«Пəннің тарихы болмай, пəн теориясы да болмайды, сонымен бірге пəн теориясынсыз оның тарихы туралы ой да болмайды, өйткені пəн туралы түсінік те жоқ, оның мəні де шекарасы да жоқ» [1], — деген ұлы ойшыл Н.Г.Чернышевскийдің тұжырымдамасын еске ала отырып, тарихқа қысқаша шолу жасаймыз. Мұнда біз драманың тарихи қалыптасуына дəстүрлі поэзияның, халық ауыз əдебиетінің, əдебиет дамуының белгілі бір деңгейі алғы шарт болғанын байқаймыз. Сонысымен белгілі бір дəрежеде əдебиеттің осы түрінің синтетикалық сипаты біріктірілген.
Бұдан екі жарым мың жыл бұрын пайда болған драма туралы зерттеу Аристотельдің «Поэтикасынан» бастау алған, сол кездің өзінде осы əдебиет түрі туралы құрама оқу қалыптасқан болатын. Əдебиеттің бұл түр эволюциясының ерекшелігі, «Поэзия өнері туралы» болғандығында (б.э.д 384 — 322 жж.) Аристотельдің шығармасында жазылған негізгі қағидалар бүгінге дейін бар (соның ішінде жүз жыл бұрын ғана пайда болған, өзінің түпкі қазығы — ежелгі грек драмасымен салыстырғанда — өте жас қазақ драмасы да бар) жəне əлі де қызмет етуде. «Поэтика дамудың ең жоғары шегіндегі ежелгі грек өнерінің теориялық жалпыландырған көркем тəжірибесін көрсетеді, — деп жазған болатын белгілі драматургия теоретигі А.А.Аникст. — Бірақ сол өнердің өзі адамзат көркем даналығының ең жоғары көрінісі болып табылады, сондықтан да оның бірқатар заңдылықтары əлі де болса үлгі мен нормалық мəнін сақтаған» [2; 21].
Аристотельдің көрегендігі сондай, біздің э.д. V—IV ғғ. даму кезеңінің өзінде ежелгі грек драмасының ауқымды фактілік материалдарынан ең негізгісін «қағып ала» білген, қосымша, кездейсоқтарын лақтырып тастай білген жəне оның заңды нəрсені көре білуі ғылыми құндылықты жəне оның ізбасарлары жалғастырған, жалғастырып жатқан теорияның үш бірлігін негіздеп береді.
Драманың бастау кезеңдерін зерттеушілер оның тарихын жүзім иесіне жəне табиғаттың жан беруші күшінің символы — Дионисқа арналған халықтық салт-дəстүр əндерінен көреді. Алғашқыда «драма» мен «трагедия» түсініктері ажыратылмаған болатын, «трагедия» терминінің тура мағынасы «бақташының» — əрекетке қатысушылардың киімдеріндегі ешкі терілері немесе осы құдайдың мифологиялық серігі — ешкі аяқты Сатира сияқты Дионисқа құрбандық шалуды еске түсіретін «ешкі əні» деген мағынаны берген. Дионисқа арналған халықтық салт-дəстүр əндерінен пайда болған трагедия б.э.д V ғасырда Эсхил (б.э.д. 524 – 456 жж.), Софокл (б.э.д. 496 – 406 жж.) жəне Еврипидтің (б.э.д. 480 – 406 жж.) творчествосында өзінің шарықтау шегінде болады. Осыдан барып трагедия дəл осы жанрлардың бастау көздері болатыны, біртіндеп кейіпкерлер диалогына ауысқан, трагедиядағы хордың болуы оның бастау тарихынан келіп шығады. Мұнда автордан авторға дейінгі біршама пісіп жетілген эволюция да байқалады. Осылайша, егер құжаттық деректерге сүйенсек, Эсхилге дейін театрлық қойылымдарда хор, хорды бастаушы жəне бір актер ғана қатысады, ал Эсхил екінші актерді енгізген, Софокл болса содан соң үшіншісін енгізген. Егер Эсхилда əрекет етуші адамдарға немесе мінез-құлықтарына, Аристотель айтқандай, бір ғана қасиет — өрлік, əділдік, ер жүректік жəне т.