Мақала республикадағы телекоммуникация саласының қазіргі даму жағдайына бағытталған. Телекоммуникацияның көмегімен жаһандану үрдісіне қажетті ақпараттың көлемі ұлғаяды жəне ақпараттық-телекоммуникация инфрақұрылымында ақпарат жеткізу шаралары кеңейеді. Нарықтың талабы телекоммуникация компаниялары үшін бəсекеге қабілеттілік деңгейдің тұрақты болуы жəне компания кызмедіне ғылыми-техникалық әзірлеудің көмегімен бизнес-үдерістерді тиімді пайдалану міндеттері қойылады. Байланыстың нақты қасиеті қандай да бір сыртқы өнімнен көрінбейді. Ішкі, ақылы жəне сапалы электронды сигналдарды электронды түрде жіберу процесін жүзеге асыруға қатысады, ол үшін арнайы мақсатталған. Сонымен қатар бұл мақалада Қазақстанның телекоммуникация саласының дамуы төмендегі көрсеткіштермен сипатталған: көрсетілген қызмет түрлерінің орташа динамикасы, байланыс саласындағы қызметтің негізгі көрсеткіштері бойынша жəне байланыс саласындағы кірістердің құрылымы. Бұл ретте тиісті тұжырымдамалар жасалынды. Аталған сала жылдам өсетіндіктен, бұл əлемдегí технологиялық үдерістің көмегімен жүзеге асырылады. Ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологиялар экономиканы өзгертуде жəне оның бəсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды рөль атқарады. Еліміздің ЖІӨ-де саланың шағын үлесі оның үлкен инвестициялық əлеуетí туралы айтады. Бұл əлеует Қазаксчанпың ДСҰ-ға кіруіне жəне телекоммуникация саласын жаһандық ақпараттық инфрақұрылымға интеграциялауына байланысты жүзеге асырылады.
Қазіргі заманғы экономика постиндустриалдык болып табылады жəне бұл ретте оны жиі жаңа, инновациялык, білімдер экономикасы, кұзыреттер, желілік өзара іс-шараларды кұрайтын экономика деп атайды. Соңғы уакытта экономикалык теория жəне біркатар елдердің практикалык кызметінде «цифрлык экономика» ұғымы пайда болды. XXI ғасырдың басында акпараттык революция мен экономикадағы жаһандану үдерістері негізінде цифрлык технологиялардың дамуы белең алады. Қоғамда жəне шаруашылык жүргізудегі процестерде акпарат негізгі ресурс болды. Нарык субъектілерінің кызметін цифрлык трансформациялаудағы шешуші бір фактор цифрлык акпараттык- телекоммуникациялык технологияларды дамыту болып табылады [1].
Телекоммуникация жəне байланыс саласы казакстандык экономикада өспелі жəне бір-бірімен байланыскан сегмент болып табылады. Акпаратты коммуникациялык технологияларды кеңінен енгізу еңбек өнімділігінің өсуіне эсер етеді, сонымен қатар отандық кәсіпорындардың өте қарқынды дамуына жəне олардың элемдік экономикадағы интеграцияға кірулеріне себебін тигізеді. Ұлттық экономиканы реформалау кезінде телекоммуникация саласында елеулі өзгерістер жаксы жакка карай жылжыды. Аталған сала бойынша ұзак мерзімге экономикалык өсудің кешенді өзгерістері байкалды. Телекоммуникация компанияларының өнімдері халыктың өмір сүру сапасы деңгейінің өсуіне, казіргі бизнестің дамуына, халыкаралык экономикалык байланыстарды нығайтуға жəне мемлекеттің бизнесті тиімді баскаруына ыкпал етеді [2].
