ТМД Елдері Дүниежүзілік Сауда ұйымына кіргеннен кейінгі жоғары білім беру: артықшылықтары мен кемшіліктері

1995 жылдың 1 қаңтарынан Уругвай кезеңі- нен бастап жұмыс істей бастаған Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) – халықаралық сауда ере- желерін либерализм қағидаларына қарай рет- тейтін халықаралық экономикалық ұйым. Ол екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жасалған Тарифтер жəне сауда жөніндегі бас келісімнің (ГАТТ) жалғасы болып табылады. ГАТТ механизмі сауданың дамуының қазіргі уақыттағы кезеңі үшін жетілдіріліп, жаңартылған болатын. Оған қоса, ГАТТ жүйесі, халықаралық ұйым бола тұрып шындығында бұл мəртебеге ие болған жоқ, ал Дүниежүзілік Сауда Ұйымы Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің арнайы мекемесінің заңды мəртебесіне ие болды. Алғашқы кезеңде Дүниежүзілік Сауда Ұйымына 77 мемлекет кірсе, 2012 жылғы қаңтар айына байланысты соңғы мəлімет бойынша оған 154 ел мүше болды. Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина (соңғысы 2008 жыл 5 ақпанында қабылданды) бар. Ол мүше елдердіңсанынақарайхалықаралықұйымдардың арасында Біріккен Ұлттар Ұйымынан кейінгі екінші орынды иеленеді. Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіретін елдердің үлесі əлемдік тауар айналымның  95% құрайды,  яғни  Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады. Жəне Қазақстанды қосқанда 30-ға жуық ел осы ұйымға кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда бақылаушы мəртебесіне ие. ДСҰ құрылымына Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес, Қызмет  көрсету  саудасы  жөніндегі кеңес жəне Интеллектуалдық меншіктің құқық- тық аспектілерінің саудасы жөніндегі кеңесі кіретін. Бас штабының орналасқан жері Швейцария мемлекеті, Женева  қаласы. Ұйымда 500 штатты жұмыскер қызмет етеді. Ол бас директормен басқарылады[1, 44-б.].

Дүниежүзілік сауда ұйымының ГАТТ-тан айырмашылығы мемлекеттердің ұлғайтылған қатарында ғана емес, сондай-ақ, өзі қатысатын іс-əрекетінің кеңейтілген көлемдерінде. ГАТТ тек тауарлар саудасы саласында ғана əрекет  етсе, Дүниежүзілік сауда ұйымы тауарлар мен қызметтер саудасын, сондай-ақ зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды қамтиды. Соны- мен қатар, ол келіссөздер мен келіспеушілік түзету барысында елдер арасында сауда қарым- қатынасты қалыптастыратын форум болып табылады.

Дүниежүзілік сауда ұйымының құқықтық жүйесі Мараккеш келісімі, немесе Дүниежүзілік сауда ұйымын  құру жөніндегі  келісім  жəне əр қосымшасы халықаралық сауданың жекелеген мəселелері бойынша жасалған халықаралық- құқықтық уағдаластықтары бар 4 қосымшасы негізінде анықталған. Дүниежүзілік сауда ұйымы  жөніндегі  келісімде  29  келісім,  оның

17 жəне олармен байланысты құқықтық құжаттар 1-ші, 2-ші жəне 3-ші қосымшасы бар (Көп жақты Сауда Келісімдер) осы Келісімнің ажырамас бөлігі бола тұрып, Дүниежүзілік сауда ұйымының барлық мүшелері үшін міндетті. Қалған келісімдер жəне олармен байланысты құқықтық құжаттар 4 қосымшаға енгізілген (бұдан əрі «Саны шектеулі қатысушыларымен сауда келісімдер») Дүниежүзілік сауда ұйымының барлық мүшелері үшін міндетті. Барлық келісімдер сауда саласында ұлттық заң шығару мен нормативтік актілерді əзірлеу мен қолдану барысында үкімет басшылыққа алатын негізгі келісімді міндеттіліктерді анықтайды.

Ұлттың ең қолайлы жағдай туғызу режимі (РНБ) Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшелері басқа мүше  елден  импортталатын  тауарлар мен қызметтерге көзқарастары бірдей екенін көрсетіп отыр, дəлірек айтсақ, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерінен импортталатын тауарлар мен қызметтерге қатысты ең қолайлы жағдай жасалады. Бұл шекарадағы кемсітуден бас тартудың белгісі. Есептегенде Дүниежүзілік сауда ұйымы алдына бірқатар талаптарды қоятын аймақтық кедендік одақтар мен еркін сауда аймақтары, мысалы, үшінші елдермен жаңа кедергілердің орнатылуына жол бермеу.

