Бұл мақалада Қытай иероглифтерінің шығу тарихы және даму кезеңдері туралы айтылған Қытай тіліндегі аса күрделі мәселенің бірі Қытай иероглифтерін еске сақтау және әр иероглифтердің шығу тарихын білу. Иероглифтердің әр даму кезеңдерін еске сақтау қажеттігі қарастырылған.
Елбасымыздың білім беру жүйесінің алдына бірнеше тіл меңгерген,бәсекеге қабілетті маман даярлау міндетін қойып отыр. Көп тілділік-бүгінгі күннің талабы.Жоғары оқу жүйесіндегі басты мақсат - Қазақстан Республикасының білім сапасының деңгейі мен болашақ бағытын анықтауды, әлемдік өркениетке жетудің жолын қамтамасыз етер білімді де мәдениетті, білікті де саналы дара тұлға тәрбиелеу.
Бұл мәселе әсіресе ХХІ ғасырда әлемдік руханият таразыға түсіп, ерекшеленіп, екшеленіп жатқан тұста айрықша маңызды екені ақиқат.
ҚХР мен Қазақстан Республикасы ежелгі көрші ел. Яғни қазақ халқы мен қытай халқының бір-біріне ықпалдастығы өте ертеден қалыптасқан. Сонау үйсін мемлекетінің тұсынан бастап, бүгінге дейін бұл екі ел арасындағы байланыс еш үзілген емес, мұның дәлелі бес мың жылдық жазба тарихы бар қытай жазбаларында жазылған. Салғараұлы құрастырған "100 құжат" зерттеу, құжаттарына үңілсек қытай архивтерінде әлі қыртысы жазылмай жатқан қазақ тарихы көп екенін көре аламыз. [1]
Сондықтан да біздің бүгінгі өскелең ұрпақ ата- бабамыздың басып өткен жолын біліп, бағасына жетіп, даңқын асқақтату үшін сол тарихымыз жазылып қалған елдің тілін біліп, жазуын меңгеру өте қажет болып отыр.
Конфуцийдің отаны Қытай мемлекетімен тығыз бейбітшілік, іскерлік қарым-қатынастамыз. Біздің жастарымыз қытай тілін оқып білуге үлкен қызығушылық танытуда.
Қытай тілінің басқа тілдерден ең бір ерекшелігі оның иероглифтік жазуында.Қытай иероглифы-шегі жоқ сызықтардың түсініксіз жиынтығы емес, оның өзіндік жүйесі бар. Қытай тілі- өте көне замандағы тілдердің бірі. Қытай халқы мыңдаған жылдар бойы өз тілі мен жазуын құрып, оны ұрпақтан-ұрпаққа байытып,жетілдірді. Бүгінгі қытай тілі-қытай халқының мемлекеттік тілі.
Қытай жазуы бүкіл өркениеттерге қарағанда, дүние жүзіндегі мемлекеттердің әр түрлі жазуларының арасындағы ең керемет құбылыс болып табылады. Ол иероглифтер.
Иероглиф қытай тілінің жазбаша бейнелейтін құралы. Қытай иероглифі қытай халқының тамаша мәдениетінің өркендеп дамуына көрнекті рөл қосты. Иероглифтік жазба ойдың жанжақтылы және көптармақты мағанасын беріп қандайда бір ойды тереңнен түсінуге мүмкіндік береді. Иероглифтік мәтіннің ең бір ерекшелігі, мұнда сөздің мағанасы нақты бір қалыпта емес, ұқсас мағанада немесе қарама-қарсы мағанада берілуі мүмкін.Сондықтан да қытай мәтіндерін оқу барысында адам терең ойлауға еріксіз мәжбүр болады. Иероглифпен берілген сөз көп қырлы сондықтан да оған бір жақты қарауға болмайды. Иероглифтік жазбаның бұл ерекшелігі уақыт өте келе жазбаның нақты мағанасын түсінуге көптеген қиындықтар туғызуда. Мыңжылдықтар бойына иероглифтік жазуды меңгеру шектеулі адамдарға ғана мүмкін болған бұған себеп тек әлеуметтік жағдай ғана емес сондай-ақ оның қиындығы да себеп болған.
