Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстандағы мәдени-тарихи туризмді дамытудың алғышарттары және оны жетілдіру жолдары

Мақала Қазақстан Республикасының тарихи мәдени туризмінің дамуы тарихи мәдени туризмді дамытуға арналған бағдарламалар мен жасалынған жұмыстар; Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасы көрсетілген.

Туризм адам мен қоршаған орта арасындағы қайшылықтарды жоюға бағытталған. Алайда мемлекеттегі жаңа нарықтық жағдай ішкі туризмді дамытудың проблемаларын, әсіресе әлемдік туристік нарықтағы бәсекелестік жағдайын үлкейтті. Туризм адаммен жасалған мәдениет орындарына сүйенеді. Яғни тек табиғи ресурстарды ғана емес, мәдени және мәдени мұра ресурстарын пайдаланады.

Қазақстан Республикасы туризмді дамыту бойынша бағдарламалар, көптеген іс-шаралар жүргізеді. Соның бір дәлелі ретінде жылсайынғы елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жолдауында туризм саласы экономикамызды дамытатын бірден бір сала ретінде көрсетеді. Дәлірек мысал келтіретін болсақ Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы- ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы "Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының туризмін дамытудың әзірленген жүйелі жоспарларына, Ақмола облысының Бурабай курорттық аймағын, Алматы қаласының маңындағы тау шаңғы аймағын, Кендірлі демалыс аймағын, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың кластерлік бағдарламасының мастер- жоспарына сәйкес әзірленді.

Бұдан басқа, Тұжырымдама Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру бойынша "100 нақты қадамның" Ұлт - жоспары (57, 86-қадам) шеңберінде көзделген негізгі қағидаттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарымен белгіленген экономиканы әртараптандырудың басты бағыттарына және "Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 732 Жарлығына сәйкес, Қазақстанның 2050 жылға дейін ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыруды ескереді.

Туризмді Қазақстан Республикасындағы дамудың ұлттық басымдықтарының бірі ретінде қарастыру үшін бірнеше негізгі экономикалық және әлеуметтік алғы шарттары бар:

  1. туризм саласында жаңа жұмыс орындарын құру, оның ішінде ауылдық және шалғай аудандардың халқын және жастарды дәстүрлі өмір салтынан үзбей жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігі; 2) отбасылар, шағын және орта кәсіпорындар үшін бизнес мүмкіндіктер жасай отырып, оның ішінде туристік кластерлердің неғұрлым перспективалық өңірлерінде іскірлік туристік жобаларды іске асыру есебінен, халықтың қалың санаты арасында кәсіпкерлік қызметтің мәдениетін дамытуға жәрдемдесу;
  2. Қазақстан Республикасының өңірлері мен ауылдық аудандарды дамытуға үлес қосу, оның ішінде шалғай аудандардағы инженерлік-көліктік және туристік инфрақұрылымды, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің инфрақұрылымын дамыту;
  3. ауыл шаруашылығын, машина жасауды, жеңіл және тамақ өнеркәсібін, креативті индустрияны, өндірістік емес секторды қоса алғанда, экономиканың басқа да секторларында ынтымақтастыққа жәрдемдесу және мүмкіндіктер жасау;
  4. елдің жалпы ұлттық құндылықтарын "Үлкен ел- Үлкен отбасы" жалпы ұлттық жобамен тығыз біріктіріп, туризмнің жалпы ұлттық "Мәңгілік Ел" идеясының құндылықтарын насихаттауға ықпал ететін, әлеуметті - мәдени, этникалық, медициналық, спорттық, қажылық, ғылыми-танымдық, балалар мен жасөспірімдер туризмі түрлері мен басқа да түрлерін қоса алғанда, ұлттық және мемлекетаралық өзара түсіністікті ілгерілетуге ықпал ететін жағымды және өнімді мәдениет аралық қатынастар құруға жәрдемдесу;
  5. Республиканың өңірлік және әлемдік нарықтарда танымдылығын белсенді елдік маркетингін және Ұлы Жібек жолы брендін жылжыту арқылы арттыру;
  6. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік Мәдени Мұра тiзiмiне енген тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізбесі кіретін Қазақстанның бай тарихи-мәдени мұрасы.

