Қазіргі заманғы лингвистикада тіл біртұтас жүйе, қарым-қатынас құралы жəне таным мен əлемнің тілдік картинасын көрсетуші ретінде қалыптасты. Тілді антропологиялық феномен ретінде жете тануға бағытталған салыстырмалы фразеологиялық сипаттау тəжірибесі мен теориялық фразеологияда зерттеу нысанын кең лингвомəдени контексте қарастыруға талпыныстар жүргізіліп жатыр, «... тілдің рухани мəдениетті құруға қатысты аспектісі мен рухани мəдениеттің тілді қалыптастыруға қатысын қарастыруда».
Аталған көзқарас тілдің қызмет етуінің ішкі жəне сыртқы факторларының өзара бірлігі туралы аксиомаға жəне ұлтқа, сондай-ақ жалпыға ортақтың өзара диалектикалық өзара шарттасуына негізделген.
Тілдің қызмет етуінің ішкі факторларына тілдегі барлық аксиома жатады, олар бір мақсат ретінде «адамдардың тілдік ұжымда неғұрлым толық араласуы мен адамдардың зат пен түсінік əлеміне деген қарым-қатынасына əсер етеді» [1].
Құрылымдық-функционалдық лингвистика дəстүрінде «тілдік құрылымның барлық деңгейінде ішкі даму механизмдері көрінеді, оларға жүйенің қысымы, жүйенің симметрия мен тепе-теңдікке деген ұмтылысы жатады («экономия принципі»), мəн мен форманың жəне т.б. когеренттігіне деген тенденция».
Экстралингвистикалық себептер (немесе сыртқы факторлар) аталған социумда коммуникация құралы ретінде тілдің даму барысына өз əсерін тигізеді. Экстралингвистикалық факторлар құрамына тарихи-мəдени құбылыстардың, қоғамдық өмірдің əлеуметтік-экономикалық тəртібінің, адам организмінің психофизиологиялық қасиетіне, халықтар мен ұлттардың, этностардың тұрмысының ландшафттық жағдайының əр түрлілігін жатқызу қабылданған. Бұл экстралингвистикалық факторлар тілдің ұлттық дінгегін құрайды. Жер Homo Sapiens-тің əр түрлі квазитұйық əлемі мен тұйық микрожүйесін көрсетеді.
Экстралингвистикалық факторлар мен оның құрылымы, олардың өзара əсері мен өзара байланысы білім берудің гуманитарлық жəне ғылыми-жаратылыстану циклдарында жасалады.
Жүйенің жалпы теориясы, космологияның антроптық принципі, Н.Бордың қосымшалық принципі, В.Гейзенбергтің екіұштылық принципі, страттардың тарихи-мəдени теориясы, Л.С.Выготскийдің «психиканың мəдени-тарихи дамуы принциптері» іргелі жалпы ғылыми көзқарастар немесе олардың негізгі ережелері мен түсініктері кең танылған тілдік құбылыстардың көрінуі қатарына жатқызылған.
Ақпараттық жəне телекоммуникациялық технология мен ҒТП-ның жылдам дамуына байланысты қоғамдық сананың ізгілендірілуі аясында жалпы мəдени резонанс əлеуметтік- экономикалық парадигма идеясын қабылдады, олар: Д.Бэллдің «постиндустриалды қоғамы», О.Тоффлердің «технологиялық толқындары», К.Шеннонның «кибернетикалық теориясы» [2].
Аталған концепциялар тіл білімінің дамуына елеулі əсер етті жəне күні бүгінге дейін əсер етіп отыр. Мына сұрақтарды қоя отырып, нақтырақ айтсақ:
- лингвистика постиндустриалды қоғамда қандай орын алады?
- «ақпараттық жарылыс» пен жаһандық коммуникациялық желінің дамуы заманында тілдердің оқылуының тиімділігін арттыруды қалай енгізу керек?
Өз кезегінде, ғылыми білімнің əр түрлі салалары зерттеудің лингвистикалық əдіснамасына, оның теориясы мен эмпирикалық тілдік материалына сүйене отырып, əлемде болып жатқанның барлығының себептік шарттылығын ашады. Ғылымның аталған үдемелі өзара əрекеттестігі «қоғам– сана-тіл» əр түрлі күрделі ұйымдастырылған шектерді ашуға мүмкіндік береді.
