Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Бұйратау» МҰТС жерін геоботаникалық аудандастырудың картографиялық негіздері: әдістері, түрлері жəне жіктелуі

Мақалада «Бұйратау» МҰТС геоботаникалық аудандастырудың алғышарттары қарастырылған. Яғни жалпы іеоботапикадык аудандастыру деген не, оны қандай әдістермен жүргізеді, аудандастыру мен жіктеудің түрлері қарастырылған. Осыған орай негізгі ұғымдарға анықтама беріліп, далалық экожүйені картографиялық әдіс негізінде зерттеу мүмкіндіктері айтылған. Мақала көптеген ғылыми əдебиеттер берілгендеріне сүйеніп, теориялык негізделген. Қазакстан территориясының табиғи ерекшеліктерін сактау мен корғау максатында кұрылған нысандарды жетілдіру шаралары көрсетілген. Геоботаникалык зерттеу негіздерінің калыптасу тарихы мен кезеңдері аталып, ондағы өзіндік үлесі бар көрнекі авторлар аталып өткен. Геоботаникалык аудандастыру түрлері ұсынылып, картографиялау әдістерінің жүргізілу барысы берілген. Яғни ғылыми мақала Қазақстанның далалык экожүйесінің калыптасуына əсер еткен факторлардың негізінде, бүгінгі күні каншалыкты өзгеріске ұшырағандығы туралы акпарат береді. Сондай-ак «Бұйратау» МҰТС (Мемлекеттік ұлттык табиғи саябағы) өзіндік ерекшелігі бар табиғи ландшафты мен экожүйесін зерттеу мүмкіндіктері мен маңыздылығы айтылған. Аталған нысан географиялык орны ерекшелігіне байланысты өзіндік ботаникалык алуантүрлілікке ие, бірак, соған карамастан, ол нысанның зерттелу деңгейі жеткіліксіздігіне байланысты аумактык геоботаникалык еңбектердің кажеттілігін атай отырып, автор өзіндік геоботаникалық аудандастыруды ұсынады. Бұл сынды еңбектер әлі де болса əдебиеттер корында жок, сондыктан такырып тың жəне жаңа.

Табиғи экожүйені сақтау қазіргі адамзат қоғамының ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Адамдардың әрекеті, Жердегі басқа да тірі ағзалардың әрекеті сияқты, қоршаған ортамен тығыз байланысты жəне, өз кезегінде, осы ортаның калыптасуы мен кызмет етуіне ең басты əсер етуші фактор болып табылады. Бүгінде қоршаған табиғи ортаға адамзаттың ықпалы кері әсерін тигізіп, оның деградацияға ұшырауына жəне біртіндеп табиғи экожүйелердің жасандыларға алмасуына əкелуде. Əрине, жасанды жүйелер әрі қарай дамуға қабілетсіздігінен, адамзат қоғамын жакын болашакта экологиялык апатка əкелу кауіпі бар [1]. Бүгінгі адамзат коршаған экожүйенің накты кандай болуы керек дегенге жауап іздемесе де, оның антропогендік ыкпалы токтағаннан, коршаған экожүйе кайта сол калпына келеді деген ұғымның кері екендігін мойындайды жəне калыптасу мен жалпы кызмет ету механизмдерін толык меңгерген жағдайда ғана адамзатты толғандыратын осы сұрактардың жауаптары табылады.

