Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Алаяқтық қылмысының объективтік, субъективтік белгілері

Бұл мақалада алаяқтық қылмысы субъектісі әрекетінің объективтік және субъективтік сипаттамалары беріледі.

Алаяқтықпен жасалатын қылмыс бұл - қылмыс жасаудағы алдау немесе сенімді теріс пайдалануды қылмыстық мақсатты жүзеге асыру құралы ретінде пайдаланып қылмыс жасау деп білу керек. Алдау немесе сенімді теріс пайдалану әрекеті түрліше және бір-біріне ұқсамайды, қылмыскердің тұлға сипатына, біріншіден, соған сәйкес көбіне жасалатын қылмыс түріне, жағдайына, орнына, жәбірленуші тұлғасына да байланысты. Алаяқтық қылмысын жасаушы тұлғалардың сипаттамасы оларға тән жалпы белгілерден басқа, әрбір алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы жасайтын қылмыстарға тән ерекше белгілерден де тұрады.

Оларға тән жалпы белгілер болып табылатын белгілер мыналар: эгоистік мінез-құлыққа байланысты барлық оны қоршаған тұлғалардың мінез-құлқы оның мүддесіне, тілегіне, сай келуінде; эгоистігіне орай басқалардың мүддесіне қалай болса солай қараушылығы, оның ішінде тіпті өзіне етене жақындардың да мүддесі бар; өзін жәбірленушінің орнына қоя алатындай, оның басындағы қиыншылықты сезіне алатындай қабілеттің жоқтығы; қарсылық көрсетушілердің әрекетіне тойтарыс беріп, өз тілегіне жете алатындай дайындықта әрқашанда болуы.

Жоғарыда көрсетілген белгілердің барлық қылмыскерлерде бірдей болмауы да мүмкін, кейбіреулерінде тіпті осы көрсетілген белгілердің тек біреуі ғана болуы да мүмкін. Соған қарамастан жоғарыда көрсетілген белгілер, біріншіден: тек қана алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы қылмыс жасаушыларға ғана тән, екіншіден: алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы қылмыс жасаушылардың жартысынан көбінде кездеседі, үшіншіден: бұл белгілер басқа қылмыс жасаушыларға қарағанда алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы қылмыс жасаушыларда көбірек кездеседі. Бұл топқа кіретін қылмыскерлерді біріктіруші ең басты белгі: алдау немесе сенімді теріс пайдалануға дайын тұратын эгоистік мінез-құлық [1, 76-79 бб].

Қылмыс жасаушы субъектілердің өз әрекеттеріне, сондай-ақ ол әрекеттен туған зардапқа деген баға беру тілегінің жоқтығынан алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы жасалатын қылмыстар туындайды. Қылмыс жасаушы тұлға тез арада қылмыстық зардап тудыру мақсатымен, тілегін жүзеге асырудың ең оңай тәсілін таңдап алып және ол тәсіл алдау немесе сенімді теріс пайдалану болып табылады. Бұл топқа кіретін қылмыскерлер қызығушылықтарының аздығымен, қажеттіліктерінің көптігімен ерекшеленеді, олардың 70% бос уақытын еш мақсатсыз қалай болса солай өткізетіндер. Алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы қылмыс жасаушылардың 90% қылмыстық әрекетті мас күйінде жүзеге асырады. Эгоист адамдар арасындағы кылмыстык әрекет пен адамның мас күйі бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені ішімдік ішкен адам өзіне карсы айтылған сөзге немесе жасалған әрекетке сол мезетте карсы әсерлік әрекет жасап тастауға тырысады, келтірілетін зардап оның ойынша өзіне көрсетілген карсы реакцияның есесі сиякты болып көрінеді.

Өз тілегін, әдетін, кажеттілігін, сезімін ең кажетті және ең маңызды деп есептеген тұлға өзгелердің мүддесінен өз мүддесін жоғары койып, калайда сондай әрекетке тырысады, және оның бірден бір шешуі алдау немесе сенімді теріс пайдалану деп есептейді де, болады және болмайдының арасындағы шекара мүлдем жойылып кетеді. Алдау немесе сенімді теріс пайдалану аркылы кылмыс жасаушы адам жәбірленушінің әрекетін кылмыстык әрекетті тудыруға себепші болды деп өз әрекетін актауға тырысады.

Анкета жүргізу нәтижесі бойынша сұралғандардың жартысының жауабы дәл осындай болған. Алдау немесе сенімді теріс пайдалану аркылы кылмыс жасаушылардың арасында эгоистерден баска кылмыска деген бағыты уакытша, зардапка үстірт карағандыктан туған тұлғалар да кездеседі. Қылмыстык әрекет жасауға әсер еткен жәбірленушінің кылмыска итермелеуші әрекеті, іс- кимылы т.б болып табылатын жағдайлар да кездеседі. Бұл топка кіретін кылмыскерлер категориясы туралы талдау жасағанда кейбір косымша белгілерді де ескеруге тура келеді, олар; ниет және келіспеушілік жағдайға байланысты туындаған накты реакцияның көлемі, жәбірленушімен арадағы карым-катынас түрі және кылмыстык топтың болуы.

