Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ тіліндегі объектілік қатынастың берілу жолдары туралы

Объект (objektum) — философиялық категория. Аталған терминге «Философиялық сөздікте» келесідей анықтама береді: «Адамның санасы мен қызметі неге бағытталса, сол нəрсе объект деп аталады» [1].

Философия ғылымы əлемінде «объект» ұғымы «субъект» ұғымымен қатар қолданылып, философияның əр түрлі бағытта жауап беретін негізгі мəселесінің бірі деуге болады. Объект жəне субъект адам қызметінің, іс-əрекетінің екі негізгі жағы, негізгі айқындықтары, соны көрсететін философиялық категориялар. Антика философиясында, мысалы, Аристотельдің еңбектерінде субъект қасиеттердің, қозғалыстардың, белгілердің ненің қасиеттері, қозғалыстары, белгілері екенін көрсететін ұғым деген мағынада қолданған. Яғни субъект — солардың бəрінің негізі, немесе, иесі. Қасиет ненің немесе кімнің қасиеті болса, сол субъект. Ой, сөз не немесе кім туралы болса, сол субъект. Бұл тұрғыдан субъект «субстанция» ұғымына жақын болды.

Сондықтан да объект субъектіге тыс емес, оның өзінің екінші бір кезеңі. Яғни адамның өзі барлық процесті игеретін иесі ретінде болса, соның негізгі өзгертуге тиіс ретінде объект. Барлық процестің түпқазығы адамның өзін-өзі өзгертуі, жасауы болатын болса, онда оның өзі-өзіне, бір жағынан, объект болғаны. Объектіні сондықтан да субъектінің бір өткінші кезеңі деп қараған дұрыс сияқты деп айтылады философиялық еңбектерде.

«Объект» термині жайында жазылған еңбектерді қарастыра келе, объектінің тек қана философиялық категория ретінде емес, сонымен қатар информатика ғылымының да негізгі ұғымдарының бірі ретінде қолданылатынын кездестірдік.

  1. Объект (ағылшынша objekt) — информатиканың əр саласына байланысты əр түрлі ұғымды білдіреді. 1. Ақпарат көзі бола алатын кез келген түсінік (зат, құбылыс, абстракция). Объектіні анықтау үшін оның аты жəне басқаларынан ажыратып алуға болатын өзіндік қасиеттері болуы тиіс;
  2. Объект реляциялық мəліметтер базасында сақталатын нақты процесс, құбылыс, зат жайлы мəліметтік элемент. Оған кесте, сұраныс, форма, басылым түсініктері кіреді; 3. Операциялық жүйелердегі (Windows, DOS) объектілер — бума (папка), файл, бағдарлама, құжат, жарлық, т.б.;
  1. Компьютер бағдарламаларындағы объект — өңделуге тиіс мəлімет элементі. Оған айнымалылар, сандар, жиымдар (массивтер) кіреді деп көрсетіледі [2].

Ал «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» объект — зат есім.

  1. Адам санасынан тыс жəне оған тəуелсіз өмір сүретін материалдық дүние. Мысалы: Тіпті өзіме жеке ғылыми объектінің табылғанына қуанғанымды да жасыра алмаймын (Т.Əбдіков «Ақиқат»). Еттің жиырылуын зерттеу үшін ең жақсы объект бақаның оңашалап бөліп алған балтыр еті болып табылады («Адам анатомиясы»). 2. Белгілі бір жұмыс (құрылыс) істеліп жатқан жер. Мысалы: Өткен түнде басқа объектілер бетон сұрамапты (А.Жақсыбаев, «Менің досым»). Құрылыс материалдарын қандай объектілерге жіберудің қажеттігі туралы пікір алысты (Е.Естаев «Өмір»). Алдағы жылдары тағы да бірнеше құрылыс объектілерін салуды жоспарлап отырмыз («Лениншіл жас») [3].

Ал енді тіл білімі ғылымында «объект» термині философия ғылымындағы секілді «субъект» терминімен коррелят түрінде қатар жүреді. Дегенмен де, ситуацияның негізгі қарама-қарсылықты білдіретін сыңары ретінде нақты «объект» түсінігіне тіл ғылымына қатысты зерттеушілер арасында көбінесе қалыптасқан бір нақты анықтама кездесе бермейді.

