Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасының азаматтық құқығындағы диспозитивтілік: қағида, əдіс жəне азаматтық құқық нормасын сипаттайтын санат ретінде

Мақалада Қазақстан Республикасының азаматтық құқығындағы диспозитивтілік қағидасының ерекшеліктері жəне құқық ғылымындағы алатын орны қарастырылды. Цивилисттер диспозитивтілік қағидасын өздігімен талқылағанымен, бірақ оның нормативтіқ-құқықтық нақты түсінігі жоқ, тек біздер бұл түсінікті азаматтық заңнаманың түрлі баптарының мағынасынан жиып алатынымызды қорытындылай кеткеніміз жөн. Бұл, өз алдына, құқыққолдану субъектілерінің аталған қағиданы түсіндіру қиындығына əкеліп соқтырады. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасындағы диспозитивтілік қағидасын нақты жəне айқынды жазу қажет. Шынымен де, азаматтық заңнаманың негізгі бастаулары мазмұнына, диспозитивтік қағидасының түсінікті мағынасына байланысты көптеген азаматтық істердің шешімі табылады. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығындағы нормаларды сипаттайтын əдіс, қағида жəне санат ретіндегі диспозитивтіліктің жалпы сипаттамасын – өз бастамасы бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттерді иемдену мен жүзеге асыруда, азаматтық құқықтық қатынас субъектілерінің іштей əзірленген, құштарлық бағытын айтамыз. Қорытынды ретінде диспозитивтілік түсінігін қағида, əдіс жəне азаматтық құқық нормасын сипаттайтын санат ретіндегі заңнамалық қырлары анықталды жəне оның азаматтық-құқықтық қатынас шеңберіндегі аса маңыздылығы ашып көрсетеді. Яғни, диспозитивтілік азаматтық құқықтың қағидасы ретінде – оның құрылымын ұйымдастырады, азаматтық-құқықтық реттеу əдісінің белгісі ретінде – оның əрекетін қамтамасыз етеді, ал құқық нормасын сипаттайтын санат ретінде – азаматтық құқықтық қатынас субъектілерінің қандайда бір əрекетін жүзеге асырудың баламасын жасайды.

Диспозитивтілік – құқықтану ғылымының əртүрлі саласында қолданатын маңызды құқықтық санат болып табылады. ХХ ғасырдың соңынан бастап диспозитивтілік (лат. dispono – еркінде болу, орналастыру) ұғымына ерекше көңіл бөліне бастады, себебі демократиялық мемлекетте тұлғаның құқықтық мəртебесін жетілдіру проблемасына назар аудару көбейіп жатты.

Дəстүрлі түрде диспозитивтілік мəселесі тек қана азаматтық іс жүргізу (азаматтық сот ісін жүргізу) саласында қарастырылады. Сонымен бірге кеңестік кезеңде қоғамдық қатынасты реттеудің əдісі ретінде жекелеген диспозитивтілік мəселелері В.Ф. Яковлев, О.А. Красавчиков, В.М. Семеновтың еңбектерінде қарастырылған [1; 323]. Алайда бүгінгі күні диспозитивтіліктің салааралық сипатының бары ақиқат. Бұл орайда Қазақстан Республикасының қылмыстық процесіндегі диспозитивтілік ұғымын қарастырған біздің əріптесіміз А.Е. Мүсілімовтің жұмысы үлкен назар аударады [2; 12].

Сонымен, азаматтық құқықтағы диспозитивтілік дегеніміз не екен? Жалпы мағынада диспозитивтілік қимылды таңдаудың еркіндігі болып табылады.

О.Ю. Глухованың пікірінше, жалпытеориялық контекстіде диспозитивтілік институты материалдық құқық нормасында бекітілген субъективтік құқықты жүзеге асырудың (иемдену, іске асыру, басқару) заңи еркіндігі (мүмкіндігі) бар, процессуалдық құқық нормасында бекітілген қорғау құралдарымен басқаратын құқықтық нормалар жиынтығы болып табылады [3; 10].

