2018 жылы Қазақстан экономикасы сыртқы экономикалық ахуалдардың біртіндеп жақсаруы жағдайында дамыды. 2018 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің нақты өсуі 2017 жылғы 1,1 %-ға қарағанда 4,0 %-ды құрады.
Экономиканың өсуі ішкі сұраныстың қалпына келуі есебінен қамтамасыз етілді, бұл экономикаға жаңа инвестицияларды тарту, сондай-ақ сауда-саттық салаларында өндірісті кеңеюінен және экономиканың барлық дерлік салаларындағы теңгерімді өсуінен орын алды.
Оң сыртқы жағдайдың негізгі факторларына әлемдік нарықтағы мұнай мен металл бағасының өсуін және негізгі сауда серіктестердің - Еуропалық Одақтың (бұдан әрі - ЕО), Ресей мен Қытайдың экономикалық жағдайларының жақсаруын жатқызуға болады. 2018 жылы Brent маркалы мұнайдың әлемдік бағасы бір жылда орташа есеппен барреліне
- АҚШ долларын құрады.
Экономиканың нақты секторында тау - кен өндіру өнеркәсібінің қарқынды өсуі байқалады. Жалпы, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2018 жылы 7,1 %-ға өсті. Мұнай, табиғи газ, металл кені, көмір және лигнит өндірісінің ұлғаюы өнеркәсіптің өсуіне айтарлықтай әсер етті. Тау - кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс 9,3 %-ға, өңдеу өнеркәсібінде 5,1 %-ға өсті. Өндіруші салалардың қарқынды өсуіне қарамастан, ЖІӨ-нің өсу көздері экономиканың шикізаттық емес сегментінде шоғырланған.
Экономиканың негізгі өсу факторларының бірі инвестициялық белсенділікті арттыру болды. Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы) және Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - ИИДМБ) аясында индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру нәтижесінде негізгі капиталға инвестициялар көлемі 5,5 %-ға 8,7 трлн. теңгеге дейін өсті. Бұл ретте инвестициялардың ең көп өсуі: ауыл шаруашылығында - 29,3 %-ға, саудада - 21,8 %-ға, құрылыста - 11,8 %-ға, байланыс қызметінде - 9,5 %-ға және өндіру өнеркәсібінде - 3,8 %-ға байқалады.
Сыртқы сауда серпіні жақсарды. Сыртқы сауда айналымы 2018 жылы 77,6 млрд. АҚШ долларын құрады және 2017 жылмен салыстырғанда 25,0 %-ға, оның ішінде экспорт - 48,3 млрд. АҚШ долларына (өсу 31,6 %-ға), импорт - 29,3 млрд. АҚШ долларына (өсу 1 %-ға) ұлғайды.
Іскерлік белсенділік аясында экономиканы кредиттеудің өсуі байқалады. 2018 жылы берілген кредиттер көлемі 10,0 %-ға өсіп, 10 819,1 млрд. теңгені құрады.
Депозиттер 3,0 %-ға төмендеп, 17 509,7 млрд. теңгеге жетті, оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері 9 388,8 млрд. теңге (8,1 %-ға төмендеді), жеке тұлғалардың депозиттері 8 120,9 млрд. теңге (3,7 %-ға ұлғайды). Ұлттық валютадағы депозиттердің үлесі 2016 жылдың желтоқсанында 45,5 %-дан 2017 жылдың желтоқсанында 52,3 %-ға дейін өсті.
Елдің халықаралық резервтері 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 89,1 млрд. АҚШ долл. құрады және бір жыл ішінде 2,0 %-ға қысқарды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шетел валютасындағы активтері 2017 жылдың басынан бері 4,7 %-ға 58,3 млрд. АҚШ долларына дейін төмендеді. Ұлттық Банктіңалтын-валюта активтері 30,7 млрд. АҚШ долларын құрап, 3,5 %-ға өсті.
Жыл қорытындысы бойынша инфляция 7,1 %-ды құрады, бұл 2016 жылғы қорытындыдан 1,4 пайыздық тармаққа төмен. Баға өсіміне салынған негізгі үлес - 2,7 пайыздық тармақты құраған азық-түлік емес тауарларының қымбаттауы, оның бағасы 2018 жылы 8,9% -ға өсті. Азық-түлік тауарларының бағалары 6,5 %-ға (үлесі - 2,5 пайыздық тармақ), ақылы қызметтер - 5,9 %-ға (үлесі - 1,9 пайыздық тармақ) өсті. Жұмыссыздық деңгейі 4,9 %-ды құрады.