Телекоммуникация саласы көптеген мамандар зерттеулерінің негізгі пәні болып табылды. К.Х. Шадиевтің еңбектерінде Қазакстан Республикасының телекоммуникация кызметі нарығының калыптасуы мен дамуы, сонымен катар осы үрдістерді тиімді баскару механизмдері ұсынылды. Автордың пікіріне сүйенетін болсак, телекоммуникация саласының дамуы мемлекет үшін маңызды болып табылады. Мемлекеттің жер көлемі жағынан өте аукымды болуы, аудандардың аракашыктығының алыс орналасуы жəне ауылдык аймактардың аракашыктығының алшак болуы телекоммуникация саласын дамытуды алғашкы орынға кояды. Сондыктан республикадағы телекоммуникация саласын дамыту тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуында маңызды фактор болып карастырылады [3].
Жыл сайынғы World Economic Forum ұйымының белгілеген Networked Readiness индексі бойынша телекоммуникация жүйесі жəне оны бағалау мүмкіншілігінің бағыттарына көз жүгіртетін болсақ, әртүрлі ақпараттарға кездесеміз. 2002 жылдан бастап Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) жəне Еуропалық іскерлік әкімшілік институты (INSEAD) әлемдегі ақпараттық қоғамның даму бойынша баяндамаларға сүйене отырып, «Ақпараттық технологиялар бойынша жаһандық есеп» (The Global Information Technology Report) атты мәлімет дайындайды, яғни Networked Readiness индексі бойынша мемлекеттердің индексі ұсынылады. 2016 жылғы Дүниежүзілік экономикалық форумның есебі жəне жүргізілген индексі бойынша Қазақстан Республикасы 40 орында орналысты. Қазақстан Республикасы 2015 ж. бұл көрсеткіш бойынша 139 елдің арасында 39 орынға иеленді. Ал ТМД мемлекеттерінің арасында алдыңғы орында: одан кейін Ресей (4,5), Əзербайжан (4,3), Армения (4,3) (1-сур.). Алғашқы үш орында — индекс бойынша Сингапур, Финляндия, Швеция мемлекеттері [4].
2012–2016 жж. аралығында Қазақстан үшін аталған индекстің мәнділігі 0,6 шамасында өсті, ал рейтинг бойынша мемлекет өзінің деңгейін 16 тармақ бойынша жақсартты. Рейтинг бойынша қатысушы-мемлекеттердің саны 139-дан бастап 148 мемлекетке дейін өсті. Мемлекеттерді бағалау 4 субиндекс бойынша анықталды: орта, дайындық, қолдану жəне əсер ету.
2016 ж. телекоммуникация нарығында тіркелген компаниялардың саны — 2720, оның ішінде 16 — ірі жəне 27 орташа компаниялар. Барлығы нарықта 598 компания байланыс саласында қызмет атқарады, яғни бүгінгі таңда олардың арасында 10 ірі компания сымсыз телекоммуникация саласында өз қызметтері бойынша үстемдік етуде. Компаниялардың негізгі қызметі келесі түрлерге бөлінеді: біріншісі, телекоммуникациялық байланыстарды сыммен қамтамасыз ету; екіншісі, Қазақстан нарығында телекоммуникация саласында спутниктік жүйе қызметімен айналысатын жалғыз компания бар; үшіншісі, кейбір шағын жəне орташа компаниялар басқа да байланыс түрлерімен айналысады. 2012–2016 жж. аралығындағы барлық жеке ұсынылған қызмет түрлері бойынша мәліметтерді 1-кестеден көруге болады.
1-кесте
2012–2016 жылдар аралығындағы жеке ұсынылған қызмет түрлері бойынша деректер
Ескерту. [5] əдебиет көзін пайдалана отырып, авторлармен есептелген.
