Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъективтік жағы

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъективтік жағын сурыптау үлкен қиындықты туғызады. Бұл күрделілік денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің табиғатында жатыр. енсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді дұрыс саралау жəбірленушінің денсаулығына келтірілген зиянның мөлшеріне қарағанда субъективтік жағына көбірек байланысты. Сот-тергеу тəжіребесі енсаулыққа касақана ауыр зиян келтіруді саралау кезінде көп қателіктер субъективтік жағын ұрыс анықтамау себебінен жіберілетіндігін көрсетіп отыр.

Қазақстан Республикасының қылмыстық заңына сəйкес басқа тулғалардың денсаулығына ауыр зиян келтірген тұлғаның тарапынан і кінə болмаса, зиян қандай ауыр болса да қылмыстық жауаптылық : болуы мүмкін емес. Қазақстан қылмыстық құқығына өзге де дамыған мемлекеттердің қылмыстық құқығына сияқты объективті айыптау тəн емес, яғни кінəсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді (ҚР ҚК 19-бабының 2-бөлігі). Бұл ереже толықтай ҚР ҚК 19I- бабының 3-бөлігінде қасақана немесе абайсызда əрекет жасаған адам I ғана қылмысқа кінəлі деп танылады деп белгіленген.

ҚР ҚК 103-бабында көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян I келтірудің кінə нысаны қасақаналық болып табылады.

Осы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру тікелей немесе I жанама ниетпен жасалады. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудегі тұлғаның тікелей ниеті адам өз іс-əрекетінің   (əрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын-ала білуімен жəне осы зардаптардың болуын тілеуімен сипатталады (ҚР  ҚК  20-бабының  2-бөлігі).

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді жанама ниетпен келтіру кезінде тұлға өз іс-əрекетінің (əрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін Іуғынады, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін Іалдын ала біледі, осы  зардаптардың болуын  тілемесе де,  бұған [саналы түрде жол береді не бұған немқұрайлы қарайды (ҚР ҚК 20Ібабының З-бөлігі).

Денсаулыққа қасақана ауыр зиянды тікелей ниетпен келтірудің кейбір жағдайларында кінəлінің ниеті көбінесе анықталған болып келеді. Бұл жағдайларда субъект денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіре отырып, үшінші тұлғалардың денсаулығына ауыр зиян келтіріп отырғанын ұғынып қана қоймай, сонымен бірге келтірілген зиянның мөлшерінде ұғынады, яғни өз іс-əрекеттерінің нəтижесінде денсаулыққа ауыр зиян келтірілетінін ұғынады жəне соның келтірілуін тілейді. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің көптеген жағдайларында кінəлі ниетінің мазмұны жəбірленушінің денсаулығына келтірілген зиянға қатысты анықталмаған болып келеді. Тұлға өз іс-əрекеттерімен жəбірленушінің денсаулығына жалпы зиян келтіретінін уғынады, бірақ денсаулыққа зиян келтірудің табиғатында жатқан объективті мəн-жайларға байланысты жəбірленушінің денсаулығына өз іс-əрекеттерімен келтірілетін зиянның мөлшерін ойша анықтай алмайды жəне жəбірленушінің денсаулығына кез-келген ауырлықтағы зиянның келтірілуін тілейді.

