Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қр халықының әлеуметтік-экономикалық жағдайының теоретикалық аспектілері

Мақалада бүгінгі күннің өзекті мәселесі-халалықтың өмір сүру деңгейі сияқты өткір әлеуметтік проблемаларды шешу-мемлекет жұмысының басты бағыты екені жазылған. Бұл әл-ауқатты өмірді қамтамасыз ете алмағанымен экономикалық тұтқалар арқылы ең төменгі тіршілік денгейінің тұрмысы нашар адамдардың санын азайтуға көмектесу туралы және тұрғындардың әлеуметтік жағдаый мысалы: әлеуметтік сақтандыру, өмір сүру деңгейі, даму индикаторы жазылған. Автор әлеуметтік топтарды саралау сызбасын келтірген.

Барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын, қауiпсiзgiгiн жақсартуға арналған "Қазақстан-2030" Стратегиясында Елбасы Н.Назарбаев атап өткеншдей, республика дамуының басым бағыттарының бiрi тұрғындардың материалдық және әлеуметтік әл- ауқаты болып табылады.

Осы Стратегияда айқындалғандай, біздің елімізде қалыптасқан нарықтық экономиканың әлеуметтік бетбұрыс алуы, оны Елбасы Стратегиялық басым бағыттардың бірі деп белгілеуі, аталмыш саланың әлі бірнеше онжылдықтар бойы өзектілігін жоймайтын ғылыми-зерттеу объектісі болатындығының айқын көрсеткіші. Ал, оның жүзеге асу барысы мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізі болып қалануынан көрінеді де, басты мақсаты - халықтың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізу болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, экономикалық жетістіктерге жетуде, ғылым мен инновацияның дамуында жетекші рөл атқаратын адам факторы - әлем қауымдастығының инвестициялық тартымды ресурс көзі ретінде қалыптасып келе жатқандығы, аталмыш объектінің XXI ғасырдың өзекті зерттеу мәселесі екендігі сөзсіз деп ой-тұжырым жасауға болады.

Сол себепті қоғамның барлық мүшелері мен оның әлеуметтік топтарының өмір сүру деңгейін ұдайы жақсарта түсуде, жоғарыда айтылғандай, аталған бағыттағы мемлекет саясатын жетілдіру жолдарын анықтау мен оларды жүзеге асыру ғылыми тұрғыдан дәлелдеулерге зәру екендігі айқын. Осы орайда мемлекет әлеуметтік саясатын тұтастай әрі тиімді дамытуға қол жеткізуі үшін оның негізгі буыны - халықтың өмір сүру деңгейін көтерудің қажеттілігі күмән туғызбайды. Сондықтан, халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуда оның әлеуметтік және экономикалық астарларын қарастыруға да ғылыми тұжырымдама қажет-ақ.

Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде іске асыру мен одан туындайтын мәселелермен пәрменді күрес жүргізу үшін ғылыми дәлелгенден концептуалды негіздің қажеттілігі орынды заңдылық. Сондықтан да осы заңдылықтардың астарын, ғылыми негізделген шешімдерін қабылдау жолдарын айқындай түсу оның өзекті мәселе екендігіне айғақтай түседі.

Демократиялық қоғамның құқықтық негіздерінің етене ене бастауы мен қолданыс табуы тиісті институттардың құрылып, олардың біртіндеп өмір сүрудің сапасы мен қазіргі заман сұраныстары мен ұстанымдарын өзгеріске ұшыратып келеді. Ол экономикалық маңызы зор мынадай әлеуметтік нормативтерді жақсарту қажеттілігін білдіреді:

  • күнкөріс деңгейін көтеру;
  • халықтың өмір сүру деңгейінің жоғары стандарттарына қол жеткізуі;
  • әлеуметтік қорғауды тиімді қамтамасыз ету.

Аталған нормативтер әлеуметтік саясатты лайықты жүзеге асырудың мақсаты және оның тиімділігін арттыруда қолданылатын шаралар болып табылады. Себебі, "өмір сүру деңгейі" түсінігі азықтанудың тиімділігі, айналадағы ортаның жағдайы, денсаулық, білім мен мәдениет - тұтас алғанда, адам қарекетінің күллі мәнін айқындайтын экономикалық компоненттер жиынтығын білдіреді.

