Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды биология сабақтарында қолдану тиімділігі

Қазіргі таңда əрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетін ескеру, оқытудың іс-əрекеттік мəнділігін арттыру, білімнің практикалық бағытталуын күшейту, оқу материалдарының мазмұнын оқушының өмір тəжірибесіне жақындату, оның өз бетінше оқу жəне ізденушілік қызметін кеңейтетін жағдайлар туғызу білім сапасын арттырудың пəрменді тəсілдері болып саналады. Білім нəтижесі ретінде қалыптасқан құзыреттілік білім алу кезінде анықталатындығы көрсетілген. Ал пəн бойынша құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар жан-жақты оқу əрекеттерін қалыптастырып, оқушының ой-өрісін одан əрі дамытуға негізделеді.

Құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды құрастырудың басты мақсаты — оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сол алған білімдерін өмірде қолдана алатын құзыреттілігі қалыптасқан жас ұрпақ тəрбиелеу, ол үшін оқушының теориялық алған білімдерін өмірмен байланыстыратын тапсырмалар реттілігін орындауына жағдай жасау қажет. Оқушының сабақта өзіндік мəліметтерді жинақтап, белгілі бір уақытта білімдерін одан əрі дамытуға əрекет жасауы тек білу, түсіну ғана емес, сондай-ақ талдау, синтез, бағалау əрекеттерін жан-жақты қолдану арқылы көрініс табады.

Оқушы берілген мəліметтер ішінен өзіне қажетті ақпаратты өз бетімен анықтай алуға, орындалатын жұмыстың ішінен өздігінен мақсат қойып, таңдаған мəліметтерін негіздей алуы керек.

Күтілетін нəтижелер:
  1. Білім алуда ақпарат көздерімен жұмыс жасауды қалыптастыру жəне дамыту.
  2. Сынақ, емтихан, олимпиада, зерделік сайыстардағы тапсырмаларды оқушылар жоғары деңгейдегі орындай алу.
  3. Оқушының пəнге деген көзқарасы өзгереді, оқу материалын жақсы меңгеруге мүмкіндік алады, оқушының ойлау қабілеті артады.

Орта білімді оқып шығатын оқушы бойында келесі түйінді құзыреттіліктердің болуы — заман талабы:

  • басқарушылық (проблеманың туындауын шеше алу қабілеттілігі);
  • ақпараттық (танымдық қабілетін қалыптастыруға қабілеттілігі);
  • коммуникативті (үш тұғырлы тіл арқылы ауызша, жазбаша коммуникациясы);
  • əлеуметтік (өзіндік əлеуметтік қарым-қатынасқа қабілеттілігі);
  • жеке (өзіндік ұйымдастыру, білім жетілдіру, өмірлік жəне кəсіптік жолды анықтауға, толерантты болуға қабілеттілігі);
  • азаматтық (Қазақстанның азаматы ретінде жауапкершілігі мен мəдениетіне жанашырлығы);
  • технологиялық (ғылыми, өзіне қажетті деңгейде жаңа технологияларды қолдану қабілеттілігі) [1].

Осы орайда қазіргі заманауи сабақтарға арнайы қойылатын талаптар бар. Сабақтың тиімділігіне сəйкес критерийлерді ескеретін сабақтың құрылымы мен өзіндік сараптаудан тұрады.

ҚҚБС қойылатын талаптар:

  1. Анықталмаған жағдайды туғызу, таңдау мүмкіндігін беретін оқытудың формасы мен технологиясын өзгерту.
  2. Оқу материалын проблемалық жағдаймен ерекшелендіру.
  3. Оқушыға əлеуметтік тəжірибеден алынатын, өмірдегі маңызды жағдай туғызу.
  4. Жаңа дидактикалық материалдарды қолдану, шындыққа келетіндей стандарттан тыс тапсырмалар мен жағдайлар туғызу.
  5. Оқу қызметі зерттеушілік жəне практикалық бағытты сипатта болуы.
  6. Оқушылардың қабілетін ескере отырып, практикум, оқу жобалары мен іс-шараларды ұйымдастыру.
  7. Оқушылардың өз бетімен ізденуіне жағдай жасау.
  8. Оқушы білім алу кезінде белсенді ұйымдастырушы, қатысушы болуына жол беру.
  9. Қоршаған орта социумымен тығыз байланысты мектептің ашық үлгідегі жүйесін қамту керек.
  10. Оқу қызметінде оқушылар өзіндік бағалауды жүзеге асырады [1–5].

Құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар оқушының ақпарат пен кейбір əрекеттерді жүзеге асыруды емес, оның оқу қызметін ұйымдастырады. Құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар келесі құрылымдардан тұрады:

  • Контекст. Тақырыптың «өмірлігі» ҚҚБТ негізгі көзі болып табылады. Бұл пəндік құзыреттілікке бағытталған «қаланатын тастың» құрылым жолындағы басты бағалаудың негізі. ҚҚБТ келесі реттілік жатады:
  • Мазмұнды тиістілік. Белгілі бір пəнге байланысты тақырыптық тиістілік, тапсырманы орындау үшін қажетті мəліметтер топтамасы.
  • Компонент қызметтілігі. Тапсырманың бағытталған қызмет түрлері қарастырылады. ҚҚБТ төмендегі топтамаларды қамтитын бірнеше қызмет түрін қолданылуын қарастырады:
  • пəндік білімділік;
  • ақпаратпен жұмыс жасай білу;
  • зерттеушілік қабілеттілік.

Құзыреттілікті дамытуға бағытталған сабақты ұйымдастыру барысында келесі құрылым бөліктері болуы шарт:

Ақпарат. Тапсырманы дұрыс орындау үшін ақпарат бере алатын мəліметтер жинағы болу керек.

Бағалау құралы. Кілт, модельді жауап, аналитикалық шкала, топ жұмысын бақылайтын парақ.

Жауап — берілген жауап құрылымы бар, ашық типті, дұрыс жəне жартылай дұрыс тапсырмалар реттілігі.

Жабық түрдегі тапсырмаларға оқушылардың жауабының кілт-эталоны.

Бақылау — тапсырманы орындау кезіндегі оқушының қызметін бағалау түрін анықтау [6].

Төменде кесте түрінде бірнеше тапсырмалар беріліп, оларды ұйымдастыру, бағалау түрлері келтірілген.

 Төменде кесте түрінде бірнеше тапсырмалар беріліп, оларды ұйымдастыру, бағалау түрлері келтірілген.    

Үй тапсырмасы. Жауап парағы

(Блум бойынша)

Үй тапсырмасы. Жауап парағы

Топқа берілетін тапсырма:

  1. Моногибридті будандастыруға арналған тапсырма:

Жеміс шыбындарында (дрозофила) дененің сұр түсі қара түске қарағанда доминантты болады.

Сұр түсті шыбындарды өзара будандастырғанда ұрпақта 690 сұр түсті жəне 233 қара түсті шыбындар алынған. Ата-анасының генотиптері қандай?

ІІ. Топқа тапсырма.

  1. Қан топтарына есептер:

Əкесінің қаны І-топ, ал шешесінің қаны ІІІ-топ болған жағдайда, олардың балаларының қан топтары қандай болмақ?

Құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар құрылымы

Мониторинг көрсетіп отырғандай, құзыреттілікті дамытуға арналған сабактары жоспарлау барысында оқушылардың сабақта келесі таным əрекеттері артты: өз бетімен жұмыс істеу — 90–93 %, белсенді таным əрекеті — 84–93 %, мəтінді талдау — 84–92 %; мəтінді құрау — 47–55 %, өзін-өзі бағалау жəне өзара бағалау 47–55 % (сур. қара).

Оқушының дербестігіне негізделген оқытудың жаңа формаларын қолдану нəтижесінде оқушының өзіндік білім алуға жауапкершілігі артты, сөйлеу коммуникациясы, көшбасшылық сапалары, қарым-қатынас құзыреттілігі жəне диалогтық мəдениеті дамиды. Өз кезегінде ол білім беру үрдісінің субъект-субъектілігін қамамасыз етеді.

Сурет. Жаратылыстану пəндері бойынша (физика, биология, химия) сапа көрсеткіштері

Сонымен, құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар оқушының ынтасын жоғарылатудың бірден бір əдісі. Біріншіден, оқушы тапсырманы орындау кезінде өзінің бағытын, көзқарасын өзгертеді; екіншіден, құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар басқа əрекет, қызметті талап етеді; үшіншіден, оқытылатын материалдар қосымша қызмет жағдайларын білуге мен қолдануға мүмкіндік береді; төртіншіден, оқушының пəнге деген көзқарасы өзгереді, оқу материалын жақсы меңгеруге мүмкіндік алады, оқушының ойлау қабілеті артады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Равен Д. Компетентность в современном обществе, выявление, развитие и реализация. — М.: Наука, 2002. — 111 с.
  2. Концепция интеллектуальных школ Первого Президента Республики Казахстан // Казахстанская правда. —
  3. Компетентностный подход как способ достижения нового качества образования. — М.: Просвещение, 2002. — 134 с.
  4. Голуб Г.Б. Компетентностная составляющая образовательного стандарта: материалы Междунар. НПК. — Алматы: Білім, 2007. — 56 с.
  5. Компетентностный подход в педагогическом образовании: колл. моногр. / Под ред. проф. В.А.Козырева, проф. Н.Ф.Радионовой и проф. А.П.Тряпицыной. — СПб.: Изд-во РГПУ им. А.И.Герцена, 2005. — 392 с.
  6. Жайтапова А.А. Научно-методическое обеспечение профессионального роста учителей на этапе перехода к модели образования, ориентированного на результат. — Алматы: Білім, 2004. — 74 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.