Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы билер сотының қызметін құқықтық реттеу

Дәстүрлі қазақ қоғамында билер сотының қызметі мемлекет тарапынан бекітілген жол-жоралғылар тарапынан да және қазақ ішінде кең тараған мақал-мәтел түріндегі құқықтық ұстанымдар тұрғысынан да реттеліп отырған болатын. Көп жағдайда дәстүрлі қазақ қоғамындағы құқықтық нормалар билер сотының қызметін жүйелі түрде жеке-дара реттеген жоқ. Билер сотының қызметі дәстүрлі құқықтық жүйеде көбінесе құқықтық қағида, құқықтық тыйым сипаты ретінде реттеліп отырды. Билердің көбінесе құқықтық тұрғыдағы жалпы қызмет ету аясы мен оның жалпы шектері бекітіліп отырған болатын. Қазақ ордасының кезеңінен бастап билер сотының қызметіне Қасым хан тұсында жүргізілген құқықтық реформалар да және Есім ханның жалғастырған құқықтық реформаларында, сонымен қатар Тәуке ханның жеті жарғысында ерекше орын берілген болатын. Әрине, билер сотының бұл кезеңдегі реттелуін нақты жүйелі түрде сипаттап көрсету қиындық тудырады. Себебі, аталған реформаларға қатысты құқықтық кодификациялар осы уақытқа дейін нақты нұсқада орын алған жоқ. Былайша, айтқанда нақты нұсқалары табылған жоқ. Осы уақытқа дейін бізге белгілісі Қасым ханның заңы мынандай бөлімдерді қамтиды деген ой-тұжырымдар ғана:

«1. Мүлік заңы (Жер дауы. Мал-мүлік).

  1. Қылмыс заңы (ұрлық, кісі өлтіру, талау, шабу).
  2. Әскери заң (аламан міндеті, қосын жасау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат).
  3. Елшілік жоралары (майталмандық шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, әдептілік).
  1. Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, бекеуіл, тұтқауылдардың міндеті)» [1, 295 б.]. Көптеген деректерге сүйенетін болсақ, Қасым хан шариат нормаларынан гөрі қазақ әдет құқығының байырғы нысандарына ерекше мән берген болатын. Сондықтан да, біздің ойымызша, Қасым ханның заңында билер сотының ежелгі дәуірден келе жатқан дәстүрлі жолы сақталған деп тұжырымдауға болады. Қасым ханнан кейінгі дала жұртында жүргізілген құқықтық реформа Есімнің атымен тікелей байланысты болып келеді. «Есім хан бұрыннан келе жатқан жол-жоралғыларды бір ретке келтіріп, заман ыңғайына қарай оның бойына жаңа нәр береді. Сондықтан да, ол халық жадында «ескі жол» ретінде бекиді. Осы уақытқа дейінгі бізге жеткен аңыздарды, деректерді саралай келе, бұл ескі жолмен сол кезеңге дейінгі қазақ еліндегі заңдарға мынадай толықтырулар мен түзетулер енгізілген деп пайымдаймыз.
  2. Елдің тәртібіне қатысты жоралғылар (хан пәрменіне, батыр, абыз ісі, би мәртебесі).
  3. Құн тарту жоралғылары (өнер құны, сүйек құны және құн ісін жайғастыру)
  4. Жесір ісіне қатысты жоралғылар (әмеңгерлік және жесір дауын шешу жолы).
  5. Жаза белгілеу жоралғылары (жан жазасы, малжазасы, аржазасыжәнеонытартутәртібі)»[2, 84-85 бб.]. Есім хан да билер сотының құқықтық мәртебесін реттеу бағытында бұрынғы ата-баба жолына сүйенген болатын. Есім ханнан кейінгі қазақ даласында жүргізілген ең ірі реформа Тәуке ханның атымен байланысты. Қазақ ішіндегі «Жеті  жарғы»  заңы  осы  реформаның  көрінісі болып табылады. «Жеті жарғы» заңында билер сотының мәртебесі жүйелі түрде қарастырылған деп айтуға негіз бар. Себебі, «Жеті жарғы заңының» бүгінгі күнде түпнұсқасы табыла қоймаса да, оның әртүрлі варианттары бізге жеткен болатын, олардың қатарында: Левшиннің, Шүкіралиевтің, Гавердовскийдің, т.б. нұсқасын жатқызамыз. Жеті жарғының нұсқалары деген әртүрлі деректер жер-жерден осы уақытқа дейін табылу үстінде. Жеті жарғының негізгі реттеген мәселелері туралы мына бір ой-тұжырымға тоқталып кеткіміз келеді: «Бірінші һәм негізгі сала-жер дауы. Қыс қыстау, жаз жайлау, қоныс, құдық-мал баққан елдің атадан балаға мирас қып қалдыратын еншісі. Өйткені жер-атамекен, кіндік-жұрт, отан. Жер-тіршілік етер ортасы, баба моласы, кіндік байлар қасиетті тұрағы. Сондықтан көшпелілер үшін жерден киелі ештеңе жоқ. Жер дауынан қиын дау да жоқ.