Абоненттің түрі Жылдар |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
2016 |
2016/2015 |
Тіркелген байланыс абоненттерінің саны, мың бірлік |
4361,4 |
4393,0 |
4353,4 |
4147,8 |
3925,2 |
94,6 |
Ұялы байланыс абоненттерінің саны, мың бірлік |
30235,4 |
30364,9 |
28595,6 |
26309,3 |
25534,8 |
97,1 |
Интернет желісі абоненттерінің саны, мың бірлік |
1607,2 |
1976,0 |
2100,9 |
2305,6 |
2352,7 |
102 |
Берілген 1-кестедегі мәліметтерге сүйенсек, 2016 ж., 2015 ж. қарағанда, тіркелген байланыс абоненттерінің саны 5,4 % -ке азайған, сонымен қатар ұялы байланыс абоненттерінің саны да азайған — 2,9 % құрады. Нәтижесінде абоненттің бұл түрлері 2016 ж. 3925,2 жəне 25534,8 бірлік мөлшерді құрады. Бірақ бұл көрсеткіш Интернет желісі абоненттерінің санына əсер еткен жоқ, яғни олардың саны 2352,7 бірлік мөлшерде кездесті, немесе 2 %-ке өсті.
Сондықтан берілген 1-кестеге қорытынды жасайтын болсақ, бүгінгі таңда телекоммуникация саласында пайдасы жоғары, бəсекеге қабілетті жəне келешегі бар байланыстың түрі сымсыз телекоммуникация байланыстары деп толық мəнде айта аламыз. 2012–2015 жж. аралығындағы байланыс саласының көрсеткіштері 2-кестеде берілген.
Бұнда көрсетілген мәліметтер бойынша, байланыс саласының қай жылдарын алсақта, бірқалыпты деңгейде өсу байқалады. Сала бойынша табыс ағымдағы жылдарда өткен жылға қарағанда 0,9 %-ке жоғары. 2015 ж. байланыс саласындағы табыстың түрі төмендегідей: жедел əрекет байланыс қызметтері бойынша (249,9 млрд тг), Интернет қызметі бойынша (194,1 млрд тг) жəне байланыстың басқа да түрлері бойынша (108,8 млрд тг) құрады.
2-кесте 2008–2015 жылдар аралығындағы ҚР байланыс саласының негізгі көрсеткіштерінің динамикасы
(млрд тг.)
Көрсеткіштер Жылдар |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
2015/2014 |
|
Байланыс қызметінен алынатын табыс |
597,9 |
647,3 |
673,4 |
684, 3 |
100 % |
101,6 |
Оның ішінде |
||||||
Қалааралық жəне халықаралық телефон байланысы |
40,5 |
42,6 |
41,5 |
34,4 |
5,0 |
82,9 |
Жергілікті телефон байланыс қызметтері |
45,5 |
51,5 |
51,6 |
47,9 |
6,99 |
92,8 |
Деректерді беру қызметі |
15 |
20,3 |
22,7 |
22,4 |
3,3 |
98,7 |
Интернет қызмет |
105,6 |
137,9 |
169 |
194,1 |
28,4 |
114,9 ~ |
Жедел əрекет байланыс қызметтері |
308,1 |
296,6 |
286,2 |
249,4 |
36,4 |
87,3 |
Телебағдарламалар байланысы |
14,5 |
18,2 |
21 |
27,2 |
3,9 |
129,5 |
Байланыстың басқа да түрлері |
68,7 |
76,6 |
81,4 |
108,8 |
15,9 |
133,7 |
Ескерту. [5] əдебиет көзін пайдалана отырып, авторлар құрастырған.
2016 жылғы байланыс саласында алынған табыстың құрылымы 2-суретте берілген. Ол деректер бойынша, табыстың ең жоғарғы көзі жедел əрекет байланыс қызметтерінен (34 %), Интернет қызметінен (28,6 %) жəне байланыстың басқа да түрлерінен (21,8 %) алынды.
Жоғарыдағы 1, 2-кестелердің жəне 2-суреттің деректері бойынша, мынадай қорытынды жасауға болады:
– қазіргі уақытта жергілікті телефон байланыс қызметтері бойынша табыстың көлемі азайды.
