Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақтың билер соты – қазіргі сот жүйесінің бастауы

Мақалада бүгінгі болашағымыздың жарқын жəне кемелді болуына ата-бабаларымыздың сіңірген еңбегінің көрінісімен қатар, қазақ қоғамының қалыптасып, дамып жəне өркендеуіне айтарлықтай үлес қосқан атақты беделді тұлғаларымыздың зерделеуін саралау жəне өз бағытын дамыту болып табылады. Қазақ мемлекетінің тарихында ел басқару ісіндегі билер жүйесі, оның мəдениеті, əдеп- тəртібі, өнегесі ерекше құбылыс болғаны анық. Ертеден қалыптасқан бұл жүйе Ұлы далада биік шыңға көтерілді. Білімдер синтезіндегі құбылыс ретінде билер жүйесі халықтың қалыптасуына, ой санасына, тіршілігіне, əлеуметіне жəне мəдениетінің өсуіне зор ықпал етті. Сонымен қатар «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», «Ханда қырық кісінің ақылы болса, биде қырық кісінің ары бар» деген бабаларымыздан қалған ұлы сөз бар. Қазақ қоғамындағы белгілі бір тектілік қасиеттерді ұстанған турашыл би-шешендеріміздің «қара қылды қақ жарған» əділ шешімдерінің ел, ру арасында орындауға міндетті шарт болып табылған. Ұлтымыздың би-шешендік өнеріндегі – ұлттық мүдде, ол Мəңгілік Ел болып дамуымыздың жолында төбе билеріміздің əділ төрелігін дөп басып айту маңызды.

Елбасы Н.Ə.Назарбаев өзінің ресми баяндамаларының бірінде ежелгі қазақ билерін — соттарды «мүлтіксіз əділ, от ауызды, орақ тілді шешендер», дала өлкесінде əділ соттың «Алтын ғасыры» жаңғырығына жол ашқан ұлы тұлғалары деп, Төле, Қазыбек жəне Əйтеке билеріміз жайлы айтқан болатын. Сонымен қатар «барша қазақ баласы аттарын ардақтап, есімдерін ұлағаттаған осы үш бабамыздың ел алдындағы еңбегіне, халық қамын жеген қасиетті ісіне сөз жеткізіп, баға беру қиын- ақ... Үш данагөйдің өнегелі өмірі, ел қамын жеген адал еңбегі, топ бастаған көсемдігі, от ауызды, орақ тілді шешендігі, мүлтіксіз əділдігі жөніндегі айтар əңгіме аз емес» деген тұжырымдары да бар [1].

Сот билігін қазақ даласында билердің жүзеге асырғандығы белгілі. Ендігі кезекте «би» ұғымына түсінік берейік: «Би сайланатын қызмет түрі ғана емес. Ел ақсақалдарының өзара келісімі мен шешімі бойынша ұйғарымы, елдің салт-дəстүрін білетін, шежіреден хабары бар, аузы дуалы, шаруасы түзу, ата-тегі белгілі жəне елге беделді, сыйлы адам би болады. Би жас ерекшелігіне бағынбайтын қызмет. Дəл тауып айтқанын ел қабылдаса, жас бала да елге билік айтып, даудың шешімін шығарады. Атақты Қаздауысты Қазыбек бидің тағлымы бұған дəлел болады. Би атадан балаға қалатын мұра емес, əркім өз жігерімен, білімімен, зердесімен жететін абыройлы атақ. Əр рудың-тайпаның текті аталары өзара қыз алу, қыз беру арқылы атадан балаға жақсы қасиеттерді жинақтады жəне би, яғни, көсемдік қызметін жүргізуге дайындықтан өтеді. Сонымен қатар би-шешен, тілді, тоқсан ауыз сөздің тобықтай мəнін табатын, айтқан сөзінің салмағы қорғасындай болуы шарт. Басымшылық қызметке ұмтылған азаматтар міндетті түрде жасы келген билерге атқосшы болып тəжірибеден өтеді, шежіренің білгірлерінен сабақ алады. Қазақ шежіресін, ру құрлымын, олардың арасындағы жолды, туысқандықты терең айыратын жан. Билердің дауды шешу тəсілдері де, ең алдымен, екі арадағы туыстық қарым-қатынасты анықтаудан басталады, себебі бидің негізгі міндеті — екі жақтытатуластырып жіберу. Əрбір би əділ шешімдерінің өз ортасына ғана емес, дүйім жұртқа жайылғанын қалаған. Осындай мəртебе арқылы ел сеніміне ие болып, үмітін ақтау үшін аянбай қызмет ету», — деп жазады отандық құқықтану ғұламасы С.З.Зиманов [2; 2].

Би — қазақ қоғамында ердің құны, нардың пұлы болса да, екі ауыз сөзбен шешетін адам. Би — өз өмірінде өз басына дау келтірмеуі шарт, елге күмəн, күмəнді сөзге себеп бермеуі шарт: «Би басына дау келсе, билігі кетер басынан» деген ұлы сөз де қалған [3; 90].