Осыған орай, коршаған ортада баска жүйелердің ішінде, ежелден табиғи калыптаскан далалык экожүйелердің бар болуы каншалыкты маңызды болса, оны зерттей алу мүмкіндіктері соншалыкты жетекші маңызға ие. ХІХ ғасырдың тоғысында далалардың кайта калыптасуы туралы пікірлер басым болды. Себебі біршама орман жүйелерін, біртіндеп далалар баскан, осы негіздегі көптеген ғылыми еңбектер жазылды (Коржинский, 1891; Танфильев, 1894). Аса күрделі, әрі алуантүрлі өсімдіктерімен көрініс тапкан ормандарға карағанда, далалык өсімдіктер жамылғысы соншалыкты карапайым деп кабылданады. Сондыктан далалык жүйелерді орманмен алмастыру пікірлері де орынды. Жалпы далалық ландшафттар көбіне, адамзаттың бұзу әрекеттерінің нәтижесі деген идеялар әлі де болса көп таралған [2]. Мысалы, адамзаттың көптеген тайпаларының мыңдаған жылдар бойы дала кезіп, көшпенді мал шаруашылығын жүргізу әрекеті, өткен кезеңдердегі экожүйелерді пайдаланудың негізгі үлгісі, орманның болмауы мен далалардың азып-тозуының бірден бір себебі деп түсіндіріледі [3]. Дала мен орманның арасындағы шекараның козғалмалы екендігі туралы да біраз деректер бар. Қазіргі дала экожүйелері миллиондаған жылдар бұрын калыптаскан.

Геоботаникалык аудандастыру — территорияны жаңа, яғни өсімдіктер жамылғысының белгілері мен ерекшеліктері (фитоценотикалык жамылғысы) бойынша, жіктеудің түрін білдіреді. Жалпы бұл аудандастырудың өзі оның флористикалык аудандастырылуына сəйкес келуінің белгісі [4]. Геоботаникалық зерттеу барысы, ең алдымен, зерттелу әдістеріне негізделеді. Жалпы зерттеудің негізгі үш кезеңі (дайындық, далалық, камералды) болса, өз кезегінде, бұл жіктеу түрі далалық кезеңнің барысында жүзеге асырылады. Яғни бұл кезеңде геоботаникалық зерттеулерде 1:50000 масштабпен, маршрут аралығы 1 шақырым болатын маршруттық əдíспен жүзеге асырылады. Зерттеу кезінде аумақта таралған өсімдіктер түрлері бойынша алқаптарды картаға түсіру қоса жүргізіліп отырады, ал геоботаникалық контурларды топонегізге түсіре отырып, өсімдіктер бірлестіктерін сипаттау жүзеге асырылады. «Бұйратау» МҰТС геоботаникалық аудандастыру жұмыстарын жүргізу барысында топонегізге төменгі суреттегі картаны пайдалануға болады (сур. қара).

Əрине, соңғы ғылыми жетістіктер нəтижесí ғарыштық түсірімдеуге негізделіп құру əлдеқайда жеңіл болар еді, бірақ əзíрге ондай түсірімдеулер жоқ. Жұмыс барысында зерттелетш территория, өсімдіктер жамылғысы сипатымен айырмашылық жасайтын, бірнеше бөліктерге бөлінеді. Экожүйелік талдауда территорияның элементарлық бірлігі болып, биогеоценоз ұғымына сəйкес экожүйе табылады. Ол биотаның тіршілік етуіне қажетті жағдайлары сақталатын, элементарлы жер бедері шегіндегі топырақ-өсімдік жамылғысының бірлігі белгісімен ерекшеленеді. Әрі қарайғы жіктеу жұмыстары зерттеу масштабына сəйкес, геологиялық-геоморфологиялық, литологиялық, фитоценотикалық жəне т.б. ұқсастықтарының негізінде жүзеге асырылады. Мұндағы қажетті жағдай

болып, табиғи жəне антропогендік факторларға экожүйе реакциясының біртектестігі жəне оларға тұрақтылығы табылады.

Зерттеу əдíстемелíк негізіне өсімдіктер бірлестіктері бланкісін алады, онда өсімдік бірлестіктерінің аталуы, жер бедері, топырақ түрі, ылғалдану жағдайы, өсімдіктер жамылғысының аумақта таралуының пайыздық көрсеткіші, биіктігі, фенофазасы жəне экожүйедегі бейімделуі түсіріледі. Мұнда Браун-Бланке жіктеу схемасын негізге алуға болады. Бұл аталған əдíстер арқылы геоботаникалық картографиялау, яғни аудандастыру, жұмыстары жүргізіледі (кестені қара).

