Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің ұйымдық-құқықтық қағидалары жəне оларды жүзеге асырудағы мəселелері

Сот  билігі  дербестігінің, маңыздылығы мен салмақты болуының негізі ретінде оның конституциялық заңдармен бекітілген жəне анықталған қағидалар негізінде  қызмет  етуі мен ұйымдастырылуы қарастырылады, яғни мемлекеттік биліктің бұл түрінің елеулі тұстарын анықтайтын басшылық етуіш жетекші ережелер негізінде қызмет етеді. Бұл қағидалар еліміздегі сот билігінің жетілдірілуі мен даму тəжірибесінен туындаған [1].

Сот билігінің қағидалары бастапқы, жетекші негіз ретінде Қазақстан Республикасындағы сот билігінің дамуы мен дұрыс қалыптасуының негізгі бағыттарын анықтайды. Демек,  сот билігі қызметінің қағидаларына сот билігінің табиғатын көрсететін, оның қызмет етуі мен ұйымдастырылуының бастамалық негіздерін көрсететін негізгі бастамалар жатқызылады. Өзінің негізгі мақсаты бойынша қағидалар сот билігінің қалыптасуының мəнің жəне оның негізгі қызметін ашатын ережелерден тұрады, оның ерекше əлеуметтік сапасын көрсетеді. Бұл ерекшеліктер сот билігін мемлекеттік биліктің басқа тармақтарынан ажыратады.

Осы қағидалар өздері көрініс тапқан нормативтік қайнар көздерге байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:

  • Тікелей Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген қағидалар;
  • Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі жəне соттар мəртебесі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында бекітілген қағидалар;
  • Іс жүргізу заңнамасында бекітілген қағидалар (Азаматтық іс жүргізу кодексі жəне қылмыстық іс жүргізу кодексі).

Əрине бұл жіктеу шартты сипатта болып келеді, себебі конституциялық қағидалардың басым бөлігі конституциялық заң мен іс жүргізу заңнамаларында көрініс тапқан. Сонымен бірге конституциялық заңмен сот жүйесіне қатысты бекітілген  бірқатар   қағидалар  Конституцияда барлық мемлекеттік органдарға қатысты бекітілген. Онымен бірге жекелеген қағидалар бір ғана бапта көрініс таппай барлық Конституция мен конституциялақ заң ережелерін қамтиды.

Сот билігінің ұйымдастырылуы мен қызмет етуіне қатысты қағидалардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан, оның ережелерінде сот билігінің негізгі мақсаттары мен сот төрелігі қағидалары көрсетіледі. Бұл ережелерді соттар заң нормаларын қолдану кезінде басшылыққа алуы тиіс. Сот билігі қағидаларының негізгі мақсаты – адам жəне азаматтарды қорғау үшін, халықты қорғау үшін, сонымен қатар құқықтық қорғауды қажет ететін өзге де субъектілердің құқықтарын қорғау мақсатында соттың қарауындағы істерді заңды жəне əділ шешу болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығында сот төрелігінің негізгі қағидалары өзінің құқықтық тұрғыдан бекітілуін ең жоғарғы деңгейде тапқан – ол Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларында. Бұл дегеніміз Конституция нормаларының жоғары  деңгейде  екендігін жəне оның тікелей қолданыста болатындығын, сонымен қатар, бұл  заң  актісінің  жоғары заңды күші бар екендігін көрсетеді. Оның ережелерін Қазақстан Республикасының барлық субъектілері, атап айтқанда мемлекет пен оның органдары, сот процесін қатысушылар, сонымен қатар соттардың өзі мүлтіксіз орындауы тиіс.

Қазақстан Республикасы Конституциясында жəне өзге де заңдарда қарастырылған қағидаларды екі топқа бөліп қарастыруға болады:

  • Əділсотты қамтамасыз ететін қағидалар;
  • Сот билігінің мазмұны мен сипатын алдын ала анықтайтын қағидалар.

Бірінші топқа төмендегі қағидаларды жатқызуға болады: сот төрелігін тек соттармен жүзеге асырылуы; сот билігінің тəуелсіздігі жəне дербестігі; соттардың тəуелсіздігі, олардың ауыспайтындығы жəне т.б. қағидалар.