Қазақстан Республикасында туризм индус- триясын дамытудың стратегиялық пайымдауы - бұл 2023 жылға қарай Қазақстанды жаһандық танымал туристік дестинация ретінде бекіту.

Экономиканы әртараптандырудың және республика халқының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттырудың ұлттық мақсаттарына қол жеткізу мақсатында туризм индустриясы туризмнің ішкі және халықаралық нарықтарында тартымды туристік өнімдерді ұсынатын туризмнің кәсіби қызметкерлері шұғылданатын бәсекеге қабілетті туристік бизнесі бар белгілі бір туристік кластерлерде дамуға тиіс. Осы бағыттағы даму барлық жұмылдырылған мүдделі тараптар - мемлекет, бизнес және қызметкерлер үшін туристік қызметтен түсетін кірістердің қуатты және тұрақты өсуіне ықпал етуге тиіс.

Туристік кластерді құру іс жүзінде аумақтың тұрпатын айқындайды және өңірдің оң имиджін қалыптастыруға әсерін тигізеді, бұл жалпы алғанда жоғары ықпалдастырылған туристік ұсыныстар мен бәсекеге қабілетті туристік өнімдерді құрады. Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мәдени саясаты тұжырымдамасының басымдылықтарын ескере отырып, Қазақстанда алты мәдени-туристік кластер құрылуы мүмкін: Астана - Еуразия жүрегі, Алматы - Қазақстанның еркін мәдени аймағы, Алтай маржаны, Ұлы Жібек Жолын жаңғырту, Каспий қақпасы, Табиғат пен көшпенді мәдениеттің тұтастығы.

"Астана - Еуразия жүрегі" - бұл кластерге Астана қаласы кіреді. Осы кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдер - бұл MICE-туризм және қысқа мерзімді демалыс.

"Алматы - Қазақстанның еркін мәдени аймағы" - бұл кластерге Алматы қаласы мен Алматы облысының бөлігі кіреді. Алматы қаласы кластердің орталығы болып, онда туристік қызығушылықтың мынадай негізгі орындары айқындалады:

  1. петроглифтері бар Тамғалы археологиялық ландшафты (ЮНЕСКО объектісі);
  2. ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген "Алтынемел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
  3. Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы Шарын шатқалы;
  4. Қапшағай су қоймасы;
  5. "Ақбұлақ" халықаралық туристік орталығы;
  6. ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген Іле- Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бар Алматы қаласы маңындағы тау шаңғысы аймақтары;
  7. Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
  8. "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
  9. Ұйғыр ауданындағы "Кара Дала" бальнеологиялық курорттық аймақ
  10. Хан Тәңірі шыңы - Қазақстанның ең биік шыңы.

Болашақта кластер Алматы облысының басқа бөліктерін қосып кеңеюі, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген жаңа туристік қызығушылық орындарын - Балқаш көлін, Ешкіөлмес петроглифтері бар Жетісу Алатау тау сілемдерін, Есік қорғандары мен "Жібек жолы" сериялық трансұлттық номинациясына енгізілген объектілерді (Талғар қалашығы, Боралдай сақ қорғандары) ұсынуы мүмкін.

Алматы халықаралық тау, іскер және тау шаңғысы туризмінің орталығы болады және "Қаладағы және таулардағы ойын-сауық" кластері ретінде сипатталатын болады. Аталған кластер ұсынатын негізгі туристік өнімдерге MICE-туризм, мәдени туризм және турне, таулардағы және көлдердегі демалыс және қысқа мерзімді демалыс жатады.

