Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Демократияның даму кезеңіндегі Ресей (1917 ж. наурыз-қазан айлары)

Мақалада 1917 ж. Ақпан революциясынан кейін Ресейде билікке келген буржуазиялық Уақытша үкіметтің жəне оның елді демократияландыру жолындағы бірқатар маңызды шешімдері туралы баяндалды. Сонымен қатар елде қалыптасқан көппартиялық жағдайда әртүрлі саяси күштердің билік үшін күресі жəне оның әртүрлі бағыттары, Уақытша үкіметінің ішкі жəне сыртқы саясаты, демократиялық қозғалыстың жікке бөлінуі жəне осыған орай елдегі саяси дағдарыстың күшейе түсуі көрсетілді. Автор шілде оқиғаларына тоқтала отырып, осы кезеңнен кейін елдегі билік үшін күрестің күшейе түскенін көптеген деректермен объективті түрде дəлелдеп, оның ерекшеліктерін айқындады.

Бұрыңғы қалыптасқан тұжырымдар бойынша Уақытша Үкімет пен Кеңестер ең басынан бөлініп, біріне-бірі қарсы саясат жүргізді деген ұғым шын мәнінде сол кездегі оқиғалармен сəйкес келмеді. Себебі революциядан кейінгі уақытта осы екі орган бірін-бірі түсініп, өзара қолдау көрсетуге тырысты. Бұл жағдай сол кездегі саяси ахуалдың ерекшелігін айқындады.

Уақытша үкіметке бұрыннан келе жатқан соғыс жəне бейбітшілік, аграрлық жəне ұлттық мəселелермен қатар, енді қосымша мемлекеттік билік жəне Ресейдің болашақ мемлекеттік құрылымы, экономиканы дағдарыстан шығару сияқты жаңа проблемалар қосылды. Осыған орай кеңестік тарихнамадағы Уақытша үкіметті ешқандай жұмыс атқара алмады деген көзқараспен келісу қиын. Өйткені жаңа үкімет тарих тәлкегінің оған берген аз уақытында бірқатар демократиялық шараларды іске асырды.

Уақытша үкімет өзінің ішкі саясаттағы басты бағыттарын 1917 ж. 3 наурыздағы Декларациясында белгіледі. Онда толық саяси рахымшылық жарияланды, сөз, баспасөз, жиналыстар бостандығы берілді, Ресейде тұратын барлық халықтардың құқығы теңестірілді. Сонымен қатар жалпы халықтың сайлау арқылы Құрылтайшы Жиналыс шақырып, оған Ресейдің болашақ саяси құрылымын шешетін жағдай туғызу керектігі көрсетілді. Осы Декларация бойынша полицияның орнына халықтық милиция жəне жергілікті басқару органдарын құру, қоғамдық тəртíптí орнату, күшейту жəне т.б. мақсаттар қойылды [1; 81]. Əрине, осы мақсаттар іске асырылғанда Ресейдің демократиялық мемлекетке айналатын мүмкіншілігі толық болған еді. Сонымен қатар қалыптасқан саяси жағдайға байланысты Уақытша үкімет Кеңестердің кейбір шешімдерімен есептесуге мəжбур болды.

Ең басынан Уақытша үкімет пен Петроград Кенесі өздерінің жұмысын бірігіп атқаруға, тырысты жəне осы жұмысты ұйымдастыратын комиссия құрылып, оған Н. Чхеидзе, М. Скобелов, Ю. Стеклов, Н. Суханов жəне В.Филлиповский кірді. Сөйтіп, мемлекеттік істерді комиссиялық түрде жүргізуге мүмкүндік туды [2; 75].

Сонымен қатар Уақытша үкімет көптеген аймақтарға бұрыңғы патша губернатарының орнына өздерінің комиссарларын тағайындады. Осыған орай Декларациядағы мақсаттарын іске асырып, Уақытша үкімет ұлттық аймақтарда, Белорусияда, Теріскей Кавказда, тағы басқа жерлерде жергілікті ұлт өкілдерін жоғарғы қызметтерге тағайындады. Мысалы, Қазақстан жəне Түркістанда Уақытша үкіметтің комиссарлары болып М.Тынышпаев, А.Бөкейханов, М.Шоқай сияқты ұлт зиялылары тағайындалды [3; 294]. Жалпы алғанда 1917 жылдың мамыр айында Уақытша үкімет өзінің 57 губерниялық жəне 353 уездік комиссарларын тағайындады. Олардың көпшілігі кадеттер жəне соларды қолдайтындар болса, кейін комиссарлар қатарында меньшевиктер мен эсерлер саны өсе түсті.