Екінші топты төмендегі қағидалар қалыптастырады: Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары деңгейде болуы мен оның тікелей қолданылуы; заңдылық қағидасы; сот қызметінің ашық болуы; барлықтардың сот пен заң алдында тең болуы; тараптардың теңдігі; сот өндірісінің мемлекеттік тілде жүргізілуі; əділсотты жүзеге асыруда азаматтардың қатысуы.

Маңызды қағидалардың бірі ретінде сот төрелігін тек соттармен жүзеге асыру қағидасы қарастырылады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 75 бабы). Бұл қағидаға сəйкес сот төрелігін тек соттар ғана Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасындағы соттар жүйесі  жəне соттар мəртебесі туралы заңның жəне тағы басқа заңдарды басшылыққа ала отырып жүзеге асыра алады. Конституция мен басқа да Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылмаған соттарды құруға жол берілмейді.

Соған сəйкес сот төрелігін тек соттармен жүзеге асыру қағидасын бекітудің ерекше тарихи маңыздылығы бар жəне олар Қазақстан Республикасының демоктариялық, құқықтық мемлекет ретінде қызмет ету кепілдігін қалыптастыруға  бағытталған.  «Сот   билігі жəне сот өндірісі» ажырамайтын ұғымдар деп К.Х.Халиков дұрыс көрсетеді. Сот өндірісін формалды түрде сот билігінің сыртқы процессуалдық нысаны ретінде қарастыруға болмайды. Сот төрелігін ұйымдастырудың демократиялық қағидасы дербес мазмұн ретінде жүзеге асырылатын заңмен бекітілген ережелерді қамтиды.

Қазақстан Республикасындағы əділсоттың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін келесі жетекші қағидалардың бірі – сот билігінің дербестігі мен  тəуелсіздігі.  Бұл  маңызды қағида еліміздің мемлекеттік жəне құқықтық жүйесіндегі сот билігінің ролін көрсетеді, сонымен қатар бірыңғай мемлекеттік билікті бөлу жүйесінде сот билігінің ережелерін көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 3  бабына   сəйкес   еліміздегі   мемлекеттік билік бір  бірімен  өзара  байланыста болатын заң шығарушы, атқарушы жəне өкілетті мемлекеттік билік тармақтары негізінде жүзеге асырылады.  Бірыңғай  мемлекеттік  биліктің заң шығарушы,  атқарушы  жəне  өкілетті тармақ органдары өздерінің контитуциялық құзыреттілігі шегінде дербес болып келеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы жəне Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі жəне соттар мəртебесі туралы конституциялық заңның талаптары бойынша Қазақстан Республикасында сот билігі дербес болып келеді жəне заң шығарушы жəне атқарушы органдардан тыс əрекет етеді: соттар əділсотты жүзеге асыруда тəуелсіз болып келеді жəне асыруда тəуелсіз болып келеді жəне Конституция мен заңдарға ғана бағынуы тиіс. Қандайда болсын мемлекеттік органдар тарапынан соттардың əділсотты жүзеге асыру бойынша қызметіне араласуына жол берілмейді жəне ол заңмен қудаланады. Нақты қарауындағы істер бойынша соттар ешқандай органдарға есеп бермейді.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы сот билігі толық  мағынада  мемлекеттік биліктің дербес тармағы болды: соттар басқа да мемлекеттік органдардың құрамдас бөлігі болып табылмайды. Сөйте тұра сот билігінің табиғаты да түбегейлі өзгерді.

Соттардың тəуелсіздігі қағидасы жаңа мемлекеттегі соттардың мəртебесін көрсететін қағида болып табылады. Бұл қағида Біріккен Ұлттар Ұйымының жетінші конгресінің материалдарында толығымен қарастырылған. Бұл    конгресс     қылмыстылықтың     алдын алу бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясымен келісілген жəне  13  желтоқсан 1985  жылы  «Сот органдарының тəуелсіздігіне қатысты негізгі қағидалар» мен «Оларды жүзеге асырудың тиімді жолдары» атауымен өткізілді. Конгреске қатысушылар мен Бас Ассамблея соттардың басқа мемлекеттік жəне қоғамдық органдарға қатысты соттардың институционалды жəне ұйымдастырушылықтарының тұтастығын ажырамау қажеттігін айтқан. Бұл қағиданың мазмұны өзін өзі басқаратын дербес мемлекеттік органның қалыптасуында болатын, бұл органның атқаратын қызметін басқа ешқандай мемлекеттік немесе қоғамдық органдарға атқаруға жол бермеу, басқа органдарды сот органдарының қызметіне араластырмау. Олар, яғни сот органдары əділсотты жүзеге асыруда тек заңға тəуелді болуы тиіс жəне барлық мəселелерді тек заң нормалары негізінде шешуі қажет.