б. ғана тəн болса, Софоклда «жалаң идея, тенденциялар емес, рельефті бейнеленген адамдар тартысады, мінез–құлықтар, индивидуумдар қақтығысады» [3; 18]. Еврипид өзінің алдындағыларға қарағанда трагедияға «асқақтай, кейде тіпті бəсең тілмен сөйлеушілерді», нағыз шынайы тұрмыстық жағдайларды жəне оның алдындағы Эсхил мен Софокл — негізгі əрекет етуші тұлғалар ретінде — мифологиялық кейіпкерлерді қалдыра отырып, құлдардың өзін де енгізеді, яғни шыншылдыққа қарай ұмтылады. Трагедияның (Эсхилдің құдайлары мен билік етуші тұлғаларынан бастап Еврипидтің құлдарына дейін) əрекет етуші адамдарының əлеуметтік статусын демократизациялаудан басқа қарапайым түрде кейіпкерлер тілін демократизациялау мен олардың психологиялық жағдайымен негізделетін, кейіпкерлер əрекетімен қозғалатын уəждерді адамдандыру мағынасындағы «демократизациялау» да байқалуда.
Жоғарыда аталған үш ұлы трагиктер үштағанының əрқайсысының творчествосы тəжірибеге жаңаша қарау, оны одан ары жетілдіруді білдіреді. Софоклдың Афинада бірнеше күн, он жеті мың (Дионис театрын сонша адам сыйған) көрерменнің көз алдында өтетін драмалық жарыстардың басында тəжірибелі Эсхилге орын беруі, бірақ драматургиялық техниканы жетілдіру бойынша (оның кейіпкерлері Эсхилдің кейіпкерлеріне қарағанда икемдірек) бұл жарыстарды ұтып алуы да кездейсоқ емес. «Бірақ осы əлемнің орталығында — өзінің еркіндікті сүйетіндігін жар салған, өзі жəне өзінің табиғат патшалары — құдайларын жетілдіруші адам тұрса да, біз эсхилдік адамнан монументті фигураны психологиялық портретке айналдыратын, жамандық пен жақсылық иелерін толыққанды образға айналдырудың нəзік қырларын əлі де көре алмаймыз», — деп жазады, эсхилдік драмаға Софоклдың əкелген өзгерісі туралы ой қозғаған ғалым С.Апт [3; 17]. Эсхилді жеңген оның келесі жетістіктері драматург шеберлігі жəне драмалық өнердің дамуымен қоса мыңдаған көп көрерменнің өсуімен бірге көрерменнің эстетикалық идеалдары мен талғамы да өсті.
Эсхилді бірінші деп айтсақ, біршама шартты болады, өйткені оның творчествосында берілген трагедия бірден пайда бола алмайды: оның алдындағы «Милетті алу», «Финикияндіктер» трагедиялары сақталынбаған Фринхті атайды, бірақ тарихи құжаттарда айтылып отырады. Сондықтан да үлгі ретінде, перстерді жеңуге байланысты жалпыэллиндік патриоттық көтеріліс толқынында жазылған, «қорқыныш пен аяушылық» (Аристотель) арқылы көрерменді тазалап алған трагедияның туындауына кедергі бола алмаған, осы күнге дейін жеткен Эсхилдің ертеде жазылған «Перстер» трагедиясын алады (Аристотель). Жеңіс тақырыбын соғыста қолдана отырып, автор алдына азаматтық жан ашу жəне патриотизмге тəрбиелеу міндетін қояды:
… чтобы граждане наши
Все горели желаньем врагов побеждать;
этим я свою драму украсил [3; 12].
