Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

А.Байтұрсынұлы еңбектеріндегі қазақ тілі морфологиясының мəселелері

Ғұлама ғалым, қазақ тіл білімінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің морфологиясына 1915 жылы шыққан 2 жылдық «Тіл — құрал» оқулығын арнаған. Автор сөз таптарын зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, демеу, жалғаулықтар, одағай деп 9 түрге жіктейді [1; 199–262]. Мұнда сан жағынан қазіргі қазақ тілімен сəйкес келіп тұрғанмен, еліктеуіш сөздер жеке сөз табы ретінде айтылмаған. Демеу мен жалғаулықтар дербес сөз табы қатарына саналған. Ғалым зат есімдерге анықтама беріп, оларды мағыналық түрлеріне қарай деректі жəне дерексіз деп бөледі. Оларға «зат тегінде екі түрлі. Біреулері — көзге көрінетін, құлаққа естілетін, мұрынға иісі келетін, тілге татылатын, денеге сезілетін деректі заттар, екіншілері — көзге көрінбейтін, құлаққа естілмейтін, мұрынға иіс келмейтін, тілге татылмайтын, денеге сезілмейтін, адам ақылмен ғана білетін дерексіз заттар» деген анықтама береді [1; 199–200]. Қазір «деректі зат есімдер» жəне «дерексіз зат есімдер» деген терминдер əлі күнге дейін қолданылады.

Зат есімдердің көптелетінін, тəуелденетінін, септелетінін айтады. Зат есімнің тəуелденуінің екі түрін көрсетеді: оңаша тəуелдену жəне ортақ тəуелдену. Мысал келтірейік:

  1. Оңаша тəуелдік. Жекеше:
  • -нші жақта (мендік): атам, үйім...
  • -нші жақ (сендік): атаң, үйің...
  • -інші жақ (бөгделік): атасы, үйі...
    1. Ортақ тəуелдік. Жекеше:
  • -нші жақ (біздік): атамыз, үйіміз...
  • -нші жақ (сіздік): атаңыз, үйі» [1; 201–202].

Автор ортақ тəуелдікте, мысалдардан көргеніміздей, бір заттың бір емес, бірнеше затқа ортақ екенін көрсетеді. «Қазақ грамматикасында» ортақ тəуелдеуді былай деп сипаттайды: «... меншік иесінің көптігін білдіретін түрін ортақ тəуелдеу деп, меншік иесінің жалғыз екенін білдіретін түрін оңаша тəуелдеу деп атайды. Өйткені ортақ тəуелдеуде меншіктелетін зат əр уақыт бірнеше субъектінің ортақ меншігі ретінде ұғынылады да, оңаша тəуелдеуде бір ғана субъектінің тек өзіне тəн, дербес меншік ретінде ұғынылады» [2]. Байқағанымыздай, А.Байтұрсынұлы ортақ тəуелдеуге берген анықтамасының қазіргі анықтамадан көп алшақтық жоқ.

Ғалым септік жалғауларының 6 түрін көрсетеді:

  1. Атау септік. Табыс септік.
  2. Ілік септік. Жатыс септік.
  3. Барыс септік. Шығыс септік.

Қазіргі грамматикамен салыстырғанда, көмектес септігі ғана жоқ.

Қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде жоқ септік жалғауы — көмектес септік. Зерттеушілер көмектес септіктің мəніне жақын септік жалғауының якут, чуваш тілінде барлығын айтады. Дегенмен, арнаулы грамматикалық тұлғасы бар көмектес септік қазақ тілінің ғана ерекшелігі. Басқа түркі тілдерінде бұл септік жалғаудың қызметін біле (білен) шылауы атқарады. Көне түркі тілінде қазақ тіліндегі -мен септік жалғауы мен басқа түркі тілдеріндегі біле шылауының мəнін беретін арнаулы жалғау -ын, -ін, -н тұлғасы айтылған. Алайда бұл тұлға ескерткіштер тілінде бірле шылау сөзімен жарыса қолданылған.