Біздің елімізде әлеуметтік мәселелерге қатысты мұндай негіздемелер мемлекеттік деңгейде бірден қалыптаспағандығы белгілі. Оның уақыт елегінен, нарықтық қатынастардың "қыспағынан" өтіп, елдің экономикалық, геосаяси, сыртқыэкономикалық, инвестициялық, құрылымдық кешенді жүргізілген саясаттан кейін ғана қолданыс табуы Елбасының о баста Стратегиялық басым бағыт ретінде анықтауының дұрыстығында [1].

Өмір сүру деңгейі күрделі және көп қырлы категория екендігін адамның өмірдегі нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайларының жиынтығы сипаттайды.

Халықтың өмір сүру барысында туындайтын проблемалар және оларды ғылыми тұрғыдан зерттеу қай елдің болмасын әлеуметтік-экономикалық дамуына тәуелсіз, қашанда өзекті болып саналады.

"Өмір сүру деңгейі" экономикалық зерттеу объектісі ретінде оның басты міндеттері деп келесілерді атауға болады:

  • адамның өмір сүру сапасын сипаттайтын көрсеткіштерді бағалау (салауатты өмір салтын жүргізу қабілеті, білім алу мүмкіншілігі, лайықты өмірге жеткілікті табыс көзі және жоғары кәсіби білімі);
  • атаулы және нақты табыстарды зерттеу;
  • халықтың баспанамен, ұзақ қолданылатын тұтыну игіліктерімен қамтамасыз етілуі;
  • әлемнің әр түрлі елдеріндегі өмір сапасы мен оның деңгейін бағалау арқылы ел аралық салыстыру жүргізу;
  • аталмыш сала саясатын қалыптастыру үшін өмір сүру деңгейін зерттеу.

Зерттеу объектісі жөнінде мәліметтерді әрі қарай өрбіту үшін төменде келтірілген сызбаларға негіз болған статистикалық әдістемелік мәліметтерді айта кету маңызды. Аталмыш мәлімет көзіне сәйкес халықтың өмір сүру деңгейін бағалау үшін бастапқы көрсеткіштер мен әлеуметтік-экономикалық индикаторлар жиынтығы бар [2].

Бастапқы көрсеткіштер келесілер:

  • үй шаруашылығының табыстары;
  • олардың нақты түпкілікті тұтынылуы;
  • үй шаруашылығының түпкілікті тұтынуға кеткен шығыстары;
  • халықтың ақшалай табыстары;
  • халықтың ақшалай шығыстары мен жинақ ақшалары;
  • жан басына шаққандағы ақшалай табыстар;
  • қолда бар нақты ақшалай табыстар;
  • орташа айлық есептелген жалақы;
  • тағайындалған айлық зейнетақының орташа мөлшері;
  • халықтың ақшалай табысының сатып алу қабілеттілігі;
  • жан басына шаққандағы ақшалай табыс деңгейі бойынша халықты бөлу;
  • халықтың әр түрлі топтары бойынша ақшалай табыстың жалпы көлемін
  • бөлу;
  • халық табысының саралану коэффициенттері, табыстарды шоғырландыру
  • коэффициенті (Джини индексі), күнкөрістің ең төменгі деңгейі;
  • табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінен төмен халықтың саны, табыс тапшылығы.

"Өмір сүру деңгейі" түсінігінің өте күрделілігі мен көп қырлылығы оның әлеуметтік тұрғыдан маңыздылығында болып табылады. Олай болса, зерттеліп отырған экономикалық категорияның әлеуметтік астары халықтың аз қамтылған (тұрмысы нашарлар), ең аухатты, жұмыс беруші мен жұмысшылардың, зейнеткерлердің, жанұяның және нақты адамның өмір сүру деңгейлерін қарастырады.

Аталғандарға көрнекілік беру үшін оларды топтастырып, сызба ретінде келтірдік (Сурет 1).

 

Сонымен бірге, республикамызда өмір сүру деңгейін бағалау үшін 9 негізгі әлеуметтік- экономикалық индикаторлар негізге алынады, олар

  1. үй шаруашылықтарың жалпы түзетілген табысы: халықтың жан басына шаққандағы жалпы түзетілген табысы және жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім;
  2. үй шаруашылықтарының нақты түпкілікті тұтынуы: жан басына шаққанда және өткен жылға пайызбен;
  3. жан басына шаққандағы айлық ақшалай табыс;
  4. жан басына шаққандағы халықтың нақты қолда бар ақшалай табыстары, өткен жылға пайызбен;
  5. айына 1 жұмысшының атаулы жалақысы;
  6. өткен жылға пайызбен 1 жұмысшының нақты жалақысы;
  7. есептелген айлық зейнетақының орташа мөлшері;
  8. айына жан басына шаққандағы күнкөріс шегі;
  9. айына еңбек ақының ең төменгі мөлшері;

Осылайша, біздің ойымызша, "өмір сүру деңгейі" - адамның тұтынуға байланысты игіліктерін қанағаттандыру мақсатында біріңғай негізге сүйене отырып, өмір сапасын арттыру болып табылады (Сурет 1).

