Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Баланың дамуында балабақшаның рөлі

Білім берудің алғашқы баспалдағы болып табылатын мектепке дейінгі білім беру мекемесі көптеген қызметтер атқарады. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің міндеттерінің бірі баланы жан-жақты дамытумен қатар, балалардың мектепке дейінгі мекемеге бейімделуі мәселесін шешуі аса маңызды болып табылады. Баланың одан әрі даму табыстылығы көп жағдайда балабақшаға бейімдеу жұмыстарының қаншалықты сапалы әрі дер кезінде ұйымдастырылуына байланысты. Осыдан, мектепке дейінгі жастағы балалардың бейімделу мәселесінің аса маңызды екендігін аңғаруға болады.

Балалардың жаңа жағдайға бейімделу үрдісі психологтардың, психиатрлар мен әлеуметтанушылардың назарынан тыс қалған емес, аталмыш мәселе бойынша педагогикалық зерттеулер Н.Д. Ватутина, Н.Ф. Виноградова, Т.А.Куликова, С.А.Козлова, М.Л.Печора, Р.В. Тонкова- Ямпольская еңбектерінде жасалған.

Әрбір бала дамуы үшін балабақша қажет деген пікір кең таралған. Шынымен де балабақша балаға не бере алады? Балабақшаға келген балада өзіне жақын ортамен салыстырғанда басқа нормалар үстемдік ететін жаңаәлеуметтік қатынастар туралы түсініктер қалыптасады. Олардың бастысы - әлеуметтік даму үшін жасалатын жағдайлар (құрбы-құрдастармен қарым- қатынас жасау мүмкіндігі, топқа ену, ынтымақтасу икемділігі, белгілі бір ережелерге бағына білу, өзара әрекеттесу нормаларын сақтау т.б.). Бұл кезеңде болашақ ересектік (әлеуметтік) кезеңге дайындық басталады.

Қазіргі балалардың көпшілігінің балабақшаға баруы - мектеп алдындағы баспалдақ болып табылады. Балабақшаның негізгі міндеттерінің бірі оқыту, баланы оқу үрдісіне тарту, мектепке даярлау. Баланың мектептегі болашағы балабақшадағы тәрбиешілердің дайындау деңгейіне байланысты. Олар баланың мектепте оқуға ықыласын ояту үшін баланың қабілеттерін дамытып, оларда оқу іс-әрекетіне деген қызығушылықты арттыруы керек.

Бала өзінің жаңа рөлдеріне дағдыланып, үлкендермен «ресми» қатынастар орнатуды үйрене бастайды - бұл олардың мектептің күрделі жағдайларына бейімделуіне қажет. Көптеген аналар балаларымен жұмыс жасауда олардың оқу дағдыларын - оқуды, жазуды, есептеуді нашар меңгеретінін, яғни үнемі алаңдап, қыңырлыққа салынатынын ескертеді. Әрине, бала анасын педагог ретінде қабылдамайды, ол педагогқа қарағанда жақынырақ, қауіпсіз, эмоционалды болып келеді. Бұл ұнамды рөлді өздеріне сақтап, оқыту міндеттерін мамандарға неге тапсырмасқа?

Балабақшада тәрбиеші баланы ересекке жақын ұстайды. Ол тәрбиелеумен, тынығуды (бос уақытты) ұйымдастырумен айналысады. Кейбір жағдайда үлкендер балаларын балабақшаға бере отырып, бала тәрбиесіне жауапкершілікті тәрбиешілерге артып жатады. Бір жағынан ата- аналар тәрбиешілер балаға жақсырақ түсіндіре алады және оларға білімдер мен икемділіктерді жақсырақ бере алады деп санайды. Әрине, бұл дұрыс та шығар, себебі тәрбиешілердің балалармен қарым-қатынасқа түсу, тіл табысу тәжірибесі мол, әрі «балалық» сұрақтарға да беретін жауаптары дайын.