ДСҰ білім саласын өзінің басты салаларының бірі ретінде көрсетіп, соның негізінде білім саласының импорты мен экспорты тауар ретінде айналымға түспек. Алдыға қойып отырған  басты мақсат білім саласындағы мемлекеттік монополияны жою.

Қазіргі таңда білім саласы бірден-бір қар- қынды дамып жатқан əлемдікқызмет саудасының секторы болып табылады. Білім беру жүйесін бəсекеге қабілеттілігін артыруды қамтамасыз ету үшін əлемдік нарыққа шығу объективті қажеттілік болып тұр, осының салдарынан үлкен тұтынушылық сұранысқа ие сапалы қызмет туындайтын болады.

Қазіргі заманғы нарықта білім беру қызметі Солтүстік Америка, Батыс Европа, Австралия жəне Жапония секілді дамыған мемлекеттердің қолында шоғырланған. Ал ТМД-дағы жағдай басқалармен салыстырғанда қарапайым.

ТМД  мүше   мемлекеттерінің   ДСҰ-ға   кіруі ДСҰ-ға мүше мемлекеттерге білім беру қызметін сату үшін мүмкіндігінше қолайлы жағдай туғазатындығы туралы жауапкершілікті өз мойнына алуын көрсетеді. Тəжірибеде, барлық ТМД нарығына жіберілген шетелдік тұлғаларға бірдей мүмкіндік туғызатындығын білдіреді. Сонымен қатар, ТМД мемлекеттерінің тұтынушылары шетелдік тұлғалардың көрсе- тілген қызметін қандай нақты шарттар негізінде тұтына алатындығын көрсету қажет.

ДСҰ ТМД мемлекеттерініңтұтынушыларына шетелдік білім беру қызметінің 4 түрін ұсынады:

  1. ТМД-тұтынушысы қазіргі заманғы ком- муникацияларды пайдаланып білімді шетелдік жоғары оқу орнында алады, яғни дистанционды білім алу.
  2. ТМД тұтынушысы шетелге барып, сол жерде білім алады, яғни шетелдік студенттерге білім беру.
  3. ТМД-ға білім беру қызметін жүзеге асыратын тұлғаның орын ауыстыруы немесе келуі, яғни филиалдың ашылуы.
  4. Білім беру қызметін жүзеге асыратын шетел азаматының, ТМД мемлекеттерінде білім беру мекемесі болмаса да, ұстаздардың өздері келіп білім беруі – мұғалімдердің мобильділігі.

ДСҰ білім берудің қызметінің төрт тəсілінде де білім беру қызметін сатуға кедергі туғызатын мəселелерді анықтады жəне соларды  жою  қажет екендігін көрсетті. Айта кететін маңызды нəрсе, əр елдің ұлттық білім беру жүйесінің өзіндік ерекшеліктері білім беру саласының жаһандандырылуын кедергі болдыртпай, қайта оны дамыту мен қолдау көрсету қажеттілігін ДСҰ басты мəселе ретінде көрсетіп отыр. Сол себептен де ДСҰ-ға кірер алдында отандық білім беру жүйесінің сақталуын қамтамасыз ету қажет.

Бүгінгі күнде ТМД елдерінің білім беру жүйесі ДСҰ-ға кіргеннен соң коммерциализациалануға мəжбүр болады. Бұл дегеніміз, бір жағынан, тұтынушылар тарапынан жоғары білімге деген сұраныстың өсуі, ал екінші жағынан, мемлекеттің əлеуметтік саладан кетуі, ал нақтырақ айтқанда білім саласынан кетуі. Бірақ мемлекеттің əлеуметтік, мəдени салт-дəстүрі, саяси, эконо- микалық жағдайымен айқындалатын білім беру саясаты тағы да бар.

Білім саласының жұмысшылары мен сарап- шылардың   арасында   осыған  байланысты екі түрлі бір-біріне қарама-қарсы пікір бар. Біреулері білім алу саласын коммерциялық қызмет десе, екіншілері білім алу ол қоғамдық игілік, кез- келген азаматтың құқығы дейді [2,4-б.]. Ескере кететін жағдай, Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкес білім алу – ол ешқандай коммерциялық мақсаттар көздейтін шектеулері жоқ əр адамның құқығы. Ал білім беруді қызмет ретінде қарастыратын болсақ онда ол тікелей немесе жанама пайда табу мақсатындағы əрекет болып қалады.