Халықтың өмір сүру деңгейін анықтау күрделі процесс, әйтседе, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер жүйесінде халықтың табыстары мен шығыстарының құрылымын, табыс бойынша саралануын, әр түрлі әлеуметтік топтар табысының сатып алу қабілеттілігін, материалдық игіліктер мен қызметтерді тұтынуды қанағаттандыру деңгейін есепке алу маңызды. Аталған көрсеткіштерді талдау негізінде өмір сапасы мен оның деңгейін толық және кешенді қамтитын, мәнін түсіндіретін, өмір сүруді бағалайтын нақты көрсеткіштер жүйесі қалыптасады. Логикалық бірізділікпен қалыптасқан осы жүйе төмендегідей көрсеткіштер топтамасынан құралады:

  • жалпыланған көрсеткіштер;
  • халықтың табыстары;
  • халықтың шығыстары мен тұтынуы;
  • жинақталған мүлік пен тұрғын-үй;
  • әлеуметтік қорғау жүйесі;
  • әлеуметтік сала;
  • қоршаған орта;

Осыдан келіп, бастапқыда айтып өткеніміздей, "өмір сүру деңгейінің" құраушы бөлігі әлеуметтік тұрғыдағы мәселелер туындайды. Дәлірек айтқанда, жоғарыда келтірілген көрсеткіштерді талдау арқылы халықтың "өмір сүру деңгейі" түсінігі анықталып, топтастырылады және мемлекет тарапынан қолдауға ие болады. Кеңірек аша айтатын болсақ, осыдан келіп, әлеуметтік қорғау жүйесі қалыптасады. (Сурет 2) Ол:

  • әлеуметтік қамсыздандыру;
  • зейнетақыны, жәрдемақыны, қарттарға, балаларға, ауруларға материалдық көмек беру жүйесін сипаттайтын көрсеткіштер кешенін қамту;
  • ең төменгі: күнкөріс деңгейі (кедейшілік шегі), тұтыну бюджеті, жалақы, зейнетақы мөлшері, жалақының сатып алу қабілеттілігі, зейнетақының сатып алу қабілеттілігі, кедейшілік коэффициенті мен деңгейі, табыс тапшылығы, кедейшіліктің әлеуметтік портреті сияқты индикаторлардан тұрады. Мақсат: мемлекеттің әлеуметтік саясатын жетілдіру, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, өмір сапасын көтеру.

Әлеуметтік сала көрсеткіштері адамның өмір сүру деңгейін ғана емес, сонымен бірге өмір қалпын да анықтайды. Олар келесілер:

  • білім беру (мектепке дейінгі, жалпы білім беру мекемелерінің, бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беру, қосымша білім беру мекемелерінің қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі);
  • мәдениет пен өнер (мәдениет пен өнер мекемелерінің жұмысын сипаттайтын, сонымен бірге кітап, журнал, газет өнімдері басылуын көрсететін көрсеткіштер жүйесі);
  • денсаулық сақтау (денсаулық сақтау статистикасының, халықтың ауыруының, мүгедектіктің, өндірістік жарақат алудың көрсеткіштер жүйесі);

 

  • туризм, демалу, дене шынықтыру және спорт (санаториялық-курорттық мекемелердің, демалыс және туризм мекемелерінің, спорттық мекемелер желісінің жағдайын, дамуын және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі);
  • коммуналдық шараушылық (халықты сумен, жылумен, газбен, қонақ үй және басқа да жабдықталуымен қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен мекемелердің өндірістік қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі);
  • ақылы қызметтер (халыққа әр түрлі қызметтерді ұсынуды сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі: тұрмыстық қызметтер, жолаушылық көліктер, байланыс, құқықтық қызметтер, банк қызметтері және т.б.) [3].

