Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Психолингвистикадағы лексикон туралы пайымдаулар

Психолингвистиканың пəнін айқындауда даулы мəселелер баршылық, қазіргі психолингвистикадағы бірқатар қағидалар нақты емес, зерттеуге алынған мəселелерде айқын меже жоқ десе де болады. Бұл жайттан психолингвистика осы күнге дейін арыла алмай отыр. Себебі оның қамтып отырған проблемалар аясы өте кең, əр алуан, əр текті. Басқа сала өрістеріне жиі жайылып кетеді. Мұның өзі біздің зерттеуімізді бұлдыр шексіздікке апарып соғардай əсер етеді. Сондықтан ділдік лексиконға қатысты айқын деген құбылыстарды негізгі нысанаға алуға тура келеді.

Психолингвистика аясында тіл білімінің философиялық аспектісі мен психологияға арналған зерттеулер баршылық. Бұлардың қатарына тіл мен ойлау, тіл мен сананың өзара ықпалы мəселесіне арналған, онтогенездік жəне филогенездік тұрғыдан адам санасының қалыптасуына бағытталған еңбектер жатады. Ойлаудың таңбалық сипаты проблемасы да осы тұрғыдан зерттеліп жүр. Мəселен, неогумбольдтшіл Лео Вайсгербердің «Ана тілі жəне рухтың қалыптасуы» атты еңбегі тіл философиясы тұрғысынан жазылған. Солай бола тұра бұл ғалымның осы еңбектегі пікірлеріне психолингвистер дəйек ретінде жиі назар аударып отырады. Вайсгербердің психолингвистикаға сүйеніш болып жүрген кең тараған бір пікірі мынадай [1; 14]. Ғалым таңбаның мүмкіндігін саралай келе, таңбаның мынадай қызметтерін көрсетеді:

  • оқиғалар легіндегі бір сəтті белгілейді, ол сəтті басқа сəттерден өзгешелейді де сол арқылы оған жаңа айқындық, анықтық қосады;
  • тəжірибе арқылы сезінуді еркін түрде қайта қайталауға мүмкіндік береді жəне оны жеңілдетеді;
  • түрлі сезім толқыныстарының арасын байланыстыруға көмектеседі де, соның арқасында нақты бір сезім толқынысынан көптеген басқа құбылыстарды жалпылап ойлап қорытып шығаруға болады.

Ділдік лексиконның түзілуінде бұл қызметтер белсенді əрекеттерге жатады.

Мəтінді ұғыну-ұғындыру туралы ғылым ретінде герменевтика да психолингвистикамен жақын, шектес. Герменевтикада сөз (сөйлеу іс-əрекеті) мəтіннің өзі мен оның қабылдануы, болмысты адамның түсіндіруі мен түсінуінің тұрғысынан қарастырылады. Герменевтикада да, психолингвистикадағы сияқты, мəтінді интерпретациялаудың көптүрлілігі, көп нұсқалы болатыны туралы қағида бар. Бұл жайт ділдік лексикондағы сөзұғыным үдерісінде де кездеседі.

Психолингвистикада мəдениеттану мен ұлттық психологияға, ұлттық танымға шектесетін бірқатар ортақ проблемалар бар. Атап айтсақ, тіл-тілдегі əлем бейнелерінің арасында айырмашылықтың болуы тілдердің құрылымымен ғана емес, сол тілде сөйлеушілердің дүниені өзінше, сол тілдің «көзімен» көруімен де байланысты екендігі туралы ойлар. Дəйек ретінде мына бір қағидаларға ой жіберіп көріңіз. Данышпан қазақ шығарған мақал: «Сөзіне қарай кісіні ал, — Кісіге қарап сөз алма» [2]. В. фон Гумбольдт: «Тіл — халықтың рухы, мəні» [3]. Л. Вайсгербер: «Тілде халықтың тəжірибесі, сол тілдің өкілдеріне маңызды дегеннің бəрі сақталады» [1; 15], — деген Ділдік лексиконның түзіліп, қалыптасуындағы ұлттық факторлар үлкен-үлкен зерттеулерді күтіп тұр.