Қосымша белгілерді аныктаудың кейбір алдау немесе сенімді теріс пайдалану аркылы жасалатын кылмыстарға талдау жүргізу де кылмыстык ниетті аныктау үшін маңызды зор. Алдау немесе сенімді теріс пайдалану аркылы кылмыс жасаудағы ниет ірбір кылмыста әр түрлі болуы мүмкін, сондыктанда кылмыскер тұлғасын бағалағанда карама-карсы екі позицияны ұстануға болады: табиғат адамды басында кылмыскер етіп жараткан, кылмыстылык канында бар, коғамда баска тұлға ретінде оған орын жок; адам өмір таукыметіне түсіп, кылмыс жасауға мәжбүр болған, кастандык жасау, коғамға карсы тұру оның канына біткен касиет емес, кылмыс жасауға оны коршаған әлеуметтік орта итермелейді деп карау аркылы.

Жеке адамдар мен коғам арасындағы кактығыстардың кайсысының коғамға кауіптілік дәрежесінің басым екендігін аныктау және оған осы мәселеде кылмыстык кұкыктык шараларды колдану аркылы осы катынастарды реттеу-кылмыстык заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қоғамның дамуы және коғамда болып жаткан өзгерістерге сай кылмыстың саны мен түрі өзгеріп отырады. Көбінесе кылмыстың өсуіне себеп болатын жағдайлардың бірі: әлеуметтік-экономикалык саясат барысында жіберілген кателіктер, әлеуметтік әділеттіктің кей кездері заң тұрғысынан жүзеге аспауы, еңбек ету ережелерінің бұзылуы, адамдардың бір-біріне сенімсіздікпен, кызғанышпен карауы т.б.

"Қылмыс жасау негізінен адам мінез-кұлкымен тікелей байланысты, яғни, кылмыс адам мінез- кұлкының тікелей жемісі"-, деп жазды В.Н. Кудрявцев, бұл пікірмен косыла отырып Е.Алауханов "Қылмыстың болуына, өсуіне, көбеюіне әсерін тигізетін тек кана саяси-экономикалык жағдай ғана емес, сонымен катар коғам мүшелерінің жалпы және кұкыктык білімінің деңгейі, мәдени-тұрмыстык жағдайы, коғамда болып жаткан өзгерістерге деген көзкарастары, кылмыстың алдын алу шараларының әсерінің болмауы, кылмыскерге колданылған жазаның тым жеңіл болып, оның мінез-кұлкына әсер етпеуі"-, деген пікірді айтады. Қоғамның күн сайын криминалдана түсуі барынша шиеленісіп, нарыкка өркениетті түрде өтуге шек келтіріп отыр.

Қылмыстың ауыр түрлері күрт өсіп кетті, алдау немесе сенімді теріс пайдалану аркылы жасалатын кылмыстардың саны күннен күнге өсуде, кылмыстың жоғарғы кәсіби деңгейге жетуі мен кылмыскердің кейде мемлекеттік кұрылымдармен бітісе кайнасып кетуі шындыкка айналды. Қылмыспен күрес ұйымдастыруда жүргізілетін жұмыстар кылмыс жасаушының жеке тұлғасының кім екендігін дәлелдемейінше және жүргізілетін жұмыстарды жеке тұлғаның ерекшеліктерін есепке ала отырып жүргізбейінше белгілі бір нәтиже береді деп күту мүмкін емес. Сонымен катар жеке тұлғаның кім екендігін аныктап кана коймай, оның кылмыс жасауға келтіру әрекеттерін де ғылыми түрде ескеріп зерттеген жөн.

Қылмыс жасаушы тұлға кұкыктык пәндердің саласына орай әр түрлі атауға ие болады, мысалы: кылмыстык кұкыкта- кылмыс субъектісі, кылмыстык процестік кұкығында-сезікті, күдікті, айыпкер, кылмыстык аткару кұкығында-сотталғандар, кылмыскерлер. Құкык саласына орай бұлай бөлінудің кылмыс жасаушының статусына карай пайда болатын коғамдык катынастардың түріне сәйкес, олардың алдына койған міндеттері мен кұкыктарының әртүрлілігіне байланысты. Тұлғаны кылмыс жасаушы деп бөліп алып карастыруға себеп болатын негіз- оның коғамға кауіпті, кұкыкка карсы әрекет жасауы. Осыған орай, біркатар криминологтар кылмыс жасаушы тұлға деп-заңда тыйым салған коғамға кауіпті, кұкыкка карсы әрекетті жасаған жеке тұлғаны атайды. Ал А.И.Алексеев пен Е.О.Алауханов: "Қылмыс жасаушы тұлға деп, мінез- кұлкында жағымсыз көріністер бар тұлғаны атайды" [1, 48-51 бб.].

Адамның жеке тұлғасын зерттеуде ғылымда тарихи әртүрлі пікірлер айтылуда.Адам тұлғасын зерттеп түсіну ұшан теңіз бакыт. Бұл жайында француздың ХVШ ғ. өмір сүрген белгілі ғалымы Оффе де ля Мегридің тастап кеткен сөздерін ескермеске болмайды. Оның пікірінше: адам туғанда кулыкка, билікке, үстемшілікке бейім болып туады, ал кайырымдылыкты тәрбие процесі кезінде алады. Бұл пікірдің түбінде де шындыктың шектері бар сиякты.

