Тақырыпты ашып алу үшін ең бірінші «Экспрессивтілік дегеніміз не?» деген сұраққа жауап берейік.
Экспрессия — латын сөзі, орысшасы — выразительность. Тіл ғылымында экспрессивтілік тура- лы дөп басып айтатын пікір жоқ. Мысалы, француз ғалымы Марузо сөздігінде экспрессивтілік«мəнерлі» деген ұғымды білдіретіні көрсетіледі де, оған «элементтің, не құбылыстың айтылатын ойға бағалық сипат үстейтін қасиеті» деген анықтама беріледі.
Дəл осындай екінші сөздікте экспрессия анықтамасы былай беріледі: «Экспрессия — сөздің мəнерлілік, суреттілік қасиеті. Ол сөзді қарапайым лексикадан ерекшелеп, оған бейнелілік пен эмоционалдық реңк үстейді. Бірақ əрқашан экспрессивтілік бар жерде бейнелілік пен эмоционалдық реңк бола бермейді». Осы сияқты пікірлер көптеп кездеседі.
Сонда осындай пікірлерді қорыта келгенде, экспрессия — сөздің мəнерлілік, суреттілік, көркемділік, уыттылық жағы, айтар ойымыздың əсер қуатын арттыру деген тоқтамға келеміз.
Сөйлем арқылы ойды білдіруде, сөйтіп бес түрлі мүше қолданатын болады. Бірақ сөйлем —жалаң коммуникативтік акт емес, ол психологиялық-экспрессивтік те акт.
Жалпы тіл білімінде «эмоция» жəне «экспрессия» деген ұғымдардың өзара байланысы, қолданылу ерекшеліктері жайында əр түрлі пікірлер айтылып келеді. Эмоция мен экспрессия ұғымдары көбіне лексиканың аясында «эмоционалды-экспрессивті» түрінде бірге қолданылып жүргені бəрімізге мəлім. Дей тұрғанмен, тіл білімінің біраз мамандары, əсіресе синтаксис мамандарының эмоция мен экспрессияның əр басқа ұғымдар екені жайында жазылған, айтылған еңбектерін де кездестіруге болады. Бұл туралы қазақ тіл білімінде Қ.М.Нұрмұқановтың «Сөз жəне шеберлік» [1; 49] деп аталатын еңбегінде «эмоция» мен «экспрессия» ұғымдарына арнайы орын берілген.
Сонымен қатар ғалым өзіне дейінгі айтылған пікірлерді негізге ала отырып, экспрессия мен эмоция ұғымдарының ара қатынасы жөніндегі ойларын ортаға салады. Зерттеуші бұл ұғымдардың стильдік қырларына ерекше назар аударып отырған. Алайда ғалым бұл мəселенің лексика төңірегінде ғана қарастыруды мақсат етеді де, синтаксистік деңгейдегі экспрессия туралы мəселе қарастырылмайды. Зерттеуші экспрессия сөзге бейнелілік пен эмоциялық реңді үнемі бермейді, яғни экспрессивтілік бар жерде бейнелілік пен эмоциялық рең үнемі бола бермейді, деген пікір білдіреді. [1; 50].
«Экспрессия» ұғымының синтаксиспен байланысы жөнінде орыс тіл білімінде біршама еңбектер бар болғанымен, қазақ тіл білімінде экспрессияның синтаксиспен байланысы əлі күнге дейін мамандардың назарынан тыс қалуда.
Синтаксистік құрылымдағы қандай сипаттар, қандай қолданыс, қандай бірліктердің экспрессиялық реңк беретініне əлі күнге дейін баса назар аударылмауда. Сондықтан синтаксистің зерттеу міндеті — өзінің зерттеу нысанына алатын бірліктерді белгілеп алып, олардың экспрессияға қатысын таразылау. Оның үстіне экспрессияның жазбадағы көрінісі тыныс белгісі арқылы да берілетіндіктен, тыныс белгілерінің қойылу жайттарына да тоқталуға тиіспіз. А.Ф.Прияткина өзінің «Об экспрессивности союза» деген мақаласында экспрессивті құрылымдар жайында сөз ете келіп:
«Существует понятие и об особой сфере «экспрессивного синтаксиса», к которому относятся различ- ные приемы построения текста — речевые преобразования языковых структур: сегментация, парцел- ляция, эллипсис», — дейді [2; 97].