М.В. Ломоносов атындағы ММУ-де 2005 жылы қарашада өткен Халықаралық ғылыми- тəжірибелік конференцияда үшінші пікір айтылған болатын, осыған сəйкес «кəсіби білім мен жоғары білім белгілі материалдық игілік немесе пайда табуды көздейтін қызмет емес, ол еңбекті тудыратын өндіріс көзіне бағытталған сала. Ал қазір өндіріс  факторларының  біреуі  де (еңбек, капитал, жер) ДСҰ-мен реттелмейді жəне ДСҰ-ға кіргізуге ешқандайда беталыс жоқ» [3, 14-б.].

«Анализ требований ВТО к системам образования» атты А.Я. Савельева, А.И. Галаган, А.И. Момоттың еңбегінде ДСҰ-ның білім жүйесіне деген талаптарына жан-жақты талдау жасылынған [4]. Кітапта көптеген үкіметтік жəне үкіметтік емес ұйымдардың, сонымен қатар шетелдік сарапшылардың «қызметті сату»,«қызмет» сияқты ұғымдарды білім саласында қолдануға байланысты ұстанымдарының қорытындысы көрсетілген.

Дегенмен қазір мамандар білім саласы қоғамдық игілік пе, қызмет пе екенін талқылап жатқанда, көптеген коммерциялық негіздегі жеке оқу орындарының жүйесі қалыптасып жатыр, ал мемлекеттік жоғары оқу орындарының өздерінде де студенттердің жартысы ақысын төлеп білім алып жатыр. Осыған қарағанда, білім алудың өзі азаматтардың материалдық жағдайына байланысты, ал коммерциялық емес білімнің мəртебесі мүлдем байқалмай немесе жойылып бара жатыр деуге болады. Сонымен білім  толыққанды  тауар  болып, ал оны тарату пайда табу басты мақсат болып табылатын коммерциялық қызметке айналуда. Жоғары оқу орындарының жетекшілері білім мен ғылымды ұйымдастырушылардан жеке кəсіпкерлерге айналып отыр.

ТМД  елдеріне байланысты айтатын  болсақ, ДСҰ-ға кіру үшін ол білім саласына байланысты көптеген талаптар қояды. Сол қауіптің бастыларының бірі ол мемлекет тарапынан білім саласының қаржыландырылуының төмендеуі, кəсіби қызметті жүзеге асыру үшін ақылы сертификациялық емтихандар тапсырудың жеңілдетілген білім саласындағы жобалардың енгізілуі болып табылады.

Осы қадамды саралау алдында, өзімізді, дамыған елдердегі мемлекеттік экономиканы жəне əлеуметтік саясатты қалыптастыратын, оны  қаржыландыратын  жəне  сол  жоғары білім жүйесін ТМД нарығына енгізгісі келіп отырған адамдардың орнына өзімізді қойып көрейік, қандай мақсаттарды қойып отырғанын жинақтауға тырысайық. Ондай мақсаттарға мыналарды жатқызса болады:

  • қазіргі көп-ғылымды əлемдік шаруашы- лықтың құнды ресурстардың бірі – инте- лектуалды потенциалды «тарту» (ТМД-дан Батысқа);
  • жастармен «жұмыс жасау» қазіргіге қарағанда ерте жастан басталар еді;
  • білікті жұмыс  күшінің  шетелге ағылуы (оның жетіспеушілігі Еуропада танылады)
  • ТМД елдерінің азаматтарын өздерінің бұрынғы колонияларынан шыққандардың орнына баланс ретінде интеллектуалдық əлеует- ті толтыру мақсатында жəне де төменгі жəне ортаңғы əлеуметтік сатыларды толтыру үшін Еуропаға ағылудың өсуіне деген қызығушылық танытып отыр;
  • ТМД елдерінде «ықпал ету агенттерін» тəрбиелеу;
  • Еуропаның бəсекелестері болып табыла- тын ТМД елдерінің жоғарғы мектебінің əлсіреуі;
  • ТМД елдерінің ДСҰ-ға кіретін мем- лекеттердің нақты жағдайымен ішінен танысу (барлық жағдайды білу, өзіне керек жаққа қарай бағыттау, жақсы жақтарын алу жəне де қауіпті тəжірибелерді өткізу);
  • ТМД азаматтарының шетелде білім алғанынан түсетін (көбінесе жататын  орын  мен сервистен) қаржылай табыс; өздерінің азаматтарына қосымша жұмыс орындары т.с.с.

ТМД    елдерінің жоғары  мектебінің ДСҰ кіргеннен кейінгі жағымды жақтарын қарастырып көрейік.

Ең бастысы ТМД елдерінің білім саласы үшін жағымды жағы – ТМД елдерінің жоғары оқу орындарының тікелей шетел нарығына шығуына мүмкіндіктердің көбеюі, мысалға шетелде филиалдары немесе өкілдіктерінің ашылуы. Бірақ ДСҰ-ға кіретін мемлекеттердің осы мүмкіндіктерді санаулы ғана үлкен, танымал жəне бəсекеге қабілетті оқу орындары ғана пайдалана алады. ДСҰ-ға кіретін ТМД елдерінің жоғары оқу орындарының басым көпшілігіне бюджеттерінің аздығынан тəжірибе негізінде жүзеге асыру қиындыққа соғады.

