Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ жəне француз тілдеріндегі соматикалық фразеологиялық синонимдердің салыстырмасы

Құрамындағы компоненттерінің (яғни сөздерінің) санына қарамастан, ФЕ-нің мазмұны мен көлемі жағынан өзіндік ерекшеліктері бола тұрғанымен, семантикалық тұрғыдан белгілі бір тұтас мағынаны білдіретін «шоғыр тіркес» болып қабылданатыны ақиқат [1; 499].

Қазақ тіл білімінде фразеологизм мəселесі негізінде І.Кеңесбаев, Г.Мұсабаев, К.Аханов, М.Балақаев, Ə.Қайдаров, Ə.Болғанбаев, К.Қожахметова, Е.Смағұлова, Р.Жайсақовалардың, неміс тіл білімінде М.М.Копыленко, К.Г.Крушельницкая, З.Д.Попова, А.Д.Райхштейн, Л.И.Ройзензон, А.В.Федоров, К.Флекенштайн, Р.Эккерттардың, француз тіл білімінде Ш.Балли, В.Г.Гак, А.Г.Назарян, Р.А.Будагов, А.Доза, Н.А.Катагощина, Ю.С.Степановтардың еңбектерінде де қарастырылған.

Ал фразеологизмдерді семантикалық тұрғыдан талдау, зерттеу проблемаларына арналған еңбектер осы тілдерде де тым аз сияқты. Мысалы, қазақ тілінен біздің кездестіргендеріміз — І.Кеңесбаев сөздігіндегі «Фразеологиялық мағынаның қалыптасуы» деген тақырып көлеміндегі пайымдауы мен Р.Жайсақованың «Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің семантика-грамматикалық құрылысы» деген тақырыпта жазған кандидаттық диссертациясы.

Бұл мақаламызда біз алдымызға құрамында соматизмдері бар фразеологиялық тізбектерді парадигматикалық тұрғыдан талдау мақсатын қойып отырмыз.

Фразеологизмдердегі парадигматикалық қатынастарын фразеологиялық қатарлармен немесе жалпы лексемамен, фразеологиялық антонимдермен жəне біз қарастырғалы отырған фразеологиялық синонимдермен байланысты болып келетіні белгілі.

Фразеологиялық синонимдерге де, синонимиялық қатар құрайтын жеке сөздер сияқты, лексикалық мағыналары бір-біріне жақын, парадигматикалық деңгейде жалпы да, сондай-ақ дифференциалды да белгілермен сипатталатын фразеологизмдер жатады.

Алайда «синонимді ФЕ-лар мен жеке синоним сөздер арасында көзге түсер бір айырма бар». Синонимдес сөздердегі мағына жақындағы ФЕ-дағы мағына жуықтығынан əлдеқайда күштірек. Дегенмен «абсолют синонимдер жеке сөздерде де тым сирек кездеседі» деген ғалым сөзі, əрине, шындықтан қорытылған пікір [1; 609].

Орыс тіл білімінде фразеологиялық синонимдердің мынадай төрт түрлі белгісі:

  • семантикалық тұрғыдан өте жақын болғанмен, олардың арасында мағыналық, қолданылу реңктері жағынан айырмашылығы;
  • нақты бір сөз табымен арақатынасты болатыны;
  • құрылымдық-грамматикалық белгілеріне қарай ұқсас та, əр түрлі де болып келетіні;
  • бірдей немесе ұқсас лексикалық (жəне синтаксистік) тіркесімділігімен ерекшеленетіні сараланған [2; 201].

Біз фразеологиялық синонимдерді айқындауда, негізінде, осы белгілерді ескеріп отырдық. Жалпы, қазақ тілінің тұрақты тіркестерге, оның ішінде фразеологиялық синонимдерге де бай екені белгілі. Біздің байқауымызша, француз тілінде де бұл категорияның мол қалыптасқаны аңғарылады.

Бірақ бұл тілдің өзіне тəн ерекшелігі, атаулар қайталанып келгенде, олардың мағынаны білдіру тəсілдерін түрлендіріп отыруға ден қойылатыны. Бұл — француз стилистикасының қатаң талаптарының бір шарты. Ашығын айтқанда, «le français a horreur de répétitions» (француз тілі қайталауларды жақтырмайды).