Бұл жерде аталған единицалар, біздіңше, синтаксистік-экспрессивтік реңк беретін бірліктерін түгел қамтымайды. Біздің мақсатымыз — осы единицалардың экспрессияға қаншалықты қатысы бар екеніне көз жеткізу.
Экспрессивтік бояу одағай сөздерде өте айқын көрінеді. Мысалы: Е, мен бір түк көрмеген меңреу ме едім сонша? (Ғ.М.). Мəселен, қаратпа, қыстырма сөздердің кейбіреуінде айқын көрініп, енді бірінде солғындау көрінеді, одағайларда олай емес. Мысалы, адам көңіл-күйін көрсеткенде ғана оның жағдайына байланысты бірде бəсең, бірде айқын көрінеді.
Сөзімізді дəлелдей түсу үшін, Апырым-ай! Қамарға əзірейіл шеңгелі тигендей тер онан да, мұнан да кетіп қалшылдап, қысылып оранып түсіп шалқалаймын деп басын бөренеге соқты (С.Т.
«Қамар сұлу», 74-б.). Осындағы Апырым-ай одағайы арқылы Қамардың қатты күйзелгеніне автордың өзінің де сезімі ұштасып кетіп жатыр. Апырым-ай одағайының астарында «неге оны осындай күйге түсірді, осыншама адам баласына зұлымдық жасайды екен-ау» деген ойлар жатқан секілді. Қамар жанының күйзелгені, қиналған жайын көріп, автор да қатты қиналады. Бұл жерде апырым-ай одағайын алып тастасақ, сөйлемге əсерлілік беріп тұрған единицадан айрыламыз.
Одағайларға -ау, -ай демеуліктерінің қосылуы арқылы оның əсерлілігін, бейнелілігін арттырады жəне де олар күрделенген одағайлар қатарына жатады.
- Ойбай-ай!... Болыс басымен əлі тосып отыр, əлі тосып отыр (С.Т. «Қамар сұлу», 27-б).
- Ой, пірім, алла-ап! Мынау Қамар ма? (С.Т. «Қамар сұлу», 33-б).
Одағайлардың қайталанып келуі арқылы жасалғанда, жоғарыдағыдай қасиетті аңғаруға болады
- А-а-а! Солайша? — деп Чулаковтың көзі шарасынан шығып бара жатты.
- Е-е-е! Тоқал, жалшы дегендер отпен кіріп, күлмен шығатын еді-ау! (Ғ.М. «Дауылдан кейін», 230-б).
Е, бұзылып болды ғой бұл жұрт деп ағайынға қашаннан бергі жараның қалыптасып, шайқалып бара жатқанын аңғартқысы келді, — деген сөйлемде Е деген одағайды алып тастасақ, ешқандай да мағынаның өзгергенін байқамаймыз, тек адамның көңіл-күйінің қандай күйде тұрғанын, сөйлемге эмоциялық реңк беріп тұрған единицадан айрылып қаламыз. Екінші жағынан, осы жерде өз кейіпкерін қандай күйде бергісі келгенін де Е арқылы аңғарғандаймыз.
Ескерте кететін бір жайт, сөз басында немесе оқшау тұратын жоқ пен сөйлем мүшесі болып келетін жоқты шатастырмау керек. Сөйлем мүшесі болып келетін жоқ көбінде сөйлем соңында келеді.
1) Бұл қағазға келгенде Абайдың айналасындағы топ сеніп қалған еді, бірақ Абай қынжылған жоқ (Абай жолы, 320-б.).
