғырлығына, батырлығына разы болып, оған батасын бе реді. Батамен қоса кəрі тарлан ерлер мінуге лайық Нарқызыл деген жүйрік атын сыйлайды. Сол жолы Бөгенбай батыр Төле бимен қалмақтармен соғысу жөнінде пікірлескелі келген екен.

Жоңғарлықтармен ұрыс бір жылдан кейін басталады. Қасқа атқа мінген қалмақ батыры Шаршпен Сабалақ жекпежекке жазым етеді. Екі ұдай айқас «Абылайлаған» жас батырдың арасында ғы аласапыран кəдімгі жұртқа мəлім ертедегі батырлар жырындағыдай əсер қалдырады. Осы жолы қазақтар үстем шығып, жеңіс тойын тойлайды. Жиында Сабалақты алдарына алдырып ерлігіне тəнті болған билердің оның шынында кім екенін қайтақайта сұрағанда бұл: «Абылай атам, мен оның не мересімін», — деп жауап береді. Ризашылық сезіммен Əбілмəмбет Сабалақты өз орнына хан деп жа риялайды. Оның батырлары тізбектеледі:

Қалданменен ұрысып,

Жеті күндей сүрісіп,

Сондағы жолдас адамдар:

Қара Керей Қабанбай,

Қанжығалы Бөгенбай,

Шақшақұлы Жəнібек,

Сіргелі қара Тілеуке,

Қарақалпақ Құлғашбек,

Тігеден шыққан Естербек,

Шапырашты Наурызбай,

Құдаменді Жібекбай қасында,

Бақ, дəулеті басында

Секербай мен Шүйбекбай,

Таңсық қожа, Мамыт бар,

Қасқарауұлы Молдабай,

Қатардан жақсы қалдырмай,

Айнақұл Бəти ішінде,

Өңкей батыр жиылып

Абылай салды жарлықты.

Қолдан ханды қашырып,

Жеп салған жерін бұздырып,

Ұрысты қатты қыздырып,

делінеді жырда.

Арнайы Төле бидің айтуымен Абылай Жəнібек Шақшақ ұлымен жолығысады. Одан айрықша ақылкеңес алады. Сондағы батырдың айтқаны: — Өткен іске өкінбе, Өкініштен іс бітпейді. Екінші ден — еріншек болма. Жұртыңның алдына түс. Үшіншіден — халқыңа істеген ісіңе адал бол.

Міне, поэманың бірінші бөлімінде баяндайтын əр жайдың ұзынұрғасы осы. Одан əрі Сабалақ —

Абылайдың 1781 жылы қайтыс болғаны, Бұқар жыраудың онымен қоштасқалы келгені əңгімеленеді.

Қайырусыз жылқы бақтырған, ханымай,

Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханымай,

Үш жүздің баласынан үшті айтсам,

Қаларда мекен жаныңай!

дейді кəрі абыз көз жасын төгіп.

Абылай ханның дəуірі келте қайырылады. Оның елдің тəуелсіздігін сақтау жолында сан алуан істері жоқ. Поэмада Есенгелді, Саржанның тарихы, одан соң Сағындық, Рүстем, Беглербек, Ғұбай долла, Балақан, тағы басқалардың өмірінен қысқаша мəлімет беріледі. Олардың хамқаракеті кейбір жағымды жағынан мадақталса, кейбір сұмдықтары датталады. Демек, шығармада толымды жасалған Абылайдан басқа образ жоқтың қасы. Оның алғашқы нұсқасы сақталмай, əркімнің жаттап алған, кө шіріп алған қалпында қолымызға тиіп отыр. Мүмкін, поэма əуелгі күйінде жеткенінде көп сөзділіктен тыс, осы қалай делінетін қосымшалардан арылып жетерме еді, қайтер еді.