- ж. барлық табыстардың құрылымы бойынша аталған қызметтің алатын орны 6,9 %-ті құраса, ал
- ж. 6,2 % тең болды. Байланыстың осы түрінің пайдасын жоғарлату үшін Қазақстан Республикасында «Ақпаратты Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында 98 % халық тіркелген байланыс түрімен қамтамасыз етілді, оның ішінде ауылдық аймақтарда жатқызылды;
- жедел әрекеті байланыс қызметтерінің көлемі де азайды, оның басты себебі ұялы байланыс абоненттерінің санының уақыт өткен сайын қысқаруы. Нәтижесінде ұялы байланыс қызметінің табысының азаюын байқаймыз. 2015 ж. бұл көрсеткіш барлық табыстардың құрылымының 36,4 %-ін алса, ал 2016 ж. 34 %-ті құрады. Арасындағы айырма 2,4 % мөлшерде болды. Негізгі басты себебі халықтың көп бөлігі ұялы байланыс қызметтерін қолданбай, керісінше, WhatsApp жүйесін қолдануға көшкен, сонымен қатар Интернет желісін көп пайдаланады;
– қазіргі уақытта Интернет желісін пайдаланушылардың саны күннен күнге өсуде. Осы тербелістің байқалуының негізгі бір себебі 4G/LTE байланыс қолданушыларының халық арасында көп болуы. Халықтың көп бөлігі тіркелген байланыс жəне ұялы байланысқа қарағанда, Интернет жүйесін соңғы уақытта жиі пайдаланады.
28,6
Жедел əрекет байланыс қызметтері 34
Интернет қызметі
Қалааралық жəне халықаралық телефон байланысы
Жергілікті телефон байланыс қызметтері
Деректерді беру қызметі
Байланыстың басқада түрлері
Ескерту. [5] əдебиет көзін пайдалана отырып, авторлар құрастырған.
2-сурет. 2016 жылғы байланыс саласының табыстарының құрылымы
Қазақстанда жаңа технологиялардың дамуының негізгі бағыттары қоғамның қажеттілігі мен ұлттық телекоммуникация инфрақұрылымының бәсекелестік талаптарымен анықталады. Телекоммуникацияның ілгерлі дамуы бизнес-инфрақұрылымына жəне мемлекетке сырттан инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасайды. Сонымен қатар жұмысбастылық мəселесíн шешуге, қазіргі заманға сай ақпараттық технологиялардың дамуына септігін тигізеді. Телекоммуникация саласының мəнí мемлекеттің жалпы ішкі өнімінде үлестік жағынан тұрақты байқалады. Дамыған елдерде бұл 5 % құраса, ал Қазақстан Республикасында тек 2,5 % тең. Сондықтан болашақта осы саланы жетілдіру қажеттілігі уақыт талабына байланысты болады, яғни бəсекелестíк ортаны кеңейту жəне көрсетілетін қызмет түрлерінің санын ұлғайту қажет [6].