Өлең жолдарында сөйлем мүшесі болып келетін жоқ сөйлем басында келеді. Бұлар тыныс белгісі арқылы ажыратылмайды.
Қыстырма жəне қыстырынды құрылымдардың экспрессивті қызметі. Қыстырынды сөйлемдер деп отырғанымыз — қыстырма сөйлемдердің ерекше бір түрі. Ол XIX ғасырға дейін қыстырма сөздер ретінде қарастырылып келеді. Жəне де бұл ХҮІІІ ғасырда орыстың ірі құнды қағаздарында негізгі сөйлемде берілген ойды түсіндіру, сілтеме ретінде шығарманы дұрыс жазу үшін осындай сөз түрлері қолданылған. Ал тек XX ғасырдың 50–60-жылдарынан бастап, қыстырынды сөзді қыстырмадан бөліп алып қарастырса, 70–80-жылдары барлық тілдерде қыстырынды сөздердің құрылымын, функциялық- семантикалық ерекшеліктерін, дыбыс, яғни интонацияға, байланысты қыстырма сөздерден алшақтығын, олардың мəтінде қолданылуын зерттей бастады. Қыстырынды сөздердің пайда болуына мəтіндегі стильдік жанр тарихы үлкен əсер етті. Қыстырынды сөздер алғашқы кездерде газет, журнал беттерінде көбірек кездесті.
Қыстырма мен қыстырынды арасындағы айырмашылық мынада: қыстырма сөздер негізгі баяндалған оқиға желісіне байланысты айтушы адамдардың түрліше көзқарасын, өзіндік пікір, тұжырымын білдіріп тұрса, ал қыстырынды сөйлемдер сол тұтас сөйлемге не болмаса сондағы кейбір жеке сөздерге қосымша түсінік, ескерту жасай кету ыңғайында жұмсалады. Дəлірек айтсақ, қыстырынды сөйлем — негізгі сөйлемдегі ойдың жанама түсініктемесі. Мына бір сөйлемдердің құрылысы мен ондағы синтаксистік конструкциялардың қызметіне назар аударып байқайық.
- Оның айтқан мəліметтеріне қарағанда, біздер біраз күнде көмекші жəрдем алатын сияқтымыз (газеттен).
- Мынау қабан сияқты адамның (Шоқан оны Əлібек деп жорыды) қимылы сол — Байқал қабанына ұқсайды (С.Мұқанов).
Негізгі сөйлемдермен синтаксистік қарым-қатынаста жұмсалғанымен де, мағыналық байланыстың көрінісі екі сөйлемде екі түрлі берілген. Алғашқысында сөйлемдегі негізгі ойдың желісі біреудің пікіріне байланысты жұмсалып келсе, екіншісінде жеке сөздің мəн-жайы жол-жөнекей түсіндіріле, ескертіле айтылып тұр. Осыған орай екі сөйлемнің құрылысы да, ондағы синтаксистік конструкциялардың өзаралық мағыналық қарым-қатынастары да əр түрлі болып келген. Сондықтан осы тəріздес сөйлемдерді бір қалыпты аясында бірге қарастыруға бола бермейді. Əрқайсысы жеке- жеке синтаксистік категория ретінде өз алдына жеке талдауды қажет етеді. Соңғы тəріздес сөйлемдердің өз ерекшелігін ескере отырып, оларды «қыстырынды сөйлемдер» деп атаймыз.