Сот билігінің дербестігі қағидасының түбегейлі түсінігі бойынша оның билігі конституциямен бекітілген қайнар көзі – халықтың еркімен шектелетіндігін білдіреді, олар конституциялық нормалар мен заңдарда көрініс тапқан. Сонымен қатар сот билігі БҰҰ Халықаралық пактілерімен бекітілген адам құқықтары туралы халықаралық құқықтың жалпыға танылған нормалар мен қағидаларымен, Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық келісім шарттармен шектеледі.

Сот билігі əділсотты жүзеге асыру бойынша өз қызметін басқа мемлекеттік органдардан тəуелсіз жəне дербес түрде ұйымдастырады. Нақты істерді қарау процедурасына судьялардың өкілеттілігі жоқ ешбір субъект тартылмайды. Бұл жағдайда судья мемлекеттік билік өкілі ретінде қатысады.   Өзіне   жүктелген   билік  бойынша ол нақты іс бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттерінің ауқымын  анықтайды жəне сол іс бойынша мемлекеттің атынан шешім қабылдайды. Сөйтіп, сот дербестігі оның құзыреттілігімен ғана шектеледі, ол құзыреттілік Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарымен алдын ала  бекітілген.  Сонымен қатар сот істі шешу кезінде заңдарды қолдану, дəлелдемелерді зерттеу, шешім қабылдау кезінде де басқа мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан тəуелсіз болып келеді. Бұл жерде билік органы ретінде соттардың дербестігі басқа мемлекеттік билік тармақтарының қызметтерінің нəтижелеріне  құқықтық  бағалау  бойынша əрекет етуінде байқалады, нақтырақ айтсақ олар қабылдаған   заңға  тəуелді   актілерге  құқықтық баға беру бойынша. Соттардың бұл актілердің күшін тоқтату бойынша өкілеттіліктері болады, демек егер заңға тəуелді актілер Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келген реттерде сот оларды жарамсыз деп тануға құқылы. Бұл жерде нормативтік құқықтық актілер мен мемлекеттік органдардың əрекеттерін даулау бойынша істерді қарау соттар қызметінің дербес бағытын құрамайды, бұл əрекеттер əділсотты жүзеге асыру кезінде жүзеге асырылады жəне талап арыз өндірісі бойынша өтеді [2].

Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен соттардың мəртебесі туралы Конституциялық заңының 26 бабымен судьялардың тəуелсіздігінің негізгі кепілдіктерінің тізімі бекітілген. Бұл ережеге сəйкес  судьялардың  тəуелсіздігі заңмен белгіленген əділсотты жүзеге асыру процедурасы арқылы, əділсотты жүзеге асыруға байланысты соттардың қызметіне араласқаны үшін жауапкершілікке тарту арқылы, сотттар мен  судьяларды сыйламағандығы үшін жауапкершіліктің қарастырылуы, Конституция жəне  Қазақстан  Республикасындағы  сот жүйесі мен соттардың мəртебесі туралы Конституциялық заңымен судья қызметіне тағайындау, сайлау жəне судья қызметін тоқтату тəртібінің еңгізумен, судьяларға мемлекет тарапынан материалдық көмек көрсетуі, оларды мемлекет тарапынан  əлеуметтік  қамтамасыз ету мəртебе жағдайының едəуір нашарлауына жол бермеуге байланысты нормаларды бекіту арқылы байқалады.

