Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тұрақты даму жағдайында ауылдық аумақтардың экономикасын әртараптандырудың ерекшеліктері

Мақалада ауылдық аумақтардың тұрақты дамуының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының ұлттық жəне аймақтық саясат негізінде қарастырылған. Мақала авторларының пікірінше, ауылдық аумақтардың даму деңгейін анықтау кезінде демографиялық, әлеуметтік, экологиялық жəне институционалдық факторларды ескеру қажет. Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарды жəне агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі заңнамалық жəне нормативтік актілеріне ерекше назар аударылған. Мақалада ауылдық аумақтарды əртараптандырудьщ басты мақсаты олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы жəне оларда тұратын халықтың өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады. Авторлар урбандалу үдерісін күшейтуге ықпал ететін әлеуметтік жəне экономикалық факлорларды талдаған. Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарының соңғы бес жыл ішіндегі экономика салалары құрылымының (өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы жəне басқа да қызмет) өзгерістері қарастырылған. Авторлар экономиканы əртараɪтандыру үшін ауылдық аумақтардың базалық əлеуетíн атап көрсетті: арзан жер жəне табиғи ресурстар; қымбат емес еңбек ресурстары; туризм, демалыс саласын жəне қызметтердің басқа да бірқатар салаларын дамыту үшін табиғи ландшафттар. Авторлардың пікірінше, ауыл экономикасын əртараптандыру ауыл шаруашылығына қатысты емес қызмет түрлерінің дамуымен байланысты, олар өз кезегінде, экономиканың аграрлық өндіріс нəтижелерíне тәуелділігін азайтады; кəсшкерлíктщ дамуына ықпал етеді; жаңа жұмыс орындарын ашады.

Қазіргі экономикалық жағдайда Қазақстанның аграрлық саясатының жетекші бағыттарының бірі оның ауылдық аумақтарын тұрақты дамыту болып табылады. Қарастырылып отырған моселенің маңыздылығы экономикалық тұрақты жəне олеуметтік дамыған ауылдық аумақтар мемлекеттің тұрақтылығының, тәуелсіздігінің жəне азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі болып табылады. Бұл жағдайда ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту ұлттық жəне өңірлік саясаттың басым бағыты болуы тиіс.

Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту деп ауыл қоғамдастығының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін мыналар түсіндіріледі:

  • азық-түлік, ауыл шаруашылық шикізаты, ауыл шаруашылық емес тауарлар мен қызметтерді өндірумен байланысты оның халық шаруашылық қызметтерін орындау;
  • халықтың кеңейтілген өсімін, оның өмір сүру деңгейінің өсуі мен сапасын жақсарту;
  • биосферадағы экологиялық тепе-теңдікті қолдау.

Ауылдық аумақтардың тұрақты дамуы мәселелердің көпжақтылығымен сипатталады. Ол ең алдымен, қазіргі жəне болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін тұрақты дамуды көздейді. Бұған ауыл аумақтарын азық-түлікпен, ауыл шаруашылығы шикізатымен қамтамасыз ету, ауылдық өндіріс пен тұрмыс мәдениетін сақтау, әлеуметтік дамуды жүзеге асыру, тарихи игерілген ландшафты жəне экологиялық қауіпсіздікті сақтау жəне басқа да қызметтерді орындау нәтижесінде қолжеткізуге болады, олар өзара байланысты факторлардың (демографиялық, әлеуметтік, экологиялық, институционалдық, өмір сүру сапасы мен деңгейі) ықпалымен іске асырылады.

Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңы [1] агроөнеркәсіптік кешенді жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу, азық-түлік қауіпсіздігін, агроөнеркәсіптік кешен өнімі нарықтарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, кәсіпкерліктің тиімді жүйесін құруға, отандық өнімнің бәсекелестік артықшылығын қолдауға жəне басқаларға бағытталған.

Халықтың жұмыспен қамтылуы ауылдық аумақтардың тұрақты дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады, оның деңгейі тек жекелеген аумақтардың ғана емес, тұтастай алғанда, ұлттық экономиканың дамуын сипаттайды, сондай-ақ оның әлеуметтік бағдарлануының дәрежесін көрсетеді.