Табыстар барлық халықтың материалдық жақсы өмір сүру халінің негізін құрайды. Халықтың ақшалай табысы, олардың деңгейі, құрылымы, алу көздері және саралану дәрежесі қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағдайының маңызды көрсеткіші. Қорытындылай келе:

  1. Халықтың өмір сүру деңгейі - елдің әлеуметтік- экономикалық дамуын сипаттайтын басты көрсеткіш болғандықтан, оның құрамындағы әлеуметтік топтар мен үй шаруашылықтарының табыстарын, халықты әлеуметтік қамсыздандыру, материалдық игіліктер мен қызметтерді тұтыну, өмір сүру жағдайлары сияқты көрсеткіштерді зерттеу жөн.
  2. Сонымен бірге, өмір сүру деңгейі мен сапа көрсеткіштер мен индикаторлар жүйесі анықталды. Осыған орай, көрсеткіштер жүйесінде адамның өмір сүруін қамтамасыз етудің жетекші - табыс пен тұтыну, еңбек және жұмыспен қамту, білім беру, тұрғын үй- коммуналдық секторы, экологиялық ортамен шектелмей, сондай-ақ, түрлі әлеуметтік топтардың еңбекке жарамдылығы, жалдамалы жұмысшылар мен өзін-өзі еңбекпен қамтушылар, орта тап, ауыл халқының өмір сапасы мен деңгейін де анықтаудың маңыздылығы негізделді.
  3. Табыстың шоғырлануы мен саралану коэффициенттері, ең аз табыс деңгейінен төмен табыс алатын халық, азық-түлік қауіпсіздігі, әлеуметтік саланың даму көрсеткіштері, әлеуметтік шығындар (білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету) ЖІӨ-ге шаққандағы үлес салмағы - негізгі көрсеткіштер жүйесінде нақтыланып, логикалық тізбектілік пайда болды.
  4. Өмір сүрудің ең төменгі деңгейінің тұтынушылық қоржынының негізгі баптарының шығындарын тзерттеу нәтижелеріне сәйкес өзгерту жөніндегі біздің ұсыныстарымыз төмендегідей:
  • азық-түлік өнімдерін тұтыну көлемін тамақ ішудің тәуліктік рационын 2400-2500 ккал-ға дейін жеткізу жолымен арттыру және номенклатураны кеңейту;
  • азық-түліктік емес тауарларға кететін шығындар үлесін кем дегенде екі есеге дейін арттыру, бұл өмір сүрудің ең төменгі деңгейінің азық-түліктік емес бөлігіне бірінші кезектегі заттарға және киім мен аяқ-киімге кететін шығындар да енуін көрсетеді. Экономикалық өсу мен халықтың нақты табысы артса, тұтынушылық шығындар құрылымында азық- түліктік емес тауарларды және қызметтерді барынша көбейту оңтайлы.
  • қызметтер көрсету шығындарының үлесі 30%-ға дейін көтерілгендігі, азық-түлік және тұрғын үй-коммуналдық қызмет тарифтері бағасының өскендігін білдіреді.
  1. Халықтың әр түрлі әлеуметтік топтарының өмір сүру сапасы мен деңгейін бағалау және реттеу үшін тұтынушылық бюджет жүйесін пайдалану қажеттілігі негізделсе, себебі олардың шамасы мен құрылымы көптеген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді есептеуге бастапқы негіз болып табылады. Тұтынушылық бюджет адамның негізгі материалдық, әлеуметтік және рухани қажеттіктерін қанағаттандыру дәрежесімен ерекшеленеді. Ол ең төменгі өмір сүру деңгейі - халықтың ұдайы өндірісінің төменгі шекарасын айқындап, материалдық, әлеуметтік және рухани игіліктер мен қызметтерді тұтынудың қолайлы деңгейін бейнелеп, адамның қажеттіктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Осылайша, әлеуметтік сала тек материалдық қана емес, сонымен қатар рухани игіліктер мен қызметтерді де тұтыну деңгейін бейнелейтін ерекше объект.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан-2030 Стратегиясы" - Алматы: Білім, 1997 ж. - Режим доступа: http:// kursik.kz/kurstyq-zhumystar/ekonomika- makroekonomika-mikroekonomika/qazaqstan-2030- damu-bagdarlamasy.html
  2. Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру деңгейі / мониторинг /. Алматы, 2015 ж.
  3. Қазақстандағы кедейліктің аспектілері, Бүкілдүниежүзілік Банк, 2014 ж.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.