Бірле шылауы осы тұлғада (яғни -р-мен келген) V–VIII ғғ. жазбаларында кездеседі. Ол жазбаларында бұл шылаудың басқа варианты жоқ. Ал М.Қашқари сөздігінде екі вариантта бірле, біле түрінде жазылған. Алтын Орда мұраларында («Гүлстан», «Мұхаббат-нама») бұл шылау бірле, біле, білен («Гүлстан»), бірле, біле («Мұхаббат-нама») түрінде кездессе, «Кодекс Куманиксте», хан жарлықтарында біле түрінде ғана қолданылған. Сонымен, бірле шылауының құрамындағы -р түсіп қалуы сол XI ғасырдың өзінде-ақ бұл шылаудың екі түрлі айтылғанын Махмуд Қашқари көрсетеді:

«бірле-біле». Кейінгі дəуірлерде бірле түрінде айтылу оңтүстік-шығыс түркі тілдерінің үлесіне тиді де, батыс түркі тілдері -р-сіз айта бастаған. Біле шылауы (кейде бірле түрінде де) қазақ арасында XIX ғасырдың аяғына дейін қолданылған кітаби жазба тіл құрамында да бар. Біле шылауының -мен көмектес жалғауына жəне мен (бенен, пенен) шылау сөзіне ажырауы халықтық ауызекі сөйлеу тілінің құрамында өткен процесс. Көмектес жалғауының да, мен шылауының да ауызекі сөйлеу тілінде, жергілікті диалектілер құрамында əр түрлі фонетикалық варианттарда кездесуі соны дəлелдейді. Халықтың тіл құрамында бұл жалғау əдеби тілдегі варианттармен қатар, -мынан, -пынан, -бынан түрінде де айтылады. Əдеби тіл, жазба тілдің нормасы есебінде, жіңішке жəне қысқа варианттар -мен,-пен ғана қалыптасқан. Біле шылауының көмектес жалғауына айналуындағы бірінші фактор, əрине, дыбыстардың үндесу заңдылығы (басқы б-ның м, ал соңғының -п-ға айналуы), одан соң редукция құбылысы (ықшам, жинақы сөйлеуге тырысушылық, соның салдарынан екпінсіз буынның редукциялануы) əсер еткен [3].

Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды қазақ тіліндегі көмектес септігі кейінгі дəуірде ғана пайда болған. А.Байтұрсынұлының жіктеген септік категориясында көмектес септігінің кездеспеуі — заңды құбылыс.

Ғалым сын есімнің екі мағыналық түрін атайды: «1) тек сыны; 2) сыр сыны. Тек сыны нəрсенің тегін көрсетеді», — дейді де, мынадай мысалдар келтіреді: ағаш аяқ, күміс қасық, алтын жүзік, қағаз ақша т.б. [1; 217]. Автор анықтауыштық қатынаста жұмсалған заттың неден жасалғанын білдіретін зат есімдерді сын есімнің тек сыны түріне жатқызады. Біздің ойымызша, синтаксистің нысаны мен морфологияның нысаны арасында араласу бар. Ағаш аяқ дегенде, ағаш сөзінің лексика- грамматикалық белгісі — зат есім. Сондықтан ол қандай синтаксистік байланысқа түссе де зат есімдік белгісін сақтауы тиіс. Сын есімнің сыр сыны түріне «Сыр сыны нəрсенің ішкі, тысқы сырын, реңін, яғни түрін, түсін, тегін, тұлғасын, пішінін, жайын күйін көрсетеді. Мəселен, биік, аласа, жуан, жіңішке, толық, нəзік...» деген анықтама береді [1; 217–218]. Бұл — қазіргі қазақ тілінде сапалық сын есімдерге сəйкес келеді.

Сыр сынында үш шырай бар дейді: 1) жай шырай; 2) талғаулы; 3) таңдаулы шырай. Бұлар қазіргі қазақ тіліндегі 1) жай шырай; 2) салыстырмалы; 3) асырмалы шырай түрлеріне сəйкес келеді. Сын есімнің бұл мағыналық түрлерінде қазіргі қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынұлының «шырай», «жай шырай» терминдері өзгеріссіз қолданылған.

Сан есімге мынандай анықтама береді: «Сан есім нəрселердің һəм ретін көрсететін сөздер» [1; 222]. Сан есімнің екі мағыналық түрін көрсетеді: есептік жəне реттік сан есімдер.

Автор есептік сан есімді екі түрге жіктейді: жай есептік сан есім жəне жадағай есептік сан есім. Жай есептік сан есімдерге нөлдік формада айтылған сан есімдерді жатқызады. Мысалы: бір, екі,төрт, алты, тоғыз т.б.

