Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан республикасындағы инвестициялық қызметтің қалыптасуы мен дамуы: ерекшеліктері мен мәселелері

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметінің даму ерекшеліктері қарастырылып, шет ел инвестицияларының ағындары талданып, мәселелері анықталып жетілдіру жолдары ұсынылған.

Қазақстан экономикасының дамуы көптеген өндірісінің қайта қалыптасушылығы мен құрылуын, өндіріс инфраструктурасының модернизациялануын қажет етеді. Бұл өз кезегінде тек мемлекет инвестиция көлемін жұмылдыру емес, сонымен қатар оларды орынды пайдалануын талап етеді.

Қазақстанның шетел мемлекеттерін экономикалық ынтымақтастығының негізгісі шетел инвестициясын жұмылдыру мен тиімді қолдану болып табылады. Алайда экономикада шетел инвестицияларының ролі осы күнге дейін теріс бағалануы кездеседі. Мысалға, инвестициялардың көп таралуы елдің тонылуы мен экономикалық тәуелсіздігінен айырылуына әкеледі. Басқалары шетел капиталы ұлттық экономиканың көтеруінің жалғыз көзі деп қарастырады. Осы мақсатта, Қазақстанның сыртқы факторының дамуының маңызының ертеңгісі мен бүгінін объективті талдауын жасап көрейік.

Қазақстанда тәуелсіздік алған сәттен бос капиталдың келуіне ставка қойылған. Шетел инвестициясын тарту саясаты мемлекеттің басты негізгі міндеті болуы кездейсоқ емес. Нарықтық процеске айналуына байланысты экономиканың жүйесін қайта құру және бүгінгі тілмен айтсақ, оның диверсификациялау сол кезде белгілі болды. Алайда, ол кезде тек өз ресурстары арқылы бұл істі жүзеге асыру қиын еді, оған көп уақыт кетер еді. Нәтижесінде, Қазақстанға инвесторды мемлекеттік маңызды салаларына, ең бастысы мұнай, газ және металлургия салаларына жиі жұмылдыруға шешім қабылданды. Осы салалар проектісі экономиканың басқа салаларын дамытуға мүмкіндік беретін, және де бүгінгі таңда, бұндай саясат өзін ақтады [1].

Кейінгі жылдары еліміздің инвестициялық климаты кәсіби ортаның жетілу, макроэкономикалық және әлеуметтік - саяси жағдайының жағымды жағын сақтау, экономикадағы құрылымдық реформалар, заңдардың өзгеріп, толықтырылуы сияқты өкімет басымен атқарылған белсенді қызметтің арқасында жақсы жағына қарай өзгерді.

Мәліметтер бойынша, Орта Азияға келіп түскен тікелей инвестициялардың 4/5 бөлігін осы аймақта орналасқан басқа мемлекеттерден асып, Қазақстан (Әзірбайжанмен қатар) ұтып алған. Инвестиция тарту мен оған мемелекеттік қолдау көрсетуге бағытталған инвестициялық саясаттың арқасында ұлттық экономикадағы бұрындары аса қызықтырмаған салаларға инвесторлар тарапынан қызығушылық пайда болып, капиталдың көптеп құйылуына әсер етті. Сонымен қатар, инвесторлар бұрыннан бері өз капиталын мұнай-газ секторына құюға бекінгендіктен, үлкен жобалы келісімдерге қол қойылған.

2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясындағы жобалардың жүзеге асырылуы шетел инвестициясымен ішкі жинақ қорлар негізінде экономикалық өсімді қарастырады. Біріншіден, ішкі даму факторына байланысты, олардың негізгісі әлі күнге дейін ішкі жинақ қорының жетіспеуі мен экономиканыңшынайы секторына капитал көлемінің аз салымы. Маңызды бюджеттік шектеулерді Қазақстан Республикасының Үкіметі шешеді, ең бірінші елімізде инвестициялық кәсіби белсенділікті ынталандыруға қарсы келсе де қысқа мерзімді фискалды тапсырмаларды шешеді, сонымен қатар экономикалық өсім қарқынын қамтамасыз ету мақсаты. Мұндай жағдайда мемлекет шетел және отандық инвесторларға экономикалық өсімді қамтамасыз ету мен инвестиция ағымына жағдай жасау бағытын сақтап қалу туралы ашық белгі беруге міндетті. Экономикалық реформалардың жүзеге асырылу процесінде тікелей инвестиция облысындағы мемлекеттен саясаттың жүзеге асырылуы мен жандануы үлкен мағына береді [2].

Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты экономиканы ұзақ мерзімдік перспективаға құрылымдық қайта құруды анықтайтын ұлттық экономикалық даму стратегиясынан шығады.

Кесте 1-ден 2013 - 2017 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасына тікелей шетел инвестициялардың келуін көруге болады.

Кесте 1. Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың елдер бойынша жиынтық ағыны млн. АҚШ долл.

Е с к е р т у: ҚР Ұлттық Банкінің деректері негізінде жасалған

Елдердің атауы

2013

2014

2015

2016

2017

АҚШ

1 707,6

3 262,6

2 389,1

3 056,2

3 023,9

БЕРМУД АРАЛДАРЫ (БРИТАНДЫҚ)

53,3

32,8

-66,8

-620,5

441,0

ГЕРМАНИЯ

185,7

126,0

-40,5

16,2

155,6

ЖАПОНИЯ

317,9

218,5

387,8

447,3

134,5

ЛЮКСЕМБУРГ

13,7

7,6

171,4

86,6

174,9

РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ

473,9

536,9

237,0

288,4

238,7

ҰЛЫБРИТАНИЯ

306,1

-817,1

-2 649,5

297,1

1 774,1

ФРАНЦИЯ

703,4

749,2

774,6

937,8

277,7

БАРЛЫҒЫ

10 321

8 406

3 860

8 097

4 634

2013-2017 жж. аралығында Қазақстан экономикасының шетел инвестициясының көлемі 35 318 млн. АҚШ долларын құрайды.

Оның ішінде 2013 жылы Қазақстан экономикасына барылғы 10321 млн.АҚШ доллары, 2014 жылы 8406 млн.АҚШ доллары, 2015 жылы 3860 млн.АҚШ доллары, 2016 жылы 8097 млн.АҚШ доллары, 2017 жылы 4634 млн.АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйылды.

Байқап отырғанымыздай 2013 жылдан 2015 жылға дейін инвестиция көлемінің төмендегені байқалған, ал 2015 жылдан 2016 жыл аралығында өсіп, 2017 жылы қайта кему тенденциясы байқалып отыр(2 суретте көрсетілген).

2017 жылы мемлекет-донорлар арасында алдынғы орында АҚШ (65%), Ұлыбритания (38%), Бермуд аралдары (9,5%), Франция (5,9%), Ресей (5,15%), Люксембург (3,76%), және Германия(3,36%) содан кейін Жапония (2,9%) келеді. 2013-2017жж. аралығында АҚШ Қазақстан экономикасына 13439,4 млн.АҚШ долларын инвестициялады(3 суретте көрсетілген).

Кестені талдайтын болсақ, барлық мемлекеттердің арасынан 2017 жылы АҚШ мемлекеті ерекше белсенділік танытқан. Одан кейін Ұлыбритания, келесі орындарды Бермуд аралдары, Франция, Ресей, Люксембург, Германия, Жапония мемлекеттері алып отыр.

Олар тау-кен өнеркәсібіне- 591,7 млн. АҚШ доллары, жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға алу және кәсіпорындарға қызмет көрсету- 1544,6 млн. АҚШ доллары, құрылысқа-118,9 млн. АҚШ доллары, көлік және байланысқа- 162,2 млн. АҚШ доллары, қаржы қызметіне- 3902,5 млн. АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестиция салды..

Еуроодақ соңғы төрт жыл бойы Қазақстанның сауда және инвестициялық серіктестерінің арасында Ресей мен Қытайдан озып, бірінші орында келеді. Қазақстанның жалпы сыртқы сауда айналымының 40 пайыздан астамы Еуроодақтың үлесіне тиесілі. Еуроодақтың Қазақстанмен арадағы сауда айналымы, Орталық Азия мен Закавказ өңірінің қалған жеті мемлекетімен арадағы жалпы сауда көрсеткішінен асып түседі. 2017 жылы Қазақстан мен Еуроодақтың арасындағы тауар айналымы 29 миллиард дерлік АҚШ долларын құрады, бұл 2008 жылғы көрсеткіштен - 9 есеге, ал 2012 жылғы көрсеткіштен - екі есеге артық. Әлемдік экономикада байқала бастаған тұрақтану үдерісі мен аймақтағы сыртқы сауда-саттықтың даму көрсеткіші ағымдағы жылы Қазақстан мен Еуроодақтың өзара сауда- саттығының өсімі 25 пайыз деңгейінде болады деген болжам жасауға мүмкіндік береді.