Р.Б. Брюхованың ойынша, диспозитивтілік кең мағынада (жалпы, бастапқы) субъективтік азаматтық құқықты жəне заңи міндеттерді алу, мəміле жасасқанда заңның диспозитивті нормасымен белгіленген ережелерден шегіну жолымен қоса алғанда, субъективтік азаматтық құқық құрылымын айқындау еркіндігін сипаттайды.

Ал диспозитивтілік қысқа мағынада (жеке, туынды) субъективтік азаматтық құқықты жүзеге асыру мен бұзылған құқықтарды қорғау нысаны (тəртібі) мен əдісін қолдану, сонымен қатар азаматтық- құқықтық жауаптылыққа тартудың көлемі мен нысанын таңдау еркіндігі болып саналады [4; 15].

Диспозитивтілік заманауи құқықтық əдебиетте екіжақты мəртебеге ие, яғни, бір жағынан, құқық қағидасы ретінде, ал, екінші жағынан, азаматтық құқықтық жəне процессуалдық реттеу əдісінің белгісі ретінде қарастырылады.

Біздің ойымызша, азаматтық құқық нормаларын сипаттайтын категория ретіндегі сарапталып отырған диспозитивтілік түсінігінің үшінші мəртебесін де ұмытуға болмайды. Олай болса, белгіленген жоспарға сай диспозитивтілік ұғымын қарастыралық.

Азаматтық құқық қағидасы ретіндегі диспозитивтілік

Азаматтық құқық қағидасы мəселелерінің тарихы терең. Қазақстанның заманауи заң ғылымында əлі де көңіл аударылып келеді.

Құқық қағидасы ретіндегі диспозитивтіліктің нақты қасиеттерінің қатарына іргелік, тұрақтылық, əмбебаптылық, салааралық қасиет жəне көрсету нысанының алуантүрлілігі жатады. Азаматтық құқықтағы диспозитивтіліктің нормативтік негізі ретінде азаматтық құқықтың барлық нормалары болып табылады, себебі олардың барлығы да құқық шегін белгілейді.

Қазақстан Республикасының Президентінің 2009 жылдың 24 тамыздағы № 858 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010–2020 жылдар аралығындағы құқықтық саясат тұжырымдамасы ұлттық құқықты дамытудың негізгі бағыттарын айқындайды. Өзінің материалдық жəне процессуалдық құқығына өз дегенінше иелік етуші тұлғалардың іске қатысуға мүмкіндігін көрсететін диспозитивтілік қағидасын қолдану аясын кеңейту қарастырылады. Бұл орайда жария мүдделерін қарастыратын азаматтық-құқықтық қатынастарға диспозитивтілік қағидасын қолдануға болмайтынын ескерген жөн [5].

Сонымен, құқықтық реформалау бойынша іс-қимылдар стратегиясын анықтайтын негізгі құжатта диспозитивтілік қағидасын қолдану аясын кеңейту бекітілген, бірақ қолданыстағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде (бұдан əрі – ҚР АК) аталған қағида нормативті бекітілмеген. ҚР АК 2-бабында азаматтық заңнаманың негізгі бастаулары бекітілген, сонымен бірге оның 2- тармағында диспозитивтілік қағидасын ашатын ережелер орын алған, яғни азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiнiң азаматтық құқықтарына өз еркiмен жəне өз мүддесiн көздей отырып ие болады жəне оларды жүзеге асырады, сондай-ақ егер заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, құқықтарынан бастартады. Олар шарт негiзiнде өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн анықтауда жəне оның заңнамаға қайшы келмейтін кез келген талаптарын белгiлеуде ерiктi [6].

