Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бағалы қағаздарға жанама байланысты кейбір қылмыстардың сипаты

Нарықтық экономика жəне кəсіпкерлік қызметтің дамуы барысында меншікке, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық жəне өзге де қылмыстар бағалы қағаздар нарығында кең орын ала бастады. Бағалы қағаздармен жанама да қатысы бар аталған қылмыстар еліміздің əлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына зор нұқсан  келтіруде. Сəйкесінше, бұл жағдай қылмыстылықпен күресу мақсатында қылмыстық нормаларды зерделеп, оны тез арада жетілдіру міндетін алға тартады. Осы орайда, бағалы қағаздар нарығымен жанама да қатысты қылмыстық нормалардың кейбір құрамдарына арнайы тоқталсақ.

Бағалы қағаздарды шығару жəне айналымға жіберуге жанама қатысы бар қылмыстардың субъективтік жағы да тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі жəне қылмыс пайдакүнемдік ниет жəне мақсатпен орындалады.

Бағалы қағаздарды шығару жəне айналымға жіберуге жанама қатысы бар қылмыстардың қатарындағы алаяқтық Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177-бабы) пен алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтірудің топтық объектісі (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 182-бабы) – меншік, сонымен қатар экономикалық қызмет саласында өзара біртектес қоғамдық қатынастардың тобына біріккен, заңмен қорғалынатын мүддеге қолсұғады. Ал бағалы қағаздарды шығару жəне айналымға жіберуге жанама қатысы бар қылмыстардың біршамасы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық жəне өзге де қылмыстар, қалғандары экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар қатарында.

Бағалы  қағаздарды  шығару  жəне  айналымға  жіберуге  жанама қатысы бар қылмыстардың бъективті жағы белсенді əрекеттерден тұрады.

Бағалы қағаздамен жанама байланысты қылмыстарға жалпы шолу жасағаннан соң, ендігі кезекте жекеленген қылмыс құрамдарына құқықтық сипаттама беріп өтсек.

Заңсыз кəсіпкерлік (190-бап). Қазақстанның нарықтық кезеңге аяқ басуы елде халыққа қызмет етудің бірнеше түрлерімен байланысты кəсіпкерліктің кең етек алуына мүмкіндіктер туғызды. Кəсіпкерлікті дамытумен байланысты мемлекеттік бағдарлама құрастырылып, қолданысқа енді, заңнамалар да өзгерістерге ұшырады. Көлденең өзгермелі құбылыстарды заңбұзушылықтан арашалап қалу да қиын шаруа. Сондықтан да кəсіпкерлік саласындағы заңсыздықтар де есепсіз көбеюде.

Заңсыз кəсіпкерлік – заң тиым салған кəсіпкерлік əрекеттер. Заңнамада кəсіпкерлік қызметтер мемлекет тарапынан реттелу барысында арнайы рұқсат алуды, тіркеуді міндеттейді. «Лицензиялау туралы» Заңда лицензиялауды қажет ететін қызмет түрлері тізіліп берілген. Қылмыстық заңнамада көрсетілгендей, кəсіпкерлік қызметті тіркеуден өтпей, не рұқсат алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру сынды əрекеттер кəсіпкерліктің тыйым салынған түрлері болып табылады. Ал, қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-тармағында:

«Кəсіпкерлік қызметті тіркеуден өтпей, не рұқсат алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сол сияқты кəсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану, егер осы əрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды өндірумен, сақтаумен жəне өткізумен байланысты болса»  –   деп,  алдыңғы  айтылған   мағынаны   береді.   Сондықтан   да  норманың   аталған тармағын «кəсіпкерлік қызметтің тиым салған түрлерімен айналысу азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды өндірумен, сақтаумен жəне өткізумен байланысты болса» деген орынды болады.

Бағалы қағаздар рыногында уəкiлеттi органның лицензиялауына жататын брокерлiк, дилерлiк, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiн жүргiзу, инвестициялық портфельдi басқару, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару, кастодиандық, трансфер-агенттiк, бағалы қағаздармен жəне өзге де қаржы құралдарымен сауда ұйымдастыру түріндегі қызмет түрлерiн лицензиялау шартын бұза отырып қызметтерді жүзеге асыру кезінде заңсыз кəсіпкерліктің бағалы қағаздар нарығымен жанама байланысын байқаймыз.

