Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Биология мамандығында саңырауқұлақтар бөлімінен көрнекілікті оқу үдерісінде пайдалану

Кіріспе

 Елбасымыз Н.Назарбаев халқымыздың алдында ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген жан-жақты мәдениетті, жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұрғандығын нақтылап көрсетіп берді. ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев мемлекетіміздің болашақта дамуына арналған «Қазақстан-2050» стратегиясында [1], білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдарының төртінші бағытында: оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің жаңа жүйелерін белсене дамыту керектігін, ал «Қазақстан – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында [2] «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар» – деп Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру міндетін айқындап берді.

Тірі объектілерді (көрнекіліктерді) жоғары оқу орындарында педагогикалық теория мен практикада пайдалану бүгінгі таңда уақыттың басты талабы ретінде қоғамдық дамудың құрамдас бөлігі болып табылады. Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне бағдар алуының басты мәселесі – өскелең ұрпақтың жаңа білімге деген құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, олардың танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру және жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру. Ол жоғары білім беру жүйесінің Балон үдерісінің идеяларын толық қабылдап, өз жұмысының мазмұнын осы үрдіспен байланыстырумен ерекшеленеді. Оның басты мазмұны – оқу нәтижелерін жоспарлау, құрастыру жоғары оқу орындарының, оның ішінде әрбір оқытушының, келешек кәсіби мамандардың міндеті болып танылуда.

Кеңес үкіметі тұсында әрбір жоғары оқу орнының, тіпті мектептің өзінің тәжірибе телімдері, тірі табиғат бұрышы, жылыжайы болатын. Жоғары оқу орындарында ауыл шаруашылығына байланысты әртүрлі пәндер өтіліп, практикаға да сағат бөлінетін [3]. Қазіргі жағдайда көптеген жоғарғы оқу орындарында  мектептің  ботаника  пәнінен  практикалық жұмыстарға бөлінген сағаттар саны аз. Келешек мектепте сабақ беретін оқытушылардың ботаника пәнінен теориялық, практикалық білім деңгейлеріне айрықша көңіл бөлу қажет.

 Негізгі бөлім

 Саңырауқұлақтардың систематикасы қазір өзгерді. Жоғары оқу орындарында оны оқу бағдарламасына қосу қажет. Олар төмендегідей болып өзгерген.

Протисталар патшалығында: ооmycota (оомицеттер) бөлімі; сhitriodiomycota (хитридиомицеттер) бөлімі; аcrasiomycota (акразиомикота) бөлімі; myxomуcota (миксомицеттер) бөлімі. Саңырауқұлақтар патшалығында: zigomycota (зигомицеттер) бөлімі; ascomycota (аскомицеттер) бөлімі, оның ішінде Fungi imperfecti (жетілмеген саңырауқұлақтар) класы; basidiomycota (базидиомицеттер) [4].

 1-cурет – Қаракүйе ауруымен зақымдалған кейбір астық тұқымдастары түрлерінің кеппешөбі

   

Зертханалық сабақтарда оқу бағдарламасына табиғатта кең таралған бір клеткалы ашытқылар, жіпшелері (гифа) клеткаларға бөлінбеген сапролегния, мукор сияқты төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар: жіпшелері клеткаларға бөлінген зең саңырауқұлақтар пеницилл мен асперигилл жемістік денелері бар табиғатта кең таралған ақұнтақты және ірі жемістік денелері бар жеуге жарамды (қозықұйрық ақ саңырауқұлақ) және улы (шыбын жұты, бозқұлақ) саңырауқұлақтарды көрсетуге болады.

Саңырауқұлақтардың таза екпесін алу, кептіру әдістері. Астық дақылдарының, жабайы өсетін астықтардың кейде дәндердің орнында, кейде сабағында үгітіліп тұрған қара тозаң көрінеді. Егістікте өсіп тұрған жүгерінің әр жері (көбіне собығы) үлкейіп, томпаяды. Егер оны – пайда болған ірі ісіктерді жарып жіберсе, айналаны қара тозаң басып кетеді. Бұл – қара күйе саңырауқұлағының споралары. Оның екі ядросы қосылып, жынысты көбейеді.

