Мақалада жаңа балама жұмыс орындарын құру жəне ауылдық аумақтарды дамыту арқылы ауылдық жерлерде əлеуметтíк шиеленісті төмендетуге ықпал ететін аграрлық туризмді дамыту қарастырылған. Авторлар аграрлық туризм субъектілерін анықтаған: ауыл тұрғындары, қосалқы шаруашылық иелері жəне фермерлік шаруашылықтар. Аграрлық туризмді дамыту субъектілерді, олардың отбасыларының, ауыл тұрғындарының табыстарын, жергілікті бюджеттердің кірістерін ұлғайтып, қаржы қаражаттармен қамтамасыз етеді. Мақалада ауылдық аумақтардың табиғи-экологиялық жəне мəдени- тарихи ресурстарымен қатар, туристерді қабылдауға бейімделген тұрғын үй қорына басты назар ауда- рылды: фермаларда қожайынмен бір тұрғын үйге орналастыру, барлық үйді жалға алу, ауылдық жер- лерде тарихи ғимараттарда тұру, ауылдық қонақ үйде жеке тұру жəне басқалар. Авторлардың пікірінше, демалыс мақсаттарына байланысты аграрлық туризмді келесі түрлерге бөлуге болады: сауықтыру, дәстүрлі, білім беру, ауыл шаруашылығы, аспаздық, аралас туризм. Мақалада аграрлық туризмнің пайда болуының негізгі себептері мен даму бағыттары айқындалған: ол шағын бизнесті да- мытады; жаңа жұмыс орындарын құрады; ауылдық жерлердің инфрақұрылымын экономикалық тұрақтандыруға жəне жетілдіруге ықпал етеді; ұлттық тағамдар мен тарихи-мəдени мұраны сақтайды.
Əлеуметтíк-мəдени, сауықтыру жəне экологиялық əлеуетí бар еліміздің көптеген ауылдық өңірлері үшін ауылдық аумақтарды тұрақты дамытудың келешек инновациялық бағыттарының бірі — ауыл халқының жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ететін аграрлық туризмді дамыту болуы мүмкін, ол көші-қонды азайтуға жəне ауылдағы басқа да келеңсіз əлеуметтíк жəне экологиялық зардаптарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Ауылдық аумақтарды дамыту мəселелерí еуропалық мемлекеттер мен бұрынғы кеңестік елдері үшін де, Қазақстан үшін де тəн. Шет елдердің тəжíрибесíн зерделеу ауыл аумақтарында ауыл шаруашылығына қатысты емес қызмет түрлерін, атап айтқанда, аграрлық туризмді дамыту, жаңа баламалы жұмыс орындарын құру жəне ауылдық аумақтарды дамыту жолымен ауылдық жерлерде əлеуметтíк шиеленісті төмендетуге ықпал ететінін куəландырады.
Аграрлық туризм деп, ең алдымен, халық қолөнерін үйрену, ауылдық қызметтің əртÝрлí түрлеріне қатысу, сондай-ақ жергілікті өндіріс өнімдері мен қызметтерін жүзеге асыру мақсатында қонақтарды ауылдық аумақтарға тарту бойынша туристік фирмалар мен ауыл тұрғындарының кəсíпкерлíк белсенділігін түсіну керек [1].
Бастапқыда ауылдық, аграрлық туризм (агротуризм) қолөнерлік өндірісті, ұлттық дəстÝрлер мен мəдени құндылықтарды жандандыру арқылы елді мекендерді сақтап қалуға ұмтылған шет елдерде кеңінен таралған [2]. Депрессивті ауылдық аудандарға туристерді тарту жергілікті өндіріс өнімдеріне төлемге қабілетті сұраныс жасады жəне Еуропа мен Ресейдің аграрлық аумақтарында белгілі бір өмір сүру деңгейін қолдады [3, 4].