Баланың балабақшаға баруы ата-аналардың уақытын босатып қана қоймайды, оның баланың үйлесімді, табиғи дамуы үшін маңызы зор. Балабақшада бала мамандармен және басқа балалармен байланысқа түсе отырып, жаңа деңгейде дамуға мүмкіндік алады, мінез-құлық ережелері мен нормаларын жеңіл меңгеріп, өзінің күн тәртібіне үйреніп, тәртіпке салынады. Балабақшада оқыту және дамыту үйдегі жағдайларға қарағанда жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мақсатты түрде жүреді.

Ең бастысы, балабақшада бала қарым-қатынас сферасының дамуымен байланысты маңызды дағдыларды меңгереді, байланыс орнатуды, өзінің құқығын қорғауды үйренеді. Мұндай тәжірибе балаға өте қажет, оны бала бағушының немесе бала күтушінің қарым-қатынасымен орнын толтыру қателік. Бұл тұрғыда балабақша рөлінің маңызы аса зор. Балабақша баланың алғашқы қоғамдық мекемесі. Бала балабақшада «сауатты» тәрбиелік тәсіл көмегімен қарым-қатынастың барлық нормалары мен принциптерін меңгереді.

Балабақшада бала сурет салу, жабыстыру, құрастыру техникасын меңгереді. Мектепке дейінгі жастағы балада іс-әрекеттің жемісті түрлерінің дамуы үрдісінде қабылдау, зейін, қиял, ойлау жетіле түседі, олардың қоршаған дүние туралы түсініктері кеңейеді, олар өз мүмкіндіктерін таниды. Балалардың бірлескен жемісті іс-әрекеті олардың эмоционалды, еріктік, тілдік дамуына мүмкіншілік береді.

Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық деңгейде мектепке дейін білім берудің басты мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балаға жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделетін басты құзыреттілікті меңгеруге және қолайлы әлеуметтенуге мүмкіндік тудыратын толыққанды жағдай жасау және оның жеке басының дамуын кешенді сүйемелдеу, әлеуметтік позитивті қатынастар орнатуға қабілетті шығармашылық тұлға тәрбиелеу.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқытудың негізгі міндеттері:

  • бала денсаулығын қорғау және нығайту, толыққанды физикалық дамыту, Қазақстан халқының ұлттық дәстүрі негізінде салауатты өмір салты құндылықтарын дамыту;
  • балада қоршаған дүние туралы біртұтас бейнені, өзі, әлеуметтік орта жайлы алғашқы түсініктерді қалыптастыру;
  • баланы танымдық жағынан дамыту, интеллектуалды іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру, білім құмарлықты дамыту;
  • сөйлеуді және ана тілін, қарым-қатынас мәдениетін дамыту, сауат ашудың негіздерін меңгеруге дайындау;
  • адамның позитивті мінез-құлқының үлгісіне, мінез-құлық нормалары мен ережелеріне, Қазақстандық қоғамда қалыптасқан халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына сай құндылық адамгершілік бағдарларын қалыптастыру;
  • отан мен туған жерге деген сүйіспеншілікті, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті, қоршаған дүниеге, отбасына, әртүрлі ұлт адамдарына деген гуманды қатынастарды тәрбиелеу;
  • балада эстетикалық сезімдерді дамыту, бейнелеу, бейнелеу- сөйлеу, музыкалық іс-әрекетте шығармашылық қабілеттерді дамыту;

Әртүрлі негіздемелер бойынша әртүрлі жастағы мектепке дейінгі топтар құрылуы мүмкін: баланы психофизикалық және интеллектуалды дамыту, ата-аналардың балаларды белгілі бір бағдарламалар бойынша оқытуын қалау, балалардың туыстық қатынастары және т.б.

ҚР мемлекеттік білім беру стандартында мектепке дейін оқыту және тәрбиелеу бойынша бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды дамытуға негізгі талаптар көрсетілген. Мектепке дейін базалық білім беру мазмұны білім беру іс-әрекетінің нәтижесі ретіндегі құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.