Жаңа қоғам (Д.Бэлл бойынша, «постиндустриалды», немесе, О.Тоффлерше, «үшінші толқын»)
«К.И.Купцов айтқандай, тек қана логикалық түрде ойлауды, абстракциялардың алдын алуды ғана талап етпейді, сонымен қатар образдар мен символдардың əлемінде өзін еркін сезінуін талап етеді. Ол үнемі мəдени құндылықтарды арттырып жəне жаңадан мəдениетті өмірге əкеліп отырған терең білімді жəне мəдениетті адамдардың мəртебесінің артуына əкеліп соқтырады» [3].
Бұл көзқарасты кейбір қазіргі заманғы əлемнің əр түрлі белгілерін анық көрсететін төмендегі кесте түрінде беруге болады (негізінен əлеуметтік-мəдени, лингвистикалық ретінде көрсетілген).
К е с т е Қоғамның əр түрлі типтерінің салыстырмалы əлеуметтік-лингвистикалық сипаттамасы
Көріп отырғандай, лингвистика рөлі тілді білу постиндустриалды қоғамда алғашқы мəнге ие бола бастады, себебі тіл мəдени-логикалық, когнитивті-коммуникативті негізгі əлеуметтік қызмет атқарады, оны əлемнің тілдік картасында көрсетеді. Ол туралы сол заманғы ғылыми-мəдени идеяны ұлықтай отырып, Шығыстың ойшыл, энциклопедисті əл-Фараби (870–950) өзінің ғылымды классификациялауында тілді зерттеуді тұрмысты танудың алғашқы алғышарты екенін көрсете отырып, атап өтті. «Фарабидің ғылымдар саласын топтастыру əдісінің өзінде терең мағына жатыр. Алдымен, ол кісінің тіл іліміне аса зор мағына беретінін көреміз. Ол əрбір атау сөздерді, термин түсініктерді түрлі ғылымның кілті деп қарайды».
Адамдар арасында тіл қарым-қатынас жасаудың құралы бола отырып, «қоғам тірі тұрғанда тіл де тірі тұрады» жəне онымен қатар өзгеріп отырады. Алайда «жүйедегі сияқты тілдегі өзгеріс, Г.Гийом айтқандай, өте ақырын жүреді, олар тілде дайындалып отырады... жəне жүйені жылжыта алады, себебі жүйеде барлығы да өзара байланысты жəне өзара шарттасқан». Тілдік жүйенің деңгейлерінің əр түрлігін есепке алып отыратын көптеген лингвистикалық зерттеулер көрсетіп отырғандай, экстралингвистикалық факторлардың əсерін өте аз көлемде қабылдайтын немесе қабылдамайтын тілдің грамматикалық жəне фонетикалық құрылымы болып табылады. Сыртқы əсерді неғұрлым жылдам қабылдайтын ол лингвистикалық деңгей болып саналады.
Фразеология тілдің тура немесе жанама қатысын көрсететін лексикалық деңгей болып табылады. Алайда осы «ара қатыстықтың» көрінуі болмысты ұйымдастырудың диалектикалығын есепке алуды талап етеді — оппозициялар мен объект сипатының өзара толықтыруларын, тілдегі үйлескен тілдік құбылыстарды анықтау барысындағы түсініксіздікті көрсетеді т.б. Тілдің ұлттық-мəдени ақпараты, М.Р.Сабитова айтқандай, фразалық тіркесте «əдетте тіл таңбаларында ашық формалды көрсеткіштері болмайды жəне имплицитті ішкі формамен жəне біріккен актуалды мəн мазмұны мен ассоциация заңы негізінде анықталады» [4].
Болмыстың қандай да болмасын саласы, соның ішінде тіл де бірліктегі əр түрлілік сипаттарын көрсетеді, оның ішінде ұлттық жəне жалпы қоғамдық бастаманы лингвистикалық жəне экстралингвистикалық əр векторлы процесі ретінде көрсетеді.
Адамзатқа тəн организмнің жалпы физиологиялық қасиеттері барлық тілдерге тəн «тіл — сөйлем» дихотомиясын құрылымдық ұйымдастыруға талпынысында экономия принципі, когеренттігі, динамикалық ынтымақтастығының көрінуі негізінде көрінеді.