Бастапқыда, байқап отырғанымыздай, драма топты тəрбиелеуге бағытталған, бірақ көңіл-күйге əсер ете отырып, «адам жанының сырларын» ашқан тіршілік жəне əлем туралы ой-толғаныстармен тəрбиелеуге негізделген өнер ретінде қабылданған. Тұтастай мəдениет сияқты ежелгі грек драмасының бар əлемге тарау себебінің бірі, біздің ойымызша, еркіндікті сүйген адамды, табиғат құдайын жырлау (адам қоршаған ортамен болған күресте жеңіп шығу керек сол кезең үшін, бұл конструктивтік тəсілге жатады). Осылайша, Эсхилдің трагедиясында Отан үшін патриоттық мақтаныш сезім демократиялық мемлекетте еркін өмір сүретін адамның мақтаныш сезіміне айналады. Афинаның дамудың шарықтау шегінде құлиеленуші демократия болса да еркіндік пен əділеттік қасиеті əрбір азаматтың бойында болған демократиялық республика болғанын еске түсірейік. Сонымен, бізге қоғамдағы драманың ұлы миссиясы, оның қолданыс бағыты туралы қорытынды жасауға болады. Оның тарихы, біздің ойымызша, театрдан басқа ешқандай бұқаралық ақпарат құралдары болмаған мереке күндері қатарынан бірнеше күн бойы, таңертеңнен бастап алдымен трагедия, содан соң комедияны, театр өнерін тамашалаған ежелгі эллиндерден көреміз. Хор əні ашық костюмдер киген мифтік кейіпкерлер мен құдайлардың, актерлердің əрекетімен жалғасқан сөздің, көркем сөздің күші тікелей осы жауапты миссия — адам жанын сауықтыруға əкелді.
Ежелгі Грециядағы драмалық өнердің тұрақты эволюциясы мен тəлімгерлік байланысы туралы айтқанда, жаңа əрекет етуші тұлғаларды енгізуден бастап, əрекет етуші тұлғалардың психологиялық портретін жасаудағы біртіндеп шеберлікке жетуге дейін көрініс табатынын айтып өткенді дұрыс деп ойлаймыз.
Өлгендер əлемінде Дионис сотына жүгінген, əрқайсысы трагедия туралы ойларын қорғайтын Эсхил мен Еврипид (қарама-қарсы пікірлер айтушылар ретінде) арасындағы тартысқа құрылған Аристофанның «Бақалар» (б.э.д. 446–385 жж. дейін) деп аталатын комедиясы үлгі ретінде қызықты. Еврипид ескі трагедияны хордың басып кеткені, статикалық түрде болғаны үшін сынға алады жəне жанды драмалық əрекеттің принциптерін (бүгінгі күнге дейін бар) негіздейді:
И после первых слов уже все действовали в драме,
И говорили у меня и женщина, и дева,
И господин, а также раб, старуха ... [3; 11].
Аристофан комедиясының кейіпкерлері — Эсхил мен Еврипид драманың мақсаты туралы түсінік бойынша бір-біріне қарсы келеді, егер Эсхил драмалық өнердің міндетін азаматтық қамқорлық пен патриотизмнен көрсе (жоғарды қараңыз), Еврипид болса «өзінің творчествосында адамгершілік кодексіне жатқызудың негізгі белгілерін: ескі наным, азаматтық мораль дағдарысын, индивидуализм мен скептицизмнің дамуын көрсетеді» [4]. Бұл олардың əр түрлі күнтізбелік, хронологиялық уақытта өмір сүргендігімен ғана емес, сонымен бірге сол қоғамда қалыптасқан идеялар, ақыл-ой күйлердің əр түрлі болғанымен түсіндіріледі. Осылайша, егер Эсхилдің перстерді жеңген ежелгі гректер жеңісінің куəгері болуы қоғамда эмоциялық көтеріңкі күй жасап, оптимизм мен сенім берсе, Еврипид Афинаның Спартадағы Пелопоннескілік соғыстан жеңіліп қалған кезінде өмір сүрді, ол өз кезегінде демократияның жоғалуына, содан келіп шығатын барлық салдары бар авторитарлық режимнің күшеюіне, демократияның жоғалуына əкеліп соқты. Нағыз суретші ретінде Еврипид тұрмыстық өмірге жақындай отырып, өз уақытының ауруын жасырды. Жəне бұл ежелгі грек драмасының дəстүрі басқа дəстүрлер сияқты, бүгінде өз мəнін жоғалтқан жоқ, өйткені Еврипид жасаған қоғам назарын аударған өткір проблеманы қою кей уақытта маңызды да болады.