Қазіргі уақытта ауыл халқының өмір сүру деңгейінің нашарлауы, ауыл шаруашылығы еңбегінің беделінің төмендеуі, кадрлардың кетуі урбанизация үдерістерін күшейтіп отыр. Агроөнеркәсіптік кешен экономикасын дағдарыс жағдайынан табысты шығару, мемлекеттік реттеу әдістерінің пәрменділігін арттыру үшін дағдарысқа қарсы шаралардың терең ойластырылған, жан-жақты негізделген бағдарламасы жəне ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту үшін кешенді тәсіл қажет. Сондықтан ауылдық аумақтарды тиімді дамыту үшін әртараптандырудың әртүрлі бағыттарын әзірлеу қажет. Ауылдық аумақтарды әртараптандырудың басты мақсаты олардың тұрақты әлеуметтік- экономикалық дамуын жəне оларда тұратын халықтың өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады.

Қазақстанның барлық ауылдық аумақтарында аграрлық жұмыспен қамту саласының үстемдігі тəн болып келеді. Соңғы онжылдықтағы Қазақстан экономикасының ауыл шаруашылық саласындағы өзгерістер маусымдық жұмыс орындарының өсуіне алып келді, бұл ауылдық жерлерде жұмысқа орналасудың баламалары түрлерінің болмағандығынан, жұмыссыздықтың қарқынды өсуіне жəне экономиканың бейресми секторында экономикалық белсенді халықтың едәуір бөлігінің шоғырлануына əкеп соқты.

1-кесте мәліметтері көрсетіп отырғандай, ауылдық жерлерде қазақстандық азаматтардың 41,85 % өмір сүреді, себебі ауылдық аумақтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасында жер көлемі жағынан аса маңызды орын алады. Табиғи байлығы бойынша, экономикалық, демографиялық, тарихи-мəдени әлеуеті жағынан қарастыратын болсақ, ауылдық аумақтар мемлекеттің әлеуметтік дамуына жəне экономикалық өсуді қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады.

Ауыл халқының үлесі жалпы Қазақстан Республикасы халық санының 2014 ж. 45,03 % мөлшерін құраса, ал 2018 ж. 41,85 % деңгейіне жеткен.

Кесте 1 Қазақстан Республикасы халық санының 2014–2018 жж. аралығындағы өзгерісі

Жылдар

Барлығы, адам

Оның ішінде

қала халқы

ауыл халқы

Адам

үлесі, %

адам

үлесі, %

2014 ¯

17160855

9433575

54,97

7727280

45,03

2015

17415715

9837025

56,48

7578690

43,52

2016

17669896

10035577

56,79

7634319

43,21

2017

17918214

10250102

57,20

7668112

42,80

2018

18395567

10698210

58,15

7697357

41,85

Ескерту. Авторлармен [2] дайындалған.

Қазақстанда урбандалу деңгейі 2018 жылдың соңында 58,15 %-ды құрады (2017 жылы — 57,2 % 2016 жылы — 56,79 %, 2015 жылы — 56,48 %, 2014 жылы — 54,97 %). Урбандалу деңгейінің жоғарылуына өсіп келе жатқан қалалар саны, халықтың артып келе жатқан ұтқырлығы, инновациялық даму жəне өндірісті цифрландыру ықпал етіп отыр. Қазіргі уақытта елдердің бəсекеге қабілеттілігі ірі қалалардың болуымен айқындалады. Экономикалық жəне демографиялық әлеуеті жоғары ірі қалаларды дамыту мен қолдау ұтымды аумақтық ұйымдастырудың негізі болып табылады.

Нарықтық қатынастардың тиісті заңдарына сəйкес адамзат ресурстарына деген сұраныс анықталады, бұл жағдайда мемлекеттің әлеуметтік саясаты ескеріледі. Мемлекет нарықтық қатынастардың субъектісі бола отырып, нарықтық қатынастарға қарама-қайшы келтірмейтін жағдайда ірі қалаларда жұмысбастылық саясатын жүргізеді.