Байқастай қарасақ, əдебиетімізде Абылайға қатысты талай шығармалар бар екен. Бірақ солардың бəрінде де ол — эпизодтық кейіпкер. Соның біренсаранында болмаса, мəселен, М.Жұмабаевтың «Ба тыр Баян» поэмасында, С.Мұхамеджановтың «Жұмбақ қыз» операсын былай қойғанда, ол жауыз, ба рымташы, қарақшы деңгейінде ғана. «Сабалақта»да оның туған халқының сол кезеңде халжағдайы, бара жолы, болашағы хақында кеңінен көсіле сипаттатайтын дүние емес. Жақында жарық көрген З.Тайшыбайдың редакциясымен шыққан «Абылай хан» атты документтер мен фактілер жинағында талайталай жағдаяттың беті ашылған. «Сабалақ» жазылған кезде Көкбай сынды таланттың солардың бірқатарынан хабардар болса керек. Оның үстіне Абай да халықтық батыр жөнінде мол мəлімет бер генге ұқсайды. Бірақ поэманың қолдағы бар күйіне, олар жолда түсіп қалғаны немесе автордың жөнді қарастырмағаны көңілге кірбің ұялатады. «Кеңесарының жорығын аяқтап болып, енді Наурызбайға қарай көшкен едім. Бұған келгенде ақын аға: «Енеңді ұрайын жаман ұры, ханның бағында осы алып еді», — деп тыңдамай қойғаны деген жолдарға келгенде қаңтарылып қалғандаймыз. Біздіңше, поэма алғашқы жазылған күйінде сақталса, Абылайдың қоғамдық қызметі тиісті деңгейде біздің дəуірімізге жетер еді деген ой иектейді.

«Сабалақ» дастаны жайында Мұхтар Əуезовтің пікірін келтірейк. «Көкбай ұзақ шығарма жазды. Əңгімелі поэмасының айқын жіктелетін екі бөлімі бар. Мезгілі мазмұны, кейіпкерлерінің қалыптану айырмасына қарай бұл ұзақ шығарманы айқын екі дəуірдің адамдары турасында, екі ұдай бағытта жа зылған шығарма деп жіктей аламыз. Сонда поэманың алғашқы бөлімін — Абылайға арналған «Саба лақ» поэмасы деп атауға болады. Екінші бөлімі Абылайдың бір топ нəсілдеріне арналады.»

«Көкбай бұл шығармасында халық аузында жүрген тарихтық деректер мен естеліктерді, лақап əңгімелерді, əр көлемді фольклор материалдарын көп жиып, пайдаланған.

Сонымен қатар Абай арқылы кітап жүзінен алынған, баспаға шыққан мақала зерттеулердің дəлді деректері де бар екені байқалады. Мысалы, Көкбай жырында Абылайдың жетпіс жаста, 1781 жылы өлгендігі айтылады. Орта Азия хандарының тарихынан Қоқанның Ғұмар ханы, оның нəсілі — Бала ханның жайы, Ташкеннің Беглер бегі, қазақ хандары мен Қоқан хандығы жəне Бұхар əмірінің арасын да болған қатынастар, тарихқа жақын шындықпенен аталған болады. Қазақтың Үйсін сияқты рулары нан Қоқан хандығына қарап тұрған хəлдері дұрыс аталады. Абылайдан бергі замандардағы тарихтық адамдардың өмірбаянына, ісəрекеттеріне, тарихтық жағынан қанықты болған білгірлік байқала ды» [4; 48].

Мұхтар Əуезов аюдай ақырған ақыр заман талабынан жасқанып, кейбір кейіпкерлерінің жөнжо басын иіпбүгуге дейін барды. Соның салдары: Құнанбай, Базаралы, Ділдə, Əйгерім, Ербол, тағы басқа образдарына тиді. Абайдың жақын шəкірті екі жүзді біреудің сорабына айналып кетті. Бұл рет те көп зардап шеккенің бірі — алдымен Көкбай. 1940 жылғы «Абай» трагедиясында ол ұнамды істе рімен көзге түсетін. Енді романда ол ұнамсыздар тобында болып шыққан. Оның бар күнəсі — молда лығы. «Байларды, молданы қойдай қу қамшымен» деген сөз ұранға айналған заманда оның басқаша орайда көрінуіне жөн жоқ еді. Тіпті бұл өңдеуден Абай да құр еместі. Қазаққа қалфе керек пе, жоқ па деген мəселе төңірегінде Семейде пікірталасы болып, ол жиналған халық алдында былай дейтіні бар:

«Бұл топтар сөйлеп болған соң, жиын біраз тынып қалған кезде Абай сөйледі. Абайдың сөзі сал ғаннан мүфтиге қазақ халқы қараудың қажеті жоқ» деген тура, жара сөйлеген кеңестен басталып еді.