Қылмыстық норманың 2-тармағында дəл осы əрекетті:

1) ұйымдасқан топ жасаса;

2) аса ірі мөлшердегі табыс табумен ұштастырып;

3) бірнеше мəрте жасаса;

Ескерту: 500 айлық есептік асатын ірі мөлшердегі табыс; 2000 айлық есептік асатын аса ірі мөлшердегі табыс; елеулі мөлшерде – 100 айлық есептік сомға зиян асатын ірі зиян – ірі мөлшердегі тауар. Бұл өлшемдер бір жағынан қаржы айналымындағы қаражат сомасының ауқымдануы, екінші жағынан елдегі инфляцияның əсерінен тым құнсыз. Сондықтан да олардың мөлшерін екі есеге үлкейту жөнінде ғылыми еңбектерде біршама ұсыныстар бар.

Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігі – мемлекеттік экономикаға зиян болады. Кəсіпкердің лицензия алуды қажет ететін қызметпен айналысу құқығы – сол лицензияны алған кезден бастап немесе онда көрсетілген мерзімде күшіне енеді, егер занда, өзге де құқыктық актілерде басқадай көрсетілмеген болса, мерзімі біткен соң лицензия күшін жояды. Мемлекеттік тіркеуден өтуге тиісті, сонан кейін ғана лицензия береді.

Қылмыс болу үшін заңсыз кəсіпкерлік азаматқа, ұйымға, мемлекеттке ірі зиян, ірі мөлшерде табыс табумен ұштасуға тиісті.

Жалған кəсіпкерлік (192-бап). Қылмыстық кодекстің 192-бабында «Жалған кəсіпкерлік, яғни кəсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз несие алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген коммерциялық ұйым құру» деп белгіленген.

Қылмыстық жауаптылықтың басты шарты – азаматтың, ұйымның немесе мемлекеттің кұқықтары мен мүдделеріне зиян келтіру болып табылады. Объективтік жағынан осы бапта көрсетілген қылмыс кұрамы: кəсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз, несие алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсатымен занда белгіленген зардапты келтіре отырып, коммерциялық ұйым құру əрекеті арқылы сипатталады. Мысалы, акционерлік қоғам түрінде заңды тұлға құрған жағдайда бағалы қағаздар нарығымен жалған кəсіпкерліктің жанама байланысының болғандығын байқаймыз.

Қылмыс тек əрекет арқылы жүзеге асырылады. Жалған кəсіпкер коммерциялық ұйым құру үшін оны тіркету жəне оған лицензия алу үшін заңда көрсетілген барлық құжаттарды дайындайды. Құрылтайшылар жиналысын өткізеді, жарғы қабылдап, қажет болған ретте құрылтайшы шартын бекітеді. Осыдан кейін кəсіпкерлік немесе банктік қызмет заңды тіркеуден өткізіледі, оған лицензия беріліп, банк операцияларын жүзеге асыру үшін алымдағы жəне есептесу шоты белгіленгеннен кейін кəсіпкерлік ұйымның барлық заңды қызметі доғарылады да, жалған кəсіпкер  азаматқа,  ұйымға немесе мемлекетке зиян келтіруге бағытталған басқа əрекеттермен шұғылданады: несие алады, азаматтардан немесе ұйымдардан ақша қаражаттарын жинайды, сөйтіп тыйым салынған қызметпен айналыса бастайды. Осындай əрекеттердің нəтижесінде қоғамға қауіпті зардап азаматқа, ұйымға қауіпті зардап немесе мемлекетке ірі зиян келтіріледі. Осы уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп танылады (ірі зиянның түсінігі Қылмыстық кодекстің 189-бабының ескертуінде берілген). Қылмыс құрамы заңдылық мəні жағынан материалдық құрамға жатады.

Норманың ескертпесінде, заңға қайшы мақсатты көздеген мəмілелерге несие алуға, салықтан жалтаруға, тиым салынған қызметті жасыру, заңсыз кіріс табу жəне (немесе) басқа да мүліктік пайда табу, сондай-ақ аталған іс-əрекеттерді бірлесіп жасау жатады, делінген.

