Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Орыс сыныптарында қазақтың əдет-ғұрып, салт-дəстүрлерін оқыту

Қазақ халқының бай ауыз əдебиетінің де, тарихының да, тілінің де мол қазынасы əдет-ғұрып, салт-дəстүрінде жатыр [1]. Жер бетіндегі қай халық болса да өз салт-дəстүрлерін, əдет-ғұрыптарын ұстану жағынан алдыңғы орында сияқты. Көптеген жақсы дəстүрлеріміз жарқырап көрінбей, жай тілде бар, жүректе жоқ, қағазда бар, халықта жоқ боп, уақытты оздырып жатыр. Тамаша дəстүрлерге өте бай екенімізді жас ұрпақтардың құлағына күн сайын құя бергеннен еш ұтылмаймыз. Біздің қоғамда тек қазақ ауылдары мен қаладағы қазақ тойларында шынайы болса, театрларда, оқу орындарында, қазақ мектептерінде, аралас мектептердің қазақ сыныптарында ғана дəстүрлердің шынайы емес сахналық көріністе, қойылымдарда ғана көрінуінен басқа жаппай жалпыхалықтық болып таралуына қыруар еңбек керек. Ал қазақ дəстүрлерін көрсетіп, насихаттау тек Наурызда ғана өтіп келе жатқанына біраз жылдар болып қалды. Тіпті, орыс мектептеріне арналған қазақ тілі оқулықтарының бəрінде де бір модульдің көлемінде оншақты сағатқа құрылған бағдарламамен шектеліп келеді. Оған да тəуба деп отырмыз [2].

Қазіргі кезде кез келген орыс мектебіндегі сыныптардың жартысына жуығы жергілікті қазақ ұлт өкілдері. Оларға «Шығысым Батыс боп кетті» дегізбей, дер кезінде санасын жаулаудың, əрине, қазақтың озық үлгідегі дəстүрлері мен ғұрыптары арқылы «беттерін бері қаратып» он бір жыл бойы ойландырып отыратын болсақ, өз халқымызға да, асыл қазынамызға да ие боларымыз анық. Сонымен қоса, біздің елімізде өмір сүріп жатқан қай ұлт өкілі болса да қазақтың əдет-ғұрып, салт-дəстүрлерін «бес саусағындай білуге» тиіс жəне де міндетті дер едік. Бір шаңырақ астында тұрып жатқаннан соң, олардың дəстүрлерінің насихатталуына да көп көмегімізді аямай отырғанымызды ұмытпағаны жөн секілді. Салт-дəстүрге баса назар аудару арқылы ерте заманнан бергі өткен өмірізді тереңдете оқыта аламыз. Сол себептен де қазақ тілін меңгертуге бірден-бір көмек жасай алатын дерек көздері осы əдет-ғұрып, салт-дəстүрімізде жатыр. Оқушыларды патриотизмге тəрбиелейтін, адамдарды бір-біріне түсіністікпен, сыйластықпен қарататын, əдеп сақтау, ибалық, инабаттылық жағына бой бұрғызатын, жамандықтан аулақ қылатын, қажетті ақыл-кеңеске толы салт-дəстүрдің кешегісі мен бүгінгісін салыстырмалы түрде арнайы оқулық ретінде қарастырып, жалғыз мектеп қана емес, барлық оқу орындарына халық ауыз əдебиетін кіргізетін уақыт жетті. Кешігіп те жатырмыз.

Қазақтың əдет-ғұрпы мен салт-дəстүріне байланысты материалдар көптеп баспа беттерін көруде. Тіпті, екі-үш тілде қатар аударылып шыққандары бар. Деректі фильм етіп түсірілген орысша əрі қазақша нұсқалары кейінгі жылдары көптеп шығуда. Бүкіл Қазақстан Республикасында əр мектепте сабақ беріп жүрген қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімдерінің жеке қоржынындағы жазулы тұрған дайын салт-дəстүр мен əдет-ғұрыптарға байланысты жазылған сабақ үлгілерін жиыстырып, белгілі уақытқа құрылған осы сабақ үлгілерін сұрыптап, оқулық құрастыру — қиын да емес. Тек Білім жəне ғылым министрлігі рұқсат етсе болды.