— Ең əуелі іслəм дінінің қауымы болмақ дейді. Дін қарындас деп, Мысырдың арабынан, Үндіс танның мұсылманынан, Стамбулдың халифе сұлтанынан, Шайхұліслəмнан Россияда, Сибирьде жат қан қазаққа қарындас тауып бермек. Туысқан таппақ болысады. Ең алдымен осының өзі жалған. Əр халықтың қалың қауымын алсақ, күнделік тірлігінде сыбайлас көршісімен келісіп күн кешеді. Бізді Халифенің мұсылманымен жақындатам деушілер ең алдымен қасымыздағы көршіміз орыс халқынан алыстатам дейтін болады. Айтпаса да ол айдан анық. Ал сол орыспен қайтіп сен алыс боласың, қазақ халқы? Жеке адам да тұтас қауым халықта жанды тіршілік етеді. Тірлік дегеніміз: мынау ішкен су, жеген тағам, киген киім, өмір сүрген үй ортаң. Өзгені қойып, Семейдің қазағы, сені айтайын; мынау Ертіс, сенің өзенің емес, орыс халқының өзені. Ендеше, ең əуелі Семей халқы, қазағы, сенің ішіп отырған суың орыс халқының суы. Екінші, жеп отырған наның, өзің егін екпейтін, еңбек саумайтын елсің, орыс мұжығының өсіріп беріп тиірменіне тартып əкеп беріп отырған ұны. Одан қала берсе, киген киімнің, кірген үйің, барша бұйымың мен жиының — бəрібəрі орыс халқының қаласынан, өнері нен келіп отырған дүниең!.. Сен осыдан алыстамақсың ба!? Алыстасаң тырдай жалаңаш кетіп бар да қарындас таба ғой! Екінші, біз қараңғыда жатқан қалың тұман басқан, надандық тұманы басқан, соры басынан асқан қараңғы елміз бізге ең алдымен не керек? Білім жарығы керек. Өзіміз надан өтсек, ен дігі нəсілімізді болса да тез оқытып, дүние танытып, көзін ашуымыз керек, асығуымыз керек бұл жолда! Сол жөнде де бар жарығын ала білсең аямай беретін досымыз — орыстың өнері, орыстың үл гілі қауымы» [5].

Көп адам қатынасқан бір арқалы жиын үстінде бір орыс адамы осы романдағы əлгі келтірілген эпизодты сол күйінде алға тартқаны бар. Оған сол жолы қайтаратын жауаптың ретін таппай тарасқа нымыз есімізде... Егер бүгінгідей дүниенің бəрі ретретіне келіп, егемендік алған шағымыз болса, сөйлеуші тиісті тойтарыс алар еді. Олай сөйлеместе еді...

«Абай жолынан» тағы бір ұзақтау үзінді келтірейік:

«Көкбай бірталай уақыт жырлағанда, Абылайды мадақтап сөйлеген. Енді самауыр қайта кірген де, Абылайдың нəсілдеріне ауысып соларды қошаметтей бастап еді. Дəл осы уақытша Базаралы Көк байды санынан қақты да, «тоқташы» дегендей белгі етті. Көкбай Абайға қарап еді, көптен салқын қа бақпен тыңдап отырған Абай да, тоқтағанын мақұл көргендей екен.

Көкбай еріксіз шұғыл тыйылып қалды. Енді Базаралы іле сөйлей жөнелді.

  • Бұрын сөйледі деп айып етпеңдер, жігіттер, осында менен басқаңның бəрің, бастығың Абай боп, өңшең ақын екенсің. Ендеше Қожанасыр айтқандай: «Осынша тауыққа бір қораз керек емес пе!» Көп айтушыға бір тыңдаушы болсам, ойымды айтайын, — деп Көкбайға салқын қарап қалды.

Абай Базаралының бұл мінезін де құп көріп, айтуын өтінді.

  • Айтсам, Көкбай, «алдияр» дедің, «асыл ханым» дедің, «əруағыңнан айналайын» деп те жалба рынып жатырсың. Аяғы, Абылайдан өтіп, нəсіліне де тауап қылар тəрізің бар. Шынымды айтайын, жақ пайды маған, Көкбай, мұның. Осы хан сұлтанды көксеп маңырап, талай надан ақын, баяғының өзінде тоздырып болмады ма, Абай?! Біз Абай сөзін естігелі осыны ұмытсақ, мақұл емес пе еді? Көкейіме қон байды, өйткені көңіліме жақпайды. Ал адалын өздерің айт! — деп Базаралы Абайға қарады.