Қазақстан Республикасындағы барлық судьялар олардың деңгейіне қарамастан жəне қай   сатыдағы судья  болуына  қарамастан өз өкілеттіліктерін жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен соттардың мəртебесі туралы Конституциялық заңының 23 бабының 1 тармағына сəйкес бірыңғай мəртебеде болады. Бұл заң құжатына сəйкес  Қазақстан Республикасындағы  барлық соттардың судьясы бір мəртебеде болады жəне өзара тек өкілеттіліктері бойынша ажыратылады. Судьялар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен соттардың мəртебесі туралы Конституциялық заңымен бекітілген тəртіп бойынша əділсотты жүзеге асыру бойынша өкілеттілікке бөленген, өз міндеттерін тұрақты негізде жүзеге асырып сот билігінің өкілі болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен соттардың мəртебесі туралы Конституциялық заңында  тəуелсіздік  кепілдіктеріне   ерекше мəн берілген, бұл ережелерге сəйкес соттарға материалдық жəне əлеуметтік қамтамасыз ету шаралары қарастырылған. Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен соттардың мəртебесі туралы Конституциялық заңының 3 тарауына сəйкес судьяларды материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету оның мəртебесіне сəйкес келуі тиіс жəне судья əділсотты толық көлемде жүзеге асыру үшін жағдай туғызатындай болуы тиіс, сонымен  қатар  мұндай  кепілдіктер ешқашан аз болмауы тиіс. Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде заң əдебиеттерінде «судьялардың əлеуметтік тұрғыдан қорғалуы сыбайлас жемқорлық белгілерін болдырмауға, судьялар ешқандай кедергілерсіз жұмыс жасауы үшін, тұрғын үй мəселесін уайымдамай жұмыс жасатуға бағытталған» деген дұрыс пікірлер айтылады [3]. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстандық судьялардың IV съезінде айтқан сөздеріне ерекше мəн берген жөн. Онда елбасы былай деген: «Мемлекет соттардың материалдық жағдайын жақсарту үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыруда жəне болашақта да қарастырады». Дегенмен соттарда кез келген заң бұзушылық əлеуметтік жеңілдіктердің барлығынан айыратындығын білген жөн. Бұл ережені біздің заңдарға қосып қарастыру қажет [4].

Соттардың ауыспауы қағидасын олардың тəуелсіздігінің элементі ретінде қарастыруға болады. Бұл қағида Қазақстан Республикасындағы сот  жүйесі  мен  соттардың мəртебесі  туралы Конституциялық заңының 24 бабында   қарастырылған. Бұл  қағиданың мазмұны бойынша соттар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен соттардың мəртебесі туралы Конституциялық заңы ережелеріне сəйкес қызметке тағайындалады жəне сайланады жəне  тұрақты  негізде өз өкілеттіліктерін бөленеді. Бұл ереже соттардың ешқандай сайлау өткізбей анықталмаған мерзімге  тағайындалатындығын білдіреді. Оларды қайта сайлауға немесе қайта тағайындауға болмайды. Судьялардың ауыспауы қағидасы Қазақстан  Республикасындағы барлық судьяларға қатысты қолданылады. Судьялардың өкілеттіліктері  тек Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен соттардың мəртебесі туралы Конституциялық заңның Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен соттардың мəртебесі туралы Конституциялық заңында қарастырылған негіздер бойынша ғана тоқтатылады немесе уақытша тоқтатылады. Демек, судьялардың ауыстырылмауы қағидасы олардың өкілеттіліктерінің өздерінің еріксіз тоқтатылмайтындығын білдіреді.

Судьяларға қатысты қойылатын талаптардың басым бөлігін екінші топтағы қағидалар жиынтығы  ашады, жоғарыда   айтылғандай бұл қағидалар сот билігінің жүйесі мен сипатын ашады. Бұл  қағидалардың  түбегейлі сипаты сот жүйесінде қолданылатын барлық қағидалармен тығыз байланыста болуында. Негізгі қағида ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғарғы деңгейде болуы қағидасы мен заңдылық қағидасын ашып көрсетуге болады.

Қарастырылып отырған қағидалар соттардың қызметінің сипаты мен олардың ұйымдастырылуын көрсетеді. Айталық, Қазақстан Республикасының сот жүйесі Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен соттардың мəртебесі туралы Конституциялық заңымен анықталады. Конституциялылық пен заңдылық қағидаларының басқа көрінісі əділсотты жүзеге асыру механизмінің құқықтық ұйымдастырушылық талаптарынан байқалады. Оның негізгі мақсаты – қолданыстағы заңнамалардың конституциялық ережелер мен заңмен белгіленген сот процедурасына қайшы келмеуінде.