Осы қосылған екі ядросы бар клеткадан пайда болған гифалар бидайдың, жүгерінің және басқа да өсімдіктердің өскінін зардаптайды. Бидайдың тозаңдық қаракүйесінде бидайдың гүлінің аналығының аузына споралар түсіп, екі ядросы қосылып, одан түзілген гифа тұқымның ұрығын зардаптайды. Зақымданған дәнді қайта сепкенде, ауру өсікін пайда болады. Сыртынан қарағанда зардапталған өсімдік пен сау өсімдіктің айырмашылығы болмайды. Кейін масақтанған кезде ол қара күйенің спорасы жетілетін орынға айналады. Олар қайтадан басқа өсімдіктердің гүліндегі аналығының аузына түсіп зардаптайды. Экскурсия кезінде қара күйе саңырауқұлақтары түрлерін жинап, кеппешөптер дайындап (1-сурет), ботаника пәнінің саңырауқұлақтар бөліміндегі «паразитті саңырауқұлақтар» тақырыбында көрнекі-құрал есебінде пайдаланады.

Ақұнтақ саңырауқұлағы жаздың ортасынан бастап күзге дейін жасыл өсімдіктерді әсіресе емен, атқымыздық, шырмауық, қоңырбас тағы да көптеген өсімдіктерді қарқынды зақымдап, жапырақтары мен сабақтарына ұн сеуіп қойған тәрізді көрінеді. Себебі, ақұнтақтың шіпшумағы және конидия сағағынан бөлінген конидиялары ұн сеуіп тастаған сияқты болады (2-сурет). Ақұнтақ кейде астықтардың сабағын, жапырағын мақтамен орап тастаған сияқты көрініс береді. Ақұнтақ саңырауқұлақтары облигатты паразиттер. Тек жасыл өсімдіктерді ғана зардаптайды, клеткаларынан өсінділер (гаустория) жіберіп қоректенеді. Қоректік агарлы ортада өспейді.  Зардапталған  өсімдіктердің сабақтары мен жапырақтарынан кеппешөп дайындап зертханалық сабақтардың «Паразитті саңырауқұлақтар» тақырыбында пайдалануға болады.

Экскурсия кезінде егістікті аралап жүргенде бидай масағынан сәл иіліп келген қара түс-   ті қастауышты көруге болады. Бұл – паразит саңырауқұлақ қастауышы (Claviceps purpurea). Бидай гүлдегенде масағындағы гүлдің аналығының аузына саңырауқұлақтың споралары түседі. Спора өніп гифа, жіпшумақ түзіп шырынданып, аналық түйінін толтырады. Сол жерде конидиялар түзіледі. Шырынға қонған бунақденелілер конидияларды таратады. Бидайдың дәні жетілгенде барлық зақымданған аналық түйінінің орнында қастауыш пайда болады.

Қастауыш іші ақ жіпшумаққа толы, сырты – қарайған склероций. Бұл қастауыштың қыстап шығатын кезеңі. Қыстап шыққан қастауышта (склероций) көктемде көптеген жемістік денелер түзіледі. Олардың ішінде жынысты көбею жүреді. Нәтижесінде түзілген аскоспоралар көктемде бидай өскіндерін зардаптайды да, кейін гүліндегі аналығын толтырып, өскен жіпшумақтан конидия сағақтары, конидиялар түзіледі. Олар шырынданып тұрады. Қастауыш (склероций) түзілген бидай масақтарынан кеппешөптер дайындап, сабақ өткізу кезінде көрнекілік етіп пайдалануға болады (3-сурет).

Тат саңырауқұлағы (Puccina graminis) дәнді дақылдарды (бидай, арпа, күріш, сұлы), қамысты және басқа да өсімдіктерді зардаптайды. Жапырақ сабақтарында ұзынша таттың түсіндей қызғылт-қоңыр томпиған дақтар пайда болады. Күзге қарай ол дақтар қара қоңыр түске өзгереді. Барлық дақтарда споралар пайда болады. Жаз бойы бірнеше споралардың ұрпағы (генерациясы) түзіледі. Споралар жауын-шашынды ылғалы мол жыл мезгілінде тез өсіп астықтарды зақымдайды (4-сурет).