Би, ең алдымен, — сот (төрелік етуші). Бидің өзі де, билігі де түптамыры халықтың тарихына байланысты. Сол себепті би халық алдында беделді, ұлт алдында тұғырлы қалпында болды. Ал хан билігін көпшілік бұқара əкім билігі деп таныды. Қазақтың мəдениет қайраткерлерінің бірі жазғандай: «Мықты билер тілін алмаған хандарды бір кезде тақтарынан алып тастап отырған» [4; 265].

Қазақ даласында би болу оңайлыққа түспеген. Оған күрделі талаптар қойылды. Тек «Құдайдың сүйген құлдары ғана» би бола алады. Би боламын деген адам тек жеке қасиеттерімен танылып қана қоймай, бірқатар сатылардан тұратын сыннан сүрінбей өтуі керек болған. Далада əділеттің ақ туын желбіретер биге табиғат берген қасиеттерден басқа шешендік, сөзуарлық, ақыл-парасат, қызыл тілде ешкімге дес бермеу жəне де «Қасым ханның қасқа жолында», «Есім ханның ескі жолында», «Əз Тəукенің «Жеті жарғысында» көрініс тапқан «Дала заңының» негізгі қағидалары мен нормаларын жатқа білуі, өзіне дейінгі атақты билердің үлгілі сөзінен нəр алу секілді негізгі талаптар қойылатын. Əрине, билік шеңбері жағынан билердің елдегі беделі мен ықпалы бірдей болған жоқ: шағын ауыл, шағын ру бірлестігінен бастап жүзге, ұлысқа, тіпті бүкіл қазақ еліне төрелік айтқан билер болған.

Баласының табиғи дарынын байқаған ата-анасы оған би болу жолында дұрыс бағыт-бағдар да, тəрбие беруге тырысқан. Ең алдымен, отбасында оған қазақтың айшықты сөз өнерін, əдеттік- құқықтық дəстүрлері мен ережелерін үйреткен, логикалық мəселелерді шешуді, яғни соттық қызмет барысында кездесетін сан қилы өмірлік мəселенің түпкі негізін табуды үйренуіне көмектескен, қисынды сөзбен байланысқан жұмбақ сөздің астарын табуға баулыған. Бұл қызметті ата-анасы үйреткен, ауылына белгілі, танымал, көпті көрген, өзінің білген-түйгені мен өмірлік тəжірибесі бар ауыл ақсақалдарынан тəлім алған. Мұндай жас жеткіншектің ерте бастан белгілі билердің алдын көріп, оларға атқосшылыққа жүріп, «далалық» сот ісін жүргізудің қыр-сырын жас күнінен бастап игеруі өте маңызды шарт болып есептелген. Ұстаз рөліндегі бұл билер шəкіртіне кейде билер сотында қаралатын істер бойынша шығаруға қатысты шешімге өзінің көзқарасын нақты білдіру мүмкіншілігін беріп, оның қабілетін сынап отырған. Кейініректе қазақ халқының ұлы ақыны əрі Орта жүздің ғана емес, бүкіл қазақтың «Төбе биі» атанған Абайдың əкесі Құнанбай да осы ескі жолдан таймаған. Құнанбай баласын 6 жасынан бастап Қазақ даласындағы атақты Қоянды жəрмеңкесіне алып баратын. Оның əкімшілік орталығы — Қарқаралыда билердің, ақсақалдардың, шешендердің қатысуымен соттар, жиналыстар болып тұратын. Тобықты руының өзінде де тəжірибесі мол ақсақалдар көп болған. Абай солардың мектебінен тəлім алған. Зерттеушілердің айтуынша, 13 жасында Абай өзінің соттық шешімдерін шығара бастаған. Абай өмірін зерттеуші М.Əуезов бұл туралы былай деп жазған еді: «Руаралық күрестің дем берушілерінің арасында жүріп табиғатынан дарынды Абай қаруы — шешендік, ақыл-парасат болған сөз сайысын жүргізудің сан қилы тəсілдерін жіті меңгереді. Даулар патша сотында емес, ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ əдет-ғұрып құқығы негізінде шешілгендіктен, Абай қазақтың халықтық сөз өнерінің інжу-маржандарын жетік білуі қажет еді» [5]. Зерттеушілердің мəліметтері бойынша, Əйтеке би де (1681–1766) дəл осындай жолдан өткен. Оған «оның ерекше талантына қауым мен ауыл ақсақалдары 5-6 жасында көңіл бөлген» [6]. «Болар бала жасынан» дегендей, Орта жүзден шыққан атақты Шорман 13 жасында, кейініректе Сырдария (Кіші жүз) алқабындағы азаттық қозғалысты бастаған Есет (Көтібардың баласы) 20 жасында атақты би болады. Толыққанды би атану үшін жеке қасиеттері мен «Дала заңының» ережелерін білгеннен бөлек, «жетілгендік» белгісі деп аталатын екі жоғарғы сыннан өту қажет болды. Біріншіден, ол атақты билер мен ойшылдардың «философиялық» сұрақтарына жауап беріп, өзінің ақыл-парасаты мен таным логикасының жеткілікті дəрежеде дамығандығын дəлелдеуі қажет болды. Екіншіден, абыз ақсақалдардың батасын алуы керек. Сондықтан халық: «Батамен ер көгерер, жауынмен жер көгерер» деген. Неғұрлым мықты би боламын деген адам, соғұрлым атақты да шешен бидің батасын алуға тырысқан.