Егер «ауыл туризмі» ұғымы туралы айтатын болсақ, онда əрбíр елде өз анықтамасы бар. Бірақ көбінесе «ауылдық» жəне «аграрлық туризм» ұғымдарын əртÝрлí қарастырады. Ауылдық туризм (rural tourism) — ауылдық жерлерде орналасқан туризмнің ойын-сауық түрі. Ол демалыс орындарының, əртÝрлí мұражайлардың жəне гидтер мен экскурсоводтары бар туристер үшін қызмет көрсету орталықтарының болуын көздейді. Агротуризм (farm tourism) — фермерлік ресурстарды пайдалануды көздейтін туризмнің ойын-сауық түрі. Агротуризм əртÝрлí түрлермен жəне модельдермен ұсынылуы мүмкін, бірақ əркашан міндетті шарты, онда тұрғын үйді жалға алу. Агротуризмде ферма орналастыру құралы ғана емес, саяхаттың басты нысаны болып табылады [5].
Аграрлық туризмге кіру үшін өзіндік кедергілері бар, ауылдық аймақтардың жалпы жəне туристік құрылымдарын құруға, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етуі мүмкін [6, 7].
Агротуризм субъектілері ретінде ауылдық жерлерде тұрақты тұратын, өзінің қосалқы шаруашылығын жүргізетін жеке тұлғалар жəне аграрлық туризм саласында қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын шаруа-фермер қожалықтары болады.
Сондықтанда агротуризм субъектілеріне ауыл тұрғындарын, қосалқы шаруашылық иелерін жəне фермерлік шаруашылықтарды жатқызуға болады (1-сур.).
Жеке тұлғаның аграрлық туризм субъектісі ретінде тұрақты тұратын жері оның меншігіндегі немесе оның отбасы мүшесінің меншігіндегі тұрғын үй-жай болып табылады. Тиісінше, аграрлық туризмнің объектісіне ауылдық үй-жай (ауылдық жерлердегі оқшауланған бөлмелері бар үй) жатады.
Ауылдық жерлерде туризмді ұйымдастыру үшін табиғи-экологиялық жəне мəдени-тарихи ресурстармен қатар, туристерді қабылдауға бейімделген тұрғын үй қорының болуы үлкен маңызға ие. Жасыл туризм жүйесінде пайдаланылатын тұрғын үйлердің тартымдылық деңгейін арттыруға олардың сəулетî мен сол немесе басқа жерлердің этнографиялық gəстүрлерінің негізінде безендірілуі ықпал етуі мүмкін.
Агротуризмде орналастыру құралдарын жіктеудің бірнеше түрлері бар:
- фермаларда жəне үй-жайларда үй иесімен бір тұрғын үйге орналастыру (ыңғайлы жеке бөлме);
- жеке бөлмелі бар бір үйде немесе агрошаруашылық аумағындағы ғимараттар кешенінде орналасу;
- барлық үйді/коттеджді жалға алу;
- ауылдық қонақ үйде жеке тұру;
- ауылдық жерлерде немесе кішкентай қалашықтарда тарихи ғимараттарда тұру;
- үй-жай немесе жеке лагерь аумағында шатырлы қалашықта тұру;
- кемпингте спорттың белсенді түрлеріне (ат спорты, велоспорт, теннис, жүзу жəне т. б.) маманданған спорт нысандарының жанында тұру;
- барлық жайлылықпен жабдықталған дәстүрлі тұрғын үйде, яғни туристік қызметтердің толық бағытын ұсынатын жəне ауылдық жерлерде көркем ландшафты бар арнайы салынған жеке туристік орталықтың жеке коттедждерінде орналасу.
Фермерлік шаруашылық жақсы дамыған елдерде агротуризммен фермерлердің өздері айналысады, олар жоқ немесе аз жерлерде — орналастыру құралдарының (ауылдық үй-жайлар, пансионаттар, шағын қонақ үйлер) иелері тікелей өз қолына алады. Егерде туристерді қабылдауға жеке үйлер жоқ болса, бірақ туризмді дамыту əлеуетî қолайлы аумақ (климаттық, ландшафт, тарихи- мəдени жəне т. б.) болса, онда бұл жағдайда өзге тәсіл қолданылады: ауылдық жерлерде ірі туристік орталықтар құрылады. Бұл нұсқа, ең алдымен, біздің еліміз үшін ең қолайлы болады.
