Аталмыш мақалада "Жұмысбастылық 2020" бағдарламасы арқылы кадрларды оқыту мен дамыту тиімділіктері жан - жақты қарастырылады. Сонымен қатар жұмыспен қамтудың мәселелері шешіледі.
Адам капиталын дамыту үшш лайықты еңбекке қол жетiмдiлiктi ұлғайтудың ерекше маңызы бар.
Мемлекет басшысы бiрнеше мәрте атап көрсеткеншдей, жұмыспен қамту саясаты кедейлiктi еңсеру мен адамдардың әл-ауқатын арттыруда ең негізгі құрал болып отыр.
Елбасының тапсырмасымен еліміздің еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдайды оң шешуге, индустриялық саясатты жүзеге асыру үшін еңбек әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін бұрын - соңды болмаған "Жұмыспен қамту - 2020" бағдарламасы әзірленді. Жалпы бұл бағдарлама халық арасында жақсы қабылданып, экономиканың өрлеуіне, оң жетістіктерге жетуіне әсерін тигізуде.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 27 қаңтар 2012 жылғы Қазақстан халқына арнаған "Әлеуметтік -экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Жолдауында бірінші басымдық - Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы болып белгіленді.
Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету - халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстары әлеуетін дамыту және іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы.
Еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік - экономикалық, ұйымдастырушылық - инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ол өз кезегінде ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді.
Еліміз күннен-күнге қарыштап дамып, биік арман мақсаттар мен мұраттарға қол жеткізіп келеді. Алайда, жұмыссыз адамдардың санының көбеюі - басты проблема күйінде қалып отыр.
Нарықтық қатынастардың дамуы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты реттеу, еңбек қатынастары жүйесін реформалау мен жұмыс орындарының сапалық сипаттамаларының артуы, кәсіби білім беру жүйесінің жаңа экономикалық жағдайға бейімделуімен байланысты еңбек нарығында туындайтын мәселелерді зерттеуді көздейді.
Мемлекет басшысы 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан - 2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саясатын жаңғырту жөніндегі міндеттерді қойды.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асырудың логикалық жалғасы болып табылады.
Халықты жұмыспен камтуды баскарудың мынадай әдістері бар: |
|
---|---|
- экономикалық әдістер (несиелеу және салық салу жеңілдіктері, кәсіпкерлікті ынталандырудың бюджеттік саясаты жұмыс орындарын құру және сақтау, кадрларды қайта оқыту); |
- ұйымдастырушы әдістер • әкімшілік- заңдық әдістер (еңбек (жұмысқа тұрғызу және келісім-шарттарын рәсімдеу шарттары, жұмысбастылық қызметін құру, жұмыс уақытының ұзақтығы, еңбек ақпараттық жүйелер, кадрларды өмірін реттеу). даярлау және қайта даярлау); |
Ескерту. Автормен құрастырылған |
Кесте 1 - Халықты жұмыспен қамтуды басқарудың әдістері
Бағдарлама дағдарысқа қарсы ден қою тетіктерін, еңбек нарығын реттеудің тиімділігін арттыру, оның ішінде еңбек нарығын болжау және мониторингілеу, табысы аз, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты жұмыспен қамтудың белсендi шараларына тарту тетіктерін қамтиды [1].
2020 жылға қарай нәтижелерге қол жеткізу индикаторлары Жұмыспен қамту 2020 жол картасының бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін айқындалған болады.
Бағдарламаны iске асыру шецберiнде қамтылғандардың (санаттар бойынша жалпы санындағы) үлес салмағы:
- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 2014 жылы - 4,8 % және 2015 жылы - 7,0 %;
- жұмыссыздар 2014 жылы - 52,5 % және 2015 жылы - 78,8 %;
- күнкөрісі төмен отбасылардың еңбекке жарамды мүшелерi (тартылған) 2014 жылы - 19,0 % және 2015 жылы - 20,0 % болды.
Бағдарламаның мақсаты- жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру.
Сол мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі міндеттері қарастырылуда:
- Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды жұмыспен қамтудың белсенді бағдарламаларына тарту;
- Индустриализациялау бағдарламасын іске асыру үшін кадр әлеуетін дамыту;
- Атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру.
Бағдарламаны іске асыру бірінші кезекте оқытуға, жұмысқа орналастыруға, тұрғылықты жері бойынша өзінің жеке ісін ашуды ұйымдастыруға жәрдемдесуге, ал мұндай мүмкіндіктер болмаған жағдайда, экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуіне жәрдемдесуге бағытталған.