Қазіргі кезде ауылдық аумақтардағы еңбек ресурстарының құрамы тұрақты, мерзімді жəне уақытша жұмыскерлермен толықтырылады, сонымен қатар басқа да қызметкерлер санатымен бекітіледі. Сондықтан ауыл шаруашылығындағы жалпы жұмыскерлердің санын өсімдік жəне мал шаруашылығы өндіріс орындарындағы жұмыстың ерекшеліктеріне орай ескеру қажет. Ауылшаруашылық қызметкерлерінің кейбіреулері экономиканың басқа салаларында (құрылыс, өнеркәсіп, тұрғын үй шаруашылығы, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету) жұмыспен қамтылған.

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында нарықтарда сұранысқа ие, бəсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешен өнімін өндіруді қамтамасыз ету мақсаты көзделген [3].

Осыған орай ауыл шаруашылығы өнімінің ішінде егістік түсіміне деген жаһандық сұранысты ескере отырып, ең алдымен, жаңа технологияларды енгізуді қолға алу керек. Ол үшін экологиялық мәселелерді есепке алатын ұлттық бəсекеге қабілетті брендтер құрылуы тиіс. Жаңа ғылыми, технологиялық, басқарушылық жетістіктерді ескермей, жер өңдеу мәдениетін өзгертпей жəне мал шаруашылығындағы дәстүрлерімізді жаңғыртпай, ауыл шаруашылығында жетістіктерге жету мүмкін емес. Дегенмен, мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын қаржылай ынталандыру бағыттарында көптеген қызметтердің атқарылып жатқанын атап өткен жөн. Олардың тікелей нәтижесін, әрі өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының арасындағы өнім шығарудың көлемін 2-кестеден байқауға болады.

Кесте 2

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің шаруашылық түрлері бойынша жалпы шығарылымы

Шаруашылық түрлері

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

Өзгеріс

(2018-2014)

млн теңге

Барлығы, оның ішінде

3143678,1

3307009,6

3684393,2

4070916,8

4474088,1

+1330410,0

Өсімдік шаруашылығы

1739436,4

1825236,7

2047580,8

2249166,9

2411486,7

+672050,3

Мал шаруашылығы

1393762,0

1469923,0

1621541,4

1810914,1

2050455,8

+656693,8 ¯

Қосымша қызметтер

10479,7

11849,9

15271,0

10835,8

12145,6

+1665,9

Ескерту. Авторлармен [4] дайындалған.

2014-2018 жж. аралығындағы нақты мәліметтер көрсеткендей, ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық шаруашылық түрлері (өсімдік шаруашылығы — 672050,3 млн тг жəне мал шаруашылығы — 656693,8 млн тг) мен қызметтері (1665,9 млн тг) бойынша жалпы шығарылым 1330410,0 млн тг өскені байқалады.

Ауылдық аумақтардың экономикасын əртараптандыруды қарастыра отырып, оның құрылымындағы басты салалар өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы болып табылатынын атап өткен жөн. Олар дәстүрлі түрде шикізат өндірісіне маманданған жəне әртүрлі тауарлар мен қызметтер өндірілетін басқа салаларды ресурстық қамтамасыз ету қызметін орындайды.

Қазіргі уақытта ауыл аумақтарының базалық əлеуетí тек аграрлық өндірісті жүргізуге арналған ресурстарды ғана емес, сонымен қатар өндіруші өнеркəсіnке арналған салыстырмалы арзан жер жəне табиғи ресурстарды, арзан еңбек ресурстарын, өңдеуші өнеркəсіпке арналған кеңістіктік базисретінде арзан жерлерді, сондай-ақ туризм, демалыс саласын жəне қызметтердің бірқатар басқа да салаларын дамытуға арналған табиғи ландшафттарды енгізеді. Сондықтан ауылды əртараптандыру қолда бар ресурстардың болуымен, құрылымдық құрамымен жəне көлемімен ғана емес, сондай-ақ оларды мақсатты пайдаланумен де тікелей байланысты [5]. Осыған орай нақты аумақтың бəсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында одан әрі даму стратегиясы ретінде таңдап алынатын әртараптандырудың кез келген бағыты ресурстық әлеуетті пайдалану мүмкіндіктерін мұқият бағалауды талап етеді. Дегенмен, қолда бар ресурстарды қарапайым бағалау немесе талдау жүргізу аумақтың әртараптандырылған әлеуетін толық көлемде анықтауға мүмкіндік бермейді. Бұл үшін мәселелерді анықтауға жəне оларды ықтимал шешу салаларын белгілеуге бағытталған қандай да бір құбылысты бағалайтын үдеріс қажет.