Қазақ құқығы өз бастауын XIII ғасырда өмір сүрген, қазақтың көне «үйсін» руынан шыққан, Шыңғысханның (1155–1227) «Орда биі» атанған Майқы биден алатындығы шындық. Сондықтан «Түгел сөздің түбі — бір, түп атасы — Майқы би» деген даналық сөз қалған. Қазақ құқығыныңжүйеленген қайнар көзі болып «Қасым ханның қасқа жолы» (Қасым хан билігі (1511–1523)), «Есім ханның ескі жолы» (Есім хан билігі (1598–1628)) жəне Тəуке ханның «Жеті жарғы» атты ережелер жинағы есептеледі. Билердің жəне билер сотының құқық байлығына тек дəстүрлі «хан жарлықтары» ғана жатпайды. Сонымен қатар атақты билердің жалпы жұртқа кең тараған бітім, шешім, жүгініс үлгілері де жатады. Мұндай жолдан «билер атасы» атанған атақты Төле би де (1663–1756) өткен. Төленің əкесі Əлібек сол рудағы ең атақты би болған. Əкесі оны «Дала заңдарының» қыр-сырын меңгерсін деп даулы істерді шешуге бірге алып жүретін. Төле 9 жасынан соттық істерге араласа бастады. Ал 15 жасында атақты би болды. Ол кезінде 90 жастағы дана қария Жетес бидің, жүз жастағы атақты Əнет бабаның батасын алды. Халық жадында бұл жағдай былай сипатталады.

«Əнет баба бір бума солқылдақ шыбық алдырады: «Балам, мынаны сындырып көрші», — дейді. Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп, сындыра алмайды. «Енді сол бума шыбықты біртіндеп сындыршы», — дейді Əнет баба. Төле оп-оңай сындырады. Əнет баба: «Бұдан не түсіндің, балам?» — деп сұрайды. Төле: «Түсіндім, баба. Ынтымақты, бірлігі мықты елді жау да ала алмайды. Саяқ жүрген, таяқ жейді» дегенді білдіреді», — деп жауап беріпті. Сонда Əнет баба: «Бəрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін елді ауыз бірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ, қайда барасың? — «Ынтымаққа барамын» дегеннің мəнісі осы», — деп оң батасын беріпті». Төле би бабамыздың ру ақсақалынан алған тағы бір батасында: «Үй баласы ма деп едім, ел баласы екенсің. Ауылыңның таңы бол, маңдайдағы бағы бол», — деген еді.

Қазақ даласының атақты биіне айналған Əйтекенің де Кіші жүздің атақты данагөйі Қосуақ бидің өзінен бата алғандығы туралы аңыз бар. Ол: «Кəрі тозады, жас озады. Ендігі жерде үйде де, түзде де билік тізгінін өзің ұста!» — деп бата берген екен.

Əлі қоғамның мойындауына ие болмаған, би болам деуші адамды да сынау əртүрлі себептерге сай жүргізілген: жас күнінде оның қабілетінің бар-жоғын тексеру үшін, есейген шағында бидің дарындылығының деңгейін тексеру үшін, ел аузына ілініп жүрген билер де басқа ру-тайпа арасында «сенімділік» сынағынан өткен. Топ алдында, билер айтысында не ел төре-əкімі алдында өзін көрсете білу əдеті қолданылған. Мəселен, Үргеніштің (Шығыс Түркістан) ханы атағы шыққан Сырым бимен кездескенде оған төрт сұрақ қояды: «Дау мұраты не? Сауда мұраты не? Қыз мұраты не? Жол мұраты не?» Сырым бидің жауабы: «Дау мұраты — біту, сауда мұраты — ұту, қыз мұраты — кету, жол мұраты — жету» дегенде, хан ұшып тұрып, құшақтап, қонағын күтіп, қонақасын беріп, ат мінгізіп шығарып салыпты делінген тарих жазбаларында.

Бүгінгі Қазақстанда «билер соты», «сот билігі» деген атаулар мен ұғымдар сот жүйесінде əділдік, кəсібилік үлгісіне лайықты еліктеу ретінде ресми түрде қолданылады. Республикада аса күрделі қылмыстық істерді қарауда əділдікті ең жоғары деңгейде қамтамасыз ету идеясымен енгізілген сот алқасы «Билер алқасы» деп атала бастады.