Қазақ тіл білімінде психолингвистика дербес сала болып қалыптасқан жоқ. Жоспарлы түрде зерттеу мен оқытудың өзі санаулы ғана уақыттың еншісінде. Оның бір айқын дəлелі — қазақ тілінде атап көрсетерліктей іргелі арнайы зерттеу еңбегі немесе оқулықтың қолда жоқтығы. Бізде тіл құбылыстарының психикамен байланысы модальділік шеңбері көбіне мағынадағы эмоционалдық-экспрессивтілік аясынан аспайды десек, асырып айтқан бола қоймайды. Себебі қазақ тіл білімінде сөйлеу үдерісі емес, тіл зерттеледі. Көп тұста тіл мен сөйлеудің ара жігі ажыратылмай талданады. Бір дəйек келтірейік: «Психолингвистикалық құбылыстар (түйсік, қабылдау, сезім т.б.) сөйлеу үдерісіне тікелей қатысады. Адам ауызекі немесе жазба тіл арқылы қатынас жасағанда, белгілі бір ұғымды білдірумен бірге, сол ұғымға деген өзінің көзқарасын да қоса аңғартады. Демек, тіл ойды ғана емес, сонымен қатар адамның сезімін, жан дүниесін де білдіреді. Мысалы, оңбаған, қаныпезер, жауыз немесе сұлу, əдемі, көрікті, керім сияқты синонимдік қатардың құрамындағы сөздер бір-бірінен тек лексикалық мағынасымен ғана емес, сонымен қатар эмоциялық бояу-реңкімен де ажыратылады. Айтылу мақсатына қарай хабарлы, лепті, бұйрықты, сұраулы болып келетін сөйлемдерде адам психологиясына, ішкі дүниесіне əр түрлі əсер етеді». Бұл «Қазақ тілі» энциклопедиясының алынған дəйексөз қазақ сөйленісінің психологиялық қыры тың жатқанын көрсетеді [4].

Əрине, бұл қазақ тіл біліміндегі психологизмді тақыр жерге орнату деген сөз емес. Оның нышандарын сөзтануға қатысты əдебиеттерден кездестіруге болады. Тіптен, Абайдың өзінің:

«Естіген нəрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар»:

  • əуелі, көкірегі байлаулы берік болмақ керек;
  • екінші, сол нəрсені естігенде я көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек;
  • үшінші, сол нəрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып, ойланып, көңілге бекіту керек;
  • төртінші, сол кеселді нəрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек.

Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік я бір қайғыға салынып, я бір нəрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нəрсе — күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нəрселер», ал «Он тоғызыншы қара сөзінде»: «Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе... білгені, көргені көп болған адам білімді болады» [2; 173], — деген сөздерін психолингвистикалық санаттар тұрғысынан қарастыруға əбден болады. Сөз арасында айырықша атайтын бір тарихи идея бар. Өкінішке қарай, идеологиялық субъективизм кесірінен жанданып, дамытылмай қалды. Ол — Ахмет Байтұрсынұлының: «... ауыздан шыққан сөздің бəрі сөйлем бола бермейді, айтушының ойын тыңдаушы ұғарлық дəрежеде түсінікті болып айтылған сөздер ғана сөйлем болады», — деп сөйлемге тауып белгілеген талабы. Психология мен тіл білімінен хабардар адам мұндағы «ауыздан шыққан сөз», «айтушы», «ой», «тыңдаушы», «ұғарлық», «түсінікті болып айтылған» деген ұғымдарды сөйлеу іс-əрекетінің психологиясынан да кезіктірер еді. Бірақ қазақ кеңес тіл білімі мұны «жылы жауып» қойды да, «сөйлем дегеніміз — аяқталған ойды білдіретін синтаксистік тіркес» деген анықтаманы дəлелдеуді, өзгертуді қажет етпейтін қасаң қағидаға (аксиомаға) айналдырды [5; 264].

А. Байтұрсынұлы «Əдебиет танытқыш» атты еңбегінде əдебиетті сөзді іске жарату тұрғысынан қарайды. Сол себепті де оның пікірлері психолингвистиканың, оның келелі мəселесі ділдік лексиконның қазақ филологиясындағы бағдарламасындай əсер етеді:

«Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі: 1) ақылға; 2) қиялға; 3) көңілге.

Ақыл ісі — аңдау, яғни нəрселердің жайын ұғыну, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі — мегзеу, яғни ондағы нəрселерді белгілі нəрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі — түю, талғау.

Тілдің міндеті — ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың мегзеуін мегзегенше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау». Мұнан соң ғалым ділдік лексиконның тұғырлы нысандарын айқындайды: «... жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама-қадарынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын. Ойын ойлаған қалпында, қиялын мегзеген түрінде, көңілдің түйгенін түйген күйінде тілмен айтып, басқаларға айтпай білдіруге көп шеберлік керек. Мүддесін тілмен айтып жеткізу қиын екендігін, оған өте шеберлік керек екендігін мынадан байқауға болады.