Көптеген криминологтардың пікірі бойынша, кылмыс жасаушылардың жеке тұлғасы мен олардың мінез-кұлкындағы өзгерістер бір-бірімен тікелей байланысты, осы өзгерістерді есепке ала отырып кана, кылмыс жасау себебін аныктап және кылмыстың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруға болады. Қылмыскерлердің жеке тұлғасы туралы зерттеу кортындыларын есепке ала отырып, қылмыстың өсуі және азаюы, әлеуметтік жағдайға әсері туралы мағлұматтар беруге болады. Қылмыскердің жеке тұлғасын зерттеу жұмыстарын жүргізу және оған анықтама беру өте күрделі жұмыс, өйткені қылмыскердің тұлғасы туралы көптеген бір- біріне қарама -қайшы мәліметтер өте көп.Кейбір криминологтар қылмыскердің жеке тұлғасын жеке зерттеуге алудың қажеті жоқ деп есептейді, өйткені, қылмыс жасаушылардың барлығына ортақ қасиет, барлығының бірдей тыйым салынған заң нормаларын бұзуы, сондықтанда оларға тек қылмыс субъектісі деп қана қарау керек.

Екінші бір криминологтар тобы, қылмыс жасаушыларды тек қана "қылмыс субектісі" деп қарау жеткіліксіз, олардың қылмыс жасау себептерін анықтау үшін, әрқайсысын жеке өзіндік тұлға ретінде, өзіне тән қасиеттері мен ерекшеліктері бар екендігін ескере отырып зерттеуге алу қажет дейді. "Бұл түсініктерге ерекше мағына беріп қараудың өзіндік мәні бар, өйткені екі түсінікті де кінәлілік тұрғысынан қарастырсақ, онда олардың бір-бірінен еш айырмашылығы болмай қалар еді. "Қылмыс субъектісі "-бұл қылмыстық құқық тұрғысынан мағына береді, яғни қылмыстық жауапкершілікке тартудың негізін анықтайды, ал "қылмыскердің тұлғасы" - бұл криминологиялық түсінік, ол түсінік арқылы қылмыстың жасалу себебі анықталады" . Міне, сондықтан да қылмыскердің жеке тұлғасына тән белгілерді анықтай отырып, оның мінез-құлқына әсер еткен жағдайларды анықтауға сонымен қатар жүргізілетін профилактикалық жұмыстардың түрлерін таңдап алуға болады.

Кейбір ғылымдар қылмыскердің тұлғасына анықтама бергенде әлеуметтік факторларға көп көңіл аударады. Б.В.Коробейников, Н.Ф.Кузнецова, Г.М.Миньковский қылмыскердің тұлғасын "әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-психологиялық қасиеттерден тұратын жиынтық-," деп қарайды. Ғылымдардың өзге бір тобы қылмыскердің тұлғасының құрылымын, әлеуметтік-саяси факторлармен қатар, психологиялық және физикалық белгілердің жиынтығы ретінде қарастырады. П.С.Дагель "Қылмыскердің тұлғасы бұл қылмыс жасаушының -әлеуметтік-саяси, психологиялық және физикалық белгілерінің жиынтығы" -деп жазады [2, 274 б.]. Тұлғаға берілген бұл анықтамамен Ю.М.Антонян, В.П.Голубев, Ю.Н.Курдяковтар да келіседі.

Ғылымдардың екінші бір тобы әлеуметтік-саяси белгілерден басқа, жеке тұлғаның құрылымына психологиялық және физикалық күштеулер де әсер етеді деп жазады. Бұл пікірмен бізде келісеміз, өйткені, сыртқы күштердің әсері жеке тұлғаның дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына өте көп әсер ететіндігі бәрімізге белгілі. Қылмыскердің тұлғасында да, кез келген адамның тұлғасы секілді өзіне тән психологиялық және физикалық белгілер бар. Міне, сондықтан да криминологтардың алдына қылмыскердің тұлғасына тән әлеуметтік маңызы бар ерекшеліктер мен белгілерді бөліп көрсету міндеті тұр.

Бұл өзекті мәселенің шешуін табуда, ғылымдардың пікірлері бір-бірімен сәйкесе бермейді. Мысалы, профессорлар тобы-А.И.Долгова., В.Д.Ермаков., Н.В.Беляевтар қылмыскердің тұлғасының белгілерін анықтауда, қылмыскердің мінез-құлқындағы әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-саяси қасиеттерді есепке алу керек дейді, ал екінші бір еңбегінде, қылмыскердің жеке тұлғасы жайлы айту үшін оны жүйелі түрде зерттеп барып, анықтама беру керек дейді [3,41-59 бб]. В.С.Четвериков қылмыскердің тұлғасына анықтама беруде биофизиологиялық, әлеуметтік- демографиялық, психологиялық, адамгершілік, қылмыстық-құқықтық және криминологиялық жүйелерді есепке алуды жөн көреді. Кейбір ғалымдар бұл мақсатта қылмыскердің тұлғасының құрылымының түсінігін пайдаланғанды жөн көреді, өйткені тұлға бір-бірімен тығыз байланыстағы құрылымдардың қасиеттерінен тұрады.

А.И.Алексеев қылмыскердің тұлғасының құрылымына төмендегі элементтер тіркесін жатқызады: әлеуметтік-демографиялық белгілер: жынысы, жасы, әлеуметтік, отбасылық, қызмет жағдайы, мамандығы, материалдық қамтамасыз етілу жағдайы, тұрғылықты мекен-жайының бар-жоқтығы және т.б; қылмыстық-құқықтық белгілер: жасаған қылмысының түрі, қылмыс жасау мақсаты, кінәнің нысаны, қылмысқа қатысу формасы, соттылық жағдайы; адамгершілік қасиеттері және психологиялық ерекшеліктері: қоршаған ортаға көзқарасы, қызығушылық деңгейі, түсінігі, санасы [4, 84 б.].