Қазақ халқының ұлттық құндылықтары арқылы жас ұрпақтың танымын, сана-сезімін, ұстанымын, болашаққа аттаған қадамын реттеуге, саралауға болады. Қазақ елі — көп ұлтты мемлекет деген атқа ғана ие болмауы үшін, көп тілді ел деген сөзге қалмау үшін, біртілді мемлекет, оның қожайыны көп ұлт емес, бір ғана қазақ халқы екендігін мойындату керек. Əдет-ғұрып, салт- дəстүрлерімізді оқыту арқылы да, оны күнделікті өмірде қолдана білгізу арқылы да елдігімізді сақтап, асыл мұраларымызды, қасиетті қазынамызды қадірлете алуымыз керек. Сол себептен де қазақ еліндегі қай тілдегі мектеп болса да, əдет-гұрып, салт-дəстүр арқылы тəрбие жұмысы жүргізілуі тиіс.

Бауыржан Момышұлы 1943 жылы, наурыз айында Қазақ ССР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы Н.Оңдасыновқа асық, жасырынбақ, айтыс, бəйге, аударыспақ ойындарының жастарды шеберлікке, мергендікке, ширақтыққа, табандылыққа, ептілікке, тапқырлыққа, өлеңді суырып салып айтуға, ауыз əдебиеті мен музыкаға сүйіспеншілігін арттыруға, есеппен тəуекелге бел байлауға, тіпті, өзінің атағы мен ары үшін өлімге бас тігуге дейін баратынын, рыцарлық қасиетке тəрбиелейтінін айта отырып: «Қазақ халқының өткен тарихындағы барлық жақсы дəстүрлер бүгінгі таңда қайта салтанат құруы тиіс», — деп, арнайы хат жазып жолдауы тегіннен-тегін еместігін аңғартса керек.

Белгілі қоғам қайраткері, заңгер ағамыз Н.Шайкенов: «Ұлт дəстүрі — заңнан биік», — деген екен. Өте орынды, қисынды айтылган тұжырымдар. Олай болса, осы пікірлер əдет-ғұрып, салт- дəстүрдің тигізер пайдасының мол екендігін дəлелдеуде [3].

«Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл...» атты ашық сабақтың жоспары мен өтілу барысында қолданылатын материалдарды мысалға келтірелік. Бұл тақырып жоғары сынып оқушыларына 9- сыныптан бастап қана өтілуге тиіс. Əрбір өтілген ашық сабақтың материалдары кітапша етіліп, электрондық нұсқасымен бірге мектептің мұрағатына енуі керек деп ойлаймыз. Басқа мұғалімге, əсіресе, жас мамандарға үлгі боларлық көмекші құрал ретінде сақталынғаны тіптен жақсы. Сонымен, ашық сабақтың толық жазбасының бірінші мұқабасынан бастасақ. Жоғары жақта Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі, астына облыстық білім беру департаменті, сосын өз мектебінің аты. Одан төменгісі мектеп əкімшілігінің рұқсаты, мектеп мөрі мен басшы қолы, айы, күні, жылы. Мұқабаның ортасына таман ашық сабақ деп бір жолға жазылып, тақырыптың атын тырнақшаға алып, айырықша көз тартарлық əріптердің жазылуымен көркемдеп көрсету керек.

Тақырыптың астына пəн мұғалімі деп, мұғалімнің аты-жөні жазылып, ең аяғына таман елді мекеннің аты мен жыл жазылады. Келесі бірінші бетке бірінің астынан бірі санамалап: пəн, сынып, тақырып, өтілетін күні, уақыты, аудиториясы жəне сабақ туралы аннотация жазылуы керек. Екінші беттен бастап сабақтың жоспары жазылады. Бас жағына ашық сабақ жоспары:

  1. Сабақтың тақырыбы: «Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл...».
  2. Сабақ түрі: семинар сабақ.
  3. Сабақ типі: білім, дағды, машықтарын жетілдіру.
  4. Сабақ əдісі: əңгіме, сұхбат, сұрақ-жауап.
  5. Сабақ формасы: жеке.
  6. Көрнекілігі: оқулық, ғылыми-көпшілік шығармалар, əдеби көркем шығармалар, түрлі-түсті көркем суреттер, картиналар, қазақтың ұлттық киімі, тамақ, салт-дəстүр, əдет-ғұрып, əшекейлер, ойындарға арналған энциклопедиялар көрмесі, үйлену тойы туралы көркем жəне деректі фильмдер, құдаласу түрлері, жөн-жоралғылар түрлері, қыз ұзатудың рəсімдері, той басқарудың жол-жобасы, тойдағы ойынның түрлері, мақал-мəтелдер жазылған плакаттар.

