Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

ХХ ғасырдың 1930-жылдарындағы көркемдік əдіс мəселелері

СОКП-ның 1925 жылғы «Партияның көркем өнер саласындағы саясаты туралы» Қаулысы алға қойған «пролетариат əдебиетінің үстемдігін орнату, ұлтшылдық-буржуазияшылдық элементтерді əшкерелеу» секілді кезектегі міндеттері орындалып шыққан соң, 1930-жылдардың бас кезінде маркстік-лениндік идеологияны басшылыққа ала отырып, «түрі ұлттық, мазмұны социалистік əдебиет» жасауға қадам жасалды. Əдебиет осы жаңа идеологиялық талап-тілектеріне сай жанрлық тұрғыдан дами бастады. Осыған орай ғылыми-сыни жəне əдеби-теориялық ой-пікір азды-көпті жинаған тəжірибесін пайдалана отырып, өркендеуге тиіс еді. Бірақ 1920-жылдардың екінші жартысында сыншылдық ой-пікір ҚазАПП басшылығы тарапынан болған əдебиеттегі жікшілдік мəселесімен айналысып кетті де, «тұрпайы социологизмнің» солақай көзқарасының ықпалынан шыға алмады. Бұл əдеби-теориялық ой-пікірге де əсер етіп, ҚазАПП ұсынған «Д.Бедныйша жазу керек» деген ұранға, «байлар əдебиетін басып озу керек» деген шақыруға сай, сол кездегі РАПП-тың позициясынан туындаған «жанды адамды көрсету», «Плеханов ортодокциясы үшін», «бөтен əсер» сияқты теориялық теріс қағидаларды сөз ете бастады. С.Мұқановтың «Блокшылдықтан демьяншылдыққа» («Жаңа əдебиет», 1931, № 2), «Əдебиеттегі семеновехшылдыққа қарсы» («Қазақстан большевигі», 1931, № 5), М.Қайыпназаровтың «Көркем əдебиеттің кезектегі міндеттері» («Жаңа əдебиет», 1931, № 1) жəне тағы басқа мақалаларда орыс əдебиеттануындағы профессор В.Ф.Переверзевтің бұл идеяны жоққа шығарып, көркем образды ғана алған концепциясын талқандауға үн қосу байқалады. Д.Бедныйша жазуға үндеу арқылы көркемдік дамудың заңды жолдарына тежеу салып, əдебиетті бір ғана таптың мүддесіне сай тар шеңберде ғана болуын талап ету, ақын-жазушы таптық ортаның жемісі екенін дəлелдеу басым болды. Профессор В.Переверзевтің концепциясына қарсы дискуссияда нəтижесі де қабылданды: «Только тот критик и историк близок к марксизму, который не отходит от точки зрения Плеханова» деген тұжырымынан кейін əдеби- теориялық ой-пікір «Плеханов ортодоксиясы үшін» деген қағиданы түсіндіру мен теориялық тұрғыда негіздеуге көшті. С.Мұқановтың «Пролетариат көркем шығарманың əдістері туралы» («Жаңа əдебиет», 1931, № 4, 5) аталатын мақаласы Ғ.Тоғжановтың «Əдебиет жəне сын мəселелері» (1922) атты еңбегіне қарсы жазылған. Ғ.Тоғжановтың «бізде пролетариат табы жоқ, ол жоқ болған соң пролетариат əдебиеті де жоқ. Кедей-шаруа мен оқығандардан шыққандар пролетариат əдебиетін жасай алмақ емес» деген пікірлеріне карсы тойтарыс беру басты мақсат ұсталғандықтан, атақты Г.В.Плехановтың сыншылық-эстетикалық ой-көзқарасын басшылыққа алады. Ол əсіресе сыншы Воронскийдің «ақын-жазушылар көркем шығарманы жазарда ішкі түйсікке сүйенетіні» туралы теориясына негізделген Ғ.Тоғжановтың «ақын сезгенін сезген күйінде жазады, сезіммен жазады, ақылға жорытпайды» деген тезисінің қате екенін дəлелдеуі барысында анық байқалады. «Сезгенін ақылға төрелете, өзінің табының тілегіне үйлестіріп жазбайтын ақын жоқ» екенін дəлелдеу үшін Плехановтың идеологияға, оның ішінде көркем əдебиетке қойлатын бес түрлі заңдылығын ұсынады. Соның негізінде «Таптан тысқары ақын жоқ. Тап ақыны осы Плеханов айтқан бес заңмен байланысты. Ақынның ақындығы сыртқа шыққанда, бастапқы сезген күйінде емес, осы бес жағдайға сəйкестендіріліп қорытылып шығады» деген түйін жасайды [1]. Маркстік эстетиканы дамыту жолында біршама үлес қосқанмен Г.Плехановтың методологиялық теорияларының бір жақтылығы, əсіресе Толстойдың суретшілдігі мен ойшылдығын бір-біріне метафизикалық тұрғыда қарама-қайсы қоюын, Е.Онегин туралы «жүмысшы адам бұл романның ішкі мазмұнын мүлде түсінбейді» деген секілді пікірлерін, В.Г.Белинскийдің ғылыми мұрасы туралы біржақты көзқарасын маркстік-лениндік əдіснама көп ұзамай қатты сынап, «Плеханов ортодоксиясы үшін» ұраны заман талабынан шығып қалды. Алайда осы ұранға сай жазылған мақалалардағы əдеби-теориялық ой-пікірдің ізденісін түбегейлі қате деп табу дұрыс емес. Заман талабына сай үстемдік құруға қолдан келгеннің бəрін жасап жатқан маркстік-лениндік əдіснаманың қағида-қисындарына икемделу жолындағы ұмтылыстары болатын. Өйткені бұқарашыл ақын-жазушылар, яғни Алаш арыстары, «ұлтшыл жəне тап жауы» ретінде жойылғаннан кейін, ұлттық əдеби-теориялық ой-пікірді дамытушы төңкерісшілер ғана болды да, алға ұстар жалғыз-ақ бағыт қалды. Ол — маркстік-лениндік əдіснама еді. Мəдениет пен өнер, əдебиет пен ғылым партиялық басшылықтың, кеңестік идеология мен тап саясатының құрсауына түскен кезде басқа барар жол да қалмағанды жəне ол төңкерісшілдердің тапшылдық көзқарасына сайма-сай келді. Бұл белгілі бағытта ізденістер сипатын танытқанымен, 1930- жылдардың бас кезіндегі сыншылдық жəне əдеби-теориялық ой-пікірдің тұрпайы социологизм ықпалында қалуына басты себеп болды да, қазақ əдебиетін теориялық тұрғыда зерттеудің негізгі мəселелері назардан тыс қалды. Тұрпайы социологизм ықпалындағы солақай сыншылдыққа сол кездегі өлкелік партия комитетінің саяси басшылығының да əсері аз болмады. Негізінен тұрпайы социологизм — маркстік-лениндік ілімнің туын көтеріп шыққан теория еді.