Олай болса, біз қылмыс жасаған адамның бойынан жеке және жалпы белгілерге ие индивидті, қоғамның толық құқылы өкілін, біздің болмысымыздың, өкінішке орай, келеңсіз жағын ашатын адамды көруіміз қажет.Өзінің тіршілік әрекетінде қылмыс жасаған адамды, оның тұлғасының қалыптасу процесін, оның әрекетіндегі қоғамға қарсы бағыттылықтың пісіп-жетілуіне жағдай жасайтын ішкі және сыртқы жағдайдарды, әлеуметтік және психологиялық факторларды зерттеу - жеке қылмыстық әрекеттің себебін анағұрлым толық ашуға апаратын жолдардың бірі ғана емес, сонымен бірге жалпы қылмыстылықпен күрес жүргізудің бірден бір тиімді жолы болып табылады

Тұлға түсінігі әртүрлі ғылымдар саласында түсіндіріледі. Бірақ әрбір ғылым өз пәні бойынша зерттейді. Криминология ғылымы үшін таным объектісі болып тұлғаның ерекше түрі-қылмыскер тұлғасы болып табылады. Демек, криминология ғылымы барлық тұлғалардың арасынан тек қана қылмыскерлерді жинап алып соларды зерттеумен ғана айналысады. Әйтседе криминология өзге де ғылымдардың жетістіктерін ескереді, себебі қылмыскер тұлғасы комплексті зерттеуді талап ететін өзекті проблема.

Қылмыскер тұлғасы өз еркіне байланысты белгілі бір заңға қайшы өрескел әрекеттерді жасаған адам. Егер адам ерік шегінде әрекет жасай алмаса, не өзінің жасаған әрекеті үшін жауап бере алмайтын болса, яғни жасына байланысты жетілмегендігіне немесе есінің дұрыс еместігіне байланысты болса, олар тұлға ретінде сипаттайтын қасиеттерге ие бола алмайды. Мұндай адамдар криминология шектерінде зерттеу объектісі ретінде қарастырылуы мүмкін емес. Себебі, ҚР ҚК-нің 15 - бабының 1-тармағына сәйкес есі дұрыс, жасы он алтыға толған адамдар, ал кейбір ауыр қылмыс жасағаны үшін он төрт жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуға тиіс.

Кез келген типтегі тұлға мен оны қоршаған адамдар арасында қарым-қатынас қалыптасады. Осыған байланысты тұлға мен қоғам арасында да қоғамдық қатынас орнайды.Әлеуметтік ортаның және қоғамдық қатынастардың жаңарып, өркендеуіне байланысты кез-келген тұлға дамып, өзгеріп отырады. Адам қылмыс жасағанымен ол тұлға ретінде және қоғам мүшесі ретінде қала береді. Міне, бұл қылмыскер криминологиялық зерттеудің тұлғасы негізін құрайды.

Қылмыскер қоғам талаптарымен санаспай, өзінің қоғам алдындағы міндеттерін орындамайды. Ал, адам мемлекет заңын қатаң орындап, қоғамда оның әдет ғұрыпын, әлеуметтік және моралдық нормаларға сәйкес өмір сүруі қажет. Бірақ бұл үшін маемлекет құқықтық, ал қоғам өркениетті болуы қажет.Дегенмен, қазір жер бетінде толық құқықтық мемлекет деп танылған мемлекет жоқ.Себебі мемлекетте сыбайлас жемқорлық, кедейлік, теңсіздік және алдау немесе сенімді теріс пайдалану әрекеті жойылмай құқықтық мемлекет құрылуы мүмкін емес.Демек, құқықтық мемлекет құрылмай қылмыстың, соның ішінде зорлықтың жойылуы мүмкін емес.

Қылмыс кез келген әлеуметтік маңызды әрекеттер сияқты, адамның жеке әрекетінің нәтижесі болып табылады.Яғни, әрбір нақты жағдайларда, қылмыс жасау туралы шешімді тұлғаның жеке өзі қабылдайды.

Алдау немесе сенімді теріс пайдалану да өз кезегінде қылмыскер тұлғаның әлеуметтік қасиеттерімен тығыз байланысты болып келеді. Әдебиетте алдау немесе сенімді теріс пайдалануға бейім тұратын тұлғалар да көрсетіледі. Осыған сәйкес қоғамдық қатынастардың сипаты да қылмыскер мінез-құлқымен тығыз байланысты. Мұнда екі жағдайды атап өтуге болады:

  1. Қоғам мен тұлға мүдделерінің бірлігі;
  2. Қоғам мен тұлға мүдделерінің бір-біріне қайшы келуі.

Осы соңғысының нәтижесінде тұлға қылмысқа, соның ішінде алдау немесе сенімді теріс пайдалану әрекетіне жол береді.Осыған орай, алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы қылмыс жасайтын қылмыскер тұлғасы бұл ерекше қылмыстық әрекетті- алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы қылмыс жасайтын адам болып есептеледі. Алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы қылмыстар жасайтын қылмыскер тұлғасы негізінен бірнеше жағдайлардың шиеленісті қарым-қатынасының нәтижесінде жасалады, бұлардың ішінде ең маңызды орынды тұлғаның өзі иеленеді [5, 148-149 бб.].