Ақпараттық кеңістіктің жаһандануының ең басты кепілі — мемлекет үшін ақпаратты жедел түрде кез келген нүктеге жеткізу. Сондықтан телекоммуникация саласын дамытуды мемлекет тарапынан ынталандыру — ең басты міндет, яғни қызмет түрлері бойынша сұраныстың пайда болуы, көрсетілетін байланыс түрлері бойынша қызметтің сапасын жоғарлату жəне номенклатурасын дайындау.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан əрí Мембағдарлама) орындалуда. Аталған бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 ж. 8 қаңтардағы № 464 Қаулысымен бекітілген. Бағдарламаның мақсаты – ақпараттық қоғамға көшу үшін жағдайлар жасау, сонымен қатар IT-қызмет нарығын дамыту [7]. Сонымен қатар қазақстандық IT-қызмет нарығының əлеуетíн дамыту жəне сапасын жоғарлату үшін, қазақстандық IT-технологияны жетілдіру барысында мынадай қосымша шараларды қарастырған жөн:
- қазақстандық IT-қызмет нарығының экспортық əлеуетíн жоғарлату; ЖІӨ-нің құрамында ақпараттық-коммуникациялық технологияның өзіндік үлесінің (3–4 %) аз болуына байланысты мемлекет тарапынан IT-қызмет нарығын қолдау жұмыстарын жүргізу қажет. Сондықтан қазақстандық IT-қызмет нарығының экспорттық əлеуетíн жоғарлату екі орталық бойынша жүзеге асырылуы қажет. Олардың қатарына «Назарбаев Университететі» жəне арнайы экономикалық аймақ «Алатау инновациялық технологиялар паркі» жатқызылады. Қазақстандық IT-қызмет нарығының экспортық əлеуетíн жоғарлату барысында ИТ-компаниялардың қызметін зерттеу, əлемдíк нарыққа өтудегі IT-қызметтің тізбегі немесе номенклатурасын дайындау қажет. Аталған номенклатура реестрі жыл сайын жаңартылып отырады;
- «бұлтты» технологияларды енгізу. Мемлекеттік бағдарламаның аясында отандық «бұлтты» технологияларды дамыту мүмкіншіліктері мен оларды қолдану жұмыстары алға қойылады. Олардың қатарына қаражатты үнемдеудің икемді жүйесін енгізу, қызметтің ауқымын кеңейту, жұмыс үдерісінжеделдету жəне ақпараттың ашықтығы жатқызылды. «Бұлтты» технологияларды қолдану операциялық шығындарды азайтады, яғни күрделі шығындарды қолданбай-ақ, компания үшін ИТ- ресурстардың құнының ашықтығын көрсетеді. Нәтижесінде негізгі қызметті қолданушылар халық үшін мемлекеттік қызметті көрсетудің сапасы жақсарады;
- – электронды мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру. Қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында аталған мәселені пысықтау үшін заңнаманың жеке саласы - ақпараттық кұқықты дамыту қажет. Сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталықтары жəне барлық орталық бөлімшелері бейне бақылау камераларымен қамтамасыз етіледі. Электронды үкімет порталы арқылы электронды қызметтің түрлерін көрсету жұмыстарын заңдастыру бағыттары жолға қойылған;
- халықты Интернет желісімен толық қамтамасыз ету. Қабылданған стратегиялық жəне нақты бағдарламалардың орындалуының мақсаты Интернет желісіне қосылудағы жылдамдықты көбейту жəне FTTH-технологиясының нәтижесінде оңтайлы жолдарды енгізу болып табылады;
- мемлекеттік монополияны жəне телекоммуникацияның жаһандануы. «Ақпаратты Қазақстан - 2020» бағдарламасына сəйкес 2020 жылға дейін республиканың аймақтарында телекоммуникация инфрақұрылымын қалыптастыру бір деңгейде құрылады. Яғни жоғарғы жылдамдықтағы оптикалық жəне сымсыз технологиялық қызмет түрлері халық жəне бизнес саласының қызметкерлері үшін дайындалады. Халық үшін ақпараттық технологияға қолжеткізу 100 %-тік деңгейде қалыптасады, ал компьютерлік сауаттылық 80 %-ті құрайды.
Аталған бағдарламаның орындалу үрдісі жобаларды басқару мамандарының алғыр жəне қолжетімді білімділігін талап етеді, яғни ақпараттық қоғамды дамытудың басты міндеті ретінде беріледі. Жобаларды басқарудағы қолданылатын құралдар мен әдістер «Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламаның орындалуындағы қойылған мақсаттарды тиімді қабылдауды қарастырады [8].
Телекоммуникация дегеніміз ақпараттарды жеткізудің әдістері, дыбыс белгілерін талдаудағы ақпараттарды, қоңырауларды, суреттер мен сызбаларды компьютерлік модемдер, спутник немесе ұялы телефон арқылы жеткізудің негізгі түрі болып табылады. Телекоммуникация бойынша ақпараттарды техникалық құралдармен реттеу телекоммуникация жүйесін құрайды [9].