Бағдарламаны іске асыру мынадай үш бағытта жүзеге асырылатын болады:
- Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және еңбек нарығында олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.
- Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.
- Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.
Бағдарламаны үш кезеңде іске асыру ұсынылады:
2011 жыл пилоттық жыл болды, бұл Бағдарламаны іске асыру механизмдері мен оны құқықтық қамтамасыз етуді пысықтауға мүмкіндік туғызады.
Екінші кезең: 2012-2015 жылдар және үшінші кезең 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейін.
Индустрияландыру картасы жобалары мен Бизнестің жол картасы - 2020 бағдарламасында бар және құрылатын жұмыс орындарын нақты пайдалану үшін ағымдағы және перспективалық жұмыс орындарының автоматтандырылған дерекқоры жұмыс істейді.
Бағдарламаның бірінші бағыты азаматтардың тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналасуына жәрдемдесу арқылы олардың жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтылуын қамтамасыз етуді көздейді және өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарды қамтитын болады.
Бағдарламаға қатысудың басым мүмкіндіктері ауыл жастарына беріледі.
Іске асыру механизмі:
- Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары құжаттардың қажетті тізбесін ұсына отырып, Бағдарламаға қатысу туралы өтінішпен жергілікті жұмыспен қамту органдарына өтініш білдіреді.
Бірінші бағытқа қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетілетін болады: |
|
---|---|
- тегін кәсіптік даярлау, - оқу және тұру қайта даярлау және орнына дейін біліктілігін арттыру жолақысын төлеуге курстарына жолдау; субсидия беру; |
- лайықты бос жұмыс - психологиялық орындарын іздеу және бейімдеу. жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға жәрдемдесу; |
Ескерту. Автормен құрастырылған |
Кесте 2 - Бірінші бағытқа қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың түрлері
- Жергілікті жұмыспен қамту органдары берілген өтініштердің негізінде әлеуетті қатысушылардың тізімін қалыптастырады.
- Қалыптастырылған тізімдер мен әлеуетті қатысушылар туралы мәліметтер аудандық (қалалық) комиссияның қарауына жіберіледі.
- Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша Комиссия мүшелері өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылар қатарына қосу не өтініш беруші Бағдарламаның бірінші бағытына қатысу критерийлеріне сәйкес келмеген жағдайда, одан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Аудандық комиссия отырыстары хаттамаларының көшірмелері жергілікті жұмыспен қамту органдарына жіберіледі.
Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларын анықтау мен өтініш иесін Бағдарламаға қосу жөнінде шешім аудандық (қалалық) деңгейде қабылданатын болады.
Бағдарламаның әрбір қатысушысымен жұмысқа орналасуды қоса алғанда, өзара міндеттемелер туралы шарт болып табылатын әлеуметтік келісімшарт жасалады.
Егер Бағдарламаға қатысушы кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналаса алмаса, оған Бағдарламаның екінші немесе үшінші бағыттарына қатысу ұсынылады.
Екінші бағыттың мақсаты жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыру болып табылады.
Жеке ісін ұйымдастыруды қалайтын және оған мүмкіндігі бар азаматтар Бағдарламаның қатысушылары бола алады. Жеке ісін ауылда ұйымдастыруды қалайтындарға басымдық беріледі.
Осы бағыт бойынша мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетілетін болады:
- консультациялық қызмет көрсету;
- кәсіпкерлік негіздерін оқыту;
- Шағын несие беру;
- жетіспейтін инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту және жайластыру.
Шағын несие беру - ауылда кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі механизмі болады.
Шағын несие қайтарымдылық негізінде 3 млн. теңге сомасында 5 жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Шағын несие жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту үшін беріледі, бұл ретте, ол тұтынушылық мақсаттарға, басқа кредиттерді өтеуге және жылжымайтын тұрғын үй алуға берілмейді.
Соңғы қарыз алушыға кредит бойынша пайыздарды төлеу және негізгі қарызды өтеу бойынша он сегіз айға дейінгі мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылады.
Микроқаржы ұйымдарын іріктеуді конкурстық негізде нақты жергілікті атқарушы органдар арқылы уәкілетті орган жүргізеді.
Соңғы қарыз алушы үшін Шағын несие бойынша жылдық тиімді пайыздық ставканы өңірлік комиссиямен келісе отырып, уәкілетті өңірлік ұйым белгілейді.