Кесте

Əмбебап геоботаникалық карталар масштабына байланысты төмендегідей жіктеледі

Р/с №

Аталуы

Масштабы

1

Детальды ірі масштабты

1:5000 - 1:25000

2

Жиынтық ірі масштабты

1:50000 - 1:200000

3

Орта масштабты

1:300000 - 1:1000000

4

Ұсақ масштабты формациялық

1:1500000 - 1:4000000

5

Ұсақ масштабты шолу

1:5000000 жəне одан да ұсақ

Геоботаникалық аудандастыру негізделетін негізгі критерийлер болып, нақты территориядағы абиотикалық жағдайлармен тығыз байланыстағы өсімдіктер жамылғысының сипатты белгілері табылады. Өсімдіктер жамылғысын жіктемеген жағдайда өсімдіктерді тізімдеп түгендеу, карта құрастыру, олардың өнімділігін, қорын жəне тағы басқа тəжíрибелíк маңызы бар сапаларын бағалау мүмкін емес. Сондай-ақ бұл зерттеулер өсімдіктерді қорғау жұмыстарында да маңызы зор. Геоботаникалық аудандастыру топырақтану мақсатында да тəжíрибелíк маңызы зор, себебі топырақ та өсімдіктер жамылғысы сияқты климаттық жағдайларға жəне бір-біріне тəуелдí. Бұл аудандастыру жұмысы аумақтың өсімдіктер жамылғысының алуан түрлілігіне байланысты аса күрделі болып табылады. Сондай-ақ жекелеген аумақтың өсімдіктерін жіктеудің қиындығы, түрлерге қарағанда, өсімдіктер топтарының кей жағдайда тек шартты түрде болып, көпөлшемді континуумға бірігуімен түсіндіріледі. Сонымен бірге өсімдіктер топтарында біртұтастық деңгейі төмен болып, синтаксондардың диагностикалық белгілерінің көп жағдайда өзгергіштігіне əкеледí. Сондықтан бүгінде жалпыəлемдíк қабылданған ортақ бір геоботаникалық жіктеу жоқ жəне əр геоботаникалық ғылыми мектептер өздерінің жіктеу схемаларын ұсынады.

Бүгінде бар өсімдіктерді жіктеу схемаларын үш негізгі бағыттарға біріктіруге болады:

  • типологиялық, мұнда жіктеу бірліктері болып, әртүрлі фитосинтаксондар табылады;
  • топологиялық немесе экологиялық, мұнда жіктеу бірліктері болып, әртүрлі фитоценоморфтар табылады;
  • аймақтық, мұнда жіктеу бірліктері болып, әртүрлі фитоценохорлар табылады.

Барлық аталған бағыттар бір-бірімен байланысты жəне бір-бірін толықтырушы. Бізде қазақстандық аумақтардың өсімдіктер жамылғысын аудандастыра жіктеу барысында, тиімдісі — аймақтық бағыт. Бұл бағыт ерекшелігі — өсімдіктер сипатын беретін əр сападағы элементтер қайталанбайтын бірліктер — фитоценохорларға топтастырылады. Фитоценохора — өсімдіктер жамылғысының кеңістіктік бірлігі, ол жергілікті жердің телімін немесе белгілі бір синтаксономиялық рангке жататын фитоценоморфтары бар аймақты білдіреді. Фитоценохора келесі жіктелу бірліктерімен: фация, жергілікті жер, табиғи меже (урочище), ландшафт, аудан, өлке, провинция, облыс, доминион, доминиондар бірлестіктерінен көрініс тапқан [5].