2018 жылы Қазақстанның экономикасы дамудың жоғары серпінін сақтауда және 1 тоқсанның қорытындысы бойынша экономиканың өсуі өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі 3,6 % қарағанда 4,1 %-ды құрады.
Өсудің негізгі қозғаушы күші байланыс қызметтері (өсуі 6,3 %), сауда (6,2 %), құрылыс (5,9 %) және өнеркәсіп (5,3 %) болды.
Тау - кен өндіру өнеркәсібі 5,1 % және өңдеуші өнеркәсіптің 6,2 % жоғары өсу қарқыны есебінен 2018 жылдың басынан бастап өнеркәсіптік өндіріс оң серпінді көрсетіп отыр.
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1 млрд. теңге құрап, 39,5 %-ға өсті. Инвестициялардың елеулі өсуі көлік саласында (58,5 %-ға), құрылыста (57,2 %-ға), өнеркәсіпте (51,6 %-ға) және саудада (47,3 %-ға) байқалады.
Әлемдік нарықтағы қолайлы баға конъюнктурасы және экспорттың импорттан басым болуы сыртқы саудада жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге ықпал етті. Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында елдің сыртқы сауда айналымы 23,5 %-ға ұлғайып 13,3 млрд. АҚШ долларын, оның ішінде экспорт 8,8 млрд. АҚШ долларын (өсім 27,4 %-ға), импорт - 4,5 млрд. АҚШ долларын (өсім 16,6 %-ға) құрады.
Инфляция төмен қарқынды сақтауда. Ағымдағы жылдың науырызында, жылдың басына қарағанда, 1,8 % құрады. Жылдық мәндегі инфляция деңгейі 6,6 % құрады, бұл белгіленген шеңбер (5-7 %) шегінде орналасқан.
2018 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бағалауы бойынша экономиканың өсуі 3,8 % деңгейінде болжанып отыр.
Орта мерзімді перспективада Қазақстан Республикасының әлеуметтік- экономикалық саясаты мемлекеттік және салалық бағдарламаларды ескере отырып Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2050 стратегиясын», бес институционалдық реформа бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын одан әрі іске асыруға бағытталады.
Әлемдегі қалыптасқан геоэкономикалық жағдайды, әлемдік тауар нарықтарында сақталған белгісіздік пен қазақстандық экономиканың жаңа сыртқы және ішкі даму жағдайларына бірте-бірте бейімделуін ескере отырып, негізгі күш-жігер қазақстандық экономиканың икемді моделін құруды жалғастыруға жұмсалатын болады.
Бүгінде әлем төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.
Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде.
Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп, «Қазақстан-2050» даму стратегиясын қабылдадық.
Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойдық.
Индустрияландыру бағдарламасы табысты іске асуда. «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданды. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары жасалды.
Біздің ұзақ мерзімді мақсаттарымыз өзгеріссіз қала береді.Қажетті бағдарламалардың барлығы бар. Жыл қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің өсуі 4 процент болып, ал өнеркәсіптік өнімнің өсуі 7 проценттен асты.
Бұл орайда, өнеркәсіптің жалпы көлемінде өңдеуші сектордың үлесі 40 проценттен асып түсті. Қазақстанның қолайлы дамуы орта таптың қалыптасуына мүмкіндік берді. Кедейшілік 13 есе қысқарып, жұмыссыздық деңгейі 4,9 процентке дейін төмендеді.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық табыстарының негізі - біздің басты құндылықтарымыз ретінде қала беретін азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім.
Дегенмен, Қазақстанның жетістіктері сенімді тірек саналады, бірақ ол ертеңгі табыстарымыздың кепілі емес екенін жақсы сезінуіміз керек.
«Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келеді. Елімізге дамудың жаңа сапасы қажет.
Жаһандық трендтер көрсетіп отырғандай, ол, бірінші кезекте, Төртінші өнеркәсіптік революцияэлементтерін кеңінен енгізуге негізделуі тиіс.
Еңбек нарығының тиімділігін қамтамасыз етіп, әрбір адамның өз әлеуетін іске асыра алуы үшін жағдай жасаудың маңызы зор. Барлық негізгі мамандық бойынша заманауи стандарттар әзірлеу қажет.
Бұл стандарттарда жұмыс берушілер мен бизнесмендер еңбеккерлердің білімі, қабілеті мен құзыретінің қандай болуы қажеттігін нақты белгілейді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл іске жауапсыздық танытып, атүсті қарап отырды. Адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау керек.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнесті үйрету жөніндегі жұмыстары қолдауға тұрарлық. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында оның құралдарын нығайта отырып, халықтың осы санаттарын кеңінен тарту қажет.Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеу үдерісін мейлінше жеңілдетіп, оларға мемлекет алдындағы міндеттерін адал атқару тиімді болатындай жағдай туғызу қажет.