Осының барлығы «буржуазиялық» үкімет органдары мен Кеңестердің революциядан кейіңгі айларда белгілі деңгейде бірігіп, жұмыс атқарғанын байқатады. Әсіресе олардың жергілікті жерлердегі қарым-қатынастары бірқатар аймақтардағы проблемаларды әртүрлі ымыра негізде шешуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар стихиялық түрде құрылған көптеген қоғамдық ұйымдардың қызметтері, мемлекеттік органдардың жұмысына бірқатар қиыншылық туғыза бастағанын айтқан жөн.

Аталмыш кезеңде Ресейде 200-ден астам әртүрлі саяси партиялар мен қоғамдар болды. Олардың ішінде өз халықтарының мүддесін қорғайтын ұлттық партиялар қалыптаса бастады. Ақпан оқиғаларынан кейін саяси партиялардың да тағдырлары әртүрлі болды. Мысалы, патша кезінде бірқатар ықпалы бар «Орыс халқының одағы», «Михаил Архангел одағы» жəне октябристер партиясы бұрыңғы дәрежелерінен айырылып қалды.

Өзінің беделі бойынша бірінші орынға енді кадет партиясы шықты. Бұл партия бұрыңғы «Конституциялық монархия» идеясынан бастартып, жаңа бағыттарында соғысты жалғастыру, Құрылтайшы Жиналыс шақыру, демократиялық бостандықтарды сақтау, тағы басқа ұрандармен жұмыс істесе, кейбір әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуді кейінге қалдырды. Сонымен қатар кадеттер ұлттық аймақтарға автономия беруіне өздерінің қарсы екенін білдірді. Наурыз айында өткен VII съездерінде кадеттер «Ресей демократиялық парламенттік Республика болу керек» деген шешім қабылдады [4; 200].

Осы кезде социалистік партиялар біріккен саясаттары арқылы белгілі дəрежеге жетті. Бұл блокта әсіресе меньшевиктердің рөлі ерекше болды. Себебі олардың басқарушыларының ішінде Г. Плеханов, Л. Дейч, А. Потресов, Ю. Мартов, И. Церетели, Ф. Дан, М. Скобелев жəне Н. Чхеидзе сияқты белгілі қайраткерлер болды. Бұл кезеңде (1917 жылдың көктемінде) меньшевиктердің басқарушы рөлін эсерлер мен большевиктер де мойындады. Меньшевиктер саяси бағдарламасында демократиялық республиканы, помещиктердің жерін тәркілеу, халықтардың егемендік алу құқықтарын қолдап, соғысты «революциялық қорғаныс ретінде» ғана жүргізу керектігін көрсетті [5; 16].

Эсерлер Ақпан революциясынан кейін саны жағынан ең ірі партияға айналды. Олар Ресейді федеративтік республикаға айналдыру, помещиктер жерін тәркілеп шаруаларға тең бөліп беруді қолдады. Ал сыртқы саясат бойынша олар соғысты аннексиясыз жəне контрибуциясыз тоқтату туралы мəселелер көтерді. Социалист-революционерлер партиясын (эсерлер) оның көсемі В. Черновпен бірге, Н. Авксентьев, А. Гоц, М. Спиридонова, А. Колегаев жəне П. Прошьян сияқты қайраткерлер басқарды. Бірақ осы кезде бұл партия «оңшыл» жəне «солшыл» бағыттарға бөліне бастады. Эсерлер демократиялық күштердің «барлық таптардың коалициясын» құруын жақтады [6; 354].

1917 жылдың наурыз айында социалистердің бірлігін большевиктердің айдаудан келген қайраткерлері И. Сталин, Л. Каменев, Н. Муранов, тағы басқа қолдады. Олар партия мүшелерін меньшевиктер жəне эсерлер блогымен одақ құруын, сонымен қатар Уақытша үкіметті қолдау керектігін жақтап, осы бағытты ұстануға шақырды.