Соңғы кезде жалған кəсіпкерлік үшін қылмыстылық жауаптылық қарастырылған норманы Қылмыстық кодекстен алып тастап, санкциясын күшейте отырып, Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 154-бабының «Жалған кəсіпкерлік» 1-тармағында қарастыру жəне сол норманың 2-тармағында аталған əрекеттердің ірі зардаптар алып келуін (заңға қайшы мақсатты көздеген мəмілелер ұғымын нақтылайтын ескертпемен) енгізу жөніндегі ұсыныстар жиі айтылуда.

Субъекті кəсіпкерлік қызметпен айналысу ниетінсіз жеке кəсіпкерлікті құруы немесе шешімдерін анықтайтын, сондай-ақ оларды басқаруға құқық беретін өзге тұлғалардың акцияларын (қатысу үлесін, пайды) иемденіп, нəтижесінде оның заңға қайшы мақсатта жасаған барлық мəмілелері азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зардаптар алып келсе, ол құқықтық мəні жағынан қылмыстық құқықтық тиым салуға негіз болмайды, дей келе оны төмендегі себептермен түсіндіреді.

Біріншіден, субъектінің кəсіпкерлік қызметпен айналысу ниетінсіз жеке кəсіпкерлікті құруы немесе шешімдерін анықтайтын, сондай-ақ оларды басқаруға құқық беретін өзге тұлғалардың акцияларын (қатысу үлесін, пайды) иемденуінің өзі заңға қайшы емес.

Екіншіден, аталған заңға қайшы мақсаттың болғандығын іс жүзінде дəлелдеу өте қиын.

Үшіншіден, құқыққа қайшы мəмілелердің нəтижесінде азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зардаптар алып келгені үшін қылмыстық құқықтық тəртіппен қудалануға жатпайды.

Біз өзіміздің тарапымыздан осы айтылған негіздердің төртіншісі ретінде мынаны қосар едік. Қылмыстық кодекстің 192-1-бабында субъектінің кəсіпкерлік қызметпен айналысу ниетінсіз мəмілелер жасауы қарастырылған. Бұл 192 жəне 192-1 баптардағы екі норма іштей өзара байланысты. Себебі алғашқы нормада субъект кəсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз несие алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген коммерциялық ұйым құрады.  Негізгі қылмыстық əрекет коммерциялық ұйым құру болып табылады, ал қылмыстың аяқталуы үшін жоғарыда айтылғандай, заңға қайшы мақсатты көздеген мəмілелерден ірі зардаптар келуі тиіс. Демек, субъектінің коммерциялық ұйым құру əрекеті дербес алғанда қоғамға қауіпті емес.

Көпшілік сауда-саттықтар мен аукциондарды өткізудің белгіленген тəртібін əдейі бұзу (197-бап). Бағалы қағаздардың қайталама нарығы бағалы қағаздарды сату-сатып алумен, яғни оның белсенді айналымға, қозғалысқа түсетін кезеңі болып табылады. Бағалы қағаздың бір қолдан екінші қолға көшу процесі азаматтық мəмілелердің көмегімен іске асырылады. Бұл азаматтық қатынас заңмен реттелінген. Алайда бағалы қағаздар айналысы заңбұзушылықтан құралақан емес. Бағалы қағаздардың қор биржасы, не биржадан тыс ұйымдармен ұйымдастырылатын бағалы қағаздарды сату-сатып алу процесі кезінде де заңсыз əрекеттерге жиі кездесеміз. Қылмыстық  кодексінің 197-бабы бойынша көпшілік сауда-саттықтар немесе аукциондар өткізу тəртібін өрескел бұзу мүлік иесіне, сауда-саттықты немесе аукциондарды ұйымдастырушыға, сатып алушыға немесе өзге шаруашылық жүргізуші субъектіге ірі зиян келтірсе қылмыстық жауаптылық белгіленген.

Бұл қылмыста қылмыс жəбірленушісі болып – мүлік иесі, сауда-саттықты, аукциондарды ұйымдастырушылар, сатып алушылар мен өзге шаруашылық субъектілері танылады.

Қылмыстың заты сауда-саттыққа, аукционға түсіп отырған мүлік, қызмет, сондай-ақ бағалы қағаз бола алады.

