Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ұлт интеллигенциясының қуғындалу тарихы ХХ ғасырдың 20-ж. соңы – 30 ж. басы

Мақалада ұлттың тағдырын ойлаған қазақ зиялылары қауымының ХХ ғасырдың 20-ж. соңы мен 30-ж. басында патша үкіметі тұсындағы орыс үкіметінің отаршылдық саясатына, кеңестік жүйе кезіндегі большевиктік биліктің қыспағына қарсы шығып, қуғын-сүргінге ұшырау тарихы зерттелген. Қазақ азаматтарын қуғындау 30-ж. қатты өршіп, мерзімді баспасөзде кеңестік жүйеге қарсы шығушылардың қатарын жұртшылыққа жариялауға белсене кіріскендігі, тұтқындалып, істі болғандар, мерзімдерін өтеп келгеннен кейін де үкімет тарапынан мұқият бақылауға алынып, олардың үстінен 1937–1938 жж. қайтадан іс қозғалып, акыры. қуғын-сүргін күрбаныпа айна.ліашл мәлім. Қазақстандағы бұл кездердегі қуғындау барысына қазақтың ұлт зиялыларымен қатар, қарапайым жұмысшы да, шаруа да ілініп кетті. Мемлекеттік қауіпсіздік басқармасының анықтамасында бүрынғы алашордашылар мен қазақ үллпылдарының революцияға қарсы әрекеттері келтірілген. Халық жауы ретінде айыіпа.лғапдаріа қателіктерін жариялы түрде мойындауларын талап еткен. Қысым көрсету, қоркыду нәтижесінде көпшілігі өзіне жабылған жала айыпты мойындауға мәжбүр болды. 1937-1938 жж. «халық жауы» ретінде қамауға алынған азаматтардың арасында 30-ж. жаламен сотталып келгендер, ату жазасына кесілгендердің тағдыры қарастырылған.

Кіріспе

Патша үкіметі түсында орыс үкіметінің отаршылдық саясатына да, кеңестік жүйе кезінде де большевиктік биліктің қыспағына қарсы шығып, үлттың тағдырын ойлаған қазақ зиялылары ХХ ғасырдың 20-ж. соңы мен 30-ж. басында жəне 30-ж. соңында қуғын-сүргінге үшырады. Бүл қуғынға барлық оқыған қазақ азаматтары іліккен екен. Бүған дейін де «үлтшылдықпен», «жікшілдікпен», «оншылдықпен» айыптаулар жүргізіліп, соның нәтижесінде қазақтың азаматтарын бір-біріне айдап салу кең етек алған еді.

Мақсаты

ХХ ғасырдың 20-ж. соңы мен 30-ж. басында патша үкіметі түсындағы орыс үкіметінің отаршылдық саясатына, кеңестік жүйе кезіндегі большевиктік биліктің қыспағына қарсы шығып қуғын-сүргінге үшыраған алаш зиялыларының тарихын зерттеу.

Зерттелу Деңгейі мен әДістері

1929–1930 жж. үлт интеллигенциясын қуғындау 1929 ж. Қазақ өлкелік комитетінің V пленумынан кейін басталды. Бүл пленумда буржуазиялық-үлтшылдарға қарсы күрес жүргізу мəселесı айырықша көтерілген болатын [1; 25]. Осы пленумнан кейін қазақ зиялыларының еңбектері, əсíресе Алаш қайраткерлерінің шығармалары ығыстырылып, олардың еңбектерінде «буржуазиялық өмірді көксеу басым» деп түжырымдалды. Барлық басылымдар жіті тексеріске алынды. Үкімет саясатын сынға алған қазақ қызметкерлерге «үлтшыл» ретінде айыптар тағылып, бірсыпырасы жүмыстарынан қуылды. Мəселен, 1929 ж. 20 мамырда Ж. Аймауытов Қазақстандағы «үлтшыл үйыммен байланысы бар» деген сылтаумен түтқынға алынып, үстінен іс қозғалынған екен [2; 22].