Ауылдық жерлердегі экономикалық қызметті əртараптандыру мәсселесін шешу әлемдік қоғамдастық үшін өзекті. Мысалы, кейбір ғалымдар Орталық Еуропа кәсіпорывдарының көлеміне байланысты өндірісті əртараптандыру ерекшелігін зерттеген [6]. Олар ауыл аумақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуын жандандыру үдерістерінде әртараптандырудың артықшылықтарын іске асыру тетіктерін әзірледі.

Ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық кеңістігінің құрылымдық өзгерістерін зерттеудің үш негізгі болжамын ұсынуға мүмкіндік береді [7]:

  • халықаралық бәсекелестікте өсіп келе жатқан байланысты есепке алады, азық-түлік нарығын жаһандық қайта құрылымдау, ауыл шаруашылығы экономикасын саралау жəне сегменттеу үдерісіне негізделеді;
  • жаһандық құрылымдық өзгерістердің ауылдық үй шаруашылықтарын бейімдеудің қазіргі заманғы үдерістерін жəне ауыл экономикасын әртараптандыруға әсерін есепке алу көзделеді. Ауыл халқының неғұрлым кең тараған бейімделу реакциясы экономикалық белсенділік пен табыс көздерінің жаңа бағыты болып табылады;
  • кеңістіктік жəне әлеуметтік саралау үдерістері балама белсенділік мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігіне, материалдық (қаржылық, жер) ресурстарының жетіспеушілігіне жəне еңбек нарығының шектеулігіне сəйкес келетін трансформациялық тұйықтардың пайда болу тәуекелдерін туындатады.

Қазіргі уақытта ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік қолдаудың екі тұжырымдамалық моделі пайдаланылады: бірінші үлгі — мемлекеттік қолдаудың шарттары мен тетіктері бірыңғай заңнамалық акт шеңберінде бекітілген жəне бұл модель Еуропалық одақ елдерінде қолданылады; екінші модель — мемлекеттік бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады. Бұл нұсқа АҚШ, Мексика жəне тағы басқа елдерде пайдаланылады [8].

Өз кезегінде, Л. Зарубанна [9] ауылдық аумақтардағы экономикалық қызметті əртараптандыру стратегиясының әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын, қозғаушы күштері мен салдарын зерттеді.

Экономиканы əртараптандыру ауыл аумақтарының тартымдылығы, яғни ресурстарды тарту жəне өзінің адами әлеуетін сақтау қабілеті, ауыл аумақтарының ауыл шаруашылығына қатысы жоқ баламалы табыс көздерін құру мүмкіндігіне байланысты [10, 11]. Бұл құбылыстың ауқымдылығы «аграрлы емес ауыл экономикасына» арналған көптеген зерттеу әдебиеттерін тудырды. Оларға ауылдық аумақтардағы ауыл шаруашылығы қатысты емес жеке меншік кәсіпорындары (оның ішінде бейресми), ауылдық аудандардағы мемлекеттік жəне жергілікті басқару институттары, сонымен қатар әлеуметтік инфрақұрылым жатады.

Көптеген жылдар бойы ауылдық аумақтарда экономикалық, саяси жəне әлеуметтік құрылымдық өзгерістерді ынталандырудың əртÝрлİ стратегиялары қолданылды. Ұзақ уақыт бойы экономиканы əртараптандыру ауыл шаруашылығындағы өзгергіштікке жəне маусымдылыққа байланысты тəуекелдердí жеңілдетуге көмектесетін ауылдық үй шаруашылықтарының стратегиясы болып саналды [12].