Бірақ бұл позиция эмиграциядан большевиктердің көсемі В. Лениннің келуіне байланысты өзгеріп шықты. Осы орайда 200 мыңнан астам орыс тұтқындары орналасқан Германия арқылы арнайы күзеті бар поезбен В. Ленин басқарған большевиктер тобының өтуі әлі күнге дейін тарихшыларды таңқалдырады. Осы оқиғаға кеңестік тарихнамада белгілі себептермен түсінік берілмесе, кейбір шетел тарихшылары осы сапарында Ленин герман үкіметімен жасырын келіссөздер жүргізіп, онда Ресейді соғыстан шығару мəселесí талқыланған деп көрсетеді. Сонымен қатар олар большевиктердің көсемдері герман үкіметінен 50 миллион марка ақша алғанын көптеген құжаттармен дəлелдеп жүр. Əрине, бұл мəселе бойынша әлі талай пікірлер айтылуы жəне жазылуымүмкін. Бірақ Лениннің Петроградқа келісімен Ресейдің соғыстан шығуы керек деген сөздері осы күнге дейін көптеген сауалдар туғызады.

7 сәуірде «Правда» газеті Лениннің «Пролетариаттың үстіміздегі революциядағы міндеттері туралы» деген баяндамасының негізгі материалдарын басып шығарды. Кейін бұл баяндама «Апрель тезистері» деп аталып кетті. Шын мәнінде, тезистер большевиктердің жаңа бағдарламасына айналды. Мұнда Ленин буржуазиялық-демократиялық революцияны социалистік революциямен жалғастыру керектігін, соның арқасында жұмысшылар мен шаруалар Кеңестерінің Республикасын құрып, Уақытша үкіметке қолдау тоқтатылсын деген мақсаттар қойды. Экономика саласында помещиктердің жерлерін, банктерді тәркілеу, барлық жерлерде билікті Кеңестерге беру талаптары қойылды. Сонымен қатар Ресей империалистік соғыстан шығу керектігі тезистерде нақты көрсетілді. Ленин өзінің бағдарламасында социалистермен одақтас болуға қарсы шығып, саяси билікті қолға алу үшін ашық күреске шақырды. Большевиктер көсемінің осы кездегі идеяларын басқа социалистер тұрмақ оның қасындағы қайраткерлердің бірқатары қабылдаған жоқ. Мысалы, Лениннің тезистерін А.Богданов «есінен ауған адамның сандырағы» деп әшкереледі [7; 44]. Бірақ Ленин өзінің буржуазиялық революциядан социалистік революцияға бағытталған бағдарламасын большевиктердің 24-29 сәуірде өткен Бүкілресейлік конференциясында қабылдатқыза білді. Сөйтіп большевиктер басқа социалистерден бөлініп, өздерінің экстремистік бағыттағы саясатына көшті. Ал большевиктер көсемінің қарсыластары мемлекеттегі билік үшін күресте Лениннің ешқандай қағидалармен есептеспейтінін сол кезде байқап, болжай алмаған болу керек.

Осы айтып отырған көппартиялық кезеңде бірқатар саяси күштердің бағдарламалары анықталып іске асырыла бастады. Бірақ большевиктердің позициясына байланысты Ресей социалистерінің біртұтас одағын құруға мүмкіндік болмай қалды.

Жаңа үкіметті басқарған Ресей либералдары өздерінің саясатын өте күрделі жағдайда жүргізуге мәжбүр болды. Бір жағынан, олар Кеңестермен есептесті, екінші жағынан — министрлерде мемлекетті басқаратын тәжірибе болмады. Өздерінің басты мақсаттарын соғысты жалғастыруымен байланыстырған жаңа үкімет, осы проблема бойынша халықтың көпшілігінен қолдау таппады. Өйткені жұмысшылар мен шаруалар тез арада жүргізілетін реформаларды күтті.

Өзінің 3 наурыздағы Декларациясымен жəне 6 наурыздағы «Ресей азаматтарына» деген жолдауында Уақытша үкімет көптеген шешілуге тиіс мәселелерді кейінге қалдырды. Ал экономикада патша үкіметі сияқты өзінің рөлін күшейткісі келді. Мəселен, астыққа жəне оның бағасына монополия жарияланды. Жаңадан құрылған азық-түлік комитеттеріне әртүрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді жəне осы уақытта өте маңызды кооперативтік заң қабылданды.