1929 ж. 11–16 желтоқсан аралығында болған БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті мен Өлкелік бақылау комиссиясының біріккен пленумында оңшылдар күлақтардың мүдделерін қорғап, социализм ісіне кедергі келтіріп, кедейлер мен орташаларды үгіттеу арқылы кеңестік жүйеге қарсы қоюға бар күштерін салып отырғандығы, оңшылдардың пайымдауларына қарамастан, партия ішіндегі оңшыл уклонға жəне келісімпаздарға қарсы батыл күрес жүргізіліп жатқандығы айтылды. Дегенмен, əлí де болса, оңшыл уклон мен келісімпаздықтың орын алуына партия үялары батыл күрес жүргізбей, керісінше, ауытқушыларды жасырып отырғандығы баса келтірілді. Пленум алдағы уақытта осындай партия қатарына кіріп алып, іріткі салушыларды аз уақыт арасында біржола жоюды міндеттеді [3; 46, 47].

Кеңес үкіметі бұл арандату, іріткі салудың басы-қасында, сөзсіз, алашордашылар бар деген тұжырымды ұстанды. Тарихшы М. Қойгелдиевтің жазуынша, кеңестік идеологиялық аппарат Алаш идеясын өшіруге көп күш салды [4; 5].

Жіті бақылау, аңдудың ақыры 1930 ж. басында Алаш қозғалысының көптеген азаматтарының үстінен іс қозғалды. Ұлт зиялыларынан А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Х. Ғаббасов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Тынышбаев, Ж. Досмұхамедов, Х. Досмұхамедов, Ж. Ақбаев, Ы. Мұстамбаев, барлығы 44 азамат қуғындалды. Олар тұтқындалып, тергеу жұмыстары жүргізілді. Кейбір азаматтарды бастапқы кезде ату жазасына кесіп, кейіннен он жыл мерзімге ауыстырылды. Тек осы қайраткерлердің арасында Х. Ғаббасов ғана 1930 ж. 4 сәуірінде ОГПУ сот коллегиясының шешімімен Қылмыстық Ережесінің 58-бабының 2-тармағына сəйкес «кеңес территориясында қарулы көтеріліс жасап, үкіметті басып алуды көздеді» деген айыппен ату жазасына кесіліп, бұл үкім 1931 жылғы сәуірінде орындалды [5; 218, 219].

Қазақ азаматтарын қуғындау 30-ж. қатты өрши түсті. Мерзімді баспасөзде кеңестік жүйеге қарсы шығушылардың қатарын жұртшылыққа жариялауға белсене кірісті. 1929–1930 жж. тұтқындалып, істі болғандар, мерзімдерін өтеп келгеннен кейін де үкімет тарапынан мұқият бақылауға алынып, олардың үстінен 1937–1938 жж. қайтадан іс қозғалып, ақыры қуғын-сүргін құрбанына айналды. Қазақстандағы бұл кездердегі қуғындау барысына қазақтың ұлт зиялыларымен қатар, қарапайым жұмысшы да, шаруа да ілініп кетті.

ж. 5 тамызда құпия түрде Қазақ өлкелік комитетінің бюро жиылысы болып, 29 шілдедегі БК (б) П-ның жабық хаты талқыға алынып, соның негізінде барлық облыстық, аудандық, қалалық комитеттерде үкіметке қарсы террористік жұмыс жүргізіп жүрген белсенділерді анықтау жөнінде Қаулы қабылданды [6]. Осы Қаулыдан кейін «халық жауларын» анықтау ісі қарқын алды. 1936 жылғы 1 қарашадағы мәлімет бойынша, 29 шілдеден бергі аралықта партия қатарынан фашистік- троцкисшілдік-зиновьевшілдік бағытты қуаттаушы 43 контрреволюционерлердің əшкереленген [7; 15–17].

БК(б)П Қазақстан өлкелік комитетінің VI пленумында партия қатарына кіріп кеткен троцкист- зиновьевшіл бандиттер, контрреволюцияшыл ұлтшылдар мен ұлт арасына іріткі салып отырған азғын топтардан тазарту жұмысының қарқынды жүріп жатқандығын айтқан С. Нұрпейісов 1936 ж. 1 тамызға дейін партия қатарынан лайықсыз деп 432 коммунист шығарылғандығын, алайда бұлардың 269-ы қайтадан партия қатарына қабылданғандығын, бұндай қателіктерге жол берілуінің себебі, партия идеологиясының дұрыс жүргізілмеуі, үгіт-насихат жұмыстарының ақсауы деп атап өткен [8; 343].