Жалпы геоботаникалық аудандастырудың негізгі критерийі болып, өсімдіктер жамылғысының тіршілік ету жағдайлары емес, белгілері табылады. Бұл қағида осы тұрғыдан жасалған алғашқы ірі еңбектерде де айтылған. Кеңестік территорияда жүргізілген геоботаникалық аудандастырылулар осы принципке негізделеді. КСРО-ны геоботаникалық аудандастыру принциптерін КСРО Ғылым Академиясы Ботаника институтының ботаникалық бөлімі құрастырған. Осы жұмысқа орай «Геоботаникалық аудандастырудың принциптері мен əдíстерí» тақырыбында қызу пікірталас өтіп, онда өз заманының көрнекті геоботаник-ғалымдары Е.М. Лавренко, Б.Н. Городков, А.Н. Шенников, С.Я. Соколов, А.В. Прозоровский жəне т.б. қатысып, бұл іске орасан зор үлес қосып, теориялық негізін құрды. Жалпы бұл еңбек, яғни «КСРО-ның геоботаникалық аудандар картасы» 1940 ж. басылымға дайын болғанымен, Ұлы Отан соғысы салдарынан шегеріліп, 1947 ж. жарық көрген [6].

Орман ағаштары мен жалпы орманның таралуына негізгі себеп — метеорологиялық факторлар (температура, ылғал, топырақ ауа жəне т.б.) екені анық. Жалпы Қазақстан территориясы орасан зор аумақты алуы, оның аумағының ендік бағытта созылып жатуы, қоңыржай климаттық белдеуде орналасуы осы территориядағы бүгінгі бізге мəлíм экожүйелердің қалыптасуына себеп болды.

Сирек жəне жойылып бара жатқан өсімдіктер генофондын, жалпы аумақтарды табиғи күйде сақтап қалуда негізгі рөл ерекше қорғалатын аумақтарға тиесілі. Сондықтан еліміздегі əр ерекше ЕҚТА-ның (ерекше қорғалатын табиғи аумақтар), саны аз болғанымен да, бұл мақсатта рөлі зор. Дегенмен, біздің еліміздегі табиғи саябақтар саны өте аз, орта халықаралық деңгейден 2–3 %-ға кем, соған қарамастан, жеріміздің табиғи байлығы аса алуан түрлі, бүгінде бар болмысымен болғанмен, жарқын келшек үшін сақтауды қажет етеді. Елімізде табиғат қорғау мекемелерінің бірі, ең соңғы ашылған «Бұйратау» МҰТС-да ел игілігі үшін маңызы зор нысан. Ашылғанына 7 жылдан астам уақыт өткенімен, ол нысанның табиғи қорынан нақты деректер аздық етеді. Себебі бұл нысан екі облыс территориясы шеңберінде орналасқандықтан, зерттеу түрлері екітарапты болуы қажет. Жалпы ауданы 88968 га, оның солтүстік бөлігі (60814 га) Ақмола облысы Ерейментау жерінде орналасса, қалған (28154 га) оңтүстік жері Қарағанды облысының Осакаров жеріне тиесілі [7]. «Бұйратау» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ территориясы дала зонасы ішіндегі қоңыржай-құрғақ жəне құрғақ дала ауыспалы белдеуінде жатыр [8]. Қазақстанның физикалық-географиялық аудандастырылуына сəйкес, «Бұйратау» МҰТС Орталық Қазақстан ұсақ шоқысының, Қарағанды-Шыңғыстау құрғақ дала аласа таулар мен ұсақ шоқысы жəне Ерейментау-Қарқаралы таулы-ұсақ шоқының қоңыржай-құрғақ жəне құрғақ дала биіктік белдеу провинциясына кіреді. Жалпы бұл аумақтың өсімдіктер дүниесі негізінен астық тұқымдастар, күрделі гүлділер жəне бұршақ тұқымдастармен көрініс тапқан. Флорасында түрлердің флористикалық кешендері бөлінеді. Соңғылары экологиялық қауымдастықтар, сондай-ақ түрлердің географиялық таралу ұқсастықтары негізінде анықталған. Сондықтан осы шамалы табиғи саябақ шеңберінде, аталған өзіндік ерекше ботаникалық- географиялық аймақ флорасының бестен бір бөлігін сақтап қалуға мүмкіндік бар. Табиғи саябақ территориясында өсімдіктер жамылғысының 4 түрі: далалық; екі ішінара түрлері: ұсақ жапырақты мен ақшылқылқанды ормандар; бұталы жəне шалғынды қалыптасқан. Ұсақ жапырақты түрлер негізінен: қайыңнан, көктеректен қара қандыағаштан (реликті) тұрады [9].