Цивилистикада диспозитивтілік қағидасының мазмұнын «тыйым салынбағанның барлығына рұқсат» пікірімен теңестіреді. Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасы нормаларын талдай отырып, диспозитивтілік қағидасының бұдан əрі орын алуы ҚР АК 8-бабында «Азаматтық құқықты жүзеге асыру» бекітілгендігі жөнінде тоқтамға келеміз. Яғни, азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген азаматтық құқықтарды, соның iшiнде өздерiн қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланады. Азаматтар мен заңды тұлғаларға тиесілі құқықтардың жүзеге асырылмауы, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл құқықтардың тоқтатылуына əкеп соқпайды (ҚР АК 8-б. 1- жəне 2-т.).

Алайда аталған қағиданың орындалуы өзге азаматтық құқық субъектілерінің мүдделерін бұзбауы тиіс. ҚР АК 8-б. 3-тармағына сəйкес, азаматтық құқықтарды жүзеге асыру басқа құқық субъектiлерiнiң құқықтарын жəне заңдармен қорғалатын мүдделерiн бұзбауға, айналадағы ортаға зиян келтiрмеуге тиiс [6]. Сондықтан азаматтық-құқықтық қағидасы диспозитивтілікті «бірінің бостандығы басталған жерден екіншісінің бостандығы аяқталады» деп аталатын белгілі фəлсафалық тұжырымға қосуымыз керек. Сондықтан да цивилисттер диспозитивтілік қағидасын өздігімен талқылағанымен, бірақ оның нормативтіқ-құқықтық нақты түсінігі жоқ, тек біздер бұл түсінікті азаматтық заңнаманың түрлі баптарының мағынасынан жиып алатынымызды қорытындылай кеткеніміз жөн. Бұл, өз алдына, құқыққолдану субъектілерінің аталған қағиданы түсіндіру қиындығына əкеліп соқтырады.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасындағы диспозитивтілік қағидасын нақты жəне айқынды жазу қажет. Шынымен де, азаматтық заңнаманың негізгі бастаулары мазмұнына, диспозитивтік қағидасының түсінікті мағынасына байланысты көптеген азаматтық істердің шешімі табылады.

Азаматтық құқық əдісі ретіндегі диспозитивтілік

Жеке құқық ретіндегі азаматтық құқық үшін, диспозитивтік əдіс – құқықтық қатынасқа қатысушыларының теңдік əдісі тəн екені бəрімізге белгілі. Аталған əдістің аса маңызды белгілері:

  • – азаматтық қатынас қатысушыларының теңдігі;
  • – ерік автономиясы;
  • – азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың мүліктік дербестігі;
  • – бұзылған азаматтық құқықтарды қорғау;
  • – азаматтық жауаптылық.

Тізімделген əрбір диспозитивтік əдістер азаматтық-құқықтық нормаларда іске асырылады. Аталған белгілерді мысалдармен қарастырып көрелік.

Азаматтық қатынас қатысушыларының теңдігі

Жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, əкімшілік-аумақтық бөліністер мен мемлекет – Қазақстан Республикасының азаматтық құқық субъектілері – меншіктенушілер, яғни олар өздеріне тиесілі барлық мүлікті өз қалауынша иеленуге, пайдалануға жəне иелік етуге тең құқылы болып табылады. ҚР АК 188-бабының 1-бөлігіне сəйкес талдау арқылы аталған қорытындыны жасауға болады, яғни меншiк құқығы дегенiмiз – субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын жəне қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану жəне оған билiк ету құқығы [6].

Ерік автономиясы дегеніміз дербес жəне еркін түрде өзінің еркісін қалыптастырып, көрсете білетін тұлғалардың мүмкіндігі мен қабілеті болып табылады. Мысалы, ҚР АК 7-б. азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болу негіздері тізімделген, сондай-ақ аталған баптағы тізімделген сегіз бөліктің ішіндегі келісім субъектілер өздерінің ерік білдіруіндегі тең жəне дербес бастамалы еріктік акті екенін белгілегеніміз жөн.

Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың мүліктік дербестігі дегеніміз мүліктік қатынас субъектілері оқшау мүлік иегерлері ретінде кіреді. Сонымен, меншігіндегі мүлікті құқықтану, заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мəмiле жасасып, мiндеттемелерге қатысу құқықтары азаматтың құқыққа қабілетінің негізгі мазмұнына кіреді (ҚР АК 14-б.). Заңды тұлғаның мүліктік дербестігі ҚР АК 33-бабында көзделген, сондай-ақ оның негізгі белгілері, яғни меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар жəне сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк жəне мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер жəне жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады [6].

Бұзылған азаматтық құқықтарды қорғау

Азаматтық құқықтық қатынас қатысушылары бұзылған құқықтарын қорғауға тең құқылы. Осы орайда ҚР АК 9-б. 1-б. сəйкес, бұзылған құқықты қорғаудың негізгі əдісі сот арқылы қорғау (сот, арбитраж не аралық соттармен). Алайда заң актілерінде арнайы көзделген жағдайларға сəйкес, өзін- өзі қорғауды жүзеге асыруға жол беріледі (құқықтары бұзылған тұлғаның тікелей нақты немесе заңи əрекеті) (ҚР АК 9-б. 3-б.).

Азаматтық жауаптылық шығын мен зардапты толықтай орнын толтырғу қағидасына жауап беру қажет. ҚР АК 9-б. 4-б. сəйкес, құқығы бұзылған адам, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзiне келтiрiлген залалдың толық өтелуiн талап ете алады [6]. Сондықтан құқықбұзушы тұлғаға емес (əкімшілік құқықтағы) жəне қылмыскер тұлғасына емес (қылмыстық құқықтағы), яғни оның мүлігіне, ықпал етеді. Жеке мүліктік емес құқықтарды қорғау да осындай талаптарға жауап береді. Мысалға, ҚР АК 952-б. 1-б. моральдік зиян ақшалай нысанда өтеледi [7].

Қазақстан Республикасының азаматтық құқығындағы диспозитивтік нормалар. Заң əдебиеттерінде диспозитивтік нормалар тек азаматтық құқыққа ған тəн екендігі жөнінде пікірлер қалыптасқан. Бірақ қолданыстағы заңнамаға талдау жұмыстары көрсеткендей, диспозитивтік сипаттағы құқықтық нормалар əрбір құқық саласында кездеседі. Азаматтық құқықта императивтік нормалар да кездеседі, мысалы, ҚР АК 178-б. 1-б. талап қоюдың жалпы мерзiмi үш жыл болып белгiленетіндігі көрсетілген, сонымен қатар ҚР АК 168-бабының 1-бөлігінде сенiмхат үш жылдан аспайтын мерзiмге берiлуi мүмкiн [6] екендігі жазылған.

Императивтікке қарағанда, диспозитивтік нормалар құқықтық қатынас қатысушылары келісіміне (шартына) сəйкес мінез-құлық ережелерінде көзделген өзгерістерге жол бере алады. Мысалы, ҚР АК 359-б. 1-б. сай, борышқор кiнəлi болған кезде, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, мiндеттеменi орындамағаны жəне (немесе) тиiстi дəрежеде орындамағаны үшiн жауап бередi [6].

Негізінен, диспозитивтік норма түсінігі ҚР АК 382-б. орын тапқан. Аталған баптың бірінші бөлігі мазмұнынан, яғни диспозитивтік норма дегеніміз егер тараптардың келiсiмiмен өзгеше белгiленбесе, заңнамаға сəйкес жүзеге асырылатын норма болып табылатыны шығады.

Диспозитивтілік норманың классикалық мысалы ҚР АК 285-бабында көзделген, яғни екi немесе бiрнеше əрекеттiң бiрiн жасауға мiндеттi борышқорға, егер заңдардан немесе мiндеттеменiң шарттарынан өзгеше туындамаса, таңдау құқығы берiлетіні, баламалы міндеттемені орындау болып табылады [6].