...Əркімнің өз салты болғанымен, ол салттар жалпы сөз тізу шарттарынан аса алмайды. Сөз шығарушылар, əуелі сөз ұнасымына керек жалпы шарттарды орнына келтіріп, өзінің өзгеше əдісі болса, соның үстіне ғана қосады. Сондықтан сөз шығарушылар бəрінен бұрын лебіз заңынан шыққан сөздің асыл болуының жалпы шарттарын білу қажет.

...Бір нəрсе турасындағы пікірімізді, яки қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тəртіптеп, қисынын, қырын, кестесін келтіріп сөз арқылы тысқа шығару — сөз шығару болады» [6; 10–17]. Көріп отырғанымыздай, жеке адамның тілді жаратуы психолингвистиканың бір саласы сөз саптау (производство речи) мəселесімен ұласып жатады.

А.Байтұрсынұлы мұрасында ділдік лексиконның нақты негіздерін көрсетіп беретін пайымдамалар баршылық. Мына бір пайымдаманы ділдік лексиконның қазақ тіл біліміндегі алғашқы ғылыми түсіндірмесі деуге əбден болады: «Біз қазақ тіліндегі сөздің бəрін білгеніміз қазақ тілін қолдана білу болып табылмайды. Тілді қолдана білу деп айтатын ойға сəйкес келетін сөздерді таңдап ала білуді айтамыз. Қазақ тілі қазақ ортасындағы бəріне бірдей ортақ мүлік болғанмен, бəрі бірдей пайдаланбайды. Əркім əр сөзді өзінше қолданады, өзінше тұтынады (қоюлатқан біз. — С.К.). Бүтін пікірін айтып шығатын əңгіме ішінде түгіл, жалғыз ауыз амандасу жүзінде де əркім əр түрлі сөз қолданады. Мəселен, біреу «Амансыз ба?» деп, біреу «Есенсіз бе?» деп, біреу «Сəлемет жүрсіз бе?» деп, біреу «Күйлі, қуатты барсыз ба?» деп амандасады. Сол сияқты, əркім пікірін сөз қылып шығарғанда да ана тіліндегі сөздерді əрқайсысы əр түрлі қолданады. Қысқасын айтқанда, əркім сөзді өз қалауынша алып, өз оңтайлы көруінше тұтынады. Əркім өз қалауынша алып, өз оңтайынша алып тұтынған сөздер сол адамның тілі болады» [6; 18,19].

Ғалым ділдік лексикондағы сөзді тану үдерісінің жалпы сипатын беруде айтушының айтатын нəрсені жетік білуі керектігін, себебі адамның мұндайда «ашық» сөйлейтінін, ал толық таныс емес сөзді «көмескі, күңгірт» баяндайтынын басшылыққа алады [6; 20].

А.Байтұрсынұлы сөзді қолданудағы инсанның психикасында болатын объективті үдеріс өзектендіруді анық байқаған: «Сөздің дұрыс, таза, анық, дəл айтылуының үстінде талғау сөздің көрнекі болуын да керек қылады. Адамға дерексіз заттан гөрі деректі зат түсініктірек, жансыз заттың күйінен жанды заттың күйі танысырақ. Сондықтан адам сөйлегенде, сөзі толық түсінікті болу үшін, дерексіз заттарды деректі затша, пернесіз заттарды пернелі затша қалыптайды. Жансыз затты жанды заттай ғамалдайды» [6; 23].

Ойды сөзбен хабарлаудың алгоритмдік өңделуі туралы алғашқы бастау пікірді де А.Байтұрсынұлынан табуға болады. Бір дəлел: «Сөз дұрыс айтылуы деп əр сөздің, əр сөйлемнің дұрыс күйінде жұмсалуы айтылады. Олай болу үшін керек:

  • сөздердің тұлғасын, мағынасын өзгертетін түрлі жалғау, жұрнақ, жалғаулық сияқты нəрселерді жақсы біліп, əрқайсысын өз орнына тұтыну;
  • сөйлем ішіндегі сөзді дұрыс септеп, дұрыс көптеп, дұрыс ымыраластыру;
  • сөйлемдерді бір-біріне дұрыс орайластырып, дұрыс құрмаластырып, дұрыс орындастыру» [6; 19].

Сондай-ақ, психолингвистикадағы гештальт мəселесінің алғашқы ұшқындары А.Байтұрсынұлының əдістемелік еңбектерінен орын алған [5; 335,336; 364–366].