Екінші сала-үй ішілік тірліктегі сыйластық, байланыстылық, әке мен бала, ене мен келін арасындағы қарым-қатынас, үлкен мен кіші арасындағы сыпайыгершілік, ата-анаға деген құрмет, жастарды тәрбиелеу, баулу сияқты инабаттылық, имандылық шаралары. Өйткені, «баланы жастан» дейтін қағиданы қатты ұстанған халқымыз ұл-қызын ибалылыққа үйретіп, имандылық қасиетке икемдеп отырған ғой.

Үшінші тармақ ұрлық пен қарлыққа, барымта мен сырымтаға кедергі қойып, бұқараны адалдыққа шақырып, еңбекпен күнелтуге бейімдеген заңдар тізбегін қамтиды. «Арам жемейік, адал өлейік» дейтін пікір сол кезде қалыптасса керек. Жарғының төртінші бабы ел мен ел, халық пен халық, ру мен ру  арасындағы дау-дамайды әділдікпен шешуге арналған. Ынтымақтық тілеген ел дауды бүлікпен емес билікпен тындыруды көздегені ақиқат. Өйткені, Қазыбек би өмірі-соның ақиқат куәсі. Сондықтан бұл тармақтың қазақ даласы үшін де, қазақ баласы үшін де мәні зор екені даусыз.

Бесінші бап ел бірлігін сақтау, отанын қорғау, сыртқы жауға тойтарыс беру, жасақ құру, сардар сайлау, сауын айту тәрізді жаугершілік кезіндегі мемлекеттік ірі оқиғаларды қамтыған ережеқағидалар шоғырын түзсе керек.

Алтыншы тармақ түгелдей құн дауына бағытталған. «Қанды кек», «қанды мойын құныкер», «ежелгі дұшпан», «ескі жау» ұғымдары қалыптастырған қаталдық пен қатыгездікті жұмсартып,  онсыз  да  оңай  желпілдегіш түндігіне одан сайын жел үрлемей, жаттан емес, жақыннан жау тапқызатын қатқылдылықты иітуге барын салған үш бидің, соның ішінде, Қаз дауысты Қазыбектің де мәмілегер даналығы бар бұл тармақта. Өлімді өліммен көбейтпей, ізгілік тілекпен Өмірді арашалаған, Өмірді қорғаған бұл әрекеттің маңызы да ерекше.

Бірінші айып – «қара қазан» төлеу. Қара қазан төлеуі – айыпкердің шаңырағының ортасына түскенінің белгісі.

Екінші айып – «қара нар беру». Сол қара нармен өлген кісі атақты адам болса Түркістанға апарылып қойылатын болған.

Үшінші айып – «қара мылтық алу». Қара мылтықты алу – қылмыскердің күшін алуы, қаруын жоюы. Бұдан кейін ол өлгенмен тең болмақ-мыс. Төртінші айып – «қара шолақ бие жетектету». Қара шолақ бие жетектету айыпкердің ырысының   шайқалуының   анық   нышанына  бағаланған.

Бесінші айып – «қара кілем ұстату». Қара кілем ұстату – тұралағандықтың көрінісі саналған. Алтыншы айып – «жетім беру». Ол көңілде кірбіңдік  қалмасын,  аралас-құраластық басталсынды меңзеген.

Жетінші айып – «жесір бастаған тоғыз жөнелту». Ол – қан-жыны араласып, ағайынның қылшықсыз табысуының басы деп есептелінген.

Әрине бұл жерде біз айыптың шешімінің бәрін қолмен қойғандай етіп шегелеп айттым деуден аулақпыз. Бізге жеткен қисындардан түйіндеген жобаны ғана ұсынып отырмыз. Өзгелердің дәлелмен өзгерткен басқа нұсқалары бар болса қарсылығымыз жоқ.