Сонымен қатар императивтік жəне диспозитивтік нормалардың сандық арақатынасын қарастыратын болсақ, С.И. Климкиннің пікірінше, азаматтық құқықтың аса демократияшыл ішкі саласы – шарт құқығы, шарт бостандығы қағидасы толық шамада орындалуы қажет болса, ал 90 % императивтік нормалардан тұрады [8].

Сонымен, Қазақстан Республикасының азаматтық құқығындағы нормаларды сипаттайтын əдіс, қағида жəне санат ретіндегі диспозитивтіліктің жалпы сипаттамасын – өз бастамасы бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттерді иемдену мен жүзеге асыруда, азаматтық құқықтық қатынас субъектілерінің іштей əзірленген, құштарлық бағытын айтамыз.

Бұл орайда диспозитивтілік азаматтық құқықтың қағидасы ретінде – оның құрылымын ұйымдастырады, азаматтық-құқықтық реттеу əдісінің белгісі ретінде – оның əрекетін қамтамасыз етеді, ал құқық нормасын сипаттайтын санат ретінде – азаматтық құқықтық қатынас субъектілерінің қандайда бір əрекетін жүзеге асырудың баламасын жасайды.

Диспозитивтіліктің біртұтас азаматтық-құқықтық санаты құрамында дербес элемент ретінде, азаматтық құқықтық қатынас субъектілерінің мүдде, ерік, бастама жəне дербес қарауын бөліп қарастыруға болады. Бұл орайда азаматтық құқықты иемдену мен жүзеге асыру жөніндегі мақсаттылық қызметті жүзеге асырудың ниеті мен мінез-құлық нұсқасын таңдауды біле-тұра ниеті ерік болады; мүдде болса, қандай да бір игілікке ұмтылу, сондай-ақ қандай да бір игілік бойынша өзіндік қатынасы; диспозитивтілік элементі ретіндегі бастама, бұл – өзінің мінез-құлқын анықтаудағы субъектінің бостандығы, қандай болмасын əрекеттегі нақты басшылық етуші рөлі; дербес қарауы болса, заңмен тыйым салынбаған кез келген əдіспен субъектіге тиесілі құқықты жүзеге асыру, сондай-ақ аталған құқықты жүзеге асырмау мүмкіндігі болып табылады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Яковлев В.Ф. Гражданско-правовой метод регулирования общественных отношений / В.Ф. Яковлев. — Свердловск, 1972. — С. 85; Красавчиков О.А. Диспозитивность в гражданско-правовом регулировании / О.А. Красавчиков // Советское государство и право. — 1970. — № 1. — С. 41–49; Советский гражданский процесс: учебник / отв. ред. К.И. Комиссаров, В.М. Семенов. — М.: Юрид. лит., 1978. — 432 с.
  2. Мусилимов А. Е . Диспозитивность в уголовном процессе Республики Казахстан: автореф. дис. ... канд. юрид. наук: 12.00.09 – «Уголовный процесс, криминалистика» / А.Е. Мусилимов. — Караганда, 2004. — 30 с.
  3. Глухова О.Ю. Институт диспозитивности в праве: автореф. дис. ... канд. юрид. наук: 12.00.01 – «Теория и история права и государства» / О.Ю. Глухова. — Тамбов. 2009. — 25 с.
  4. Брюхов Р .Б. Диспозитивность в гражданском праве России: автореф. дис. ... канд. юрид. наук: 12.00.03 – «Гражданское право, предпринимательское право, семейное право, международное частное право» / Р.Б. Брюхов. — Екатеринбург, 2006. — 29 с.
  5. «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығы [Электронды ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/rus/docs/U090000858_
  6. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-ХIII Қазақстан Республикасының Кодексі [Электронды ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K940001000_.
  7. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi (ерекше бөлім). 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409 Қазақстан Республикасының Кодексі [Электронды ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K990000409_.
  8. Климкин С. И. Гражданское право и цифры [Электронды ресурс]. — Режим доступа: http:// m.zakon.kz/4629322.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.