Еуропа елдерінде агротуризмнің даму бағыттары толығымен қалыптасқан жəне мамандануы анықталған. Мəселен, Испания, Франция жəне Италия елдерінде салт-дəстүрлермен, ұлттық тағамдармен жəне шарап өндірудің жергілікті құпияларымен танысқысы келетіндер ауылдық жерлердегі үйлерді жалға алуға мүмкіндіктері бар. Финляндияда белсенді демалуға, балық аулауға, өзендер мен көлдердің жағалауларында түрлі велошеруге баса назар аударылады. Словакияда, Венгрияда жəне Польшада жергілікті салт-дəơɪурлер мен мəдениеттердî жақсы білгісі келетін туристер үшін, сондай-ақ ірі көлдер немесе ұлттық парктер сияқты түрлі табиғи көрікті жерлерге барғысы келетіндер үшін танымдық агротуризм дамыған [8].
Сондықтанда агротуризмнің негізгі түрлеріне сауықтыру, дәстүрлі, білім беру, ауыл шаруашылық, аспаздық жəне аралас туризмді жатқызуға болады (2-сур.).
Агротуризмнің ұйымдастыру түрлерінің өзіндік ерекшеліктері бар:
- сауықтыру туризмі демалыс кезінде туристердің денсаулығына қатысты бағытталған жəне арнайы ұйымдастырылған қызметтерді енгізеді: монша, сауна, су процедуралары, фитотерапия, ара шаруашылығы өнімдерін пайдалану жəне т. б.;
- дәстүрлі туристік қызметтерге фольклорлық-этнографиялық бағыт жатады, атап айтқанда, арнайы демалушылар үшін олардың қалауы бойынша жергілікті фольклорлық ұжымдар өнер көрсетеді, ежелгі халық әдет-ғұрыптары көрсетіледі, ұлттық мерекелер өткізіледі, ауылдық ұлттық тұрмыс мұражайлары ұйымдастырылады;
- білім беру туризмі, мұнда бір ауылдық үй-жайларда қызмет көрсету санына кескіндеме сабақтары жəне кәріптас өңдеу курстары кіреді, ал басқаларында қыздарды тамақ дайындауға, ұршық иіруге, ал ұлдарды — жануарларды күтуге, сондай-ақ жеміс ағаштарын күтуге жəне тағы басқаларға үйретеді;
- ауыл шаруашылығы туризмі кезінде туристер өздері ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысады, мысалы, жеміс-жидектерді немесе жүзімді жинауға, жануарларды, араларды күтіп- бағуға, ірімшік немесе қой бүршігін өңдеуге, шабындық немесе мал ауласындағы жұмыстарға қатысады;
- аспаздық туризм кезінде туристер тек дәмді жəне сапалы тағамды жеуге ғана емес, сонымен қатар кəдесый ретінде өзімен бірге сапалы жəне сирек шараптарды немесе ірімшіктің (сырдың) арнайы сұрыптары түріндегі ерекше өнімдерді және қалалық дүкендерге түспейтін ет тағамдарынан жасалатын басқа да өнімдерді алып кетуге мүмкіндік алады;
- аралас туризм өзінің құрамына демалудың бірнеше түрлерін енгізеді: спорттық-сауықтыру, ауыл шаруашылығы және аспаздық, оқыту және этнографиялық, танымдық-ілімдік және тағы басқалар.
Агротуристік бизнесті және жаңа ақпараттық технологияларды ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерін қолданудың арқасында жағдай түбегейлі өзгерді, бұл бірқатар елдерде сатылатын қызметтер көлемін индустриялық ауқымға дейін арттыруға мүмкіндік берді, оны жоғары табысты бизнеске айналдырды. Агротуризмнің пайда болуы мен дамуының негізгі себебі — қала тұрғындарының табиғатта демалуға, ауыл тұрғындарының тұрмысымен танысуға, жаңа табиғи өнімдерді ғана емес, сондай-ақ оларды өндіруге тікелей қатысу қажеттілігі. Урбанизацияның жаһандық феномені қала шуы мен адамдардың жиналуынан, көпқабатты құрылыстан шаршаған үлкен қалалардың тұрғындарын адамдар аз жерлерде әсер мен өмір салтының ауысуын іздеуге мәжбүрлейді. Ауыл тұрғындарының күнделікті өміріне қатысуы қалалықтардың көңілінен шығады.