Жергілікті жерлерді басқару жағынан Уақытша үкімет бірнеше заңдар қабылдады. 21 мамырда қабылданған болыстық земство туралы заң енді болыстық жиналыстар мен управаларды құрып, олардың өкілеттілігін кеңейтіп жəне оларды демократиялық негізде сайлауға мүмкіндік жасады. Бірақ осы жиналыстар мен управалардың қызметіне революциялық əдíспен жұмыс істейтін Кеңестер жəне нешетүрлі қоғамдық ұйымдар кедергі жасап, жаңа үкіметтің реформаларын алға басқызбады.

Өзінің бағдарламасын іске асыруда Уақытша үкімет Ресейдегі саяси ахуалды есептемей, ең басты-мемлекеттік құрылым, жер жəне соғыс мəселелерíн кейінге қалдырып, болашақта жұмыс істейтін Құрылтайшы Жиналыстың шешімдерімен байланыстырды. Бірақ шаруалар қозғалысының күшеюі Уақытша үкіметті жер мəселесíмен шұғылдануға мәж6үр етті. 21 сəуíрде үкіметтің «Жер комитеттерін құру туралы» қаулысы шығып, онда аграрлық реформаны бастау туралы жарияланды. Құрылған жер комитеттері, аграрлық реформаның дайындық жұмыстарымен шұғылдана бастады. Соған қарамастан, олар жергілікті радикалдық земстволардан қолдау таба алмады.

Осы уақыттағы ең басты проблемалардың бірі — соғыс жəне бейбітшілік мəселесí болды. Осыған орай 14 наурызда жұмысшылар мен солдаттар депутаттарының Петроград Кеңесі «Бүкіл əлем халықтарына» деген манифест қабылдап, онда соғыстың империалистік мақсаттарын сынап, екінші жағынан — Ресейдің Германиямен «революциялық соғысын» қолдап шықты. Осыған байланысты халықтың арасында «аннексиясыз жəне контрибуциясыз демократиялық бейбітшілік» идеялары кең қолдау таба бастады [8; 70].

Саяси дағдарысты шешу үшін жəне Кеңестердің еңбекшілер арасындағы ықпалы есептелініп, 5 мамыр күні бірінші коалициялық үкімет құрылды. Оны Г.Львов басқара беретін болды. Жаңа кабинетке 10 министр-капиталистер мен қатар 6 министр-социалист кіргізілді (А. Керенский, М. Скобелев, И. Церетели, А. Пешехонов, В. Чернов, П. Переверзев). Коалициялық үкіметте сыртқы істер министрі болып М. Терещенко, ал əскери министр қызметіне А. Керенский тағайындалды.Либералдар мен социалистер құрған коалициялық үкімет революциялық демократияның ықпалымен жаңа бағдарлама дайындай бастады. Онда демократиялық бейбітшілік орнату, экономикада мемлекеттік бақылауды күшейту, байлардан алатын салық мөлшерін көбейту, еңбекті қорғау жəне т.б. шаралар белгіленді [9; 12].

Коалициялық үкіметке Кеңестердің өкілдері кіргеннен кейін халықтың көпшілігі елдегі революциялық стихия бәсеңдеп, майдандағы жəне тылдағы дағдарыс өздерінің шешімдерін табады деп үміттенді. Бірақ 1917 жылдың жазы революциялық жаңа толқулар әкелді жəне осы уақыттағы қозғалыста радикалдық бағыттағы большевиктердің рөлі күшейе түсті.

1917 ж. жазына қарай шаруалар ұйымдары қоғамдағы белгілі саяси күшке айналды. Біріншіден, халық социалистерінің (энестер) көмегімен құрылған Бүкілресейлік шаруалар одағы болса, екіншіден, көптеп құрылып жатқан шаруалар депутаттарының Кеңестерін атауға болады. Мамыр айында Петроградта шаруалар депутаттарының Бүкілресейлік І съезі өз жұмысын бастады. Ондағы көпшілік эсерлерді қолдап шығып, өздерінің төрағасы етіп Н.Авксентьевті сайлады. Ал президиумге Е. Брешко-Брешковская, В. Чернов, В. Фигнер, С. Маслов, тағы басқалар кірді. Съез өзінің қаулысында барлық жер Құрылтай Жиналыс шақырылғанша, жер комитеттерінің қолына берілу керек деп шешім қабылдады жəне кейін жерді шаруаларға тең бөліп беру туралы өздерінің бұрыңғы мақсаттарын тағы да белгіледі. Осы съезге қатысқан В.Ленин сөз сөйлеп, жерді Учредительдік Жиналысқа дейін ақысыз таратып беру деген идеясын ұсынды жəне бүкіл жерді мемлекеттік меншікке айналдыру керек дегенді қолдады. Большевиктердің осындай позициясы селодағы кедейлердің, помещиктер мен қатар кулактар мен ауқатты шаруалардың меншіктеріне таласын одан сайын ушықтыра түсті.