7. Сабақтың мақсаты:

  • білімділік. Қазақ халқының əдет-ғұрып, салт-дəстүлерінің озық үлгілерінен мол ақпараттар алу. Тарихи деректерге жүгініп, əдет-ғұрып пен салт-дəстүрді ажырата білу;
  • дамытушылық. Оқушылыр осы тақырыпқа байланысты бұрыннан естіп, біліп жүрген білімдерін ортаға салып, əңгімелейді. Мақал-мəтелдер, жар-жар, беташар, қоштасу, сыңсу, сүйінші сұрау, бата түрлерін жатқа оқиды, ойларын айтады, пікірлеседі;
  • тəрбиелік. Қазақтың əдет-ғұрып, салт-дəстүрлерін сақтай білуге талпындыру. Отбасын құрудың қандай қиын екеніне дəлелдер келтіру. Достық, бірлік, татулық, махаббат туралы сөз қозғап, қыздың қылығы мен ұлдың жүріс-тұрысы, ұстанымы жөнінде əңгімелесу, пікір алысу.

8.  Сабақтың өтілу барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырмаға шолу жасап, қысқаша қорытындылау.
  3. Тексеру, барлау жасау. Алғашқы қадам. Қазақтың əдет-ғұрып, салт-дəстүрлері жайлы қаншалықты мағлұматтары бар екендіктерін анықтау.

Семинар сұрақтары:

  • Əдет-ғұрып дегеніміз не?
  • Қандай əдет-ғұрыптарды білесіңдер?
  • Салт-дəстүр дегеніміз не?
  • Қазақтың қандай салт-дəстүрлерін білесіңдер?
  • Екеуінің қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

 Оқушыларды бағалау. Сабаққа белсенді қатысып отырғандарға ынталандырып, тек өте жақсы ұтымды жауап бергендерге ғана «үздік бағасын» өз журналыңа қойып қою / жаңа сабақ түсіндірілген соң, алған білімдеріне де сондай баға болатынына жарнама жасау/.

 Жаңа сабақ. Қарқынды қадам. Тақырыпқа байланысты əңгіме, сұхбат жүргізу. Сөздікпен жұмыс жасау. Құда, құдағи, құдаша, қайын ата, қайын ене, қайын іні, қайын сіңілі, қайын жұрты, өз жұрты, нағашы жұрты, келін /келін бала/, күйеу жігіт /бала/, жігіт жолдас, қыз жолдас, неке қию, неке суы, атастыру, айттыру, сүйек жаңғырту, қалыңдық, қыз ойнақ, ұрын келу, құда түсу, енші, жасау, жұбайы /зайыбы/, жеңге, жезде, балдыз деген сөздерге түсінік беру.

 1. Құда түсудің түрлері мен жөн-жоралғылары:

Құда түсудің түрлері:Бел құда; Бесік құда; Қарсы құда; Жанама құда.

  • Қазіргі заманда қай құда түсудің түрі қолданып келеді?
  • Алып қашу деген бар ма? Кітаптан оқыған, елден естіген, көзіңмен көргендерің бар ма?
  • Тағы да қандай құдаласудың түрін білесіңдер?
  • Ендеше құда түсудің жөн-жоралғылары естеріңде болсын. Дəптерлеріңе жазып алыңыздар. (Осы кезде «Той жыры» əні ақырындап қойылған соң, «Тойбастар» күйі ойналып тұрады).

Құда түсудің жөн-жоралғылары:

 Жаушы жіберу. 2. Құдаларды қарсы алу. 3. Сырға салу. 4. Қалың мал келісімі. 5. Бес жақсы /бас жақсы/ сый-сияпаты. 6. Ілу. 7. Өлі-тірі рəсімдері. 8. Той малы /қара мал/. 9. Сүт ақы. 10. Жігіт түйе. 11. Ұрын той жасау. 12. Қыз ұзату тойы. 13. Жасау беру. 14. Келін түсіру. 15. Отау тігу. Қоржын той. 17. Төркіндеу.