Шағын несие беру механизмі:
- Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органға бюджеттік кредит береді.
- Жергілікті атқарушы орган Шағын несие беруді ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті өңірлік ұйымды өзі айқындайды.
- Уәкілетті өңірлік ұйым микроқаржы ұйымдарына кредит берудің белгіленген ережесіне сәйкес Бағдарламаға қатысу үшін микроқаржы ұйымдарын іріктеу бойынша ашық конкурс өткізеді.
- Уәкілетті өңірлік ұйым мен микроқаржы ұйымдары арасында кредит беру туралы шарт жасалады.
- Бағдарламаның әлеуетті қатысушысы жергілікті жұмыспен қамту органының жолдауы бойынша Шағын несие беру туралы өтініммен Бағдарламаға қатысушы микроқаржы ұйымына өтініш білдіреді.
- Микроқаржы ұйымы жобаға бағалау жүргізеді және қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін емес екені) туралы шешім қабылдайды.
- Оң баға алған жобалар бойынша қаржыландыру осы Бағдарламада көзделген шарттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен микроқаржы ұйымдарына кредит беру ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Ауылдағы кәсіпкерлік объектілеріне қолданылып жүрген инфрақұрылымдарына (яғни, телефон және электр жүйелерінің құбырлары, жылу және сумен жабдықтау) қосымша инженерлік- коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу қажет болған жағдайда, бұл шығыстарды егер ол елді мекенді салу жоспарына сәйкес болса, мемлекет өзіне ала алады.
Оның құны бизнес жобаның құнынан аспауы керек.
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның дамытылуын қамтамасыз ету механизмі:
- Жергілікті атқарушы орган инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органды өзі айқындайды.
- Бағдарламаға қатысушылар жергілікті жұмыспен қамту органына қажеттілігі негіздемесімен қоса, жобаны инженерлік- коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету туралы өтініммен өтініш береді.
- Жергілікті жұмыспен қамту органы қалыптастырған өтінімдердің тізімін аудандық (қалалық) комиссиялардың қарауына енгізеді (болған жағдайда).
- Аудандық (қалалық) комиссия (немесе инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті орган) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуды немесе реконструкциялауды қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін емес екені) туралы шешім қабылдайды және оны жергілікті жұмыспен қамту органдарына және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
- Оң қорытынды алған жобалар бойынша өтініш беруші мен инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органның арасында тиісті шарт жасалады.
- Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу немесе реконструкциялау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
- Шартта көзделген инфрақұрылымдық жобаның іске асырылуына мониторинг жүргізу инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға жүктеледі.
Үшінші бағыт. Бағдарламаға қатысушылардың жоғарыда айтылған екі бағыттан өткен соң жалдамалы еңбекпен немесе жеке іспен айналысуға нақты мүмкіндігі болмаған жағдайға арналған.
Экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуге жәрдемдесу:
- бір ауданның ішінде;
- бір облыс шегіндегі бір ауданнан басқа ауданға жүзеге асырылуы мүмкін.
Басым құқықты ауыл жастары иеленетін болады.
Қоныс аударуға қатысуға мынадай критерийлер белгіленеді:
- қатысушы өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар не еңбекке жарамды табысы аз адамдар қатарынан болуы тиіс;
- экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерде тұруға тиіс;
- айлық жиынтық табысы бірге тұратын отбасы мүшелерінің әрқайсысына шаққанда ең төмен күнкөріс деңгейінен аспауға тиіс.
Еңбек нарығындағы нақты жағдайларды ескере отырып, жұмыстар вахталық әдіспен ұйымдастырылуы мүмкін.
Мұндай жағдайда мынадай қолдау түрлері ұсынылады:
- қоныс аударуға субсидия беру;
- сатып алу мүмкіндігімен, үлгілік жалға берілетін тұрғын үй беру;
- осы бағдарлама шеңберінде жаңа тұрғылықты жерінде қайта даярлау курстарынан өту;
- психологиялық бейімдеу.
Барлық бағыттар бойынша мемлекеттік қолдау түрлерін ұсыну тәртібі қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеп жатқан Ережеде толық бейнеленетін болады.
Нақты көшкеннен кейін аталған бағыттың қатысушысы Бағдарламаның бірінші немесе екінші бағыттарына қатыса алады.
