Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жоңғар Алатауының солтүстік беткейіндегі тағамдық жəне пайдалы өсімдіктердің таралу ерекшеліктері

Мақалада Жоңғар Алатауының солтүстік беткейіндегі тағамдық жəне пайдалы өсімдіктердің таралу ерекшеліктері қарастырылған. Автор жотадағы анағұрлым кең таралған жəне өсімдік түрлеріне бай тұқымдастар тоқталған: Asteraceae, Poaceae, Fabaceae, Brassicaeae, Rosaceae, Caryophyllaceae, Lamiaceae, Ranunculaceae, Scrophulariaceae, Apiaceae, Boraginaceae, Chenopodiceae, Liliaceae, Polygonaceae, Berberidaceae, Iridaceae. Түр санына бай туыстар анықталған, олар: Astragalus, Carex, Artemisia. Жотадағы массивтері анағұрлым ірі көлемде кездесетін тағамдық өсімдіктердің басқа да пайдалы түрлеріне талдау жасалған. Азықтық өсімдіктердің басым бөлігін Fabaceae тұқымдасының төмендегідей туыстары құрайды: Medicago, Melilotus, Trifolium, Vicia. Азықтық өсімдіктердің ішінде Asteraceae, Apiaceae жəне тағы басқа тұқымдастар кең таралған. Жотада, жеміс-жидекті өсімдіктерден басқа, тамыры, жапырағы, сабағы жəне тұқымы жеуге жарамды бұталы жəне шөптесін өсімдік түрлері кездеседі, олар: Polygonum coriarium Grig., Rheum wittrockii Lundstr. Жоңғар Алатауында дəрíлíк өсімдіктердің 110 түрі кездеседі. Жота аумағында кездесетін Brassicaceae, Rosaceae, Fabaceae, Lamiaceae тұқымдастырының барлық түрі бал беретін өсімдіктер, олар: Salix kirilowiana Stchegl., Malus, Rosa plathiacantha, Hedysarum songoricum Bong., Polygonum, Lathyrus. Техникалық өсімдіктердің басым бөлігі ортатаулы аймақтарда кең таралған.

Кіріспе

Табиғи қоршаған ортаға адамзаттың əсерí жыл санап күрт өсуде. Осыған байланысты əлемдíк қауымдастықтар биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың қажеттілігі туындап отырғанын айтуда.

Қазіргі кезде биологиялық алуантүрлілік туралы конвенция, əлемнщ көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда биологиялық алуантүрлілікті сақтау жөнінде заңдар жəне ұлттық бағдарламалар жасалып, орындалуда [1]. Жер шарында биологиялық алуантүрлілікті сақтауда зерттеушілердің алдына қойған ғаламдық мақсаты оны жан-жақты зерттеуді міндеттейді. Əсíресе сирек жəне жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтап қалу жəне оларды жан-жақты зерттеу өзекті мəселе болып тұр. Түрдің биологиясын, популяциясының қазіргі жағдайын зерттеу, тіршілік ету ерекшелігін анықтау, сирек өсімдіктердің ценопопуляциясын қорғау жолдарын ұйымдастыру өзекті мəселе болып тұр. Сондықтан жекелеген аймақтардға кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы, қорғау шараларының бағыттарының моделін жасау қажет.

Қазақстандағы өсімдіктер əлемíнщ жалпы түр санының 84,5 %-ын шөптесін өсімдіктер, 15,3 %- ын бұталар мен жартылай бұталар, ал 1,2 %-ын ағаштар құрайды. Еліміздің далалы аймағында өсімдіктердің 2000-нан астам түрі өседі, олардың 175-і сирек кездесетін өсімдік түрлері. Шөлейтті, шөлді аймақтарда өсімдіктердің 2500–2800 түрі өседі, олардың да 210-215-і энедемикті өсімдік түрлері. Сондай-ақ елеміздің таулы алқаптарында өсетін өсімдіктердің 3400–3600 түрінің 540–570 түрі де сирек кездесетін өсімдіктер болып табылады [2]. Сирек кездесетін жəне эндемикті өсімдіктер кең таралған аймақтарға еліміздің Оңтүстігі жəне Оңтүстік-Шығыс бөлігі болып табылады. Сондай пайдалы өсімдіктердің, соның ішінде дəрíлíк өсімдіктердің кең таралған аймақтарына Жоңғар Алатауын жатқызуға болады.