Демек, заңдылық ұғымын жаңаша көзқараста түсіну үшін құқық шығармашылық, құқық қолданушылық жəне құқық қорғаушылық аспектілердің жиынтығынан тұратын кең мағынада қарастырған жөн.

Заңдылық қағидасы сот билігін ұйымдастырумен қатар оның қызмететуі, судьялардың құқықтық мəртебесін бекітуде, адам жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ететін қағидаларды жүзеге асыру кезінде көрініс табады.

Заңдылық қағидасын жүзеге асыру Конституция мен  заңдардың бұзылған нормаларын қалпына келтірумен жəне осындай заң бұзушылықтарды болдырмауға бағытталған əрекеттермен    байланысты.  Бұл жерде  сот шешімдерінің профилактикалық рөлі байқалады. Заңдылық қағидасы сонымен қатар, соттар істерді қарауда тек заңдарды ғана басшылыққа алуы тиіс деген ережемен де тығыз байланысты болып келеді. Əділсотты жүзеге асыру кезінде соттар материалдық жəне процессуалдық заңнама талаптарын мүлтіксіз орындауы тиіс. Заңдардың өрескел бұзылуы шығарылған сот шешімінің күшін жоюмен қатар осы шешімді қабылдауға қатысқан судьяның тəртіптік жауапкершілігін қарастырады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғарылығы, оның жоғары заңды күшінде болуы мен Қазақстан Республикасының аумағында тікелей қолданылуы сот билігі органдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Сол себепті қарастырылып отырған қағиданың көрінісі ретінде заң шығару, атқарушы биліктің, жергілікті өзін өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер мен лауазымды тұлғаларға қатысты конституциялық бақылау жүргізуді айтуға болады.  Адам  жəне  азаматтың   құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы ең маңызды қағидалардың бірі ретінде судьялар қызметінің ашық болуы, сот өңдірісінің ашық жүргізілуі қарастырылады.

Сот талқылауының ашық болуы қарауға жататын істің жүргізілуіне қатысқысы келетін кез келген азамат біреудің арнайы рұқсатынсыз сот мəжілісіне қатысуға құқылы екендігін білдіреді. Сот мəжіліс залына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатыса алады.

Жариялылық қағидасының ажырамас бөлігі ретінде белгіленген тəртіпте қабылданған сот шешімдерінің қол жетімді болуы қағидасы қарастырылады. Сот талқылауының кез келген қатысушысы жарияланған шешімнің көшірмесін немесе үзіндісін алуға құқылы, сонымен қатар кез келген азамат егер қаралған іс оның құқықтары мен заңды мүдделеріне қалай да болсын əсер еткен жағдайда қорытынды сот шешімінің көшірмесін алуға құқылы. Жариялылық, сот қызметінің ашық болуы қағидалары сот органдарының қызметіне қоғам тарапынан бақылау жасауға мүмкіншілік береді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 14 бабына сəйкес барлығы сот пен заң алдында тең  құқылы.  Барлық  азаматтардың  сот  пен заң алдында тең құқылы болу қағидасы жəне осы қағидамен  байланысты тараптардың сот процесіндегітеңдігі мен жарыссөздігі қағидалары сот өңдірісіндегі қандай да болсын адамдар арасында басымдылық бермеуді қарастырады, яғни барлық адамдар олардың ұлты, жынысы, əлеуметтік жағдайы мен тұрғылықты жеріне, діңге сиынуы, қоғамдық бірлестіктердің мүшесі болуына қарамастан тен дəрежеде болуын білдіреді. Демек, азаматтар үшін сот процесіне қатысуға қолжетімділікті қамтамасыз ету, соның ішінде сот өндірісінің ресми тілін білмейтін азаматтар  үшін  жағдай  жасау,   құқықтық көмек алуға материалдық мүмкіндіктері жоқ азаматтарға мүмкіндіктер жасау міндеті болып табылады.