Іске асыру механизмі:
- Егер адамдар экономикалық әлеуеті төмен елді мекенде тұратын болса немесе Бағдарламаға қатысушыны Бағдарламаның бірінші және екінші бағыттары шеңберінде жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаса, ол жергілікті жұмыспен қамту органына Ережеде белгіленген құжаттар тізбесін қоса отырып, қоныс аударуға өтініш бере алады.
- Жергілікті жұмыспен қамту органы Бағдарламаның үшінші бағытына қатысуға берілген құжаттарды іріктеу өлшеміне сәйкес қарайды, қоныс аударудың ықтимал жолдарын өтініш берушімен келіседі және көшетін жеріне байланысты құжаттарды өңірлік немесе аудандық (қалалық) комиссияға жолдайды.
- Өңірлік немесе аудандық (қалалық) комиссия өтініш білдірушілерді Бағдарламаға қатысушылардың тізіміне енгізу туралы шешім қабылдайды не енгізуден бас тартады және шешімді жергілікті жұмыспен қамту органына жібереді.
- Қоныс аудару бір облыс шегінде бір ауданнан басқа ауданға жүзеге асырылатын жағдайда, аудандық комиссия әлеуетті қатысушылардың тізімін Бағдарламаға қатысушылардың жалпы тізімін келісу және қалыптастыру үшін өңірлік комиссияға жолдайды.
Өңірлік комиссия азаматтар мен оралмандарды бағдарламаның аталған бағыттарына қатысушылар қатарына қосу жөнінде түпкілікті шешім шығарады және тиісті ақпаратты аудандық комиссиялары мен жергілікті жұмыспен қамту органдарына жібереді.
Бағдарламаны іске асыруды басқару жоғарыдан төмен басқару құрылымына ие болады, оның құрамына Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы ведомствоаралық комиссия мен облыстық және аудандық деңгейдегі комиссиялар кіреді.
Үшінші бағыт жұмыс берушінің қажеттігі шеңберінде еңбек әлеуетін дамыту, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының кәсіптік және аумақтық ұтқырлығын арттыру жолымен халықты жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтылуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Үшінші бағыттың мынадай құрамдас бөліктері бар:
- оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
- жұмыс берушінің қажеттілігіне сәйкес еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.
Аталған құрамдас бөлік жұмысқа орналасуға, даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға қатысуға құқығы бар адамдарға көмек көрсетуге бағытталған шараларды қамтиды.
Аталған бағыт шеңберінде Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетіледі:
- кәсіптік оқу, жұмысқа орналасу және кәсіптік бағдарлану мәселелері бойынша консультация;
- тегін біліктілікті арттыру, кәсіптік даярлау және қайта даярлау курстарына (бұдан әрі - кәсіптік оқыту) жіберу;
- кәсіптік оқуға материалдық көмек беру;
- лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына орналасуға жәрдемдесу;
- әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жеке тұлғалардың жалақысын ішінара субсидиялау;
- жастар практикасына жіберілген жеке тұлғаларға еңбекақы төлеу.
Кадрларды даярлау және қайта даярлау Жол картасы мен индустрияландыру картасының жобаларын іске асыру үшін қажетті мамандықтар, сонымен қатар шетелдік жұмыс күші тартылатын мамандықтар бойынша жүргізілді.
Әсіресе, индустрияландыру жобалары үшін мамандарды даярлаудың мемлекеттік білім беру тапсырысын арттыруға айрықша назар аударылды. Аталмыш шаралар айрықша сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіби дайындыққа 33750 мектеп түлектерін бағыттауға мүмкіндік берді. Білім алғандардың басым бөлігі электр газ сварщик, автокөлік жүргізушісі, темір ұстасы, монтаждаушы, электрик, электромонтер, сылақшы, әктеуші, тас қалаушы, машинист, ағаш ұстасы, тракторист- машинист мамандықтарына қатысты болды.
Аталмыш мамандық иелеріне Жол картасының жобалары мен әрекет етуші бос орындарға жұмысқа орналастыру қамтамасыз етілді. Осының барлығы Қазақстанда тек тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар тұрақты постдағдарыстық даму үшін жағдай жасауға негіз болатын шаралар болды. Соңғы жылдары Қазақстан Үкіметімен жаңа жұмыс орындарының к?здері болып табылатын елді индустрияландыру, жүйелік қолдау, бизнесті дамыту үшін жағдай жасау бойынша шаралар да қабылданды.
Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту ұзақтығы оқу бағдарламасының мазмұнына қарай белгіленеді: |
||
---|---|---|
1) кәсіптік даярлау жүргізу кезінде – он екі айдан; |
2) қайта даярлау кезінде - алты айдан; |
3) біліктілікті арттыру кезінде - үш айдан аспауға тиіс. |
Ескерту. Автормен құрастырылған |
Кесте 3 - Кәсіптік оқыту ұзақтығы
Бірақ, еңбек нарығының қарқынын сипаттайтын оңтайлы көрсеткіштерге қарамастан, отандық еңбек нарығының құрылымындағы мәселелердің бірі болып табыс деңгейі төмен өз бетінше жұмыспен қамтылғандар үлес салмағының жоғары болуы табылады [2].
Кәсіптік оқыту. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында айқындалған тәртіппен орналастырылатын мемлекеттік білім беру тапсырысына кіреді.
Кәсіптік оқыту кадрларды даярлаудың екіжақты үлгі қағидаттарында жүргізілуге тиіс.
Жалдамалы қызметкерлерді өндірістен қол үзіп немесе қол үзбей кәсіптік қайта даярлау және біліктілігін арттыру Бағдарламаға қатысушының жұмыс орнының сақталу шартымен жұмыс берушілердің өтінімі бойынша жүзеге асырылады.
Іске асыру тетігі:
- Бағдарламаға қатысуға үміткерлер Бағдарламаға қатысуға өтінішпен тұрғылықты жерінде ауданның, қаланың халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді және Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына сәйкес құжаттарды ұсынады;
- Халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынылған құжаттарды қарайды және Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға ұсынылған құжаттардың сәйкестігін тексеру негізінде Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (не одан бас тарту) туралы шешім шығарады;
- Бағдарламаға қатысушыларға халықты жұмыспен қамту орталықтары Дерекқорда бар жұмыс орындарына не жұмыс берушілер өз бетінше немесе жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы мәлімдеген жұмыс орындарына, жалақыны ішінара субсидиялаумен әлеуметтік жұмыс орындарына, сондай-ақ жастар практикасын өту үшін жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді;
- қажетті кәсіптік біліктілігі болмағандықтан жұмысқа орналаса алмайтын Бағдарламаға қатысушылар кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқуға, сондай-ақ жұмыс берушілер өз бетінше немесе жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы мәлімдеген тиісті жұмыс орындарына жіберіледі.
- үміткерлерді - Бағдарламаға қатысушыларды іріктеуді кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін іріктелген үміткерлерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін жұмыс берушілер жүргізеді.
- кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымын және мамандықты (кәсіпті) таңдауды Бағдарламаға қатысушы жұмыс берушінің келісімі бойынша өз бетінше жүргізеді.
- Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру үшін тұрақты жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілер:
- кәсіптік оқудан өткізуге үміткерлерді іріктейді;
- Бағдарламаға қатысушы таңдаған Қазақстан Республикасының аумағында кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымын келіседі;
ағымдағы және перспективалық қажеттілікті ескере отырып, Бағдарламаға қатысушы таңдаған, оқытылатын мамандықты (кәсіпті) келіседі;
- Бағдарламаға қатысушылар (жеке тұлғалар):
- Қазақстан Республикасының аумағында кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымын өз бетінше таңдайды;
- ағымдағы және перспективалық қажеттілікті ескере отырып, оқытылатын мамандықты (кәсіпті) таңдайды;
- Бағдарламаға қатысуға үміткерлерді іріктеуді жұмыс берушілер:
халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынатын Бағдарламаға қатысушылар арасынан таңдайды
- өз бетінше, оның ішінде жұмыспен қамту агенттіктері арқылы іздестіреді;
- бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріне қатысу арқылы жүргізеді.
- жұмыс берушілер өз бетінше, оның ішінде жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы іздестіру немесе бос жұмыс орындары жәрмеңкелері арқылы іріктеген үміткерлер Бағдарламаға қатысу үшін Бағдарламаға қатысуға өтінішпен тұрғылықты жерінде ауданның, қаланың халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді және Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына сәйкес құжаттарды ұсынады;
- кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын ұйымды таңдау Тізбесі Бағдарлама операторының, сондай- ақ білім беру саласындағы уәкілетті органның, Бағдарлама операторының жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың және халықты жұмыспен қамту орталықтарының интернет- ресурстарында орналастырылған ұйымдар ішінен жүргізіледі;
- халықты жұмыспен қамту орталықтары кәсіптік оқыту үшін жұмыс берушілер іріктеген Бағдарламаға қатысушылармен білім беру ұйымы мен жұмыс беруші тараптары қатысатын әлеуметтік келісімшарт жасайды.