Құда түсудің жөн-жоралғыларының əрбіріне арналып жазылған қысқаша түсініктеме мəтіндерді əр оқушыға таратып беріп, оқытып, түсініктерін айтқызу. Немесе осы жерде ілеспе аударма жасатуға болады. Сұрағанда тақырыпшалардың бəрі толық қамтылуы тиіс. Құрылған мəтін үш-төрт сөйлемнен көп аспағаны дұрыс.

Мысалы:

Қалың мал:

Құда түскеннен соң, жігіт жағы қалың мал төлеуге тиіс. Бұл — қазақ қазақ болғалы бұлжымайтын ежелгі дəстүр. Оның мөлшері құдалардың дəрежесі мен əулетіне байланысты екі жақ келісе отырып шешіледі. Ерте кезде қалың малдың «қырық жеті, «отыз жеті», «жиырма жеті», «он жеті», «домалақ қалың мал», «домалақ бата» деген түрлері болған.

Осы түсініктерін ары қарай жетілдіріп, бекіте түсу үшін, ой-толғауға арналған сұрақ қойылмақ:

– Қазақта: «Əр елдің салты басқа, иттері қара қасқа», — деген нақыл бар, осы құда түсу жөн- жоралғыларының қайсысы өзіміз тұрған аймақта көп қолданылып келеді?

 2. Қыз ұзатудың рəсімдері:

  1. Көпшік қыстырар. 2. Шашу. 3. Киім ілу. 4. Табалдырық кəдесі. 5. Сыбаға асу. 6. Малға бата жасау. 7. Құйрық-бауыр асату. 8. Киім тігу. 9. Босаға аттар. 10. Асық жілік. 11. Ал төс. 12. Неке оқу.
  2. Қыз қашар, түндік жабар. 14. Шатыр байғазы. 15. Мойын тастау. 16. Шаңырақ көтеру. 17. Ат байлар. 18. Сəукеле кигізу. 19. Босағаға ілу. 20. Сарын /аужар/ [4].

Мұғалім осы рəсімдердің барлығын өзі айтып, түсіндіріп, энциклопедияларды көрсету арқылы қысқаша шолу жасап өтеді. Мұны үй тапсырмасы ретінде əркімге жеке-жеке тақырыпты бөліп береді. Картиналарды пайдаланып, ұзатылатын қыздың киім киісі мен киім үлгілеріне баса назар аудару қажет. «Қыз Жібек» киносынан үзінді көрсетіп, бұрынғы мен қазіргі киім үлгісіндегі айырмашылықты айтқызу.

 3. Той басқарудың жол-жобасы:

  1. Той бастар өлеңі. 2. Ұзатқан қыздың қоштасуы. 3. Шешесінің қоштасуы. 4. Жеңгесінің қоштасуы. 5. Қайым айту. 6. Жар-жар. 7. Сыңсу. 8. Беташар. 9. Бата беру.

Магнитофоннан «Тойбастар», «Жар-жар», «Беташар» секілді қазіргі кезде жиі айтылып жүрген өлең-жырларды естірту. Жəне Жар-жарды барлығы қосылып айтып, келесі сынақ-сабаққа өз күштерімен тойдың өтілуін бейнелейтін қойылым ұйымдастыруына көмек жасау, бағыт беру қажет.

  1. Мақал-мəтелдер айтқызу. Бір жолды, екі жолды, төрт жолды мақал мəтелдерді плакаттардан тауып, мағынасын ашқызу; /жазылған мақал-мəтелдер саны əр оқушыға төрт-бестен келсе, біреуі болмаса, біреуі қолма-қол естерінде жатталып қалады/.

– Қанеки, кім көп еске сақтап қалады?! Жан-жақтарыңызға қараңыздар, бірер минуттан соң плакаттарды жинап алғанда, жарыс ұйымдастырамыз, — деп ескерту жасау.

Мысалы, алдын ала ілінген, тіпті, үйге де берілген мақал-мəтелдер.

Тойдың болғанынан, боладысы — қызық.

Аты, тоны сай кісі,

Жиын-тойға барысар.

Ұлы, қызы бар кісі,

Құдалыққа барысар.

 Асқа барсаң, аш бар, Т

ойға барсаң, тоқ бар,

Той қызығы — көкпар.

Той тамағы — тəтті.

 Құданы Құдай қосады,

Досты періште қосады.

 Əке сөзі — парыз,

Ана сүті — қарыз.

 Əйел жерден шыққан жоқ,

Ол да еркектің баласы.