Əлем драмасының тарихында Эсхил, Софокл, Еврипид, Аристофан аттарымен екі мың жылдан астам уақыт өмір сүріп жатқан, сонысымен де дəстүр болып табылатын ежелгі грек драмасының үздік дəстүрлері байланысты болып отыр. Олар өнер түрі, əдебиет тегі ретінде мүмкін болмайтын драманың негізін құрайды, сондықтан да олар драманың сипаттамалық белгілерін көрсетеді. Ауқымды фактілік материалдарды талдауға негізделген драмалық өнердің ерекшеліктері туралы ой қозғау ұлы драматургтен кейін өмір сүрген Аристотельдің кейіннен заң деп аталып кеткен өнердің ерекше түрі ретіндегі драманың канондары мен ережесін жазып шығаруына жағдай жасады.
Драманың күрделігі осы əдеби творчествоға деген талаптардың сақталу қажеттілігімен түсіндіріледі. Оны Аристотель алдыңғы жəне сол замандағы бай драматургиялық тəжірибеден алады, кітап басылымдары, газет пен журналдар жоқ кезде «ресми халық жиналыстары мен бейресми нарықтық жиындардан» басқа жалғыз бұқаралық ақпарат құралы болды, сондықтан да пьесада кемшілік кездеспейді.
Осы ережелерді ритористикалық сақтауды талап ете отырып, оны басты деп санамауы мұғалімнің данышпандығы болып отыр, біздің байқағанымыздай, бұл ежелгі рим кезеңінен кейін қалыптасқан. Ежелгі Грецияда оларды драматургтің мақсатына қарай түрлендіріп, қолданудың творчестволық тəсілдерін пайдалануға мүмкіндік берілді, оларды қолданудағы еркіндік бүгінде драма өнері саласын өзекті де құнды етіп отыр. Аристотель драмасының теориясы басқа да өнер түрлері сияқты драманы «ұқсату» (қазіргі ғылым тілімен айтқанда, шындықтың бейнесі) деп түсінуге негізделген болатын. Мұнда драма тек қана көшіріп (бүгінде айтсақ, фотография немесе компьютерлік томография) қана қоймау керек, авторда қалыптасқан өмір туралы белгілі бір түсініктерге сəйкес шындықты жасау керек. Мұнда драма өнері азаматтық ерлік пен патриотизммен (Эсхил) ғана шектелмеу керек, оның қолданыс бағыты — адамның жан-жақты рухани дамуына ықпал ету керек деп есептеген Аристотель ұлы Эсхилденде асып кетеді. Бүгінде сол б.э.д IV ғасырына дейінгі Аристотель қалыптастырған бұл талап əлі де өзекті болып отыр, тіпті одан да өзекті болуы мүмкін, өйткені техниканың дамуы мен жоғары технологиялар, жоғары, гуманистік идеалдарға рухани бай адам болмаса, адамның өз басына қауіпті болатын адамды — «табиғат патшасы» жасаған қауіпті жағдайды туғызды.