Большевиктердің басқаруымен фабзавкомдар кәсіпорындарды қорғау керек деген сылтаумен Қызыл гвардия отрядтарын құра бастады. Осындай көптеген отрядтар Мəскеуде Орталық өнеркәсіп аймағында, Оралда, Донбаста жəне тағы басқа жерлерде құрылып, оларға қару-жарақ таратылып берілді. Осыған байланысты Ресейдегі большевиктерді қолдайтын Қызыл гвардия отрядтарында қазан айының орта адам саны 100 мыңнан болды. Сонымен қатар большевиктер көптеп құрылып жатқан кәсіподақ комитеттерінде өздерінің үгіт жұмысын күшейтіп оларды өздерінің позициясын қолдауға шақырды [10; 23].

Жұмысшылар мен революциялық демократияның қозғалыстарын біріктіру мәселесі 3-24 маусымда Петроградта өткен І Бүкілресейлік жұмысшылар мен солдаттар депутаттарының съезінде ерекше қаралды. Осында қатысушылардың жалпы саны 1090 делегат болса, олардың 285-і — эсерлер, 290 — меньшевиктер, 105 — большевиктер, ал қалғандары әртүрлі қоғамдық ұйымдардан болды. Революциялық демократия мен Кеңестер бірігіп, заңды үкіметке қолдау көрсету керектігін дəлелдеген И.Церетелидің «билікті қолына алатын қазіргі Ресейде саяси партия жоқ» дегеніне залда отырған В.Ленин: «Ондай партия бар! Біздің партия бұдан бастартпайды, ол үкімет билігін толығымен өз қолына алуға минут сайын әзір», — деп мәлімдегені делегаттардың күлкісін келтірді. Бірақ Лениннің бұл сөздеріне жеңілдікпен қараған көптеген делегаттар шын мәнінде большевиктер өздеріне осындай мақсат қойғанын кейінгі оқиғаларда ғана түсіне бастады [11; 22].

18 маусым күні Съез бен Петроград Кеңесі тағайындаған қаладағы шеруге мыңдаған адам қатысты жəне олардың бірқатары «Бүкіл үкімет Кеңестерге берілсін!», «Он капиталист-министрлер жойылсын!», «Соғысты аяқтау керек!» деген ұрандармен шықты. Осының өзі еңбекшілер большевиктердің талабына назар аудара бастағанын көрсетті.

Бірақ бұл жолы социалистер Уақытша Үкімет пен Кеңестердің ынтымақтастығын сақтап қалды. І съез Кеңестердің жаңа басқарушы органы — Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетін құрды. Оған 250 адам кіріп, соның ішінде меньшевиктер — 107, эсерлер — 101, большевиктер 35 орынға ие болды. Сөйтіп, осы съездің өзі социалистердің «оңшыл» бағыттары бар екенін көрсетті. Енді съезде жеңіске жете алмаған большевиктер халықты үкіметке айдап салу саясатын іске асыра бастады жəне бұған себепте табылды.

Маусымның 18-інде орыс армиясы Оңтүстік-Батыс майданында ірі шабуылға көшті. Бірақ бұл шабуыл сәтсіз аяқталуы елдегі саяси жағдайды шиеленістіре түсті.

1917 жылдың 2 шілдесінде төрт министр-кадеттер Д. Шаховский, А. Мануилов, А. Шингарев жəне В. Степанов кабинеттен шықты. Олар өздерінің А. Керенский, И. Церетели жəне Терещенконың Орталық Радамен Украинаға автономия беру туралы шешімдері мен келіспегендіктен, кететіндері туралы мəлíмдедí. Бұл жағдай коалицияның арасында алауыздық пайда болғанын көрсетті, екіншіден, халықтың наразылығын туғызды.