Ерлер көктен түскен жоқ,

Əйел оның анасы.

 Ұл өссе — ұрпақ,

Қыз өссе — ырыс.

 Шешеге қарап қыз өсер,

Əкеге қарап ұл өсер.

Анаңның алдында асқар тау да аласа.

Көріп алған көріктіден,

Көрмей алған текті артық.

Ырыс алды — қыз.

Тегіне қарап, қызын ал.

 Бірінші байлық — денсаулық, Екінші байлық — ақ жаулық, Үшінші байлық — он саулық.

 Үйлену — оңай, Үй болу — қиын.

 Жақсы əйел — ырыс, Жаман əйел — ұрыс.

 Күйеу — жүз жылдық, Құда — мың жылдық;

 Білімді əйел басыңа қарайды, Білімсіз əйел жасыңа қарайды.

 Адам ақылымен сымбатты,

Ұрпағымен қымбатты.

Көргені жақсы көш бастайды.

Бала — бақшадағы гүлің,

Оны тəрбиелеу — үлкен ғылым.

 Ердің жақсысы елімен ойласады,

Əйелдің жақсысы ерімен ойласады.

Шақырусыз тойға барғанша,

Шапаныңды ки де тойға бар.

 Тойда тоныңды сұрама.

Таз таранғанша, той тарқайды.

Əйел — үйдің көркі,

Еркек — түздің көркі.

 Əшейінде ауыз жаппас,

Той дегенде, өлең таппас.

 Біреу болса — құда, Екеу болса — ұя.

 Жақсы болсын, тегі, заты, тұқымы,

Пəк, ұятты болсын жанның тұнығы... /Жүсіп Баласағұн/

 Елден елді аралап, Тектіден текті саралап,

Нұсқасын байқап саралап... /Ақтамберді/

 Көріп алсаң көріктіні, Таңдап алсаң тектіні,

Сонда көңіл толмай ма!?.. / Абай/

 Есте қалған мақал-мəтелдеріңмен қоса тағы да қандай мақал-мəтел білесіңдер? Ендеше, тойда ойналатын ойындарға қарай бет бұрайық.

  1. Тойға байланысты ойындар. Қосымша баға алу кезеңі. Түсініктерін сұрау, кейбірін ойнатып көрсету.

Əңгімелесу сұрақтары:

  • Той ойындарын білесіздер ме?
  • Қазіргі тойларда қандай ойындар ойналып жүр?
  • Осы ойындарды қазіргі кезде ойнауға бола ма?
  • Бір ойын түрін көрсетші!

Ойын түрлері:

  1. Сақина салмақ. 2. Нөмір. 3. Қассың ба, доссың ба? 4. Хан қалай? 5. Монданақ. 6. Орамал тастау. 7. Ұшты-ұшты. 8. Асау көк. 9. Соқыртеке. 10. Белбеу соқ. 11. Ымпи да тымпи. 12. Алтыбақан.
  2. Ақсерек-көксерек. 14. Қыз қуу. 15. Күміс алу. 16. Ағаш аяқ. 17. Ақсүйек. 18. Қимақ. 19. Санамақ.
  3. Тасымақ. 21. Отырмақ. 22. Сыңарын табу. 23. Почта. 24. Сымсыз телефон. 25. Орын тап.
  4. Аттамақ. 27. Епті жігіт. 28. Тасымалдау. 29. Асық ойыны.

Тағы да əр оқушыға жеке тапсырма ретінде ойын шарты жазылған мəтінді ұсынып, ілеспе аударма жасату қажет. Əркім өзіне берілген тапсырманы түсінгенін немесе түсінбегенін айтады. Ойын шартын жақсы ұққан оқушы келесі жолы барлығына ойын ойнатуға жолдама алып, екі бағаға қатар ие бола алады.

  1. Бата бергізу, тілектер айтқызу /өздік шағын шығармашылық жұмысын істету/; батаның түрлеріне тоқталып, оңай жатталатын жаттамақ, тақпақ секілді бата мен тілектердің бірнеше мəтінін таңдатып, жаттап ұғып келуге беру. Өз жандарынан қосқызу, мəтінге жалғастырып ой қосқызу.