Жадағай сан есімдерге -у жұрнағы арқылы айтылған жинақтық сан есімдерді жатқызады. Мысалы: біреу, екеу, үшеу, жетеу. Сондай-ақ автор -у жұрнағы жеті санына дейін жалғанатынын ескертеді.

Реттік сан есімдерге заттың ретін көрсететін сөздер, мəселен, бірінші, екінші, үшінші, жетінші, сегізінші т.б. реттік сан есім -ншы жұрнағы арқылы жасалатынын айтады. Бұл айтылған теория қазіргі күнге дейін өзгеріссіз қолданылады.

А.Байтұрсынұлы бөлшектік сан есімдерді «темілдік» деп атап, реттік сан есімнің ішінде қарастырады. Темілдік санның жарты, жарым, ширек сөздері арқылы жасалатынын айтып, қазақ тілінде мұндай сан есімдер аз кездесетінін ескертеді [1; 222–223].

Ғалым есімдікке төмендегідей анықтама береді: «Есімдік дегеніміз — есімдердің, яғни зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің, орнына жүретін сөздер, мəселен, мағлұм дегеннің орнына «мен» деймін, саған сөйлегенде атыңды атаудың орнына «сен» деймін, анау баланың атын атаудың орнына«ол» деймін. «Мен», «сен», «ол» деген сөздер зат есімнің орнына жүрген себептен есімдік болады» [1; 226]. Есімдіктерді бес түрге бөледі: 1) жіктеу есімдігі; 2) сілтеу; 3) сұрау; 4) жіктеу; 5) танықтық есімдігі.

Жіктеу есімдіктеріне қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүргендей мен, сен, сіз, ол түрлерін жатқызады. Жіктеу есімдіктерінің септелуін көрсетіп, олардың септелуінде басқа зат есімдердің септелуінен ерекшелік бар екенін айтады. Оларды мысалдармен дəлелдейді.

Сілтеу есімдіктерінің мағынасына қарай жақындағыны жəне алыстағыны көрсететін болып бөлінеді дей келіп, мысалдармен дəлелдейді. Автордың есімдіктерді түсіндіруінде қазіргі теориямен салыстырғанда еш өзгешелік жоқ.

Сұрау есімдігіне: «Сұрау есімдігі дегеніміз — біреуден бір нəрсе сұрағанда айтылатын сөздер», — деп анықтама береді [1; 227]. Оған кім?, не?, қайсы?, қандай?, нешеу?, қанша?, нешінші?, қашан? деген есімдіктерді жатқызады. Бұның қазіргі теориядан айырмашылығы жоқ.

Жіктеу есімдіктеріне мынадай анықтама береді: «Жіктеу есімдігі дегеніміз — нəрсенің жігін айта сөйлегенде айтылатын сөздер, мəселен, бəрі, барша».

Жіктеу есімдіктеріне мына есімдіктерді жатқызады: өз (өзім, өзің, өзі), бəрі, барша. Олардың тəуелдік жалғауының 3 жағында септелуін көрсетеді. Ғалымның бұл терминді алуындағы бір кемшілік — бұл терминнің қалыптасқан «жіктеу есімдігі» (мен, сен, ол) терминімен сəйкес келіп, онымен омоним болуы.

Ғалым есімдіктің бұл түрінде өз есімдігі қарастырылған. Қазір бұл есімдік (өздік есімдігі) есімдіктің парадигмалық түрін құрайды. Ал бəрі, барша есімдіктері жалпылау есімдіктері деп аталады.

Есімдіктердің 5-ші түрі танықтық есімдігіне мынадай түсіндірме береді: «Танықтық есімдігі дегеніміз — нəрсенің жоқтығын, яки анық белгілі еместігін көрсеткенде айтылатын сөздер. Мəселен, һешкім, һештеме, дəнеме, һешбір. Бұлар жоқтықты көрсетеді; кей, қайсыбір — бұлар түгел еместігін, біреу, əлдекім, əлдене анық белгілі еместігін көрсетеді» [1; 230].

Қазіргі морфологияда һешкім, һештеме, дəнеме, һешбір болымсыздық есімдіктерге жатқызылса,

біреу, əлдекім, əлдене есімдіктері белгісіздік есімдіктерге жатады.