Айта кетейік, қазақ тіл білімінде синоним проблемасын ұзақ жылдар бойы жəне жан-жақты зерттеген ғалым Ə.Болғанбаев екен. Оның 1956 жылғы кандидаттық, 1970 жылғы докторлық диссертациялары осы мəселеге арналған.

Фразеологиялық синонимдер туралы ол: «Фразеологиялық синонимдер көркем образ жасау үшін қолданылады. Бұлардың өзіне лайықты орын тепкен мекені — көркем əдебиет. Сондықтан бұлар тілдегі кез келген стильде талғаусыз қолданыла бермейді», — деп ой түйеді [3].

Біз зерттеу жұмысымызды академик І.Кеңесбаевтің «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» деп аталатын күрделі еңбегі бойынша жүргіздік.

Сөздіктен синонимдес 424 фразеологизм теріп алдық. Математикалық статистика əдісімен есептегенде, бұлардың 210-ының компонентінде соматизмдер бар, өзгелері антонимдес, көп мағыналы (полисемиялық) фразеологизмдер болды.

«Жүрек» сөзінен жасалған соматизм компоненттерден «қорқу» мағынасында қолданылатын синонимдес мынадай фразеологизмдерді кездестірдік: жүрегі ұшты, жүрегі қозғалды, жүрегі қалтырады, жүрегі суылдады, жүрегі дір ете түсті, жүрегі зу ете қалды, жүрегі қорықты, жүрегі тас төбесіне шықты, жүрегі солқ етті, жүрегі қалмады, жүрегі мұздап сала берді, жүрегі суып қоя берді.

Ал осы сөзден жасалған жүрегі аттай дүрсілдеді, жүрегі тайдай тулады, жүрегі аузына тығылды, жүрегі жарылып кете жаздады, жүрегі алып ұшты, жүрегі лүп ете қалды (түсті)-лерді екі ұдай («қуану», «қорқу»); жүрегі дауаламады, жүрегі торықты, жүрегі сыздады, жүрегі тоқтады, тағы басқаларды əр түрлі сезімге байланысты қолданылатын фразеологизмдер деп қараймыз.

Сондай-ақ «ауыз» сөзінің доминанттығымен мылжың, езбе, бөспе мағынасында жұмсалатын «аузына түскенін айтады; аузына не түссе, соны айтады; аузына келгенді айтады; аузы сөзден босамайды; аузы тыным таппайды, аузы босамайды; аузы қарап отырмайды; ауыздыға сөз бермейді; көк ауыз, көбік ауыз» фразеологиялық синонимдері бар екенін анықтадық.

Алайда бұлардың үшеуін өзара фразеологиялық варианттар деп қараймыз. Себебі түскенін, түссе, келгенді дегендер — бір мағынадан, тек аздаған морфологиялық өзгерістерге түсіп, жұмсалып тұрған сөздер. Дегенмен, бұлардың қай-қайсы да, яғни «фразеологиялық синонимдерде, олардың варианттары да əр түрлі... Зат, сапа, іс-қимыл жөніндегі түсінікті айқындауда, сөз қолданыста бір сөздің уəжсіз қайталануын болдырмауда, жарыққа шығарылатын ойға лайықты əсерлік (экспрессивтілік); объективті, субъективті модальдық беруде жəне тағы басқаларда, бір сөзбен айтқанда, лексикалық синонимдер сияқты, тілде елеулі қызмет атқарады» [2; 265].

Жоғарыдағы «жүрек» сияқты, «ауыз» ұйытқы (доминант) сөзінен жасалған, əр түрлі мағыналық қатарларға жіктелетін фразеологиялық синонимдер де аз емес.

Мысалы, жағымда мəнді «аузы дуалы, аузының желі бар, аузынан дүр шашқан, аузынан жалыны шыққан, аузына қаратты»; жағымсыз мəнді «бейпіл ауыз, аузының дауасы жоқ, аузы желдей еседі, аузы жаман; аузына ақ ит кіріп, қара ит шығады; аузын басса, құйрығы сөйлейді» дегендер осындай тіркестер.

Бірақ мəн-мағыналары соншама жақын, ұқсас болып келгенімен, бір қатардағы синонимдер сол фразеологизмдердің өзінің əрқайсысына тəн стильдік реңкі болатыны ғылыми тұрғыдан дəлелденген жайт.