7.  Алған білімдерін бекіту, жалпы шолу жасау:

Блиц-турнир ұйымдастыру /сұрақ тез қойылады, оған тез жауап қайтарылады. Сұрақтары:

  • Құдаласқаннан соң қандай тағам түрін жеп, уəде беріседі? /құйрық-бауыр/
  • Қызды ұзатқанда берілетін дүние-мүлік аттарын қалай атайды? /жасау/
  • Құдаларға кигізетін киімдерді қалай атайды? /киіт/
  • Екі жас үйленгенде тігілетін үйдің атауы? /отау/
  • Күйеу жігіт қыздың шешесіне қандай кəде, сый жасайды? /сүт ақы/
  • Балалар дүниеге келмей тұрғанда құдаласса, қалай аталады? /бел құда/
  • Неше атаға дейін дейін қыз алысуға болмайды? /жеті атаға дейін/
  • Бұрын құда болғандар тағы да құда болып, қыз алысса қалай делінеді? /сүйек жаңғырту/
  • Жас жұбайлар əке-шешелерінен бөлек шыққанда не беріледі? /енші/
  • Тұрмысқа шығатын қызға қандай бас киім кигізеді? /сəукеле/

Қай оқушы көп сұраққа жауап береді, сол жеңімпаз атанып, тиісті бағасын қолма-қол алады. Болмаса, екі оқушыны шығарып, кім бұрын жауап береді, қайсы көп балл жинайды, сол жеңімпаз болады.

  1. Үйге тапсырма беру. Қазақтың əдет-ғұрып, салт-дəстүрлерін тереңдете оқу, тойға байланысты жыр, мақал-мəтелдер жаттау, бір ойын түрін басқаларға ойнату, үйрету жəне де сөзжұмбақ құрастыру.

9.  Оқушыларды бағалау.

  1. Сабақты қорытындылап, жалпы түсінік тудырып, сабақты аяқтау.
  • Құрметті оқушылар, «Білетініміз — бір тоғыз, білмейтініміз — тоқсан тоғыз», — деп дана халқымыз айтқандай, біздер бүгін көптеген мағлұматтарға кез болдық. Бұлардың өзі — ата- бабамыздан қалған асыл мұра. Сол халықтың қазынасын сақтай білейік. Басқа халықтардың салт-дəстүрлерімен салыстырып көрелік. Еліміздің ертеңгі болашағы сендердің қолдарыңда. Дəстүр жалғастығы арта берсін! [5].

 Этномəдениеттің көбірек оқытылуынан кейінгі күтілетін нəтижесі мол десек, артық айтқандық болмас.

Оқушы:

  1. Қазақтың тарихын, өмірін ой елегінде зерделейді, салыстырады, қабілетін дамытады.
  2. Қазақтың əн мен жырына қанық боп, бойы үйренеді.
  3. Сөздік қорын көбейтеді. Дайын фразаларды, тұтас сөйлемдерді, шешендік толғауларды сөйлеу тіліне пайдалана алады.
  4. Көркем əдеби тілді меңгеріп, оны дамыта алады.
  5. Сөздік жұмысын жүргізіп, сөз мағынасы мен сөз төркініне терең бойлауға, контекстегі сөз мағынасына көңіл бөлуіне мүмкіндігі болады.
  6. Халық ауыз əдебиетіне, тарихына, өткен өміріне тіліне, этномəдениетіне, педагогикасына деген қызығушылық артады. Өздігінен ізденіс жасайды.

 Ал мұғалімнің алдына қоятын мақсат пен міндеттері мынадай болмақ:

  1. Орыс тілді мектептерде тіл игерудегі бес əрекетті қолдану. Олар: айтылым, тыңдалым, жазылым, сөйленім, тілдесім.
  2. Қай сыныпта өтілуіне қарай, бастауыш сыныпқа бөлек-бөлек бағдарлама жасап, көбінесе шағын мəтін мен жаттамақ. Санамақ пен көркем суретті картиналар, қазақтың киім үлгілері, ұлттық ойын түрлері, атауы. Жəне ұлттық ойынмен ойнату арқылы таным-түсініктерін туғызу. Салт- дəстүрлерге байланысты фильмдерді көрсету. Əсіресе бала тəрбиесіне байланысты тұстарына көп мəн беру керек.