А.Байтұрсынұлы етістіктің етіс, рай, көсемше, есімше, болымды, болымсыз категорияларын атайды.

Етістің мынандай 10 түрін көрсетеді:

  • сабақты етіс; 6) беделді етіс;
  • салт етіс; 7) ырықсыз етіс;
  • ортақ етіс; 8) шығыс етіс;
  • өздік етіс; 9) дүркінді етіс;
  • өзгелік етіс; 10) өсіңкі етіс.

Көрсетілген етістің сабақты жəне салт етіс түрлері қазіргі тіл білімінде етістіктің сабақты, салт етістік түрлері ретінде қарастырылады. А.Байтұрсынұлы етістіктің бұл түріне анықтаманы дəл жəне анық етіп берген. Мысалы, «Сабақты етіс дейміз — еткен іске бір нəрсе сабақталуы болса, мəселен, хат жаздым, шөп шаптым, қармақ салдым дегенде: жаздым, шаптым, салдым — істер.

«Хат жаздым» дегенде жазу ісіне хат сабақталып тұр. «Шөп шаптым» дегенде шабу ісіне шөп сабақталып тұр» [1; 231].

Салт етістігіне мынадай ереже ұсынады: «Салт етістік дейміз — өткен іске сабақталып, байланып тұрған һешнəрсе болмаса, мəселен, мен жүрмін, сен тұрсың, ол отыр...

«Жүрмін», «тұрсың», «отыр», «күлді», «жылады», «жүгірді» деген сияқты сабақсыз істі көрсететін сөздерді салт етіс дейміз» [1; 232]. Бұл анықтаманың мəні, мазмұны осы күнге дейін əлі өзгерген жоқ. Ғалымның бұл санатқа берген термині өзгеріссіз сол күйінде қолданылады.

Ортақ етіс, өздік етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс түрлері жəне термин атаулары қазіргі қазақ тілінде сол күйінде өзгеріссіз қолданылады. Бұл етіс түрлеріне берген анықтамалары əлі күнге дейін күшін жоймаған. Тек жаздырды, айттырды, салдырды, алдырды сөз формаларын «беделді етіс» түріне жатқызады. Бұл етіс түрлері қазір өзгелік етіс түрінде қарастырылады.

Дүркінді етіс түріне -қыла, -кіле, -ғыла, -гіле құранды жұрнақтар арқылы жасалған етістіктің түрін жатқызады.

Рай категориясының 14 түрін көрсетеді: 1) тұйық рай; 2) билік; 3) ашық; 4) шартты; 5) ереуіл; 6) реніш; 7) қалау; 8) сенімді; 9) сенімсіз; 10) мұң; 11) көніс; 12) қайрау; 13) азалы; 14) теріс рай. Тұйық рай түріне -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарын жатқызады. Мысалы: қарамақ,саумақ, бармақ, жанбақ т.б. [1, 234]. Қазіргі қазақ тілінде -мақ, -мек қосымшалары есімшенің формасы ретінде қаралады. Ал Ахаңның «тұйық рай» деген термині осы күнге дейін сақталған. Тұйық рай формасына -у жұрнағы арқылы келген етістіктің түрін жатқызады.

Билік райға ғалым мынадай анықтама береді: «Билік рай дегеніміз — істі істеуге-істемеуге кесіп айтқандағы сөз түрін. Һəр етістіктен түбірі мен тұқылын алып, билік рай түрінде жіктеп айтып көрейік. Болымды түрде: жазбақ (сабақты етіс), жыламақ (салт етіс), күреспек (ортақ етіс)...; болымсыз түрде: жазбасқа, жыламасқа, күрпеске, жуынбасқа...» [1; 235].

Ары қарай жіктік жалғауының 3 жағында жіктейді: Болымды түрлері:

Жекеше:               1-ші жақ                     2-ші жақ                      3-ші жақ

Жаз                       жазайын                        жаз                               жазсын

Күрес                     күресейін                        күрес                             күрессін

Жуын                     жуынайын                      жуын                             жуынсын

Ғалым райдың бұл түріне термин беруде оның мағынасын басшылыққа алған. Бір адамның екінші бір адамға билік құрып, бұйыра сөйлеуіне байланысты осындай термин ұсынған деп ойлаймыз. Қазір райдың бұл түрі «бұйрық рай» деп аталады.