Ал сөйлеуші өз ойын білдіргенде, бір нəрсенің жайын құр баяндап қоймай, оған өзінің қатынасын қоса білдіруі мүмкін. Ол қатынас əрқилы болады: сөйлеуші өз айтқанына күмəнданатындығын немесе сенетіндігін білдіре алады, немесе айтқан ойына байланысты өкінішін, ренішін, қуанышын, қуаттайтындығын қоса айтуы мүмкін, сондай-ақ ол ойды қорыта айтатындығын немесе оның кімнің тарапынан екендігін де білдіре кете алады. Қысқасы, сөйлемге осы сияқты сан алуан мағыналық реңктерді синтаксистік жолмен беру үшін қыстырма элементтер пайдаланылады. Бірақ бұл элементтер сөйлемнің белгілі синтаксистік жолмен беру үшін қыстырма элементтер сөйлемнің белгілі бес мүшесінің ешбіреуіне де жатпайды, олармен белгілі синтаксистік тəсілдердің (қиысу, матасу, жанасу, қабысу, меңгеру) ешқайсысы арқылы байланыспайды, сондықтан сөйлем мүшелерінің бірде-бір сұрағына жауап бермейді. Бірақ қыстырмалар не сөйлемде айтылған тұтас ойға, не оның белгілі бір мүшесіне қатысты болады, сондықтан олар да, сөйлем мүшелері сияқты, айтылатын ойды білдіруге қатысатын қажетті, мəнді элементтер болып саналады.
Қыстырма сөз сөйлемге модальдік мəн үстейді. Модальділік — айтылған ойға айтушының көзқарасын қоса білдіру. Модальді сөздің барлығы орыс тіліндегідей тек қыстырманың қызметін атқармайды. Сөйлем ішінде тек əр қыстырманың қызметін атқаратын модальді сөздер бар: шамасы, əлбетте, зайыры, бəлкім, рас, анығында, шындығында сияқты модальдік мағына беретін сөздер белгілі істі, қимылды мойындау, келісу шамасында ғана қыстырманың қызметін айтады.
Қыстырмалар жеке сөз ретінде де (əрине, қысқасы, мүмкін) сөз тіркестер ретінде де келе береді.
Қыстырма сөздердің қазақ əдеби тілінде қолданылып, белгілі бір жүйеге келуі тіліміздің кеңес дəуірінде дамуына, орыс тілінің əсеріне де байланысты. Əсіресе саяси-публицистикалық, ғылыми- педагогикалық əдебиетті орыс тілінен аудару үстінде қыстырма сөздер пайда болып, қалыптасты. Олардың көпшілігі таза калькалар: бақытымызға орай (к счастью), сөз жоқ (безусловно).
Қыстырма сөз тіркестері де морфологиялық сипаты жағынан есім түбірлі жəне етістік түбірлі болып келеді.
Есім түбірлеріне зат есім мен есімдіктің (не шара, амал қанша, амал не, бір жағы), есім мен шылаудың (бақытымызға қарай), есім мен үстеудің (əлі есімде), есім мен бейтарап сөздердің (сөз жоқ, не керек), сан есім мен зат есімнің тіркестерімен жасалған қыстырмалар жатады.
Етістік түбірлеріне есім мен етістіктен (кім біледі, соры қайнағанда, шынын айтқанда, жалпы алғанда, бір сөзбен айтқанда) жəне етістік пен етістіктен (көріп отырсыз, қорыта айтқанда) жасалған қыстырмалар жатады.
Қыстырма сөз тіркестерінің ішінде тұрақталған түрлері жəне жақтық, шақтық, жекеше-көпшелік жағынан құбылмалы немесе басқа түсіндірме сөздермен жойылып кете алатын тұрақсыз тіркес бола алады. Тұрақты қыстырма сөз тіркестеріне сөз жоқ, не шара, амал қанша, амал не т.б. тəрізділер, тұрақсыздарға қорыта келсем (қорыта келгенде, қорыта айтсақ, қорыта айтсам), сорыма қарап (сорыңызға қарай, сорыңа қарай) жатады.
Қыстырма сөз сияқты, сөйлем мүшелерімен синтаксистік белгілі тəсілдер арқылы байланыспайтын, сөйлем мүшелерінің сұрақтарына жауап бермейтін оқшау сөздердің тағы бір тобы бар:
- Қойылған сұрақтар тура құптауды немесе айтылған ойға келісушілікті білдіретін я, құп, жарайды, жақсы, жөн, мақұл деген.