Ауылдық əртараптандыру ресурстарды ауылда қайта бөлуге байланысты болғандықтан, ауыл экономикасын əртараптандырудьщ диагностикасы, бірінші кезекте, оның дамуының жаңа бағыттарын анықтауға мүмкіндік беретін қолда бар ресурстарды жəне/немесе əлеуеттí анықтауға бағытталған [13]. Сонымен қатар бұл қызмет түрі ауыл шаруашылық жəне оған қатысты емес қызмет түрлерін, сондай-ақ қызмет көрсету саласын дамыту болып табылады [14].

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы экономикасының аграрлық секторының шикізаттық сипатын өзгерту жəне оны ауыл шаруашылығы шикізатын өнеркəсіnтік қайта өңдеу өнімдерінөндіруді ұлғайтуға бағыттау қажеттігі туралы мəселе өткір тұр. Бұл жоғары қосымша құн алуға ғана емес, қосымша жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді, халық табысының өсуіне, барлық деңгейдегі бюджет кірістерінің толуына ықпал ететін болады. Осыған байланысты, ауылдық аумақтарда ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау, өткізу жəне қайта өңдеу (ұн, жарма, нан-тоқаш өнімдері, май, консервіленген көкөністер, жемістер, шырындар, ет-сүт өнімдері жəне тағы басқаларды өндіру) жөніндегі қызметті ұйымдастыру жəне дамыту маңызды бағыт болып келеді.

Ауылдық аумақтардағы шаруашылық кешендерінің моноқызметтілігі олардың дамуының депрессивті сипатын тереңдете түседі, әлеуметтік-экономикалық қатынастардың бір сегментінде тәуекелдің шамадан тыс шоғырлануын қамтамасыз етеді, қолданыстағы әлеуетті пайдалану тиімділігінің деңгейлерін шектейді, кеңейтілген ұдайы өндіру үдерістерін ынталандыру үшін ресурстық базаны қалыптастыруға кедергі жасайды жəне мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Бұл мəселе ауылдық аумақтардағы экономикалық қызметтің таза аграрлық желісінде ғана емес, сондай-ақ оның шамадан тыс салалық шоғырлануы да болып табылады, бұл экономикалық қауіпсіздік тәуекелдерін арттырады жəне оларды азайту үдерістерін қиындатады. Бұл ахуалдың тұрақсыздандыратын әлеуметтік- экономикалық салдарлары негізінен тауарлық экспорттық нарықтың жоғары табысты сегменттеріне бағдарланған агрохолдингтердің ресурстық қуаттары шегінде өндірістің өсіп келе жатқан шоғырлануы жағдайында да қиындайды, бұл тұйық өндірістік кезеңдерді құруды жəне ауылдық жерлерде әртараптандырылған экономикалық кешендерді дамытуды ынталандыруды болдырмайды.

Сонымен, ауылдық жерлерде экономикалық қызметті əртараптандыруды қарқындату мәселесі экономикалық ғана емес, сондай-ақ терең әлеуметтік негізге ие, себебі оның шешімі қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісін құрылымдауды қамтамасыз етеді. Ауыл экономикасын əртараптандыру экономикалық қауіпсіздік үшін тәуекелдерді азайтудың жəне ауылдық жерлердегі жағымсыз көші- қон үдерістерін еңсерудің стратегиялық құралы болып табылады, өйткені ауылдық аумақтарды дамытудың моноқызметті сипаты олардың құлдырауы мен тұрақтануына əкеп соқтырады.

Қазіргі уақытта экономиканың ауыл шаруашылығына қатысты емес секторын дамыту ауылдық аумақтардың өміршеңдігі мен дамуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынына қарамастан, ауыл шаруашылығын қолдау бұрынғысынша ауылдық аудандарды дамытудың кез келген стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады.

Әсіресе экономиканың ауыл шаруашылығына қатысты емес секторын құру үшін кедергілер еңсерілмейтін болуы мүмкін шалғай ауыл аудандары үшін ауыл шаруашылығы өміршең нұсқалардың бірі болып келеді.