Етістіктің ашық рай түріне берген анықтамасы да, термині де қазіргі күнге дейін қолданылады. Ғалым райдың бұл түріне неге «ашық рай» деген термин бергенін қарапайым тілмен былай түсіндіреді: «Ашық рай дейміз — істі ашық баяндайтын сөздің түрін» [1; 236]. Яғни іс-əрекет 3 шақтың біріне қатысты болып, ашық түрде баяндалады екен. Термин осы ұғымнан шығып отыр.

Шартты рай түріне тағайындаған термині де, теориялық анықтамасы да -са, -се жұрнақтары арқылы жасалуы да осы күнге дейін еш өзгеріссіз қолданылып келеді.

Ереуіл райға «істейтін істің мақсұтына болымы қарсы, ереуіл болғанда айтылатын сөз түрін» деген анықтама береді [1; 240]. Оған автор мынандай мысал келтіреді: сұрасаң да бермеймін, сүйресең де ермеймін. Сонда бұл мысалдардағы сұрасаң да, сүйресең де формалары ереуіл райға жатады дейді ғалым. Біздің ойымызша, райдың бұл түрінде морфологиядан гөрі, синтаксистік тəсіл басым. Себебі -саң да, -сең де деген шартты рай мен демеуліктің тіркесі арқылы қарсылықты мағына берілуі синтаксистік тəсіл болып табылады. Қазіргі тіл білімінде мұндай райдың түрі кездеспейді. Термин беруіне келсек, қазақта «халық ереуілге шығып қарсылық көрсетті» деген сөйлем қолданымдары бар. Осында «ереуіл» деген сөз қарсылық деген мағынаны көрсетіп тұр. Осы мағынаны термин ретінде алған.

Реніш райды ғалым былай түсіндіреді: «Реніш рай дейміз — істеген-істемеген істерге реніш еткенде айтылатын сөз түрін. Мəселен: «Шақырғанда, барсамшы!», «Көрдім деп айтпасамшы!»... деген реніш көрсететін сөздер реніш рай болады».

Реніш райдың 3 жақта жіктелуіне мысал келтіріледі:

Жекеше:              1-ші жақ                      2-ші жақ                      3-ші жақ»

Жаз                             жазсамшы                   жазсаңшы                   жазсайшы

Күрес                     күрессемші                      күрессеңші                      күрессейші [1; 241].

Бұл рай қазір қолданылмайды.

Қалау райға мынадай анықтама беріледі: «Қалау рай дейміз — істі көңіл қалауын көрсететін сөз түрін, мəселен, барсам екен, бармасам екен; айтсаң екен, айтпасаң екен... деген сияқты сөздер қалау рай болады» [1; 242]. А.Байтұрсынұлы термині де, берген анықтамасы да қазіргі күнге дейін өзгеріссіз қолданылып келеді.

Содан кейінгі сенімді рай, сенімсіз рай, болжал рай, мұң рай, көніс рай, қайрау рай, азалы рай, теріс рай түрлері қазіргі күнде қолданылмайды.

Қорыта айтқанда, А.Байтұрсынұлы ұсынған райдың 15 түрінен қазір райдың 4 түрі қолданыста бар. 3 рай атауларында Ахаңның берген термині өзгеріссіз қолданылуда. Олар: қалау рай, шартты рай, ашық рай. Бұйрық рай түрі А.Байтұрсынұлында «билік рай» деп қолданылған.

А.Байтұрсынұлы көсемшелерді 3 топқа бөледі: «Көсемше үш түрлі: 1) үнемді; 2) үнемсіз;3) ниетті.

Үнемді көсемше — созымды істі көрсету үшін айтылады. Мəселен, айта бердім, айта бердің, айта берді.

Үнемсіз көсемше — созымсыз, бірден бітетін істі көрсету үшін айтылады. Мəселен, айтып бердім, айтып бердің, айтып берді.

Ниетті көсемше — істеуге ниеттеніп тұрғанды көрсететін сөз түрі. Мəселен, барғалы тұрмын, барғалы тұрсың, барғалы тұр уа ғайри солай» [1; 245].