Алтай маржаны Шығыс Қазақстан облысының солтүстік және шығыс бөліктерін қамтиды. Өскемен қаласы кластердің орталығы болады, мұнда алты маңызды туристік қызығушылық орындары айқындалған:

  1. "Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы- мұражайы объектілері;
  2. Бұқтырма су қоймасы;
  3. Ертіс өзені - Зайсан көлі;
  4. Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
  5. Қалжыр шатқалы;
  6. Риддер - Анатау мен Иванов таулары;
  7. Алакөл көлі;
  8. Семей қаласы.

Болашақта кластер Шығыс Қазақстанның қалған бөліктерін қамти отырып кеңеюі мүмкін. Алтай маржаны "Табиғаттың ғажайып әлемі" ретінде сипатталып, экологиялық туризмді дамыту орталығы болып табылады. Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдерге белсенді және қызық оқиғалы туризм, таулар мен көлдердегі демалыс жатады.

"Ұлы Жібек Жолын жаңғырту" Қызылорда облысының орталық және шығыс бөліктерін, Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығыс және солтүстік- батыс бөлігін, Жамбыл облысының оңтүстік-батыс бөлігін қамтитын кластер болып табылады. Шымкент қаласы кластердің орталығы болады, онда мынадай туристік қызығушылықтың орындары ұсынылған:

  1. ежелгі Түркістан және "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы-мұражайы объектілері (ЮНЕСКО объектілері);
  2. ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген ортағасырлық Отырар қалашығының және отырарлық алқаптың археологиялық объектілері;
  3. Сауран археологиялық кешені;
  4. палеолиттік учаскелері мен геоморфологиясы бар Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы; ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген Арпаөзен петроглифтері;
  5. Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
  6. "Ақсу-Жабағылы" мемлекеттік ұлттық табиғи қорығы;
  7. Байқоңыр ғарыш айлағы;
  8. Қызылорда, Сарыағаш, Тараз қалалары;
  9. "Қасқасу" тау курорты.

Болашақта кластер үш облыстың қалған бөліктерін қамти отырып, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілген түркіге қасиетті Меркі, сондай-ақ "Жібек жолы" сериялық ұлтаралық номинациясына енгізілген объектілер (Жетіасар алқабының ескерткіштері, Сығанақ қалашығы) секілді жаңа туристік қызығушылық орындарын ұсынуы мүмкін.

Ұлы Жібек Жолын жаңғырту кластері "Ұлы Жібек жолының жүрегі" ретінде сипатталатын болады. Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдерге мәдени туризм мен турне жатады.

"Каспий қақпасы" барлық Маңғыстау облысын және Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарының бір бөлігін қамтитын кластер болып табылады. Ақтау қаласы аталған кластердің орталығы болып табылады, мұнда мынадай туристік қызығушылық орындары орналасқан:

  1. Бекет ата, Шопан ата және Қараман ата жер асты мешіттері мен Омар мен Тұр кесенесі;
  2. Маңғышлақ түбегіндегі қорымдар;
  3. Шерқала тауы;
  4. Қарақия-Қаракөл мемлекеттік табиғат қорығы;
  5. "Бөкей Ордасы" ескерткіштер кешені;
  6. "Сарайшық" қалашығы.

Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдерге жағажай туризмі, мәдени туризм және турне жатады. "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізін іске асыру шеңберінде өңірлердің бірегей объектілері мен республиканың батыс және шығыс "шекара қақпаларындағы" тиісті жағдайлармен туристердің орналасуы, демалысы мен қажетті сервистік қызметтер алуы үшін қазіргі заманғы туристік инфрақұрылым құрылады. "Табиғат пен көшпенді мәдениеттің тұтастығы" Ақмола және Қарағанды облыстары, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік- батыс бөлігі және Павлодар облысының батыс бөлігін қамтиды. Бурабай курортық аймағы кластердің орталығы болып табылады, онда туристік қызығушылықтың мынадай негізгі орындары орналасады:

1) "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;

  1. "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
  2. "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
  3. Қарағанды қаласы;
  4. Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
  5. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
  6. Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи қаумалы (зоологиялық);
  7. Солтүстік Балқаш маңы.