Оған қоса, Қазақстан экономикасында қордаланған шетелдік капиталдың 1/3 бөлігінен астамы Еуроодақ елдерінің инвестициялары. Еуроодақ елдері біздің елімізге ұзақмерзімдік стратегиялық мүдделілік білдіріп отыр.Еуродақтың көптеген елдерінде Қазақстан бүгінде перспективалық әлеуетті инвестор ретінде қарастырылады. 1993 жылдан бастап 2017 жылдың қыркүйек айына дейінгі аралықта Қазақстан экономикасына 228,4 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылған, және ондағы Еуроодақ елдерінің үлесі 50 пайыз шамасында Негізгі инвесторлар Люксембург, Франция, Ұлыбритания және Германия. Ал Еуроодаққа мүше мемлекеттердің экономикасына салынған қазақстандық инвестицияның көлемі 1994 жылдан бастап 2017 жылдың шілде айына дейінгі аралықта 25 миллиард АҚШ долларын шамалаған Еуроодақтың ірі қаржы институты саналатын Еуропалық инвестициялық банкпен (жарғылық капиталы 164 миллиардтан астам еуроны құрайды) арадағы өзара қарым-қатынас екіжақты инвестициялық ынтымақтастыққа қосылған тағы бір үлес болмақ.

Жақын арада аталмыш еуропалық банктің Қазақстандағы қызметін үйлестіретін, сөйтіп Қазақстанның еуропалық бағыттағы инвестициялық саясатын дамытуға мүмкіндік беретін екіжақты келісімге қол қойылады. Оған қоса, бұл шара Еуроодақтың тиісті мандаты аясында Еуропалық инвестициялық банктің орталықазиялық аймақтағы қызметіне бөлінген1 миллиард еуродай банк инвестициясын тартуға мүмкіндік береді, біз мандаттан да тыс банк инвестицияларына мүдделіміз. Қазіргі таңдағы қаржыландыратын жобалар энергетикалық және көлік инфрақұрылымдарын, экология саласын қамтиды. Дегенмен, келешекте банктің басқа да салалардағы инвестициялық мүмкіндіктері аясын кеңейту жоспарланып отыр.

Тағы бір перспективалық бағыт - акциялар пакетінің 62 пайызына Еуропалық инвестициялық банк иелік ететін Еуропалық инвестициялық қормен серіктестік орнату.

UNCTAD бағалауына сәйкес 2016 жылы қаржылық экономикалық дағдарыс салдарынан әлем бойынша ТШИ-лар (2015 жылмен салыстырғанда) 21 пайызға азайған, 2017 жылы бұл тенденциялар сақталды. Осыған сәйкес дамыған елдерде ТШИ деңгейі 2016 жылы 33 пайызға азайса, ал дамушы елдерде ТШИ көлемі 3,6 пайызға көбейген.

Қазақстанға ТШИ келуіне жағымсыз әсер еткен дағдарыспен қатар мемлекеттің инвестициялық тартымдылық деңгейі. Әлемдік экономикалық форумның мәліметтері бойынша Қазақстанның 2016-2017 жылдардағы жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингі бойынша 66-дан 67-ші орынға түскен. Осыған орай соңғы екі жылда мемлекеттің рейтингі 5 пунктке түсіп отырған [3].

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тарту мәселесі әлі де актуалды болып қалады. Бұл бүгінгі танда мемлекет алдына қойылған мәселелерден таралады. Мемлекет басшысы шетел инвесторларының отырысында атап өткендей, өнеркәсіптік-өндірістік инфрақұрылымның және агроөнеркәсіптік саланы, озып келе жатқан экономиканы девирсификациялау осы бағыттағы инвестициондық саясатты түзетуді талап етеді. Ресми берілгендер бойынша, инвестицияның 90% минералды шикізат секторына бағытталады. Алайда шетел инвестициясының потенциалы мұнайдан басқа тыс секторда белгілі мөлшерде іске аспады. Сондықтан құрастырылып жатқан индустриялды бағдарламаның басты мәселесі инвестиция ағымын шикізат секторынан өндеу саласына айналдыру жағдайын құру болып табылады. Бұл жайлы Н.Назарбаев инвестиция үшін экономиканың бес түрін белгілеп өтті: ауылшаруашылығы, өндірістік инфрақұрылым, өндеу кәсіпорны, әлеуметтік салалық және туризмнің объектісі, Астана объектісі [4].