Бірақ кемшілігі тапшылдықты тым дөрекілендіріп жіберді. Мысалы, тұрпайы социологизмнің 1930-жылдардың басында қатты өріс алуына Сталиннің «Большевизм тарихының кейбір мəселелері туралы» атты хаты қатерлі жол атқарды. Бұл хат бойынша өлкелік партия комитеті мен марксизм-ленинизм институтының «Сталин жолдастың хатына байланысты Қазақстандағы күрес міндеттері туралы» Қаулысы жарияланды. Онда «алашордашылардың ықпалынан шыға алмай келе жатқан қазақ əдебиеті мен сынының мəселелеріне ерекше назар аударылуы қажеттігі» атап көрсетілді [2]. Профессор Т.Кəкішев: «Осы қаулыда C.Сейфуллиннің шығармашылығында ескі феодалдық рушыл қоғам дəріптеледі, Ғ.Тоғжановтың əдебиет жайлы еңбектерінде маркстік емес, Плехановтың ықпалына түсіп, сорақы қателіктер жіберілді деп атап көрсетті» деп жазады [3]. «Əдебиет майданы» журналының 1932 жылғы № 4 санында шыққан 14 тармақтан тұратын іс-жоспарда «ұлтшыл- алашордашылардан» қалған əдебиеттің зиянды бетін ашу, пролетариат ақын-жазушылардың шығармаларын тексеру ғана емес, сол жылы қай қаламгердің не жазатындығын көрсеткен міндеттемелер қабылдауын талап етті. Міне, əдеби сында əсіре тапшылдықты насихаттаған «тұрпайы социологизм» дəуірлеп тұрған, ғылыми-зерттеу ісінде орыс əдебиеттану ғылымындағы В.Фриченің, П.Н.Сакулиннің еңбектерінен туындаған социологиялық жəне формалды-социологиялық əдіс белгілері орын алып тұрған кезде [4], сталиндік түзетулерге ұшыраған маркстік-лениндік əдіснама оларға қарсы күресе отырып, өз позициясын нығайтуға ұмтылды. Ол бүкіл Кеңестер Одағына кіретін ұлт республикаларының əдебиеті ендігі жерде «түрі ұлттық, мазмұны социалистік» болатынын анықтап берді де, оның əдеби дамудағы негізгі əдісі социалистік реализм болып табылатынын шұғыл түрде күн тəртібіне қойды, кеңестік идеология оны жан-жақты жəне батыл насихаттай бастады.