Біздің ойымызша, тұтастай алғанда ауыл экономикасын әртараптандыруға, сондай-ақ ауыл шаруашылығына қатысты емес жұмыспен қамтуды дамытуға физикалық жəне адами ресурстардың әртүрлілігі, жергілікті немесе өңірдің өзіндік мүмкіндіктері сияқты факторлар елеулі эсер етуі мүмкін. Кеңістіктік элеуметтік-экономикалық теңсіздік бар, ол эртүрлі өңірлердің элеуметтік- экономикалық дамуының бірқалыпты еместігінде айқын көрінеді. Қазіргі уақытта ауылдық аумақтарды дамыту тэсілдерінің көпшілігі жекелеген ауылдық аудандардың аумақтық топтарын, олардың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып бөлуге негізделеді.

Ол үшін ауылдық аумақтардың ерекшеліктерін ескере отырып, эртараптандырудың тиісті стратегиясын эзірлеу қажет. Бірқатар өңірлерде ауыл шаруашылығы секторын дамыту (эртараптандыруға байланысты) арқылы ауыл экономикасын эртараптандыру неғұрлым орынды, ал басқа өңірлер үшін экономиканың салалық құрылымында ауыл шаруашылығы емес сектор басымдықпен байланысты емес əртараптандыру стратегиясы неғұрлым қолайлы болады.

Біздің ойымызша, əртараптандыру стратегиясын таңдау кезінде аумақтың алыстығы сияқты факторға ерекше назар аудару қажет. Қазақстан Республикасының өңірлерінде қашықтықтың өлшемі бойынша ауылдық аумақтардың белгілі бір түрлері бар, олардың эрқайсысының қалалармен өзара іс- қимыл жасау ерекшеліктері ескерілуі керек. Мысалы, шалғайдағы ауылдық аумақтарда эрқашан жеткілікті мүмкіндіктер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы емес секторды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жоқ, бұл жағдайда экономиканы əртараптандыру емес, керісінше, ауыл шаруашылығын дамыту арқылы мамандандыруды тереңдету неғұрлым тиімді нұсқа болуы мүмкін. Шалғайдағы ауылдық аумақтарда аграрлық секторды дамыту қысқамерзімді келешекте кедейлік деңгейін қысқарту үшін аз ғана шешімдердің бірі болып қала бермек.

Ауыл экономикасын əртараптандыру агротехникалық пен ауа райына қатысты қолайсыз құбылыстардан жəне нарық коньюнктурасының күтпеген өзгерістерінен тэуекелдерді азайтуғамүмкіндік береді. Қызметтің әртүрлі түрлерінің ұтымды үйлесімі салалық құрылымды оңтайландыруға ықпал жасайды, жер алқаптары мен өндіріс құралдарын неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылығына қатысты емес қызмет түрлерін дамыту ауылдық аумақтар экономикасының аграрлық өндіріс нәтижелеріне тәуелділігін азайтады, кәсіпкерлік қызметті жандандыруға жəне ауылда қосымша жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. Бұл табыс табудың тұрақтылығына жəне тауар өндірушілер қызметінің табыстылығын арттыруға кепілдік беріп қана қоймай, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жалпы мемлекеттік басымдықтарды іске асыруға, халықтың жұмыспен қамтылуын арттыруға жəне ауыл тұрғындарының әлеуметтік жəне материалдық мәселелерін шешуге ықпал ететін болады.

Әртараптандырудың негізгі бағыттарына өндірістік қызметтің ауыл шаруашылығына қатысты емес түрлерін дамыту, қызмет көрсету саласындағы әртүрлілікті кеңейту, ауыл шаруашылығында жоғары тауар өнімдерін өндіру, халық шаруашылықтарында кәсіпкерлік қызметті дамыту жатады. Ауылдық аумақтарды басқару тәжірибесіне жергілікті экономиканы әртараптандыруға кешенді тәсілді енгізу, бұл ретте ауылдық жерлерде өндірістің ерекше ерекшеліктерін ескере отырып, саналуандықты бірнеше деңгейде кеңейтудің әртүрлі әдістерін жүйелі түрде қолдануға мүмкіндік береді.