Қазақстандықтардың жаңа жұмыс орнын салыстырмалы түрде тезірек иеленуге, соның ішінде еліміздің басқа да елді мекендерінен жұмыс табуға мүмкіндігі болуға тиіс.
2018-2022 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі мақсаты - экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету және ең дамыған 30 елдің қатарына ілгерілеуді жалғастыру.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін орта мерзімді кезеңге айқындалған әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі басымдықтары мыналар:
- ақша-несие саясатының ынталандырушы рөлін қалпына келтіру мен экономиканы қаржыландыруға жеке меншік капиталды тарту, орта мерзімді перспективада инфляция деңгейін 3-4%-ға дейін кезең-кезеңмен төмендету, банк секторын сауықтыру, қор нарығын дамыту, салық саясатының ынталандырушы рөлін қамтамасыз ету, бюджет шығыстарын ұтымды ету, фискалдық орталықсыздандыру арқылы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
- цифрлық технологиялар мен сервистерді қолдана отырып, жаңа индустрияларды насихаттау, оның ішінде денсаулық сақтау және білім беруде насихаттау, Интернетке кеңжолақты қолжетімділікті (бұдан әрі - КЖҚ) қамтамасыз ету және 3⑉-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг және басқа да перспективалы салаларды дамыта отырып, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру есебінен технологиялық жаңғырту;
- базалық салаларды технологиялық қайта жарақтандыру, индустрияландыру, агроөнеркәсіптік кешенді, көліктік және логистикалық инфрақұрылымды, сондай-аққұрылыс секторын дамыту, экспортты ілгерілету, инвестицияларды тарту, тау-кен- металлургия және мұнай-газ кешендерінің стратегиялық маңызын сақтау, Индустрия 4.0 элементтерін енгізу, сондай-ақ экономиканың базалық салаларының еңбек өнімділігін арттыру арқылы экономиканың дәстүрлі салаларын дамыту. Еңбек нарығын жаңғырту мақсатында қызметкерлердің басқа салаларға басқарылатын көшу үшін жағдайлар жасалатын болады;
- Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының шеңберінде қамтуды ұлғайту, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын (бұдан әрі - БЖК 2020) .
- 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде білім беру жүйесінің ролін өзгерту, үш тілде білім беруге кезең-кезеңмен көшу, «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беруді» іске қосу, денсаулық сақтау жүйесін қайта құру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (бұдан әрі - МӘМС) енгізу, денсаулық сақтауды ақпараттандыру, ең төменгі күнкөріс деңгейін қайта қарау және атаулы әлеуметтік көмек көрсету (бұдан әрі - АӘК) шегін көтеру арқылы адами капитал сапасын жақсарту;
- ЭЫДҰ-ң үздік тәжірибелері мен ұсынымдарын имплементациялау және жеке меншік пен құқық институттарын күшейту, әкімшілік және қылмыстық заңнамаларды ізгілендіру, кәсіпкерлік саланы қылмыстық сипаттан арылту, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы институционалдық қайта құру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтау және жою бойынша жұмысты күшейту;
- жаңа экономикалық интеграциялық бірлестіктер жағдайларына экономиканы және бизнесті бейімдеу. Қазақстанның халықаралық интеграциясы Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2014 - 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында айқындалған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес жүзеге асырылады.
Одан әрі іске асыру, бизнес пен мемлекеттік-жекешелік әріптестікті кеңейту үшін шығасылардың барлық түрлерін азайту есебінен бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі - ЭЫДҰ) стандарттарына сәйкес монополияға қарсы реттеу құралдарын тиімді қолдану арқылы экономикаға мемлекеттің қатысуын нақты шектей отырып, сапалы институционалдық ортаны қалыптастыру жолымен бәсекелестікті және жеке капиталды дамыту жалғасады.
Бизнес ахуалды жақсарту мақсатында бизнесті қолдаудың институционалдық негізін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жалғастырылады.
Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселесі жөніндегі заң жобасы шеңберінде бақылау-қадағалау қызметін реформалау, ақпараттық құралдарды реттеуді және реттеушілік әсерді талдау тетіктерін жетілдіру, табиғи монополия субъектілері мен квазимемлекеттік сектор ұсынатын міндетті қызметтерді реформалау, сондай-ақ бәсекелестікке кедергі келтіретін нормаларды алып тастау бойынша өзгерістер енгізілетін болады.