ҚР Экологиялық қауіпсіздік концепциясына (п. 2.3) сəйкес барлық қоғамдық қатынастарды реттеудің негізі болып, экожүйелік амал табылады. Соның негізінде «шаруашылықты немесе басқа да əрекеттердí жүргізудің нормативтері мен ережелерін, табиғи ресурстарды пайдаланудағы экологиялық жіберу шектерін анықтайтын жəне қоршаған орта сапасын теңдестіре басқаруды қамтамасыз ететін ғылыми негізделген шектеулер кешенін енгізу жүзеге асырылады». Экожүйелік қатынастар ұлттық, халықаралық табиғат қорғау тұжырымдамаларына, даму стратегиялары мен жоспарларына, келешекте ғаламдануына жүйелік ұйымдастырудың негіз болуы мүмкін. Осылардың барлығы табиғат қорғау саясатын экожүйелік тұрғыдан жетілдіруді қажет етеді. Бұл міндеттерді орындаудың бастауыш кезеңіндегі орындалатын жұмыстар: МҰТС территориялары экожүйелерін жіктеуді құру, оларды түгендеп, тізімдеу жəне табиғат қорғау іс-шараларын жоспарлау мен экологиялық зерттеулердің базалық негізі болатын экожүйелер карталарын құрастыру болып табылады. Аталған міндеттер жүйелі негізде орындалғанда аталмыш нысанды толық жəне терең зерттеу мүмкіндіктері туады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Сукачёв В. Н. Проблемы фитоценологии. Избр. тр. в 3-х т . — Т. 3 / В. Н. Сукачёв; под ред. Е . М . Лавренко. — Л.: Наука, 1975. — 543 с.
  2. Разумовский С.М. Закономерности динамики биоценозов / С.М. Разумовский. — М.: Наука, 1981. — 231 с.
  3. Авдеев В.Д. Возникновение степей в Закамье / В.Д. Авдеев. — Казань: Татгосиздат, 1948. — 51 с.
  4. Большая советская энциклопедия. Геоботанические карты. — М.: Сов. энцикл., 1969-1978.
  5. Геоботаническое районирование. Фитоценотический покров территории Украины и его влияние на процессы почвообразования [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://worldofscience.ru/biologija/5107-geobotanicheskoe-rajonirovaniya- fitotsenoticheskij-pokrov-territorii-ukrainy-i-ego-vliyanie-na-protsessy-pochvoobrazovaniya.html
  6. Нешатаева В.Ю. Растительность полуострова Камчатка / В.Ю. Нешатаева. — М.: Товарищество научных изданий КМК, 2009. — С. 468-469.
  7. Горчаковский П.Л. Лесные оазисы Казахского мелкосопочника / П.Л. Горчаковский. — М.: Наука, 1987. — 160 с.
  8. Карамышева З.В. Ботаническая география степной части Центрального Казахстана / З.В. Карамышева, Е.И. Рачковская. — Л.: Наука, 1974. — 279 с.
  9. Туганбеков А.Б. Горно-лесные биоценозы Государственного национального природного парка «Буйратау» как место произрастания ольхи черной и мероприятия по ее сохранению / А.Б. Туганбеков и др. // Вестн. Караганд. ун-та. Сер. Биология. Медицина. География. — 2014. — № 3(75). — С. 61-68.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.