Инсанның сөзді танып-білу үдерісінде сөзді көру, есту арқылы графика-фонемалық деңгейде танудың маңызы зор екені — қазіргі психолингвистика теориясында дəлелденген жайт. Мұның маңызын А. Байтұрсынұлы да тілді оқыту əдістемесіне арналған еңбектерінде айырықша атап көрсетеді [5; 324; 357–363; 368–372].

Қазіргі этнопсихолингвистикадағы өзекті мəселенің бірі белгілі бір тіл əлеміне енбек инсанның мəдени-психологиялық толқыныстарының себебін А. Байтұрсынұлы мынадай жайттардан көреді:

«Современная культура не есть создание одной какой-нибудь нации или расы, а результат совокупных усилий и навыков всего человечества. В культуре каждой нации, кроме собственного творения, имеются заимствования, и на смешение их культуры влияют их отношения, которые различаются с точки зрения дружественного и неприязненного. Заимствования бывают и при покорении одной нации другой, и при мирном общении народов друг с другом. При этом сходные формы религии, обычаев, нравственности, общественной организации, сродность наклонностей, инстинктов, психологии и т.д. облегчают процесс заимствований и смешения культур» [5; 419, 420].

Ж.Аймауытовтың «Психологиясында» да ділдік лексиконды зерттеуде ескеруге тұрарлық ойлар баршылық. Ділдік лексикон функционалдық-динамикалық жүйе ретінде көрінеді, осыған ғалымның мына бір аналогиясы орайласады: «Ағаш» деген ұғымды жүз түрлі ағаштың бернесінен құрастыру негізінде болмайды. Болса, біздің ойымыз тым шабан жүрер еді. Осындай көп бернелерді ықшамдап, оңайлату үшін сөз қолданылады, сондықтан ойымыз шағындалып, аз уақытта көп нəрсе ойлайтын боламыз. Ойды өнімді қылатын сөз екен» [7; 190]. Ж. Аймауытұлының тілдің шығуын психологиялық негізден іздеуі де зейін қоярлық жайт [7; 191–193]. Ж. Аймауытұлы жеке адамның сөйлеу əрекеті туралы проблемалардың бір парасын санамалап береді. Олар сұрақ түрінде берілген:

«Сөйлеу мінезі, қалай сөйлейді? Аз ба? Көп пе? Зауықты ма? Зауықсыз ба? Жылдам ба? Баяу ма? Тəптіштеп пе? Қысқа ма? Бір тегіс пе? Кібіртік пе? Тілге байлығы, ойлағанын үнемді, еркін айта ала ма? Жан толқындары сөзіне қандай рең береді? ... жазғандағы тілі, баяндағандағы тілі, қол сермесі, сөйлегендегі бет құбылысы» [7; 285].

Жеке адамның семантикалық жады ділдік лексиконның қалыптасуына ерекше ықпал етеді, тіпті, қазіргі психолингвистикалық кейбір зерттеулерде бұл екеуін теңестіріп қарау да бар. Осы тұрғыдан келгенде, Ж. Аймауытұлының жадты ассоциациямен (оны «іліктестік» деп атайды), зейінмен (Ж.Аймауытұлы терминологиясында — «ілтипат») сабақтастыруы [7; 152–161] лексиконды зерттеуге өзгеше бір жол сілтеп тұрғандай əсер етеді.

Сөйтіп, қазақ ғылымында психолингвистиканың аты аталып, арнайы зерттелмегенмен, сөйлеу мен психиканың ықпалдастығы жайлы, жеке инсаннның сөз саптауы туралы зерттеуге азық болар пайымдар бар екеніне көз жеткізуге болады. Əрине, зерттеуімізде бұларды тұғырламасақ та, тұрғы ретінде ескеріп отырамыз.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Белянин В.П. Психолингвистика. — М.: Флинта, 2003. — 232 с.
  2. Құнанбаев А. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. — ІІ т. — Алматы: Ғылым, 1977. — 312 б.
  3. В. фон Гумбольдт. Избранные труды по языкознанию. — М.: Прогресс, 1984. — С.
  4. Арын Е.М. Қазақ тілі энциклопедиясы. — Алматы: «IDK-TIPO», 1998. — 321-б.
  5. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. — Алматы: Ана тілі, 1992. — 264 б.
  6. Байтұрсынов А. Əдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер. — Алматы: Атамұра, 2003. — 208 б.
  7. Аймауытұлы Ж. Псиқолоғия. — Алматы: Рауан, 1995. — 312 б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.