Сол билер əділ соты үстем болған арада талай ғасырлар өткеніне, қоғамдық-саяси өмірде түбегейлі өзгерістердің болғандығына қарамай, бүгінгі тəуелсіз Қазақстан Республиканың сот жүйелеріне билер əділ сот үлгілерін, номинациясын кең түрде енгізу жəне сот шешімдерінің халыққа түсінікті тілде жеткізілуі төңірегінде сот жүйесінің дамуына ықпал етуші лауазымды тұлғалар қазіргі қоғамның судьяларынан талап етуде. Қазақ қоғамының бүкіл құқықтық əлемінде негізгі билік «Дала заңының» болып табылған. Осы аталған билікті қолдаушы реформаторы жəне дамытушы күші билер еді. Ең маңыздысы, билер ел өміріндегі тарихта алатын орнының құндылығына сай, оның бүгінгі қазақ мемлекетін құқықтық-демократияландыру саясатында маңызды, мемлекетке қажетті құнды ойлардың дамуы қоғам талабы болып отыр.

Бидің нормативтік-құқықтық білімі мен оның ойлау үрдісінің ерекшелігі қашан да бірінші саптағы өлшемі болған. Егер соттық жəне сотқа дейінгі процестердің сайысушылығы, ашық, жария сипатын ескерсек, онда олардың зор мəнінің болғанын еске түсіреді. Əрине, таным біртіндеп келеді жəне өмірлік тəжірибе барысында жылдар бойы жиналады. Бірақ би болам деген адамда өзіндік өнерінің жас кезінен бастап-ақ байқалуы қажет. Қоғамның қазіргі жəне болашақтағы билерге қоятын талабы осындай болды. Билердің ешқайсысы, тіпті есейген шағында да мұндай кездейсоқ сынақтан тыс қаламын деп ойламаған.

Қазақтың əдеттік-құқықтық жүйесі тарих бойы қалыптасқанын, оның əр түрлі ғасырлар үні мен үндестігін баса айтпаса болмайды. Бір жағынан алғанда, оның консервативтік сипаты, екінші жағынан, көшпелі өркениет деңгейінде əркез қозғалыста, дамуда болуы қажет екендігі сезіледі. Осындай өзгерісті қозғалыс барысында би қазақтың құқықтық дəстүрлерінің басты қазынасы ретінде көрініс тапқан. Бұл оның кəсіптік қызметінің міндетті қыры болып табылады. Сонымен қатар би —Ұлы дала құқығын еркін талқылаушы, əрі оның нормаларын қоғам озгеруіне сай қолданушы, — деп көрсеткен өз зерттеуінде заңғар тұлға Салық Зиманұлы.

Қазақтың дəстүрлі құқығындағы билер сотының жəне ел тұтастығы үшін билердің атқарған қызметі орасан зор. Бір сөзбен айтқанда, бұрыңғы билер бүгінгі мемлекеттік биліктің функционалдық қызметтерін толықтай атқарып келді десек, қате айтқандық емес. Олар атқарушылық, заң шығарушылық, билік айтып ел басқару қызметтерінің барлық түрлеріне араласты. Сонымен қатар мемлекеттің ұлттық идеологиясы мен ел бірлігі, əлеуметтік тұрмыс жағдайы туралы даналық ойлар айтып, ел болашағын күнілгері болжауда, оған қажет қандай келелі істерді ынтымақтасып істеудің сара жолын дидактикалық нақыл сөздерімен халыққа түзу бағыт беріп отырды. Билер институты қазақ халқының өмірінде зор рөл атқарды. Олар аса қиын, күрделі дауларды ой қисынына жүгініп екі тарапты да өкпелетпейтіндей етіп асқан шеберлікпен шешіп отырғанын дəлелдейтін ел арасында сақталған аңыз əңгімелер аз емес. Билер тек қисынды ой мен ата дəстүрдің халық мойындаған құндылықтарына ғана емес, сол замандағы ірі саяси тұлғалардың басшылығымен жасалған заңдарға да сүйенді.

Би — көшпелі қазақ қоғамындағы маңызды да мəнді тұлға. Билер қауымы бұқараның көреген, көсем, білгір де білікті бөлігі еді. Ел дəріптеген жан қуаттары мен материалдық қасиеттердің барлығы осы билерге, олардың қызметтеріне негізделген. Ал қоғамдағы дəстүрлі тұрмыс пен күнделікті тірлік шеңберіне сыймайтын жат қылықтар мен жағымсыз əрекеттер белең ала бастаса, билердің бей- берекетсіздігі мен берекесіз қызметі деп есептелетін. Би орны мен рөлін, мəртебесін айқындайтын жəне олардың табиғи заңдылықтай болып кеткен тəртіп нормативтерін реттейтін нормалар жүйесі белгіленген. Əдетте, бұл зандылықтар тілге жеңіл, еске оңай сақталатын, ұйқас түрінде кездеседі. Мəселен:

  •  «Елге бай құт емес, би — құт».
  •  «Туғанына бұрғаны — биді құдай ұрғаны».
  •  « Ердің қүнын екі ауыз сөзбен бітірер би».
  •  « Өнер алды — қызыл тіл».
  •  «Тіл жүйрік емес, билікте шын жүйрік».
  •  «Ханда қырық кісінің ақылы болса, биде қырық кісінің ары бар».