Телекоммуникация нарығының дамуының негізгі жолдары ұялы байланыс сегментінде. Барлық уақытта кез келген адам үшін географиялық аймақтың қай жерінде жүрсе де, телефон байланысының, Интернет желісінің, электронды поштаның, факстің жəне басқа да байланыстың қажеттілігі туады. Қазіргі таңда ұялы байланыс біздің өміріміздің басты атрибуты деп айтсақ, артық болмайды. Қазақстанның телекоммуникация нарығы әлі де болса байланыс жүйесінде жаңартпаны қажет ететін нарықтың түрі.
Жоғарыдағы айтылғандарды түйіндей келсек, телекоммуникация саласы — Қазақстанда әлемдік қоғамдық бірлестікті интеграциялаудағы басты фактор. Қазақстандағы байланыс нарығының дамуы экономикадағы дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады. ЖІӨ-нің құрамында ақпараттық-коммуникациялық технологияның өзіндік үлесінің 3-4 %, осындай деңгейі бұл саланың әлеуетті мүмкіншілігінің жоғары екендігін көрсетеді. Бүгінгі таңда бұл саланың экономикалық өсуін байқаймыз жəне осы салаға сыртқы инвесторларды тартудың бағытының толық атқарылуына сенім білдіреміз.
Мемлекеттің телекоммуникация нарығының қазіргі жағдайына талдау жасай отырып, болашақта осы саланың міндеттерінің орындалуы жоғары деңгейде өткізіледі деп шешім қабылдауға болады. Алдымыздағы уақытта байланыс операторлары Интернет жүйесін толық қамтуға жəне халықты немесе тұтынушыларды осы байланысқа тартуға нақты жұмыс түрлерін жүргізеді. Компанияның сыртқы бәсекелестеріне қарсы тұруға барлық күш-жігерді салады.
Əдебиеттер тізімі
- Өтеген А.Н. Цифрлық экономика негізінде каржылык институттар қызметін трансформациялау / А.Н. Өтеген // Транзитная экономика. — 2017. — № 1. — 58-66-6.
- Жетиру А.Ж. Транснациональные корпорации на рынке коммуникаций Казахстана / А.Ж. Жетиру, Р.Е. Елемесов // Вестн. КазНУ. Сер. Междунар. отношения и междунар. право. — 2014. — № 2. — С. 275-279.
- Шадиев К. Х. Қазакстан Респу6ликасында телекоммуникациялык кызмет көрсету нарығының калыптасуы мен да- муы: жүзеге асыру механизмі: автореф. ... экон. ғыл. канд.: 08.00.05 - «Экономика жəне халык шаруашылығын 6аскару» / К.Х. Шадиев. — Алматы, 2010. — 26 6.
- Показатели информационного общества РК [Электронный ресурс]. — Режим доступа://zerde.gov.kz/images/Показатели %20информационного %20общества %20РК.рđſ.
- Официальный сайт Комитета по статистике МНЭ Республики Казахстан [Электронный ресурс]. — Режим доступа: stat.gov.kz.
- Джакишева У. К. Перспективы развития телекоммуникационных услуг и пути их совершенствования. / У.К. Джакишева // Вестн. КазНПУ. — 2012. — С. 28–36 [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://group-global.org/.
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Жарлығымен бекітілген «Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртíбí: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1300000464.
- Абдыгаппарова С.Б. Управление государственными проектами и программами / С.Б. Абдыгаппарова, А.М. Адилова // Вестн. КазНУ. Сер. экон. — 2015. — № 4(110). — С. 52–56.
- Горюнов Е. В. Реализация комплексных ИТ-проектов в телекоммуникационных компаниях / Е. В. Горюнов // Мобильные телекоммуникации. — 2007. — № 6. — С. 52–57.