- Қойылған сұраққа тура қарсы жауап беретін немесе келіспеушілікті білдіретін жоқ, қой сөздері.
- Амандасу, қоштасу, кешірім сұрау, алғыс айтуды білдіретін сөздер.
Қыстырма мен қыстырынды сөздер арасында функционалдық, грамматикалық, генетикалық айырмашылықтар бар.
Мысалы, қыстырма сөзде айтушының хабарлап тұрған фактімен тікелей қарым-қатынаста болады. Оны мынадай варианттарға бөлуге болады:
1) Автордың түрліше сезімін қуанғанын, қайғырғанын, таңданғанын, өкінішін, сенімін т.б. білдіретін қыстырма сөздер болады. Мысалы:
1) Айтпақшы, сізге айтуға ұмытып кетіппін («Абай жолы», 132-б.).
2)Мүмкін, хатты алқынып отырып, асығып жазған адамның булығып келіп, алқымға тіреліп, сағынышы ағытылып, шығарға сөз таппай түйіліп қалып, көп нақаққа айналған шығар!
3) Рас, сен сүйдедің. Соны айтып ойнадың! — дей берді Ербол ((«Абай жолы», 545-б.).
Сонымен, қыстырма сөзде тек қана айтушының, яғни автордың, айтылып тұрған нəрсеге қатынасын білдірсе, қыстырынды сөзде қосымша мəлімет беріледі. Мысалы:
- Міне, бүгін олардың көктен тілегені жерден табылып, Ахметтің соңғы жазған хатын қолына түсірді. (Сырттан біреу бағып тұрып, бала байғұстың жүйкесін құртып қойған екен) (С.Т.«Қамар сұлу»).
Жалпы қыстырынды сөздің функционалдық-семантикалық төрт түрі бар. Олар түсіндірмелі, көбіне-көп барша жұртқа түсінікті болу үшін басқа тілдегі аудармасын немесе қолданып тұрған сөздің синонимін береді. Мысалы: Қазақстан елдерінде (қырда) көбінесе дененің өзге жеріне түскен ауруынан жұғады (М.Дулатов).
Ғылыми мəліметтерді мысалдардың көмегімен түсіндіру. Бұл барлық сөйлемдерге тəн жəне де мұнда мысалы деген сөздің көмегі арқылы жүзеге асады. Мысалы: Электролиттер (мысалы: натрий, хлор) қатысында ертіндідегі белоктың тұнбаға түсуі жеделдейді (Қ.Сағатов).
Дəлелдемені, мұнда дəлдікті, анықтықты көрсетеді. Бұл негізгі айтылған ойға (мағынаға) дəл жəне толық түрде мағына береді. Қыстырынды сөз жалпы берілген ұғымға оның əр түрін көрсету арқылы жасалады. Мысалы: Химиялық элементтерге сəйкес оксидтерінің жəне сутекті қосылыстарының (гибридтер) түрлері (құрамы, құрылысы) периодты түрде өзгереді.
Жай ғана бейнелі түрде берілген сөзді негізгі ғылыми термині арқылы анықтайды. Мысалы:Цилиндрдің бетіне жеңіл қорғасын (станиоль) жапырақшалары жапсырылады (Г.Макшиев).
Сілтеме түрінде келетін қыстырынды сөзде негізінен сөйлемде берілген негізгі ойдың қай жұмыстан қандай мəлімет, қандай беттен, сол еңбектің авторын көрсетеді. Мысалы: Ал «өзім» деген адамга, əсіресе қарапайым еңбекші адамдарға, Сəкеннен кішіпейіл кісіні «табу қиын да» (Таңдамалы шығармалар жинағы, XI т., 14-б.).
Қыстырынды сөздердің алдын ала ескертпелі, соңынан ала ескертпелі деп те бөлінеді.