Ортағасырлық көшпелі қазақтардың қоғамдық өміріндегі рухани қүндылықтардың даму үрдісі, басқа салалармен салыстырғанда, біршама ілгері, əрі қастерлі еді. Орта Азияның құнарлы да шұрайлы жерлерін мекендеу барысында дала демократиясының өзіне ғана тəн ерекшеліктері мен «адам тану» мəдениеті жəне тұрмыс қамында осындай салт-сана қалыптасты. Əсіресе сөз құдіреті мен əділет күші аса жоғары бағаланатын. Осы құндылықтардың арқасында мейлі қара халық, ру- тайпа немесе хан-сұлтанның басқосуы болсын, əйтеуір барлық жерде бар ойын ашық айтуға құқық беретін сөз бостандығы бар болатын. Мұны əлі күнге дейін өз өктемдігін жоймаған «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген киелі сөз дəлелдейді. Сондықтан аталы сөзді аттамай, аталы сөзге тоқтаған адамдарды ел сыйлаған. Ар-намыс пен сөз бостандығы бақ-дəулетпен өлшенбейтін рухани қасиеттер еді. Бұл түсініктер қазақ бойына ана сүтімен берілетін. Мұны: «Малым — жанымның садағасы, жаным — арымның садағасы», — деп айшықтаған. Ал ел ішіндегі елеулі тұлға болып танылатын би- шешендер осы қағиданы мықтап ұстанса, беделдері биіктей түсетін. Міне, осыған сəйкес билерге қойылатын талаптардың да түр-сипаты, «қаталдығы» да өзгеріп отырған. Халықтың сана-сезімінде би ақиқаттың ақ туын көтеруші ретінде сипатталады. Оған дəлел ретінде билердің мына кəсіптік ұрандарын келтіреді: «Шыннан өзге құдай жоқ». Билердің негізгі ісіне айналған бұл ұрандар адам үшін оның ар-ожданы мен намысын, адамгершілігін, əділдік тұрғыдан қорғауды ең жоғарғы қадір- қасиет деп санаған. Бұл моральдік құндылықтар əділ сот мəселесіне тікелей қатысты. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», — деген нақты ережеден көрініс табады.

Тəуке ханның тұсындағы билермен қаралатын немесе «кеңес», «жүгініс» сияқты билердің басы қосылған ортаға түсетін мəселелерді объектісіне қарай, келесі топтарға бөлуге болады: адамның жеке басына қарсы, рулы елге қарсы, қалыптасқан қоғамдық тəртіпке қарсы, қабылданған дінге қарсы істер.

Даулы істің ауыр-жеңіліне қарай билік айту бірнеше жағдайда іске асырылады:

  • – Іс өлімге, ел тонау, зорлық, тағы басқа руаралық ауыр қылмысқа байланысты болса, оны сегізден жиырма төртке дейінгі аралықтағы билер жиналатын Кеңес қарайды. Төбе биді даугер мен жауапкер жақ өзара келісіп таңдайды. Төбе би, өз таңдауы бойынша, алдын ала қатысты пікіріескеріледі. Бұл жарыспалылық, жариялылық, судьяға қарсылық білдіру тəрізді қазіргі кезеңдегі қылмыстық іс жүргізу қағидаларының бастауы десек, жаңылмаймыз. Яғни көшпенді қазақ қоғамының қойнауында заманауи құқық қағидалары қалыптасып, əрекет еткен.
  • – Іс үлкен ұрлық, тонау, жесір дауы, денеге зақым келтіру сияқты ру ішіндегі немесе көрші рулармен арадағы қылмыспен байланысты болса, оны алты-сегіз биден тұратын жүгініс шешеді. Бұнда да Төбе биді тараптар келісіп тағайындайды. Жүгініс мүшелерін төбе би шақырады.

Егер ата-баласының, ру ішінің арасындағы (төбелес, ұрыс-керіс, ұсақ ұрлық жəне т.б.) дау болса, бір бидің немесе ақсақалдың өзі де шешеді. Бидің ынтасына қарай көрші-қолаң, ақсақалдар бұл шешімге қатыса береді.

Жүгініске отырмай тұрып би екі жақтың жақсыларына, не даугер мен жауапкердің өзіне өзара келісімге келу жөнінде ұсыныс айтуға хақылы. Қазіргі кезеңде бұл ереже біз медиация институты ретінде жаңарып кірді десек болады:

  • – егер екі жақ та биге салса, ол даудың шешімін не өз ақылымен, не жанындағы билермен ақылдаса отырып айтуға тиісті;
  • – дау бірнеше бидің талқысына түссе, онда орталарынан төбе би сайланады. Даугер мен жауапкерден ұсыныс түспесе, билер өздері сайлайды;
  • – би шешіміне разы болмаған жақ, екінші жақтың келісімін алып, өзге биге баруға ұсыныс жасауға хақылы. Одан «Үлкен қазанда немесе басқа қазанда қайнасалық» деген сөз қалған;
  • – екі жақ бірдей биді мойындаса, соның белгісі деп бидің алдына қамшыларын тастайды.