Жалпы мəн-жай, ахуалдың компоненті ретінде көрінетін объект мына формада көрінеді,  яғни «субъект — іс-əрекет / қарым-қатынас — объект». Ауызекі сөйлеу тілінде күнделікті қарым- қатынаста сөзіміздің əр түрлі мақсатта, сан-салалы ыңғайда қолданылатыны белгілі. Тіл-тілдің  даму барысында, грамматикалық құрылымының жетілуі ыңғайында жазу, сызу тіліміздің ширай, мүсіндене түсетіндігі белгілі. Соның арқасында екінші біреуге жеткізер ойымыз дəл, анық, түсінікті болмақ. Адам ойы сан-салалы, қат-қабат екендігі баршаға мəлім. Грамматикалық тұрғыдан алсақ, өзіміздің сыртқа шығарар пікірімізді əр түрлі қатынастар ретімен топтастырған болар едік. Демек, бүгінгі таңда кемеліне келіп отырған қазақ əдеби тілінің объектілік қатынасты білдірудегі мүмкіндігі барынша мол.

Қазақ тіл білімінде объектілік қарым-қатынастың берілу жолдары туралы сөз еткен ғалымдар А.Аблақов, А.Ысқақов, М.Серғалиев, З.Күзекова жəне ғалым Е.Жанпейісовтың басшылығымен шыққан «Қазақ грамматикасы» еңбектерінде кездестіруге болады. Дегенмен, бұл мəселе қазақ тіл білімінде шешілген, толық зерттелген деп айта алмаймыз. Орыс тілі білімінің зерттеуші ғалымдары Г.А.Золотова, М.В.Всеволодова, И.Георгиев, З.Д.Попова, Н.Ф.Алиева, тағы басқалардың еңбектерінде жан-жақты зерттелген.

Қазақ тіліндегі зерттелген объектілік қарым-қатынастың берілу жолы көп жағдайда сөз тіркестері арқылы көрінеді.

Кезінде ғалым А.Аблақов «Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері» деген еңбегінде объектілік қатынастың берілуін барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғаулары арқылы көрсетеді [4].

Зерттеуші «Сын есімді сөз тіркестері» деген тараушасында объектілік қатынастың берілу жолын жатыс септігінің көмегімен талдап көрсетеді. Ғалым «Жатыс жалғаулы есімдер сын есімнің жетегіне ергенде, олардың байланысынан толықтауыштық (объектілік қатынас) жəне пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері жасалады. Объектілік қатынастағы сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарларында толықтауыштық қызметте зат есім, есімдік қолданылады» деп жазады [4, 21]. Тілімізде мұндай сөз тіркестерінің басыңқы сыңарларында негізгі сын есім де, туынды сын есім де жұмсала беретіндігі белгілі. Мысалы: Бізде жазушылар аз (З.Шашкин). Ол өздеріңізде жеткілікті. Бірақ қалай ойлайсыздар? (Ғ.Мүсірепов). Жандыда балық үлкен, жансызда қамыс үлкен (мақал). Осындағы бізде, өздеріңізде деген сөздер — есімдік те, жандыда, жансызда дегендер — зат есім.

А.Аблақов жатыс септігі арқылы объектілік қатынаста жұмсалатын сөз тіркестерінің басыңқы сыңарларында, көбінесе заттың сан мөлшерін білдіретін көп, аз, мол, жеткілікті сияқты сын есімдерді қолданады. Мысалы: Қайталап айтқанда, поэзиялық жағынан бұл өлеңде кемшілік көп (С.Мұқанов). Онда досымнан қасым көп (З.Шашкин).

Тіліміздегі сөз тіркестері синтаксистік мағыналардың барлық түрінде кездеседі деуге болады.

Сол мағыналарды «Қазақ грамматикасы» зерттеу еңбегінде үлкен екі топқа бөліп қарастырады:

  • объектілік қатынастағы сөз тіркестері;
  • пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестер [5].

Ғалым М.Серғалиев қазақ тілінің объектілік қатынасты білдірудегі мүмкіндігінің мол екендігін айта келіп, ол мүмкіндіктерді жүзеге асыру жолын септік жалғаулары мен шылаулардан, көмекші сөздердің қызметінен іздейді. Осы аталған тұлғалардың бір-бірімен ауыса, алмаса жұмсалуының нəтижесінде синтаксистік синонимдер жасалады деп жазады [6; 76].

Ғалым пікірінше, қазақ тілінде объектілік мағынада қолданылатын етістікті сөз тіркестері синоним болу үшін бағыныңқы сыңардағы грамматикалық тұлғалардың орын ауыстыру тəртібі мынадай болып келеді:

  • септік жалғаулары мен септік жалғаулары;
  • көмекші есімдер мен көмекші есімдер;
  • септік жалғаулары мен көмекші есімдер.

Бұлардың ішіндегі ең өнімді тəсіл — септік жалғауларының бірінің орнына екіншісінің қолданылуы арқылы синоним тудыру тəсілі. Бұлай болуы септік жалғауларының сөйлем ішіндегі, сөз тіркестеріндегі қызметіне байланысты.