Қыстырынды сөздердің негізгі тыныс белгісі — жақша. Ғалымдардың арасында осы сөздің ылғи да жақша мен сызықша қолданылуына байланысты олардың конструкциясын синтаксистік жəне стилистикалық тұрғыдан қарау кезінде қиындықтар туындайды. Зерттеушілер жақшаның кең ауқымды қолданылуына ертеде-ақ көңіл бөлген. Л.П.Якубинский 20-шы жылдары былай деп жазған еді: «Жақша өзінің пайда болуында, біртектілігі, өзінің функциясы сияқты күрделі болады. Мысалы: констекстте жақшаны қолданғанда көбіне-көп жазған сөйлемге қосымша толықтырулар енгізгенде қолданса, кей жағдайда осы жақшаны көптеген авторлар өз ойларын жеткізу үшін қажет болса, өзінің ерекшелігімен, жалпы тұстастығымен ерекшеленсе, олар эпитеттерде қолданады». Якубинский
«Айтылған нəрсенің ерекшелігі, ойды жеткізу — қыстырынды сөздің конструкциясының бірігуінің басталуы», — деп айтты.
Жақшада алынған сөз басқа сөйлемдерден алшақ болып қана қоймай, ол сөйлем мағынасын бұзатын да жағдайы болады. Əсіресе, жақшаға алынған сөздерде өзі еніп отырған сөйлемге басқа бір мағына үстесе, кей жағдайда жазушылар өз ойын толықтыра түсу үшін қолданады. Мысалы:
- Қыздың атын қойғансыз ба? — деді (Жамалды ер бала деп отыр екен) (М.Д. «Бақытсыз Жамал», 36-б.).
- Сəрсенбайдың үлкен қатыны Жамалды жан-тəнімен жақсы көргенсіп (тоқалдан туған қызды іші жек көріп тұрса да)... (М.Д. «Бақытсыз Жамал», 41-б.).
Қыстырынды сөздерде жақшамен қатар үтір, сызықша қолданылады. Бірақ олар жақша сияқты емес, сирек кездеседі. Сызықша арқылы бейнеленген қыстырынды сөздер сөйлем соңында келсе, олар өздерінің қыстырындылық қасиетінен айрылып қалады. Сондықтан олар көбіне сөйлем басында, ортасында келеді. Мысалы:
- Үлкен үйге кішкене кілт жол ашатын сияқты, үлкен іске көбіне кіші іс кілт болады, кіп- кішкене ұшқыннан үп-үлкен өрт шығады (А.Б.).
- Ақсақ Темір əулеті — жауынгер шалдың өзі мен немересі Ұлықбектен өзгесі —мұсылманшылыққа берік болғанға ұқсайды (Т.Ахтанов).
- Бұдан елу жыл бұрын — мың тоғыз жүз отызыншы жылдың жаз айы — мамырдың орта шені болатын (С.Жүнісов).
Негізінен қыстырынды сөзде тыныс белгілерін таңдауда мынадай байланыстар болатын сияқты: а) тексттің мазмұнында автордың негізгі ойды беруге тырысуы;
ə) негізгі мағынаға мазмұндық жағынан жақын болуы;
б) қыстырынды сөздердің синтаксистік құрылымының күрделі болуы.
Ескерту. Көркем шығармада, соның ішінде əсіресе драмалық шығармаларда адамның іс- əрекетін, көңіл-күйін білдіретін сөздер болады. Оларды əдебиетте «ремарка» деп атайды. Сөйлемде жақшаға алынады. Бұларды қыстырындылармен шатастырмау керек. Мысалы: Ержан (қабағын түйіп). Əлікім салам, жоғары шық мұғалым (кекетіп). «Əкесіндей кісіге баламды аштан өлсе де берерім жоқ деп кекіреңситін көрінеді», — дейді (М.Дулатов «Балқия», 235-б.).