Заңнамалық актіні қабылдау мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін түбегейлі өзгертеді. Профилактикалық бақылау институты енгізілетін болады. Қолданыстағы тексеру жүйесінен айырмашылығы - бұл әкімшілік іс қозғаусыз заңның бұзылуын болдырмау және алдын-алу болып табылады. Бизнеске бақылау және қадағалау жүктемесі айтарлықтай төмендейді, мәселен 114 бақылаудан 20 саланы алып тастау, бақылау функцияларын және есептер санын 30% қысқарту ұсынылады.
Білім беру саласында Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және сапасын арттыруға ерекше назар аударылатын болады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі инфрақұрылым жергілікті бюджет пен МЖӘ тетіктері есебінен мемлекеттік және жеке меншік балабақшалар, шағын орталықтар салу және ашу арқылы кеңейту жалғастырылатын болады.
Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыруда сабақтастық құрылады. Балаларды жастайынан дамытудың кешенді жүйесі денсаулықты, тиімді тамақтануды, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ерте жастан когнитивті, әлеуметтік және өздігінен оқу дағдыларына үйретуге бағытталатын болады.
Орта білім беру жүйесінде оқушылардың бойында функционалдық сауаттылықты, сыни ойлауды, білімі мен дағдыларын нақты өмірде қолдану қабілеттерін қалыптастыруға бағдарланған жаңартылған қамтуды енгізу жалғастырылады. Оқу бағдарламаларына жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық модельдеуді, бағдарламалауды, робот техникасын және бастауыш технологиялық даярлауды дамытуға бағытталған STEM-элементтері енгізілетін болады.
Педагогикалық мәртебенің беделін арттыру үшін ұлттық біліктілік тестілеудің нәтижесі бойынша кәсіптік даярлық деңгейін, құзыреттілігін, жеке қасиеттерін бағалайтын мұғалімдерге арналған санаттардың жаңа торы енгізілетін болады.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мемлекет кепілдік берген бірінші жұмысшы мамандығын алу тегін қамтамасыз етілетін болады, оның ішінде барлық тілек білдірушілерге оқу орталықтары мен колледждердің базасында курстық даярлау арқылы.
Өнімді жұмыспен қамту. Еңбек ресурстарының сапасы мен әлеуетін арттыру, экономика салаларын Үшінші технологиялық жаңғыру және Индустрия 4.0 білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында жұмыспен қамтудың жаңа құрылымы мен техникалық және жоғары, техникалық және кәсіби білімнің сапасын жаңғыртуды ескере отырып, кадрлар даярлау бойынша жүйелі шаралар қабылданатын болады.
Еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіби дағдылар мен біліктіліктерді алу, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ еңбек делдалдығының тиімді моделін құру үшін 2017 - 2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыру басталды.
Бағдарлама шеңберінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар және өзге де біліктілігі жоқ адамдар өнімді жұмыспен қамтуға үш бағыт бойынша тартылады.
Бірінші бағыт бойынша колледждер базасында 2,5 жылға дейін тегін техникалық және кәсіптік білім беріледі, сондай-ақ колледждер және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының оқу орталықтары базасында оқыту мерзімі 1 айдан 6 айға дейінгі қысқа мерзімді дуальді оқыту курстары ұйымдастырылған.
Екінші бағыт шеңберінде Бағдарлама қатысушыларын «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды іске асыру жалғасады және ауылда және қалаларда кәсіпкерлікке ынталандыруды қолдау іске асырылуда.
Бағдарламаның үшінші бағыты азаматтарды жұмыспен қамтуда атаулы қолдау көрсетуді күшейтуді, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруды және еңбек нарығының инфақұрылымын дамытуды көздейді.
Жеке меншік жұмыспен қамту агенттіктердің жұмыссыздарды жұмысқа тарту арқылы еңбек нарығындағы инфрақұрылымды жаңғырту жалғасады. «Халықты жұмыспен қамту саласындағы аутсорсинг қызметтері» ұғымы енгізілетін болады.
Әдебиеттер
- Т.С.Пантелеева; Г.А.Червекова. «Экономические основы социальной работы».
- Государство и бизнес в 4 томах.
- Асеев В.Г. Нормативное управление социальным развитием Алматы. 2016.
- Ветров Н.С. Финансирование социальных программ . Алматы.,2015.
- Долотин Б. Регулирование социальной сферы Алматы, 2016.
- Измерения в социальной работе. Энциклопедия социальной работы в 3-х т. Т. 1. Пер. с англ. М., 2015.
- Бекишев. Социально - экономические основы дифференциации обеспечения нетрудоспособных. Алматы, 2017.
- Организация социального обслуживания. // Сборник нормативных актов(2015-2017). Мин. Соц. Защиты населения РК.