Жалпы билердің істерді қарау үрдісі осындай тəртіппен жүзеге асырылады [7; 256].

Қазақ билерінің қазақ мемлекеттілігінде əділ сот ісін дамытуға жəне нығайтуға қосқан үлестері өлшеусіз. Олар қазақ халқының салт-дəстүрін, əдеттік құқық жүйесін, шешендік өнері жаңа сапаға көтеріп, заң реттемеген салаларға сот прецедентін енгізу арқылы дауларды шешуде прецеденттік құқықтың негізін қалады. Бұл кейінірек сот билігінің іс қараудағы құқықтық қайнар көзіне ұласып, билер шешімдерінде ХХ ғасырдың басына дейін тиімді қоданылып келгенін атап өткен жөн. Азаматтық, қылмыстық жəне неке құқығы саласында қазақ билерінің прецедентке айналған шешімдері тіпті осы күні де өзінің құндылығын жойған емес.

Көшпелі қазақ қоғамында «би» жəне «шешен» бір мағыналы түсініктер ретінде қолданылды. Қазақтар арасында соттық «шешендік», жалпы айтқанда, аса мəнерлі болған жоқ, ол көбінесе дəлелдеу мен сендіру құралы ретінде танылып, дəлелдеушілік күшке ие болды. Көшпелі қоғамда сөз күшінің беделді жəне абыройлы болғаны соншалықты сөйлеу өнерін кім жақсы меңгерсе, жеміс үнемі соған бұйырған. «Шебер би кісі өлтіру туралы бір ғана қысқа сөйлеумен шешуі мүмкін». «Барлық өнердің ішіндегі ең маңыздысы — бұл сөйлеу мəдениеті» екенін мойындай отырып, сонымен қатар қазақ құқығы өзінің соттық мақсатын құрды: «Тіл қымбат, бірақ сотта шындық қымбат». Қазақ қоғамында «би» атағы мұрагерлік немесе тілек білдірушілікпен берілетін емес, лайықты атақ болды. Билер сайланған да, тағайындалған да жоқ.

Көшпелілердің қоғамдық-саяси тұрмыс-салты мен жадында «адал би — əділ би» деген қағида қазықтай қағылған. Бұл — сот қызметіндегі кез келген би-қазыға қарасты айтылған сөз. Əлеуметтік- тұрмыстық сала қарабайыр, яғни күнделікті күйбең тіршіліктің шеңберінен шыға алмайтын күйде болғандықтан, би-төрелердің бейбіт уақыттағы қызметі жеке тұлғалар арасындағы шатыс-шатпақтан гөрі, қауымдар мен топтар арасындағы дау-дамай, пікірталасты тарқатуға негізделетін. «Адал би — əділ би» — бұл ұран қоғамды басқару ісіндегі басты қағида. Бұл сөзде сот билігінің серкелері би бітім-болмысын бейнеленген. Жалпы көшпенділер сот билігін мемлекеттік биліктің басқа салаларынан бөле-жара қарайды, оны өзіне жақын тартады. Сөйте тұра, оның қоғамдағы орнын, құндылығын асыра бағаламайды. Сот билігінің қызмет ауқымын, қоғамдық мəселелерді шешудегі ішкі мүмкіндігін жəне қажеттілігін шамалап, оны тиісті шеңберде жəне деңгейде пайдалануға тырысады.

Осы жерде «көшпелі қазақ қоғамындағы билер соты» деген ұғымды анықтап алған жөн. «Билер соты» ұғымы көшпелі қазақ қоғамын даралап бөліп алып, оны отырықшы жəне қалалық қауымдардан алшақтату, олармен арадағы байланыстарын жоққа шығару емес, керісінше, көшпелі қазақ қауымдарының өзіндік ерекшеліктерін, құнды-құнды, тіпті əлемдік маңызы бар жетілген құбылыстарын айырып айту мақсатын көздейді. Осындай жете назар аударатын, ерекше бөліп көрсететін құбылыс — ол билер əділ соты. Билер соты үстем болған дəуірдің «сот жүйесінің алтын ғасыры» деп аталуы, оның дүниеге келуі, осындай мəртебеге ие болуы ортаазиялық ұлан-байтақ кеңістікті алып жатқан көшпелі қазақ дала өлкесіне байланысты, оның туындысы. Отырықшы,мұсылман діні көбірек тараған көрші өңірлер мен елдердің басқару үлгісі, олардың өзіне тəн заңдары мен тəртіптері қазақтың көшпелі қоғамының өзіндік дамуы мен ішкі ырғағына айтарлықтай өзгерту əсерін тигізген жоқ, керісінше, белгілі деңгейде оның сақталуына, ңығаюына қызмет етті.