Агротуризм белгілі бір талаптарға сəйкес келуі тиіс:
- табиғатқа айналуға жəне негізінен табиғи ресурстарды пайдалануға негізделген болу;
- біздің өмір сүру ортасына зиян келтірмейтін немесе шығынды азайтатын, яғни экологиялық тұрақты болу;
- экологиялық білім мен ағартуға, табиғатпен тең құқықты серіктестік қатынастарын қалыптастыруға бағытталған;
- жергілікті əлеуметтıк-мəдени саланы сақтауға қамқорлық;
- экономикалық тиімді жəне ол жүзеге асырылатын аудандардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді [9].
Жоғарыда көрсетілген агротуризмнің түрлері мен оған қойылатын талаптар оның негізгі даму бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді (3-сур.).
Агротуризмді дамытудың маңызды бағыттарының бірі ауылдық жерлерде туристерді орналастыру үшін арнайы үй-жайлардың болуы болып табылады. Нəтижесîнде қала тұрғындары қолайлы бағамен салауатты демалыс алуға, ал ауыл тұрғындары өз тұрғын үй қорын тиімді пайдалануға, өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің бір бөлігін тікелей орнында сатуға мүмкіндік алады. Шағын бизнестің осы түрінің экономикалық өзектілігі ауылдық (туристік өнімді құрушы ретінде), сондай-ақ қала халқын жұмыспен қамту мəселесîн шешу, қала мен ауыл арасындағы байланыстарды кеңейту, олардың əлеуметтîк-экономикальщ даму деңгейлерін жақындату мүмкіндігі болып табылады. Агротуризм сондай-ақ əлеуметтîк пайдалылық əкеледî, себебі жергілікті туристік инфрақұрылымның (коммуникация, паркингтер, байланыс, қоршаған ортаны қорғау) пайда болуына жəне қолдауына ықпал етеді; қоршаған ортаны қорғауға жəне ауылдық жердің көркемдігі туралы қамқорлық жасауға тілек білдіреді, ауылдық жерлердің үйлерін, тарихи орындарын қайта құруға ықпал етеді; тұрғындар арасында мақтаныш сезімін жəне өзінің тұрғылықты жерін қанағаттандыруды тəрбиелейдî.
Бұл ретте отандық агротуризмді дамыту үшін шешілуі қажет мəселелердî атап өткен жөн:
- агротуризмді мемлекеттік қолдау бағдарламасының болмауы;
- тəжîрибе алмасу үшін бірыңғай ақпараттық база мен алаңның жоқтығы;
- қатты жабынды жол желісінің тозуы немесе болмауы;
- əлеуметтîк инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, оның ішінде медициналық қызмет көрсетудің ауылдық жерлерде дамымауы жəне т.б.
Әрбір елде мəдениет, тарих, география, саяси құрылымның өзіндік ерекшелігіне байланысты бірегей ауыл туризмін ұйымдастырудың өзінің ұлттық моделі бар. Агротуризм тұжырымдамаларының үлкен елдік əртүрлілігімен қатар, нақты агротуристік өнімдер де əртÝрлǐ. Сондықтанда агротуризмді дамытуда əр елдің ұлттық ерекшеліктері мен өмір салты ескерілгені жөн. Ол үшін мынадай бағыттарда қызмет атқару керек:
- жоғары дабиғи-ресурсдық элеуетті қалыптастыру;
- ежелгі тарихи-мəдени мүраларды (археологиялық, діни, тарихи сипаттағы көптеген туристік нысандар) қалпына келтіру;
- агротуризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу;
- орташа баға белгілеу;
- инфрақүрылымды жетілдіру;
- үлттық дәстүрлерді жандандыру.