Бұл қиындықты жеңу үшін кітаптан бас көтермей ұзақ жылдар еңбектену керек болған.Көне классикалық білімнің негізгі мақсаты оқушыларды кітапсүйгіштікке тәрбиелеп, екі немесе үш мыңжылдықтың кітабын оқи алуға сондай-ақ көне тілде жаза білуге тәрбиелеу болған.
В.С.Колоковтың зерттеулеріне сүйенсек, -"Да Сюэ ("Ұлы білім") көне қытай мектебінде "Төрткітаптің" бірінші кітабын меңгеріп болған оқушы есінде 400 иероглифті, 63 белгіні және конфуций кітаптарынан 24 нақыл сөзді жатқа білген".
Ертеректе иероглифтер 3500 жыл бұрын пайда болған деп саналған. Кейбір ғылымдар иероглифтер 6000 жыл өмір сүріп келеді дейді "Иероглиф" - сөзі грек сөзінен шыққан. Оның бірнеше мағанасы бар. Бірінші мағанасы "тастарда қашалған ұлы хаттар". "Иероглиф" түсінігі және "Иероглиф жазбалары" кең ұғым алады және оның мағанасы ежелгі грек ғана емес, басқа да соның ішінде қытай, египет,маия,ассиро-вавилон жазбалары бейнеленеді, бірақ бұл елдердің бәрінде иероглиф тек тарихи жазба болып қалады, ал қытай иероглификасы қазірге дейін дамып, жаңарып қолданылып келе жатыр.Шамамен қытай тілінде 50 000 жуық иероглиф бар десек, соның ішінде 47 мыңнан астамы әйгілі Канси сөздігіне енгізілген.Оның ішінде 3000-нан астамы бұқаралық қолданыста орын алады. Иероглифтік жазудың қытай қоғамының дамуына әсері аса зор.Иероглифика қытай халқының аса дана және ғажап мәдениеті мен өнерінің ажырамас бір тармағы болып табылады. Иероглифтік жазбаның арқасында мыңдаған жылдар бұрын жазылған шығыс мәдениетінің дамуы жөнінде деректердің бай қоры бар әдебиет естеліктері, көне қытай филосовтарының ойлары бүгінге дейін сол қалпында сақталып отыр.
Қытай иероглифі жөнінідегі талас-тартыстар ел іші-сыртындағы көптеген ғалымдар мен мамандардың назарын аударды.Қытай философы Ми Фу (XIII ғ) "Жазуларда біз барлық жүз затты бейнелейміз бұл заттар өмірдегі құбылыстар сияқты үнемі қозғалыста болуы керек.",-деген. Яғни иероглиф тек қана қандай да бір сөзді емес ол әлемді бейнелейтін оның кішкентай бөлігі. [2] Иероглифтер өзіндік сипатқа ие бейне жазу, ол дыбыс,форма және мағанадан құралған тұтас бір шағын тұлға,оның информацияны бейнелеу қуаты өте жөғары.Сондықтан да иероглифтік жазуды меңгеру бұл ұшқыр ой мен қажырлы еңбекті қажет етеді.Иероглифтік жазу өзінің даму барысында көптеген өзгерістерге ұшырағанымен өзінің бастапқы табиғаттан алынған бейнелерді бойында ұстаған. [3]
Бейне жазуға ғылыми тұрғыдан қарайтын болсақ, қазіргі ғалымдардың көзқарасы бойынша мидың ассиметриялық қасиеті өте маңызды болып табылады.Адамның миы оң және сол екі жарты шардан тұрады. Олардың әрқайсысы қандайда бір іс әрекетке және қабылдауға жауапты.Ғылыми әдістеме негізінде дәлелденгендей сол жақ ми бөлігі адамның ақыл-ой қабілеттілігіне мысалға математикалық операциялар,ойды түсіну, логикалық ойлау сияқты іс-әрекеттерге жауап береді.Дәстүр бойынша ол доминант болып табылады себебі ол оң қол мен сөйлеуге жауап береді. Мидың оң жақ бөлігі түстерді қабылдау, елестету,музыканы қабылдау сияқты іс әрекеттерге жауап береді.