А.Байтұрсынұлының көсемше мен есімшеге термин беруде екі түрлі тұрғыдан келгендігі байқалады. «Көсемше» терминінің түбірі «көсем» деген сөз. Бұл сөз қазақ тілінде «саяси басшы»,«бастаушы», «лидер» деген мағыналарды білдіреді. Қазақ тілінің 2 томдық түсіндірме сөздігінде «көсем» сөзіне төмендегідей анықтама береді: «КӨСЕМ зат. Көпшілік мойындаған саяси қолбасшы, данышпан. Партия — жұмысшы табының саяси көсемі. Көсем ат — қысқы тар жолда түпкі аттың алдына жегілген ат. Шана артында жыландай ирелеңдеп көсем аттың құнты шұбатылып келеді» (Мұстафин) [4]. Осы сияқты көсемше жұрнақтары да етістіктің алдында қабыса жұмсалып, етістікті бастап тұрады ғой. Сонда «көсемше» термині «көсем» сөзінің бірінші мағынасынан ұқсастық арқылы келіп шығып отыр.

Ал «есімше» термині есімше жұрнақтарының тілдік қызметінен келіп шыққан. Есімшелер тілде етістік секілді де, есім сөз секілді де қызмет атқарады. Ғалым «есімше» терминін тілдегі осындай қызметінен алған. Оны есімшеге байланысты ұсынған анықтамасынан да байқаймыз: «Есімше дейміз — есім сияқты айтылатын етістіктің түрін, мəселен, айтушы адам, шабатын ат, жазған хат дегенде «айтушы», «шабатын», «жазған» деген сөздер есімше болады. Есім сияқты дейтініміз: сын есімше «қандай?» деп сұраймыз» [1; 251]. Сонымен, «көсемше» термині ұқсастық негізінде алынса, «есімше» термині тілдегі қызметіне қатысты белгіленген.

Ғалым үстеуге мынадай анықтама береді: «Үстеу дейміз — сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздерді толықтыру, күшейту үшін айтылатын сөздерді. Мəселен, «тым жақсы», «он есе», «тап өзі», «əрең келдім» уа ғайри сондай» [1; 256]. Негізгі үстеулерге (Ахаңша, түпкі үстеу) мына сөздерді жатқызады: əбден, тым, тіпті, қас, сірə, есе, тап, нақ, нағыз, əрең, дəл, дөп, дəйім, əрі, бұрын, енді, мана, əні, міне, ең, ылғи, таман, сайын, əлі, жория, жорта, дік.

Автор үстеулердің 5 түрін атап көрсетеді: 1) нықтаулық; 2) сынаулық; 3) өлшеулік; 4) мезгілдік;5) мекендік.

Нықтаулық үстеулерге «басқа сөздердің мағынасын нығыздау үшін айтылатын сөздерді» жатқызады. Олар: ең, бек, əбден, тым, өте, тіпті, тап (өзі), нақ (сол), нағыз, дəл (тиді), дөп (келді), қасақана, əдейі, жəдə (шаршады), тікелей (қоя берді), əсіресе [1; 257].

Үстеулердің бұл түрі қазіргі қазақ тілінде күшейткіш үстеу деп аталады. Жоғарыда көрсетілген қасақана, əдейі үстеулері қазіргі қазақ тілінде мақсат үстеу қатарында қарастырылады.

Сынаулық үстеуге автор мынадай мысал келтіреді: «жақсы оқиды, жаман жазады, сыбай қонады, жаяу жүреді дегенде, ірі жазылған сөздер қалай? деп сұрағанға жауап болып тұр (оқиды қалай? — жақсы. Жазады қалай? — жаман...). Бұлар үстеу орнына жүретін сын есімдер» [1; 257].

Ал шалқасынан түсті, етбетінен құлады, адамша сөйледі деген мысалдарды автор үстеу орнына жүретін зат есімдер дейді.

Екі-екіден бөлді, үш-үштен алды деген тіркестердің бағыныңқы сыңарлары А.Байтұрсынұлы үстеу орнына жүретін сан есімдер деп түйеді. Бұл мысалдардан шығатын қорытынды — үстеуді айыру контекске де байланысты. Мəселен, автордың ойынша, жақсы, жаман есім сөздері зат есімді анықтаса, сын есім болады да, етістікті пысықтаса, үстеу болады. Екі-екіден, үш-үштен мысалдары туралы да осыны айтуға болады.