Қорыта айтсақ, қыстырма, одағай, қаратпа сөздің экспрессивтік қызметі деген əлі толығымен зерттелмеген тың тақырып. Кездестірген əдебиеттерімізде ғалымдарымыз көбіне қызметі мен тыныс белгілерін толығымен айтса да, əлі «экспрессивтік қасиетін» ашып көрсеткен ешкім жоқ.
Жалпы, қаратпа, қыстырма, одағай сөздердің экспрессивтік қасиеті көркем əдебиеттерде шығармашылық көркемділік дəрежесін биіктетуде, яғни шығармадағы образдар арасындағы қарым- қатынасты əсерлі көрсету мақсатында, образ табиғатын мейлінше жан-жақты ашуда оқшау сөздердің қолданылу қызметінің аясы кеңейіп, жаңа мағыналық роль атқара бастады.
Сонымен бірге экспрессивтік мəн бар оқшау сөздер де бірдей болмайтынын анықтады.
Одағайлар мен қаратпаларда айқын көрінсе, қыстырмаларда əлсіз білінеді.
Үстеме құрылымдардың экспрессивтік қызметі. Қазақ тілі синтаксисінде қаралмай, зерттелмей келе жатқан саланың бірі — үстеме құрылым. Бұл факті бар жəне көптеп кездеседі. Үстеме құрылым синтаксистік құрылыстың өзіндік бір ерекшелігі боп есептеледі.
Үстеме құрылым деп негізгі айтылыммен бірігіп синтаксистік тұтастық жасайтын, соңғы бөлік алдыңғы, негізгі бөлікке грамматикалық жағынан да, логикалық жағынан да байланысты, тəуелді боп тұратын жəне үстеме бөлік негізгі сөйлемнің мазмұнын кеңейтіп, мағыналық жағынан толықтырып тұратын синтаксистік единицаны айтамыз.
Үстеме құрылым екі компоненттен тұрады: негізгі сөйлем + үстеме сөйлем. Бұл екі компоненттің орны тұрақты: бірінші, негізгі компонент айтылады да соңынан үстеме компонент айтылады /жазба əдебиетімізде де дəл осылай/. Негізгі бөлік пен үстеме бөлік айтылғанда үзіліс арқылы бөлінеді де интонацияның ерекше түрімен сипатталады.
Үстеме құрылым құрмалас сөйлемнің салаласына да, сабақтасына да ұқсамайды. Оның өзіне тəн ерекшелігі бар.
Салалас сөйлем компоненттері бір-бірімен тең құрмаласады да, сабақтас сөйлем компоненттері бірі екіншісіне бағына құрмаласады. Бірақ екеуінде де айтылатын ой санада белгілі болады. Ал үстеме құрылымды айтқанда үстемеленетін ой-санада əлі жоспарланбайды. Ол ой тек негізгі сөйлем айтылып жатқанда, не айтылып болғаннан кейін ойға келеді.
Құрмалас сөйлем синтаксисінің негізгі объектісі жеке ойды білдіретін жай сөйлемдердің өзара тіркесі бір бүтінге айналуы, сол арқылы күрделі ойды білдіру жолдары мен тəсілдері болады. Ал үстеме құрылым синтаксисінің негізгі объектісі жеке ойды білдіретін сөйлемдердің тіркесуі емес, алдыңғы негізгі сөйлемге мағыналық жағынан да, грамматикалық жағынан да тəуелді, көмекші сөйлемнің тіркесіп, бір бүтінге айналуы, сол арқылы ерекше мағыналылық жəне экспрессивтік- стилистикалық бояу беріп, негізгі сөйлемнің мағынасын күрделендіру, кеңейту жолдары мен тəсілдері боп табылады. Басқаша айтқанда, құрмалас сөйлем синтаксисі жеке ойды білдіретін жай сөйлемдердің өзара тіркесіп, құрмалас сөйлем болуын тексерсе, үстеме құрылым синтаксисі дербес сөйлемге көмекші синтаксистік құрылымның тіркесуін, байланысуын тексереді. Жоғарыда негізгі сөйлем мен үстеме сөйлемнің арасында үзіліс болады дедік. Ол үзіліс əр түрлі тыныс белгілері арқылы белгіленеді: нүкте, үтір, леп белгісі, сұрак белгісі, көп нүкте.