Тат саңырауқұлағымен зақымдалған астықтардың дәні майда әрі жеңіл болады. Жер бетінде бидай түсімі жылына 15%-ға төмендейді. Астықтың сызықты татымен зардапталған өсімдіктерді жинап, кеппешөптер дайындап, ботаника пәнінен «паразитті саңырауқұлақтар» тақырыбында көрнекілік-құрал есебінде пайдалануға болады.

Зең саңырауқұлақтары көбіне түрлі жемісжидектерді, дәнді дақылдарды, көкөністерді қоймада сақтау кезінде зардаптайды. Зең саңырауқұлағы пенициллдің жіпшумағының шоғыры (колониясы) көкшіл-жасыл түсті, ал зең саңырауқұлағы асперигиллдің жіпшумағын шоғыры сарғыш-жасыл  немесе  күңгірт-қара  түсті болады [5]. Мукор да зең саңырауқұлағына жатады. Жіпшумағы клеткаға бөлінбеген, шоғырының түсі алдымен сұр, сосын қара-сұр түсті. Спорангий сағағының ұшында спорангий онда споралар жетіледі. Зең саңырауқұлақтары қолайлы жағдайда (ылғал жеткілікті, жоғары температурада) қоймада қарқынды дамиды. Астықтың сапасын төмендетеді (5-сурет). Зең саңырауқұлақтары табиғи төсемікте және жасанды агарлы қоректік ортада жақсы өседі.

 2-cурет – Қоңырбастың ақұнтақ ауруы

 3-cурет – бидайдың қастауышы 3-cурет – бидайдың қастауышы

 4-cурет – Бидайдың тат саңырауқұлағы

 Экономикасы мықты дамыған ел болуға көптеген жұмыстар жүргізіп бағытталдық. Дегенмен әлі де көңіл бөлінбей жатқан  жағдайлар бар. Көптеген астық қоймаларын (Алматы облысы Қарасай, Жамбыл, Талғар, Панфилов аудандары) тастап кеткен. Соларды аздырыптоздырмай күтіп егіннің өнімін далада, қырманда қалдырмай сапасын төмендетпей сақтауға жағдай жасау қажет. Қоймадағы тұқымдық, азықтық астықтардың да сақтау ережесі сақталмағанда (тұқымның ылғалдылығы жоғары, қойма температурасы жоғары болғанда) түрлі саңырауқұлақтар қарқынды дамып, сапасы төмендейді.

Қазір кез келген елді-мекенде астық бар. Содан мектептің биология зертханасына әр түрінен (әрбір астық үйіндісінің түбінен, ортасынан, төбесінен) 1 кг алып, саңырауқұлақпен зардапталу деңгейін анықтауға болады. Жоғары оқу орындарында да осындай зерттеуге материалдар алынады.

Биология кабинетінде және зертханаларда Петри табақшасының түбіне 2 қабат фильтр қағазын дәлдеп орналастырып, кептіретін шкафта 130°С температурада 1 сағатқа қалдырады. Сонымен бірге пипеткаларды, сапты  инелерді де залалсыздандырады. Содан соң Петри табақшасындағы филтр қағаздарын қайнатылған сумен пипетка арқылы ылғалдайды. Тұқымдарды 70%-дық спиртпен 1 минут залалсыздандырады да, ылғалданған фильтр қағазының бетіне арақашықтықтарын 1,5-2 см етіп орналастырады. Петри табақшасындағы жауып 21°С температурада қалдырады. Күнделікті бақылау жүргізеді. 7-тәулікте жіпшумағының споралану сипатына қарай саңырауқұлақтардың түрін анықтап суретке түсіреді.Содан соң агарлы Петри табақшасы бар қоректік ортасына залалсыздандырылған иненің ұшымен кішкене бөлшегін орналастырады. Сонда төмендегідей тұқымдарды зардаптайтын егістікте және қоймада кең таралған саңырауқұлақ түрлерінің шоғырлары (колониялар) өседі.