Талай айтыс-тартысты талқылап, тиянақты тұжырым жасау, күрделі дау-дамайдың шырмауын ширататын парасат-пайым таныту немесе қорғаушы, əлде айыптаушы ретінде айғақтар келтіріп, асқан шешендігімен өз тарапына жеңіс əкелу немесе би-төреші дəрежесінде даулы жақтарды татуластырып, əділ əрі бейбіт келісімге көндіру адамға асқан абырой-атақ əкелетін ең мəртебелі іс болды. Бірақ билік айтуды армандау оңай болғанымен, би болу қиынның қияметі еді. Көшпелі қазақтар ерекшелігінің сыры осында болатын.

Əр халықтың көп ғасырлық тарихында келесі ұрпақтар бойында мақтаныш сезімін туғызатын оқиғалар, белгілі күндер мен тұлғалар болады. Ұрпақтар осы жайларды естен кетпес елеулі кезең, өткен тарихымыздың рухани байлығы деп еске түсіреді. Ал сирек болса да өркениеттік маңызы, тіпті адамзаттық құндылығы бар жаңа ұрпақтар өміріне бойлай сіңіп, олардың ішкі сезімінде тұрақты орын алған құрылымдар мен мекемелер де кездеседі. Олар қоғам мүшелері ойында болашаққа бағыт жəне орны бөлек мұра ретінде сақталады. Осындай ұмытылмайтын тарихи құбылыс қазақ өмірінде де болды — ол əділ соттың «Алтын ғасыры» деген атқа ие болған, түрік-қазақтардың көшпелі қоғамы қойнауында қалыптасқан билер соты. Билер соты тұғырынан тайған кезде де халықтың жадында өміршең, сөнбейтін шырақ ретінде сақталды. Сот ғасырлар бойы, қай қоғамда болмасын, билік пен ел басқарудың мəні мен сəні болып табылатын. Ең алдымен, сот билігіне қарап, оның халық мүддесі алдындағы адалдығы туралы пікір қалыптасады. Шын мəнінде, мұндай ұғым сот ауыртпалығын көбірек шегетін көпшілік арасында басым болады. Көшпелі қазақ қоғамының тірегі болған билер соты тарих қойнауында қалып қойса да, оның беделі арта түсті, өзгерген өмірге қарамастан, бүгін де көпшілік арасында, оның ішінде қазіргі билік басындағылардың да қайғысы мен қуанышының игілігіне айналды. Бұл теріс ұғым емес — билер əділ сотының жүйесінің қалыптасуын армандаған белес [2; 41].

XIX ғасырда колониалдық əкімшілік араласқанға дейін осылай болды. Тек ізденуші кейде билермен, ақсақалдармен жəне өзге құрметті адамдармен ажыратылып анықталған, алғашқыда оған қолдау көрсеткен, бірақ осы атаққа лайықты үміткер халық мойындауынан кейін ғана би болған. Əділеттілікті орнықтырушы ретіндегі билерге ұсынылған негізгі талаптар болды: əдет-ғұрып құқығының нормаларын егжей-тегжейлі білу, дала заңының байлығының негіздерін жəне оның нормаларын меңгеру, əдет-ғұрыптарда бекітілген «Қасым ханның қасқа жолын» атақты билердің прецеденттік қаулыларымен толықтырылған «Есім ханның ескі жолы» бекітілімдерін білу, шыншылдықты жəне шешендік өнерді меңгеру. Мемлекеттік билікпен санкцияланған əдет-ғұрып, жоғарыда аталған нормалармен көзделініп, құқықтық əдет-ғұрыпқа айналды [8; 101].

Қазақ елінің əр салаға бөлінген мемлекеттік билік орындарына қызмет көрсеткен билердің жəне дəстүрлі құқықтағы билер сотының атқарған жұмыстары туралы жан-жақты зерттеу – өте қажет нəрсе. Өйткені билер қазақ елінің мемлекеттік билік ісіндегі барлық құқықтық жауапкершілікті көтерген. Яғни, мемлекеттік құқық нормаларының бірлігін, əлеуметтік-саяси, тұрмыстық-мəдени, əсіресе заң орнына жүрген əдет-ғұрып, салт-сана, жол-жора сынды халықтың болмыс-бітіміне қатысты тəртіп пен əдептілікті, кісілік пен имандылықты, ор-ұжданды сақтауда жəне оны жас ұландарға үйретуде биден артық билік тұтқасын ешкім ұстамаған. Жəне де қандай қиын жағдайда бидің алдын кесе-көлденеңдейтін басбұзарлар ешқашан болмаған. Қазақ елі ұлт болып ұйысқан ерте дəуірден-ақ төрт құбыласы тең мемлекет құрып, қол астына қараған ұлыстар мен ру-тайпаларды басқаруда, оны билеуде билердің ақыл-парасатына жүгінген. Ел басқаруда қоғамда туындаған саяси шиеленістерді ақыл-парасатпен бүкпесіз шешіп, бұқара халықты сүттей ұйытып, бірлікте ұстай білді. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай дəстүр-салт, жосықты заң ережелері мен даналық ой-толғамдар, қоғамдық қатынастағы құқықтық норманың айнымас қағидасы болды.