Шілденің 3 күні көшелерге қаруланған солдаттар мен матростар жұмысшылармен бірге шығып, Таврия сарайындағы Орталық Атқару Комитетіне келді. Олар Уақытша үкіметінен билікті Кеңестерге беруді талап етті. Осы оқиғаның басталуына кейбір зерттеушілер соғысқа барғысы келмеген солдаттар мен матростарды кінәлайды. Шын мәнісінде солдаттарды көшеге шығаруға большевиктердің үлесі бар екенін байқауға болады. Себебі жалғыз солар əскерде көптеген ұйымдар құрып, насихат жұмысын көп жүргізді. Сонымен қатар құрамына А. Антонов-Овсиенко, В. Невский, Н. Подвойский, Н. Крыленко, П. Дыбенко кірген арнайы əскери ұйым («Военка») құрылды. Мұндай ұйым 43 қалада ашылды.

4 шілде күні жалғасқан шеруге Петроградта 400 мыңнан астам адам қатысып, қаруланған шерушілер мен үкімет әскерлерінің арасында қақтығыстар нәтижесінде екі жақтан 300 астам адам қаза тауып, жараланды. Шілденің 5 күні үкімет әскерлері шерушілерді қуып таратты. Ал ұйымдастырушылар ретінде большевиктердің басшылары Л.Троцкий, А.Каменев, Ф.Раскольников т.б. қамауға алынды, В. Ленин Разлив көлінің маңында жасырынуға мәжбүр болды. Осы кезден бастап Уақытша үкімет билікті толық қолына алуына байланысты Кеңестердің ықпалы азая бастады.

24 шілдеде Л. Керенский басқарған екінші коалициялық кабинет құрылып, оған 8 министр- кадеттер мен 8 министр-социалистерден қамтылды. Ал Ресей армиясының бас қолбасшысы болып белгілі генерал Л. Корнилов тағайындалды [12; 200].

Сонымен, 3-5 шілде оқиғаларының сипатына тоқталсақ, қазіргі уақытта оған ешқандай күмән жоқ — бұл оқиғалар большевиктердің қарулы шеру арқылы үкімет билігін басып алудын бірінші әрекеті болды.

Шілде оқиғалары либералдар мен социалистер құрған үкіметтің радикалдық элементтерге қарсы шаралар қолдану керектігін көрсетті. Екіншіден, мемлекетте қатал тәртіп орнатуды жақтайтын саяси күштердің де белсенділігін айқындай түсті. Осындай жағдайда 12-15 тамызда қоғамдағы әртүрлі саяси күштерді біріктіру үшін Мəскеуде Мемлекеттік Жиналыс өз жұмысын жүргізді. Оған кәсіпкерлер, банкирлер, офицерлер, бұрыңғы Дума депутаттары, әртүрлі партиялар кәсіподақ, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бұл жиынға большевиктер ғана қатыспады. Осы Жиналысқа қатысушылардың бір бөлігі Уақытша үкіметті қолдаса, қалғандары генерал Корниловқа сенімдерін білдіре бастады. Осындай қолдау тапқан Корнилов Уақытша үкіметпен келіспеушілігін білдіріп, 26 тамызда ашық əскери бүлік бастады. Генералды көптеген оңшылдар топтары қолдап шықты. Корниловтың бұйрығымен Петроградқа қарсы генерал Крымов басқарған əскерлер жіберілді. Мақсаты əскери диктатордың билігін астанада орнату болды. Осындай шешуші кезеңде бүлікшілерге қарсы социалистік партиялардың, Кеңестердің, кəсıподактардын, либералдық ұйымдардың өкілдері шығып, солардың үгіт-насихат жұмыстары арқылы генерал Крымовтың əскерлерí Петроград түбінде тарай бастады. Үкімет басшысы А.Керенский генерал Корниловты қызметінен босатып бүлікшілерге қарсы күреске шақырды. Осындай біріккен шаралардың арқасында əскери билік 31 тамызда талқандалып, Корнилов тұтқынға алынды. Осылайша реакциялық күштердің Ресейде əскери диктатура орнатқысы келген əрекеттерí сəтсíз аяқталды [13; 466, 467].

Корнилов бүлігінің талқандалуы оңшылдар мен Уақытша үкіметтің беделдерін түсірді. Соған орай еңбекшілердің арасында большевиктердің радикалдық қадамдары қолдау таба бастады. Қатары 350 мыңға дейін өскен большевиктер партиясы көптеген Кеңестерді өзіне бағындырды. Сөйтіп, тамыз айының аяғы-қыркүйек айының басында Петроград пен Мəскеу Кеңестері толық большевиктердің қолына көшті.