Негізінен бұл əдісті проф. Х.Əдібаев айтқандай, «социалистік реализмнің теориясы мен практикасын біздің еліміздегі қоғамдық сана мен қоғамдық өмірдің өзі туғызды» [5]. Жаңа дəуірдегі əдебиеттің көркемдік əдісі қандай болуы керек деген ой жазушылар мен əдебиетшілерді 1920- жылдардың бас кезінде-ақ толғандырған болатын. 1923 жылы В.Маяковский ендігі жерде негізгі əдіс «тенденциозный реализм» болуы керек дегенді ұсынған болса, 1924 жылы А.Толстой «монументалды реализмнің» буржуазиялық эстетикаға қарсы тұратындығын дəлелдеуге ұмтылды. 1929 жылы РАПП- шылдар «пролетарлық реализм» деген терминді қолданды. 1931 жылы И.В.Сталин жоғарғы партия мектебін бітірушілер алдында сөйлеген сөзінде «социалистік реализм» деген атауды алғаш рет қолданды да, кеңестік идеология ғылыми тұрғыда негіздеуге көшті. «Халықтар көсемі» өзі басқаратын қоғамға қандай əдебиет қажет болатынын білді. Оған тек азусыз, құс таңдай, қызыл иек əдебиет керек еді. Жазушылар қаламында қандай ұлы құдірет жатқанын сезді де, оларды əрдайым ауыздықтап ұстауға, қажет бола қалса, өз жыршысына айналдыруға күш салды» [5]. Өйткені 1920- жылдардың соңы мен 1930-жылдардың басында Л.Троцкийдің еңбектері оқылудан, пайдаланудан шығарылып тасталғанымен, «Литература и революция» еңбегіндегі жаңа замандағы əдебиет туралы идеялары жойылып та кете қоймаған еді. Оның «творчество Демьяна Бедного есть пролетарская и народная литература, т.е. литература, жизненно нужная пробужденному народу. Если это не «истин- ная» поэзия, то нечто большее ее» деген пікірі 1930-жылдардың басында «Демьянша жазу» ұранының тууына негіз болды [6]. Ал Блокқа берген: «И все же «Двенадцать» не поэма революции. Это лебединая песня индивидуалистического искусства, которое приобщилось к революции. Конеч- но, Блок не наш. Но он рванулся к нам. Рванувшись, надорвался», — деген бағасы блокшылдықтан бас тартуды туғызса, орыс əдебиетіндегі футуризмді сынаған ойлары «жанды адамды көрсету» қағидасының өріс алуына себепкер болды. Л.Троцкийдің «методы марксизма не методы искусства» деген тезисін əдеби-теориялық ой-пікірден біржола жою үшін И.Сталин, коммунистік партия көркемөнер мен əдебиет саласындағы саясатын нақтылап алу жолында шешуші бетбұрыс жасауды ұйғарды. Соның негізінде 1932 жылы 29 сəуірде «Əдебиет, көркемөнер ұйымдарын қайта құру тура- лы» Орталық партия Комитетінің Қаулысы дүниеге келді. Іле-шала (20 мамырда) И.М.Гронский пар- тия өкілі ретінде «социалистік реализм əдісі» деген терминдік анықтаманы жария етті [7]. Қаулы шыққаннан бастап социалистік реализмді кеңес əдебиетінің негізгі əдісі ретінде теориялық негіздеу мен насихаттау, оның принциптерін анықтау, əдебиеттің партиялық, таптық болуы керектігі мен идеология құралы екендігін дəлелдеу науқаны басталды.