Аристотель драма үшін фабуланың маңызды мəнін көрсетеді («əрекетсіз өмір сүре алмаса да, мінезсіз трагедия өмір сүре алады»). Мұндағы «трагедия» сөзімен əдебиеттің түрі ретіндегі драма берілген, драматургиялық жанр ретінде комедияға қарама-қарсы қойып, трагедияны бөлу кеш қарастырылған) [5]. Дəл осы фабула драманың негізгі құрылымдық элементін көрсетеді жəне алғашқы атаулық мəнге ие. Мұнда іштей тұтас, аяқталған, өзінің бастапқы пункті — түйіні, содан соң логикалық аяқтау — əрекеттің шешімі болатын фабуланың бөлімдерінен Аристотель көрерменге эстетикалық ықпал етудің көздерін көреді. Осыдан барып (2) əрекет бірлігінің заңында нақтыланатын (1) фабуланың аяқталуы мен ішкі тұтастық заңы келіп шығады. Мұнда фабуланың «жеңіл шолынатындығы» талап етіледі, яғни уақыт бойынша созылып кетпеу керек. Осыдан барып хронологиялық шектеулер: драмадағы əрекеттер бір күнде ішінде кішкене ауытқумен өтеді. Біздің эрамызға дейінгі IV ғасырда Аристотель қалыптастырған бұл талап кейіннен заң дəрежесіне ие болады ( ХVI ғасырда итальяндық Джиральди Чинтио уақыт бірлігінің заңын шығарады ) [2; 119].
Драманың хронологиялық жіктеуімен бірге тағы да бір талап ХVI ғасырда басқа итальяндық ғалым Кастельвестро тұжырымдаған орын бірлігі заңымен байланысты жəне сонымен негізделеді [2,120]. Оның мəнісі сол уақыт шамасы бойынша бір күн ішінде кейіпкер алғашқы əрекет орнынан алысқа кете алмайды. Негізі Аристотельдің «Поэтикасында» жазылған үш бірлік теориясы — əрекет бірлігі, уақыт бірлігі жəне орын бірлігі ХVI ғасырда Италияда біртіндеп барлық драматургтерге міндетті композиция заңы деп танылады. Əлемдік драматургияның көп ғасырлық тəжірибесі көрсеткендей, уақыт бірлігі мен орын бірлігінің талаптарын сақтамауға болса, Аристотельден шыққан əрекет бірлігінің ережесі бүгінге дейін «көркем шығарма ретіндегі драматургиялық шығарманың түпнұсқалық қажетті шарты» болып қала береді» [6].
Данышпан Аристотель мінезді нақты танытатын, драманың орталығы болатын, маңызды элемент — жағдайдан да өтіп кетпейді. Қазіргі тілмен айтқанда, драманың əрекет етуші тұлғалары өзара əрекет ете отырып, «кейіпкерлердің өздерінің шығармасы сияқты басынан бастап аяғына дейін сап түзейтін» конфликтіге түседі. Олар оны бастайды, жүргізеді жəне аяқтайды» [7].
Қандай ауқымда болса да əлеуметтік конфликтінің, тіпті ол халық соғысы, революция болса да «кіші» кеңістік деп аталатын – отбасы, ұжымдағы кейіпкерлердің нақты конфликтісі арқылы бейнеленуі драманың ерекшелігі болады, ал көрермен болса оның ішіне кіріп кетеді, бірге қайғырады, бірге сезінеді, ойланады. Бұл оқырманның/көрерменнің бейнеленген адамдық қатынастарды танығаны кезде, оқиға шынайы болған кезде, яғни бейнелеудің шынайы негізінде ғана мүмкін болатын құбылыс. Драма кейіпкерлері қызықты да түсінікті болады.
Əдебиеттер тізімі
- Словарь философских терминов / Науч.ред. проф. В.Г. Кузнецова. — М.: ИНФРА-М, 2004. — XVI. — С.
- Аникст А.А. Теория драмы от Аристотеля до Лессинга. — М.: Наука,
- Апт С. Античная драма: Вступ.ст. //Античная драма. / Пер. с древнегр. и лат. — М.: Худ. лит.,
- Ярхо В. Комедии Аристофана // Аристофан. Избр. комедии / Пер.с древнегр. — М.: Худ. лит., 1974. — С. 54,
- Аристотель. Об искусстве поэзии / Пер. В.Г. Аппельрота / Под ред. Ф.А. Петровского. — М.: Гослитиздат,
- Волькенштейн В.М. Драматургия. — 5-е изд., доп. — М.: Сов. писатель, 1969. — С.
- Романов П.В. Проблемы драматургического жанра: Учеб. пособие. — СПб., 1993. — С.