Бұл тұрғыдан келгенде, мұндай фразеологизмдердің кейбірі белгілі бір контексте бірін-бірі алмастыра алса, көпшілігі тек өздеріне лайық орындарда ғана жұмсала алады. Мысалдарды көрейік: Ұлы жүзде Қара би деген аузы дуалы би бар («Шешендік сөздерден»). Аузының даруы бар кісі еді, айтқаны келді («Абай тілі сөздігі»). Өзі де бір бейпіл ауыз адам екен: отырған əйелдерден де ұялған жоқ. Аузына ақ ит кіріп, қара ит шыққан қонақ сөздікте жоқ сөздерді шұбыртып-ақ отыр (Ғ.Мүсірепов).

Бұл сөйлемдердің алғашқыларындағы да, соңғы екеуіндегі де тұрақты тіркестерді өзара алмастырып қолдануға əбден болады. Себебі бұлар өте жақын мəндес фразеологизмдер. Айталық, Аузы дуалы кісі еді — аузының даруы бар би, бейпіл ауыз, қонақ — аузына ақ ит кіріп, қара ит шыққан адам, сондай-ақ аузы жаман адам қонақ дегеннен контекстердің қай-қайсына да ешқандай (мағыналық та, стилдікте) нұқсан келмейді.

Ал олардың орнына аузының желі бар, аузынан дүр шашқан т.б. немесе аузы желдей ескен, аузын басса, т.б. синонимдерді қолдана алмаймыз. Себебі бұл тіркестердің семантикасында өзіндік реңк, айырмашылық бар. Мысалы, аузы дуалы айтқаны келетін, сəуегей адамға қатысты айтылса, аузының желі бар сөзге ұста, адамды үйіріп əкететін қабілеті, шешендігі бар кісіге қатысты қолданылады, тағысын тағылар.

Енді француз тілінің деректеріне ауысайық. Бұл тілдің тұрақты тіркестері компоненттеріндегі соматизмдердің құрамында tête (бас) лексемасының жиі ұшырасатыны байқалады.

Бірақ, өзге соматизмдермен салыстырғанда, бұл бесінші орындағы, 231 тіркестің компонентінде қолданылып жүрген соматизм болып шықты.

Бұл тіркестерде оның адамға берілетін жағымсыз мінездемеде жұмсау сипатын біз шартты түрде мынадай мағыналық топтарға жіктедік:

Топас, парақсыз бас: tête de mule (сөзбе-сөз: есектің басы) — топас, зердесіз бас; tête de lard ( сөзбе-сөз: шошқа бас)

— ақымақ, қадірсіз бас; tête de fer (сөзбе-сөз: темір бас) — тоңмойын ақымақ, қоныр бас; tête dure (сөзбе-сөз: қатты бас) — ақпа құлақ; tête á corvées ( сөзбе-сөз: ауыр жұмысты бас) — ақымақ бас; tête de cochon (сөзбе-сөз: шошқаның басы) — арбадан шыққан аттай, жүген-құрық тимеген асаудай, есектей қиқар (қисық); tête de chou (сөзбе-сөз: орамжапырақты бас) — нақұрыс, қаудан бас; tête carrée (сөзбе-сөз: төртбұрыш бас) — топас, кеще бас; tête de bourrique (сөзбе-сөз: есек бас) — қиқар, қасарма бас; tête de boche(сөзбе-сөз: аузы бас) — топас бас; c'est une tête perdue (сөзбе-сөз: бұл жоғалған бас) — ол мүлде зейінсіз, ақылсыз бас; avoir la tête dure(сөзбе-сөз: қатты басқа ие болу) — миғұла, топас болған бас.

Есерсоқ, жынды бас:

avoir un cafard dans la tête (сөзбе-сөз: басында графин бар) — жынды, есекқор бас, есі дұрыс емес бас; avoir un grain de folie dans la tête (сөзбе-сөз: басында мисыздықтың дəні бар) – ақылынан адасқан бас, есі дұрыс емес бас; avoir la tête felée (сөзбе-сөз: басында жарық бар) — есі дұрыс емес бас; tête felée (сөзбе-сөз: басы жарық) — делқұлы, жынды бас; c'est une tête mal timbré (сөзбе-сөз: бұл басы жаман штампталған) — оның есі дұрыс емес бас; avoir une araignée dans la tête (сөзбе-сөз: басында өрмекші бар) — өзін-өзі билей алмайтын, есінен айрылған бас.