Сот  өндірісінің  жарыссөзді   болуы нақты іс бойынша сот өндірісінің мүдделі жақпен немесе мемлекет атынан қылмыстық қудалау органдарымен бастамалы болуын білдіреді. Бұл реттерде сот қаралуға жататын іске қатысқысы келетін барлық азаматтарға процессуалдық нормаларға  сəйкес  мүмкіндік береді. Нақты іс  бойынша  сот  өндірісін  жүзеге  асыру кезінде сот тараптар үшін олар өздерінің дəлелдемелерін ұсыну бойынша, өздерінің ұстанымдарын дəлелдеу бойынша, сот өндірісіне қатысушылардың жарыс  сөздерін  даулау оларға қарсылық білдіруге мүмкіндік береді. Сот тараптардың келтірген ұстанымдарына байланысты болмайды, ол арбитраждық қызмет атқарады жəне өз шешімін тараптар келтірген ұстанымдарды зерделеу нəтижесінде қабылдауы тиіс [5].

Сонымен біргесотқақатысушылардыңтеңдігі мен жарыссөзді болуы қағидасын қамтамасыз ету мемлекеттік айыптаушылар мен жоғары сатыдағы прокурорлардың сот шешімдерін қайта қарау бойынша процессуалдық өкілеттіліктерін нақтырақ қарауды қажет етеді [6].

Судья қызметінде əділсотты жүзеге асыру – қазақстандық азаматтардың бұл қағиданы жүзеге асырудың жалғыз нысаны емес. Азаматтардың сот өндірісіне қатысу сонымен қатар Қазақстан Республикасының  Конституциясымен қамтамасыз етіледі. Сот билігінің негізгі қағидасы ретінде азаматтардың əділсотты жүзеге асыруға қатысуы қарастырылады. Қазақстан Республикасының азаматтары əділсотты жүзеге асыруға құқылы (Қазақстан Республикасы Конституциясының 75 бабының 2 тармағы). Бұл қағида сот мəжілістерінеазаматтардыңалқабилер құрамында қатысу арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 75 бабының 2 тармағына сəйкес қылмыс жасаған деп айыпталған тұлға заңда белгіленген тəртіпте сот өндірісін алқабилердің қатысуымен қарауды талап етуге құқылы. Осыған байланысты Қазақстанда 16 қаңтар 2006 жылы «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды жəне қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен белгіленген қылмыстық іс жүргізу процедурасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Алқабилердің қатысуымен өткізілетін сот процесінің даму мəселелерін қарастыруда бұл институттың пайда болу тарихына аса мəн берген жөн. Бүгінгі күні сот өндірісінің демократиялық нысаны ретінде қарастырылатын бұл институттың тарихы сонау ежелгі кезеңге кетеді. Біздің ғасырымызға дейін бесінші ғасырда Афин мемлекеті жүз жылдам астам демократиялық режимде тұрып əділсотты жүзеге асырудың өркениетті тəртібіне сəйкес келетін нысанын ойлап табуды қажет етті. Олар сот өндірісінің қолайлы тəртібін тапты.

Алқабилер соты ғана əділсоттың демократиялық  тұрғыда   жүзеге   асырылуына ақпал етеді, судьялардың шынайы тəуелсіздігі мен қылмыстық іс жүргізудегі азаматтардың құқықтарының қорғалуының кепілдігі. Алқабилердің қатысуымен өткізілетін қылмыстық сот өндірісі сонымен бірге еліміздегі əділсоттың гуманизациялануына ықпал етуі тиіс, бұл өз кезегінде демократиялық, құқықтық мемлекеттің қалыптасуына ықпал етеді.

Қазақстанда тиімді сот жүйесін қалыптастырудағы негіздердің бірі əділсот саласында əлемдік қауымдастықпен қалыптастырылған халықаралық құқық қағидалары. Дегенмен сот жүйесі мен сот өңдірісі саласындағы өзгерістер құқық қолдану тəжірибесінде ақырынғы қадам жасамады жəне Қазақстан Республикасындағы əділсоттың халықаралық стандарттарға сəйкестігін қамтамасыз етпеді. Осыған байланысты біздің көзқарасымыз бойынша заң əдебиеттерінде концептуалды жəне жекелеген жағдайларда ұлттық қылмыстық іс жүргізу заңнамасы өзінің дамуында   конституциялық   өзгерістерден қалыс қалғандығы көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген ережелер қылмыстық қудалау органдарының объектісіне түскен азаматтардың құқықтары  мен заңды мүдделерін қорғалуын қамтамасыз етуге байланысты стандарттарға қатысты халықаралық актілерге сəйкес келе бермейді.