Осы кезде А.Керенскиймен келіспеушілік білдіріп, үкіметтен кадет-министрлері біраздан кейін социалистер де шығып кетті. Қалыптасқан жағдайда 31 тамыз күні А.Керенский үкімет орнына өзі басқаратын 5 министрден тұратын Директорияны құрды. Ал 1 қыркүйекте Ресей Республика болып жарияланды [14; 244].

14 қыркүйекте Петроградта жиналған Демократиялық Жиналыста Республиканың Демократиялық Кеңесі (Предпарламент) құрылды. Осы органның тапсыруымен А. Керенский 25 қыркүйекте 3-ші коалициялық үкімет құрды. Оның құрамында социалистер, кадеттер, кəсíпкерлер мен атақты ғалымдар болды. Бірақ жаңа кабинет жұмысқа кірсімен большевиктер басқарған Петроград Кеңесі оның кетуін талап ете бастады. Сонымен қатар еңбекшілер арасында Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезін шақыру туралы ұсыныстар қолдау тапты. Ал социалистер мен кадеттердің алауыздықтары коалициялық үкімет пен Республиканың Демократиялық Кеңесі (Предпарламент) арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға кедергі жасады.

Үкіметтің жəне демократиялық органдардың дәрменсіздігін байқаған большевиктер енді өзіне бағынған Кеңестер арқылы үкіметке қарсы саясатын ұйымдастырушылық пен жүргізе білді. Сонымен қатар олар шілде оқиғаларынан кейін өздерінің жасырын VI съезінде қарулы көтеріліске дайындық бастау туралы шешім қабылдаған еді. Осыған орай Ресейдегі демократиялық кезеңнің аяқталып келе жатқанын қоғамдағы көпшілік сол күндері байқамаған сияқты.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Верт Н. История Советского государства / Н. Верт; 1990–1991: пер. с фр. — 2-е изд. — М.: Прогресс-Академия, 1995. — 544 с.
  2. Карр Э. История Советской России. — Кн. 1. — Т. 1, 2: Большевистская революция. 1917–1923. / Э. Карр; пер. с англ. — М.: Прогресс, 1990. — 768 с.
  3. Қазақстан тари∖ы. Очерктер. — Алматы: Дәуір, 1994. — 446 б.
  4. Новейшая история Отечества. XX век: учеб. для студентов вузов. — Т. 2. / под ред.: А. С. Киселева, Э. М. Щагина. — М.: Владос, 1998. — 496 с.
  5. История Отечества: люди, идеи, решения. Очерки истории Советского государства / Сост. В.А. Козлов. — М.: Политиздат, 1991. — 366 с.
  6. Орлов А.С. История России: учеб. / А.С. Орлов, В.А. Георгиев, Н.Г. Георгиева, Т.А. Сивохина. — М.: Проспект, 1997. — 544 с.
  7. Соколов А.К. Курс советской истории 1917–1940: учеб. пос. / А.К. Соколов. — М.: Высш. шк., 1999. — 272 с.
  8. Адамбеков Б. К. XX ғасырдағы Ресей империясы, Кеңес мемлекеті жəне ТМД тарихы: оқу құралы / Б. К. Адамбеков. — Қарағанды.: КарМУ баспасы, 2005. — 344 б.
  9. История СССР: учебник: [В 2-х ч.]. — Ч. II / под. ред. Н.Е. Артемьева. — М.: Высш. шк., 1982. — 351 с.
  10. Берхин И.Б. История СССР. Советский период: учеб. пос. для вузов / И.Б. Берхин. — М.: Высш. шк., 1987. — 704 с.
  11. История СССР. Эпоха социализма: учебник для исторических факультетов вузов / под. ред. Ю.С. Кукушкина. — М.: Высш. шк., 1985. — 479 с.
  12. Новейшая Отечественная история. XX.: учеб. для студ. высш. учеб. завед.: [В 2-х кн.]. — Кн. 1 / под. ред. Э.М. Щагина. — М.: Владос, 2004. — 447 с.
  13. История России: [В 2-х т.] — Т. 2: С начала XIX века до начала XXI века / под ред. А.Н. Сахарова. — М.: АСТ; Астрель; Транзиткнига, 2006. — 862 с.
  14. Адамбек Б.К. Кеңес Одағының тарихы (1917–1991) / Б.К. Адамбек. — Қарағанды: КарМУ баспасы, 2018. — 244 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.