Шетел инвестициясының көмегімен жаңа жоғарғы технологиялық өнеркәсіптер, көптеген кәсіпорындарды техникалық қаруландыру, республиканың жұмысшылары мен квалификациялық мамандардың потенциалын жиі жұмылдыру, менеджмент және маркетинг саласында жетістіктерді енгізу, ішкі нарықты сапалы тауарлармен толтыруды жоспарланады.

Қазақстан Республикасына экономика салаларының түрлері бойынша шетел инвестициясының келіп түсуі 2017 жылы -4634 млн. АҚШ долларын құрады. Соның ішінде:

  • ауылшаруашылығы, аңшылық, орман өсіру және балық аулау шаруашылығы - 23,4 млн. АҚШ доллары;
  • кен өндірі өнеркәсібі және карьерлерді қазу - 4258,4 млн. АҚШ доллары;
  • Өңдеуші өнеркәсіп - 549,9 млн. АҚШ доллары;
  • Көтемрме және бөлшек сауда, автомобильдерді және мотоциклдарды жөндеу бойынша - 347,8 млн. АҚШ доллары;
  • Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету -59,8 млн. АҚШ доллары;
  • ақпарат және байланыс -93,9 млн. АҚШ доллары;
  • Қаржы және сақтандыру қызметі- 443,6 млн. АҚШ доллары (27,9%);
  • Жылжымайтын мүлікпен операциялар - 126,4 млн. АҚШ доллары;
  • Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет -167,5 АҚШ доллары;
  • Жоғарыда көрсетілген санаттарға жатқызылмаған қызмет түрлері - 78,3 АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестициялар келді [5].

Беларус елі Қазақстанның индустриялық- инновациялық даму бағдарламасы бойынша 30 бірлескен жобаға атсалыспақ, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі экономикалық дамуының стратегиялық жоспарының аясында индустриялық - инновациялық дамудың 2014 жылға дейінгі бағдарламасы қарастырылған. Бұл бағдарламаның аясында 162 ірі өнеркәсіптік нысан салу жоспарлануда, олар - кен-өндіру өнеркәсібі, химия саласы, агроөнеркәсіптік кешен, жаңа ГЭС, ГРЭС, ЖЭС жобалары. Бұл бағдарламаға Беларус елі де қатысады. Біз беларус тарапымен 30 шақты жобаны бірлесіп жүзеге асыру туралы келісім жасап отырмыз. Олар негізінен ет, сүт және жеміс-көкөніс өңдеу салаларындағы кәсіпорындар.

Ел экономикасын дамытуда инвестициялық іс- әрекетті жандандыру үшін жасалатын реформалардың маңызы зор. Қазақстан экономикасының дамуына шетел инвестицияларын тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында арнайы мемлекеттік бағдарлама құрастырылған. Бағдарлама шетел инвесторларының тәжірибелері негізінде жасалуда. Бағдарлама шеңберінде көптеген құқықтық және ұйымдастырушылық міндеттердің шешілуі қарастырылады:

барлық шаруашылық субъектілерінің, соның ішінде шетел инвесторларының экономикалық іс- әрекеттерін қадағалайтын нормативті-құқықтық базаны жетілдіру;

инвестициялық белсенділікті жандандыру үшін жағдайлар жасау;

республикадағы капитал нарығын бақылаудың институционалдық және инфрақұрылымдық элементтерін дамыту;

шетелдік инвесторлар мен серіктестердің сенімін қамтамасыз ету, стратегиялық инвесторлар үшін Қазақстанның тартымдылығын арттыру және несиелік рейтингін көтеру.

Жүргізілген зерттеулер авторға Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тарту механизмін жетілдіру мен инвестициялық саясат құру кезінде пайдалануға болатын көптеген қорытындылар мен ұсыныстар қалыптастыруға мүмкіндік берді. Республикадағы инвестициялық үрдісті басқаруды сараптай келе мынадай негізгі даму бағыттарын атап көрсетуге болады:

  • -инвестициялық ахуалды үздіксіз жетілдіру;
  • -инвестициялық қызметтің құқықтық қамтамасыз етілуін жақсарту;
  • -инвестициялық үрдісті басқарудағы мемлекет пен ұлттық инвесторлардың іс-әрекетін жандандыру;
  • -даму институттарының рөлін күшейту;
  • -банктердің экономиканы инвестициялауға белсене араласуын қамтамасыз ету;
  • -инвестициялауға оңтайлы әрі өркениетті жанасудың негізі ретінде жобалық менеджментті дамыту және т.б.

Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шартымен отандық кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік беретіндей шетел инвесторларына кәсіпорындарды сату үрдісін жетілдіру керек.

Шетелдік инвесторлар мен шетел капиталын тарту барысын реттеу және олардың пайдаланылуын қадағалау мақсатында ұйымдастырушылық жұмыстарды жетілдіру, бюрократияны жою, мемлекеттік жеңілдіктер берілетін жобаларға бірыңғай талаптар қалыптастыру қажет.

Сонымен қатар, заңның мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету қажет, инвесторлардың жеке және мүліктік қауіпсіздігін, құқықтық инфрақұрылым мен коммуникация және байланыс құралдарының дамуын, жаңа перспективті нарық құралдарын енгізуді, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігін жоғарылатуды, инвесторлардың ақпараттық қамсыздануын жетілдіруді қамтамасыз ететін жағдайлар жасау керек. Инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін құқықтық негізді қалыптастыру, әлеуетті инвесторларға қызмет көрсететін аймақтарда ақпараттық кеңес беру орталықтарын құру, инвестициялық мүмкіндіктерді таныту шараларының аясында индустриалды- инновациялық сектор салаларын дамыту, шетелдік инвесторлардың мүддесін қорғауға бағытталған кепілдіктер және инвестицияларды мемлекеттік ынталандырудың экономикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, әдістемелік және әлеуметтік шараларын жетілдіру қажет. Мемлекеттік және аймақтық деңгейде мемлекеттік реттеу тетіктерін қолдау арқылы қолайлы инвестициялық ортаны қалыптастыру инвестициялау қызметінің тиімділігін арттырады және бәсекеге қабілетті экономика құруға мүмкіндік береді.

Экономикаға қазақстандық, сондай-ақ шетелдік инвестиция тарту үрдісі өзінің одан әрі дамуы үшін инвестициялық басқару саласын мемлекеттік қолдау мен реттеудің бірқатар шараларын жүзеге асыруды талап етеді. Инвестициялық үрдістерді ынталандырудың мемлекеттік шаралары жергілікті және жоғарғы билік органдарының ынталандырушы шараларынан қалыптасады. Олардың өзара ықпал ету дәрежесі мемлекеттік инвестициялық саясаттың тиімділігін анықтайды. Инвестициялық басқару саласындағы мемлекеттің рөлін күшейту жеке инвестицияларды ынталандыру мен нарықтық еркіндікті сақтай отырып, мемлекеттің ұзақ мерзімді саясаты мен нақты іс-әрекеттерінің тиімділігін арттыруға бағытталады.

Қазақстан дамуының басты бағыты шетел инвестицияларының неғұрлым дамыған режимін орнатуды талап етеді. Тек осылайша ғана біз қаржы мен білімнің қажетті ағынын тартып, өз мүмкіндіктерімізді және шетелдермен тұрақты сауда айырбасын дамыта аламыз. Әділ әкімшілік бұлжытпай орындайтын, анық, тиімді және қатаң ұстанатын заңдары бар ашық инвестициялық саясат шетел инвестицияларын тартудың барынша қуатты ынталандыру тетігі болып табылады. Мұндай саясатты талдап жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болуға тиіс, өйткені Қазақстанның шетел капиталынсыз, технологиясынсыз және тәжірибесінсіз жедел экономикалық өрлеу мен жаңартуға қалай қол жеткізетінін көз алдымызға келтіру қиын. Әлемге әйгілі инвесторларды мүмкіндігінше көптеп тарту үшін біз қажетті тетіктерді пайдалануда асқан шеберлік танытуға тиіспіз. Біздің инвестициялық ахуалымыз неғұрлым қолайлы, ал Қазақстан тартылған шетел инвестицияларының көлемі мен сапасы бойынша басты орынға шығуы үшін бізге саяси ерік-жігер мен нақты іс-қимыл қажет.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Асилова А.С. Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу: оқулық. - Алматы: Экономика, 2011.
  2. ҚР Президентінің "Қазақстан-2050" стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауы
  3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсы - http://www.nationalbank.kz/
  4. Современность, информационный мир и молодежь. сборник тезисов докладов международной научно-практический конференции Часть-1 // Караганда: Болашақ-баспа 2012, 128б.
  5. Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялардың елдер бойынша жиынтық ағыны. Электронды ресурс. - http://www.nationalbank.kz/ ?docid=523

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.