Сонымен бірге өркениетті əлемнің ажырамас бөлігі бола отырып барлық мемлекеттер өздерінің құқықтық жүйесін халықаралық құқықпен өзара байланыста болатындай етіп қалыптастырғысы келеді. Мұндай бағыт еліміздің түрлі халықаралық органдар мен ұйымдарға мүше болуынан жəне маңызды халықаралық актілерге қосылудан байқалады. ХХ ғасырдың ортасында əділсотты жүзеге асырудағы негізгі қағидалар халықаралық құқықтық деңгейді танылып бекітілді. Əділсот саласындағы қағидалар халықаралық құқықтық деңгейде көрініс тапқан ең алғашқы халықаралық актілердің бірі ретінде адам құқықтары туралы Халықаралық декларация танылады (1948), онда барлық мемлекеттер үшін əмбебап сипаттағы қағидалар көрініс тапқан. Декларацияның мəтініне барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігі, əрбір азаматтың тиімді құқықтық көмек алу қағидасы, əділсотқа қолжетімділік жəне тағы басқа азаматтардың соттағы жəне құқық қорғау органдарында құқықтарын қорғайтын қағидалардың негіздері көрсетілген.

Əділсоттың ұлттық жүйесі қызметі мен оны ұйымдастыру, олардың органдары мен əділсотты жүзеге асыруға құзыретті тұлғалардың құқықтық жағдайын анықтауға деген талпыныс ежелгі халықаралық актілерде орын алған, солардың бірі ОБСЕ қабылданған халықаралық актілер.

Айтап айтқанда, 1989 жылғы Венадағы қорытынды кездесу құжатында əділсоттың əмбебап болуы, нақты азаматтың ісі бойынша арызды қарайтын сот сатысы сол іс бойынша шешімін жариялау, сот шешімінде негіздеме көрсетіледі. Əділсотты жүзеге асыру идеясы ОБСЕ 1990 жылғы адамзаттық өлшем бойынша Конференцияда Копенгактық жиын құжатында көрініс тапқан.

Сонымен бірге, əр мемлекетте тиімді жəне гуманды сот жүйесін құру міндеттерінің ерекше маңыздылығын ескере отырып, халықаралық қауымдастық бірқатар арнайы актілерді қабылдады, олардың əрқайсы ұлттық заңнама үшін халықаралық құқықтық негіз болып табылады. Бұл актілердің қатарына 1985 жылы Милан  қаласында  қылмыстылықтың  алдын алу   мен   құқық   бұзушылыққа   қарсы  күрес бойынша БҰҰ ХІІ Конгресінде қабылданған сот органдарының тəуелсіздігі жайлы актілер. Бұл қағидалар 1985 жылғы 29 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясымен мақұлданған. Бұл құжатта сот жүйесін қалыптастырған мемлекет пен соттармен қарым-қатынаста болатын мемлекеттік органдарға, сот билігін жүзеге асыратын соттар мен судьяларға талаптар қойылған. Қатысушы мемлекеттерге жолданған негізгі қағидалар ретінде мыналар қаралған: əділсотты жүзеге асыру үдерісіне басқа мемлекеттік органдар тарапынан озбырлықпен араласуға жол бермеу қағидасы; кез келген соттың шешімін қайта қарауға айрықша құқық беру қағидасы; сот органдарының тəуелсіздігінің мемлекетпен қамтамасыз етілуі қағидасы, соның ішінде бұл қағиданы мемлекеттің ішкі заңдарында, конституциясында бекіту қағидасы; мемлекеттік жəне басқа мекемелердің сот органдарының тəуелсіздігі қағидасын сақтауы жəне басқа да қағидалар.

Қорыта келе, сот билігінің дербестігі конституциялық қағида ретінде үлкен əлеуметтік маңыздылыққа иеленеді, себебі əділсотқа арнайы құқықтық режимде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл қағида адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған.