Анықталмаған ниет бұл ниеттің жеке түрі емес, тікелей ниеттің мазмұны бойынша түрі. Мысалы, егер субъект жəбірленушінің бетіне қышқылды саналы түрде шашса, онда оның ниетінің мазмұны болып денсаулыққа ауыр зиянның келетінін алдын-ала білуі мен тілеуі болып табылады, өйткені ол жəбірленушінің бет-əлпетін қалыпқа келгісіз бұзылатынын не көру қабілетінен айырылатынын алдын ала білді Іжəне соны тіледі. Субъекті ниетінің мазмұны басына жұдырықпен урған, қолын ағашпен немесе пышақпен ұрған жайдайларда өзгеше болады. Бұндай іс-əрекеттерде тұлға оның іс-əрекеттерінен денсаулыққа жеңіл немесе ауыр зиян келтіруі мүмкін екендігін уғынады жəне солардың кез-келгенін тілейді. Сондықтан, тікелей ниет шегінде анықталған ниет пен анықталмаған ниетті ажырата білген жөн, өйткені бұл денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді саралау кезінде тəжіребелік жағынан өте маңызды. Ниет денсаулыққа ауыр зиян келтіруге бағытталғанда, яғни тікелей анықталған ниетте, қылмыстық жауаптылық,   егер   бұндай   денсаулыққа ауыр зиян іс жүзінде  келтірілген   болса, онда  келтіруге бағытталған денсаулыққа ауыр зиян үшін ғана басталады немесе егер, іс жүзінде денсаулыққа жеңіл дəрежедегі зиян келтірілсе немесе ешқандай денсаулыққа зиян келтірілмесе, онда осындай денсаулыққа ауыр зиян келтіруге оқталғаны үшін ғана басталады. Ал, ниет анықталмаған нақты емес, жалпы денсаулыққа зиян келтіруге бағытталған жағдайларда қылмыстық жауаптылық іс жүзінде келтірілген денсаулыққа зиян үшін басталады. Егер денсаулыққа ешқандай зиян келтірілмесе, онда кінəлі денсаулыққа зиян келтірудің ең жеңіл түріне оқталғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Өзіміз көріп отырғандай ниетті мазмұны бойынша анықталған жəне анықталмағанға бөлу денсаулыққа қол сұғушылықты саралау кезінде маңызды. Егер анықталмаған ниетпен денсаулыққа қол сұғушылықта қылмыстық жауаптылық іс жүзінде келтірілген зардаптармен анықталса, ал анықталмаған ниетпен денсаулыққа қол сұғушылықта ниеттің бағытталуымен анықталады екен.

Бірақ кінəлі қандай жағдайларда анықталған ниетпен іс-əрекет етеді дегенде криминалисттер арасында ортақ көзқарас жоқ. Н.Ф.Кузнецованың көзқарасы бойынша тек қана бет-əлпетті қалыпқа келгісіз бұзуда ғана субъектінің ниеті анықталған болады деп есептейді [1,123 б]. А.С. Никифированың көзқарасы бойынша субъект белгілі ауырлықтағы нəтижеге қатысты анықталған ниетпен іс-əрекет етеді жəне бұл бет əлпетті қалыпқа келгісіз бұзу жəне белгілі органды (сөйлеу, есту, жыныс органдары жəне т.б.) қасақана зақымдау [2,123 б] жағдайларында орын алады. П.И. Дубовецтің ойынша тікелей ниет денсаулыққа зиянның белгілі ауырлығы бойынша келтіруге қатысты кеп орын алады. Кінəлі денсаулыққа ауыр зиян келтіруге тікелей анықталған ниетпен бет-əлпетін қалыпқа келгісіз бұзу мен мүшесінен айырудан басқа, мысалы ол пышақпен ішіне немесе арқасына ұрғанда немесе жүкті екенін біле тұра аяғымен жүкті əйелдің ішінен тепкенде жəне айтып шығу мүмкін емес басқа да көп жағдайларда іс-əрекет етеді [42,123 б]. Бұндай тікелей анықталған ниет субъектіде кейбір жағдайларда жəне денсаулыққа жеңіл немесе өте жеңіл зиян келтіруге қатысты болуы мүмкін. Кінəлінің денсаулыққа зиян келтіру кезіндегі ниетінің шынайы бағытын анықтау жəне дұрыс саралау үшін істің барлық мəн-жайларын, соның ішінде қолданылған құрал-саймандардың, келтіру тəсілінің сипатын анықтау əр кезде өте қажет.

Сот-тергеу тəжіребесі денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірумен байланысты істерді тергеу мен қарау кезінде сұрыптау кейде терең емес жəне толық емес жасалатындығын көрсетеді, ал бұл жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің дұрыс бағаланбауына жəне дұрыс сараланбауына əкеліп отыр.

Сот-тергеу тəжіребесі өзге адамдардың денсаулығына қол сұғатын тулғалар кейде кінəлінің қандай денсаулыққа ауыр зиян келтіргісі юпгеніне қарамастан іс жүзінде келтірілген денсаулыққа зиян үшін жауаптылыққа тартылады. Бұнда, сот-тергеу органдары кінəлілердің денсаулыққа қол сұғу кезінде денсаулыққа зиянға қатысты анықталмаған ниетпен іс-əрекет етеді деп есептейді.