Бұл айырмашылықтың түп тамыры олардың мәліметті өңдеуіндегі ерекшеліктері болып табылады.Қытай иероглифін қабылдауда мидағы мәліметтер саны ағылшын әрпін қабылдағаннан 500 есе артық.Сондықтан ол алғашқыда мидың оң жақ бөлігімен ақпаратты өңдеуден өтіп содан соң ғана мидың сол жақ бөлігіне беріледі.Ақпаратты біртұтас етіп қабылдау әлем тілдер ішінде тек осы иероглифтік жазуға ғана тән қасиет.Яғни иероглифтік жазуды оқу арқылы адам жан-жақтылы дамиды, ең бастысы адам өзін табиғаттың бір бөлігі екенін еш естен шығармайды.Сондай-ақ қытай жазуы бейнелік жазу ретінде адамдардың заттарды бақылап, тану қағидасына үйлесе келеді.Мысалы, біз алыстан бір нәрсені байқасақ,ең алдымен оның жалпы тұлғасын бажайлап барып,одан соң оның не екені жөнінде қортындыға келеміз.Батыс елдері қолданатын дыбыстық жазу салдарынан болатын тіл мүкістігі мен дұрыс оқи алмайтын жағдайларды иероглифтерді үйрету арқылы қалпына келтіру мақсатына жетуге болады. [2]
Иероглифтік жазудың әріптік жазудан ең басты ерекшелігі мұнда әрбір иероглифке қандай да бір буын сәйкес келеді, Иероглифтік жазу қытай тіліне өте ыңғайлы жазу, иероглифтік жазуларды тану арқылы біз өткен тарихтан да көптеген мағлұматтарды оқып біле аламыз. Иероглифтік жазбаның арқасында мыңдаған жылдар бүрын жазылған шығыс мәдениетінің дамуы жөніндегі деректердің, бай қоры бар әдеби естеліктері, көне қытай философтарының ойлары бүгінге дейін сол қалпында сақталып отыр.
Сонымен, қытай жазуы басқа жазуларға қарағанда қытай мәдениеті сияқты бірегей,қызықты туынды. Иероглифтік жазу дамудың бірнеше кезеңдерін өтті.Реформаторлардың оны халыққа түсінерліктей жасауға тырысқанына қарамастан, иероглифтік жазудың жалпы принциптері ғасырлар бойы өзгермейтін болып қалды.Сондықтан қытай мәдениетін, өркениетін түсіну үшін тек қана қытай тілін оқып қоймай,оның тарихына да терең үңілу қажет.
АҚШ пен Еуропаның ғалымдары XXI ғасырды қытай ғасыры болады дейді.Қандай да бір тілдің әлемде алатын орны сол елдің экономикалық жағдайымен байланысты екені құпия емес.Осы жағынан қарайтын болсақ, қазіргі таңда Қытайдың нарығы потенциалды екенін барлық экономистер біледі.Оның тұрғындарының планетаның төрттен бір бөлігін құрайтындықтан емес, сонымен қатар экономиканың тез дамуы жоғарғы нарықты сұраныстың құрылуына әкелуде. [3] Батыс ғалымдары азия құрлығы экономикасының тез қарқынмен дамуына негізделіп "иероглифтік жазу мәдениетінің өрісі" кеңейе түседі деген тұжырымды жасайды. Тарихи даму тұрғысынан қарағанда тілдің дамуы мен өмір сүруін мемелекеттің гүлденіп көркейуінен бөле қарауға болмайды.
Жоғары оқу орындарында мектептерде қытай тілін оқыту қазіргі таңда едәуір биік өрге көтеріле бастады деуге болады. Ендеше алдағы жерде қытай тілін оқытуды одан әрі дамытып, оқыту әдісін үздіксіз жаңалап, қытай тілін оқыту сапасын биік деңгейге көтеру үшін қалай ізденіс жасауымыз керек?