Мемлекеттік қауіпсіздік басқармасының анықтамасында бұрынғы алашордашылар мен қазақ ұлтшылдарының революцияға қарсы әрекеттері белсенді түрде өсіп келе жатқандығы баса келтірілді. Олар Кеңес өкіметіне қарсы шығып, Батыс Қытайға кеткен қазақ эмигранттарымен тығыз байланыс орнатып, «Түрік халық партиясын» құру идеясын насихаттап, кеңестік Қазақстанды КСРО-дан бөліп әкетуді көксеп, троцкистшілер-зиновьевшілермен бірлесіп, солардың айтқанын іліп әкетіп отырғандығы айтылды. Тіпті бұл анықтамада, мəселен, Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Шаян ауданында революцияға қарсы троцкистшілдік топ құрылып, оны троцкист Прудько басқарып, оның құрамында партия мүшелері аудандық қаржыландыру бөлімінің меңгерушісі Нұрыш Әлімбетов, аудандық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі Жирен Малтабаров, бұрынғы аудандық газеттің редакторы Əби Құлбаев мүше болған, делінді. Осы анықтамаға сүйенсек, Прудько өзінің әрекеттерін Әлімбетов арқылы жүзеге асыруды ойлаған.

Осындай топ Мирзоян атындағы Қызылша совхозында да құрылғандығы хабарланды. Бұл топты троцкистшілер Нестеров пен Коваленко басқарып, оған бұрынғы бай тұқымынан шыққан Қырғыз Республикасының Жоғарғы Сотының бұрынғы мүшесі, 1931 ж. революцияға қарсы пиғылы үшін істі болған ұлтшыл Сәуірбек Төленов пен бұрынғы комсомол мүшесі, агроном Рахымбай Қазыбаев мүше болғандығын анықтаған. Р. Қазыбаев Нестеровтың ықпалымен комсомол қатарынан шыққан делінді.

Осы анықтамада көрсетілгендей, Қостанай облысының Торғай аудандық атқару комитетінің хатшысы Кәрім Жапанов, Атқару комитетінің қызметкерлері Зейнолла Зарипов пен Зәкір Шұбатбаевтар да троцкистермен байланыста болған. Осы аталған топтағылар социалистік жүйені жамандап, Троцкийдің ұстанымдарына бас шұлғып, қолдау көрсетіп отырғандығын баса келтірді [9; 205–210]. Осы хаттың өзінен-ақ аз уақыттың ішінде 29 шілдедегі троцкистшіл-зиновьевшіл блоктың қызметін əшкерелеу барысының қазақ жерінде қарқынды түрде жүргізілгенін байқау қиын емес.

жж. аяғына дейін жауапты, басшылық қызметтегілердің арасынан 2212 «жат пиғылдылар» әшкереленіпті. Олардың арасында өлкелік, облыстық, қалалық аппараттардан — 177, сауда- шаруашылық саласынан — 317, сот-тергеу аппаратынан — 102, аудандық атқару комитеті мен оның бөлімдерінен — 219, МТС пен совхоз директорлары — 102, колхоз басшысы — 629, ауылкеңес төрағасы — 249 қызметкерлер «халық жауы» ретінде айыпталып, қамауға алынған [10].

Жалпы, халық жауы ретінде айыпталғандарға қателіктерін жариялы түрде мойындауларын талап еткен. Қысым көрсету, қорқыту нәтижесінде көпшілігі өзіне жабылған жала айыпты мойындауға мәжбүр болды. Бұлардың арасында алашшыл ұлт зиялылары да болды. Мəселен, 1930 ж. 4 сәуірде 10 жылға лагерге қара жұмысқа кесілген Мағжан Жұмабаев Е.П. Пешкованың көмегімен 1936 ж. 2 маусымында айдаудан босап үйіне оралған еді [11; 219]. Алайда ұлт зиялыларын қуғындау басталған кезде Мағжанның да үстінен іс қозғалды.