Тіпті, кей жайдайларда субъектінің белгілі бір дəрежедегі денсаулыққа зиян келтіруге ниетінің бағытталуы даусыз болса да, сот-тергеу органдары кінəлілердің іс-əрекеттерін іс жүзінде басталған зардаптар бойынша саралайды.

Жанама ниетпен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргенде ииеттің мазмұны əр уақытта анықталмаған болады, өйткені субъектінің еркі денсаулыққа зиян келтіруге бағытталмайды, керісінше өзге мақсаттарға жетуге бағытталады. Іс жүзінде келтірілген денсаулыққа зиян субъектімен мүмкін нəтижелердің бірі ретінде ұғынылады.

Жанама ниетпен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық əр кезде іс жүзінде келтірілген денсаулыққа зиян үшін басталады, тіпті ниеттің анықталғанына  қарамастан, өйткені жанама ниетпен оқталағаны жəне дайындалғаны үшін қылмыстық жауаптылық болмайды. Бұл позицияда сот-тергеу тəжіребесі де тұр.

Тұлғаның жəбірленуші. денсаулығына белгілі дəрежедегі зиян келтіруге ниеті болса, сол уақытта оның денсаулығына одан да ауыр зиян келтірілуіне саналы түрде жол берген жағдайларда сирек. Бұл жерде іс-əрекетке қатысты тікелей ниет пен іс жүзіндегі келтірілген денсаулыққа зиянға қатысты жанама ниеттің үйлесімділігі орын алып отыр.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъективтік жағына денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің себебі мен мақсаты да , жатады. Қылмыстың себебі деп тұлға қылмыс жасау кезінде басшылыққа алған саналы ниетін түсінген жөн [43,123 б]. Денсаулыққа қасақана  ауыр зиян келтіру кезінде кінəлі əртүрлі себептерді басшылыққа алуы мүмкін (кек алу, қызғанушылық жəне т.б.). Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі денсаулыққа  I цасақана  ауыр  зиян  келтіруді  оны  келтіру кезінде кез келген себептердің бар болуына байланысты жеке құрамдарға бөлмейді, сондықтан себеп денсаулыққа келтірілген ауыр зиянды саралауға I өсер етпейді. Кез келген себептің  бар-жоғы денсаулыққа қасақана – ауыр зиян келтіруді саралауға əсер етпесе де, бұл мəн-жай жасалған қылмыс құрамы шегінде қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мəн-жай болып табылады жəне сотпен жазалау шарасын анықтау кезінде ескеріледі.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі денсаулыққа Іқасақана ауыр зиян келтірудің кейбір себептерін денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің сараланған құрамдарына жатқызады.

Əлеуметтік, ұлттық, нəсілдік, діни өшпенділік немесе араздық тұрғысы себебінен адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру ҚР ҚК103-бабы 2-бөлігінің «з» тармағымен сараланады. Мұндай Ісебептермен адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргенде кінəлі белгілі ұлтқа, нəсілге, қандай да бір дінге немесе конфессияға жатқандықтан жəбірленушінің толыққанды адам еместігін көрсеткісі келеді. Екінші жағынан өз ұлтының, нəсілінің немеседіни I кофессиясының ерекшелігін көрсетеді. Қылмыскер жəбірленушінің денсаулығына оның басқа ұлтқа, нəсілге жатқандығы немесе өзге дінді ұстағаны үшін ауыр зиян келтіреді.

ҚР ҚК 103-бабы 2-бөлігінің «ж» тармағында көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян елтірудің себебі бұзақылық ниет болып табылады.Бұл жердегі бұзақылық ниетпен адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру мен төбелестегі адам денсаулығына касақана ауыр зиян келтіруді айыра білген  жөн. Бұл қателесушілік тəжіребедө аталған қылмыстық əрекетті саралау кезінде қиыншылық туғызады.

Кейбір жағдайларда денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру себебі өзге объектіге қол сұғу туралы куə етуі мүмкін екендігін айтып кеткен жөн жəне жасалған əрекет ҚР ҚК 103-бабымөн емес, ҚР ҚК-нің өзге баптарымен сараланады. Мысалы, ҚР ҚК 341-бабының 1-бөлігіне сəйкес судьяға, прокуроға, тергеушіге, алдын ала анықтауды жүргізетін адамға, қорғаушыға, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына, сол сияқты олардың туыстарына істеген қызметі үшін кек алу мақсатында олардың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіруде ҚР ҚК 341-бабында көзделген қылмыс құрамы орын алады.