Қылмыс құрамы мына əрекеттерді істеу арқылы жүзеге асырылады:

  • көпшілік сауда-саттық немесе аукциондар өткізу тəртібін өрескел бұзу;
  • осының салдарынан мүлік иесіне, сауда-саттықты немесе аукциондарды ұйымдастырушыға, сатып алушыға немесе өзге шаруашылык жүргізуші субъектіге ірі зиян келтіру;
  • қоғамға қауіпті іс-əрекет пен келтірілген зардаптың арасындағы себепті байланыс.

Көпшілік сауда-саттық немесе аукциондар өткізу тəртібі арнаулы нормативтік актілермен белгіленеді. Осы белгіленген ережелерді өрескел бұзу осы көрсетілген қылмыстың объективтік жағының белгісін құрайды. Өрескел бұзу деп сауда-саттық немесе аукцион өткізу тəртібін көрінеу бұзу, бұрмалау, теріс қолдануды айтамыз. Мысалы, аукционды, тендерді өткізуде азаматтық қатынасқа түсушілердің заң алдындағы теңдігі қағидасын бұза отырып, алдын ала белгіленген тұлғалардың тендерді жеңуі. Бұл жағдайда бағалы қағаздар аукционға салынады. Бағалы қағаздар нарығындағы сауданы ұйымдастыру барысындағы заңбұзушылықтар сауда жүйесінің басқарушы органдарымен келісілген, сауданы өткізу тəртібіне өз пайдаларын оздыру арқылы жасалынады. Алайда бұл заңсыз əрекеттерді дəлелдеу өте қиын жəне бүгінгі күні жазаланбайды.

Егер осы əрекеттен жəбірленушіге ірі зиян келтірілсе қылмыс құрамы аяқталған деп танылады. Қоғамға қауіпті іс-əрекет пен келтірілген ірі зиянның арасын байланыстыратын себепті байланыс орын алуы қажет. Себепті байланыс жоқ болса қылмыс құрамы да болмайды. Осыған орай, саудасаттық немесе аукцион ережелерін өрескел бұзу заңда көрсетілген зардапқа əкеп соқпаса, онда кінəлінің іс-əрекеті қылмыс емес, басқа құқық бұзушылық ретінде сараланады.

Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің   205-бабы)   жөніндегі   қылмыс   көпшілік   сауда-саттықтар мен аукциондарды  өткізудің белгіленген тəртібін əдейі бұзу туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 197-бабы) қылмысқа ұқсас. «Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу» ұғымы кең. Бағалы қағаздарды аукционда сату да бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияға қатысты. Бағалы қағаздарды алдын ала белгіленген тұлғаларға сату үшін аукцион ережесін бұза отырып (Мысалы, аукционға белгіленген тұлғалардан басқаларын қатыстырмау) бағалы қағаздардың  сатылуын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 197-бабымен сараланса, бағалы қағаздарды басқа жолмен, өткізсе Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 205-бабы – бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу деп сараланады. Бірақ та бұл норманы арнайы норма қатарында бөлек қарастырудың қажеттігі жоқ. Себебі бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 205-бабы) ұғымы ауқымды, ол бағалы қағаздарды аукционда сатуды қамтиды.

Көрінеу жалған жарнама беру (198-бап). Жарнамада жарнама берушінің пайдакүнемдік ниетпен жасаған жəне ірі зиян келтірген тауарларға, жұмыстарға немесе қызмет көрсетуге, сондай-ақ оларды өндірушілерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты көрінеу жалған ақпаратты пайдалануы көрінеу жалған беру деп танылып, ол үшін Қылмыстық кодекстің 198-бабында жауаптылық белгіленген.

Қылмыс құрамы іс-əрекет пен заңда көрсетілген зардаптың болуымен жəне іс-əрекет пен зардап арасындағы себепті байланыстың болуы арқылы сипатталады.