Қазақ əдебиеттану ғылымы да социалистік реализм аталған осы «өлшемді эстетиканы» меңгеру жолындағы іс-шараларға жұмыла кірісті. Соңғы кезге дейін социалистік реализмді қазақ əдебиеттану ғылымында «Қызыл ат» жəне социалистік реализм» мақаласына байланысты алғаш рет сөз еткен М.Қаратаев деп санап келген едік. Мезгіл жағынан қарағанда, соцреализмді теориялық тұрғыда негіздеуге кіріскен бүкілодақтық науқанға алғаш үн қосқан С.Мұқанов болды. 1933 жылдың 12 қаңтарында педогогикалық институтта «Социалды реализм жəне төңкерісшілдік романтизм» деген тақырыпта лекция оқыса, 11 сəуірде осы лекцияның негізіндегі «Социалды реализм туралы» мақаласы жарияланды («Социалды Қазақстан», 1933, № 84). Бұл баяндама мен мақалада социалистік реализм туралы автор көзқарасы орталық басылымдардағы теориялық барлаулар ықпалында туындап жатса да, оның советтік əдебиеттің басты əдісі болатындығы мен партиялығы, таптығы, принциптері ұлттық əдеби-теориялық таным-тілікте алғаш рет түсіндіріліп берілді. «Мазмұны социалистік, түрі ұлттық» əдебиет жасау жолындағы азды-көпті табыстарды саралай келе, социалистік реализмнің өмір шындығын революциялық дамуда бейнелеудегі бұзылмас заң екенін дəлелдеді. Əсіресе сол кездегі идеология майданындағы таптық күрестің шиеленісуінің əсері мен таптық қоғамда əдебиеттің тек қана таптық болатынын айрықша көрсетіп, кейбір ақын-жазушылардағы осы принциптен ауытқуды сынады. Ал М.Қаратаев мақаласының жазылуына 1930 жылдардың басындағы əдеби сында ерекше талқыланған» С.Сейфуллин шығармаларына орай ұйымдастырылған дискуссия себеп болды. Оның ішінде: «Мен де дискуссияға араласып кеттім. «Қызыл ат» жəне социалистік реализм» деген ұзақ мақала жаздым. Ол «Лениншіл жас» газетінің 1933 жылғы февраль-март айларының 4–5 нөмірінде жарияланды», — деп автор өзі жазғандай [8], «Қызыл ат» поэмасына арналған пікірталасқа байланысты жазылған болатын.