Ал орта сыныптағыларға қазақтың əдет-ғұрып, салт-дəстүрлерін өтерде тарих пəнімен тұспа-тұс қатар келіп, қазақтың байырғы еңбек құралдары, қару-жарақтар, киім-кешектер үлгісі жəне қазіргі кездегі үлгісін көркем суреттерден көрсету. Фильмдерден үзінді көрсету арқылы жəне оқушылардың өзіне сахналық көріністер мен қойылымдар жасату. Топтар арасында əн мен күйден, салт-дəстүр, əдеп-ғұрып бойынша жарыс ұйымдастырып, ынталандыру бағаларын қою арқылы əр тоқсан сайын сынақ алуды жоспарға енгізу. Ұлттық ойындарды ойнатып, оның түрлерін, қалай ойналатынын ауызша айтқызып дағдыландыру.

Əдеп-ғұрыпқа байланысты тыйым, алғыс, тілек-бата, мақал-мəтел, жұмбақ, жаңылтпаш айтқызып жарыстыру əр апта сайын болып тұруы керек.

Жоғарғы сынып оқушыларына жас ерекшеліктеріне қарай көбінесе құдаласу, үйлену, келісу, татуласу, жөн-жоралғылар, қонақ күту, сый-сияпат жасау, дау-дамай шешу, ырым, ым-ишара, киім үлгісі, сəн-салтанат үрдісі, көркем əрі əдепті сөйлеу үлгілерін, сөз əдебін көбірек үйрету.

  1. Керекті материалдардың барлығы да оқушының танымдық қабілеттерін қалыптастыруға құрылған болуы керек [6].
  2. Оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруға, оқытудың жаңа педагогикалық технолологиясын шебер ұйымдастыру керек.
  3. Сабақта нəтижеге бағытталған жұмыстың интерактивті түрлерін көп пайдалану қажет. Пəнаралық байланыс сабағын молайту үлкен нəтижеге қол жеткізері анық. Мысалы: биология, зоология пəнінде жан-жануарлар мен аң-құстарға байланысты өлең-жырларды жəне тұрмыста пайдалану жағы басты мақсатта айтылса. Ал тарих, география пəндері де, тіптен, олар қазақ тілі мен əдебиетінің жанашыры болуы керек, оларға əдет-ғұрып, салт-дəстүр тікелей қатысы бар.
  4. Оқушының танымын, көзқарасын ұлттық құндылықты қастерлеуге бағыттау.
  5. Халық ауыз əдебиетін, салт-дəстүр, əдеп-ғұрыпты оқыту арқылы жаңаша технологияның негізгі идеясы — оқу процесін өмірдегі болып жатқан қарым-қатынасқа ұқсастыру, жымдастыру. Оның əдістемелік маңыздылығы екі негізгі фактормен түсіндіріледі:
  6. Тасылмалдау жағдайы. (Бұрыннан бар, дайын материалдарды пайдалана отырып, өмірдегі жағдайларға ұқсастыру).
  7. Оқуға ынталандыру жағдайы: а) тіл үйренуге деген талпыныс пен қажеттіліктің туындауы; ə) заман талабына сай білім алу.

Салт-дəстүрлерді, əдеп-ғұрыпты оқыту арқылы рөлдік ойындар, айту, есту, сұхбаттасу барысында коммуникативті технологияны үнемі, жиі қолдану тиімді. Себебі қазақ халқының барлық салт-дəстүрі, ұлттық ойындары міндетті түрде төрт түрлі жолмен оқытылады. Олар: 1) даралық;

  • жұптық; 3) топтық; 4) ұжымдық. Бұлар қатысымдылық əдісті жүзеге асырып, оқушылардың таным-түсінігін, наным-сенімін, өзіндік ой-пікір, көзқарасын, ұстанымын, адамгершілігін, мінез- құлық нормаларын, сөйлеу мəдениетін қалыптастырары анық.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қалиев С., Оразов М., Смайлова М. Қазақ халқының салт-дəстүрлері. — Алматы: Рауан, 2005. — 18-б.
  2. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. — Алматы: Добр. общ-во, 2001. — 38-б.
  3. Қазақ тілі мен əдебиеті орыс мектебінде. — № 8. — Алматы: Према, 2008. — 32-б.
  4. Кенжеахметулы С. Казахские народные традиции и обряды. — Алматы: Алматыкітап, 2004. — С.
  5. Мемлекеттік тілді оқытудың əдістемесі: өзекті мəселелері мен озық технологиялар. — Қарағанды: Санат, — 47-б.
  6. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту əдістемесі. — Алматы: Мұрагер, 2005. — 55-б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.