ж. 21 мамырда Мағжан Жұмабаев ҚазақКСР Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы Ораз Исаевқа жіберген ашық хатында өзінің кезінде кеңестік жүйеге қарсы шыққандығынан түзету- еңбек мекемесінде болып келгендігін, бұрынғы ұлтшыл-алашордашыл қателіктерінің қайталамайтындығына сендірді [12]. Бұл амалсыздан жазылған хат еді. Алайда бұл хат оны аман алып қалмады. 1937 ж. 30 желтоқсанында ол тұтқындалып, 1938 ж. 11 ақпанында атылды.

1937–1938 жж. «халық жауы» ретінде қамауға алынған азаматтардың арасында 30-жж. жаламен сотталып келгендер болды. Солардың арасында бұрынғы партия мүшесі, Ақсу ауданының хатшысы болған Мақсұт Жылысбаев 1933 ж. 21 қазанында тұтқындалып, ОГПУ үштігінің шешімімен басында 5 жылға, кейіннен 3 жылға Батыс Сібірге, Томск қаласына айдауға жіберіледі. Қазақстанға қайтып оралғаннан кейін 1937 ж. 14 тамызында қайтадан тұтқындалып, ату жазасына кесілген [13; 109].

Қазақтың азаматтарын қуғындау үдерісі 1937 ж. жаз айында үдеген. Бұл әсіресе Қазақстан К(б)П-ның І-съезінің шешімінен кейін жандана түсті. Ленин идеясын қарсы ұлтшылдармен аяусыз күрес жүргізуге шақырған осы съезд ұлт азаматтарын бір-біріне қарсы қойды. Нәтижесінде бірін-бірі қаралаған домалақ арыздардың қатары көбейді. Баспасөз беттеріне жариялаған мақалалардың басымы осы сарында болды.

Сол кездерде «Социалистік Қазақстан», «Казахстанская правда», «Лениншіл жас», «Ауыл коммунисі» жəне тағы басқа газеттер мен журналдарда жарияланған мақалалар барлық саладағы азаматтардың «халық жауы» деп қуғындалуына себепші болды. Мəселен, «Социалистік Қазақстан» газетіне жарияланған «Қалдықтардың бет пердесі ашылсын» атты домалақ хат өнер саласындағы азаматтарды қаралады. Биші, Қазақстанның халық әртісі Шара Жандарбекова-Жиенқұлованың шыққан тегі бай тұқымынан екендігі келтірілген бұл мақалада: «Колхозшының қызы» болып, ата- тегін жасырып, Жандарбековтың атымен, ұлтшыл-фашист, халық жауы Жүргенов, Тоғжанов, театрдың директоры болып келген Қадырбаевтың қолтықтауларымен Кремльге еніп, ұлы данышпан, халық көсемі Лениннің шәкірті — Сталиннің қолын ұстап, «Еңбек орденін» алған жоқ па? Алды. Шара Алматының алдыңғы қатардағы бай, 1928 ж. конфескеленіп кеткен Байбұлан Жиенқұловтың қызы..., Жандарбеков Құрманбек 15 жыл болыстық управитель болғанның баласы... көпшілік болып Жүргеновтің қалдықтарын бет-ажарына қарамай аластатуымыз керек» делінді [7; 119–121].

Қорытынды

Ұлт зиялыларының, үкімет қызметіндегі қазақ қызметкерлерінің, тіпті қарапайым жұмысшы, шаруалардың арасынан «халық жауын» іздеу ірі науқанға айналды. Мұрағат құжаттарына, тәуелсіздігімізді алғаннан кейін зерттелініп жарық көрген еңбектерге сүйенсек, халықтың басына төнген қара бұлт 1937–1938 жж. сейілмей, керісінше, қоюлана түскен екен. Ұлтына адал қызмет етіп, елдің іргесін көтеріп, саяси, экономикалық, мəдени дамуына бар үлесін қосқан қайраткерлердің басымы қуғын-сүргін құрбанына айналған. Ұлт азаматтарының өткен өмірлерін жіпке тізгендей тексеріп, ілік тапқан үкіметтің «шаш ал десе, бас алатын» қолшоқпарлары партия жиналыстарында, бюроларында, съездерде қанша жауды әшкерелегендіктерін жарыса айтып, үкімет пен партияның тапсырмасын бұлжытпай орындағандарына мəз болды. Ауылдағы қарапайым шаруалардың «жапон тыңшысы» деп қуғындалуы бұл арнайы жоспардың бір тармағы еді.