Дарақы, қылжақ бас:

avoir un coup de marteau sur la tête(сөзбе-сөз: басында балға бар) оғаш, дарақылау көріну; avoir un coup de hache á la tête (сөзбе-сөз: басында балтаның соққысы бар) — ақылына қиқым түскен, жынды адамдай болу.

Алаңғасар, ұшқалақ бас:

c'est une tête folle (сөзбе-сөз: бұл есі аусқандай бас) — ол тентек, ұстамсыз, жеңіл ойсыз, алаңғасар, ұшқалақ, жеңілтек бас; tête écervelée (сөзбе-сөз: алаңғасар бас ) — зейінсіз, ойсыз, желөкпе бас; avoir beaucoup de lunes dans la tête (сөзбе-сөз: басында көп ай бар) — есерсоқ, жеңілтек бас; avoir une chienne de tête(сөзбе-сөз: ұрғашы иттің басы болу) — жаңғалақ, қаңғалақ, терең ойламайтын бас; tête vagabonde(сөзбе-сөз: қаңғыма бас) — миғұла бас, желөкпе бас; tête sans cervelle (сөзбе-сөз: ақылсыз бас) — алаңғасар, ұшқалақ, құйын мінезді ұйтқыма бас; tête légère (сөзбе-сөз: жеңіл бас) — жеңіл ойлы, жеңілтек бас; mauvaise tête (сөзбе-сөз: жаман бас) — ұстамсыз, қисынсыз, ойланбай сөйлейтін бас.

Қарттар мен ауру адамдардың денсаулығы, ақыл-ой қабілетіне байланысты: n'avoir plus de tête (сөзбе-сөз: бассыз) — алжыған, ақылынан адасқан бас.

Əрине, тіл-тілдің қай-қайсы да белгілі бір халықтың ұлттық қазынасы; ұлттық басты белгілерінің бірі болғандықтан, оның сол ұлт табиғатына сай өзіндік ерекшеліктерінде болатыны белгілі. Оның үстіне біздің нысан (объект) етіп зерттеп жүрген тілдеріміз тектес емес, əр түрлі: бірі түркі, екіншісі үндіеуропалық топтарға жататындықтан, бұлардағы айырмашылықтардың алуан түрлі болып келетіні

  • аксиома. Демек, сондықтан да бұл екі тілдегі қарастырылып отырған соматизмді фразеологиялық синонимдер грамматикалық, семантикалық жақтарынан ұқсастықтары болғанмен, контекстегі жұмсалуында, стильдік қызметінде т.б. басым бірыңғайлық, дəлме-дəлдік таныта бермейді.

Қазақ жəне француз тіліндегі фразеологиялық синонимдерді ұйытқы компоненттеріне, жалпы тіркесімдік өрістеріне қарай мынадай түрлерге сараладық:

  • мағыналары бірдей (жалпы тұтас фразеологиялық мəні бар) синонимдер: иықтан басты — иығына су кетті, бауыры езілді — бауырын елжіретті, être sans coeur (сөзбе-сөз: жүрексіз болу) — avoir le coeur sec (сөзбе-сөз: құрғақ жүрек болу) — мейірімсіз, тас жүрек болу;
  • идеологиялық синонимдер: ауызын арандай ашты аузын үлкен ашты, миы айналды миы қайнады, иық теңестірді иық салыстырды, coeur de poulet (сөзбе-сөз: тауықтың жүрегі) — coeur de poule (сөзбе-сөз: тауықтың жүрегі) — қоян/су жүрек, сoeur de roche (сөзбе-сөз: тас жүрек)
  • coeur de marbre (сөзбе-сөз: мəрмəр жүрек) — тас жүрек.

Сөз соңында фразеологиялық синонимдердің, негізінде сөздердің ақиқат болмыстың əр түрлі суреттерінен туындайтын бейнелерге лайық метафоралық қолданысы нəтижесінде жасалатын, сонымен бірге екі тілде де, əсіресе атау қайталауларын болдырмауда тиімді қызмет атқаратынын айтамыз.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. — Алматы: Ғылым, 1973.
  2. Фомина М.И. Современный русский язык (лексикология). — М.: Высш. шк.,
  3. Болғанбаев Ə. Қазақ тілінің лексикологиясы. — Алматы: Мектеп, 1988. — 115 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.