Жұмыс беруші мен білім беру ұйымы әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы жауапты лауазымды адамның қолымен және мөрмен расталған жазбаша өтініш (хабарлама) беру арқылы әлеуметтік келісімшарт жасасуды растайды.
Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру үшін тұрақты жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілер өтініште (хабарламада) Бағдарламаға қатысушылардың деректерін, оларды оқытуды ұйымдастыру жоспарланып отырған мамандық (кәсіп), білім беру ұйымын, өндірістік практикадан өту орнын және оқу аяқталғаннан кейін жұмыс істеу кезеңін көрсетеді.
Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары өтініште (хабарламада) мамандығы (кәсібі), оқытудың ұзақтығы мен құны, өндірістік практикадан өтетін ықтимал орны мен шарттары туралы ақпаратты көрсетеді;
- әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын Бағдарламаға қатысушылар, жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдары тарапынан халықты жұмыспен қамту орталықтары, халықты жұмыспен қамту орталықтары тарапынан ауданның (қаланың) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бақылайды;
- Бағдарламаға қатысушы кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін жұмыс беруші әлеуметтік келісімшарт талаптарына сәйкес жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді.
Кәсіптік оқуға қабылданған адамдардың оқуын қаржыландыруды 2013 жылға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі көрсетілген адамдар оқуды толық аяқтағанға дейін жүзеге асырады.
Кәсіпорындардағы оқу орталықтарында кәсіптік оқыту.
Кәсіптік оқытуды заңды тұлға болып табылатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру қызметін жүзеге асыруға құқығы бар оқу орталықтары (өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар жанындағы) жүзеге асыра алады.
Кадрларды фирмаішілік (өндірісішілік) даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыру жүйесін дамыту және жетілдіру мақсатында, сондай- ақ оқу орталықтарының (өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар жанындағы) Бағдарламаға қатысу мүмкіндігін жүзеге асыру үшін, базасында оқу орталықтары жұмыс істейтін жұмыс берушілер Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытуды жүзеге асыруы мүмкін [3].
Қатысушылардың жартысына жуығының оқу барысында бағдарламадан шығуының себептері (олардың объективті және субъективті деп б?луге болады) болып келесілер табылады:
Субъективті себептер:
- оқудың өз бетінше жұмыспен қамтылумен үйлесімсіздігі (өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың қалыпты табыс деңгейін жоғалтуы);
- білім деңгейінің бастапқы деңгейінің төмен болуы қайта оқытуды қиындатады.
Объективті себептер:
- бағдарлама қатысушыларында оқу орнын таңдау мүмкіндігінің болмауы (себебі өз қызығушылықтарына байланысты таңдауды жұмыс беруші жүзеге асырып, бұл кейде жұмыс беруші мен оқу орны арасындағы келісімнің жүзеге асырылуына әкеледі).
Әлеуметтік жұмыс орындары.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан Бағдарламаға қатысушылардың жалақысын 12 айдан артық емес мерзімде мемлекеттің ішінара субсидиялауы жұмыс берушінің қаражаты есебінен жалақыны 6 айдан кем емес мерзімге толық төлеуді көздейтін еңбек шартын жасасқан жағдайда іске асырылады.
Бір айдағы жалақыға берілетін субсидия мөлшері салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескере отырып:
- алғашқы 6 айда жалақының 50 %-на дейін құрайды, бірақ 26 мың теңгеден аспайды;
- келесі 3 айда жалақының 30 %-на дейін құрайды, бірақ 15,6 мың теңгеден аспайды;
- кейінгі 3 айда жалақының 15 %-на дейін құрайды, бірақ 7,8 мың теңгеден аспайды.
Жастар практикасы.
Жастар практикасына қатысушылардың жалақысын субсидиялау 6 айдан артық емес мерзімде жұмыс берушінің қаражаты есебінен жалақыны 6 айдан аспайтын мерзімге толық төлеуді көздейтін еңбек шартын жасасқан жағдайда іске асырылады.