Осылайша, ауылдық аумақтарды дамыту мүмкіндіктерін ескере отырып, олардың экономикасын əртараптандыру бойынша мынадай қорытындылар жасауға болады:

  • - ауылдық аумақтардағы жұмыссыздықтың болуы, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының жетіспеушілігі урбандалу үдерісінің жеделдетілуіне әкеліп отыр. Сондықтан ауылдық аумақтарды қолдайтын бағдарламаларда тек экономикалық ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік мәселелерді ескерген жөн;
  • - ауыл шаруашылығы өнімдерінің шаруашылық түрлері бойынша жалпы шығарылымында дәстүрлі өсімдік жəне мал шаруашылығының үлесі басым. Ауылдық аумақтардың маусымдық сипаттағы салалық құрылымын ауыл шаруашылығына қатысты емес бағыттағы өндіріспен жəне қызметтермен толықтыру қажет.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Агроөнеркәсіптік кешенді жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 Заңы [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тәртібі: www.adilet.zan.kz.
  2. Регионы Казахстана. Комитет статистики Министерства национальной экономики Республики Казахстан. — Астана: Комитет по статистике, 2019. — 33 с. [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тәртібі: http://stat.gov.kz/official/industry/61 /statistic/6
  3. Қазақстан Республикасының агроөнеркəсіптік кешенін дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік баɪдарламасын бекіту жəне «Мемлекеттік баɪдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 420 Жардығы [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тәртібі: www.adilet.zan.kz.
  4. Қазақстан Республикасындағы ауыл, орман жəне балық шаруашылығы: стат. жин. — Астана: статистика комитеті, 2019. — 144 б. [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тәртібі: http://stat.gov.kz/official/mdustiy/14/statistic/5
  5. Меренкова И.Н. Сельский туризм и диверсификация экономики сельских территорий / И.Н. Меренкова, В.Н. Перцев // АПК: экономика, управление. — 2010. — № 7. — С. 43–46.
  6. Chaplin L., Davidova S., Gorton M. Agricultural Adjustment and the Diversification of Farm Household and Corporate Farms in central Europe / L. Chaplin, S. Davidova, M. Gorton // Journal of Rural Studies. — 2004. — No. 1. — Vol. 20. — Р. 61–77.
  7. Losch B. Rural Transformation and Late Developing Countries in a Globalizing World: A Comparative Analysis of Rural Change / B. Losch, E. White. — Washington, DC: WorldBank, 2011. — 308 p.
  8. Морозова Н.С. Развитие сельских территорий: зарубежный опыт / Н.С. Морозова, Е.В. Иванова // Социальноэкономические явления и процессы. — 2015. — Т. 10, № 6. — С. 63–69.
  9. Zarubanna L. Social and Economic Prerequisites for the Diversification of Rural Economy / L. Zarubanna // Bulletin of Ternopil National Economic University. — 2013. — No. 1. — Р. 45–55.
  10. Richardson T. Discourses of Rurality in EU Spatial Policy: The European Spatial Development Perspective / T. Richardson // Sociologia Ruralis. — 2000. — No. 40 (1). — P. 53–71.
  11. Saraceno E. Recent Trends in Rural Development and Their Conceptualization / E. Saraceno // Journal of Rural Studies. — 1995. — No. 10. — P. 321–330.
  12. Lohmann C. Location, nonagricultural employment, and vulnerability to poverty in rural Thailand / C. Lohmann, I. Liefner. Erdkunde. — 2009. — Vol. 63/2. — P. 141–160.
  13. Сельская экономика: учеб. / под ред. проф. С.В. Киселева. — М.: ИНФРА-М, 2008. — 572 с.
  14. Савенкова О.Ю. Стратегия социально-ориентированного развития сельских территорий: дис. ... д-ра экон. наук: 08.00.05 – «Экономика и управление народным хозяйством» / О.Ю. Савенкова. — Воронеж, 2016. — 353 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.