Енді «Жеті жарғының» ең соңғы жетінші тармағына көшелік. Бұл тармақ тұтастай жесір дауынан құралады. Әрине, ол тұста ру мен руды, ауыл мен ауылды әрі біріктіретін де, әрі бөлектейтін де жесір дауы болғаны рас. Құда боп төс түйістіріп, көңіл қосып, құшақ табыстырған қазақ осы қыз дауы, жесір дауы арқылы аттан-айқайға басып, сойыл-шоқпарға жармасып, барымта-сырымтаға аттанып, оқ боратып, шаң суырып, бас жарып, білек сындырып, қан ағызып, көз шығарып, алыс-жұлысқа да, төбелесұрысқа да, сойқан соғысқа да барып қалатын. Сол себепті де ең бір осал тұс, өкпе сызы көп, айқайжанжалы мол, ұрыс-керісі орасан осы жесір дауына үш бидің – Төленің, Қазыбектің, Әйтекенің «Жеті жарғысы» қатты көңіл бөлген көрінеді» [3,  73-74  бб.].  Қазіргі  кезеңде  Жеті жарғының өлең сөзімен өрбілген кейбір нұсқалары да бар, ол Қазанғап Байболұлының нұсқасы деп айтсақ та болады. Ақын Жеті жарғының бағытын былай сомдайды:

«Жер дауы баяндайын – біріншісі,

Ру, қоныспенен меншікті ісі.

Иеленген жеріне жанжал болса,

Біреуге басымдық қып озбыр кісі,

Үй іші мен баланы тәрбиелеу –

Болған жосын заңының екіншісі.

Ұрлық, қарлық, барымта – үшінші заң,

Баян етер бәрін де білген кісі.

Төртінші боп саналған мынау заңы,

Бір халық пен басқа ру болса дауы.

Ұлтын жаудан қорғамақ – бесінші бұл,

Алтыншы, жетінші – құн дауы, жесір дауы,

Есім ханның күнінде ауыр еді.

Осылардан қиын боп ажырауы.

Кісі өлтірген айыпкер болса кісі,

Қасым хан мен Есім хан мынау ісі.

Шаңырағын түсіріп ортасына,

Сау қоймайтын ол үйдің бүлдіргісі.

Тәуке хан мен Төле би жеңілдетіп,

Жеті айып төлетті келсе күші.

Қара қазан – бірінші кесім еді,

Шаңырағын ортаға түсіргені.

Екіншісі қара нар төленетін,

Жобаменен жоғарғы шешімдегі.

Алып барып Қаратау, Түркістанға,

Қойсын өлген сол үлкен кісіні енді.

Қара мылтық үшінші беріледі,

Сол үлкеннің қаруы күші – деді.

Қара шолақ бір бие – төртіншісі

Жеңілгендік өлтірген ол белгісі.

Ол ағзалы киеді болған кісі,

Жетім бастап алтыншы қара кілем,

Жеткізеді тоғызға түр-түрімен.

Жесір бастап жетінші тоғыз беріп,

Жарастырып Қоңырды өлтіргенмен.

Былай еді жетінші жесір дауы,

Құда болған ажырап кетсе жары.

Ал мынадай үш тоғыз айып салып,

Берген малдың үстіне жамалады.

Жамбы бастап бірінші тоғыз төлер,

Ат бастаған бір тоғыз және берер.

Түйе бастап үшінші бұл да тоғыз,

Қалың малдан тысқары есептелер.

Сол дәуірде қыз кетіп моншақ таққан,

Рулы ел жабылып айып көрер.

Бір жесірге серкелі Дулат болып,

Айтысты деп айтатын қариялар» [4, 207-208 бб.].

Жеті жарғы заңында билер сотының негізгі мәртебесі процессуалдық тұрғыда және институционалдық тұрғыда реттелген деп айтуға болады. Іс жүргізу мәселесінде әртүрлі дауларды шешуге байланысты құндарды белгілеудің мөлшері ашық орын алған болатын. Ал билердің мәртебесіне қатысты көптеген нормалар да жоғарыда аты аталған тұлғалардың деректері арқылы жетіп отыр.

 

Әдебиет

 

  1. Қазақ совет энциклопедиясы / жалпы ред. басқ. Қ. Қаратаев. – Алматы, 1972. – 4 т. – 954 б.
  2. Қуандықов Б.Ж. Әйтеке бидің билік-шешімдері. – Алматы: Өркениет, – 145 б.
  3. Үш пайғамбар / Құраст. А. Нысаналы. – Алматы: Дәуір, 1992. – 184 б.
  4. Байболұлы Қ. Төле би. – Алматы, – 182 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.