Жұрт мына сын шыға бастағалы шайды ішпей, сілейе тыңдап қалған екен. Абай Базаралыны қостап, ойлана отырып, бас изеді де:

  • Осы сөз, анық əзіл сөз ғой. Айтып қойғанымыз болсын, айтпағанымыз болсын, бəрімізге де жетерлік сын екен, — деп ойлана отырды да, Көкбайға салқын қарап: — Ал Наурызбайлар көпті сыр латқан. Сол қатты, қатал сойқандары үшін өз бастарына əділ жаза тапқан. Көпке қаза шақырғаны үшін тапқан қатты бүлік содырлар еді. Олар үшін, əсіресе, өктемесең болатын еді ғой! Қазақ орысты қырды деп, тағы бір тыңнан Əзіретəлі таппақ бопсың, оны қазақтың қалын елінің қамқоры етпексің. Жалған! Бəрі де жалған! Алдамыш бояулар! Қазақтың қамқоры емес, қайта сол қазақты, халықты сат қан аз ғана топ, азғын топ — хансұлтанның қамқоры болатын. Бұл күнде, бүгінгі нəсілде қазақты орысқа өшіктіруші, қазақ халқына достық етпейді. Неғұрлым сол орыстың шын қасиетін танып, тың өнерін тез үйренуге жетпей, қазақтың көзі ашылмайды. Бұдан өзге өрісте, бұдан өзге шындық та жоқ. Мынау өлең жалған да теріс. Менің өмір бойғы тұтынған жолым анық қарсы, қияс жолдағы өлең екен. Осылай айтпасқа əддім жоқ, — деп Абай ызалы, қатқыл үнмен, Көкбайға аса наразы болып сө гіп аяқтады.

.... Жастардың бəрі тегіс аңғарып отыр. Əзір Абай мақұлдаған бірдебір өлең болмай шықты. Көкбай үнсіз жиын арасынан түрегеліп, «басым ауырып тұрғаны» деді де шығып кетті. Есіктен шы ғардағы күжірейген жуан жотасына қарап отырып, Абай оның өкпелеп бара жатқанын аңғарды. Со ған орай өзі де ішінен қатуланып қалды» [6].

Міне, Абайдың, «сыншы» Базаралының поэма туралы кесімді пікілерінің қорытындысы осын дай. «Абай жолы» тарихи роман дегенімізбен, оған оқырмандар жүгінетіндей ілгешектер табылары сөзсіз. Абайдың «Абылай мен Кенесарының істерін мақтан қылатын ерліктерін дастан етіп жаз» де ген реңіште Көкбайға тапсырма бергенін жаңа ғана айттық. Поэманы автор көзбекөз отырып, Абайға оқып береді. Тыңдаған тұста алғаш оған ақын аға ешбір ескертпе жасамаған секілді. Енді романда əл гі сипатты жұрттың көзінше, іске алғысыз еткенін түсінбедік. Оқырмандар «Сабалак» туралы күні ке шеге дейін бейхабар болатын. Олай емес, былай дейтін пікірлер айтылмағаны тағы рас. Шығарманы қалайда мінеу осындай, Базаралы айтқан сынға қарсы ақынның Көкбайды ақтап дəйектеме беруін күткен едік. Олай болмады. Екі ортада жазықсыз, дастан жазғаны үшін жаза тартқан Көкбай болды да шықты.

Қысқаша, «Сабалақ» туралы айтарымыз əзірге осы.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Абылай хан. Өмір жолы. — М.: Фолиант, 2005. — 477 б.
  2. Бес ғасыр жырлайды. — Алматы: Жазушы, 1984. — 256 б.
  3. Марченко А. Возможности «свободного романа» // Вопросы литературы. — 1971. — № 9. — С.
  4. Абайдың ақын шəкірттері. — Алматы: Дəуір, 1994. — 335б.
  5. Абай жолы. — 6к. — Алматы: Жазушы, 1980. — 371б.
  6. Абай жолы. — 5к. — Алматы: Жазушы, 1980. — 402б.

  

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.