Автор өлшеулік үстеуге «сынның я істің шамасын көрсететін сөздер» деп анықтама береді [1; 258]. Оларға мынадай мысалдар келтіреді: түске шейін ұйықтады, кешке дейін жатты, ауылға шейін қуды (автор бұлар үстеу орнындағы зат есімдер деп ескертеді), аз берді, көп алды (бұларды автор үстеу орнындағы сын есім деп ескертеді), екі есе артық (үстеу орнындағы сан есім дейді автор), сонша əдемі, мұнша кешікті (үстеу орнындағы есімдіктер дейді ғалым). Үстеудің бұл түрі қазіргі мөлшер үстеумен сəйкес келеді. Берілген терминінде де мағына бар. Заттың мөлшерін білдіретін ұғымға өлшеу арқылы көз жеткіземіз.

Мезгіл мен мекен үстеулерінің анықтамасы мен ұсынған мысалдары бүгінгі күнгі теориямен толық сəйкес келеді.

Тұжырымдай келгенде, қазіргі қазақ тілінде үстеудің 8 түрі көрсетіледі. Солардың ішінде А.Байтұрсынұлы көрсеткен үстеу түрлерінің 2 атауы өзгеріссіз қолданылады. Ал «нықтаулық үстеуі» қазір «мөлшер үстеу» деп, «сынаулық үстеу» қазір «сын-қимыл үстеу» деп, «өлшеулік үстеу» қазір «мөлшер үстеу» деп аталады. Ал «үстеу» терминін жасаған ғалым А.Байтұрсынұлы.

Автор «Тіл — құралының» 1915 жылы шыққан 2-нші жылдық кітабында «демеу» мен «жалғаулықтарды» жеке-жеке сөз табы ретінде қарастырса [1; 259–261], 1-інші жылдық кітабының 1925 жылғы 5-мəрте басылуында «шылау сөздер» деген атаумен береді [1; 194–196]. Ғалым демеудің сөйлемдегі қызметін дəл анықтап, ғылыми анықтама берген: «Демеу дейміз — сөздің я сөйлемдердің арасын үйлестіруге демеу болатын сөздерді» [1; 259]. Автор демеулерге мына сөздерді мысалға келтіреді: ма (ме, ба, бе), ғой, ақ, əше, бəсе, əлде, та, тағы. Сондай-ақ қазіргі жалғаулықтар қатарында қарастырылып жүрген өйткені, үйтпесе, əйтпесе, немесе (не емес болса), əйтсе де (алай етсе де) түрлері кездеседі [1; 259].

Жалғаулықтарға мынадай анықтама береді: «Жалғаулық дейміз — жалғау орнына жүріп, жалғау сияқты басқа сөздердің шылауында тұрмаса, өз алдына мағына шықпайтын сөздер. Жалғаулық сөздер қазақ тілінде аз. Болғаны мынау-ақ: менен (бенен, мен, бен), үшін, шейін, дейін, таман, сайын, гөрі, арқылы, тақырыпты, туралы» [1; 260]. Қазіргі тіл білімі тұрғысынан қарасақ, мен шылауы ғана жалғаулық болады да, басқасы септеуліктің қатарында қарастырылып жүр. Айта кететін бір жайт —«шылау» деген терминді А.Байтұрсынұлы жасаған.

Автор одағайларды үшке бөледі: 1) Ілездік одағай: лап, шап, жұлт, жалт, зып, сып, дік, күмп, дүрс, күрс т. б. 2. Еліктеу одағай: шыр-шыр, быр-быр, сықыр-сықыр, сылдыр-сылдыр, шық-шық т.б. 3. Шақырыс одағай: құру-құру (жылқыға), пышайт-пышайт (қойға), күс-күс (түйеге) т.б. Байқап отырғанымыздай, ғалым одағай тобында еліктеуіш сөздерді де қарастырады.

Қорыта келгенде, ғалым А.Байтұрсынұлы морфологияға қатысты 78 термин қолданған, соның 50 термині əлі күнге дейін пайдаланылады. А.Байтұрсынұлы қазақ тілі морфология саласының нағыз ғылыми тұрғыда негізін қалап, болашақ зерттеулерге жол салды.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. — Алматы: Ана тілі, 1992. — 448 б.
  2. Қазақ грамматикасы. — Астана, 2002. — 455-б.
  3. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. — Алматы: Мектеп, 1988. — 165–167-б.
  4. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі: 2 томдық. 1-т. — Алматы: Қазақ ССР ҒА баспасы, 1959. — 316, 317-б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.