Қазіргі кезде алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы қылмыс жасайтын қылмыскерлерге қарапайым халық арасында - олар қоғамға жат және оның талаптарын өрескел бұзатын адамдар, оларды ұстап абақтыға өмір бойына жабу керек, ал қажет болған жағдай өлім жазасына кесу керек деген пікір қалыптасқан.

Мұндай пікірлердің қалыптасуына журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерінің алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы жасалатын қылмыс туралы жеке көзқарастары әсер етуде. Әрине аталған пікірлермен келіспеуге болмайды. Алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы қылмыс жасайтын қылмыскер туралы шындыққа жанасатын пікірлерді тереңірек тек криминолог ғалымдар ғана бере алады.

Алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы жасалатын қылмыстардың әлеуметтік, адамның экономикалық еркінділігінің қасиеттерін зерттеу барысында, олардың ішіндегі адам өмірі мен денсаулығына, жыныстық бостандығына және жеке қол сұғылмаушылығына қатысты адамдар ерекшеленеді. Себебі, аталған қылмыстар тек қылмыстық-құқықтық нормаларды ғана емес, сондай-ақ басқадай әлеуметтік нормаларды да бұзуға бағытталған. Қылмыстық құқықпен анықталмаған адамдардың кейбір теріс қылықтары қоғамға әлеуметтік залал келтіреді және олардың нәтижелері жеке адамға қарсы қылмыстарға күрделі әсер етеді. Мұндай теріс нәтижелерге ішімдікке салыну, нашақорлық, жезөкшелік, қаңғыбастық және қайыршылықтарды жатқызуға болады.

Аталған, олқылықтар алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы жасалатын қылмыстармен өзара тығыз байланыста қарастырылғанымен, оларға тек әлеуметтік басқадай тұрғыда ғана жеткілікті дәрежеде баға берілуі мүмкін. Алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы жасалатын қылмыстарды жасаушы тұлғаларға криминологиялық талдау жасау үшін оларды жүйелі топтастыру қажет. Себебі, алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы қылмыс жасаушы тұлғалар көпжүйелі сипатқа ие болып табылады, осыған байланысты олардың қылмыс жасау ниеті қалыптастырылады, мұның негізінде әлеуметтік және био-физиологиялық қажеттілік жатыр. Алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы қылмыс жасайтын тұлғалар:био- психологиялық ерекшеліктері бойынша, қоғамға қауіптілік дәрежесі бойынша, қылмыс жасау тәсілі бойынша әртүрлі типтерге бөлінеді. Қылмыс іздері қылмыскер туралы, яғни оның қай типке жататындығы туралы куәландыруы мүмкін.

Қылмыскер тұлғасын және оның құрылымын тереңірек оқып үйрену үшін, мұндай тұлғаның типін танып-білу қажет. Демек, бұдан байқайтынымыз, тұлғаның құрылымы мен типологиясының арасында тығыз байланыс болады.Зерттеудің негізі ретінде құрылым танылады, себебі тұлға құрылымын танып білмейінше қылмыстық мінез-құлық механизмін түсіну мүмкін емес. Ең алдымен адамның қасиеттерінің бәрі екі негізгі құрылымға био- психологиялық және әлеуметтік құрылымға жинақталады. Психологиялық құрылымы тұлғаның психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктері, сонымен қатар тұлғаның дәрежесін білдіреді. Өз кезегінде олар төртке бөлінеді: бірініші- тұлғаның нерв жүйесінің табиғи қасиеттерін, оның психикасының жастық, жыныстық және паталогиялық қасиеттерін білдіретін билогиялық құрылым; екінші - тұлғаның ерекше қасиеттеріне арналған, арнайы психологиялық процестердің барлық жекеше қасиеттері; үшінші тұлғаның иемденген білімін, мүмкіндігін, қылықтарын және амалдарын, әлеуметтік тәжірибесін; төртінші- тұлғаның әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан бағаланатын бағыты жатады.

Жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес тұлғаны зерттеу барысында оның криминолгиялық дәрежесі өз алдына бөліп қарастырылады. Негізінен тұлғаның қылмыстық бағыты ерекше зерттеледі. Ал, қылмыскер тұлғаның құрылымын қарастырғанда олардың белгілері үш топқа бөлінеді: жалпы, ерекше және қылмыс жасаған нақты тұлғаның жекешелендірілген белгілері.

Кез келген арнайы жекешелендірілген қылмыскер тұлғасы зерттелгенде онымен қатар тұлғаның жалпы және арнайы белгілері де зерттеледі. Сонымен қатар, күш қолдану арқылы қылмыс жасаушы тұлғасының белгілерін әлеуметтік-демографиялық және адамгершілік психологиялық деп бөліп қарастыруға болады.

А)Әлеуметтік-демографиялық белгілерге қылмыскерлердің жасын, жынысын, білімін және отбасылық қатынастарын жатқызуға болады.

Алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы қылмыс жасаушының тұлғасы көп жағдайларда еркек адамдар болады.Себебі, әйел адамның жалпы жаратылысына махаббат, сүйіспеншілік және тәрбиелік тән, сондықтан олар көбінесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану әрекеттерін жасауға бара бермейді.

Алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы жасалатын қылмыстарды негізінен орта жастағы адамдар жасайды. Олардың дені отыз-елу жас арасындағы адамдар. Қазіргі кезде алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы жасалатын қылмыстарды жасау жастар арасында да кең етек алуда. Қарт адамдар алдау әрекеттерін сирек қолданады, себебі, олар өздерінің физиологиялық жағдайларына байланысты алдау мүмкіндігінен айырылады. Сонымен қатар, олардың алдау немесе сенімді теріс пайдалануы да нақты қатер туғызбайды.

Алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы қылмыс жасайтын тұлғалардың білім деңгейлеріне келетін болсақ: олар негізінен арнайы орта не жоғары білімі жоқ тұлғалармен, сондай-ақ толық емес орта білімі бар адамдармен жасалады. Қазақстанда білім жүйесін жақсарту енді-енді қолға алынып, жанданып келе жатыр, себебі тәуелсіздік алғаннан кейін әртүрлі сапасыз білім беретін жоғарғы оқу орындары көптеп ашылды, олардың негізгі мақсат білім беру емес, пайда табу болды. Әрине, мұндай оқу орындарында тәрбиеге көп көңіл бөлінбейді.Мысалы, бұрын студент сабаққа келмесе, оның оқудан шығарып жіберетін, ал қазір оқудың ақысын төлесе болғаны, студенттің сабаққа келген-келмегендігімен ешкімнің жұмысы жоқ.

Отбасы-тұлғаның қалыптасуында шешуші орынды иеленеді. Тұлғаның қалыптасуына отбасы әрқашанда біркелкі әсер етпейді, дұрыс та, бұрыс та әсер етуі мүмкін. Отбасының алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы қылмыс жасаушы тұлғасына ықпалын талдамастан бұрын, оның түсінігін анықтап алу керек. Философиялық тұрғыда, отбасы дегеніміз некеге немесе туыстыққа негізделген, олардың мүшелері ортақ тұрмысқа, моральдық жауапкершілікке және өзара түсіністікке байланысты қалыптасқан кішігірім топ . Әлеуметтануда отбасы дегеніміз ерлі-зайыптыларды, ата-аналары мен балаларының арасындағы қатынастарды реттейтін белгілі бір құқықтар мен міндеттерді, мінез-құлық үлгілерін және әлеуметтік нормаларды сипаттайтын әлеуметтік институт. Осыған сәйкес әлеуметтануда неке- еркек пен әйелдің арасындағы олардың бір-біріне және балаларына қатысты құқықтар мен міндеттерді туындататын әлеуметтік бекітілген, ал кейде заңи куәландырылған одақ деп танылады [6,16 б].

Құқықтық тұрғыдан қарастыратын болсақ отбасы дегеніміз- некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге нысандарынан туындайтын мүліктік немесе мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту және дамытуға, жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы. Ал, неке дегеніміз- ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақ.

Отбасы тек адам өмірінде ғана емес, сондай-ақ қоғам өмірінде де маңызды орынды иеленеді.Сондықтанда, отбасы кез келген организм сияқты дамып, өзгеріп, жаңарып отырады.Отбасы өз мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік және тәни қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамның тұрақтылығынын және оның алға өрлеуін, тұлғаның мирасқорлық тәртіпте одан әрі дамуын қамтамасыз етеді. Сондықтан, отбасы алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы қылмыс жасайтын тұлғаны қалыптастырудың себептілігі ретінде қарастырылуы мүмкін.

Мұның бір дәлелі отбасы институтының ғасырлар бойы сақталып, оның әртүрлі болып келуінде. Егер, ол алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы әрекет етуді уағыздамайтын болса, оның мүшелерінде мұндай қасиеттің тууы екі талай болар еді. Осыған сәйкес, алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы қылмыс жасаушы қылмыскер тұлғасын қалыптастыруға негіз болатын отбасы емес, отбасылық қатынастарды шешу жолдары деп қарастыру жөн. Сондықтан отбасындағы қарым-қатынасты, махаббатқа, сүйіспеншілікке және адамгершілік қасиеттерге негіздей отырып шешу алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу шараларының бірі деп ойлаймыз.

Б) Адамгершілік-психологиялық белгіге негізінен тұлғаның қылмыс жасау ниетін жатқызамыз. Алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы қылмыс жасайтын тұлғаның қылмыс жасау ниеті әртүрлі, ол: кек алу, пайдақорлық, қызғаныштық, көре алмаушылық, өзін-өзі көрсетушілік және т.б с.с болуы мүмкін.

Алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы жасалатын қылмыстар зерттеу бойынша көп жағдайларда жоғарыда көрсетілген ниеттердің ішіндегі пайдақорлық ниетте және кек алу мақсатымен жасалады. Қылмыстық құқықтық әдебиетте қылмыс жасау үшін пайдақорлық ниетпен қатар өзін-өзі бекіту ниеті де бар, яғни осы екеуі біріккенде ғана кылмыска әкеп соғуы мүмкін деген пікірлер де кездеседі. Мұнымен коса, кейбір авторлар өзін-өзі бекіту ниетін еске алу және кызғаныштыктан туындайтын кылмыстармен тығыз байланыстыра отырып, " табиғатта бұзакылык ниет болмайды, ал өзін-өзі корғау, өзін әлеуметтік және биологиялык жан ретінде бекіту ниеті болады"- деп те көрсетеді [7, 232 б.]. Дегенмен біз бұл пікірмен келіспейміз, себебі тәжірибеде таза пайдакорлык кылмыстары да, өзге ниеттерсіз еске алу ниетінде жасалатын кылмыстарда жиі кездеседі.