Қылмыстың мақсаты бұл кінəлі қылмыстық құқыққа қайшы əрекетті жасай отырып жетуге тырысып отырған тілеген нəтиже туралы болжамы

Тікелей ниетпен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруде кінəлінің əр уақытта ортақ мақсаты жəбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіру. Бірақ бұнымен бірге кінəлінің өзге де арнайы мақсаттары (мысалы, ұстаудан қашу, басқа қылмыстың жасалуын жеңілдету жəне т.б.) болуы мүмкін.

ҚР ҚК 103-бабы 2-бөлігінің «и» тармағында көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің мақсаты болып жəбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану табылады. Бұндай мақсатпен адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіруде негізгі себеп бас пайда, бірақ кейде «ізгілік» ниет те болуы мүмкін. Мысалы, жақын адамның өмірін сақтап қалу мақсаты.

ҚР ҚК 103-бабы 2-бөлігінің «е» тармағында көзделген жалдау бойынша денсаулыққа  қасақана ауыр зиян келтірудің мақсаты болып пайда табу табылады. Яғни, жалданып адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген тұлғаның мақсаты пайда табу. Ал, тапсырушының мақсаты əртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, қазіргі кездегі кең таралған коммерциялық бəсекелесті бəсекелестіктен шығару немесе оны қорқытуды келтіруге болады.

Ал, ҚР ҚК 103-бабы 2-бөлігінің «з» тармағындағы көзделген əлеуметтік, ұлтаралық, нəсілдік, діни өшпенділік немесе араздық тұрғысында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің мақсаты -ултаралық өшпенділікті өршітуден бастап дінді ұстамағандық үшін кек алуға дейін болуы мүмкін.

Кейде кінəлінің кейбір арнайы мақсаты бар болғанда да жасалған əрекеттің өзінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге қарағанда одан да қауіпті қылмыстың құрамы болады. Мысалы, қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық уйымның шешімдер қабылдауына ықпал ету мақсатында адамның өміріне қастандық жасау, сондай-ақ дəл сол мақсатта, оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне қастандық жасау ҚР ҚК 233-бабының 4-бөлігімен сараланады.

ҚР ҚК 103-бабының 3-бөлігінде көзделген абайсызда жəбірленушінің өліміне əкеліп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруде екі кінə нысаны орын алады. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру əрекетінде кінə нысаны қасақаналық болса, жəбірленушінің өліміне өкеліп соғу əрекетінде кінə нысаны абайсыздық болып отыр.

ҚР ҚК 21-бабының 1-бөлігіне сəйкес абайсызда жасалған қылмыс ! деп менмендікпен немесе немқұрайлықпен жасалаған əрекет танылады. Егер өз іс-əрекетінің (əрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуымүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау  мүмкіндігіне  сенсе,  қылмыс |менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады (ҚР ҚК 21 б. 2 б.). Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап Ібілуге тиіс жəне болжап біле алатын бола тұра өз іс-əрекетінің (əрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайлықпен жасалған қылмыс деп танылады(ҚР ҚК 21 б. 3  б.).

ҚР ҚК 22-бабына сəйкес бұл əрекет кінəнің екі нысанымен жасалған қылмыс деп саналады. ҚР ҚКЮЗ-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс субъективтік жағынан денсаулыққа ауыр зиян (алғашқы зардап) келтіруге ниетпен (тікелей немесе жанама) жəне өлімге қатысты (келесі зардап) абайсыздықпен (менмендік немесе немқұрайлық) сипатталады.

Əдеттегідей, бұл орын алады мынадай жағдайда: егер, өлім өмір сүру үшін маңызды не болмаса маңызды емес органдарға дене жарақатын келтіру  нəтижесінде басталса, бірақ кінəлінің оның келтірілуін алдын ала білу мүмкіндігін дəлелдемейтін құралмен немесе тəсілмен жасалған болса.

 

 

Әдебиеттер

  1. Никифиров А.С. Ответственность за телесные повреждения по советскому уголовному праву. – Москва. 1959 г. – С.
  2. Игнатов А.Н., Красиков Ю.А., Костарева Т.А. Уголовное право России. – Москва. 1999 г. – С.

  

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.