Етістікті сөз тіркестеріндегі объектілік қатынастар бірнеше шағын топтарға бөлініп қарастырылады. Олардың негізгілері:

  • əңгіме, сөз нысанын (объектісін) білдіретін сөз тіркестері;
  • құралдық қатынасты білдіретін сөз тіркестері;
  • бөліну, даралану ұғымын білдіретін сөз тіркестері;
  • бірлестікті, тұтастықты білдіретін сөз тіркестері;
  • қимылдың нысанға (объектіге) əсерін білдіретін сөз тіркестері;
  • тура нысанды (объектіні) білдіретін сөз тіркестері т.б.

М.Серғалиев сөз тіркестеріндегі объектілік қатынастар жайлы айта келіп, олардың жасалу жолдарының бірнеше түрлеріне атап көрсетеді [6; 77].

  1. Атау септік тұлғадағы сөздер арқылы объектілік қатынастың берілуі. Бұл мағынадағы сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары атау септігіндегі сөздер мен шылаулардың селбесуінен жасалған тіркестер.

Атау септігі — септіктердің ешбір қосымша қабылдамай, септеуге алынған сөзді сол күйінде танытатын түрі. Сондықтан атау септігіндегі сөздің сол күйінде басқа септіктегі сөзбен орын алмастыруы сирек кездеседі.

Мысалы: атау септігіндегі сөздің барыс септігіндегі сөзге алмасуы: Мен өзімді бұл жолдаспен талай жолғасқан, сөйлескен, кейде сырын түйген адамдардың бірі санаймын — Мен өзімді бұл жолдаспен талай жолғасқан, сөйлескен, кейде сырын түйген адамдардың біріне санаймын.

Атау септігіндегі сөздің шығыс септігіндегі сөзге алмасуы: Патшалық Россияның бір кездегі шет аймақтары саналып келген Орал қаласы қазір... ірі əкімшілік облыс орталығы ретінде гүлденіп, өркендеп келеді — Патшалық Россияның бір кездегі шет аймақтарынан саналып келген Орал қаласы қазір... ірі əкімшілік облыс орталығы ретінде гүлденіп, өркендеп келеді.

Атау септігіндегі сөз шылау, көмекші есім, көмекші етістікпен тіркесіп, объектілік қатынасты білдіру жолы жиі кездеседі. Көп жағдайда, атау тұлғадағы сөзбен тіркесіп, объектілік қатынасты білдіретін шылаулар [7]. Шылаулардың ішіндегі туралы, турасында, жайында (жайынан), жөнінде деген түрлері əрдайым объектілік қатынаста жұмсалады. Мысалы: Сырбай Дəулет туралы емес, Масақбай туралы көп ойлап келеді. Мұрат өзінің Айшаға деген сезімі туралы көп ойлайды.

Табыс септігі арқылы тура объектінің берілу жолдары: көркін місе тұтпау; жазып алғанды місе тұтпау, өлтірмеуді ойлау, жазуды ойлау, мəдениетті аңсау т.б.

Жалпы табыс септігінің тура объектіні білдіріп, оның басыңқы сыңары сабақты етістік болатыны белгілі. Ал сабақты етістік бір мағынадағы сөз тіркесінде табыс жалғауын да, барыс жалғауын да керек етуі, сондықтан барыс жалғаулы сөздің тура объектіні білдірудегі ұқсастығы мұндай сөз тіркестерінен синонимдік қатар құрайды. Бұл тілімізге енген құбылыс: Не істерге білмеген Балуанның көзіне бөлменің қалың қарағайдан жасалған есігі түсті (С.Мұқанов). Аң-таң болған Гүлнар не істерін білмеді («Балдырған»).

Ғалым М.Серғалиев «... объектілік қатынастарды жасауда табыс септігінен гөрі барыс септігінің меңгеруі əдеби тілдің нормасына жата ма дейміз» деп айта келіп: Шешем сөз арасында «Ақбота да сен кеткен күні жоқ болды, тегі, колхозға барып, Жəнібекке паналаған шығар дейміз» деп жазыпты (Ғ.Мүсірепов) деген мысал келтіреді [6; 94].

Ал профессор А.Аблақов объектілік қатынастарды білдіретін сөз тіркестерін жасауда барыс септігі жалғауының қабілеті мол екендігін айтып, олардың берететін мағыналарын талдап көрсетеді [4; 36].