Қытай иероглифтерін үйрету барысында оқушыларды қызықтырумен бірге есіне сақтау жағына да көңіл аударуымыз керек, сол үшін тек қана жазылу қағидалары мен қытай иероглифтерінің жазылу сызықтарының ретін мықты ұстау мен бірге, қытай иероглифтерінің шығу тегіне қарай, әр түрлі заттардың суретін сызып, көрсетпелі оқыту құралын жасап, өзіміздің әрекетімізбен бейнелеп, жанды мысалдармен түсіндіріп, оқушыларды өзімізге баурап, олардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруымыз керек.
Қытай тілін оқытуды фонетика бөлімінен бастаумен бірге ондағы "төрт негізгі дыбыс ырғағына" жаттығу, бір-бірімен парықтай білу жалаң дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстарды, мұрын жолды дыбыс пен қосар дауысты дыбыстардың оқылуын, жазылуын меңгерту керек.
Қытай тілін қазақ тілді аудиторияда шет тілі ретінде үйретуде кездесетін қиыншылықтардың бірі фонетикалық ерекшеліктердің көптігі. Сондықтан оны танып білудің маңызы зор.
Қытай тілін үйренушінің тағы бір білуге тиісті - ол өзінің ана тілінің грамматикасын анық білмей тұрып, өзге тілді меңгеру мүмкін емес.
Қазақ тіліндегі сөз таптарын, сөйлем мүшелерін дұрыс ажыратып, оның сөйлемдегі орнын да жақсы білу керек.
Қазақ тілінде зат есім сөйлемде көбінесе бастауыш қызметін атқарады десек, қытай тілінде де солай болады. Қазақ тілінде баяндауыш немесе етістік сөйлемнің соңында келсе, қытай тілінде сөйлемнің ортасында келеді.
Мысалы, қазақшада "мен үй тазаладым" болса, қытай тілінде "мен тазаладым үй" түрінде келеді. Міне осы сияқты екі тілдегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды салыстыра білу керек. [4]
Қытай тілі еуропалық және басқа тілдерден морфологиялық және синтаксистік, грамматикалық ерекшеліктерімен ажыратамыз. Қытай тілінде тілдің әр түрлі грамматикалық қатарларында көрінетіндей, грамматикалық тәсілдерді қатаң үнемдеу тән.
Қытай тіліндегі сөздерді қандай да болсын сөз таптарына жатқызатындай, көп жағдайда ішкі морфологиялық ерекшелігі жоқ. Сондықтан белгілі бір сөздің қандай да бір сөз таптарына жатқызу үшін басқа өлшемдерді қолдануға тура келеді. Мысалы, кез келген формальді көрсеткіштер мен басқа сөздердің қатарын қосқанда, сол сөз қабілеттілігі белгілі бір сөйлем мүшесін құра алмайды.
Қытай тіліндегі зат есімдер септіктерге және родқа жіктелмейді, түрлерге өзгермейді. Қытай тілінің морфологиялық ерекшеліктерінің ең негізгі көрсеткіші "men" жұрнағы. Бұл жұрнаққа есімдіктің көпше түріне міндетті түрде қолданылады да, ал зат есімдермен кейбір жағдайларда ғана қолданылады. Зат есімдердің саны кез келген жағдайда контекстпен, яғни сан көрсеткіштерімен анықталады. Зат есімнің роды қажет болғанда лексикалық түрмен сипатталады.
Қытай тілінде еуропалық тілдері сияқты саналатын және саналмайтын болып екіге бөлінеді. Бірақ еуропалық тілден айырмашылығы қытай тілінде зат есімдер өзіне тән ерекше көмекші сөздермен саналады, олар сандық сөз деп аталады. Зат есімдердің барлығы кластарға бөлінеді. Бұл класс - заттардың ішкі түріне сәйкес бөлінеді, бірақ көбінесе негізгі тілдік салт-дәстүрмен бөлінеді. Сонымен қатар белгілі бір кластың зат есімдері бір сандық сөзбен қолданылады.