жылдың 15 қыркүйегінде БК(б)П ОК Саяси бюросының шешімімен «ұлтшылдыққа» қарсы операция тоқтатылды. 1938 ж. 1 тамызынан кейін қамауға алынғандардың ісін жергілікті сот органдары мен Арнайы кеңестер қарап, шешетін болды. Украина, Қазақстан, Қиыр Шығыс өлкелеріндегі облыстарыда арнайы үштіктер құрылды.

Үштіктердің қызметі екі айға ғана созылып, 15 қарашадағы Сталин мен Молотовтың қол қойған Жарлығымен осы үштікке жіберілген істерді қарау тоқтатылды [14; 323, 324]. Бір өкініштісі сол, екі ай ішінде нақақтан-нақақ тұтқындалғандардың көпшілігі ақ, қарасы анықталмай, «үштіктердің» шешімімен атылып кете баруы.

ХХ ғасырдың 30 жж. қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың басымы әлі де болса ашылмай жатыр. Олардың отбасылары да кеңес үкіметі тұсында «халық жауының жанұясы» деген қара дақтан арыла алмай келді. Кейбірінің артында іздеушілері болмаған соң жабулы күйінде қалды.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы Қазкрайкомының V пленумының қаулылары мен қарарлары. — Алматы, 1929. — 82 б.
  2. Дүйсенова Н. Алаштың қилы жолдары / Н. Дүйсенова. — Алматы: Асыл кітап, 2009. — 192 б.
  3. Қазақстан Коммунистік партиясы съездерінің, конференцияларының жəне пленумдарының қарарлары мен шешімдері (1928-1937). — 2-бас. — Алматы: Қазақстан, 1988. — 2 т. — 412 б.
  4. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы / М. Қойгелдиев. — Алматы: Мектеп, 2017. — 656 б.
  5. Смағұлова С. Алаш деп ғұмыр кешкен / С. Смағұлова // Мир Большого Алтая. — 2017. — № 3. — С. 3-11.
  6. ҚР ПА. — 141-қ. — 1-т. — 10592-іс. — 430-п.
  7. Политические репрессии в Казахстане в 1937-1938 гг.: сб. док. / Отв. ред. Л.Д. Дегитаева. — Алматы: Казахстан, 1998. — 336 с.
  8. Смағұлова С.О. Қазақ мерзімді баспасөзі: шығу тарихы мен деректік маңызы (ХХ ғ. 20-30-жж.) / С.О. Смағұлова. — Алматы: Елтаным, 2011. — 432 б.
  9. «Алаш» қозғалысы. Движение «Алаш». Январь 1929 — июль 1938 гг.: сб. док. и материалов: құжаттар мен материалдар жин. Қаңтар 1929 ж. шілде 1938 ж. / Құраст. Е.М. Грибанов, Н.Р. Жағыпаров. — Т. 3. — Кн. 2. — Алматы: Ел- шежіре (Алаш мұрасы), 2007. — 344 с.
  10. ҚР ПА. — 141-қ. — 1-т. — 11459-іс. — 39, 40-п.
  11. Жангуттин Б.О. Магжан Жумабаев «Мой казак, нежстья час настал». Страницы биографии / Б.О. Жангуттин. — Алматы, 2016. — 220 с.
  12. ҚР ОМА. — 5-қ. — 21 с-т. — 200-іс. — 19-21-п.
  13. Красный террор: Политическая история Казахстана: сб. докум. матер. полит. репрессий 20-50-х гг. ХХ века / Сост. М.К. Койгелдиев, В.И. Популях, Ш.Б. Тлеубаев. — Алматы: ТОО «Типография оперативной печати», 2008. — 307 с.
  14. Хаустов В.Н. Сталин, НКВД и репрессии 1936-1938 гг. / В. Хаустов, Л. Самуэльсон. — М.: РОССПЭН; Фонд Первого Президента Росии Б.Н. Ельцина, 2010. — 430 c.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.