Барыс тұлғасындағы объектілік қатынастағы сөз тіркестерінің бірқатары ұнатқандықты, бір нəрсеге сүйсінгендікті білдіреді. Ұнату, сүйсіну мағынасында жұмсалатын сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарларында зат есім, есімдік, есімше, тұйық етістік қолданылады да, ал басыңқы сыңарлардағы риза, рахмет, құлдық, ғашық секілді дерексіз зат есімдер жалпылық мағынаны нақтылап, айқындап, дəлдеп көрсетеді. Мысалы: Пейіліңізге мың да бір рахмет, жеңгесі (Ə.Əбішев). Əлеумет, құрметіңізге құлдық (Қ.Əбдіқадыров). Мен оған ғашықпын (Ш.Хұсайынұлы).

Сондай-ақ объектілік қатынастағы сөз тіркестерінің бірқатары болған немесе болатын уақиғаның айқындығына сеніммен қарау мағынасында жұмсалады. Мұндай сөз тіркестері куə, ем, сын деген абстрактті зат есімдердің барыс жалғаулы зат есімдермен, есімдіктермен, есімшелермен, тұйық етістіктермен тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Ана қыз жайында — екеуінің бір түн ұйықтап шыққанына өзім куəмін (З.Шашкин).

Əйел адам гүлмен тең, дымды сүймек, Көзінен жасы шықса, бойына ем (Абай).

Тілімізде объектілік қатынастағы сөз тіркестері меншіліктілікті білдіреді. Меншіктілікті білдіру мағынасында жұмсалатын сөз тіркестері ие деген зат есімнің барыс жалғаулы сөздермен тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Елге, жерге біз ие! (І.Жансүгіров). Қазақ шопандарының ең сорлысы бір рулы елге ие (Ғ.Мұстафин).

Жоғарыда көрсетілген мысалдардан барыс септігінің объектілік қатынастағы сөз тіркестерін жасауда көп қолданатынын аңғаруға болады.

Біз объектілік қатынасты білдіруде жалпы септік жалғауларының ролі ерекше екендігіне көз жеткіздік. Дегенмен бұған қарап, көмекші сөздердің маңызын кемітуге болмайды. Мағынаны үстемелеп, нақтылауда, бір ойды əр қырлы етіп, құлпыртып жеткізуде бұлардың да үлкен септігі бар.

Ғалым Н.Оралбаева «Қазақ тілі — көмекші сөзге бай тіл. Өте дамыған көмекші сөз системасы сөздің аналитикалық формасына да қатысты. Бұл тұрғыда əсіресе көмекші есімдер, септеулік шылаулар өзіне назар аудартады» деп жазады [8]. Көптеген ғалымдар аналитикалық форманы жасайтын тілдік бірлік ретінде септеулік шылауларды атайды жəне септеуліктер — объекті мен объектінің арасындағы əрқилы грамматикалық қатынасты білдіріп, белгілі бір септік жалғауын керек етіп тұратындығын еңбектерінде көрсетеді. Мəселен, профессор А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында септеуліктерге мынадай анықтама береді: «Септеуліктер деп объекті мен объектінің не предикаттың арасындағы түрлі грамматикалық қатынастарды білдіру үшін қолданылып, белгілі бір септік жалғауын меңгеріп тұратын көмекші сөздерді айтамыз», — деп жазады [9]. Яғни, объектілік қатынасты білдіруде септеуліктердің де қызмет атқаратындығын көруге болады.

Сонымен, жоғарыда айтылған мəселелерді жинақтай келгенде, төмендегідей қорытындыға келуге болады:

  • тіл фактілеріне қарағанда, септіктер жалғаулары жəне көмекші есімдері (септік шылаулар) арқылы жасалған сөз тіркестері объектілік қатынасты құрай алады;
  • объектілік қатынасты білдіруде септік жалғауларының жəне көмекші есімдердің байланысу дəрежесі əркелкі;
  • объектілік қатынастағы сөз тіркестерінің құрамдары біркелкі емес, олар мағыналық жағынан құбылып отырады.

Демек, сөз соңында айтарымыз, бүгінгі таңда кемеліне келіп отырған қазақ əдеби тілінің объектілік қатынасты білдіру жолдарының мүмкіндігі мол.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Философиялық сөздік. — Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996. — 306-б.
  2. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. — Алматы: Ғылым, 1983. — 7-т. — 103-б.
  3. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. — Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. — 371-б.
  4. Аблақов А. Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері. — Алматы,
  5. Қазақ грамматикасы. — Астана, 2002. — 750-б.
  6. Серғалиев М. Синтаксис мəселелері. — Астана,
  7. Күзекова З.С. Қазақ тілі. — Астана: Таным, 2003. — 142-б.
  8. Қалыбаев А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. — Алматы, 1986. — 17-б.
  9. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. — Алматы, 1991. — 371-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.