Болашақта кластер ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген жаңа туристік қызығушылық орындарымен толығуы мүмкін: менолит дәуіріне жататын Беғазы- Дәндібай мәдениетінің қорымдары, Тасмола мәдениетінің жарқыншақ тастар қорғаны, сондай-ақ "Жібек жолы" сериялық трансұлттық номинациясына енгізілген объектілер (Бозоқ қалашығы).

Кластер көшпелі мәдениет пен дала әртүрлілігінің орталығы болады. Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдер - бұл мәдени туризм және түрлеріне, таулар мен көлдердегі демалыс, қысқа мерзімді демалыс. Яғни, бұл дегеніміз мәдени-тарихи туризмді дамытуға арналған нақты қадамдар деп ойлайымын. Мәдени-тарихи туризмді дамыту еліміз , халқымыз үшінде жасалынған үлкен және пайдалы іс - әрекеттердің бірі болар еді. Өйткені, біз мәдени-тарихи туризмді жетілдіру барысында ашылмай қалған тарихымызды зерттейміз, жаңа тарихи орындарды ашамыз, ең бастысы туристер тартып экономиканың дамуына үлес қосамыз. Бүгінгі таңда мәдени-тарихи туризмді дамыту үшін алдымен, инвесторларды тарту, тарихи ежелгі қалалары бар территориялардың инфрақұрылымын, олардың ескерткіштерін, ғимараттарды модернизациялау мен жөндеу мақсатында ішкі қорларды іздеу және туризм бойынша заңнаманы реттеу керек. Қалалық ортаны дамыту мақсатында тарихи аймақ шеңберінде мәдени-тарихи туризмнің арнайы қорын құра отырып, басқару жүйесін қалыптастырған да жөн. Ежелгі қалаларды туристік орталыққа айналдыру ұлттық және халықаралық деңгейде дамыту, болашақта туризмді экономиканың ең табысты салаларының бірі болуына ықпал етеді. Ежелгі қалалар мен тарихи ескерткіштері бар жерлердің табиғи ортамен үйлесімі, тарих пен мәдениет ескерткіштерінің болуы аймақтық және халықаралық мәдени-тарихи туризмнің кең дамуына негіз бола алады. Осындай қалыпта туристердің әлеуметтік топтарының қызығушылықтарын шешуге және туристердің кәсіби, әрі күнделікті тәжірибесінің кеңеюіне, ежелгі қалалар маңында туризмнің дамуына әсер етеді, ал ол өз кезегінде бірқатар экономикалық- әлеуметтік мәселелерді шешеді. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, мәдени-тарихи туризм аймақтық дамудың басты турресурсы бола алады, өйткені оның туристерды саяхаттауға шабыттандыратын өте маңызды сипаттамалары жеткілікті. Бүкіл әлем бойынша туристердың өзін-өзі дамытуға деген ынталары өсіп келе жатыр, басқа елдің мәдениетімен, тарихымен, ерекше ескерткіштерімен, бұрын сол елдің аумағында болған тарихи оқиғалармен танысып, жаңаны үйренуге деген қызығушылықтары артуда. Тек шетелдіктерге ғана емес, өз отандастарымызға да туристік мәні бар ескерткіштерімізді таныстыратын турлар құру арқылы ішкі туризмді де дамытуымызға болады және мәдени- тарихи туризмнің аймақтық және халықаралық деңгейде дамуындағы болашағы зор сеніммен айта аламыз.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. 1. Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы "Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты". 2012 жылғы 27 қаңтар. [электрондық ресурс]. - Кіру тәртібі: http:// www.akorda.kz/kz/page/kazakstan-respulikasynyn- prezidenti-n-a-nazarbaevtyn-kazakstan-khalkyna- zholdauy-27-01-2012zh_1341124121
  2. Закон РК от 13 июня 2001 года №211 "О туристской деятельности в Республике Казахстан" // Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001. - №13-14.
  3. Қазақстан Республикасының мәдени мұралары [электрондық ресурс].- Кіру тәртібі: http:// www.madenimura.kz/2011

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.