Р.Якобсон айтқандай, «бір тілдік кодтан екінші бір тілдік кодқа ауысу тек тілдер изоморфты болғандықтан ғана ауысуы мүмкін: оның құрылымы негізінде бір принциптер жатыр». Сонымен қатар басқа тілге ауысу барысында адамдар өзіне жатық болып қалған синтаксистік құрылымдардыжəне жіктеу əдістерін қолданады, оның сөйлеу тілі өз ана тіліне тəн артикуляциялық қозғалыс аппаратынан босамайды.
Фонетика мен грамматикада ұлттық-мəдени сипаттың көрінуін де байқауға болады, егер басқа тілден енген басқа тілден алу барысында тілдің номинативтік тілдік бірліктері морфология мен синтаксис жəне сөздің айтылуы алынбай қалатын кірме сөздерге қарайтын болсақ: industries de haute technologie — жоғары технологияға негізделген салалар, économie nationale — ұлттық экономика, la Poste, France Télécom — Қазақтелеком, groupe parlementaire — парламенттік фракция, urne éléctorale — сайлау урнасы.
Барлық осы кірме сөздер əр түрлі ұлттардың əр түрлі жəне үдемелі қарым-қатынастарына байланысты. Жəне бұл процестер тілдің лексикалық фонын байыта отырып, тілде өз ізін қалдырады.
Тілдің өзіндік ұлттық ерекшеліктері табиғи жəне жасанды билингвизм сияқты құбылыстардан көрінеді. Атап айтатын болсақ, тарихи-мəдени жəне мəдени (немесе əлеуметтік) нормаларын құрады, ол қоғам мүшелерінің мінез-құлықтарын реттеп отырады. Əлеуметтік нормалар социум мүшелерінің мінез-құлқына жəне тəрбиесіне əсер етеді, олардың коммуникативтік нормаларын анықтайды. Тілдік құбылыс ретіндегі коммуникативтік нормалар социумның нормативтік жүйесінің бір бөлшегі болады, «ол тура сондай ерекшеліктермен көрінеді жəне тура сондай қоғамдық санкция түрінде болады». А.Е.Карлинский поляк лингвисті Клеменсевичтің мəдениет туралы мына талқылауын былай көрсетеді: «1. Мəдениет дегеніміз — ол қатеден алшақ болу. 2. Қате дегеніміз — ол нормадан ауытқу. Норма дегеніміз — ол қателіктер үшін қоғамдық мəжбүрлеуге деген санкция. Тілге қатысты санкция дегеніміз — қоғамдық позицияның күлкісі» [5].
Коммуникативтік нормада үш норма құрушы белгіні көрсетуге болады: тілдік норма– функционалдық норма–узус, яғни тілдік құбылыстар–«тілдік жүйе»–тіл қатысы шегінде қарастырылады.
Тіл (жазбаша, ауызша) тілдік жүйенің тілдік ұжымның қабылданған əлеуметтік шегіндегі манифестациясы болып табылады.
Қарым-қатынас ретіндегі тілдік əлеуетті іске асыру барысында ұжымның жекелеген адамдарының коммуникативтік норманы бұзуын жиі байқауға болады. Бұл жерде əрбір жекелеген жағдайда оның бұзылуын анықтауға болады, оның бұзылу нормасы: тілдік жүйе немесе тіл. Осындай ерекшеліктердің тиімді практикалық əдісін Е.М.Верещагин ұсынады. Ол бұзу жағдайы сонда, егер, мысалы, «шын жүректен сүйемін» деген дұрыс грамматикалық айтылым тұрғанда «сүйемін шын жүректен» деп айту. Осылай айтуға болады, бірақ ешқашан олай айтылмайтын жағдайда тілдік норма бұзылған болып саналады. Мысалы, «бірдей емес бес саусақ» деп жалпыша айтқанда айтуға болады, алайда олай еш уақытта айтылмайды дұрыс айтылымы «бес саусақ бірдей емес».
Тілдерді салыстырмалы сараптау барысында олардың тілдік ұжымының коммуникативтік нормасын есепке алу керек. Бұл жерде бір тілдің бірліктерін жəне ережесін сөйлеу барысында пайдалану коммуникативтік норманың бұзылуына əкеліп соғады жəне алғашқы тіл мүшелерінің тиісті теріс реакциясын туғызады.
Бейқам индивидті сипаттау барысында қазақша-французша билингв өз тіліне сүйене отырып «pierre coeur l’̉homme» (қазақ тілінде «тас жүрек адам») дейді, алайда функционалды нормада олай деп айтылмайды, сонымен қатар узуста бұндай жағдайда бұлай деп айтылмайды. Оның есесіне «l’home du coeur de pierre» айтылымда функционалды норма мен узус бұзылған (осылай айтуға болады. Алайда аталған жағдайда олай деп айтпайды). Əдетте «coeur de marbre», «сoeur de roche».