ҚазАПП сыншыларынан, М.Қайыпназарұлының баяндамалары мен мақалаларындағы солақай сыншылдықтан көз ашпай келе жатқан Сəкен шығармашылығы «Қызыл ат» поэмасы жазылғанда да ерекше талқыға түсті. Арнайы ұйымдастырылған пікірталаста поэманың колхоз құрылысына жабылған жала екені, онда ауыл мен қаланы бір-біріне қарсы қоюшылық басым көрінетіні, қызыл ат деп отырғаны астармен айтылған кедей-шаруа екені, оның өткен күнін артық көріп, сол уақытын аңсайтыны баса айтылып, саяси айып тағуға дейін барған пікірлер оңды-солды айтылып жатты. Осындай шақта жазылған М.Қаратаевтың мақаласы И.В.Сталиннің «Табыстан бас айналғанда» атты еңбегінің жазылуымен жəне социалистік реализм əдісін бүкілодақтық деңгейде теориялық негізделуімен тұспа-тұс келді. Сол себептен де автор бұл əдістің негізгі нысанасы социалистік өмір шындығын жырлау екенін ашып беру арқылы «Қызыл ат» поэмасын солақай сыншылдықтан сақтап қалды. Міне, С.Мұқановтың, М.Қаратаевтың осы мақалаларынан бастап социалистік реализмнің қазақ əдебиеттану ғылымындағы «алтын дəуірі» басталды. Əдеби сын мен əдеби-теориялық ой-пікір социалистік реализмді насихаттау, үлгі-өнеге ету науқанына белсене кірісті. Қ.Өтепұлының «Социалды реализм» (Əдебиет майданы, 1933, № 2), З.Шашкиннің «Əдебиет жəне социалды реализм» (Социалды Қазақстан, 1933, 18 ақпан), Ғ.Тоғжанұлының «Қазақ əдебиетіндегі сын туралы кейбір өзгешеліктер» (Социалды Қазақстан, 1933, № 195), Ə.Қоңыратбаевтың «Əдебиетіміздегі реализм туралы» (Əдебиет майданы,1934, № 5) т.б. мақалалардың жазылуын — соның айғағы деген дұрыс. Оларда маркстік-лениндік əдіснаманың əдебиеттің таптығы, халықтығы, партиялығы принциптеріне тереңдеп бара қоймағанымен, осы ұғымдардың берік орын тебуіне жолбасшылық сипат танылды. М.Қаратаевтың жоғарыдағы мақаласының ізімен қазақ əдебиетіндегі социалистік реализмді анықтау мен көркем шығарманың осы əдісте жазылуын қадағалау басты назарда ұсталды.

«Біздің творчестволық тəжірибеде қолданатын көркем əдісіміз де, оны зерттейтін ғылыми еңбектерде қолданатын принципіміз де айдан анық. Ол маркстік-лениндік дүниетанымға сəйкес социалистік революция дəуірінде туып қалыптасқан, көркем əдіс ретінде əдебиет процесінде əдеби жүзеге асқан социалистік реализм принципі» екені қағидаға айнала бастады [9]. Нəтижесінде көркем əдебиет партиялық істің бір бөлшегіне, саясат пен идеологияның сойыл соғар белсенді құралы болу қасиетіне ие бола бастады да, сын мен əдебиеттану жаңа эстетика мен теорияның қасаң қағидасының құрсауына түсті. 1930 жылдардағы ұлттық əдеби-теориялық ой-пікірдің өсу, кемелдену жолындағы ізденістерінде сəтті қадамдар жасауға деген талпынысын əдеби даму процесіндегі күрделі мəселелерге араласуы да танытады. Кеңестік əдебиеттану ғылымында бүкілодақтық деңгейде сөз болған натурализм, формализм туралы айтысқа тартынбай баруы оны тағы да дəлелдей түседі. М.Горький «Правда» газетіндегі мақаласында шығарманың формалық жəне идеялық тұтастығы туралы ой-толғамын ортаға сала келіп, кеңінен пікір алысуға шақырған үндеуіне қазақ əдебиетші- сыншылары да қызу үн қосты [10]. Қазақ əдебиетіндегі натурализм, формализм туралы Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастырған пікірталас 1936 жылдың 2 сəуірінде басталып үш күнге созылды. Əдеби айтыс дəрежесінде өткен бұл пікірталастағы негізгі ойлар баспасөз бетінде жарық көрді.