 

Əдебиеттер

 

  1. Сагиндыкова А.Н. Конституционное право РК: Курс лекций. – Алматы: Білім, – 366 б.
  2. Sagindikova N. Konstitysionnoe pravo RK: Kyrs leksii. – Almati: Bilim, 1999. – 366b.
  3. Жаилганова А.Н. Правовые основы судебной власти в Республике Казахстан: Автореф... канд.юрид.наук. – Алматы, – 27 б.
  4. Jailganova A.N. Pravovie osnovi sydebnoi vlasti v Respyblike Kazaxatan: Avtoref…kand..hbl.nauk.– Almati, 2002. – 27b.
  5. Конституция Республики Казахстан. Научно-практический комментарий / Под ред. Г.С. Сапаргалиева. – Алматы: Жеті жарғы, – 584 б. 6 Konstitysay Respybliki Kazaxatan. Nayshnopraktisheskii komentarii / Pod red. G.C. Saparga-lieva. – Almati: Jeti jargi, 2004. –584b.
  6. 7 Доверие к суду – гарантия реформ. Выступление Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева на IV съезде судей Республики Казахстан // Казахстанская правда. – 2005. – 4 июня. 8 Doverie k sydy – garantay reform. Vistyplenie Prizedenta RK N.A. Nazarbaeva na IV siezde RK // Kazaxstanskay Pravda. – 2002. – 4 iunay.
  7. Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан. Часть общая: Академический курс / Под ред. Толеубековой Б.К. Книга первая. – Алматы: ТОО Издательская компания «НАS», 2004. – 416 б.
  8. Ygolovno-prosesyalnoe pravo Shast obshay: Akadimisheskii kyrs / Pod red. Toleibekovoi B.K. Kniga pervay. – Almati: TOO Izdatelskay kompaniay «НАS», 2004. – 416 b.
  9. Конжуганова Д. Участие граждан в осуществлении правосудия в Республике Казахстан // Фемида. – №3. – 20 б.
  10. Konjyganova Yshastie grajdan v osyshestvlenii pravasydie v RK // Femida. – 2011. – №3. – 20b.
  11.  AN Sagindykova Constitucionum jus Reipublicae Kazakhstan: Lectures. – Almaty: Bilim, MC– CCCLXVI b.
  12. Sagindikova N. Konstitysionnoe pravo RK: Kyrs leksii. – Almati: Bilim, MCMXCIX. – 366b.
  13. AN Zhailganova Legal basis iudiciorum potestas in Republica de Kazakhstan: Abstract ... yurid.nauk. – Almaty, MMII. – XXVII b.
  14. Jailganova N. Pravovie osnovi sydebnoi vlasti v Respyblike Kazaxatan: Avtoref ... kand .. hbl. nauk. – Almati, MMII. – 27b.
  15. Constitutione, Reipublicae Scientific et practicam commentario / Ed. GS Sapargalieva.
  16. Almaty: Zheti Zhargy, – DLXXXIV b.
  17. Konstitysay Respybliki Nayshnopraktisheskii komentarii / SILIQUA rubrum. G.C. Sapargalieva. – Almati: Jeti jargi, MMIV. -584b.
  18. Vestibulum fidem – corrigantur Oratio, per Praeses Republica, de Kazakhstan Nursultan Nazarbayev ad IV Congressu Judicum, Reipublicae Kazakhstan / / Kazakhstan in sanctis eius. – MMV.
  19. June
  20. Doverie k sydy – garantay Vistyplenie Prizedenta RK N.A. Nazarbaeva na IV siezde RK / / Kazaxstanskay Pravda. – MMII. – IV iunay.
  21. Criminaüs PROCEDENDI Legem de Republica, de Kazakhstan. Part Summa omnis: Academic cursus / Toleubekovoy BK Liber unus. – Almaty: Publishing Ltd “net”, MMIV. – CDXVI b.
  22. Ygolovno-prosesyalnoe pravo Shast obshay: Akadimisheskii kyrs / SILIQUA rubrum. Toleibekovoi B.K. Kniga pervay. – Almati: PRAENIMIS Izdatelskay kompaniay «net”, MMIV. – CDXVI b.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.