Сонымен қатар тура осындай мүмкіндіктер шетелдің жоғары оқу орындарында да пайда болады, олардың миллиардтаған бюджетімен оларға тартымды жəне жүзеге асыра алатын болып табылады. Сол себептен де осы мəселеге көп көңіл бөлу қажет, себебі ТМД елдеріне шетелдің, шетелге біздің білім беру қызметін жүзеге асыратын тұлғалардың нарыққа кіруі басталады.

Біздің ойымызша, басқа да жағымды жақтарына жатқызуға болатындар:

  1. ДСҰ-ға кіруші ТМД мемлекеттерінің жоғары оқу орындарының интеграция үдерісі тек ТМД елдерінің ішінде ғана емес, сонымен қатар əлемдік деңгейде жүргізілуі қарқын алар еді.
  2. Шетел тілдерін меңгеру мен интен- сификация арта түседі.
  3. Еңбек нарығына нарық механизмдерінің ықпал ету салдарынан тапсырыс берушілердің талаптары артады (сонымен қатар əлемдік нарықта да).
  4. Білім туралы заң шығару қызметіне орасан зор импульс беріледі.
  5. Білім саласына қаржылай немесе материалды ресурстың ағылуы, мұғалімдердің жалақысы артады (ол тек шетелден жергілікті филиалдарға шақыртылған мұғалімдерге ғана қатысты болуы мүмкін).
  6. Оқу үдерісіне деген жаңалықтармен, студенттердің біліміне деген жаңа талаптармен, кəсібилілік пен еңбекке деген материалды- техникалық базамен танысу болып табылады.
  7. Қазіргі заманғы бағдарламалар, менедж- мент пен сапаны артыру жүйелерімен айырбас немесе бөліс болар еді.
  8. Алдағы жоғары оқу орындардың иннова- циялық-кəсіпкерлік іс-əрекеттеріне тежеуіш болып табылатын білім саласын реттейтін биліктің қатал саясатын бұзу.

Біздің ойымызша ДСҰ-ға кіретін ТМД елдерінде шетелдік жоғары оқу орындары пайда болған сəттен бастап ТМД жоғары мектебі көптеген зардаптар шегеді:

  1. Мемлекеттік инвестицияның төмендеуі, себебі шетелдік жоғары оқу орындары оны протекционизм саясаты деп түсінеді.
  2. ДСҰ-ға кіруші ТМД елдерінен шетелдік жоғары орындарына кетуі.
  3. Демпингті құнмен оқу (алғашқы кезеңде).
  4. ТМД елдерінің жоғары оқу орындарынан біліктілігі жоғарғы ұстаздар мен болашағынан үміт күткізетін жас түлектердің шетелге кетуі.
  5. Шын мəнінде біздің жоғары оқу орындарымыз шетел жоғары оқу орындарының бастапқы жоғары білім беретін филиалдарына айналуы.
  6. Жоғары оқу орнын бітіргеннен соңғы білім беретін жоғары орындарының санының азаюы, сонымен қатар магистр жəне Phd түлектері санының мүлдем күрт төмендеуі басталады.

ТМД елдерінің ДСҰ-ға кірген  сəттен  бастап алдыңғы шепке келесідей жағдайлар алдыға шығады: ДСҰ-ға мүшелікке кірейін деп жатқан ТМД елдерінің заңнамасының өзгер- тілуі (мемлекет тарапынан да, сонымен қатар білім алушылар тарапынан да); жоғары оқу орындарының қаржыландырылуының жақ- саруы; автономды түрде жұмыс істеуі мен қыз- мет ететін кеңістігінің артуы; академиялық қоғам мен жұмыс берушілерді білім саласын басқару мен жаңа реформаларды талқылауға шақыруын кеңейту.

 

Əдебиет

 

  1. Дюмулен И.И. Всемирная торговая орга- низации. – М.,
  2. Ливенцев Н.Н., Лисоволик Я.Д. Актуальные проблемы присоединения России к ВТО. – М.,
  3. Садовничий В.А. МГУ и интернационали- зация высшего  образования  //  Материа-  лы Международной научно-практической конференции «Россия и интернациона- лизация высшего образования». – М.,
  4. Савельев А.Я.,  Галаган  А.И.,  Момот  А.И. и др. Анализ требований ВТО к системам образования. – М.,
Жыл: 2012
Қала: Алматы