Мысалы, нүкте арқылы: Өлік Игіліктің шапанын жамылып, Игіліктің нəуескесінен түскені де аңыз ғой. Аңыз болғанда қандай!
Үтір арқылы: Екі жағы да кімнің кім екенін жете түсіндіре алған жоқ, жете түсініскен де жоқ (Ғ.Мүсірепов «Оянған өлке», 140-б.).
Леп белгісі арқылы: Мəңгіден бері жинала берген бітеу жара бір жарылмай қояр ма?! Өзі жарылды (Ғ.Мүсірепов «Кездеспей кеткен бір бейне», 194-б.)
Сұрақ белгісі арқылы: Ал өлім атаулыда мəн-мағына бола ма? Болғанда қандай? (Қ.Жұмаділов«Тағдыр», 592-б.).
Көп нүкте арқылы: «Қақаған суық, қатаң тəртіпке төзе алмай, сол жақта іш құса болып, буынып өліпті», — дейді, не демейді... Алайда шындық еді (О.Бөкеев).
Бұл айтылғандар үстеме құрылымның жалпы сипаты.
Ал қазақ тіл білімінде бұл мəселенің зерттелуі ғалымдар назарынан тыс қалып отыр. Сондықтан біз зерттелу тарихын сөз етпедік.
Тіл білімінде «үстеме құрылымдар» жəне «парцелляция» деген ұғымдар бар. Бір қарағанда, бұл ұғымдар бір-біріне ұқсас келеді. Бұларға жеке-жеке берілген анықтамалар да көп. Бірақ бір-бірінен ерекшелене қоймайды.
Тіл білімінде парцелляцияға байланысты бірізді тоқтам жоқ. Зерттеушілер мұны парцелляция құбылысының көп қырлылығымен байланыстырады. Жəне бұл мəселеге зерттеушілердің өздері əрқилы көзқарас тұрғысынан қарайтындығынан болса керек. Біздің қазақ тіл білімінде осы мəселе бойынша бірді-екілі ғана мақалалар жарыққа шыққан. Осыған орай қазақ тіл білімінде бұл мəселе жан-жақты зерттеле қойды деп айту қиын.
Қай анықтамаға үңілсек те, біздің байқағанымыз, парцелляция — белгілі бір ақпараттық жүкті арқалап тұратын, белгілі бір ақпаратқа негізделген, базистік сөйлемдегі ойды нақтылаушы, айқындап анықтаушы, толықтаушы, пысықтаушы қызметін атқаратын, базистік сөйлемнен белгілі бір тыныс белгісі арқылы ерекшеленген синтаксистік түзілім [3]. Осы ерекшелену арқылы ол оқырманның назарын аударып, өзгеше бір экспрессиялық сипатқа ие болып тұрады.
Қалай десек те, бертінге дейін тіл мамандары парцелляцияны үстеме құрылымның бір түрі деп танып келген. Бұлай деп тануының қисыны да бар. Біріншіден, сыртқы тұлғасы жағынан ұқсас болып келуі, екіншіден, берілген анықтамаларда бұлардың айырмашылықтарын нақты тілдік дəлелдер арқылы ажыратуды көздемеген сияқты.
Əдебиеттер тізімі
- Нұрмұқанов Қ.М. Сөз жəне шеберлік. — Алматы: Ғылым,
- Прияткина А.Ф. Осложненное простое предложение. — Владивосток: Изд-во Дальневост. ун-та,
- Розенталь Д.Э., Теленкова М.А. Словарь-справочник лингвистических терминов. — М.: Астрель-АСТ, — С. 386.