Зерттеу мақсаты: Жоңғар Алатауындағы пайдалы өсімдіктердің таралуын, экологиясын жəне алуантүрлілігін зерттеу.

Негізгі бөлім

Зерттеу əдíстерŕ. Жалпы қабылданған ресурстық жəне геобоникалық здіс-тәсілдер [3, 4]. Ресурстық жұмыстар маршруттық-рекогностикалық зерттеулер арқылы жүзеге асырылды.

Жоңғар Алатауы ендік бағытта созылған орташа таулы өлке. Жота үштік дәуірдің соңында жəне төрттік дәуірдің алғашқы кезеңдерінде көптеген тау жоталарының құрылуынан пайда болған. Өңірде күрделі тау жоталары, тауаралық қазаншүңқыр жəне аласа таулар кіреді. Жотаның биіктігі (2000-2500 м) орта таулар. Тауаралық қазаншүңқырлардың биіктігі 600-100м. Жота — кембрий- силур, силур-девон дәуірлерінің тау жыныстарынан құрылған. Жер бедері қатпарлы тау жыныстарынан жəне палеозой жəне мезозойға дейін жалғасқан. Үштік дәуір мен төрттік дәуір аралығында үстіртті жоталар қалыптасқан [5]. Жотада тектоникалық жəне экзогендік процестердің əсерîнен төмендегідей жер бедері пайда болды:

  1. биік таулы альпілік, тік беткей;
  2. биік таулы тегіс-үстіртті таулы өлке;
  3. орта таулы эрозиялы;
  4. аласа таулы-алқапты, алқапты-аласа таулы, эрозиялы;
  5. тауалды эрозиялы;
  6. тауалды аккумлятивті-эрозиялы;
  7. тауаралық аккумлятивті, аккумлятивті-эрозиялық, тектоникалық ойпаңдар;
  8. тауалды аккумлятивті-эрозиялы жазықтар;
  9. тау етегіндегі аккумлятивті жазықтар.

Жоңғар Алатауының ауа райы континентті. Суық қаңтар айының температурасы -16…-20 °С, ал жылы шілдеде температура +18+20 °С төмен жерде, ал жоғары 2000 м биікте -7…-13 °С. Төмен жерде бір жылдық жауын-шашын мөлшері 400-500 мм, ал жотадағы мөлшері 1000 мм. Аймақтағы құрғақшылық Оңтүстіктегі Орталық Азия шөлейтінің əсерîнен тауаралық қазаншұңқырда құрғақ жауын-шашын мөлшері 140 мм. Жотаның ішкі жəне сыртқы беткейіндегі жылдық жауын-шашын мөлшері 140-1000 мм. Жауын-шашын мөлшері ең көп түсетін мезгіл: шілде-тамыз айлары, ал ең аз түсетін мезгіл — жаз.

Жотаның топырақ жамылғысы өзінің алуантүрлілігімен ерекшеленеді [6]. Жоңғар Алатауы — жоғары сатыдағы пайдалы өсімдіктердің алуантүрлілігімен ерекшеленетін таулы аймақ. Жоңғар Алатауының өсімдіктер жамылғысы басқа таулы аймақтармен салыстырғанда (Алтай, Солтүстік Тянь-Шань) флорасының байлығымен жəне түрлер санының көптігімен ерекшеленеді.

Н.И. Рубцовтың [7] деректері бойынша, Жоңғар Алатауында 112 түқымдас, 622 туысқа қарасты жоғары сатыдағы өсімдіктердің 2168 түрі кездеседі (сур. қара).

Жоңғар Алатауының өсімдіктер жамылғысы түр қүрамы жағынан АлтайСолтүстік Тянь-Шань жəне Монғолия флорасына үқсас. Жотада кездесетін өсімдіктердің басым бөлігі жəне онда таралған түқымдастар Алтай, Солтүстік Тянь-Шань таулы жүйесінде де кездеседі. Мысалы: Brassicaceae, Rosaceae, Ranunculaceae, Caryophyllaceae, Cyperaceae, Lamiaceae жəне т.б. түқымдастар [7].