Əрине, агротуризмді тиімді дамыту үшін билік, бизнес қүрылымдарының, түрлі деңгейдегі мүдделі үйымдардың, жергілікті қоғамдастықтардың кең ауқымының өзара іс-қимылы қажет. Мүндай жағдайларда туристік фирмаларды, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін, мəдени жəне спорт мекемелерін, сондай-ақ басқа да инфрақүрылымдық нысандарды біріктіретін агротуристік кластер қүрылуы мүмкін. Туризм саласындағы жаңа бағытты табысты дамыту үшін жобаның басты қатысушыларының (орналастыру қүралдарының иелері, ақпараттық-жарнамалық қызметтер, қаржы үйымдары, туристік агенттер) үйымдастырылған, үйлестірілген қызметі қажет, бүл жоба қатысушыларын бірыңғай үйымға біріктіріп, агротуристер қауымдастығын қүру арқылы іске асыруға болады. Тек аталған қүрылымдардың өзара іс-қимылы агротуризмнің тиімді, кешенді дамуын қамтамасыз етуге қабілетті.
Агротуризмді дамыту ауыл шаруашылығы өндірісін, үлттық ерекшелікті жəне аумақтың бірегейлігін пайдалана отырып, инновациялық туристік өнімді қалыптастыруға, жергілікті халық үшін экономикалық жəне әлеуметтік тиімділікті жəне дүдасдай алғанда, ауылдық аумақтардың түрақты дамуын қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.
Осылайша, аграрлық туризмді дамытудың теориялық негіздерін қарап, келесі қорытынды жасауға болады:
- ауылдық жерлерде жүзеге асырылады;
- үлкен инвестицияны талап етпейтін тиімді қызмет саласы болып табылады;
- елді мекендердің шектеулі аумақтары мен шағын туристік ағындары бар;
- жергілікті халықтың өмір сүру сапасын жақсартады, қоршаған ортаның сапасын сақтайды.
Əдебиеттер тізімі
- Беспарточный Б.Д. Агротуризм: терминология и сущностные характеристики / Б.Д. Беспарточный, А.В. Хромова // Изв. Юго-Западного гос. ун-та. — 2014. — № 4 (55). — С. 117–122.
- Songkhla T.N. Interactions between agro-tourism and local agricultural resources management: a case study of agro-tourism destinations in Chang Klang District, Southern Thailand / T.N. Songkhla // Discourse journal of agriculture and food sciences. — 2013. — Vol. 1.— No. 4. —P. 54–67.
- Leco F. Rural tourists and their attitudes and motivations towards the practice of environmental activities such as agrotourism / F. Leco, J.M. Нетáпđеź, A.M. Сатрóп // International journal of environmental research. — 2012. — Vol. 7. — No. 1. — P. 255264.
- Плотников В.А. Роль сельского туризма в возрождении регионов России / В.А. Плотников, Г.В. Федотова // Туризм на сельских территориях: опыт, проблемы, перспективы: сб. трудов III Междунар. науч.-практ. конф. (13 мая 2014 г.) — СПб.: Изд-во СПбГЭУ, 2014. — С. 149–153.
- Савицкий О.Г. Развитие сельского туризма на примере Краснодарского края: состояние, проблемы, перспективы / О.Г. Савицкий // Молодой ученый. — 2015. — № 20. — С. 279–282.
- Hossein G.O. An entrepreneurial tourism project through agro-tourism farm in Iran / G.O. Hossein, H. Alipour, S. Dalir // Journal of sustainable development studies.— 2014. — Vol. 6. — No. 1. — P. 48–63.
- Shaffril H.A.M. The coastal community perception on the socio-economic impacts of agro-tourism activities in coastal villages in Malaysia / H.A.M. Shaffril, A. Hamzah, S.Md. Yassin, B.A. Samah, J.L. D'Silva, N. Tiraieyari, M. Muhammad // Asia Pacific journal of tourism research. — 2015. — Vol. 20. — No. 3. — P. 295–313.
- Волков С.К. Сельский туризм в РФ: тенденции и перспективы развития / С.К. Волков // Экономика, предпринимательство и право. — 2012. — № 6 (17). — С. 30–38.
- Лащенко Н.С. К вопросу о разработке концепции развития сельского и агротуризма в российской провинции: экономический, социальный и социокультурный аспекты [Электронный ресурс] / Н.С. Лащенко. — Режим доступа: http://www.riku.ru/confs/vremcul/LasAs.htm.