Алдау немесе сенімді теріс пайдалану аркылы кылмыс жасайтын кылмыскер тұлғасының типологиясы, оның сана, психика, ерік, жігер, әдет, амал, темперамент, эмоция, кажеттілік және тағы баска да касиеттерін зерттейді. Ал, кылмыскер тұлғасын топтастырудың типологиядан айырмашылығы ол кылмыс жасаушы тұлғалардың тұракты тобының ажырамас касиеттері болып табылатын атрибуттык белгілерін зерттейді. Ол кылмыстар мен кылмыскерлерді топтарға бөлуде аса катаң тәртіпке ие. Топтастыру кылмыс жасаушы тұлғалардың накты тобына байланыста жалпы касиеттерін сипаттайтын ұксастыкка негізделеді. Соған сай, ұксастык айырмашылыкпен салыстырыла отырып, карсы койылады.

Типология болса мұндай катаң тәртіпке ие емес, ол тек тұлғаның касиеттеріне байланысты, оның кылмыскер тұлғалардың белгілі бір тобына жатуын аныктаумен айналысады. Демек типология бұл топтастыруға карағанда анағұрлым жоғары түсінік. Қылмыскер типологиясын бірнеше түрге бөліп карастыруға болады:

-Тұлғаның және оның әрекетінің коғамға карсы бағытталғандығы белгілері бойынша.

  1. Қылмыскер тұлғаның адамзатка және оның маңызды кұндылыктарына теріс пиғылмен карауы.Бұл негізінен алдау немесе сенімді теріс пайдаланумен шектеледі.
  2. Қылмыскер тұлғаның мінез-кұлкының пайдакорлык касиеттерімен ұштасуы.Мұндай кылмыстарды жасайтын кылмыскер типі өзінің пайдакорлык ниетін алдау немесе сенімді теріс пайдалану аркылы канағаттандыруға тырысады.
  3. Қылмыскер тұлғаның әртүрлі әлеуметтік әдет- ғұрыптарға, жалпы азаматтык, отбасылык, кызметтік міндеттер мен ережелерге жекешілдікпен және өзімшілдікпен карауы.
  4. Қылмыскер тұлғаның белгіленген әлеуметтік кұндылыктарға және оларға байланысты өз міндеттерне немкұрайдылыкпен карау.Бұлар көп жағдайларда абайсыздык кылмыстарында орын алады, дегенмен кейбір алдау немесе сенімді теріс пайдалану аркылы жасалатын кылмыстарда да кездесуі мүмкін.

-Тұлғаның жасайтын кылмысының коғамға кауіптілік дәрежесіне байланысты оларды беске бөліп карастыруға болады:

  1. Жағдайлык (ситуациялык) кылмыскерлер, яғни белгілі бір туындаған жағдайларға байланысты алдау немесе сенімді теріс пайдалану аркылы әрекеттерін жүзеге асыратын кылмыскерлер.Себебі өмірде әртүрлі киын да күрделі (экстремальды) жағдайлар кездесетіндіктен, кейбір адамдар соларды шешудің бірден-бір жолы ретінде алдау немесе сенімді теріс пайдалану әдісін пайдаланады.
  2. Тұраксыз кылмыскерлер, яғни бұлар өздерінің ой-өрісінің интеллектуалдык төмендігіне байланысты кез-келген мәселелерді алдау немесе сенімді теріс пайдалану аркылы шешуге бейімді адамдар.Мұндай адамдарда есерсоктык әдеттер басым калыптасып, олардан айырыла алмайды және айырылуды каламайды да, сөйтіп алдау немесе сенімді теріс пайдалануды әдетке айналдырып жібереді.
  3. Қауіпті тұлғалар, яғни бұлар күш колдану әрекеттерін жасағаны үшін сотталған тұлғалармен жасалатын кылмыстык әрекеттер.Бұл адамдар кез келген ұсак-түйекті де күш колдану аркылы шешуге икем.
  4. Аса катыгез кылмыскерлер, яғни өте кауіпті тұлғалар. Алдау немесе сенімді теріс пайдалану кімдерге катысты жасауға болады деп жәбірленушіні арнайы іздеп кылмыс жасайтын тұлғалар.Бұларды кәсіби кылмыскер типі деп те атайды.Мұндай кылмыскерлер өзінің кұкыктык нигилизімімен, төменгі дәрежедегі жалпы кұндылыктар мен мәдениеттіліктен, адамгершіліктен мүлдем окшау, оның санасын катыгездік, арсыздык және озбырлык билейтін тұлғалар жаткызылады.
  5. Кездейсок кылмыскерлер, яғни кылмыс жасау ниеті жок, абайсыздыкта кылмыстык әрекетке жол берген тұлғалар.Бұл кылмыскерлер тобы көп жағдайларда абайсыздыкпен жасалатын кылмыстарда кездеседі. Қылмыстык кұкыктык әдебиетте алдау немесе сенімді теріс пайдалану аркылы кылмыс жасайтын кылмыскерлердің кездейсок типі болмайды дейтіндермен катар, оларды бар деп мойындайтындар да кездеседі. Осыған байланысты Ю.В.Голик кездейсок алдау немесе сенімді теріс пайдалану аркылы кылмыс жасайтын кылмыскер тұлғаларға, өзінің санасында адамдардың заңды кұкығы мен тұлғаға карсы тұракты коғамға деген теріс көзкарасы калыптаспаған, бірак жағымсыз калыптаскан жағдайдың ыкпалы нәтижесінде кылмыс жасағандарды жаткызады. Автор барлык алдау немесе сенімді теріс пайдалану аркылы кылмыс жасайтын кылмыскерлерді үш топка бөліп карастырады:

а) Бірінші топтағы кылмыскерлерге: байкаусызда өзгерген жағдайдың нәтижесіне байланысты кылмыс жасаған тұлғаларды жаткызады.