Жотада кездесетін ең ірі түқымдастар: Asteraceae, Poaceae, Fabaceae, Brassicaeae, Rosaceae, Caryophyllaceae, Lamiaceae, Ranunculaceae, Scrophulariaceae, Cyperaceae, Apiaceae, Boraginaceae, Chenopodiceae, Liliaceae, Polygonaceae, Berberidaceae, Iridaceae жəне т.б. Жотада кең таралған түқымдастар төмендегі кестеде көрсетілген (кестені қара).

52

Вестник Карагандинского университета

Кесте

Жоңғар Алатауындағы кең таралған тұқымдастар

Тұқымдастар

Түрлер саны

Туыс саны

Asteraceae

339 ¯

84 ¯

Poaceae

214

58

Fabaceae

182

21

Brassicaeae

133

58

Rosaceae

107

26

Caryophyllaceae

95

23

Lamiaceae

90

29

Ranunculaceae

79

25

Scrophulariaceae

78

12

Cyperaceae

65

10

Apiaceae

63

33

Boraginaceae

59

23

Chenopodiceae

57

23

Liliaceae

55

11

Polygonaceae

39

8

Қалған тұқымдастар

513

176

Анағұрлым түр санына бай туыстар: Astragalus, Carex, Artemisia жəне т.б.

Жоңғар Алатауы — пайдалы өсімдіктерге өте бай өңір. Жұмыста олардың ішінде кең таралған жəне массивтері анағұрлым ірі көлемде кездесетін тағамдық, дірілік, əсемдíк, бал беретін, техникалық жəне азықтық өсімдік түрлеріне сипаттама берілген.

Азықтық өсімдіктер. Азықтық өсімдіктердің басым бөлігін мал жайылымдықтарда өсетін жайылымдық өсімдіктер құрайды [8]. Жайылымдық жерлер Жоңғар Алатауында биік таулы аймақтарда орналасқан. Жайылымдықтың басым бөлігін кең таралған шалғындық жəне далалық өсімдіктер құрайды. Олардың басым бөлігі астықтұқымдастарына (Poaceae) тиесілі. Олардың ішінде кең таралған түрлер: Kobresia capilliformis Ivanova, Carex stenocarpa Turcz.et V. Krecz., Carex melanantha С.А. Меу., Роа alpina L., Phleum alpinum L., Festuca valesiaca Gaudin., Festuca kryloviana Reverd., Polygonum nitens (Fisch. et Меу.) V. Petrakov ex Кот., Dactylis glomerata L., Alopecurus pratensis L., Helictotrichon pubescens (Huds.) Pilg., Bromopsis inermis (Leys.) Holub., Elymus tianschanisenus Czer., Phalaroides arundinacea (L.) Rauschert., Elytrigia repens (L.) Nevski.

Азықтық өсімдіктердің басым бөлігін Fabaceae тұқымдасының төмендегідей туыстары құрайды: Medicago, Melilotus, Trifolium, Vicia, Lathyrus. Азықтық өсімдіктердің ішінде Asteraceae, Apiaceae жəне т.б. тұқымдастар кең таралған.

ТағамДық өсімДіктер. Жоңғар Алатауы пайдалы өсімдіктердің ішінде əсíресе жеміс-жидекті өсімдіктерге өте бай өңір. Мысалы: Malus sieversii (Ledeb.) М. Roem. Malus kirghisorum Al. et An. Theod., Berberis sphaerocarpa Kar. et Kir. Crataegus songarica С. Koch., Crataegus korolkowii L. Henry., Cerasus tianschanica Pojark., Rubus caesius L., Rubus idaeus L., Fragaria vesca L., Ribes meyeri Maxim., Padus avium Mill., Rosa alberti Regel., Rosa beggeriana Schrenk. жəне т.б.

Жотада, жеміс-жидекті өсімдіктерден басқа, тамыры, жапырағы, сабағы жəне тұқымы жеуге жарамды бұталы жəне шөптесін өсімдік түрлері көп кездеседі. Олар: Polygonum coriarium Grig., Rheum wittrockii Lundstr. [9].