Fusarium туысының саңырауқұлақтары қоршаған орта жағдайларының әсеріне бейім келеді [5]. Алматы облысында бидайдың тұқымынан бөлініп алынған Fusarium graminearum саңырауқұлағының таза екпесі алынды. Чапека қоректік ортасына отырғызғаннан кейін 3-тәулікте үлпек тәрізді жіпшумақтар түзіліп, оларда саңырауқұлақтың микроконидиялы споралары бар қызғылт, сарғыш-қызғылт және көкшіл-күлгін колониялар пайда болады. Микроконидиялары бір клеткалы, сопақ, жұмыртқа тәрізді, дөңес болып келеді. Макроконидиялы спора түзуі сирек жүреді, макроконидиялары ұзынша, көп клеткалы, 3-5 перделі, екі жақ шетінен ішке қарай иілген [5]. Бұл саңырауқұлақтың жіпшумағы-ақ, ақшыл-қызғылт, қызғылт-күлгін (6-сурет).

Macrosporium commune–кең таралған саңырауқұлақ түрлерінің бірі. Олар өсімдік қалдықтарында, бидай, арпа, сұлы тұқымдарында кездеседі. Бидай тұқымында көптеген жылдар бойы тіршілігін сақтап қалуы мүмкін [7]. Ылғалды камерада M.communeRabenh.саңырауқұлағымен зақымдалған бидай, арпа, сұлы тұқымдарының беті саңырауқұлақтардың қара-сұр жіпшумағы және конидиясымен көмкеріліп қараяды және өспейді. Көп өсімдіктерде сапрофит және паразит түрінде кездеседі [5]. Олар астық тұқымдастарының тұқымдарының өсу қарқынын төмендетеді (7-сурет).

    5-cурет – Зең саңырауқұлақтарының конидиялары. А-пеницилл; Б-аспергилл.6-сурет  Сканерлеуші микроскопта түсірілген Fusarium graminearumSchwabe саңырауқұлағының конидиясы 7-cурет – Macrosporium communeRabenh. саңырауқұлағының конидиялары

 Қорытынды

 Білім берудің негізгі жетістігі, ол білімгердің ойлау қабілетін дұрыс ұйымдастыра білу. Оқу көрнекілігі – оқу материалын меңгеру сипатына әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Оқытушының баяндауымен түсіндірілген сабақтан алынған білімге қарағанда, көрнекілікті пайдалана отырып, оқытылған сабақтар  білімгерлердің  білімін жоғарылататыны белгілі. Себебі, көрнекілік білімгерлердің оқу материалына деген қызығушылығын арттырады [8].

Саңырауқұлақтар тақырыбынан жүргізілетін зертханалық сабақтарда білімгерлер тұқымның микофлорасын өз қолдарымен бөліп алып, микроскоп арқылы немесе ұлғайтқыш лупамен қарау арқылы көре алады. Сондай-ақ саңырауқұлақтармен зақымданған астық дақылдарынан кеппешөп дайындап, алған теориялық білімдерін практикамен ұштастырады.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Назарбаев Н.А. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, 2012.
  2. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан, №11 (28235) 18 қаңтар, 2014. – 34 б.
  3. Морозова В.Ф. Формирование системы умений в процессе обучения ботанике: Дис.... канд. пед. наук: 00.02.-М., 1986.-176с.
  4. Рейвн П., Эверт Р., Айкхорн. Современная ботаника. 1-том. – М.: Мир, 1990. – 183-220 бб.
  5. Abdrassulova T., Kuzhantaeva Z.Z., Anuarova L.E. Biological specifics of some species of fungi on seeds of grain crops. Life Sci J 2014;11(6s):79-82 (ISSN:1097-8135).
  6. Kosiak В., Torp M., Skjerve E., Andersen B. Alternaria and Fusarium in Norwegian grains of reduced quality – a matched pair sample study // Int. J. Food Microbiol. 2004. – Vol. 93. – P. 51–62
  7. KriuchkovaLO . 2013г. Микромицеты связанные с пшеницы заболеваний в разных регионах Украины. Микробиология З. 2013 июль-август; 75 (4):59-68.
  8. Пономарева, И.Н. Общая методика обучения биологии: учебно-методическое пособие для студентов педагогических ВУЗов / И.Н. Пономарева, В.П. Соломин, Г.Д. Сидельникова. – М.: Академия, 2003. – 272 с. ISBN 5-7695-0948-1.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.