Зат есім бастауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш және баяндауыш атаулы мүшесі ретінде қолданылады. Қытай тілінде баяндауыштың атаулы мүшесі кез келген шақта жалғамамен қолданылады. Зат есімдер пысықтауыш қызметін атқара отырып, берілген затқа ұстанымды анықтай отырып, шылау- қызметтегі сөзбен құралады. Қытай тілінде етістік зат есім сияқты жаққа, родқа және түрге жіктелмейді де өзгермейді. Қытай тілінде шақтың мағынасы әр түрлі шақтың болымсыз түрінде болады. [5]
Шақ мағынасының көрсеткіші жұрнақ хаттамасының жоқтығымен анықталады. Хатталмаған етістік ережеге сәйкес осы шақ немесе келер шаққа қатысты іс-әрекетті білдіреді.
Қытай тілінің тағы бір ерекшелігі - етіс пен рай болмайды. Ырықсыз етіс - аналитикалық, яғни белгілі бір көмекші сөзбен анықталады. Қытай тілінің жалғыз райы - потенциалды рай болып табылады. Ол белгілі бір іс-әрекеттің мүмкін еместігін көрсетеді. Бұл форма сөз ішіндегі қойылатын суффикс- аффикстермен орындалады. Қытай тілінде іс- әрекеттің болатынын білдіретін, қажеттілігін немесе қалауын білдіретін өте көп модаль етістіктер жүйесі бар. Бұл етістік ұғымының ерекшелігі оның морфологиялық қызметі толық өзгермейтіндігі тән.
Қытай тілін үйренудегі басты нәрсе үйретушінің біліктілігімен үйренушінің ізденісінің сәйкесуі.Қытай тілін студенттерге үйретуде ең алдымен олардың қызығушылығын туғыза отырып, оқытудың жан- жақтылы әдістемелерін қолданып оқыту керек. [6]
Қытай тілін оқытушылары сабақ мазмұнын бағдарлама бойынша өтуден сырт, жаңа сабақтың талабы бойынша түрлі жасампаздық қимылдарды қанат жайдырып, оқушылардың қытай тілін үйрену қызығушылығын жоғарлатуға мән беру керек. Мысалы, шағын мақала жазу жарысын өткізу, кітап оқу, газет оқу қимылы, қытай тілінде көркем фильмдер көрсету,шағын сөз сайысы - мұндай оқыту әрқандай бір заттың аты-жөнін түсіндіргенде, сол заттың немесе құбылыстың пайдалы жағы мен зиянды жағына пікір таластыру.
Мұхтар Әуезов: "Кімде кім казіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты да мәдениетті адам деп санауға болмайды" деген. Сондықтан ана тіліміз аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз. Әр қандай бір ұлттың өз ұлтының тіл- жазуына терең сүйіспеншілігі болады.
Ана тілдің тағдырына қамқор көзбен қарап, болашақта даму беталысы жөнінде жауапкершілік арқалау әрбір азаматтың борышы. Алайда, бір ғана тілмен шектеліп қалмау керек. Дүниеде бір ғана тілді білсең, бір адамсың, екі тілді білсең екі адамсың ... деп атап өткен алға басатын, дамитын ұлт басқа ұлттың озық нәрсесін үйренуге шебер болады. [1]
"Адам ұрпағымен мың жасайды"-дегендей,ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді.Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу,"Надан жұрттың күні- қараң, келешегі тұман",-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ.
Әлемдік қауымдастыққа еш қиындықсыз,кедергісіз кіріге алатын, өз ұлтын, елін халықаралық ірі-ірі ұйымдарда таныта алатын ұрпақтың өсіп келе жатқаны бізге мақтаныш.
Әдебиеттер тізімі:
- Қ. Сарғараұлы. "100 құжат", Алматы: "Санат",1998
- Кочергин И.В, Щичко В.Ф. Страноведенгие китая М.: Издательский дом " Муравей", 1999
- "Қытай тілі мәдениетінің тарихы" жөнінде зерттеулер. Дың Хау. Жың Жие Шиңжаң халық баспасы.1993.
- "Қытай мәдениеті" Ли Жа Соң Пекин тілдер университеті ,2004
- "Тіл мен мәдениет жөніндегі ізденістер" Шың Шиаулоң құрастырған. Шаңқай халық баспасы.1986
- Н.А. Демина, Чжу Канцзи "Китайский язык" Учебное пособие Страноведение Москва.: Издательская фирма "Восточная литература" РАН, 2002