Аударма проблемалары дегеніміз гуманитарлық ғылымдардың жалпы өтпелі проблемасы болып табылады. Ғылым тілі мен ауызекі тілдің логикалық сарапшысы, маманы, американдық философ, логик У.Ван Орман Куайн (1908 ж.т.) өзінің «Сөз жəне объект» деген кітабында аударманың принципиалды түрдегі «екі ұштылығы» тезисін ұсынды», əсіресе кейбір шекті жағдайларда екі ел тіпті соңғы қатынастарға дейінгі ешқандай да қарым-қатынаста болған емес («радикалды аударма» жағдайы)». Бұл дегеніміз «бір елдегі болмысты түсіну туралы сөз тура осы контексте болса да, басқа бір тілдік универсиумі мен əрекеті контекстіне енгізілуі керек жəне ол ауытқусыз болмайтындығын көрсетеді, айтылғанды модернизациялау проблемасын», У.Куайн көрсеткендей, референциалды екі ұштылық проблемасын көрсетеді».
Мысалы, француз фразеологизмі «tête carrée» (сөзбе-сөз: тікелей текше бас) «парасатты, қисық, топас» дегенді білдіреді, осы мағыналардың біреуін таңдауды контекст, қарым-қатынас жасау жағдайы мен экстралингвистикалық фактор шешеді.
Тіл мен мəдениет қатысының басқа да мысалдарын, тілдің ішіндегі жасырын немесе сыртқы тілдік өзгерістердің əр түрін, себептерін көрсетуге болады. Алайда В.И.Вернадскийдің айтуын негізге алатын болсақ, «зерттеліп жатқан құбылыстардың ешқайсысы да, ешқандай ғылыми-эмпирикалық факт жəне ешқандай ғылыми-эмпирикалық жалпылау да толығымен еш қалдықсыз жеткізілмейді, яғни зерттеу пəнінде қайткенде де рационалистикалық қалдық қалып отырады». Біз аталған хабарлауымыз бойынша ғылыми зерттеулеріміздің кейбір аспектілерін ғана көрсеттік.
Бұл ойы О.О.Сүлейменовтің «Глиняная книга» поэтикалық формасында былай көрсетілген:
Несправедлив единый бог! Глаз мал,
Но он вмещает целый мир, шакал!
И слуху дал вместилище такое, Что помещает
Дальний звон металла и скрежет дум индийского столпа.
О бог единый, слух и глаз возьми, но дай мне пасть, …
Увы,слова огромны,да не огромен рот.
Но хуже (это чаще!),когда — наоборот [6; 50].
Мəдениет пен тілдің дамуы — күрделі процесс, ол əр түрлі сыртқы жəне ішкі факторлардың əсері арқылы жүреді. Олардың ешқайсысы да басқалардың алдында басымды болмайды. Кейде бір фактор маңызды болса, кейбір жағдайларда басқасы басым болады. Тіл мен мəдениеттің өзара əсері туралы айтатын болсақ, оңтайлы жағдайды шешу талап етіледі жəне барлық факторлардың толық талданған сараптамасы талап етіледі.
Қорыта келе, біз О.О.Сүлейменовтің «Азиатских костров» өлеңінен бір жол келтіруді жөн көрдік:
Мы помним то, Равняющее всех,
его в людской истории немало... [6; 50].
Біздің ойымызша, «сол» арқылы біз біздің адами тіліміздің космоуникалды, адами, өз əр түрлілігінде бірегей екендігін «есте сақтаймыз».
Əдебиеттер тізімі
- google.kz — Р. 3.
- Карлинский А.Е. Межъязыковая идентификация и интерференция. Вып. 3. — Алма-Ата, 1974. — С.
- Липец Ю.Г., Пуляркин В.А., Шлихтер С.Б. География мирового хозяйства. — М.: ВЛАДОС, 1997. — С.
- Машанов А. Əль-Фараби. — Алматы: Жазушы, 1970. — С.
- Стрелкина Л.М., Становая Л.А. История французского языка. — М.: ВШ, 2001. — С.
- Сулейменов О. Трансформация огня. Стихи. Глиняная книга. — Алма-Ата: Жалын, 1985. — 240 с.