Жастар практикасына жіберілген Бағдарламаға қатысушылардың еңбекақысын субсидиялау мөлшері айына 17,2 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны және банк қызметтерін ескере отырып) құрайды. Азаматтардың жастар практикасына қатысу және оларға мемлекеттік қолдау көрсету шарттары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында айқындалады.
Еңбек нарығының жағдайына талдау жасай отырып, біз халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру механизмдерін ұсынып отырмыз.
Аталмыш механизмнің қызметі төмендегідей:
- мектептерде кәсіби бағдар беруді арнай пән ретінде енгізу керек. Онда Қазақстан Республикасы бойынша ЖОО туралы және мемлекетімізде дайындалатын барлық мамандықтар бойынша толық мәлімет беру;
- ЖОО мен мектептер арасында байланысты күшейту. ЖОО өздерінде дайындалатын мамандықтардың ерекшеліктерін түсіндіру және болашақта сол мамандық бойынша қайда жұмыс істеуге болатыны жөнінде ақпарат беру;
- ЖОО мен жұмыс орындары арасында байланыс орнату. Өндірістік іс-тәжірибеден өтуді дұрыс жолға қою. ЖОО еңбек нарығының сұранысын қанағаттандыратын және бәсекеге қабілетті мамандар дайындауды ұйымдастыру;
- өңірде кәсіптік білім беруді дамыту. Кәсіптік білім беру саласын жұмыс берушілердің сұранысы мен еңбек нарығын бағдарлай отырып әрекет етуге бейімдеу.
- кадрларды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру. "Индустрияландыру картасы және "Бизнестің жол картасы - 2020" жобалары негізінде индустриялық секторды кеңейтуге қажетті мамандықтарды анықтау бойынша өңірде жұмыстар өз жалғасын табу қажет. Өңірдегі еңбек нарығы жан- жақты әрі терең зерттелсе, алдағы жылдары сұранысқа ие болатын мамандар тізбесі анықталады.
- нарықтық экономика жағдайында еңбек биржасының қызметін жандандыру.
Еңбек биржалары арқылы қандай бос жұмыс орындары бар екенін біліп жұмыспен қамтылуға ниет білдіру.
Ұсынылған механизм бір-бірімен байланысып толық жұмыс жасаған кезде халықты жұмыспен қамтуды жүзеге асыруда тиімді болар еді.
Елбасының тапсырмасы бойынша өңделген Жаңа Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасының міндеті - азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға тартумен қатар, индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру үшін кадрлық әлеуетті дамыту болса, басты мақсаты - халықтың табыстарын арттыру болды.
"Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" және оның алдында іске асырылған бағдарламалардың іске асырылуын талдау мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.
Бағдарлама келесі өнімдерді өндірді:
- жұмыс орындарының барлық типтеріне шамамен 234 мың адам жұмысқа орналастырылып, оның ішінде 132,3 мың адам тұрақты жұмыс орындарына бағыталды;
- 250 мыңнан астам азаматтар кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағытымен қамтылған. 20 мыңға жуық адамдар кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды;
- 19 мыңнан астам адам шағын несиелер алып, 14 мыңнан астам қосымша жұмыс орындарын ашты;
- 11,3 мыңнан астам адам экономикалық қолайсыз ауылдардан к?шу мүмкіндігіне ие болып, жаңа орында тұрғын үймен қамтамасыз етіліп, ал к?шіп келген отбасылардың еңбекке жарамды мүшелерінің 80%-ға жуығы жұмысқа орналастырылды;
- ауылдық инфрақұрылымды дамыту бойынша 2277 жобалар іске асырылып, нәтижесінде 30 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды.
Бағдарлама қатысушыларының құрамы бойынша жұмыссыздар (63,4%) үлесі басым. Екінші орынды өз бетінше жұмыспен қамтылғандар (30,1%) иеленіп отыр. Әлеуметтік шартқа отырған қатысушылардың қалған бөлігі аз қамтылғандардан (5,8%) және жалдамалы жұмыскерлерден (0,7%) құралған [4].
Әдебиеттер тізімі:
- Куангалиев Б.К. Халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары/. Қызылорда, 2012. 30 б
- Мұсатаева Ә.А. Қазақстандағы нәтижелер бойынша мемлекеттік басқару/. Қарағанды, 2014. 5083 б.
- Қазақстан Республикасының Президентi - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2050" стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы. "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" - Қолжетімділік тәртібі: https:// dkz.mzsr.gov.kz/kk
- Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі. - Қолжетімділік тәртібі: http://egov.kz/wps/ portal/index