Дәрілік өсімДіктер. Жоңғар Алатауында дəрíлíк өсімдіктердің 110 түрі кездеседі [10]. Төменде олардың ішінде кең таралған жəне массивтері анағұрлым ірі көлемде кездесетін түрлері қарастырылған: Aconitum leucostomum Worosch., Aconitum soongaricum Stapf., Crataegus korolkowii, Polygonum nitens, Polygonum aviculare L., Inula macrophylla Kar. et Kir., Origanum vulgare L., Rhamnus cathartica L., Hypericum perforatum L., Ziziphora clinopodioides Lam., Chamerion angustifolium (L.) Holub., Urtica dioica L., Tussilago farfara L., Juniperus pseudosabina Fisch. et Mey., Patrinia intermedia (Hornem.) Roem. et Schult., Rhaponticum carthamoides (Wild.), Leonurus turkestanicus V. Krecz. et Kuprian., Rheum vittrockii, Onopordum acanthium L., Rosa albertii, Ephedra equisetina Bunge.

ӘсемДік өсімДіктер. Жоңғар Алатауы əсемдíк өсімдіктерге бай өңір. Олардың тіршілік формалары да əртурлı. Ағашты өсімдіктерден төмендегідей түрлер кездеседі: Picea schrenkiana,Crataegus, Malus seeversii. Бұталы есімдіктерден кездесетін түрлер: Euonymus semenovii Regel et Herd., Cerasus tianschanica, LoniceraJuniperus, Padus, Kosa platyacantha Schrenk., Ephedra equisetina. Шептесін есімдік түрлері: Tulipa kolpakowskiana Regel., Iris, Crocus alatavicus Regel et Semen. Сондай-ақ, жергілікті халық жиі жұлатын есімдік түрлері: Gentiana grandiflora L., Lilium martagon L., Aguilegia L., Paeonia anomala, Dryopteris filix-mas (L.) Schott., Eremostachis speciosa Rupr., Viola altaica Ker-Gawl., Schmalhausenia nidulans (Regel.) Petrak.

Омарталық өсімдіктер. Жота аумағында кездесетін Brassicaceae, Kosaceae, Fabaceae, Lamiaceae тұқымдастырының барлық түрі бал беретін есімдіктер, олар: Salix kirilowiana Stchegl., Malus, Kosa plathiacantha, Hedysarum songoricum Bong., Polygonum, Origanum vulgare, Cichorium intybus L. [11].

Техникалық өсімдіктер. Аймақта есетін темендегідей техникалық есімдіктерді кездестіруге болады: Picea schrenkiana, Berberis, Polygonum coriarium, Thymus marschallianus Willd., Urtica dioica L. Техникалық есімдіктердің басым белігі Жоңғар Алатауының ортатаулы аймағында кең таралған.

Шалғындардың басым белігі алуантүрлі шептесін есімдік түрлерінен тұрады: Phlomis oreophila, Geranium saxatile, Ziziphora clinopodioides, Sedum hybridum, Thymus serpyllum, Scabiosa alpestris. Сондай-ақ жайылымдардың негізін құрайтын астық тұқымдасының екілі: Elymus schrenkianus құрайды. Elymus туысы құрғақ жəне тастақты жерлергеде есуге бейімделген кепжылдық шептесін есімдік.

Жоңғар Алатауында пайдалы есімдіктердің таралуы жəне жотаның географиялық орналасуына қарай, биіктік белдеулері жəне табиғат зоналарына тікелей байланысты.

Жотаның есімдіктер жамылғысына бай белігі — таудың теменгі белігі жəне ортатаулы аймақтары. Бұл аймақтарда жоғары сатыдағы есімдіктердің 730-ға жуық түрі кездеседі. Жотаның бұл биіктік белдеуі есімдіктер жамылғысына ете бай. Ал теменгі белдеуде есімдік түрлерінің саны біртіндеп азаяды. Оған себеп, жотаның теменгі белдеудеуінде жауын-шашын мелшерінің аз түсуі, климаттың ете континенталды болып келуі əсер етеді. Аймақтың аласа таулы, тауалды жазықтарында жауын-шашын мелшері ете аз түсетіндіктен, бұл белдеу есімдіктер жамылғысы құрамының ете кедейлігімен ерекшеленеді. Бұл биіктік белдеуі шел зонасында орналасқан.