б) Екінші топка өмірлік жағдайлардың кенеттен өзгеруінің нәтижелеріне байланысты кылмыс жасаған тұлғалар жатады. Мұның катарына жаңа туған сәбиін өлтіруші аналардың басым бөлігін ( баланың әкесінің үйленемін деген сөзіне алданып тұрмыска шыкпай екікабат болған кыздар т.б.) жаткызады.

в) Ал, үшінші топтағы кылмыскерлерге киын, әрі жағымсыз өмірлік жағдайлардың ұзак ыкпал етуінің нәтижелеріне байланысты кылмыс жасаған тұлғаларды жаткызады.Мұндай тұлғаларға ұзак мерзімде өзінің реніштері мен өкпесін сактап келген, шыдамы таусылып оның жарылып кылмыска айналуын жаткызады [8,19 б.].

Берілген аныктамадан және кездейсок кылмыскерлер топтамасына жүгінер болсак, алдау немесе сенімді теріс пайдалану аркылы кылмыстар жүйесін анықтау қиынға әкеп соғады. Себебі, автор мұнда тек қана қасақаналықпен жасалған қылмыстарды ғана емес, сондай-ақ абайсызда жасалған қылмыстарды да қарастырған.Дегенмен біз абайсызда жасалатын қылмыстардың алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы жасалатын қылмыстар қатарына жатпайтындығын жоғарыда талқылап кеткенбіз.

Кездейсоқ қылмыскерлер туралы ойлар ежелден қарастырылып келуде.Ч.Ломброзо өзін-өзі өлтірушілер, туа біткен қылмыскерлер және ынтықтық бойынша қылмыс жасайтын қылмыскерлермен қатар, кездейсоқ қылмыскерлерді де көрсетеді.

Ал, алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы қылмыс жасайтын әйелдер жөнінде айта келе, кездейсоқ қылмыскерлер өздерінің әйелдік қасиетінен, яғни ұялшақтық пен аналық инстинктен айырылмаған. Бұлардың қатыгездік дәрежесі туа біткен қылмыскерлерге қарағанда анағұрлым төмен. Бұларда еркектерге қарағанда қиналу сезімі ерекше, олар түзелу жолына тез түсіп қылмыстың рецидивтілігіне сирек барады.Таныстық барысында олар бір-бірімен тез және жылы қатынастарды орнықтырады. Мұндай әйелдерде ұялшақтық сезімнің жоғарылығы сонша, олар өздерін өзге жезөкше қылмыскерлермен бірге отырғызуға қарсылық етеді. Жезөкше қылмыскерлерге, кездейсоқ қылмыскер әйелдерде оларға деген жиіркеніш тудырады. Аталған сезімдермен қатар кездейсоқ қылмыскерлерде, олардың қарапайым әйелдерден ерекшелігінің аздығын куәландыратын өзге де мейірімділік және нәзіктік сияқты сезімдер тән.

Қылмыстық құқықтық әдебиетте кездейсоқ қылмыскерлердің қатарына қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде, яғни шабуылдаушының қаншалықты зиян келтіргендігін, оның қауіптілігін алдын ала жете болжай алмауының нәтижесінде қылмыс жасаған тұлғаларды жатқызады. Сонымен қатар, жан күйзелісі (аффект) жағдайында қылмыс жасаған қылмыскерлерді жатқызады. Себебі мұнда қылмыстық ниет қылмыскердің адамгершілік қасиеттерінен тыс, тек эмоцияға негізделе отырып жасалады.

Әрине, бұл пікірлерге біз қарсымыз, өйткені бұл қылмыскерлерді кездейсоқ емес жағдайлық (ситуациялық) деп қарастырған жөн. Себебі, нақты туындаған жағдай болмаса (жәбірленуші шабуыл жасамаса немесе қылмыскерлерді жан күйзелісі аффект) аффект жағдайына әкелмесе мүлдем қылмыс жасауға бармайтын тұлғалар. Айтылғандарды қортындылай келе, кездейсоқ алдау немесе сенімді теріс пайдалану қылмыс жасайтын тұлғаның болуы екіталай немесе мүлдем болмауы да мүмкін деп айтуға болатындай.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Е.Алауханов Понятие и признаки мошенничества по уголовному законодательству Республики Казахстан.Алматы.2006.76-79бб
  2. П.С.Дагель Причинение имущественного ущерба путем обмана или злоупотребления доверием.М.2001.274б
  3. В.Д.Ермаков. Личность корыстного преступника. Казань.1998.41-59бб
  4. А.И.Алексеев Характеристика преступлений против собственности по уголовному законодательству России. Санкт-Петербург.1995.84б
  5. В.М.Овчинников. Организационные и методические особенности расследования крупных финансовых мошенничеств. М.2006.148-149бб
  6. К.М.Кучуков. Расследование мошеннических действий. Алматы. 2001. 16б
  7. В.Н. Кудрявцев. Теоретические основы квалификации преступлений. М.2003.232б
  8. Т.А.Журавлев. Безналичные деньги как предмет хищения. Новосибирск. 2002.19б

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.