«Социалды Қазақстан» газетінде «Көркемөнердегі формализмге қарсы» (№ 64), «Жазушылардың əдебиет жөніндегі айтысы» (№ 86,87) деген мақалаларға, «Қазақ əдебиеті» М.Əуезов, С.Мұқанов, Р.Жаманқұловтың сөздері мен Ə.Тəжібаевтың «Адал сырым» мақаласына орын берді (1936, № 16).

Негізінен алғанда орыс əдебиеттану ғылымындағы формализм мен натурализм туралы дискуссияның тууы социалистік реализмнің ендігі дамудағы негізгі əдіс болып танылуы жолындағы ұмтылысы мен өз позициясын анықтау үшін жүргізген күресінен туындады. Орыс əдебиетіндегі формалистер жəне тағы басқа да əдеби ағымдар өкілдері социалистік реализм алдағы көркемдік даму процесінде символизм, футуризм, имажинизм, конструктивизм, формализм, натурализмдердің осы кезеңге дейін қол жеткізген табысын негізге ала отырып, кеңінен пайдалануы керек деген көзқарас туғызған болатын. Мысалы, К.Зелинский: «Я думаю, что последнее должно соединить стилевые чер- ты трех основных школ: реализма, символизма, конструктивизма», — деп жазды [11]. Формализм, натурализмге қарсы шабуылдың күшті болғаны соншалық, орыс формалистерінің ірі өкілдерінің бірі В.Шкловский: «Формалисты вместо того чтобы поднимать целину, пашут там, где было распахано»,— деген мойындауға дейін барды [12].

Көркем шығармада адам тұлғасын сомдауға селқос қараушылық, антигуманизмге ұрыну, шындыққа менсінбей қарап, таптық күресті толық аша алмау т.б. кемшіліктері ашылған формализм мен натурализм «были осуждены с позиций жизни и искусства, и во имя жизни и искусства как явления антихудожественные и антинародные» [13]. Дискуссия қорытындысы жаңа ізденістерге шектеу салып, əдебиетті социалистік реализм қағидаларының қалыбынан шығармауды жоспарлаған партиялық басшылық пен кеңестік идеология саясаты жемісі болып шықты.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Мұқанов С. 16 томдық шығармалар жинағы. — 14-т. — Алматы: Жазушы, 1978. — 80-б.
  2. Большевик Казахстана. — 1932. — № 1. — С.
  3. Кəкішев Т. Қазақ əдебиеті сынының тарихы. — Алматы: Санат, 1994. — 30-б.
  4. Сакулин П.Н. Социологический метод в литературоведении. — М.: Мир, 1925; Фриче В. Социология искусства. —М.-Л.: ГИЗ, 1926.
  5. Социалистік реализм керек пе? // Қазақ əдебиеті. — 1991. — 25 қаңт.
  6. Троцкий Л. Литература и революция. — М.: Политиздат, 1991. — С.
  7. Советское литературоведение за 50 лет. — Л.: Наука, 1968. — С.
  8. Қаратаев М. Əдебиет жəне эстетика. — Алматы: Жазушы, 1970. — 268-б.
  9. Қаратаев М. Революция рухымен. — Алматы: Жазушы, 1978. — 85-б.
  10. Горький М. О формализме // Правда. — 1936. — 9 апр.
  11. Зелинский К. Поэзия как смысл. — М.: Федерация, 1929.
  12. Литературная газета. — 1936. — 15 марта.
  13. Советское литературоведение за 50 лет. — М.: МГУ, 1967. 

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.