Қорытынды

Зерттеу нәтижелері керсеткендей, Жоңғар Алатауында жоғары сатыдағы есімдіктердің 112 тұқымдас 622 туысқа қарасты 2168 түрі кездеседі.

Жотада таралған пайдалы есімдіктердің басым белігі (500 түрден астамы) қос жарнақты есімдіктердің үлесіне тиесілі, ал дара жарнақты есімдіктерден 7 түр ғана кездеседі.

Анағұрлым кең таралған есімдік түрлері: Asteraceae, Poaceae, Fabaceae, Brassicaeae, Kosaceae, Caryophyllaceae, Lamiaceae, Kanunculaceae, Scrophulariaceae, Cyperaceae, Apiaceae, Boraginaceae, Chenopodiceae, Liliaceae, Polygonaceae, Berberidaceae, Iridaceae жəне т.б. тұқымдастарының екілдері.

Зерттеу нәтижесінде анағұрлым түр санына бай туыстар анықталды: Astragalus, Carex, Artemisia.

Жоңғар Алатауында кең таралған жəне массивтері анағұрлым ірі келемде кездесетін азықтық есімдіктер, тағамдық, дәрілік, әсемдік, омарталық, техникалық жəне т.б. пайдалы есімдік түрлеріне талдау жасалынды.

Жотада азықтық есімдіктерге бай темендегідей тұқымдастар анықталды: РоасеаеFabaceaeBrassicaeaeAsteraceaePolygonaceae.

Жотада дәрілік есімдіктердің 110 түрі кездесетіндігі анықталды.

Жоңғар Алатауында декоративті есімдіктердің әртүрлі тіршілік формадағы (ағашты, бұталы, шептесін) түрлері кездесетіндігі анықталды.

Зерттеу нәтижесі керсеткендей, Brassicaceae, Kosaceae, Fabaceae, Lamiaceae тұқымдастырының барлық түрі бал беретін есімдіктер екендігі анықталды.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Байтулин И.О. Актуальные проблемы ботаники в Казахстане ∕ И.О. Байтулин ∕∕ Ботаническая наука на службе устойчивого развития стран Центральной Азии: материалы Междунар. науч. конф. — Алматы: Print, 2003. — С. 7–12.
  2. Кукенов М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана ∕ М.К. Кукенов. — Алматы: Ғылым, 1999. — 176 с.
  3. Флора Казахстана: в 9-ти т. — Т. 1–9 ∕ гл. ред. Н.В. Павлов. — Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1956–1966.
  4. Иллюстрированный определитель растений Казахстана: в 2-х т. — Т. 1, 2. / В. П. Голосков. — Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1969 — 1972. — 664 с.
  5. Джаналиева К.М. Физическая география Республики Казахстан / К.М. Джаналиева, Т.И. Будникова, Е.Н. Виселов, К.К. Давлеткалиева, И.И. Давлятшин, М.Ж. Жапбасбаев, А.А. Науменко, В.Н. Уваров. — Алматы: Изд-во АН КазССР, 1998. — 266 с.
  6. Соколов С.И. Почвы Алма-Атинской области / С.И. Соколов, И.А. Ассинг, А.Б. Курмангалиев, С.К. Серпиков. — Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1962. — 424 с.
  7. Голоскоков В.П. Флора Джунгарского Алатау / В.П. Голоскоков. — Алма-Ата: Наука, 1984. — 290 с.
  8. Атлас ареалов и ресурсов лекарственных растений Казахстана. — Алматы: Наука, 1994. — С. 48, 49.
  9. Кукенов М.К. Ресурсы официнальных и перспективных лекарственных растений Юго-Востока Казахстана: автореф. дис. … д-ра биол. наук / М.К. Кукенов. — Ташкент: ФАН, 1989. — 47 с.
  10. Руководство по работе с лекарственными растениями. — Алматы: Наука, 1999. — С. 164-167.
  11. Глухов М.М. Важнейшие медоносные растения и способы их разведения. — М.: Изд-во АН СССР, 1937. — 520 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.