Қазақ хандығын қалыптастыру мен нығайтудағы Қазақ елінің құқығы, билер сотының төрелігі, Майқы би заманынан бері қарайғы дала заңдарының мемлекеттік билікті дамытудағы маңызын, сабақтастығын талдау, мемлекет басқарудағы хандар мен сұлтандардың рөлі, билердің адвокаттық, прокурорлық міндеттері мен тергеу əрекеттерін жүргізуі, билердің заң шығару құқығы, билердің сот төрелігін жүргізудегі əділдігі жəне тəуелсіздігі, қазақ билер сотының бітімгерлік рөлі жайындағы тақырыптар кеңінен зерделенуде. Билер шығарған заң-ережелер мен үкім-шешімдердің қазіргі еліміздің Конституциясынан, қылмыстық, азаматтық кодекстерден, өзге де заңдардан көрініс табуы, қазақ билері жүргізген əділ сот тəжірибесіне сүйене отырып, қазіргі сот жүйесін жетілдірудің өзектімəселелері сарапталуда. Осының өзі де қазақ тарихындағы билер — əділ сотының деңгейінің биік болғандығын, əділдік жəне адалдық жолындағы маңыздылығын көз алдымызға елестетеді.

Қорытындылай айтқанда, алқалы жиында билер сотының əділдік қағидасы — тəуелсіз еліміздің сот жүйесіндегі реформалық кезеңдер мен оның əлемдік стандартқа сай дамуы, көшпелі қазақ қоғамындағы дəстүрлі құқықтық мəдениет. Қазақстанда құқықтық жəне зайырлы демократиялық мемлекетті дамыту жолында сот жүйесінің рөлі орасан зор.

Бүгінгі күні Қазақстан судьялары заң үстемдігін қамтамасыз етіп, əділеттік жолында адал еңбек жасап адамның құқығы мен бостандығын қорғап, қазақ қоғамының билер сотының билік айтудың озық үлгісін жалғастыруда.

Дау тудырмайтын билер даналығының тəжірибесі жəне аса қымбат рухани құндылықтары, бүгінгі таңда тəуелсіз еліміз бен халқымыздың тыныштығы мен ынтымақ бірлігіне жəрдемі молынан тиетініне жəне қолғабыс боларлық үлгілерінің көптігіне зер салынып жатқаны, өміршеңдігі болашақ сот жүйесіндегі əріптестерімізге тағылым жəне үлгі.

Қазір тəуелсіз биліктің жеке тармағына айналған сот билігі еліміз бағдар ұстаған құқықтық қоғам орнатуда үлкен рөл атқаратыны анық [9].

Қазақ қоғамының рухани байлығымен бірге ұлтымыздың абыройын биік жоғары деңгейге көтерген, өркениет биігінің шыңына шығарған, интеллектуалдық, зиялылық, ақыл-парасаттылықтың алтын қазынасы бола білген құқықтық өмірді жүзеге асырған билер даналығы жөніндегі тəжірибелер ескерусіз қалмай, ұдайы болашақ ұрпаққа кешенді түрде жеткізіп отыру — біздің парызымыз.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Назарбаев Н. А. Пять лет независимости / Н.А. Назарбаев. — Алматы: Қазақстан, 1996. — С. 153.
  2. Зиманов С. З . Қазақтың билер соты – бірегей сот жүйесі / С.З. Зиманов. — Алматы: Атамұра, 2008.
  3. Артықбаев Ж.О. «Жеті жарғы» — мемлекет жəне құқық ескерткіші / Ж. О. Артықбаев. — Алматы: Жеті жарғы, 2012. — 192 б .
  4. Сейфуллин С. Шығармалар / С. Сейфуллин. — VI-т. — Алматы: Жазушы, 1994. — 265 б.
  5. Ауезов М . Жизнь и творчество Абая Кунанбаева: сб. / М. Ауезов. — Алматы: Ғылым, 1954. — 345 с.
  6. Есламғалиұлы М. Əйтеке би / М. Есламғалиұлы. — Алматы: Жеті жарғы, 1988. — 91 б.
  7. Төреқұлов Н. Қазақтың би-шешендері / Н. Төреқұлов. — Алматы: Жалын, 1994. — 367 б.
  8. Абиль Е . А. История государства и права Республики Казахстан с древнейших времен до начала ХХ века / Е. А. Абиль. — Астана: ИКФ «Фолиант» , 2000. — 258 c.
  9. Ахметов М .М . Билер соты — бүгінгі судьялар үшін билік айтудың озық үлгісі / М.М. Ахметов. [Электронды ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://alashinform.kz. 2017.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.