  1. Денсаулық сақтау құзыреттілігі мүмкіндік береді:

■ өзінің физикалық денсаулығын қорғауға және өмір қауіпсіздік ережелерін сақтауға;

  • қимыл-қозғалыс дағдыларын меңгеруге;
  • қозғалыс көмегімен әртүрлі жағдайларға байланысты өзінің эмоциялық күйін білдіруге;
  • жеке гигиена дағдыларын және денсаулық сақтау негіздерін игеруге.
  1. Коммуникативті-тілдік құзыреттілік мүмкіндік береді:
  • ана тілінде және басқа тілде қарым-қатынас орнатып, өзара әрекеттесу үшін ауызша коммуникацияның әртүрлі құралдарын қолдануға;
  • тілдің қажетті лексикалық, грамматикалық құралдарын таңдауға және оларды ойындарда, басқа іс-әрекет түрлерінде сөздік шығармашылықта қолдануға мүмкіндік береді;
  1. Танымдық құзыреттілік мүмкіндік жасайды:
  • қоршаған дүниеге қызығушылықты оятуға;
  • дұрыс қойылған міндетке іс-әрекет тәсілін таңдауға;
  • қойылған мақсатқа жетуге;
  • экологиялық білімдерді меңгеруге;
  • сұрақтар қоюға, тәжірибе жасауға, себептік байланыстар орнатуға;
  • конструктивті іс-әрекеттегі ойларын жүзеге асыруға;
  • жалпы ұғымдар негізінде заттарды біріктіруге және оларды сөзбен білдіруге;
  1. Шығармашылық құзыреттілік мүмкіндік береді:
  • музыка, өнер туралы білімдер негізіне қызығушылық көрсетуге;
  • дұрыс мәнерлі құралдармен (түс, пішін, композиция және т.б.) жеке көркемдік бейнелер жасауға;
  • көркемдік шығармаларға, халық шығармашылығына өзіндік қатынасын білдіруге;
  1. Әлеуметтік құзыреттілік мүмкіндік береді:
  • мінез-құлықтың дұрыс альтернативасын таңдауға;
  • өз мүмкіншіліктерінің шегін білуге;
  • құрбы-құрдастарымен және үлкендермен бірлескен іс-әрекетке түсуге;
  • Қазақстан Республикасында тұратын қазақ және басқа халықтардың мәдениетінің құндылықтарын түсінуге.

Әрбір жас кезеңі құзыреттіліктің белгілі бір деңгейін меңгеруімен сипатталады. Баланың одан әрі табысты дамуы балабақшаға бейімдеу бойынша жұмыстардың сапалы, әрі дер кезінде ұйымдастырылуына байланысты. Сондықтан, мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшаға бейімделуі мәселелердің бірі болып табылады.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. В.С. Мухина. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Алматы, 1987.
  2. Ермекбаева Л.К., Нығметова Қ.Н. Баланың мектепке психологиялық дайындығын анықтау. Алматы, 2005
  3. 3∙ Ватутина Н.Д. Ребенок поступает в детский сад: Пособие для воспитателей дет. сада. /Под ред. Л.И.Каплан. - М.: Просвещение, 1993.
  4. 4∙ Калинина Р., Семенова Л., Яковлева Г. Ребенок пошел в детский сад. К проблеме адаптации детей к условиям жизни в ДОУ. //Дошкольное воспитание. 1998, № 4.
  5. 5∙ Соловьева Е. Адаптация ребенка к условиям детского сада. //Дошкольное воспитание. 1993, № 8.
  6. 6∙ Воспитание и развитие детей раннего возраста: Пособие для воспитателей детского сада /В.В.Гербова, Р.Г.Казакова, Н.М.Кононова и др.; Под ред. Г.М.Ляминой. - М.: Просвещение, 1981.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.