Жарнама дегеніміз тауардың құны немесе басқа да қызмет көрсетудің, оларға деген сұранысты туғызудың шарттары туралы ақпарат болып табылады. Бұл қылмыстың объективтік жағы – жарнамада жарнама берушінің пайдакүнемдік ниетпен тауарлар, жұмыстар немесе қызмет көрсетулерге, сондай-ақ оларды өндірушілерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты жалған ақпаратты пайдалануы арқылы жасалады. Мысалы, акционерлік қоғамның қызметі, оның акциясының дивидентінің кіріс пайызы, қаржылық қоры туралы жалған мəліметтерді жарнама ету түріндегі əрекетінде көрінеу жалған жарнама берудің бағалы қағаздармен жанама байланыстың бар екендігін байқаймыз. Алайда, жалған ақпараттардың берілу жағдайы бағалы қағаздармен тікелей байланысты қылмыстармен, атап айтсақ, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 202, 202-1, 203, 204-баптарына ұқсас, ол əрекеттер қылмыс субъектілерімен, объектісімен, жалған мəліметтер беретін тұлғалармен жəне берілу жағдайыменен ерекшеленеді.

Жоғарыда айтылған ақпараттарда көрінеу жалған мəліметтердің беріліп, оның таратылуы осы қылмыстың объективтік жағының белгісін құрайды.

Мұндай іс-əрекеттермен күрес жүргізу тұтынушылар құқығын қорғау ассоциациясы арқылы жүзеге асырылады. Көрінеу жалған жарнама беру үшін қылмыстық жауаптылық тек қана ірі зиян келтірілген жағдайда орын алады.

Көрінеу жалған жарнама беретін кінəлі адам өзінің жарнамада тауарларға, жұмыстарға немесе қызмет көрсетуге байланысты, сондай-ақ оларды өндірушілерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты көрінеу жалған ақпарат пайдаланғанын сезеді жəне тұтынушыларға жəне басқаларға ірі зиян келуі мүмкін екенін немесе мұндай зиян сөзсіз болатынын алдын ала болжайды, бірақ пайдакүнемдік мақсатпен соның болуын тілейді. Мұндай жарнама беру арқылы кəсіпкер өз тауарын, жұмыс немесе қызмет көрсету артықшылығын дəріптеп бəсекелесін рыноктан  ығыстыруды ниеттейді. Осыған орай жарнама бергенде көрінеу жалған мəлімет беруді анықтау қажет. Егер мұндай жарнама абайсыздықпен таратылса, онда іс-əрекет қылмыс емес болып табылып, жауаптылық азаматтық құқық нормасы арқылы реттеледі.

Алайда, тұлғаларға ақпарат құралдарын пайдаланып жарнамада пайдакүнемдік ниетпен жəне тауарларға, жұмыстарға немесе қызмет көрсетуге, сондай-ақ оларды өндірушілерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты жалған мəліметтерді таратудың экономикалық бағыттағы келтірген ірі зияннын ескере отырып, қылмыстық құқықтық тиым салудың қажеттігі жоқ деп есептейміз. Бұл əрекет үшін əкімшілік заңнаманың 192-бабында «Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң жосықсыз жарнамасы» жауаптылық көзделген, тек аталған норманың екінші тармағына «сол  əрекеттер ірі залал алып келсе» дегенді қосып, əкімшілік жазаны күшейткен дұрыс болар еді.

Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 192-бабын «Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң жосықсыз жарнамасы» төмендегідей редакцияда ұсынамыз:

  1. Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiне жарнаманы жариялау кезiнде дұрыс емес мəлiметтер табыс ету жəне тарату жолымен жасалған бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң жосықсыз жарнамасы, жарнама берушi-азаматқа айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жүзге дейiнгi, ал жарнама берушi-заңды тұлға үшін бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерде айыппұл салуға əкеп соғады.
  2. Дəл осы əрекеттер ірі зиян келтірсе, жарнама берушi-азаматқа айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi, ал жарнама берушi-заңды тұлға үшін бір мыңнан екі мыңға дейінгі мөлшерде айыппұл салуға əкеп соғады.

 

 

Әдебиеттер

  1. А.Н. Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. – Алматы,
  2. Е.И. Каиржанов. Объект преступления – интересы социальных субъектов: монография. – Алматы: Экономика, 2008. – 160 с.
  3. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. Общая и Особенная части / под общ.ред. И.Ш.Борчашвили. Изд-во 2-е. – Алматы: Жеті жарғы, 2007. – 992 с.
  4. ҚР Қылмыстық кодексіне түсінік / Жалпы редакторлар С.М.Рахметов, Т.Ə.Бапанов. – Алматы: Изд-во «Норма-К», 2004. – 648 б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.